Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:



бет2/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#25423
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Лекция №1


Тақырыбы: Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары және сағаттық белдеулер

(1 сағат)

Жоспары:

1.Қазақстанның географиялық орнының сипаттамасы

2.Қазақстанның шекаралары

3. Қазақстан жеріндегі сағаттық белдеулер


Лекцияның мақсаты:

Қазақстан жер аумағы жағынан қай материкте орналасқандығы,қанша жер көлемі барлығын, қай елдермен шекараласатындығын және қандай сағаттық белдеуде орналасқандығын қамтып түсіндіреді.



Лекция мәтіні:

1. Қазақстан жер аумағы жағынан Еуразия материгінде Ресей, Қытай, Үндістан мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иеленеді. Жалпы жер аумағы 2717,3 мың шаршы километр, Қазақстан батысында Каспий маңы ойпатынан шығысында Алтай тауларына дейін 3000 шақырым, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан оңтүстігіндеТянь-Шань тауларына дейін 1600 шақырым жерге созылып жатқан кең-байтақ мемлекет. Аумағының үлкендігі Еуропаның Франция, Испания, Пор­тугалия, Италия, Греция, Швеция, Норвегия және Финляндия сияқты елдерін тұтас алғандағы көлеміндей. Жер көлемі жағынан дүниежүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі.

Республика жерінің солтүстігінде өсімдіктер мен жануарлардың Сібірге тән түрлері, ал оңтүстігінде тропиктік және субтропиктік аймақтарға тән түрлері кездеседі. Еліміздің батысы мен шығыс аймағының табиғаты да ұқсай бермейді. Қазақстанның солтүстік ендігі (55° 267 с. е.) Мәскеу мен Қазан қалаларының ендігінде, ал оңтүстігіндегі шеткі нүктесі (40° 56/ с. е.) Мадрид, Стамбул, Баку қалалары орналасқан ендікте жатыр. Сондықтан оңтүстігінде жеміс ағаштары гүлдегенде, солтүстік аймағында қар ери бастайды.

Қазақстан қоңыржай климаттық белдеуде орна­ласқан. Табиғат зоналары (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) негізінен ендік бағытта созылып жа­тыр. Дүниежүзілік мұхиттардан қашық жатқандықтан, жерінің көбі шөл және шөлейт болып келеді. Оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігіндегі биік тау бөктерлерін суармалы жерлер алып жа­тыр. Батысында Каспий теңізі жағасында теңіз деңгейінен 132 метр төмен жатқан Қарақия ойысы, ал оңтүстік-шығысында Қазақстан, Қырғызстан Қытай елдерінің шекарасы тоғысқан жерінде биіктігі 6995 метр Хан Тәңірі шыңы бар.

Шекаралары. Қазақстан Еуразия материгінде орналасқан бес мемлекетпен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы

15000 шақырымнан астам, оның 12000 шақырымы құрлықпен, ал 3000 шақырымы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді. Батысы мен солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қыр­ғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттерімен шектеседі. Қазақстанның шекарасы кей жерлерде табиғи шептер (Каспий және Арал

теңіздері, Алтай, Тянь-Шань таулары) арқылы өтеді. Республиканың шекарасы оның байырғы тұрғыны — қазақ халқының орналасуына қарай белгіленген.

1991 жылдың соңы 1992 жылдың алғашқы айлары еліміздің саяси-әлеуметтік өміріне көптеген өзгерістер әкелді. Бұрынғы Кеңестер Одағының ыдырауы нәтижесінде басқа одақтас республикалармен қатар Қазақстан да өз тәуелсіздігін жариялады. Егемендік алған Қазақстан мемлекетін Біріккен Ұлттар Ұйымы мүше етіп қабылдады. Тәуелсіздігін дүние жүзі елдері танып, дипломатиялық қарым-катынастар орнатып, Астана мен Алматы қалаларында өз елшіліктерін ашты. Ал республикамыздың егемендігін айқындайтын елшіліктері Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Түркия, Ита­лия, Германия және т. б. елдерде бар.

Қазақстанның шет елдермен мемлекеттік шекара ұзындығы төмендегідей:

- Қазақстан мен Ресей шекарасының ұзындығы -6160км;

- Қазақстан мен Қытай шекарасының ұзындығы-1538км;

-Қазақстан мен Қырғызстан шекарасының ұзындығы - 1053 км;

-Қазақстан мен Түркіменстан шекарасының ұзындығы - 400 км

Қазақстан жеріндегі сағаттық белдеулер

Бүкіл жер бетіндегі халықтардың бәрі уақытты


бірдей өлшемдермен есептейді.Ол өлшемдер секунд,минут,-сағат,тәулік,жыл.Жердің өз өсінен(тәулік бойы)Күнді (жыл бойы) айналуының нөтижесінде жергілікті уақыт пен жыл мезгілдері ауысады.

Жергілікті уақыт. Жердің өз осінен батыстан шығысқа қарай бір тәулік ішінде (24 сағатта) толық айналып шығуына байланысты Күн сәулесі де Жер шарының бетіне бірдей түспейді. Жерді шар тәрізді, яғни 360 градус деп алып, оны-24 сағатқа бөлсек, 1 сағатқа 15 градустан келеді, яғни Грин­вич (нөлдік) меридианынан бастап, әрбір 15 гра­дус бойлық сайын меридиан жүргізсек, әрқайсысының бір-бірінен 1 сағатқа айырмашылығы болады.

Гринвич меридианында талтүс болғанда, Еуразияның шығысында жатқан 180° градустағы бойлықта түн ортасы, ал Қазақстан жерінде кеш болғанда елімізден 180 градус қашықтықта жатқан АҚШ-тағы 90 градус бойлық бойында таң атады. Олай болса, солтүстік полюстен оңтүстік полюске дейінгі бір меридианның бойында уақыт бірдей болады. Меридиандағы белгілі бір мезгілдегі уақыт жергілікті уақыт деп аталады.

Бойлық бойынша арақашықтығы жақын жерлерде уақыт айырмасы онша көп болмайды, ал бір-бірінен қашық жатқан жерлердің уақыт айырмасы бірнеше сағатқа жетеді. Адамдардың шаруашылық қызметіне және өмір сүруіне қолайлы болу үшін уақыт есебін сағаттық белдеулер бойынша жүргізу енгізілген.

Белдеулік уақыт. Халықаралық уақыт өлшемі бойынша Жер шары меридиандармен шартты түрде 24 сағаттық белдеуге бөлінген. Белдеу ішіндегі уақытты меридиан бойынша есептеу келісілген. Сондықтан бір сағаттық белдеудің ішіндегі уақытты белдеулік уақыт деп атайды.

Гринвич мердианынан батысқа қарай 7° 30' батыс бойлық (б.б) пен 7° ЗО7 шығыс бойлық (ш.б.) арасында өтетін сағаттық белдеуді нөлдік (оның өзі 24-ші) сағаттық белдеу деп атайды.

Нөлдік белдеуден (Гринвичтен) шығысқа қарай 7°30' ш. б. пен 22°30' ш. б. меридиандардың аралығы — бірінші сағаттық. белдеу, 22°30' пен 37°30' аралығы екінші сағаттық белдеу, одан әрі үшінші, төртінші белдеулер, ең соңғысы 24-белдеуге дейін жалғаса береді. Белдеулік уақыт сол белдеудегі орта меридиан бойынша есептеледі.

Әрбір белдеудегі уақыттың көршілес белдеулердегі уақыттан 1 сағат айырмасы болады. Қазақстан аумағы үшінші, төртінші, бесінші белдеулерде жатыр.

Сағаттық белдеулер картасында белдеулердің шекаралары меридиандар бойынша дәл жүргізілмеген. Кейбір сағаттық белдеулер мемлекет, облыс шекараларына байланысты, бүкіл облыс немесе облысқа қарайтын жерлер уақыты бірдей болуы көзделіп жасалған. Халықаралық белдеулік уақытты салыстыра және әрбір елді мекеннің белдеулік уақытын есептеп шығара отырып, сол елді мекен орналасқан белдеудің рет санын білу қиын емес. Мысалы, Берлин, Рим, Алжирде (бірінші белдеуде) уақыт 9 сағат 15 минут болғанда, Мәскеуде (екінші белдеу) 10 сағат 15 минут. Бакуде (үшінші белдеу) 11 сағат 15 минут, Ашхабадта, Атырауда 12 сағат 15 минут, Алматыда 13 сағат 15 минут, ал Анадырда (оныншы белдеу) 18 сағат 15 минут болады.

XIX ғасырда жаңа тәулік он екінші сағаттық белдеуде, оның орта меридианында басталуы тиіс деп шартты түрде қабылданды. Ол — 180° бойлық меридианы. Меридиан аралдарды кесіп өтетін жерлерде меридианная ауытқу сызығы солтүстік по­люстен оңтүстік полюске дейін жүргізілді де, ол дата ауысу сызығы деп аталды. Даталар шекарасы қатар жатқан Ратманов пен Крузенштерн аралдарының аралығымен өткенде, олардың бірі жаңа күнтізбелік датаға көшкенде, екіншісі әлі кешегі датада болады.



Декреттік уақыт. (латынның decretum - указ, қаулы деген мағана білдіреді). Декреттік уақыт бұрынғы КСРО-да 1930 жылы енгізілген. Біздің елімізде табиғи жарықты толығырақ пайдалану өрі электр энергиясын үнемдеу мақсатымен сағат тілі жаз кезінде ілгері 1 сағатқа жылжытылады. Бұл уақытты декреттік уақыт деп атай­ды.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақстан жалпы жер аумағы бойынша қанша шаршы километр жерді алып жатыр?

2.Еуразия материгінде жер көлемі жөнінен нешінші орында?.

3.Қазақстан Еуразия материгінде орналасқан неше мемлекетпен шектеседі.

4.Қазақстан мен Ресей шекарасының ұзындығы

5.Қазақстан нешінші сағаттық белдеулерде орналасқан?

Лекция № 2

Тақырыбы:Қазақстан жерінің ертедегі зерттелу тарихы

(1сағат)

Жоспары:

1.Қазақстан жері туралы ертедегі зерттеулер

2. Әбу-Насыр әл-Фараби
Лекцияның мақсаты:

Қазақстанда ең алғаш қоныстанған адамдарды аймақтарын, олардың қандай шаруашылықтармен айналысқандығын зерттеушілер туралы . Қазақ жерін басып өтетін Ұлы Жібек жолы туралы түсінік берілді.

Әбу Насыр Әл-Фараби дүние жүзіне белгілі ғалым, асқан ойшыл болғандығы, сонымен қатар оның еңбектерін түсіндіреді.
Лекция мәтіні:

Қазақстан жерінде көне заманнан бері адамдар қоныстанған Қаратау тауының баурайынан тас дәуірінің көптеген ескерткіштері, әр түрлі тас құралдар табылды. Бұл біздің заманымызға дейінгі III—II ғасырларда өмір сүрген адамдардың аңшылықпен, егіншілікпен айналысқанын көрсетеді. Біздің заманымызға дейінгі II ғасырда қазіргі Қазақстан жерінің аумағында өмір сурген түркі халқы Еуразиядағы отырықшы, мәдениеті дамыған ел болған, егіншілікпен айналысқан. Ертедегі грек жазбаларында қазіргі Қазақстан аумағында өмір сүрген тайпаларды «сақтар» деп атаған. Сақтар Жетісу мен Сырдария өзендері алабында өмір сүрген.Мал бағып, егін өсірген. Грек ғалымдары Геродот (б. з. д. V ғ.) пен Птоломей (б. з. д. II ғ.) өз еңбектерінде Каспий теңізінің шығысындағы шексіз жазық жер, ондағы өмір сүрген халықтар, Жайық, Жем және Сырдария өзендері туралы мәліметтер қалдырған.

Қазақ жерін басып өтетін Ұлы Жібек жолы VI— I ғасырларда шығыс пен батыс елдерінің сауда-саттық, мәдени байланыс жасауына орасан зор қызмет атқарды. Қытай жерінен басталған Ұлы Жібек жолы Оңтүстік Қазақстан арқылы Орта Азиядан Үндістан, Иран, Түркия, Египет (Мысыр), Сирия, Византияға дейін созылды. Жібек жолының бір тармағы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды, екінші тар-мағы Қастек асуы, Қаскелең, Алмалық, Талғар арқылы, өтіп, Жоңғар қақпасына, Бесбалыққа, Дун-хуанға, одан әрі Кіші Қытайға асады. Қазақстандағы Ұлы Жібек жолы бойында мәдениеті гүлденген қалалар бой көтерді. Олар: Баласағұн, Отырар, Жаңакент, Жент, Тараз, Сығанақ, Талғар, Суяб, Испиджаб, Сауран, Алмалық, т. б.

Қазіргі кезде бұл қалалардың мәдениеті мен қолөнері дамығандығын айқындайтын қыш құмыралар, қытай фарфоры, өрнекті мыс ыдыстар, піл сүйегінен жасалған шахмат фигуралары, керамикалық заттар, теңгелер мен әшекей бұйымдары табылуда. Ұлы Жібек жолының ұзындығы 6970 ша-қырым.

IX—X ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне
толық сипаттама беріп, картаға түсірді. Гректердің
Әмудария мен Сырдария Каспий теңізіне құяды деген жорамалдарын теріске шығарып, өзендердің Арал теңізіне құятынын анықтады.XI—XIIғасырларда өмір сүрген араб ғалымы Әл-Идрисидің «Нузхат ал-Муштак», түркі Махмұд Қашғаридің «Диуани лүғат ат-түрік» деген еңбектерінің Қазақстан географиясын зерттеуде маңызы зор. Әл-Идриси ең-
бегінде сол кездегі 16 қаланың тіршілігімен ондағы адамдардың тұрмыс жағдайларынан толық,мағлұмат берсе, ал Махмұд Қашғари қазақ жеріндегі көптеген географиялық атауларды дүние жүзінің картасына түсірді. Махмұд Қашғари жасаған картаны ғалымдар «XI ғасырда Орталық Орта Азияда жасалған түріктің географиялық ескертіші» деп атады.

2.Әбу Насыр әл-Фараби

Әбу Насыр әл-Фараби дүние жүзіне белгілі ғалым, асқан ойшыл, замандастары құрметтеп «екінші Аристотель» деп атаған Әбу Насыр әл-Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірінде орта ғасырда (870 ж.) дүниеге келген. Балалық шағы Арыс пен Сырдария өзендерінің бой-ында өткен. Толық аты Әбу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фараби.

Білімге құмар жас Отырар медресесін бітірген соң, ондағы аса бай кітапханада өз бетінше білімін одан әрі толықтырады. Шаш, Самарқан Бұхара, кейін Харран, Мысыр Халеб қалаларында, сол кездегі аса ірі мәдениет орталығы Бағдат қаласында білімін жетілдіре түседі. Онда Аристотель, Евк­лид, Птолемей еңбектерін оқып үйренеді. Әбу На­сыр ғылым мен өнердің барлық саласында еңбек еткен ғүлама. 164-тен астам ғылыми еңбек жазған, сонымен қатар ол әр түрлі аспаптарда тамаша орындаушы, ақын болған. Ұлы ғүлама ұзақ уақыт шет елде жүрсе де өзінің туған жері Отырарды есінен шығармаған.

70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ғұлама бабамыз ғылымның философия, логика, тіл,жа-ратылыстану география, физика, ма­тематика, медицина, музыка және, т. б салаларында еңбек еткен.

Әл-Фарабидің ғылым саласында жазған еңбегінің қолжазбасы Өзбекстан Республикасы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақталған. Оның «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар тізбегі» атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіріп, күн сағатын жасаған. Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығарған. Ерте кезден қазақ елі Жетіқарақшы, Темірқазық, Үркер атты жұлдыздар тобын «түн сағаты» ретінде пайдаланса, күндізгі уақытты «күн сағаты» арқылы айыратын болған.

Әл-Фарабидің «Күн сағатында» күн сәулесін сызық, ал жер шарын сфера ретінде алып, сол арқылы шеңберлік градусты өлшеп, сағат мезгілін дәл есептеп шығарған.

Әл-Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымы тарихынан берік орын алады. Фарабидің Каир, Бейрут, Хайдарабад, Анкара, Берлин, Лондон қалаларында араб тілінде басылып шыққан қолжазба еңбектері Братислав мұражайында сақтаулы. Фарабидің еңбектерінің 7 томы қазақшаға аударылып басылып шықты.

Ғұлама ғалым еңбектерінде адамдардың бақытқа, молшылыққа жету үшін бір-біріне әділетті дос болуын насихаттап жазды.

Фарабидің: «Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады», — деген сөзі бүгінгі өмірге бағыштап айтылған сияқты.
Бақылау сұрақтары:

1. Қаратау тауының баурайынан қандай құрал-саймандар табылды?

2. Ұлы Жібек жолы қай жерден басталады?

3. IX—X ғасырларда араб ғалымдары Арал теңізіне қандай сипаттама берді?

4 Әбу Насыр әл-Фараби қаншаға жуық тіл білген?

5.Әл-Фарабидің ғылым саласында жазған еңбегінің қолжазбасы қазіргі кезде қай мемлекетте сақталған?


Лекция №3

Тақырыбы: Қазақстан жерінің зерттелу тарихы

(1сағат)

Жоспары:

1. Қазақстан туралы XIX ғасырға дейінгі зерттеулер

2. Қазақстан жерін зерттеген орыс саяхатшылары




Лекцияның мақсаты:
XIII ғасырдың басындаҚазақстандағы шапқыншылықтарды, XV ғасырда Қазақ хандығының құрылғандығын,Орта Азия елдерімен қарым қатынас орнай бастағандығын қарастырылып айтылады.

XIX ғасырдың I жартысында Ресей патшалығыныңқұрамына енгендігі жазылған. Қазақстанды зерттеген орыс саяхатшылары толық қамтылған.



Лекция мәтіні:
XIII ғасырдың басында Шыңғыс хан жасаған шапқыншылықтан қазақ жері көп зардап шекті. Монғол езгісі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын тежеп, өркениетті ел қатарына қосылуын кешеуілдетті. XVI ғ. үйсін, дулат, қоңырат, қаңлы, қыпшақ, арғын, найман, т. б. тайпалар бірігіп, біртұтас қазақ халқы болып қалыптасуы аяқталды. Қазақ халқы түркі тілдес халықтар тобының монғол тектес нәсіліне жатады. Ұлы жүз тайпалары Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігін, Орта жүз құрамына енетін тайпалар Есіл мен Ертістен Сырдария, Шуға дейінгі орталық бөлігін, Кіші жүз тайпалары батыс бөлігін жайлады. Ол атаулар осы күнге дейін сақталған. Қазақ халқының үш жүзге бөлінуі сол кездегі жиі болып тұрған жаугершілікке қарсы, туған жерді үш жақтан қорғауға бағытталған шара еді. Кең-байтақ жері бар ата-бабаларымыздың негізгі шаруашылығы — мал бағу, кей жерлерде егін егу болды.

XV ғасырда Қазақ хандығы құрылды. Қасым ханның билігі кезінде (1511—1520 жж.) Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнай бастады. Сол кезден бастап Ресей патшалығы қазақ жері, табиғаты, онда өмір сүріп жатқан өжет те батыр халық — қазақтар туралы мәліметтер жината бастады. I Петр патша тұсында Қазақстан Ресейдің сыртқы саясатында ерекше орын алды. Ол Азия елдерімен қарым-қатынас жасауда «қақпа әрі кілт» деп саналды. I Петр: «Қырғыз-қайсақ ордасы Ресей қарамағында болуы тиіс. Сөйтіп тек сол арқылы ғана күллі Азия елдерімен байланыс жасап, Ресей жағына пайдалы әрі кәдеге жарамды дүниені алу керек» деп жазды. Қазақстан мен Орта Азияны зерттеп, табиғи байлықтарын білу үшін арнаулы экспедициялар ұйымдастырып отырды. Әскери экспедиция адамдары Каспий теңізі, Ыстықкөл, Зайсан көлдері мен Сырдария, Ертіс, Шу өзендері, Тянь-Шань тауларын зерттеп, картаға түсірді.

2.Қазақстанды зерттеген орыс саяхатшылары

XIX ғасырдың I жартысында Ресей патшалығы өзінің қарамағына енген жаңа жерлерді игеру мақсатында бірнеше ғылыми экспедициялар ұйымдастырды. Қазақ жерінде болып жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістерге байланысты жасақталған экспедициялар Қазақстан аумағында физикалық-географиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сол кездегі Бұхар хандығымен сауда-саттықты күшейту үшін орыс елшісі А. Негридің ұйымдастыруымен құрылған экспедиция қазіргі Батыс Қазақстан жері арқылы өтіп, бүл жердің табиғат жағдайлары мен байлықтарын «Орынбор өлкесінің жаратылыс тарихы» деген атпен шыққан еңбегінде сипаттап жаз­ды. Каспий теңізі жағалауы мен Үстірт, Арал теңізі, Қызылқұм шөлдеріне толық сипаттама берді.

1820 жылдан бастап қазақ жерін зерттеуші экс-педициялардың саны арта түсті. Сол кезде қазақ жеріне келген көптеген атақты ғалым-саяхатшылар болды. Мысалы, атақты неміс ғалымы А. Гум­больдт Алтайға саяхат жасау негізінде «Орталық Азия» атты көлемді еңбегін жазды. XIX ғасырдың

30-жылдары ғалым А. И. Левшин «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» деген кітабында қазақ жеріне толық сипаттама бере келіп, Қазақстан табиғатының зоналық заңдылыққа байланысты өзгеруін анықтайды. Қазақ жерін географиялық тұрғыдан зерттеуде Л. И. Шренк, А. И. Бутаков, К. М. Бэр, Н. А. Северцов, П. П. Семенов, Ш. Уәлиханов, И. В. Мушкетов, А. С. Берг, т. б. ғалымдар еңбек сіңірді.

П. П. Семенов Тянь-Шаньский (1827—1914) Пе­тербург университетін бітірген соң, Батыс Еуропаға барып білімін толықтырады. Атақты неміс ғалымы А. Гумбольдтан дәріс алады. 1856 жылдың көктемінде Ресейге қайтып келіп Тянь-Шань саяхатына дайындалады. Саяхатқа бет алған жолында Омбы қаласына тоқтап, онда қазақтың дарынды ұлы Шоқан Уәлихановпен танысады. Омбыдан шыққан П. П. Семенов Семейді, Балқаш көлін басып өтіп, Верный қаласына тоқтайды. Осы жерден Ыстықкөлге, Орталық Тянь-Шаньға бірнеше рет сапар шегеді, көптеген аса маңызды деректер жи-найды. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы Хан Төңіріні анықтап, география ғылымына Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Іле жазығы деген атауларды енгізді. Сырдария өзенінің бастауын анықтап, Шу өзенінің Ыстық көлден бастал-майтынын дәлелдеді. Тянь-Шань таулары жанартаудың атқылауынан пайда болған деген Батыс Еуропа ғалымдарының жорамалдарын теріске шығарады. Тянь-Шань тауындағы биіктік белдеулікті анықтайды. Тянь-Шаньға саяхатының 50 жыл толуы қарсаңында Семенов фамилиясына қосымша Тянь-Шаньский деген құрметті атқа ие болды. П. П. Семенов Тянь-Шаньский ұзақ уақыт Орыс география қоғамына жетекшілік етіп, Ш. Уәлихановтың, Н. М. Пржевальскийдің, Н. Н. Миклухо-Маклайдың, Г. Н. Потаниннің, П. К. Козловтың және басқалардың ғылыми саяхаттарын ұйымдастырды.

Николай Алексеевич Северцов (1827—1885) өзінің ғылыми өмірін негізінен Орта Азияны зерттеуге арнады. Өз саяхаттарын Арал теңізі мен Сыр­дария өзенінің төменгі ағысын, Қызылқүм шөлін зерттеуден бастады. Қазақстан мен Орта Азияны зерттеу үшін 7 рет экспедиция ұйымдастырып, оған өмірінің 33 жылын арнады.

«Түркістан өлкесіне саяхат» атты еңбегінде Н. А. Северцов аңдардың 15 жаңа түрін, құстардың 48 жаңа түрі мен түр тектестерін анықтап, сипаттап жазды. Ғалым өз еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлардың таралуына экологиялық-географиялық жағдайлардың әсер ететінін анықтап береді.

Иван Васильевич Мушкетов (1850 — 1902) алғашқы зерттеу жұмыстарын Тянь-Шаньның батысындағы ежелгі Қаратау жотасын, Боралдай, Арыс, Бадам өзендері мен Қазығұрт тауынан бастады. 1875 жылы Жоңғар Алатауына саяхат жасап, Әулиеата қаласының маңын, Александр жотасын, Сусамыр өзені алқабы мен Ыстықкөлді зерттейді. 1886 жылы оның Қазақстан мен Орта Азияның физикалық географиясы мен геологиясына арналған «Түркістан» атты еңбегі шықты. Сонымен қатар саяхатшы 1887 жылы Верныйдағы (Алматы) жер сілкінуінің себептері мен зардаптарын да зерттеді.

Арал, Балқаш көлдерін толық физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш зерттеген А. И. Бута­ков ұйымдастырған 1848 жылғы экспедиция бол­ды. Бірақ Бутаковтың жазған күнделіктері мен бақылаулары ұзақ жылдан кейін 1952 жылы ғана жарық көрді. Аралдың табиғатын зерттеуді одан өрі Л. С. Берг жалғастырып, өзінің «Арал теңізі» (1902 ж.) деген көлемді еңбегінде жүргізген барлық зерттеулерін қорытындылап жазды. Бұл күні бүгінге дейін Арал теңізіне арналған ең бағалы да құнды еңбек болып саналады.

XIX ғасырдың аяғында Қазақстан аумағын табиғи-географиялық тұрғыдан зерттеудің жаңа кезеңі басталды. Себебі Жемнің мұнайы, Қарағандының көмірі, Риддердің полиметалл кендерінің ашылуы тек орыс қана емес, шетел капиталистерінің де назарын аудара бастаған еді.


Бақылау сұрақтары:

1.Қазақ хандығы қай ғасырда құрылды?

2.Ресей мен Қазақстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас қашан орнай бастады?

3.Қазақстанды зерттеген орыс саяхатшыларын атаңдар?

4.Қазақ жерін зерттеуші экспедициялардың саны қай жылдары арта түсті.

5.Арал, Балқаш көлдерін толық физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш зерттеген ғалым?




Лекция №4
Тақырыбы: Қазақстан жерінің зерттелу тарихы (жалғасы)

Жоспары:

1.Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов

2.Кеңес дәуіріндегі зерттеушілер




Лекцияның мақсаты:

Қазақстанның тұңғыш географы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың сапарлары мен еңбектері қамтылып айтылған.Шоқанның орыс достарының еңбектері сонымен қатар кеңес дәуіріндегі зерттеушілердің Қазақстанға деген еңбектері толық түсіндіріледі.


Лекция мәтіні:

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835 — 1865) қазақтан шыққан тұңғыш географ, Қазақстанды, Шығыс Түркістанды, Орталық Азияны зерттеген, саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этнограф. Шоқан Құсмұрын көлінің солтүстік жағасында Құндызды өзенінің Обаған өзеніне құяр жеріндегі Шыңғыс отбасында 1835 жылы дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс әйгілі Абылай ханның немересі жасынан медреседе сауатын ашқан Шоқанды әкесі 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпу-сына оқуға береді.Зерек Шоқан(орыс тілі мен әдет-ғұрпын аз уақытта-ақ үйреніп, қала өміріне тез бейімделеді. Білім құмар жас бұрыннан оқып жүрген орыс балаларын қуып жетіп, оқытушылардың көзіне түседі. Мұнда өзімен қатар оқитын, қазақ жерінде туып өскен Г. Н. Потанинмен танысып, екеуі дос болады, бірге Орталық Азияға саяхатқа шығуды армандайды.

Шоқан кадет корпусын 1853 жылы 18 жасында бітіріп шығып, Батыс Сібір генерал-губернаторлығында қызмет етеді.

1955-59 жылдары Орта Азияны зерттеуге құрылған әскери экспедиция құрамына алынып, қазақ жерін, Ыстықкөл маңын, Құлжа мен Қашғарияны зерттеуге қатысады.

1856 жылы Шоқанның патшалық Ресейдің географиялық қоғамын басқаратын П. П. Семенов Тянь-Шаньскиймен кездесуі кейінгі өміріне көп өзгерістер жасайды. П. П. Семенов Тянь-Шаньскийдің ұсынуымен 1857 жылы 22 жастағы Шоқанды Орыс география қоғамына толық мүше етіп қабылдайды.Сол кездегі көптеген ғылыми экспедициялар сияқты Шоқанның Қашғария сапары П. П. Семенов Тянь-Шаньскийдің тікелей басшылығымен ұйымдастырылды. Қашқария бұған дейін Еуропа елдерінің бірде бір саяхатшысы аяқ баспаған ел еді. Жас ғалымның бұл саяхаты өте табысты болып, ол көптеген ғылыми мәліметтер жинап кайтады.

Шоқан «Жоңғария очерктері», «1858 — 1859 жылдардағы Алты шаһар немесе Қытай провинциясының шығысындағы алты қала жағдайы», «Тау қырғыздары туралы», «Шаман діні», «Күнделік дәптерлер» атты еңбектерін жазады. «Алты шар» атты еңбегі 1865 жылы ағылшын тілінде Лондонда жарық көрді. Осы және баска да еңбектері дүние жүзінің көптеген тіліне аударылды. Қырғыздың атақты «Манас» жырын алғаш жазып алған да Шоқан еді. Бірақ ғалымның өмірі қысқа болды.

2. Кеңес дәуіріндегі зерттеулер

Қазакстан табиғатын зерттеудің маңыздылығы әсіресе кеңес дәуірінде арта түсті. Пайдалы қазба кен орындарын табу және оларды игеру мақсатында геологиялық барлау жұмыстары көптеп жүргізілді. Әсіресе XX ғасырдың 20-жылдарынан бастап Қазақстанның ірі аймақтарын зерттейтін ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. 1920 жылы Қазақстанды зерттеу қоғамы құрылды. Қазақстанның жер қойнауындағы минералдық шикізаттардың кеңінен зерттелуіне байланысты Алтай полиметалл, Атбасар полиметалл, Қазақ гео­логиялык барлау трестері, Қазақ геология, гидро-геодезиялық басқармалары құрылды. Геологиялық , барлау жұмыстары Алтайда В. К. Катульскийдің, Қызылқұмда И. П. Герасимовтың, Үстіртте Н. Л. Благовидовтың, Орталық Қазақстанда Ң. И. Сәтбаевтың басқаруымен жүргізілді.

Қазақстанның климаты туралы алғашқы еңбек
1927 жылы жарық көрді. Ұлы Отан соғысы кезінде
бұрынғы КСРО Ғылым академиясының география
институтының қызметкерлері Алматыға көшіп келіп, Топырақ-тану Ботаника институттары мен бірлесе отырып, табиғи ресурстарды табу және зерттеу, аудандастыру жұмыстарымен шұғылданды. Қазақстанның география секторын басқарған белгілі ғалым Н. Н. Баранскийдің жетекшілік етуімен Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлді. 1946 жылы Қазақ КСРО Ғылым академиясы бірнеше экспедициялар ұйымдастырып, республи­ка табиғатын жан-жақты толық зерттей бастады. Республика аумағын алғаш физикалық-географиялық тұрғыдан аудандастырудың сызбасы жасалын-ды. Зерттеу жұмыстары негізінде Қазақстанның табиғатын толық сипаттайтын «Қазақстанның физикалық-географиялық сипаттамасы» (1950), «Қазақстанның физикалық-географиялық очерктері» (1952) атты көлемді еңбектер жарық көрді. 50-жылдары тың жерлерді игеруге байланысты аңызақ, ат-мосфералық қуаңшылық, жел эрозиясы, топырақ борау, топырақ бетінің тоңдануы сияқты құбылыстар және климаттық өзгеру заңдылықтары зерттеліп, нәтижесінде «Қазақстанның климаты» ат­ты көлемді жинақ басылып шықты.

Академик Қ. Сәтбаевтың зерттеулері. Аса көрнекті ғалым, Лениндік (1957) және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Ғылым академиясының тұңғыш Президент:, қазақтың дарынды ұлдарының бірі — Қаныш Имантайүлы Сәтбаев 1899 жылы қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы қазіргі Қ. И. Сәтбаев атындағы кеңшарда дүниеге келді.

1926 жылы Сәтбаев Томскінің технологиялық институтын бітіріп, еңбек жолын Атбасар түсті металдар тресінде инженер-геолог болып бастады. Кеңіннен Қарсақбай кен комбинатында геология­лық барлау бөлімінің бастығы, бас геолог қызметінде болды. 1941 жылы Алматыға қызметке шақырылып, Геодогиялық ғылымдар институтының директоры болып тағайындалды.

Қ.Сәтбаевтың өмір жолы Қазақстан экономикасының даму жолымен тығыз байланысты. Геолог ретінде ең алғашқы зерттеу жұмыстарын Қарсақбай, Темір, Жезқазған, Атбасар, Спасск кен орындарын зерттеуден бастады. Атасу, Аят темір кенін, Қорғасын, Үлкен Жезқазған полиметалын, Кендірлі аймағының қоңыр көмірі мен Қаратаудың ванадий кеніштеріне барлау жасап, халқымыздың игілігіне жұмсауға ат салысты.

Негізгі ғылыми еңбегін Қазақстан кен орындарының геологиясына, минералдық қорларын зерттеуге, пайдалы қазбалардың болжам карталарын жасауға арнады. Ол 640-тан аса ғылыми еңбектердің авторы. Қаныш Имантайұлы — руда-лы кендердің пайда болуы және олардың жер қойнауында орналасу, таралу заңдылықтарын зерттейтін Қазақстанның металлогения ғылымының негізін салушы. Сәтбаев еңбектері ғылымға зор жаңалықтар енгізді, Қазақстан геологиясын осы заманғы биік сатыға көтерді. Халқымыздың адал перзенті Қаныш Имантайұлына 1942 жылы Жезқазған жеріндегі кенді зерттеудегі зор еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Кен орындарын зерттеу барысында ашқан жаңалығы мен жазған еңбектерінің құндылығы үшін қорғамайақ геология-минералогия ғылымдарының докторы деген атақ берілді.

Геология ғылымының дамуына қосқан зор үлесі үшін әрі есімін есте қалдыру мақсатымен Қаратаудан табылған, бұрын ғылымда белгісіз болып келген минералға «Сатпаевит» деген ат берілді. Сонымен қатар Жоңғар Алатауындағы биік шың мен мұздық, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Геологиялық ғылымдар инсти­туты, Жезқазған кен металлургия комбинаты, Орталық Қазақстандағы бір қала, бірнеше мектеп пен көшелер, өзі туған ауыл Сәтбаев есімімен аталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет