4. XX ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі. Салыстырмалы саясаттану саяси ғылым немесе саясаттану деп аталатын пәнің және өзіндік ерекшелігі бар әдістемелік ғылым саласының күрделі жеке бөлімі ретінде ХХ ғасырдың 50 – жылдарында қалыптаса бастады. Сондықтан салыстырмалы саясаттанудың бірінші кезектегі міңдеті және кез – келген жүйелі сипаттамасы саяси білімнің анағұрлым ауқымды кешенді қызметтің анықтау болып табылады. Бір қарағанда қарапайым көрінгенмен бұл күрделі міңдет. Себебі ғылыми ортада бұл мәселе бойынша ортақ позитция әлі қалыптасқан жоқ. Кейбір зерттеушілер Салыстырмалы саясаттанудың ерекшелігі оның әдістемесінде көрініс тапқан деп есептейді. әйткенмен американдық белгілі саясаттанушы Габриэль Алмондтың ( « Әлеуметтік ғылымдардың халықаралық энсиклопедиясында ») салыстырмалы саясаттану - өмір талабынан туған тиянақты әлеуметтік қызметі бар деп есептейтің позитциясы бар саясат адамзаттың қызығушылығын ерте кезде – ақ тудырды. Оған Аристотелді, Никколо Макиавеллиді, Джон Локты т.б. ертедегі философтарды саясаттанудың негізін қалаушылар деп есептейтініміз дәлел. Әйткенмен Дэвид Истон атап өткендей көп ғасыр бойы, классикалық ежелгі дәуірден он тоғызыншы жүз жылдықтың соңына дейін саяси өмірді үйрену пәні ретінде емес, мүдделердің жиынтығы ретіңде ғана болды.
Алғашында саяси мәселелерді философтар ой толғау үшін азық ретінде пайдаланады, кейінен оған құқықтанушылар қосылды, ХIХ ғас. саясаттану әлеуметтанушылардың назарына ілікті.
Саяси ғылымның жеке ғылым ретінде дамуы барысында жүйелілік функцйонализм Азия, Африка және Латын Америкасы елдерің- бұрын саясаттанушылардың назарына ілікпеген үшінші дүниені салыстырмалы саяси талдауға мүмкіндік берді. ХХ ғ. 50 ж. Эванстон семинарының бір топ мүшелері, сондай – ақ басқа да бірқатар, ғалымдар Американдық әлеуметтік ғылым зерттеу кеңесінің салыстырмалы саясаттану комитетіне бірікті. Әрбір ғылмның, соның ішінде ғылыми пәндердің де сөзсіз өз жаратушылары бар. Олардың бірі фундаментальды зерттеу жүргізше, екіншілері кафедра мен оқулықтар жасайды, үшіншілері ұйымдастыру жобалары мен кәсіби қауымдастық жүзеге асырса, төртіншілері ғылыми жетекшілерді практикада пайдалану жолдарын жабады. Бұл түрлі қабілеттердің бір адамның бойына біту өте сирек кездеседі.
Әйткенмен саясаттануда, нақтырақ айтар болсақ салыстырмалы саясаттануда осы қабілеттердің бәріне ие болған тұлға бар. Ол 30 – шы жылдардан бүгінге дейін саяси ғылымдардың ғылымдардың майданыңда жемісті еңбек етіп кле жатқан американдық ғылым Габриель Алмонд.
Алмонд докторлық диссертациясына 1938 ж. Чикаго қорғағаннан соң Бруклин колледжінде қазіргі Нью – Иорк қалалық университетінде оқытушы болып істеді. Соғыс жылдары ол АҚШ қорғаныс министрлігінің жанындағы әскери ақпарат басқармасы мен стратегиялық бомбалаудың тиімді бағалау бойынша басқармасында қызмет атқарады. Алмонд соғыстан кейінгі ( 1947 – 1951, 1959 – 1963 ) жылдары Иель және ( 1951 – 1959 ) жылдары Принстон университеттерінде сабақ берді; 1963 жылдан бастап Стенфорд университетінде саяси ғылымдар профессоры лауазымына ие болды; шақырылған профессорлар ретінде дүние жүзінің жетекші унверситеттерінде дәріс оқыды. Алмонд саяси зерттеулер аясында бірнеше рет жоғарғы наградаларға ие болды; 1965 – 1966 жылдары саяси ғылымдардың Американдық ассоциацының президенті болды.
5.Салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар. Салыстырмалы саясаттану қоғамның күрделі мәселелерін нақты шешуге көмектеседі. Жалпы саясаттануда методологиялық мәнгі ие болып отырған елеулі проблема бағалау туралы мәселе. Саясаттану ғылыми ретінде бағалау тұжырымдардан аулақ болуға тиіс.
М. Дюверже бұл жөнінде былай дейді: Идеологияға негізделген ұстаным нұсқауларынан (модельдерден ) ғылыми зерттеуді айқын ажырата білуі керек. Ғылыми да, идеология да қоғамды түсіндіруге тырысады, бірақ, ғылыми бағалық тұжырымдарды қабылдай алмайды, идеология өзінің жүйесіне негізделеді. Ғылымның міндеті өзінің жұмысында болмай қоймайтын идеологиялық бурмалауға барынша жол бермеуге тырысу. Саясаттану социолизм - капитализм терминдерін қолданбайды. Ол идеологиялық бағалық ұғымдарға жатады. Сонымен бірге олардың таза ғылыми мазмұнына келсек, олар қоғамның ең алдымен саяси жүйесіне емес, экономикалық жүйесіне жатады. Саясаттанушылар демократия терминің де байқап қолданылады. Смебебі оның да бағалық тұстары бар. Демократиялық - оң, прогресті деген ұғымды білдіреді.
Саясаттану қоғамда қалыптасқан нақты құндылықтарды зерттеуге баса көніл бөледі. Саяси шешімдер обьективті факторларға ғана емес, қалыптасқан адами және қоғамдық құндылықтарға және олоар жөніндегі тұжырымды көзқарастарға да байлланысты. Қазіргі қоғамда саяси құбылыстар әдетте үш басты құндылықа ( факторларға ) негізделеді.
Олар:
1. Ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік;
2. Экономикалық әлееметтану жағдайы және даму;
3. Бостандық және конститутциялық тәртіп.
Лекция №6
Тақырыбы: Саясат қоғамдық өмір жүйесінде.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы.
2. Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері .
3. Саясат элементтері билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар
және саяси мәдениет.
4. Саясаттың негізгі түрлері экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық,
мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық, т.б.түрлері.
5. Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Лекцияның мақсаты:
Студенттерге саясат ұғымы, оның пайда болуы, қоғамның саяси саласының ерекшеліктері,саясат элементтері,билік,субъектілер,саяси ұйымдар,саяси сана,саяси қатынастар,саяси,мәдениет,саясаттың негізгі түрлері экономикалық,әлеуметтік,демографиялық аграрлық,мәдени,техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық, т.б.түрлері, саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы. Саясат ұғымы – саясатты анықтаудың мейлінше кеңінен тараған әдісі « саясат » терминінің шығу тегіне жүгіну болып табылады, ол көне грек тілінде « мемлекетті басқару өнері » дегенді білдіреді. Саясатты осылайша анықтау саясаттың орталық элементі ретінде мемлекетті көрсетеді, ал мемлекеттің өзін саясат туралы ғылымының орталық санаты ретінде қарастырады, ол өзінің ресми бастауын Аристотельден алған, ол саясатты мемлекеттпен тығыз байланыстырып, бұл терминді ғылыми айналымға енгізген.
Оның анықтауы бойынша, саясат - бұл « ортақ игілікке » және « бақытты өмірге » қол жеткізуге қызмет ететін қауымның өркениетті нысаны.
Қазіргі заманғы өлшемде саясатты осы тәріздес түсіндіруді баяндауда екі негізгі үрдіс туралы айтуға болады:
а) мемлекет пен саясатты таптық санаттарда ( марксизм ) түсіндіру;
б) мемлекет пен саясатты үкімет қызметі санаттарында ( американдық « саясат туралы ғылым » және франсуздық « саясат ғылымы » ) түсіндіру.
Маркстік теорияда саясат мемлекетпен және мемлекеттегі билікпен байланысты таптар күресінің саласы ретінде анықталады. Саясат туралы ағылшын тілді және франсуздың саясат туралы ғылымында саясат термині мемлекеттік басқару мен басқару қызметін жүзеге асыратын адамдар қызметімен бір мағынада байланыстырылады. « Саясат ғылымы » - бұл мемлекеттің, сондай – ақ оның үкіметінің сипаты мен қызметтері туралы ғылым, үкімет органың көмегі арқылы мемлекет өзінің билігін жүзеге асырады.
Саясатқа мұндай түсінік беруге саясатты әлеуметтану тұрғысынан ұғыну қарсы тұрады. Саясат саласында әңгіме жиынтық әлеуметтік субьектілер – ұлттар, таптар, ірі қоғамдық қозғалыстар туралы болуға тиіс. Атап айтқанда, олар істің шын мәнде, « сайып келгенде » саясат субьектілері болып табылады және саяси партияларға, одақтарға, т.т. ұйымдасқан өздерінің өкілдері арқылы жария өмірге қатысады.
2. Қоғамның саяси саласының ерекшеліктері. Саяси сананың басқа салалардың айырмашылығы мынада: ол сөздің белгілі бір мағынасында осыларға қатысты үстемдік ролің атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның ауқымында қабылданған заңдарды, шешімдерді, жарлықтарды, нұсқауларды барлық басқа да қоғамдық салалардың міндетті түрде орындауына байланысты болады. Осыған орай саяси саланын, әсіресе қоғам дамуының өтпелі және күрделі кезендерінде тиісінше артықшылықтары болады. Сонымен бір мезгілде, саясат саласы қоғамның барлық басқа салдарымен тығыз байланыста , соларға тәуелді болады.
3. Саясат элементтері билік, субъектілер, саяси ұйымдар, саяси сана, саяси қатынастар және саяси мәдениет. Өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және коммуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.
Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, өз кезегінде, адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық - экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.
4. Саясаттың негізгі түрлері экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, аграрлық, мәдени, техникалық, әскери, ұлттық, халықаралық, т.б.түрлері. Саясаттың негізгі түрлері қоғам өмірінің экономикалық аясы шеңберінде белгілі бір экономикалық уклад негізінде өндірісті ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, адамның еңбегі, соған тиісті алатын материялдық игіліктері – тұрғын үймен, киімен, тамақпен, көлікпен т.б. заттармен қамтамасыз етілу мәселелері қарастырылады. Экономиканы салаларға жіктеу, оларды басқару, шаруашылықты жүргізу, ішкі - сыртқы экономикалық қатынастардың бағыттарын айқындап мемлекеттің экономикалық саясатын дәйектеу, тұрғындардың материалдық мүдделерін қанағаттандыру істерінің бәрі – қоғамның экономикалық аясы шеңберінде атқарылатын шараларға жатады.
Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы қоғам мүшелерінің толып жатқан макро- және микро топтарға бөлінуін, сондай ақ топ пен топ, топ пен тұтас қоғам, топ пен жеке адам, жеке адаммен тұтас қоғам арасындағы қатынастарды қамтиды. Адамдар қоғамда алатын орнына, біліміне, кәсібіне, меншікке қатынасына, өндіріске қатынасына, нәсіліне, ұлттына, тұрған жеріне, байлығына, жынысына, жасына қарай жіктеледі. Қоғам мүшелері топтарға, топтар тиісінше толып жатқан қабаттарға бөлінеді. Әр топтың, таптың, қабаттың өз мүдделері болады және олар сол мүдделерін жүзеге асыру бағытында әрекет етеді. Сол әрекет үстінде олар міндетті түрде бір-бірімен әлеуметтік қатынастар жасайды.
Қоғам өмірінің саяси аясына мемлекет және мемлекетті басқару, билік, саяси құрылым, идеология, қоғамдық-саяси бірлестіктер және олардың қызметі, мемлекетті басқару органдары (парламент,үкімет,сот билігі), сайлау және референдум өткізу мәселелері қамтылады. Конституция және салалық заңдар қабылдау, азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері сияқты құқық және заңдылыққа қатынасының да бәрі саяси ая шеңберінде. Өйткені мемлекет саясаттанудың ғана емес, құқықтанудың да зерттеу обьектісі болып табылады.
Қоғам өмірінің мәдени - рухани аясы қоғамдық сана формаларының - ғылымының, білімінің, өнердің дамуын және олардың өзара байланыстарын қамтиды. Адамның білім мен тәрбие алуы, жеке басының мәдениетін көтеруі, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеруі, өнер туындыларын пайдалануы, айналасындағылармен ақпарат алмасуы, махаббаты, сезім дүниесі, отаншылдағы осы ая шеңберінде қарастырылып шешіліп жатады.
5. Саясаттың функциялары: басқару және реттеу, қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді
( функцияларды ) атқарады. Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ен алдымен танымдық ( гносеологиялық ) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып – білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Ғасырлар бойы Ресей ипериясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық тәртіп саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат пен саяси жетекшілердің іс - әркеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жатқаның байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай білімді тек саясаттану ғана бере алады.
Саясаттану бағалау ( аксеологиялық ) қызметін атқарады. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс - әрекеттерге және оқиғаларға саяси баға береді.
Демократиялық мемлекетерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі – қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін - өзі ұстауына, іс - әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипатамалар, кеңестер адамдардың күнделікті практикалық іс - әрекетінде басшылыққа алынады.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси институтар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси - басқарушылық шешімдер алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады. Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік – саяси шиеленістіреді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соныңда саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағыталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
Лекция №7
Тақырыбы: Билік саяси феномен ретінде.
(1 сағат)
Жоспары:
1. Билік ұғымы.
2. Билік тұжырымдамалары.
3. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері.
4. Саяси биліктің түрлері.
5. Мемлекттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде.
Лекцияның мақсаты:
Студенттерге билік ұғымы, билік тұжырымдамалары, саяси билік ұғымы,оның ерекшеліктері, саяси биліктің түрлері және мемлекттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі екендігі туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
-
Билік ұғымы. Саясаттануда билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттары мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп –білуге мүмкіндік береді. Себебі саясаттың негізгі мәселесі- билік, ал мазмұны-билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн –Халдун /1332-1406/адамның басқа жан-жануардан ерекшелігі – ол билік үшін күресі деген екен.
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі қоғам қайраткері болған Бертран Рассел /1872-1970/ физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс /1902-1979/ экономикалық жүйеде ақша қандай орын, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде биліктің мынадай анықтамалары берілген:
1. Бихевиористік анықтама бойынша билік адамдардың мінез-құлқына әсер етуі мүмкіндігіне негізделген айрықша іс-әрекет түрі болып табылады.
2. Теологиялық анықтама бойынша билік алға қойған мақсатқа сәйкес белгілі бір нәтижеге жету.
3. Инструменталистік анықтама бойынша билік – белгілі бір шаралар қолдану құралы ретінде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу, т.б.
4.Құрылымдық анықтама, яғни басшылық пен басқару арасындағы қатынастың ерекше түрі ретінде көрсетіледі.
5. Жанжалдық анықтама бойынша билік игіліктерді даулы жанжалдарда бөлісуді үйлестіру құралы ретінде түсіндіріледі.
6.П. Моррис, А.Гидденс пікірі бойынша билік біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жәй ғана ықпал, әсер емес, олларды өзгертуге бағытталған іс-әрекет.
7. Американ саясаттанушылары Г.Лассуэл мен А. Каплан “Билік және қоғам” деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі деп сипаттайды.
Сонымен билік дегеніміз –топ, мемлекет және адам тарапынан өзіндік ерік-жігерді іске асырудағы қабілеттілік пен мүмкіндіктерді пайдалана отырып адамдардың қызметі мен мінез-құлқына бедел күштеу құралдары арқылы әсер ету. Қысқаша айтқанда билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.
2. Билік тұжырымдамалары. Демократиялық қоғамдарда билікті тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк пен француз ғалымы Ш.Л. Монтескье болды. Билік заңшығарушы, атқарушы және сот билігі болып үш тармаққа бөлінеді.
1. Заңшығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады.Олзаң қабылдайды, салық салуды анықтайды,үкіметті тағайындайды,бюджеті бекітеді,соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді,сауданы реттейді,сотты ұйымдастырады,халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды.Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар бақылау жасайды.
2.Атқарушы билікке үкімет пен әкәмшілік жатады. Оларды заңшығарушы өкілдік органдар қалыптастырады.Атқарушы билік заңшығарушыбиліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді.Оныңжұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде әрекет етуі керек. Сырттай қарағанда ол заңшығарушы билікке тәуелді.Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек).Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
3.Сот билігі адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды,парламент не президент қабылдаған заңдардың конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды.Оны халық немесеөкілетті мекемелер қалыптастырады.Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз.Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алды. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органнның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық,айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Қазіргі кезде биліктің үш тармағы жөнінде саясатшы ғалымдардың арасында әртүрлі көзқарастар бар. Олардың кейбіреуі билік санын көбейткісі келсе,екіншілері кеміткісі келеді.
Билік санын көбейткісі келгендер төртінші билік деп ақпарат құралдарын айтады.Олардың кәзіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дәуірінде алар орны зор.Әсіресе, сөз, баспасөз бостандығы шын мәнінде беріліп, радио мен теледидарларды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.
Бесінші деп сайлаушылар билігін айтады.Мұнда сайлаушылардың еркі,талап-тілектермен қатар кейбір елдерде сайлаушшылар соты да бар.
Алтыншыға бақылау билігін жатқызады.Кейбір елдерде қарамағында аппараты бар бас бақылаушы да болады.
Жетінші саяси билік дейді. Мұнда билікті жүргізіп отырған басқарушы партия туралы сөз болып отыр.
Сонымен қатар мемлекеттік билік санын қысқартқысы келетіндер де бар. Мысалы,француздың белгілі саясаткерлері Р.Арон, Ж.Бюрдо және тағы басқалар мемлекетте екі-ақ билік, атап айтқанда, заң шығарушы және оған бағынышты әкімшілік билік болады дейді.Сот билігін жоққа шығармайды,бірақ оны әкімшілік билікке қосады.
Дегенмен, дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінде үш тармақты билік қалыптасқан.Мемлекетті басқару ыңғайлы болу үшін ол биліктер орталық және жергілікті билік болып бөлінеді.
3. Саяси билік ұғымы және оның ерекшеліктері..Этциони билік ресурстарын-утилитарлы, мәжбүр ету, нормативті деп бөледі. А) Утилитарлы ресурсы- бұл материялдық және әлеуметтік игілік, адамдардың күнделікті мүдделерімен тығыз байланысты. Оның көмегімен билік, әсіресе мемлекет жекелеген саясаткерлерді ғна емес, бүкіл тұрғындарды сатып алуға қабілетті.Бұл ресурс мадақтау немесе жазалау формасында қолданылады (мысалы, жалақыны қысқарту,көтеру) . б) мәжбүр ету ресурсы-ретінде әкімшілік шаралар, жазалау, күштеу қолданылады. В) Нормативті ресурс-өзіне сыртқы әлемге ықпал ету құралдарын,құндылықтық бағдарды,адам әрекетінің нормаларын қамтиды.
2.Экономикалық ресурс-материялдық құндылықтар, ақша,техника,құнарлы жер,пайдалы қазбалар.
3.Әлеуметтік ресурс-әлеуметтік статусты көтеру немесе түсіру қабілеті, әлеуметтік стратификация.
4. Мәдени- ақпараттық ресурстар-білім, ақпарат,оны тарату құралдары,ғылым институттары,БАҚ-ы жатады.
4. Саяси биліктің түрлері. Билік легитимдігі теориясының дамуына М.Вебер үлкен үлес қосты. Ол билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті.
1.Дәстүрлі легитимділік,ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген әбден бойлары үйреніп дұрыс деп тапқан салт –дәстүрлерге сүйенеді.Сондықтан мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша,шах, әмір т.б. Билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді. Билік әкеден балаға мирас болып қалып келді, оны жұрт ата салтымыз деп мойындап отырады.
2.Харизматикалық легитимділік,мұнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттермен көре түскен адамды басшы етіп жариялап , соның соңынан ереді. Халық тек сол көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Ол адамдар жеке басқа табыну дәрежесіне жеткен. Харизма деген сөздің өзі де көсемге мемлекеттік басқарушы жеке басына табыну деген мағынаны білдіреді.
3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимділігі.Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес, қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді. Мұнда легетимділік саяси биліктің пайда болуы және өмір сүруі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталады.
Легитимділіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Демократиялық жағдайда билік легитимді болу үшін мынадай шарт қажет:
*ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек, яғнимемлеекттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс:
* мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Соңғы кезде легетимділіктің идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәні билікті халықтың санасына енгізілген идеология арқылы ақтау. Билікті сәйкес келетінидеологиямен негіздей отырып, басқару құқығына ие болады. Бұл идеологияның мазмұнына қарай идиологиялық легитимділік топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкін. Кеңес Одағында топтық легитимділік кеңінен қолданылады.ХХ ғасырда ұлтшылдық легитимділік көп елдерде басымдық танытты.
5. Мемлекттік билік саяси биліктің жоғарғы түрі ретінде. Билік жүргізу әдістері рухани және материялдық болып бөлінеді.
Рухани әдістер: саяси идеялар мен теориялар, саяси сана, заң , норма, ереже, білім, саяси сөз, саяси әдістер, саяси өнер;
Материялдық әдістер: саяси жобалау, есеп бақылаудың техникалық әдістері, күштеу тәсілдері, билік жүргізу кадрлары, саяси институттар, органдар, билік ұйымдары саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқылы да, екіншілері бағынуға міндетті.Бұл теңсіздіктің туу себебі мына төмендегі әдіс құралдарға байланысты.
1. Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы қаражат керек.
Мысалы: сайлау науқанын өткізу үшін онддаған миллион ақша жұмсайды. Мемлекет тарапынан берілетін ақша жетіспеуінен өздерін өздері қаржыландырады (спонсор). Билеуші аппаратты ұстау үшін қыруар ақша жұмсалады.Оның үстіне билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді. Оларды жүзеге асыру үшін көптеген қаржылар керек.
2.Әлеуметтік әдіс-құралдар. Үстемдік етіп отырған адамдар немесе өзін қолдайтын
сақтайтын адамдар топтарын іздейді.Бұл рөлді көбінесе сол қоғамда, сол билік тұсында белгілі бір артықшылықтарға, мәртебеге, абыройға ие, жалақысы мол қызметкерлер орындайды.
3.Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды,ішкі тәртіпті сақтайды,саяси
билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді, оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т.б. Тарихи тәжірибеге сүйенсек саяси билік оларды өз мақсаттарына, әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар негізінде жиі пайдаланады.
4.Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып саяси өмірге ықпал ету жағынан
биліктің белгілі бір артықшылықтарға ие болуы. Демократиялық елдерге сөз, баспасөз бостандығы беріледі.
5.Ақпарат құралдарымен қатар билікті жүргізуде информациялық қордың да маңызы
зор. Біліммен ғылыми мағлұмат алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда кейбір ғалымдардың айтуынша информация кімнің қолында болса, ХХI ғасырда билік соның қолында болады. Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік дегеніміз белгілі бір топтар мен таптардың мемлекеттік органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемділігі.Ал мемлекеттік органдар жүйесі арқылы қоғамдағы саяси үстемділігі. Ал мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады.
Мемлекеттік билік пен саяси билікті салыстыратын болса, саяси билік мемлекеттік билікке қарағанда кең ұғым. Саяси билік тек мемлекеттік көлемде ғана емес, сонымен бірге халықаралық ұйымдар көлемінде де жүргізіледі.Кез-келген мемлекеттік билік ол саяси билік, ал кез-келген саяси билік мемлекеттік бола алмайды. Мысалы: алғашқы қауымдық құрылыста саяси билік болған (ақсақалдар кеңесі) ал билік аппараты, мемлекет болмайды. Демек мемлекеттік билік саяси биліктің бір түрі.
Саяси билік ерекшеліктері:
1. Оладамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың қоғам экономикасындағы ролі басым болады, әр қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады:
2.қоғамдағы басшылық көбінесе сол топ өкілдерінің қатысуымен мемлекет арқылы қоғамдық-саяси жетекшілер арқылы жүргізіледі;
3. арнайы басқару ісімен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;
4.жариялылығы, жаппай болуы.
Мемлекеттік билік ерекшеліктері:
1. ол белгілі бір аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі;
2. мемлекеттік билік өзінің арнайы күштеу аппаратына сүйенеді
3. мемлекетік билік монополиялық сипат алады.
Саяси биліктің субьектісі халық. Ал халықтың атынан билікті қолдаушылар ол қолына билік беріліп арнайы құрылған органдар ұйымдар мекемелер. Саяси билік субьектілер өз билігін жаңағы билікті қолдаушылар арқылы жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |