Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90


Лекцияның тақырыбы. Заңдық актілер



бет8/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#3584
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекцияның тақырыбы. Заңдық актілер.


Жоспар:

1.Заң түсінігі.

2.Ресей заңдық құрылымдарының ерекшеліктері.
Лекцияның мәтіні.

1.Заң – мемлекеттің ең жоғарғы өкімет органдары қабылдайтын, үстем таптардың саясаты мен мүдделеріне сәйкес жасалатын ерекше заңдылық күші бар акт.Нормативтік актілердің жүйесінде заң ең доғарғы сатыда тұрады.Заңды өзгерту, болмаса оның күшін жою басқа заң шығару арқылы ғана іске асырылады.Заңды қабылдауда ерекше тәртіп қолданылады.

Басқа мемлекеттер тарихы сияқты, Қазақстан республикасы тархының да дерек көздерінің үлкен бір тобын заң актілері құрайды.Қазақ халқының, осы жерді мекендеген өзге де ұлттар өкілдерімен бірлесіп, құқықтық мемлекет құру жолына түсуі заң актілерінің тари дерек көздері ретіндегі маңызын арттыра түсті.Өмірдің барлық саласының заңдық негіз алуы, қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістердің белгілі бір заңдарға сәйкес жүргізілуі, ел тарихының әр алуан заңдарда бейнеленуіне алып келді.Демек, заң актілерін дерек көздері ретінде пайдалана білу – тәуелсіз Қазақстан тарихының объективті жазылуының басты алғышарттарының бірі.

Посткеңестік кеңістікте, әсіресе дәстүрлі деректану мектебі ғасырлар бойы қалыптасып, дамыған Ресейде, қазіргі заман тарихының заңдық деектеріне деген қызығушылықтың артуы байқалады.Олардағы ғылыми зерттеудің қазіргі деңгейі, идеологиялық құрсаудан босану, білімнің интеграциялық үрдісі т.т. заңдық дерек көздеріне деген деректанулық талдауға жаңа талаптар қойып отыр.Осыған байланысты Ресей ғаламдары заң шығарушылықтың рөлін жаңа тұрғыдан бағалауға, заңшығарушының құқықтық санасының, оның ішінде қоғамның өзінің де , өзара байланыстылығын анықтауға ерекше көңіл бөлуде.Ресей ғалымдарының заң актілерін өз тарихының дерек көздері ретінде зерттеудегі іс тәжірибе біздер үшін де пайдалы болуы мүмкін.Себебі, заң актілерін дерек көздері ретінде талдаудың теориялық және әдістемелік негіздері бәрінде де бірдей дерлік.

2.Қазіргі Ресейде, бұрын белгісіз болған немесе жасырылып келген құжаттардың ғылыми айналымға тартылуына, заң актілері түрлерінің, көбеюіне, заң актілерін талдаудың жаңа тәсілдері мен әдістерінің іздестірілуіне байланысты бұл сакланы зерттеу ауқымының артуы байқалады.Сонымен қатар, заңдар мен басқа да құқықтық актілерді – жеке, топтық, әлеуметтік мүдделердің нақты бейнеленуі ретінде, қоғам мен мемлекеттегі және әлемдегі өзгерістердің нәтижесі ретінде жүйелік бірлікте қарау үрдісін де байқауға болады.Деректану ғылымы енді ғана қалыптасып келе жатқан Қазақстан тарихшылары үшін Ресей ғалымдарының мұндай тәжірибесін зерттеудің маңызы зор екендігі түсінікті.Ол бізге өз еліміздің заң актілерінің дерек көздері ретіндегі ерекшеліктерін анықтап. Сол ерекшеліктерге сай деректанулық талдаулар жүргізуге көмектесері анық.

Ресей заңдық құрылымдарының еркшелігі.Сібір қазақтарының жарғысы ( 1822ж 22 маусым), орынбор қазақтарының жарғысы ( 1844ж 14 маусым), Жетісу және Сырдария облыстарын уақытша басқару ережесі ( 1867 ж), дала облыстарын уақытша басқару ережесі ( 1868ж), Ақмола, семей, Орал, Торғай облыстарын басқару ережесі ( 1891 ж).


Бақылау сұрақтары:

1.Заң түсінігі.

2.Әдет-ғұрып пен заң арасындағы қарама қайшылықтың қарым-қатынасы.

3.Заңдық актілердің классификациясы.

4.Актілерді деректемелік зерттеу мәселелері.

5.Заңдық актілердің құрылымының негізгі стадияларын зерттеу.

6.Деректемелік анализ методикалық әдістері.

7.Ресей заңдық құрылымдарының ерекшелігі.

8.Сібір қазақтарының жарғысы.

9.Жетісу және Сырдария облыстарын басқару ережесі.

10.Ақмола,Семей,Орал,Торғай облыстарын басқару ережесі.

17-18 лекция.

Лекцияның тақырыбы: Жеке адамның құжаттары – тарихи дерек.


Жоспар:

1.Жеке адамның жазбалары.

2.Мемуарлық деректердің табиғаты,орны,маңызы.

Лекцияның мәтіні.

1.Тарихи дерек көздерінің үлкен бір тобын өзінің пайда болу жағына жеке адамдарға тән дерек көздері құрайды.Сондықтан олар ғылыми әдебиеттерде „жеке адамдық дерек көздері” деп аталады.Дерек көздерінің өзіндік ерекшеліктері мол осы тобы туралы деректанушы Қ.Атабаев: „Қазіргі деректану ғылымында жазба деректерді сыныптауда” жеке адамдық дерек көздері” сияқты дерек көздерінің ерекше түрін бөліп көрсету және зерттеу кеңінен қалыптасқан.Оған: заманхаттар ( мемуарлар), естеліктер, күнделіктер, жеке жазбалар, хаттар, т.б. жатады. Бұлардың ең басты түрлік ерекшелігі пайда болу негізі жағынан жеке адамдық деректер тобына жатқандықтан, олардың аса субъективтілігі. Сонымен қатар, ол дерек көздерінің түрлік айырмашылықтарының айқынсыздығы.Ол бір жағынан ондағы мәліметтердің құжаттылығында ( немесе ғылымилығында), екінші жағынан олардың мазмұны мен формасының көркемділігі мен публицистикалығында” деп жазды.

2. Жеке адамдық дерек көздерінің ерекше түрлерін – заманхаттар (мемуарлар) мен естеліктер құрайды.Олар бір-бірімен өте тығыз байланысты.Дәлірек айтқанда, заманхаттардың негізін естелік құрайды.Сондықтан әдетте әдебиеттерде олар синони сөздер ретінде де қолданылады.Дегенмен деректану ғылымы үшін әрқайсының өз ерекшеліктері де бар.Мысалы, Бауыржан Момышұлының «Москва үшін шайқасы», өзі тікелей қатысқан тарихи оқиға туралы жазған таза заманхаттық жанрға жатса, сол өз қайын атасы Бауыржан Момышұлы туралы жазған Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндері» тек естелік болып қана табылады.Мысалы, заманхаттық жанрға тән сиатты белгілер ежелгі түркілердің теңдесі жоқ жазба ескерткіштері Орхон-Енесей жазбаларында кездеседі.Ал, орта ғасырлық заманхаттарға Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих и Рашидиі» мен Қазыбек бек Тауасарұлының «Түп-тұқияннан өзіме шейін» деп аталатын еңбектерін жатқызуға болады.Мұхаммед Хайдар Дулатидың екі «даптардан» тұратын кітабы, «Тарих-и Рашидиінің » екінші «даптары» заманхат түрінде жазылған.Онда автор өзіне қатысты және өзі дүниеге келген орта мен уақтына қатысты мол мәліметтер береді.Сондықтан еңбек орта ғасырлық баға жетпес аса құнды заманхаттық дерек көзі ретінде ғылыми айналымға кеңінен тартылуда.Ал, Қазыбек бек Тауасарұлының кітабы Б.Қадырбекұлының баспаға дайындауымен жарық көрген1993 жылдан бері үздіксіз талас тудыруда.

Жалпы, жеке адамдық сипат барлық дерек көздеріне де тән, бірақ ол барлық уақытта айқын көріне бермейді.Мысалы, халықтық сипатқа ие болған ауызша тарих айту дәстүрінің туындылары – фольклордың өзінде де жеке адамдық бастау болған.Кезінде оларды да белгілі бір адамдар, белгілі бір оқиғаларға байланысты дүниеге әкелген.Бірақ, олар ауыздан-ауызға берілу арқылы ғасырлар барысында жеке адамдық сипатынан айрылып, халықтық сипатқа ие болған. Өзінің жеке адамдық бастауын сақтап қалған „Тәуке ханның тура жолы”, „Қасым ханның қасқа жолы”, „Есім ханның ескі жолы” сияқты дерек көздері соның дәлелі.

Сонымен, қорыта айтқанда, жеке адамдық дерек көздері өзіндік ерекшеліктері бар, тарихымыздың маңызды дерек қорларын құрайды.Оларға өзіндік ерекшеліктеріне сай деректанулық талдау жасай білу арқылы тарихымызға қатысты мол мағлұматтар алуға болады.
Бақылау сұрақтары:

1.Жеке адам құжаттары.

2.Жеке адамның жазбалары.

3.Күнделіктер.

4.Мемуарлық деректердің табиғаты, орны, мазмұны.

5.Мемуарлардың құрылымы.

6.Мемуарларды публикакциялау дамуының негізгі кезеңдері.

7.Саяси процестер материалы – тарихи дерек.

8.Классификация.

9.Саяси процестердің деректемелік дамуына әсер ететін факторлар.

10.Мемуарлық деректердің мақсаты мен анализі.
19-20 лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет