Лекция: 20 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ : 64 Барлық сағат саны : 90 Аралық бақылаулар саны:



бет3/17
Дата24.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#16289
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Платон мемлеекттің дұрыс және бұрыс формаларына ізгілікті мемлеектті қарсы қояды. Оның пікірі бойынша ізгілікті мемлеект мынадай белгілерге ие болуы тиіс;

1) қорғау құралдарымен;

2) қоғам мүшелерін қажетті материалдармен жүйелі түрде жабдықтап тұру;

3) рухани және шығармашылық қызметтің жоғарғы деңгейде дамуына жағдай жасау.

Ол мемлеекттегі касталық құрылысты дәріптейді.Қоғамдағы әрбір адамдарды философ,билеушілер,сақшылар,тікелей өндірушілер деп бөледі.

5)сословие өзінің қабілеті келетін іспен айналысуы керек деп санаған. Платон саяси ілімінде тоталитарлы бағыт анық сезіледі.



Аристотель б.з.д .384-322 ж.ж. Саяси ілімі “Саясат”, “Афиналық полития”, “Этика”“Риторика” деген еңбектерінде жинақталған. Ол саясақа кең мағына бере отырып, мемлеект- табиғи дамудың өнімі және пайда болуы жағынан отбасы мен қауымдастыққа ұқсас деп санаған. Бірақ мемлекет қарым-қатынастың жоғарғы формасы. Мемлеектке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол да мемлекетті “дұрыс” және “бұрыс” формаларға бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократия мен политияны жатқызады.

Ал тирания, олигархия мен демократия мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер, халық, ел пайдасын ойлайды,билік қоғамға қызмет етеді.Ал бұрыс түрінде олар өздерінің бас пайдаларын ойлайтын көрінеді. Ұлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс көрді. Себебі, әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу -ызаға берілмей қоймайды,ал заң болса байсалдылығын, парасаттылығын жоймайды. Сонымен ежелгі грек ойшылдары мемлекеттік құрылыстың әртүрлі формаларын мемлеект ісіне азаматтардың қатысуын талдап ғана қойған жоқ.Сонымен бірге, олардың идеялары саяси ілімнің әрі қарай дамуына жағдай жасады.


3. Орта ғасырлық шығыстағы саяси ойлар (Әл- Фараби, Ганджеви, Низами, Әлішер Науаий ) Араб – мұсылман Шығысындағы саяси ойлар VII ғасырда пайда болған Ислам дінінің ықпалымен дамыды. Мұсылман дінінің екі тармағы – Суниттер ( Мұхамед пайғамбардың «Құран» кітабына негізделген ) және шейіттер ( Әлидің партиясы басталған ) болды.

Суниттердің пайымдауынша мұсылмандардың саяси өмірі Халифат деп аталатын мемлекет шеңберінде дамыды, ал суниттер мемлекетті имандар басқаратын иманат түрінде түсінеді. Иманды Алланың – Құдайдың жердегі өкілі деп санайды. Сондықтан иманның билігі – алланың әмірі әрі ол шектелмейді.

Мұсылман әлемдегі мемлекет даму процесін XIV ғасырда алғаш зерттеп жазған араб ғалымы Ибн Хальдун ( 1332 – 1406 ж. ) еді. Ол « Үлкен тарих » деген еңбегінде арабтардың, парсылардың, берберлердің шексіз билігінің сабақтарын, мысалдарын келтіреді. Ибн Хальдун мемлекет дегеніміз адамдардың агрессияшылдығы мен бірін – бірі қырып жоюға ұмтылсын тоқтатудың бастамасы деп көрсетті. Кез келген мемлекеттің өмірі үш ұрпаққа созылады. Осы дәуірде мемлекет бес кезеңнен: билікті бір қолға жинақтау; гүлдену; билік тарапынан ашық зорлық жасауға көшу; құлдырау және күйреу кезендерінен өтеді. Ғалым бұл жерде күйрейтін жалпы мемлекет емес нақты мемлекет деп көрсетті. Ол күйреудің бірнеше түрі болатынын, ұсақ мемлекеттерге бөлініп кету, оны басқа бір мемлекеттің жаулап алуы, сарай төніркесі болуы мүмкін екенін ескертеді.

4. Саяси ойлар тарихындағы Еуропалық орта ғасыр ( Марк Аврелий, Фома Аквинский, Мартин Лютер) Орта ғасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі саси ойлар. Саяси ілімдер тарихында орта ғасырлар ойшылдарының еңбектері мен идеяларының маңызы зор. Олар феодалдық қоғамдық-экономикалық құрылыспен тығыз байланысты.Әрі олардың саяси тұжырымдары діни сипатта болды.

Солардың бірі, Аврелий Августин (354-430 ж.ж. )Христиан философиясының негізгі қағидаларын дәріптеп уағыздаған.Ол “Құдай қала” туралы атты еңбегінде саяси ой-пікірлерін білдірді.А.Августин барлық әлеуметтік,мемлекеттік,құқықтық ұйымдармен заңдар адам күнәсінің нәтижесі деп санады.Себебі оның ойынша адамдарға баста екі жолмен өмір сүруге мүмкіндік берілген. Бірі құдай жолымен екіншісі адам жолымен. Біріншіні қалағандар құдаймен мәңгілік патшалық құрып бақытты өмір сүрсе, екіншілер жын-шайтандармен бірігіп азапқа түседі.



Фома Аквинский (1224-1247 ж.ж.) “Құдайшылдықтың жиынтығы деген еңбегінде саяси биліктің үш элементін; мәнін, формасын және қолдана білуді ажыратып көрсетті.Сонымен бірге, ол өз еңбектері арқылы арнайы заң теориясын жасады.Заңды мәңгілік, діни,табиғи және оң деп бөліп көрсетті.Құдай жауыздық емес, қайырымдылықтың себебі. Сондықтан билікті құрайтынның барлығы мейірімділіктен тұрады. Ф.Аквинский монархияны қолдады, себебі ол заңға сүйенеді деп есептеген.
5. Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар (Н.Мапиавели, Томас Мор, Жан Боден). ХV-ХVI ғасырлар аралығы Батыс Европада “қайта өрлеу дәуірі” деген атқа ие.

Қайта өрлеу дәуірінің саяси ойының жарқын жұлдызының бірі италиандық Н.Макиавелли /1469-1527ж.ж/ болып табылады.Оның “Патша” /1513ж./, “Тита Ливлийдің бірінші декадасы туралы ой толғаныстар” /1519ж./, “Флоренция тарихы” /1532ж./ т.б. Атты құнды еңбектері бар. Н. Макиавеллидің саяси ілім тарихы дамуына қосқан үлестері;

1.схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негізін салды;

2.саясаттану ғылымының негізін салды;

3.феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып , Италияда бір орталықтанған, тұтас монархияның абсалюттік формасын қалыптастыру үшін күресті;

4.“мемлекет” және “республика” ұғымдарын енгізіп, оларға қазіргі заманғы мән берді;

5.папалық тақ пен шіркеуді әшкереледі;

6.“мақсат әрбір тәсілді ақтайды” қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырады.

Табиғи құқық мектебінің ірі теоретигі нидерланд ғалымы Гуго Гроций /1585-1645 ж.ж/ “Соғыс пен бейбітшілік туралы құқық. Үш кітап” /1625ж./ атты трактатында халықаралық құқықтың өзекті мәселелерін шешу мақсатын қойды.

Соғыс пен бейбітшіліктің теориялық мәселелерін шешу құқық ,әділеттілік,олардың көздері,өмір сүру формасы, зерттеу әдістері сияқты жалпы мәселелерді қарастыруды қажет етті.Нәтижесінде Г.Гроций жаңа метадологияға негізделген құқық пен мемлеекттің жалпы мәселелерін тиімді шешуші саяси-құқықтық доктринаны қалыптастырады. Оның ілімінің бастама бөлімі-- адам табиғаты, адамның әлеуметтік сапасы.

Г.Гроций пікірінше “табиғи жағдай” бір кездерде болған, онда мемлекет те, жеке меншік те болмаған. Адамзаттың дамуы,алғашқы қарапайымдылығын жоғалтуы, адамдардың қарым-қатынасқа талпынуы, ақылмен басқаруға деген қабілеті мемлекетті құруда келісімге келуге итермеледі.Бұл мемлекет шығуының қоғамдық келісім теориясы еді. Г.Гроций “мемлекет дегеніміз құқық дегеніміз құқық пен ортақ игілікті сақтау үшін құрылған, жетілген адамдар одағы” -деп анықтама берді.Оның пікірі бойынша мемлекеттің белгісі жоғарғы билік,

атрибуты-заң шығару, сот , лауазымды қызметке тағайындау, салық жинау, соғыс және бейбітшілік мәселерін талдау,халықаралық келісімге келу. Томас Гоббс /1588-1679 ж.ж./ еңбектері “Левиафан немесе материя, мемлекет формасы мен билігі” , “Азамат жөнінде “, “Дене туралы” , “Адам туралы”. Мемлекет пен құқық туралы ілімді Т.Гоббс геометрия сияқты тиянақты ғылымға айналдыруға тырысты. Ол өз ілімін адам табиғаты мен құмарлығы

туралы ойлары писсимистік болды. Адамға бақталастық , даңқ, құмарлық, сенімсіздік тән. Бұл құмарлықтар адамдарды жауластырады,”барлығының барлығына соғыс жағдайын” тудырады.Бұл адамдарды табиғи жағдайды қысқарту жолын іздестіруге итермелейді, соңында табиғи құқықтан бас тарту адамдарды мемлеектке әкеледі. Т.Гобс мемлеекттің үш формасын монархия, демократия,аристократияны атайды, олардың ішінен шексіз монархияны қолдайды.

Б.Спиноза /1632-1677 ж.ж/ голландиялық философ-материалис. “Этик, геометриялық тәртіпте дәлелденген”, “Діни -саяси толғау”, “Декарт философиясының қағидалары” атты еңбектердің авторы.

Б.Спиноза табиғи жағдай теориясына қарсы болды. Ол қоғамдық келісім теориясын жақтады, бірақ оны өзінше түсіндірді. Мемлеект пен заңдарға деген қажеттілік табиғи себептерге негізделген- құмарлық пен ақыл -ой қарама-қайшылығында. Адам тек ақылға арқа сүйегенде тәуелсіз әрі күшті, бірақ көпшілік адамдар ақымақ әрекеттерге барады. Міне осылар құқық пен мемлекет қажеттілігін тудырады. “Егер адамдар табиғатынан ақиқат, санасы көрсетіп отырғандардан басқаны қаламаса, онда қоғам ешқандай заңды қажет етпеген

болар еді. Бірақ адам табиғаты басқаша құрылған. Әрбір адам өз пайдасына, табысына ұмтылады, әрі көпшілік ақыл-ойға емес, қызығушылығын ұстап тұра алмайды”. Заңды түзу монархқа, жекелеген адамдарға сеніп тапсырылмайды,онда олар табиғатының әлсіз жағын қанағаттандырумен айналысып кетеді. Заң көпшілік жиынымен қабылдануы тиіс.Ең саналы,әрі күшті, берік мемлеект республика, әсіресе демократиялық. Ол абсалютті монархияны сынады. Спиноза монархияны өкілдік мекеме басқаруы арқылы шектеу мүмкіндігін айтты. Деиократия еррекшелігі билік пен заңдар халыққа қарсы емес, оның бостандығын шектемейді және әркімге берген еркіндікті қамтамасыз етеді деп санаған.


Лекция №4
Тақырыбы: Қазақстан саяси ойларының тарихы.

(1 сағат)

Жоспары:
1. Қазақстан саяси ойларының қалыпасуы мен дамуы.

2. Жүсіп Баласағұн, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары.

3. Фольклор-қазақ халқының саяси ой- пікірінің қайнар көзі.

4. Тәуке хан заңдары.

5. «Жеті жарғы» - маңызды саяси –құқықтық құжат.


Лекцияның мақсаты:

Студенттерге Қазақстан саяси ойларының қалыптасуы, дамуы, Жүсіп Баласағұн, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары, фольклор – қазақ халқының саяси ой – пікірінің қайнар көзі, Тәуке хан заңдары және «Жеті жарғының» маңызды саяси – құқықтық құжат екендігі туралы түсінік беру.



Лекция мәтіні:
1. Қазақстан саяси ойларының қалыпасуы мен дамуы. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі, қоғамдық даму моделінің өзгеруі қоғамдық – саяси ойдың дамуына, халықтың ой – санасына түбегейлі өзгеріс туғызды, жаңа серпін береді. Тоталитарлық жүйенің уысында, шектеуінде ұзақ болған Қазақстан жұртшылығы елдің тарихы мен қазақ халқының озық ойлы өкілдерінің қоғамдық – саяси пікірлерімен жеткілікті таныса алмай келеді. Олар большевиктік «цензура» дегенің қара сандығында тығулы жатты.

Еліміз тәуелсіз, егемен мемлекет болғаннан кейін 90 – жылдары Қазақстан жұртшылығы, өзінің тарихына ерекше ынта қойды.

Осы ғасырдың 30 – шы жылдары тоталитарлық жүйе зансыз, жазықсыз айыптап, жойып жіберген қазақ интеллигенциясының өкілдері айыптап, жойып жіберген қазақ интеллигенциясының өкілдері Ә.Бөкейханов ( 1866 – 1937 ж.), А.Байтұрсынов ( 1873 – 1938 ж. ), М.Тынышбаев ( 1879 – 1937 ж. ), С.Асфендияров ( 1889 – 1938 ж. ), С.Сейфуллин ( 1884 – 1938 ж. ), Т.Рысқұлов ( 1895 – 1942) жәнне басқалар қазақ халқының болашағы, тағдыры, мемлекеттігін қалпына келтіру жөнінде салиқалы қоғамдық – саяси пікірлер айтты, өз жоспарларын жүзеге асыру жолында барлық кедергілерге, қауіп – қатерге қарамай күресті.

Алаш партиясының көсемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев және басқалар қазақтың тәуелсіз дербес мемлекеттін құрудың жан – жақты жоспарларын жасап ұсынды. Олар Қазақстанда парламенттік – президенттік автономиялы республика құруды, Қазақстанда барлық ұлттар азаматтарының тең құқықтығын қамтамасыз етуді ұсынды. Осы идеяға негізделген Алашорда бағдарламасында: Россия демократиялық федерациялық Республика ( демократиялық өкімет, федерация – ұсақ мемлекеттердің одағы ) болуы тиіс. Федерациядағы кірген әрбір мемлекет өзін - өзі басқаруға, олардың құқықтары бірдей болуға тиіс, деп жазылған.

Мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым С.Асфендияровтың да саяси пікірлері қазақ мемлекеттігін құр идеялармен қабысып жатыр. Ол өзінің « Қазақстан тарихы » « Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс » деген еңбектерінде көлемді тарихи материалдарды қорыта отырып Қазақстанның қоғамдық - саяси дамуына терең сипаттама береді.

Ғұлама ғалым, қазақ әдебиетінің классигі М.Әуезовты ( 1897 – 1961 ) көркем шығармалары мен публицистік туындыларында да республикамыздағы қоғамдық құбылыстар мен процестерге жан – жақты талдау жасалған. Оның « Абай жолы » роман – эпопеясында қазақ қоғамы тарихының әлеуметтік – экономикалық, саяси өмірінің көп қырлы картинасы берілген. Ұлы жазушыны өзінің саяси көзқарасы туған халқының болашақ тағдырын ойлап, айтқан қоғамдық саяси пікірлері үшін тоталитарлық жүйе қудалады. Бірақ ұлы жазушыны өз бағытынан, халқын сүйген ұлтжандылығынан тайдыра алмады. Ол туған халқының өткен өмірі де, бүгінгі өмірін де ерекше ыстық сүйіспеншілік сезіммен жырлап, жазып, күресіп дүниеден өтті.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың ( 1912 – 1993 ж. ) идеялары мен пайымдауларының да өмірі үшін қоғамдық маңызы бар. Ол « Ақиқаттан аттауға болмайды » деген естелік кітабында өзінің кеңес дәуірінде қоғамдық – саяси өмірге деген көзқарасын, бағасын берді. Мұны Кеңес дәуіріндегі Ұлттық саяси элитаның пайымдауы деп қарауымыз керек.
2. Жүсіп Баласағұн, Қорқыт ата, Қожа Ахмет Яссауидің көзқарастары. Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни ( 1021 – 1075 ) – аты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағұлматтарды біз оның негізгі еңбегі « Құтадғу білік » (« Бақытқа жеткізуші білік », кейбіреулер « Бақыттылық жәйлі ілім » деп те аударып жүр ) дастанынан білеміз. Бұл еңбектің ерекшелігі – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, өзінің ана тілі – түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншіден, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екіншіден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне ( династиясына ) түсінікті болу үшін жазылса керек.

Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан « Құтадғу білікте » мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол – тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән – мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез – құлқы, салт – санасы, әдет – ғұрпы және т.с.с. туралы көзқарастар жинақталған үлкен шығарма. Ол шындыққа, бақытқа жетудің адамгершілік жолдарын іздейді. Әділет, ақыл, рақымдылықты жырлайды. Өмірде әділ заңды, еркіндікті аңсайды.

Қазақ халқының ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи ( 1093 – 1157 ) жатады. Оның басты шығармасы « Диуани Хикмет » (« Даналық кітабы » ). Ол еңбегінде әділеті, имандылықты, шындылықты, мейірімділікті жырлайды.

« Ғаріп пақыр, жетімдердің көнілін көтер,

Қамқоршы бол, жаныңды да пида етер », - деп қара халықтың қамқоршысы болуға, адамгершілікке шақырады.

« Көңіл бөлмей дүниеге адамдықтан кешіңдер,

Халықты сүйген адал құлдар халайықпен бір болар », - деп адал басшы халқымен бір болып, соның тілегін тілеу керектігін баса айтады.
« Ей, мұсылман, тағат қылсаң, танбағын,

Ғазиз жаның – аманаты Алланың,

Харамдықпен, ұқ, жиған мол – жалғанын,

Қарыш атты жылан қылар малыңды »,

Деп дүниеқорлық, байлық соңына түспеуді, арамдылықпен мал жимауды уағыздайды, парақор әкімдердің о дүниеде татар жазасын естеріне салады.


3. Фольклор-қазақ халқының саяси ой- пікірінің қайнар көзі. Фольклор – халық ауыз әдебиеті шығармашылығының айырықша саласы, ауызша шығарлып, ауызша таралған көркем - әдеби туындыларының жиынтық атауы. Сонымен бірге ғылым мен мәдениете « халық шығамашылығы », «халық поезиясы», « халықтың ауызша сөз өнері» дейтін атаулары да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған « Фольклор» (ағылшынша folk – халық lore – білім, даналық ) сөздерінен қалыптасқан термин ауыз әдебиетінің атуы ретінде халықаралық ғылыми ату ретінде орнықан. Фольклор өзінің көркемдік - идеялық нәрімен, эстетикалық қуат - тегеурінімен, түрі мен жанырларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық - әлеуметтік - саяси және тәрбиелік терен мән – мазмұнымен ерекшеленеді. Фольклордың шығарушысы да, таратушысы да, т тындаушысы да - халық . Сондықтан Фольклор, шын мәнінде, халықтың өз еншісі болып табылады. Фольклордың осы өзгешелігі оның әлеуметтік - саяси бітімін де айқын сипатайды. Фольклор белгілі бір әлеуметтік топтың ғана шығармашылығы емес, жалпы халықтың ортақ өнері, әмбеге тиісті мұрасы. Халықтың тарихи зердесі, философиялық ой түйіндері, педагогикалық тәжірбиесі, адамгершілік нормалары, кәсіптік әдебиетке тән көркемдік сұраныстары. Фольклор - халық мұрасы, ұлттық өнер және ол сол халықтың әлеуметтік - саяси тағдырымен, өткен - кеткен тарихымен, шаруашылық биімділігімен тығыз байланысты. Фольклордың әр халықтың тарихындағы көтерген жүгі мен даму сипаты да бірдей дәрежеде болған емес себебі Фольклор барлық дәуірлерде, барлық аймақтарда, барлық халықтарда бірдей өркендеп, бірдей жүк арқаланбаған Фольклордың пайда болған, дамыған, шарықтап шалқыған, басендеген, бір жанырдың ұмытылып, екіншісінің дүниеге келген кездері бар. Жалпы саяси ілімнің бастауы ретінде Фольклордың алатын орыны ерекше. Себебі Фольклор кез – келген халықтың әлеуметтік - саяси өмірі туралы мәлімет беретін қайнар көзі болып есептелед.
4. Тәуке хан заңдары. «Жеті жарғы» - маңызды саяси –құқықтық құжат. Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. « Қасым ханның қасқа жолы », « Есім ханның ескі жолы » деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олар бізге дейін жетпеді. Ал Тәуке ханның « Жеті жарғысы » негізінен сақталған.

Жәңгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және эканомикалық жағдайы ауыр еді. Рубасылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым – қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекеттігінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімге билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшалануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан « Жеті жарғы » деп аталған қазақ әдет - ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принцптері айқындауды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал – мүлік дауы, ұрлық – қарлық, айып – жаза, алым – салдық және т.б. қаралады. « Жеті жарғы » нормалары қаулаған дау – дамайларды тежеп, рулар арасындағы тартыстарды бәсендетті, қоғам ішіндегі ала ауыздық азайып, ел бейбіт өмір сүрді.

Тәуке хан « Халық кеңесі » мен « Билер кенесінен » тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Өз кеңесінде халықтың өзекжарды мәселелерін: көшқон, ел тыныштығы мен бірлігі, сыртқы жаудан қорғану және т.с.с. жүйелі түрде талқылап отырды.

Сайып келгенде, Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.


Лекция №5
Тақырып: Салыстырмалы саясаттану.

(1 сағат)
Жоспары:
1. Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні .

2. Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде.

3. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері.

4. XX ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы

саясаттанудың бөлінуі.

5. Салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар.




Лекцияның мақсаты:
Студенттерге салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні, салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі екендігі, салыстырмалы саясаттанудың әдістері, XX ғасырдың 50 жылдарында саяси ғылымдардың жеке тарауы болып салыстырмалы саясаттанудың бөлінуі және салыстырмалы саясаттануды қалыптастыруға ықпал ететін факторлар туралы түсінік беру.

Лекция мәтіні:
1.Салыстырмалы саясаттанудың объектісі мен пәні . Салыстырмалы саясаттанудың зерттеу обьектісі мен пәні жалпы саясаттанудың мақсат, міңдеттерімен сабақтас тек мұнда саясатты жаңа қырынан тереңрек зерттеу мүмкіндіктері салыстырмалық негізде қарастырылып талданады. Бүгінгі таңда қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтып отырған елулі өзгерістер саясат саласында милінше айқын да дәл көрініс табуда. Ол саяси процестердің әр алуандылығында байланысты өзіндік ерекшелігі бар жаңа мазмұндармен байып, толығуда. Адамдар арасындағы саяси байланыс күрделене түсуде. Саяси өмір жаңа сапаға ие болуда, бұл жағдай оны жан – жақты терең зерттеуді қажет етіп отыр.

Саясатттанудың XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасқаның біз білеміз ХХ ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО – ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассотциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде. ХХ ғасырдың 50 жылдарында салыстырмалы саясаттанудың өмірге келуі саяси зерттеулерге жаңа серпін берді. Бүгінгі таңда АҚШ – тың, Батыс Еувропаның және Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында саясаттану жеке пән ретінде барлық факультеттерде міңдетті түрде оқытылады, әлемнің ең ірі университеттері оған маман дайындайды. Мысалы, АҚШ – та саясаттанудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім береді әсіресе саясаттанудың қолданбалы түрі кең таралған оны бітірген мамандар - саясаттанушылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын сараптауға, партиялар немесе басқа бірлестіктердің сайлау алдыңдағы бағдарламаларың талдауға, үкіметтік дағдарыстар мен халықаралық қатынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін ашуға кенінен пайдаланылады.


2. Салыстыру эмпирикалық зерттеулердің әдісі ретінде. Салыстырмалы саясаттануда. Салыстыру эмперикалық зерттеулердің негізгі әдісі. Эмперикалық әдістер мәліметтерді жинау және оларда таңдау әдістері болып екі топқа бөлінеді. Нақты ақпараттық мәліметтерді жинау кезінде бақылаулар, сурақ – жауап, құжаттарға талдау, тәжірбие жасау жүргізіледі. Бақылау саясиөмірдегіоқиғаны, сондай – ақ ондағы орын алған жағдайларды тура немесе жинай, сонымен қатар тікелей көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибе арқылы оқиғаға қатысушылар басшылыққа алған себептерді, оларды саяси өмірдің әр түрлі туыстарына деген көзқарастарын анықтайды. Статистикалық және басқа құжаттарға талдау жасау адамдардың саяси іс – қимылдарының обьективті нәтижелеріне көз жеткізуге көмектеседі. Тәжірбие жасау адамдардың басқа зерттеу әдістерінің көмегімен анықталған саяси іс - әрекетінің сипатына ықпал еткен факторлар туралы біздің ұсыныстарымызды іс – жүзінде тексеру әдісі болып табылады.

Қазіргі заманғы саясаттану философиялық тұрғыда нақты құбылыстармен жағдайларды қарастыруға, ияғни абсолюттік идеяларды, қияли үлгілерді емес, нақты фактілерді зерттеуге ден қояды.

Салыстырмалы саясаттану саяси құбылыспен әр түрлі әлеуметтік күштерінің өз ара іс - әрекеттерінің нәтижелерің үш негізгі теориялық жүйе - жан – жал, келісім және флюрализм арқылы зерттейді.
3. Салыстырмалы саясаттанудың әдістері. Салыстырмалы саясаттануды жеке әдістемелерсіз, яғни нақты да дәйекті жұмыстарсыз зерделеу мүмкін емес. Олар нақты саяси құбылыстарды, хал – ахуалды және оқиғаларды айқынрақ түсініп, білуге жағдай жасайды. Осылардың көмегімен эмперикалық әлеуметтану материалы орта деңгей теориясының саясаттануға талдау жасау үшін пайдаланылады. Саяси ғылым өзіне әлеуметтануды сенімді іргетасетуге тиіс, жеке әдістемелер статистикалық мәліметтерге, халықпен саулнама жүргізуге (анкета алу және сухбаттасу), тікелей бақылауға, құжаттарға талдау жасау ұстанымдарын қалыптастырады. Кез – келген жағдайдағы нақты саяси жағдайлар төмендегідей ретпен зерттеледі: Талдау жасау - себебін анықтау – болжам жасау. Сайлау алдындағы науқандарға, үкімет дағдарыстарына, халықаралық саяси процеске саралап талдау жасау кең тараған әдістердің бірі оның үстіне бұларда болжамдардың ықтималдық жағы басым келеді.

Г. Лассуэлл нақты саяси жағдайларды зерделеу үшін басты бес сұрақтан тұратын жүйені пайдалануды кеңес етті. Олар:

1. Құндылық ретіндегі бағыттардың қандайын тандауға болады?

2. Бұл құндылықтарды жүзеге асыруды көздейтін қандай бағыттар бар?

3. Бұл бағыттарға қандай факторлар ықпал етеді?

4. Болашақ дамудың қандай жобасы болуы мүмкін?

5. Бұл құндылықтардың ойдағыдай жүзеге асуын қандай балама саяси бағыттар қамтамасыз ете алады?

Сөйтіп міндеттер айқындалады: мақсаттар – көзқарастар – жағдайлар – жобалар – баламалар. Ең күрделісі – соңғы екеуі.

Американ саясаттанушылары демократиялық қоғам денгейіне жедел талдау жасау үшін төмендегідей жүйені пайдаланады.

Оның бастау желісі – ашықтық, екіншісі – көсемдер ұстанымындағы бәсекелестік. Әрекет желісі қоғамға жақындаған сайын ол демократияшыл бола түседі. Қоғамдық – саяси дағдарыстың өрістеуі теориялық схемалары бойынша жүреді.

Мысалы, солардың біреуінің тұжырымдауынша дағдарыс үш кезеңде өтеді:
1. Тұрақсыздық

2. Күштердің ара ------- ашылуы арқылы жағдайын айқындалуы ( жанжал кезені )

3. Жанжалдарды шешу.
Мұндай нақты да өзекті саясаттануды үкімет, саяси жетекшілер мен партиялар аса ықалспен пайдаланады. Қабылданатын шешімдер мен заңдардағы саясаттану тұрақсыздығы сараптама кәсіби саясаттың құрамдас бөлігіне айналады.

Саяси өмірдің мейлінше серпінді дамуы, мұнда стихиялық және жанжалды жағдайлардың тым көбейе түсуі саяси процесті талдап зерттеу мен болжам жасауға зор маныз береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет