Бақылау сұрақтары:
1.Қазақтан шыққан тұңғыш географ,кім қай жердедүниеге келген?
2.Шоқан кадет корпусын нешінші жылы бітіріп шықты?
3. Кеңес дәуіріндегі зерттеулерге кімдердің үлесі болды?
4.Қазақстанның ірі аймақтарын зерттейтін ғылыми экспедициялар нешінші жылы ұйымдастырылды?
5.Қазақстанның климаты туралы алғашқы еңбек
нешінші жылы жарық көрді
Лекция №5
Тақырып:Қазақстанның тектоникалық-геологиялық құрылымы жер бедерінің қалыптасу түрлілігі
Жоспары:
1.Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлілігі
2.Тау жыныстарының геологиялық жасы
Лекцияның мақсаты:
Қазақстанның жер көлемінің үлкендігіне байланысты жер бедерінің алуан түрлілігін, олардың әр уақытта пайда болғандығын,сонымен қатар геологилық жастарыныңда әр келкілігін қамтылды. Ғалымдар жердің пайда болу тарихын екі кезеңге бөлегендігін,тау жынстарының абсолюттік және салыстырмалы жастарытүсіндірілді.
Лекция мәтіні:
1.Қазақстанның жер бедері алуан түрлі және күрделі. Республикамыздың жер бедері мен жер қыртысының дамуы жердің геологиялық даму тарихы барысында қалыптасып, қазіргі қалпына келгенше үздіксіз өзгеріп отырған. Жер бедері мен жер қыртысының дамуы қазір де жүріп жатқан процесс.
Физикалық картадан Қазақстан жері шығыстан батысқа және оңтүстіктен солтүстікке қарай бірте-бірте төмендейтінін байқауға болады. Қазақстанның солтүстік-батысында теңіз деңгейінен 28 м. төмен Каспий маңы ойпаты жатыр. Каспий маңы ойпаты оңтүстігінде Маңғыстау түбегімен шектеседі. Түбектің жер бедері сортаңды ойпат, көтеріңкі тау жоталарымен алмасып отырады. Оңтүстігінде теңіз деңгейінен 132 метр төмен жатқан Қарақия, 57 метр төмен жатқан Қауынды ойыстары орналасқан. Маңғыстау түбегінің шығысынан Арал теңізіне дейінгі аралық үстіртті келеді. Арал теңізінің солтүстігі мен шығысында Үлкен және Кіші Борсық, Арал маңы Қарақұмы оңтүстікке қарай Қызылқүм шөлімен жалғасады. Қызылқұм шөлі Тянь-Шань таулы өлкесіне дейінгі кең алқапты алып жатыр. Тянь-Шань таулы өлкесіне Талас Алатауы, Өгем, Қаратау жотасы кіреді. Қаратаудың шығыс жағындағы Мойынқұм шөлі солтүстігінде Бетпақдалаға жалғасады. Балқаш көлінің солтүстігінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі аралықты ұсақ шоқылы Сарыарқа алып жатыр. Балқаш көлінің оңтүстігінде Сарыесік — Атырау құмды жазығы Тарбағатай, Жоңғар Алатауына дейінгі аумақта жатыр. Республикамыздың шығысында Алтай тауының сілемдері жеке жоталарға тарамдалған.
Қазақстан жерін көне заманнан бері бірнеше рет теңіз басып, кейіннен құрлыққа айналған. Сонымен қатар жер беті көтеріліп, таулар түзілген және керісінпіе, төмен түсіп, ойыстар пайда болған.
Республика жер көлемінің үлкендігі, геологиялык даму тарихы оның жер беті құрылысының өзіндік ерекшелігін де айқындайды. Биік және аласа таулар, шоқылар мен қыраттар, ойпаттар мен ойыстар алмасып келіп отырады. Жер бедерінің мұндай құрылысы оның климаты мен табиғи ланд-шафтарының қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
2.Тау жыныстарының геологиялық жасы.
Ғылымда тау жыныстарының геологиялық, жасын анықтайтын екі әдіс бар (салыстырмалы және абсолюттік).
Тау жыныстарының салыстырмалы жасын әр түрлі шөгінді жыныстар қабаттарының жатқан ретін және сол қабаттардағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тасқа айналған қалдықтарын зерттей отырып анықтайды. Егер шөгінді жыныстар теңіз түбінде шөккен күйі кабаттары бұзылмай жатса, онда төменгісі бұрынғы қабатты, ал жоғарысы кейінірек түзілген қабатты білдіреді. Беткі қабат ең жас қабат болып саналады.
Тау жыныстарының абсолюттік жасы деп тау жынысы пайда болғаннан бергі жылдар санын айтады. Тау жыныстарының абсолюттік жасын анықтауға көмектесетін жер қойнауындағы сенімді уақыт өлшеуііпі — радиоактивті элемент — уран. Жер қойнауындағы уран уақыт өткен сайын бір қалыпты жылдамдықпен гелийге және қорғасынға ыды-райды. Гелий ұшып кетеді де қорғасын тау жынысында қалып қояды. Ғылымда уранның ыдырау жылдамдығы белгілі, құрамында қорғасын бар тау жынысының бұдан қанша жыл бұрын түзілгенін есептеп шығаруға болады. Ғалымдардың есептеуінше 100 г. ураннан 74 млн. жылда 1 г. қорғасын тү-зіледі.
Ғалымдар жердің пайда болу тарихын екі кезеңге бөледі. Бірінші кезеңде осыдан 7 млрд. жыл бұрын барлық ғаламшарлармен бірге Жер пайда болған. Жер — Күн жүйесіндегі 9 ғаламшардың (планета) бірі. Алғашқы ауа (атмосфера) және су қабаттары (гидросфера) Жер 2 млрд. жылдан кейін пайда болған. Ғалымдар жерде Дүниежүзілік мұхит пайда бола бастаған кезден бастап екінші геологиялық даму кезеңіне бөледі.
Химиялық талдау жасай отырып, ғалымдар тасқа айналған органикалық дүниенің даму уақытын анықтау арқылы геохронологиялық кесте жасаған.
Геохронологиялық кестеде Жер пайда болғаннан бері негізгі геологиялық өзгерістермен бірге жер бедерінің пайда болуы, пайдалы қазбалар мен алғашқы тіршіліктің түзілуі қалыптасу ретіне қарай эралар мен дәуірлерге бөлініп көрсетілген. Жердегі органикалық дүниенің дамуы ең ежелгі (архей, протерозой, палеозой), орталық кезең (мезозой), жаңа кезеңге (кайнозой) жіктелген. Эралар даму ретіне қарай миллиондаған жылдарға созылған. Эралар дәуірлерге бөлінеді Геохронологиялық кесте Жердің өте ертедегі дамуынан бастап осы кезге дейінгі өзгерістеріне байланысты жасалғандықтан, төменгі жағынан жоғары қарай оқылады. Кестені анықтап қарасаңдар Жердің даму тарихы әр түрлі эралар мен дәуірлерде әр түрлі болған. Олардың қалыптасу кезеңінде кейбір дәуірлерде жер беті ылғалды, ыстық болса, кейбір дәуірлерде, керісінше, құрғақ болған. Кестеде тау түзілу байкал, каледон, герцин, мезозой, алъпілік болып беске бөлінеді. Кестеге зер салып қарасаңдар Қазақстан жеріндегі алғашқы тау түзілу процестері каледон тау түзілу кезеңінде пайда болғанын байқауға болады. Олар бірнеше рет өзгеріске ұшыраған.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақстанның жері шығыстан батысқажер бедері қандай болады?
2.Қазақстанның жер бедері оңтүстіктен солтүстікке қарай қандай болады?
3.Қазақстанның ең төменгі жері қай аймақта орналасқан?
4.Тау жыныстарының салыстырмалы жасын қандай болады?
5.Тау жыныстарының абсолюттік жасы деп нені айтамыз?
Лекция №6
Тақырыбы: Қазақстан жерінің геологиялық құрылысы және геотектоникалық аймақтары
Жоспары:
1.Қазақстандағы геологиялық құрылымдар
2.Жер сілкіну және сейсмикалық аудандар
Лекцияның мақсаты:
Қазақстанның геологиялық жасы қай уақыттан басталады, қанша кезеңге бөлінеді, эралардың айырмашылықтары қандай болатындығы айтылған. Жер сілкіну және сейсмикалық аудандардың қайсы аймақта көп болатындығы, оның себептерін қамтып түсіндірілді.
Лекция мәтіні:
Қазақстан аумағын құрайтын геологиялық құрылымдар даму жасына қарай негізгі 4 типке бөлінеді.Кембрий дәуіріне дейінгі қатпарлы облыс (ежелгі платформа) Батыс Қазақстан жерінің солтүстік бөлігін алып жатқан Шығыс Еуропа платформасын қамтиды. Бұл — Қазақстанның ең көне жері. Оған Каспий маңы ойпаты мен Орал алды үстірті жатады. Бұл өңірде геотектоникалық даму кембрий дәуіріне дейін аяқталған, негізінен кембрий дәуіріне дейінгі жыныстардан құралған. Ал ежелгі платформаның үстін палеозой, мезозой жене кайнозой эраларында пайда болған жыныстар көмкеріп жатыр.
Палеозой эрасы қатпарлығының облыстары. Палеозойда Қазақстанның көп жерінде каледон және герциндік геотектоникалық даму процесі аяқталып (палеозой 345 млн. жыл), Сарыарқаның шығысы мен солтүстік батысы, Тянь-Шань тауының батысы мен солтүстік бөлігі, Мұғалжар, Жоңғар Ала-тауы, Сауыр-Тарбағатай мен Алтай таулары пайда болды. Қатпарлану негізі кембрий дәуіріне дейінгі жыныстардан құралған, ал платформалық жамылғы палеозой, мезозой және кайнозой эралары жыныстарынан тұрады. Оған құмтас, қызғылт құмтас, сазды тақтатастар жатады.
3.Мезозой эрасы қатпарлығының облыстары. Қазақстан жерінде мезозой эрасында басталған геотектоникалық қозғалыстар мезозой эрасында аяқталған. Осы эраның аяғында қазіргі Батыс Қазақстанды басып жатқан теңіз біртіндеп тартылып, шығанақтар пайда болған.
Қазақстан жерінде мезозойда қалыптасқан жыныстар сирек кездеседі. Бұл эрада бірде-бір тау жүйелері түзілмеген, керісінше, палеозойда пайда болған Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы мен Тянь-Шань таулары қатты бұзылып, биіктігі қазіргі Сарыарқадағы таулардай болған. Сондықтан мезозой эрасының тау жыныстары Маңғыстаудағы Қаратау жотасы мен Іле, Торғай ойыстарында ғана кездеседі.
Кайнозой эрасы қатпарлығының облыстары. Бұл геотектоникалық даму Қазақстан жерінде әлі аяқталмаған. Кайнозой эрасында пайда болған шөгінділер палеогендік (Шу, Іле, Зайсан, Үстірт,Арал маңы мен Торғай жазығында кездеседі) және неогендік, антропогендік (төрттік) деп бөлінеді. Антропогендік шөгінді Қазақстанның барлық ай-мағында ұшырасады деуге болады. Ал альпілік тау түзілісі кезеңінде жер қыртысында әр түрлі жарылу туғызып, жазық жерлерде қазіргі өзен аңғарлары пайда бола бастаған. Кейбір жерлерде қатпарлы аймақтар - Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань екінші рет көтеріліп, биік таулы жүйелер қайта қалыптаса бастады. Төрттік дәуірде жер бетінің климаты суып, Еуразия материгінің солтүстік бөлігін қалың мұз басты.
2. Жер сілкіну және сейсмикалық аудандар
Жер бетінде оның ішкі күштерінің әсерінен әр түрлі қозғалыстар мен өзгерістер болып тұрады. Жер қыртысының кейбір беліктерінде өте баяу түрде бірнеше ғасырға созылатын тербелу-шөгу немесе көтерілу процесі жүріп жатады. Жай көзге байқалмайтын құрлықтың ғасырлық тербелуімен қатар, табиғатта тосын келетін сұрапыл, қатаң апатты құбылыс — жер сілкіну де болып түрады. Ол кейде үлкен бүліншілікке, қайғылы зардаптарға әкеп соқтырады. Жер сілкіну ондаған және жүздеген шақырым тереңдікте жер қабаттарының тез және күрт опырылуынан, жердің терең қойнауында болып жататын процестер мен кұбылыстардың салдарынан болады. Жер сілкіну ошағында пайда болатын серпіліс тербеліс туғызып, жан-жаққа тарайды. Бұл тербеліс, яғни жер сілкіну толқындары жер бетіне жетеді. Өте жиі және күшті жер сілкінулер, әсіресе Жер шарының «жас» биік таулы аймақтары мен терең сулы мұхит шұңғымасы бар жерлерде болады. Жер сілкінуді сейсмология деп аталатын ғылым саласы зерттейді.
Жалпы жер бетін ғалымдар негізгі екі сейсмологиялық белдеуге бөледі:
Бірінші Тынық мұхитының сейсмикалық белдеуі.
Оған Тынық мұхит, Оңтүстік Камчатка, Аляска,
Солтүстік Оңтүстік Американың батыс жағалауы, Қытай, Жапония елдері кіреді.
Екінші Жерорта теңізі - Азия сейсмикалыц белдеуі. Оған Португалия, Испания, Италия, Балкан түбегі, Түркия, Кавказ, Орта Азия және Қазақстан, Байкал мен Тынық мұхит жағалауы кіреді.
Жерорта теңізі - Азия сейсмикалық белдеуінде 1917 — 1990 жылдар аралығында алпыс рет күшті жер сілкіну болып өтті. Жер сілкіну күші 12 балдық шкаламен өлшенеді. Алматының төңірегі 9 балдық аймақка жатады. Қазақстанда күшті , жер сілкінулер 1770, 1807, 1872, 1887, 1911 жылдары Тянь-Шань тауларында болған.
1887 жылы маусымның 9-ында Верныйда болған зілзаланың күші 9-10 балл болды. Оның ошағы (эпицентрі) - Алматының оңтүстігінде, Тянь-Шаньның солтүстік беткейінде, Қаскелеңге жақын жерде болған. Жер бетіндегі қозғалыстың күштілігі соншалықты, адамдар тік тұра алмаған. Осы зілзаланың әсерінен Верный (Алматы) қаласындағы 1799 үйдің 1798-і қираған. Верный жер сілкінуінің зардабын зерттеуге ғалым-геолог Мушкетовтің басқаруымен арнайы экспедиция құрылған.
1889 жылы 12-шілдеде Шелек өңірінде болған зілзаланың күші 9 балға жетті, бірақ қалада онша көп үй құлаған жоқ, себебі 1887 жылғы жер сілкінуден кейінгі салынған бір қабатты ағаш үйлер берік әрі жаңа еді. Күнгей, Іле, Жоңғар Алатауларында 7 балдық жер сілкінісі болып, соның әсерінен қазіргі Жалаңаш елді мекенінің қасында бірнеше көл пайда болды.
Жер бетіндегі ең апатты жер сілкіну 1960 жылы мамырдың 22-сінде Чилиде болды. Оның күші 10-11 балға жеткен. Жер сілкіну ошағына жақын жатқан таулар бұзылып, көптеген өзгерістерге ұшыраған. Соның салдарынан тау аңғарларын тастар бөгеп, ол жерлер де кейін жаңа көлдер пайда болтан. Жер бетіне ұзындығы бірнеше шақырымға созылған жарықтар түскен. Жер сілкінуден екі тәуліктен соң Пуеуэ жанартауы күшті атқылай бастаған.
Қазақстандағы жер сілкіністерін зерттейтін алғашқы сейсмикалық станциялар 1927 жылы Алматыда, 1932 жылы Шымкентте, ал 1934 жылы Семейде құрылды. Республика-мызда 1971 — 1976 жылдары геофизикалық обсерватория құрылды. Олар өте сезімтал, жер қыртысындағы қозғалыс-тарды 10-20 мың есе күшейтілген түрінде жазып алатын аспаптармен жабдықталған.
Бақылау сұрақтары:
1.Геологиялық құрылымдар даму жасына қарай негізгі қанша типке бөлінеді?
2.Палеозой эрасы қатпарлығының облыстарыды атаңдар
3.Мезозой эрасы қатпарлығының облыстары.
4.Кайнозой эрасы қатпарлығының облыстары.
5.Жалпы жер бетін ғалымдар негізгі қанша сейсмологиялық белдеуге бөледі?
Лекция №7
Тақырыбы: Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбалар
Жоспары:
1. Жанатын пайдалы қазбалар
2.Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалар
Лекцияның мақсаты:
Қазақстанның жерінің барлық жерінде Менделлеевтің элементтерінің 70-ге жуғы кездеседі. Сол элементтерді 60-ға жуғы барланған. Қазақстандағы пайдалы қазбалардың әр түрлілігі, олардың қоры толық айтылған.
Лекция мәтіні:
Қазақстан жер қойнауында геологиялық даму кезеңіне сәйкес әр түрлі пайдалы қазбалар түзілген. Кейбір пайдалы қазба кен орындарының қоры жөнінен хром, ванадий, вольфрам, мыс, калий, рений, висмут, фтордан Қазақстан дүние жүзінде бірінші орында.
Қазақстанның геологиялық құрылысы мен даму
ерекшеліктері оның жер қойнауында көптеген пай
далы қазбалардың түзілуіне әсер етеді. Пайдалы қаз-
ба кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, ру-
далы және рудасыз. Жанатын пайдалы казбалар
көбінесе шөгінді жыныстарда кездеседі. Ал рудалы
пайдалы қазбалар (металл рудалары) көбінесе крис-
таллы (магмалық метаморфоздық) тау жыныстарында бола-ды.Рудасыз пайдалы қазбалар магмалық шөгінді жыныстарда кездеседі.Бүгінде республикамызда 6000-нан астам пайдалы қазба кен орындары бар.
Жанатын пайдалы қазбалар
Мұнай және газ. Мұнай мен газ қоры негізінен республикамыздың батыс аймағында шоғырланған. Алғаш рет мұнай 1911 жылы Доссор кен орнында өндірілді. 60-жылдардан бастап Манғыстау түбегінде, Каспий маңы ойпатында Өзен, Жетібай, Қаражамбас, Қаламқас мұнай кен орындары ашылды. Өзен мен Жетібай кен орнынан мұнай 1250— 2500 метр тереңдіктен өндіріледі. Бұл ең бағалы мұнай өндіретін кен орнына жатады. Юра мен бор дөуірінде пайда болған Құлсары мұнайы негізінен 50—2400 метр тереңдіктен өндіріледі.
Жайық-Жем алабы жанғыш газға бай. Жанғыш газ көбінесе мұнаймен бірге өндіріледі. Дүние жүзіндегі қоры жөнінен ірі кен орнына жататын «Теңіз» мұнайын өндіріп, өңдеуге американдық «Шеврон» компаниясы атсалысуда.
Көмір. Қазақстан көмірге өте бай. XIX ғасырда Қарағанды көмір алыбынан жылына 10 мың тонна көмір өндірілсе, қазір жылына 50 млн. тоннаға жуық көмір өндіріледі. Тас көмірінің сапасы жоғары кокстелінеді, көмір қабатының жалпы қалыңдығы 120 метр. Қарағанды көмірінен кем түспейтін Екібастұз көмір алабы бар. Екібастұз көмірі жер бетіне жақын жатқандықтан, мұнда көмір ашық әдіспен өндіріледі. Екібастұз алабының «Алып», «Солтүстік» және «Шығыс» кеніштері бар. «Алып» кенішінде сағатына 5 мың тонна көмір өндіретін роторлы экскаваторлар жұмыс істейді. Жалпы Қазақстан жерінде тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы мен 400 кен орны бар. Олардағы көмірдің жалпы қоры 160 млрд. тоннаға жетеді.
Рудалы пайдалы қазба. Қазақстанда рулы пайдалы қазбаларға бай.Рудалы кен орындарына: Кемпірсай (хром), Торғай (темір боксит), Атасу (темір, марганец)Жезқазған (мысты құмтас), Майқайың (алтынды полиметалл), Қаратау мен Текелі (корғасын, мырыш) кен орындары жатады.
Қазақстан темір рудасының қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орынды иеленеді. Ең негізгі кен орны — Қостанай алабына кіретін Аят, Лисаков, Қашар, Соколов және Сарыбай.
Сарыбай темір кен орнының ашылу тарихы қызық. 1948 жылы ұшқыш М. Сургутанов осы күнгі Сарыбай кен орнының үстінен ұшып бара жатып кенет компас тілінің ауытқығанын байқап қалады да сол маңды геологтарға зерттеуге ұсыныс жасайды. Көп үзамай ол жерді зерттеген геологтар магнитті темір рудасы кен орнын ашты.
Марганец рудасы көбіне темір рудасы кен орнымен іргелес жатады. Марганецті ірі кен орындары Жезқазған, Жезді, Атасу, Қаратау, Маңғыстауда ашылды.
Хром мен никельдің ірі кен орындары Мұғалжар тауы аймағындағы Кемпірсайдан табылған. Хром рудасы ашық әдіспен «Қазақстанның 40 жылдығы», «Бейбітшілік», «Оңтүстік» кен орындарында өндіріледі. Бұл жердің рудасы сапасы жағынан өте жоғары, құрамында 45 пайызға дейін таза хром бар.
Никель кен орындары Жезказған, Семей маңынан ашылды. Дүние жүзіндегі хром кенінің жалпы қорының жартысына жуығы Қазақстанның жерінде шоғырланған.
Алюминий негізінен бокситтен алынады. Негізгі кен орындары — Сарыарқаның солтүстік-шығысында, Торғай ойысында. Қазақстан алюминий өндіруде алдыңғы орындардың бірінде.
Қазақстан мыс рудасына да бай ел. Жезқазған кен орны мыс өндіру жағынан дүние жүзінде екінші орынды иеленеді әрі оның мысының сапасы жоғары бағаланады. Қоңырат, Бозшакөл кен орындарында мыс рудасы ашық әдіспен алынады.
Полиметалл рудасының қоры жағынан Қазақстан дүние жүзінде алдыңғы орында тұр. Полиметалл рудасы құрамында бірнеше металдар (қорғасын, мырыш, мыс қоспасы, алтын, күміс, т. б.) кездеседі. Кенді Алтайдағы Лениногор, Зырян кен орындарында өндірілетін руда қорғасын мен мырышқа бай. Оңтүстік Қазақстанда полиметалл рудалары Текелі, Ащысай және Мырғалымсай кен орындарынан өндіріледі.
Қазақстанның көп жерлерінде алтын кендері кездеседі. Алтын шығатын ірі кен орындары Алтайдағы Үлбі, Бұқтырма, Күршім өзеңдері алабында. Сондай-ақ Майқайың, Жітіқара кең орындарынан да алтын өндіріледі.
Сирек кездесетін металдар. Қазақстанда сирек кездесетін металдардың: сынап, висмут, молибден, сурьма, кадмий, т. б. коры бар.
Рудасыз пайдалы қазбалар.
Фосфорит. Қазақстан дүние жүзінде фосфоритті ең көп өндіретін мемлекет. Жамбыл облысындағы Қаратауда фосфорит кен орындарының (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) жалпы қоры 2,6 млрд. тонна деп есептелінеді. Ақтөбе облысындағы Алға, Қандыағаш фосфорит кен орындарының фосфорының жалпы қоры 1,5 млрд. тонна көлемінде. Фосфор ең бағалы тыңайтқыш.
Тұз. Республикамыздың батысында қаратікен тұзының таусылмас қоры бар. Каспий маңы ойпатындағы тұз күмбездерінің жалпы қоры 6 трлн. тонна. Арал, Балқаш көлдері маңында да тұз кен орындарынан тұз өндіріледі.
Қазақстан әктас, мергель (қүмды әктас), мәрмәр, гипс, отқа төзімді саз балшық, кварцитті құм, минералды бояулар сияқты құрылыс материалдарына да бай.
Жітіқара, Жезқазған, Бөгетісай және Хантау кен орындарында асбест өндіріледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Жанатын пайдалы қазбаларға жататындар
2.Рудалы пайдалы қазбаларға жататындар
3.Рудасыз пайдалы қазбаларға жататын пайдалы қазбаларды ата
4.Қазақстанда көмір қабатының жалпы қалыңдығы қанша
5.Қарағандыда қазір жылына тоннаға жуық көмір өндіріледі?
Лекция №8
Тақырыбы: Қазақстанның рельефінің алуан түрлілігі
(1сағат)
Жоспары:
1.Қазақстанның жазықтары мен ойпаттары және үстірттері мен қыраттары
2.Қазақстанның аласа таулары
3. Қазақстандағы биік таулар
Лекцияның мақсаты:
Қазақстанда жер бедерінің алуан түрлілігін айта келіп,әр бір жазықтарға, ойпаттарғ, аласа тауларға, биік тауларға толық тоқталды.Олардың қайсысы Қазақстаның қай аймағында орналасқандығы, клматтарының әр келкілігі түсіндіру.
Лекция мәтіні:
Қазақстанның жер бедері жазықтар мен ойпаттардан, үстірттер мен қыраттардан, аласа және биік таулардан тұрады. Республиканың қазіргі жер бедері оның геологиялық құрылысы мен даму тарихына, жер бедерін түзуші факторларға тікелей байланысты. Қазақстан жер бедерінің едәуір белігі жазық келеді. Оның оңтүстік-шығысы мен шығы-сында ғана биік таулар бар. Республика жері оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай біртіндеп еңістене береді.
Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі көптеген факторларға, атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен құрамына, олардың жату пішіндеріне, уақытына және оларға жердің ішкі және сыртқы күштерінің әсер етуіне байланысты. Қазақстанның биік таулы өлкелерінде тау түзілу процестері әлі аяқталған жоқ. Таулы аймақтарда болып жатқан жер сілкінулер тектоникалық қозғалыстардың әлі де жүріп жатқанын дәлелдейді. Қазақстанның қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштер, атап айтқанда, ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды ағызып, ойпаң жерлерге үйеді.
Жер бедерінің күрделілігі климаттың, су жүйелерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.
Жазықтар мен ойпаттар.
Қазақстан жерінің біраз аумағын Каспий маңы ойпаты, Тұран, Батыс Сібір жазықтары алып жатыр.
Каспий маңы ойпаты. Каспий маңы ойпаты Қазақстанның солтүстік-батысында теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Каспий маңы ойпаты — еліміздегі ірі жазықтардың бірі. Ол солтүстігінде Жалпы Сырт, шығысында Жем үстірті, оңтүс-тігінде Каспий теңізі аралығында орналасқан. Жер бедері көбіне тегіс, аз тілімделген, топырағы тұзды келеді. Каспий маңы ойпатына төн ерекше құрылымдар — тұз күмбездері. Мұнай, гипс, ас тұзы, хлорлы калий кен орындарының қалыптасуына осы тұз күмбездерінің тікелей себебі бар. Құм төбелер жайпақ ойыстармен алмасып отырады.
Тұран ойпаты. Тұран ойпатының солтүстік бөлігі ғана Қазақстан аумағына кіреді. Бұл ойпаттың негізгі бөлігі Қазақстаннан тысқары жатады. Теңіз деңгейінен есептегенде ойпаттың биіктігі 100 - 200 метр. Тұран ойпаты солтүстігінде Торғай ойысы (Торғай қақпасы) арқылы Батыс Сібір жазы-ғымен жалғасады. Республика аумағында Сырдария өзені бүл ойпатты қақ жарып ағады. Ойпаттың оңтүстік бөлігін Қызылқүм шөлі, ал солтүстігін Арал теңізі маңайындағы Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық құмдары алып жатыр. Тұран ойпатының топырағы лёсс (сары топырақ) тәрізді саз балшықты, саздауытты, құмды келеді. Төбелер мен қырқалар жиі ұшырасып отырады. Кей жерлерінде тақырлар кездеседі.
Батыс Сібір ойпаты. Қазақстанның аумағына Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі ғана кіреді. Ойпат оңтүстіктен солтүстікке қарай еңіс келеді. Теңіз деңгейінен биіктігі оңтүстікте 200 метрден біртіндеп солтүстігінде 100 метрге дейін төмендейді. Ойпаттың топырағы шөгінді жыныстардан (саз балшықтан, саздауыттан, құмнан) құралған.
Батыс Сібір ойпаты Қазақстан аумағында Ертіс бойы және Есіл-Тобыл жазықтары болып екіге бөлінеді.
Үстірттер мен қыраттар.
Қазақстан жерінің көп бөлігін үстірттер мен қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт, Бетпақдала, Жем, Торғай үстірті (Торғай төрткүл өлкесі) және Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі. Қыраттар негізінен жазық (горизонталь) бағыттағы шөгінді жыныстардан түзілген, көбінесе ойпаттар мен аласа таулы аймақтар аралығында кездеседі.
Үстірт жан-жағы тік беткейлі жарқабақ, үсті теп-тегіс, теңіз деңгейінен 200 метрдей биік жатқан жазықтық. Жарқабағы жауын-шашын суларынан тілім-тілім болып жатады.
Бетпақдала. Қазақстанның орталық бөлігінде, теңіз дең-гейінен 200—600 метр биікте жатыр, оның топырақ құрамы саз балшық, құм, құмтастардан құралған. Жер бедері ойлы-қырлы жазықтық болып келеді.
Торғай үстірті. Шығысында Сарыарқа, ал батысында Мұғалжар аралығын алып жатыр. Торғай үстіртінің теңіз деңгейінен биіктігі 250 метр. Торғай үстіртінің ортасында солтүстіктен (Батыс Сібір ойпаты) оңтүстікке (Тұран ойпаты) қарай созылып жатқан ойыс бар. Бұл ойпаң Торғай қақпасы немесе Торғай бұғазы деп аталады. Мыңдаған жылдар бұрын бұл жер теңіз бұғазы болған. Қазіргі Батыс Сібір ойпаты орнындағы ертедегі теңізді бұл бұғаз Арал, Каспий теңізі алабымен қосып тұрған. Торғай үстіртінің топырағы саз балшықты, кремнийлі, мергельді және құмды шөгінді жыныстардан тұрады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Өзен салалары мол. Есіл, Тобыл өзендерінің салалары осы Торғай үстіртінен басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |