Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90



бет2/10
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
#3584
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Лекцияның тақырыбы. Кіріспе


Жоспар:

  1. Деректану теориясының қалыптасуы және дамуы.

  2. Деректанудың тарих ғылымындағы орны.

Лекцияның мәтіні.

1. Деректану – тарихи деректер туралы ғылым.Оның негізгі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларды таризи процестердің объективті бейнелеуін зерттеу.

Деректану деректердің тек кейбір түрлерін, типтерін немесе топтарын ғана зерттеп қоймайды, ол барлық тарихи деректердегі салынған ақпараттарды қоғам дамуының заңды жемісі ретінде зерттейді.Сондықтан оның шеңбері барлық жағынан қосалқы тарихи пәндерден әлдеқайда кең.

Сонымен, деректану дегеніміз – тарих ғылымында өзіндңк орны бар арнаулы ғылыми пән болып табылады.Деректанудың міндеттері аса кең де жан-жақты.Ол негізгі 2 аспектіде қаралады.Олар: «Дерек және шындық», «Дерек және тарихшы».Бір жағынан, деректің пайда болуының және деректер қорының даму тарихын қоғам дамуымен тығыз байланыстызаңды процесс ретінде талдау.Екінші жағынан, деректердегі алынған қоғам өмірінде болған барлық оқиғалар , құбылыстар және процесстер туралы ақпараттарды ала білу, оның сенімділігін, ғылыми маңыздылығын анықтау, оны пайдалана білу.

Әр дәуірдегі тарих ғылымы тарихи танымның гнесологиялық және методологиялық аспектілерінде ерекше орын алады.

Деректану ғылымы тарих ғылымындағы жеке пән болғандықтан, өзіндік әдістемесі болады.

Қазақстан тарихының деректанулық негіздерін оқыа үйрену келешек кәсіби тарихшы мамандар даярлауда ерекше орын алады.

Басқа да халықтар сияқты, қазақ халқының тарихы да өзінің тума төл деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тани білу еліміз тарихын оқып – үйренудің шешуші шарттарының біріне жатады.Деректерді тану ісімен тарих ғылымының маңызды саласының бірі – деректану айналысады.

2. Деректану, тарихнамамен қатар, келешек тарихшы мамандардың теориялық- методологиялық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады.Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының өзіндік ерекшелігінен туындайды. Тарих объектісі – «қоғамның өткенін» - тарихшы тікелей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректерді сыни талдау арқылы ғана зерттей алады.Тарихи деректерді сын елегінен ғылыми негізде өткізудің қажеттігі мен маңызы туралы белгілі орыс ғалымы Лев Гумилев: «Оларға тарихи сын әдістерін қолданбай деректерді оқу ешқандай мән-мағына бермейді» - деп, жазды.

Сол деректерді сыни талдау арқылы пайдалануға кәсіпқой тарихшыларды үйрететін ғылым – деректавну ғылымы.

Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттелінді және нақты тарихи фактіні тануға «дерек не береді» - деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты.
Бақылау сұрақтары:

1.Деректану теориясының құрылымы.

2.Деректану теориясының қалыптасуы және дамуы.

3.Деректану пәнінің жеке пәнге айналуы.

4.Деректанудың тарих ғылымындағы рөлі.

5.Деректану және тарих.

6.Деректану пәнінің өзіндік әдістемесі.

7.Деректану пәнінің өзге пәндерден айырмашылығы.

8.Деректанудың ең алғашқы түсініктері.

9.Дерек дегеніміз не.

10.Дерек пен тарих байланысы.
2-лекция.

Лекцияның тақырыбы. Тарихи деректердің анықтамасы.


Жоспар:

1.Деректану нақты өмірді тануда ерекше әдіс.

2.Тарихи дерек теория жүзіндегі байланыс.
Лекцияның мәтіні.

1.Деректанудың өзекті категориясы – тарихи дерек.Дәл сол тарихи дерек зерттеу объектісі мен (тарихи шындықпен) субъектіні (тарихшыны) жалғастырып тұратын буын.

Тарихи деректің мәнін ашудың негізінде бейнелеу теориясы жатыр.Болған тарихи құбылыстың деректе бейнеленуі, сол деректерде болған құбылыстардың әр түрлі образдарда көрінуі. Оқиға алдымен адамның сезімінде, түйсігінде, ойында және істерінде бейнеленеді, ал тарихи дерек болса сол бейнеленудің жемісі, қорытындысы, соның салдары ретінде пайда болады.

Тарихи деректердің анықтамасы.Деректану:нақты өмірді тануда ерекше әдіс.

Деректанулық әдебиеттерде тарихи және тарихнамалық факт деген ұғымдар да қолданылады.Мәселен, орыстың белгілі тарихнамашысы К.Н.Тарновский тарихи және тарихнамалық фактілердің жігін ажыратуға ұмтылады және олардың сипаты мен құрылымында өзгерістер бар екенін атап өте келе «Тарихи фактіде алғашқы деректен басталатын және тікелей куәліктік күші бар хабарламалық маңызы басым, демек сезімдік білім басым. Тарихнамалық факт ретінде біз азды-көпті дәлдікпен және толықтықпен зерттеуде баяндалған авторлық тұжырымдаманы түсінеміз, онда, сөйтіп, тарихи фактілерді талдау нәтижесінде алынған жүйелеуші және түсіндіруші білім, яғни, рационалдық білім көбірек» дейді.Кез келген ғылымның баст міндеті белгілі бір құбылыстың пайда болу және даму заңдылықтарын ашу болса, ол заңдылықты айқындау тұжырымдар арқылы іске асады.Тұжырымдар ғалымдардың бір немесе бірнеше еңбектерінде айтылады, тұжырымдалады. Жаңа деректердің ашылуы, жаңа ойлардың пайда болуы, зерттеу тәсілдерінің жасалуы, ғылыми еңбектердің жариялануы, пікірталастар ғылым тарихының фактілері болып саналады.Сол фактілердің өзара байланысы мен өзароа ықпалын айқындау зерттеу нысанасының ғылыми танымын құрайды, концептуалды тұжырым, яғни тұжырымдама қалыптастырады.Сол тұжырымдаманы құрайтын фактілер байланысын зерттеу тарихнамалық зерттеудің ерекше міндеті болып есептеледі.Біздің тақырыптағы тарихнамалық зерттеу тарихты оқытудың бүгінгі таңдағы жаңа талаптарымен бірге, қоғамдық-әлеуметтік дамудың тарихи сабақтастығы мен ерекшеліктерін түсіну, айқындау қажеттіктерінен де туындап отыр.Бұл тарихнамалық зерттеудің ғылымның өз кезінде қоғамдық өмірде алған орны, оның талаптарына жауабының дәрежесі туралы мәселелерге жауап беріп қана қоймай, өткен тарих пен қазіргі уақыттың арасындағы тығыз байланысты, тарих ғылымының әлеуметтік қызметінің құндылығын да көрсетеді.

2. Тарихнамалық фактілердің, тарихи тұжырымдамалардың қалыптасу, даму жолдарын тарихнамалық деректер арқылы іздестіріп, зерттеп, айқындау қажет. Тарихнамалық деректерге зерттеуші М.В.Нечкина тарихшылардың кез келген түрдегі еңбектерін – монографиялар, мақалалар, баяндамалар, қолжазбалар, тарихшылардың сөздерінің, концепцияларының, симпозиумдардың хаттамалары, ғылыми мекемелердің қаулылары, тағы сол сияқтыларды жатқызады.Ол, әсіресе, тарихнамалақ зерттеулерде монографияның маңызды орын алатынын баса көрсетеді. «... олар да ғылымдағы жаңа ойлар айтылады, гипотезалар тексеріледі, құжаттар негізінде бір пікірлер дәлалденіп, екіншілері жоққа шығарылады, шешімі табылмаса алға жылжытуы қиын ғылыми мәселелердің жанды қатпарларына сәуле түседі. Монографиялар – үлкен тұжырымдардың, маңызды ғылыми тұжырымдамалардың негізі. Олар ғылымның сарайын көтереді.Ғылым тарихында әрқашан солай болған ». Біз бұл айтылғандарды қолдай отырып, тарихнамашылар үшін монографиялық зерттеулер кез келген мәселені зерттеу барысында басты дерек, арқау болатын еңбек ретінде қарастырылуы керек дегенді ерекшелегіміз келеді.


Бақылау сұрақтары:

1.Тарихи деректердің анықтамасы.

2.Нақты өмірді танудағы ерекше әдіс.

3.Тарихи дерек теория жүзіндегі байланыс.

4.Деректегі объективтілік және субъективтілік

5.Дерек пен тарихшы дерек пен тарихи нақтылықтың диалектикалық механизмі.

6.Тарихи танымның ретроспективтік мінездемесі.

7.Пәндік қатынаста тарихи деректің анықтамасы.

8.Тарихи деректегі ақпараттың оқу түсінігі.

9.Дерек: мәдениет феномені.

10. Дерек: гуманитарлық ғылымдағы антропологиялық бағыт.
3-лекция.

Лекцияның тақырыбы. Деректану пәні.



Жоспар:

1.Деректану және тарихи зерттеу.

2.Жалпы дерек түсініктемесі.
Лекцияның мәтіні.

1.Деректану дегеніміз – тарих ғылымында өзіндңк орны бар арнаулы ғылыми пән болып табылады.Деректанудың міндеттері аса кең де жан-жақты.

Тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылады.Деректану тарихи деректер туралы ғылым ретінде әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процесстерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі.Тарихи ақпараттарды іріктеу және талдау тәсілдеріне баса көңіл аударуға байланысты, деректану қазіргі уақыт талабына сай маман тарихшы дайындаудың маңызды буыны болып табылады.

Адамзат пайда болғаннан бастап, өз даму барысында тарихи „іздерін” қалдырып отырған.Олардың сонау ежелгі заманнан бүгінге дейін тұтынған бұйымдары, киім-кешегі, баспаналары, олар жазып кеткен жаба мәліметтер тарихи дерек көзі болып саналады. Ғалымдар көне заманның осы жәдігерлерін зерттеп, адамзаттың өткен тарихын жазады. Адамдардың өткен өміріне қатысты әр түрлі мәліметтерді тарихи деректер деп атаймыз. Сонау өткен заманнан бүгінге дейін көптеген тарихи деректер жеткен. Оларды пайдалану үшін, алдымен деректерді дәуір-дәуірге, оқиғаларға қатысы бойынша іріктеп топтайды.

Деректанудың негізгі методологиялық принциптері. Сын және интерпретация – зерттеу проблемасы.Дерек – зерттеу проблемасы.Тарихи зерттеудегі позитиви стік әдістер. Тарихшы санасындағы тарихи уақыт. Деректанудың аспекті мен объективтік принциптілігі және оның қолданылуы. Деректенрді зерттеудегі тарихи принціп.Деректанудағы әлеуметтік таптық анализ.

2.Деректанудың өзекті категориясы – дерек. «Дерек» термин ретінде бүгінгі күні екі мағынада қолданылып келеді.1) Дерек – хабар-ошар, мәлімет, мағлұмат дегенді білдіреді.2)Деректану түсінік ретінде нақты оқиғалар туралы зерттеушіге жеткен деректерді және сол деректерді жеткізген дерек көздерін зерттеу, талдау мағынасын білдіреді. Өткен ғасырдың басында «дерек» бір ғана мағынада хабар, мағлұмат мағынасында пайдаланылған.

Тарихи деректер: ауызша және жазбаша, археологиялық және этнографиялық , антропологиялық дерек көздері болып бөлінеді.

Жоғарыда аталған деректерден басқа, тарихшылар өз зерттеулерінде нумизматикалық, геральдикалық деректерді пайдаланады. Жер-су атаулары туралы жазылған топонимикалық- этимологиялық топшауларға да мән береді.

ХІХғ. Бірінші жартысындағы ірі ғылыми жаңалықтардың ашылуы және ұлттық сананың оянуының деректану ғылымының дамуына зор септігін тигізді.

Бақылау сұрақтары:

1.Деректану және тарихи зерттеу.

2.Деректану және қосалқы тарих пәндер жүйесі.

3.Тарихи деректерді классификациялаудағы мәселелер.

4.Жалпы дерек түсініктемесі.

5.Тарих деректердің эволюциясы.

6.Деректердің дамуының негізгі тенденциялары.

7.Сын және интерпретация –зерттеу проблемасы.

8.Дерек – зерттеу проблемасы.

9.Тарихшы санасындағы тарихи уақыт.

10.Деректерді зерттеудегі тарихи принціп.


4-лекция.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет