Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:



бет7/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#25423
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Бақылау сұрақтары:

1.Топырақ түзуші факторлар.

2.Қазақстандағы топырақтың негізгі түрлері

3.Тың және тыңайған жерлерді игергеннен кейін егістік алқаптың көлемі қанша болды?

4.Топырақты мелиорациялау дегеніміз не?

5.Қарағанды кемір бассейнінің бос жыныстар үйіндісі (террикон) тазаланып орнына нелер пайда болы?



Лекция №19

Тақырыбы: Қазақстанның өсімдік жамылғысы

Жоспары:

1. Орманды дала,дала өсімдігі

2.Шөл, шөлейт өсімдігі
Лекцияның мақсаты:
Лекцияның мақсаты:

Қазақстандағы өсімдіктер жамылғысының климаттың өзгеруіне байланысты әр түрлі болуының олардың түрлерін, көптеген шөптесңн өсімдіктердің емдік қасиеттерін,жоғалып кетуге дайын тұрған өсімдіктерді қорғауға алынатындығы қарастыра келіп оларды қорғау керектігін түсіндіре айтылды.Орман алқаптарының біздің елімізде аз екендігі айтылды.




Лекция мәтіні:

Онда әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. Топырақтың құнарлы қабатының қалыңдығы 75 см-ге жетеді. Қара топырақтың бірнеше түрі бар: сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі орташа қарашірікті қара топырақ, қарашірігі шамалы қара топырақ. Оңтүстікке қарай орманды дала зонасының қара топырағының қалыңдығы азая түседі. Орманды дала зонасының өсімдігі алуан түрлі, онда шоқ-шоқ. болып өсіп тұрған орманды жиі ұшыратасың. Ылғалды, батпақты ойпатты жерлерінде бұта, тал қалың болып өседі, ондай жерлерді «шілік» дейді. Кішігірім өзен-көлдердің жағалауларында тал өседі. Ойпаттарында қайың мен көктерек жайқалып тұрады.

Қайың — күннің көзін жақсы көретін, тез өсетін ағаш. Оның бірнеше түрі бар, бізде негізінен ақ қайың өседі. Оның биіктігі 25—30 метрге дейін жетеді, 400 жылдай өмір сүреді. Көктеректер шоқ-танып өседі. Ағаштың арасында шөп қалың болып шығады. Әсіресе бидайық, арпабас, қоңырбас, күлгін түсті итқонақ, сары гүлді жоңышқа, сиырсілекей,қоян шөптер жердің төсін құлпыртып жібереді. Мұнда жұпар иісті жабайы құлпынай жақсы өседі. Шоқтанып өскен көк теректі, қайыңды орманның ішінде саңырауқұлақтар жақсы шығады. Құмды топырақты жерлерде қарағайлы ормандар кезігіп қалады. Кілең қарағай өсетін орманды қара орман немесе қарағайлы орман деп атайды. Қарағайлы ор­мандар — қазіргі Қазақстан жеріндегі ертедегі мұз басу дәуірінің айғағы. Себебі мұз басу дәуірінде мұз таулар еріген кезде етегінде жиналған құмды жер­лерде қарағайлар өскен. Қарағайлы орманның ауаны әр түрлі зиянды бактериялардан тазартатын қасиеті бар. Орманды дала зонасының ойпаң жерінде қияқ, елекшөп, мажыра өседі, оларды орып, пішен дайындайды.

Өсіп тұрған орманы жоқ, айнала ашық, көз жеткісіз жазық алқап, бұл дала табиғатына тән көрініс. Егістікке түгелдей жыртылған даланы топырақ эрозиясынан сақтау үшін жел өтіне ағаш егілген. Бүгінде дала зонасы орманды дала сияқты түгел дерлік жыртылған.

Қостанай, Павлодар жөне Шығыс Қазақстан облыс-тарының кей жерлерінде құмды және құмдақ топырақты жерлер кездеседі.

Дала аймағы жұмыршақ, дәрілік түйежоңышка, меңдуана, сасық меңдуана, су бұршағы, жанаргүл, құндызшөп, шайқурай сияқты алуан түрлі дәрілік өсімдіктерге де бай.

Шөлейт зонада далада да, шөлде де шығатын өсімдіктер өседі. Дала зонасына қарағанда шөлейтті аймақта өсімдіктің бітік өсуі екі есе аз, сондықтан топырағы онша қүнарлы болмайды. Шөлейт зонаның жеңіл саздақты, көбінесе сортаңдау жерлерінде шым түзетін астық тұқымдас өсімдіктер: ақ жусан, мыңжапырақ, түймедағы, шөл еркекшөбі, құмдақ топырақты жерлерінде шағыр жусан, құм еркекшөп өседі. Ойпаңда, сондай-ақ топырағын тұщы еспе суы шайған жерлерде өскен бұталарды (тал немесе Кызыл талды) кездестіресің. Кебінесе ойпаң жер шабындыққа, бау-бақша егуге пайдаланылады. Ұсақ шоқылы жерлердің тастақты топырағында өсімдік селдір өседі. Сортаң жерлерінде жыңғыл еседі. Көктемде тасыған өзен жайылмала-рының орнына түрлі шөптер қаулап, шалғынға айналады.

Шөл зонада өсімдік дала аймағындағыдай қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Бұл — судың тапшы болуынан. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құм төбелердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі.

Ағаш текті өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Ақ сексеуіл құмды жерде, қара сексеуіл сортаң топырақты жерде шығады. Ақ сексеуілдің жапырақтары өте майда, бұтақтары ұсақ, жұмыр, шырынды болады. Оның жапырағын түйе жыл бойы, қой мен ешкі күз бен қыста жейді. Шөлді жерлерде жүзген, құм қараған, қияқ, еркекшөп, селеу өседі. Жаз айында барлық шөптесін өсімдіктері қурайды. Шөлді аймақта өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олар-дың бойындағы ылғалды тікенді қабыршаққа айналған жапырақтары немесе түктері сақтайды.

Республикамыздың оңтүстігінде Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде дермене өседі. Бұл өсімдік дүние жүзінің басқа бірде бір жерінде кездеспейді. Тек Қазақстанда ғана өсетін өсімдік (эн­демик). Оның биіктігі 30—50 см, сабағы тік, тамыз, қырқүйек айында гүлдеп, қазан-қараша айында жеміс береді. Дермененің құрамында дәрілік сантонин деген зат бар. Дермене Қазақстанның «Қы­зыл кітабына» енген өсімдік.



Бақылау сұрақтары:

1. Күннің көзін жақсы көретін, тез өсетін ағаш

2. 25—30 метрге дейін жететін, 400 жылдай өмір сүретін өсімдік.

3. Ақ сексеуіл қай жерлерде өседі?

4. Дермене емдік шөбі қайсы аймақта өсіріледі?

5. Қара сексеуіл қай аймақта өседі?


Лекция №20

Тақырыбы: Қазақстанның жануарлар дүниесі

Жоспары:

1.Орманы дала,дала жануарлар дүниесі

2.Шөлейт,шөл жануарлар дүниесі
Лекцияның мақсаты:

Қазақстанда жануарлардың көптігі, сонымен қатар олардың таралу ерекшеліктерін, ландшафт жағдайына байланысты орналасқандығын, шаруашылықта маңызы бар жануарларды, олардың құрып кету қаупі барларын, оларды қорықтарда ұстайтындығын айта келіп,”Қызыл кітапқа”енген жауарларды түсіндіре айтылған.


Лекция мәтіні:
Орманды дала зонасында орманды да, даланы да мекендейтін жануарлар кездеседі. Сүтқоректілерден ақ қоян, су егеуқұйрығы, ақкіс, ақ құлан, түлкі, қасқыр, елік, бұлан, сұр қоян; құстардан құр, ақ. кекілік, сұр кекілік мекендейді. Қайыңды ормандарда күйкентай, бөктергі, жағалтай, ителгі, кезқүйрық, сұңқылдақ, бүркіт кездеседі. Зонаның ашық жерін бөдене, балықшы, тартар, шек-шек торғай, дала бозторғайы мекендейді. Батпақты жерлерінде тауқұдірет, қоңыр үйрек, шүрегей кездеседі. Тал, қайың, тораңғы өскен алқапта құрқылтай ұя салады.

Дала зонасы жан-жануарлары ашық ландшафт жағдайында тіршілік етуге бейімделген. Дала аймағында кемірушілердің ішінен тышқанның көптеген түрі бар. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ көп тараған.

Қорғалжын мемлекеттік қорығы. Қорғалжын қорығы 1958 жылы құрылған. Қорықта дала зона­сы ландшафты табиғи күйінде сақталған. Қорықтың жер көлемі 237 мың гектар.Теңіз көлі дүние жүзінде қызғылт қоқиқаздың қиыр солтүстікте ұя салатын бірден бір жері.

Теңіз көлі тайыз, суы ащы. Ал Қорғалжын көлінің суы тұщы, оның жағалауында қамыс қалың өседі. Қорықта өсімдіктің 235 түрі, аңның — 35, қүстың — 265, бауырымен жорғалаушылардың — 5, қосмекенділердің — 2, балықтың 10 түрі бар.

Қорықтың көркі — қоқиқаз. Қоқиқаздың мойны мен сирақтары өте ұзын, түмсығы төмен қарай иіле біткен. Жыл құсы сәуір, мамыр айларында ұшып келеді. Көбіне Иранда, Кас­пий жағалауында, Үндістан жерінде қыстайды.

Қорықта суда тіршілік ететін құстар да көп. Олардың кейбіреулері тек осы жерде ғана мекендесе, ал біразы уақытша қоныстанады. Аққу, қара ала қаз, сары ала қаз, қоңыр үйрек, бізқүйрық, қызыл үйрек т.б. құстар бар. Сирек тұқымы жойы-лып бара жатқан құстар да аз емес.

Жануарлар дүниесі де алуан түрлі деуге болады. Сүтқоректілерден дала және монғол шалғынында өсетін орташа және кіпіі сарышұнақ, секіргіш қосаяқ, эверсман аламаны, Пржевальский аламаны, стрельцов тышқаны, ақбөкен кездеседі. Шөлейтті және шөлді жерлерде су тапшы болғандықтан,қарақұйрықтар мен ақбөкендер шөліркеген кезде су іздеп талай жерді кезіп кетеді. Сарышұнақ, кесіртке, дуадақ қоректенгенде суды өсімдіктердің сөлінен алады, ал қатты қүрғақшылық болған кез­де ұйқыға кетеді.

Шөлейт зонада бауырымен жорғалаушылар да көптеп кездеседі.

Тоғайларда қабан, мөлін, қасқыр мекендейді. Өзен-көлдерінде жабайы үйрек, шағала, көкқұтан бар. Шөлді аймақты қорғау мақсатында Барсакелмес, Үстірт қорықтары ұйымдастырылған.

Қорықта «Қазақстанның қызыл кітабына» Kipген 12 түрлі аң мен құстар қорғалады. Олар: үстірт қойы, қара құйрық, қара кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан, т.б. Қорықтың басты міндеттерінің бірі — аса бағалы жабайы дала қойын (муфлонды) камқорлыққа алып, санын көбейту. Қазір оның саны 1,5 мыңдай ғана.


Бақылау сұрақтары:

1. Орманды да, даланы да мекендейтін жануарларды ата

2. Қоқиқаз қай жерде мекендейді?

3.Қорғалжын қорығында мекендейтін өсімдіктің түрі қанша?



  1. Дүние жүзінде қызғылт қоқиқаздың ұя салатын жерін ата

5.Аса бағалы жабайы дала қойы (муфлонның)қазір саны қанша?

Лекция №21

Тақырыбы: Қазақстанның табиғат зоналары

Жоспар.

1.Орманды дала зонасы

2.Дала зонасы

Лекцияның мақсаты:

Қазақстанда табиғат зоналары - географиялық қабықтың айтарлықтай ірі бөлігі. Мұны құратын факторларға; күн радиациясының деңгейі, ылғал, топырақ типтері, өсімдік және жануарлар әлемі жатадығын түсіндіре келе, 4 табиғат зонасына жататындығы, таулы биіктік белдеудің барлығын айта келіп, әр зонадағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің айырмашылықтары толық түсіндірілді.Биіктік белдеулері вертикал бағытта орын ауысатындығын түсіндірілді.


Лекция мәтіні:

Табиғат зоналары ауа райы, жер бедері мен географиялық орнына байланысты қалыптасады. Әрбір табиғат зонасының өзіне тән климаты, топырағы, өсімдігі мен жан-жануарлар дүниесі бар. Кейде белгілі бір табиғат зонасының ішінде басқа та­биғат зонасына ұқсас жер кездесіп қалады. Жалпы жұмыр жер бетіндегі табиғат зоналарының Қазақстан жерінде бірнеше аймақтары ұшырасады. Бұл табиғат аймақтары солтүстіктен оңтүстікке қарай орманды дала, дала, шөл, шөлейт зоналар болып алмасып отырады.

Республикамыздың оңтүстігіндегі биік таулы өлкелерде биіктік белдеулік байқалады. Қазақстан жеріндегі табиғат зоналарының топырағы мен өсімдіктері тек солтүстіктен оңтүстікке қарай ғана емес, сонымен қатар батыстан шығысқа қарай да өзгертіп отырады. Мұның өзі осы бағытта климаттың континенттілігінің күшеюіне байланысты болатын құбылыс.

Табиғат зоналары - географиялық қабықтың айтарлықтай ірі бөлігі. Мұны құратын факторларға; күн радиациясының деңгейі, ылғал, топырақ типтері, өсімдік және жануарлар әлемі жатады.

Орманды дала зонасы Қазақстанның солтүстігіне кіреді. Ол Батыс Сібір ойпаты мен Сырт қыратының аз ғана бөлігін қамтиды. Орманды дала зо­насына көршілес зоналардың орманды және дала зоналарының бөліктері сұғына еніп, алмасып келіп отырады. Қазақ жеріндегі орманды дала зонасының жер бедері тегіс келеді. Батыстан шығысқа қарай орманды дала зонасы 150—200 километрге дейінгі жерге созылып жатыр. Жалпы орманды дала зонасының алып жатқан жер көлемі республика жер аумағының 7%- ын қамтиды.

Климаты. Орманды дала зонасының климаты орман зонасына қарағанда біршама жұмсақ. Бұл аймақтың қаңтар айындағы орташа температурасы — 19°С. Қыста дала қар жамылып жатады. Қардың қалыңдығы 40 см дейін жетеді. Ақпан, наурыз айларында күніті жел соғып, кейде қар жауады. Көктем айында қар еріп, жылғалардан су ағып, өзендер арнасынан аса жайылып жатады. Көктемде, кей­де мамыр айының екінші жартысында үсік жүріп, ауыл шаруашылығы дақылдарына көп зиян тигізеді. Жазы жылы. Шілде айындағы орташа температурасы +18°, +19°С. Жауын-шашын мөлшері 300—400 мм. Жазда жауатын жауын-ша­шын көбінесе өткінші несер түрінде түседі.

Күздің алғашқы айы жылы әрі құрғақ болады. Өзендері қар суымен қорланады. Көктемде қар ери бастаған кезде өзен суының деңгейі 2—4 метрге көтеріледі. Ірі өзендері — Есіл, Тобыл. 1969 жылы Есіл өзені бойында ұзындығы 100 км жалпы 3 млрд. м3 су сиятын Сергеев бөгені салынды. Қазір оның суымен егістік жерлерді суландырады. Тобыл өзенінің суын Соколов-Сарыбай, Лисаков кен байыту комбинаттары пайдаланады. Орманды дала зо­насы кішігірім көлдерге бай.

Топырағы, өсімдіктері. Орманды дала зонасының орманды жерлерінде орманның сұр топырағы, ал далаларында құнарлы қара топырақ кездеседі. Орманның сұр топырағы республикамыздың солтүстігінде қайың өсетін орманды жерлерде қалыптасқан.

Қарашірік кабатының калыңдығы 18—25 см.

Қара топырақ Қазақстанның солтүстігіндегі ор­манды дала аймағында ендік бағытта таралған.

Онда әр түрлі шөптесін өсімдіктер өседі. Топырақтың құнарлы қабатының қалыңдығы 75 см-ге жетеді. Қара топырақтың бірнеше түрі бар: сілтісізденген қара топырақ, кәдімгі орташа қарашірікті қара топырақ, қарашірігі шамалы қара топырақ. Оңтүстікке қарай орманды дала зонасының қара топырағының қалыңдығы азая түседі. Орманды дала зонасының өсімдігі алуан түрлі, онда шоқ-шоқ. болып есіп тұрған орманды жиі ұшыратасың. Ылғалды, батпақты ойпатты жерлерінде бүта, тал қалың болып өседі, ондай жерлерді «шілік» дейді. Кішігірім өзен-көлдердің жағалауларында тал өседі. Ойпаттарында қайың мен көктерек жайқалып тұрады.

Қайың — күннің көзін жақсы көретін, тез өсетін ағаш. Оның бірнеше түрі бар, бізде негізінен ақ қайың өседі. Оның биіктігі 25—30 метрге дейін жетеді, 400 жылдай өмір сүреді. Көктеректер шоқ-танып өседі. Ағаштың арасында шөп қалың болып шығады. Әсіресе бидайық, арпабас, қоңырбас, күлгін түсті итқонақ, сары гүлді жоңышқа, сиырсілекей,қоян шөптер жердің төсін құлпыртып жібереді. Мұнда жұпар иісті жабайы құлпынай жақсы өседі. Шоқтанып өскен көк теректі, қайыңды орманның ішінде саңырауқұлақтар жақсы шығады. Құмды топырақты жерлерде қарағайлы ормандар кезігіп қалады. Кілең қарағай өсетін орманды қара орман немесе қарағайлы орман деп атайды. Қарағайлы ор­мандар — қазіргі Қазақстан жеріндегі ертедегі мұз басу дәуірінің айғағы. Себебі мұз басу дәуірінде мұз таулар еріген кезде етегінде жиналған құмды жер­лерде қарағайлар өскен. Қарағайлы орманның ауаны әр түрлі зиянды бактериялардан тазартатын қасиеті бар. Орманды дала зонасының ойпаң жерінде қияқ, елекшөп, мажыра өседі, оларды орып, пішен дайындайды.

Жануарлар дүниесі. Орманды дала зонасында орманды да, даланы да мекендейтін жануарлар кездеседі. Сүтқоректілерден ақ қоян, су егеуқұйрығы, ақкіс, ақ құлан, түлкі, қасқыр, елік, бұлан, сұр қоян; құстардан құр, ақ. кекілік, сұр кекілік мекендейді. Қайыңды ормандарда күйкентай, бөктергі, жағалтай, ителгі, кезқүйрық, сұңқылдақ, бүркіт кездеседі. Зонаның ашық жерін бөдене, балықшы, тартар, шек-шек торғай, дала бозторғайы мекендейді. Батпақты жерлерінде тауқұдірет, қоңыр үйрек, шүрегей кездеседі. Тал, қайың, тораңғы өскен алқапта құрқылтай ұя салады.

Орманды дала зонасының әсем табиғаты мен алуан түрлі өсімдіктерін, жануарлар дүниесін табиғи қалпында сақтау үшін Наурызым қорығы ұйымдастырылған.

Наурызым қорығы. Наурызым мемлекеттік қорығы Батыс Сібір жазығының Тұран ойпатымен шектесетін Торғай қақпасының орталық бөлігінде, орманды дала зонасында орналасқан. Қорық 1930 жылы құрылған, жер колемі 88 мың гектар. Қорық алқабында Наурызым, Терек қарағайлы орманы мен Сыпсыңағаш қайыңды орманы, Ақсуат, Сарымойын, Жаркол, Байназарқопа, Шошқалы сияқты үлкенді-кішілі көлдері бар. Көлдердің суы онша терең (2,5 м) емес, жағалауларында қамыс қаулап өседі. Бұл көлдердің су деңгейі үнемі өзгеріп отырады, біресе тайызданып, біресе тереңдейді. Осыған байланысты суы кейде ащы, кейде түщы болып келеді. Алуан түрлі өсімдіктер өседі. Мекендейтін жан-жануарлардың да түрлері көп. Наурызым қорығы арнайы жасалған табиғат мұражайы десе де болғандай. Қорықта өсімдіктің 687 түрі, өзен-көлінде балықтың 5 түрі өседі, сүтқоректілердің — 30, құстың—215,бауырымен жорғалаушылардың—7, қосмекен-ділердің — 5 түрі мекендейді.

Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінде, республика жер көлемінің 26 пайызын алып жатыр. Дала зонасына батысында Каспий маңы ойпатының солтүстік шеті. Жалпы Сырттың етегі, Мұғалжар тауы түгелдей, Торғай үстіртінің солтүстігі, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық бір бөлігі, Батыс Сібір ойпатының оңтүстігі кіреді. Дала зонасының жер бедері жазық, әкімшілік-аумақтық жағынан Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарын қамтиды.

Климаты. Дала зонасының климаты континентті. Қысы суық, қаңтар айында орташа температурасы — 16°, — 18°С, кей күндері — 48°С, — 50°С-қа дейін жетеді. Жауған қардың қалыңдығы 25 см-дей, жал­пы қар жер бетінде 140 — 160 күндей жатады. Жазы ыстық және құрғақ келеді. Шілде айында орта­ша температура дала зонасының солтүстігінде +20°С, оңтүстігінде +24°С. Жылдық жауын-шашынның мөлшері 300 мм-дей. Солтүстіктен оңтүстікке қарай жауын-шашын мөлшері азая түседі. Республиканың басқа өңіріне қарағанда өзен-көлдері көп. Жайық, Есіл, Тобыл, Нұра, Ертіс өзендерінің суы дала зонасын суландырады. Ірі көлдері — Теңіз, Қорғалжын, Қарасор, Сілетітеңіз, Құсмұрын.

Топырағы. Дала зонасының топырағы қара және қызыл топырақ. Тың игеруі кезінде Қазақстан даласының көп жері жөнсіз жыртылды. Бір кездегі биік бетегелі боз дала қазір астықты алқапқа айналған. Зонаның солтүстігіндегі қара топырақтың қарашірікті қабаты қалың, оның құрамында 6 пайызға жуық шірінді бар. Оңтүстікке қарай шірінді азая береді де, біртіндеп қуаң далаға тән қызыл қоңыр топыраққа алмасады. Кей жерлерде сортаң топырақ та кездесіп қалады. Сор және сортаң жерлерді өсімдіктеріне қарап бірден-ақ айыруға болады.

Дала аймағының оңтүстік бөлігінің көп жерінің топырағы күңгірт сарғылт және ашық сарғылт топырақ. Мұндай жерлерге жалпы егін егуге болады, бірақ жауын-шашын аз болған жылдары дәнді дақылдардан өнім аз түседі. Қосымша суландырған жағдайда мол өнім алуға болады. Дала зонасының қара топырақты өңірінің 62 пайызына, қызғылт қоңыр топырақты қуаң дала жерінің 33 пайызына дәнді дақыл егіледі.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі. Өсіп тұрған орманы жоқ, айнала ашық, көз жеткісіз жазық алқап, бұл дала табиғатына тән көрініс. Егістікке түгелдей жыртылған даланы топырақ эрозиясынан сақтау үшін жел өтіне ағаш егілген. Бүгінде дала зонасы орманды дала сияқты түгел дерлік жыртылған.

Қостанай, Павлодар жөне Шығыс Қазақстан облыс-тарының кей жерлерінде құмды және құмдақ топырақты жерлер кездеседі.

Дала аймағы жұмыршақ, дәрілік түйежоңышка, меңдуана, сасық меңдуана, су бұршағы, жанаргүл, құндызшөп, шайқурай сияқты алуан түрлі дәрілік өсімдіктерге де бай.

Дала зонасы жан-жануарлары ашық ландшафт жағдайында тіршілік етуге бейімделген. Дала аймағында кемірушілердің ішінен тышқанның көптеген түрі бар. Жыртқыш аңдардан қасқыр, түлкі, борсық, қарсақ көп тараған.

Қорғалжын мемлекеттік қорығы. Қорғалжын қорығы 1958 жылы құрылған. Қорықта дала зона­сы ландшафты табиғи күйінде сақталған. Қорықтың жер көлемі 237 мың гектар. Теңіз көлі дүние жүзінде қызғылт қоқиқаздың қиыр солтүстікте ұя салатын бірден бір жері.

Теңіз көлі тайыз, суы ащы. Ал Қорғалжын көлінің суы тұщы, оның жағалауында қамыс қалың өседі. Қорықта өсімдіктің 235 түрі, аңның — 35, қүстың — 265, бауырымен жорғалаушылардың — 5, қосмекенділердің — 2, балықтың 10 түрі бар.

Қорықтың көркі — қоқиқаз. Қоқиқаздың мойны мен сирақтары өте ұзын, түмсығы төмен қарай иіле біткен. Жыл құсы сәуір, мамыр айларында ұшып келеді. Көбіне Иранда, Кас­пий жағалауында, Үндістан жерінде қыстайды.

Қорықта суда тіршілік ететін құстар да көп. Олардың кейбіреулері тек осы жерде ғана мекендесе, ал біразы уақытша қоныстанады. Аққу, қара ала қаз, сары ала қаз, қоңыр үйрек, бізқүйрық, қызыл үйрек т.б. құстар бар. Сирек тұқымы жойы-лып бара жатқан құстар да аз емес. Қорықта мекендейтін құстардың 12-сі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.

Қорғалжын мемлекеттік қорығы көктемде көптеген құстар келіп ұя салып көбейетіндіктен ЮНЕС-КО-ның тізіміне алынған. Қорықта су-батпақ табиғи кешенін зерттеу бағытында үлкен ғылыми жұмыстар жүргізілуде.
Бақылау сұрақтары:

1.Орманды дала зонасы Қазақстанның қай аймағына кіреді?

2.Орманды және дала зонасында қандай қорықтар бар?

3.Дала зонасының климаты қандай?

4.Қорғалжын қорығы нешінші жылы құрылған?

5.Қорықта мекендейтін құстардың қаншасы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген.

22 Қазақстанның табиғат зоналары (жалғасы)

Жоспар.

1. Шөлейт зонасы

2. Шөл зонасы

Лекцияның мақсаты:
Табиғат зоналарының шөлейт зона дала мен шөл аралығындағы өтпелі аймақ болып табыладығы түсіндірілді. Қазақстанның шөлейтті аймағының топырағы қызғылт топырақты болып келеді. Шөлейт зонаның климаты қатаң континентті. Шөл зонасы ені 600—900 км-ге созылып жатқан табиғи ландшафт. Зоналардың өсімдік-жануарлар дүниесі, қорықтарды түсіндірілді.


Лекция мәтіні:
Шөлейт зона дала мен шөл аралығындағы өтпелі аймақ болып табылады. Шөлейт зона Қазақстанның жалпы жер көлемінің 23 пайызын алып жатыр. Оның оңтүстік шекарасы 48°С солтүстік ендік бойымен өтеді. Жер бедері батысында жазық, үстіртті, ал шығысында Сарыарқаның ұсақ шоқылы аймақтарын қамтиды. Шөлейтті аймаққа Ұлытау, Ақсораң, Шыңғыстау сияқты аласа таулы аймақтар кіреді. Бұл аймақ республикамыздың батысындағы Жайық жағасынан шығыстағы Алтай тауына дейінгі ұзындығы 2900 км, ал ені 30—300 км шамасындағы аумақта созылып жатыр.

Қазақстанның шөлейтті аймағының топырағы қызғылт топырақты болып келеді. Қызғылт топырақтың қара топыраққа қарағанда құнарлы қабаты жұқа әрі құрамындағы қарашірігі де әлдеқайда аз. Оның топырағы кесекті келеді. Мұндай топырақты жерді қосымша суландырып, әр түрлі мелиорациялық шаралар жүргізетін болса, егіннен жақсы өнім алуға әрі мал жайылымына пайдалануға болады. Жер бедері ұсақ шоқылы шөлейтті аймақтың топырағы қиыршық тасты келеді. Өсетін өсімдіктерінің де шөл аймағынан айырмашылығы бар. Шөлейтте құм белдері мен қырқалы құм шоқылары жиі ұшырайды. Ылғалды ойыстарда шалғынды қызыл-қоңыр топырақ қабаты қалыптасқан. Сортаң және сор жерлер де кездесіп отырады.

Климаты. Шөлейт зонаның климаты қатаң континентті. Жазы ыстық әрі қүрғақ. Шілде айында орташа температурасы +26°С Жылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм. Көбінесе көктемде, жаздың басында жауады. Қысы суық әрі қарлы, боранды келеді. Қаңтар айында ауа райының орташа температурасы — 15°С — 17°С, кейбір күндері — 50°С-ге дейін төмендейді. Қар 15—20 см-ге дейін калыңдықта түседі. Жер бетінде 110—130 күндей жатады. Ылғалдың булану мөлшері түскен жау­ын-шашын мөлшерінен 3—4 есе артық. Шөлейтте өзен су қоры тапшы. Өзендердің көбі жаз айларында тартылып қалады. Шөлейтті аймақтағы ірі өзендер Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Бұл өзендер қар және жер асты суымен қорланады, жылдық ағындарының 90 пайызы көктем айларында ағады. Шағын көлдері көп, бірақ олардың көбінің суы ащылау немесе тұзды келеді. Шөлейтті аймақта жатқан ең үлкен көл — Зайсан. Жер асты тұщы суының мол қоры бар, олар — Каспий артезиан алабы, Жайық — Жем артезиан алабы, Торғай артези­ан алабы, Алакөл артезиан алабы.

Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Шөлейт зонада далада да, шөлде де шығатын өсімдіктер өседі. Дала зонасына қарағанда шөлейтті аймақта өсімдіктің бітік өсуі екі есе аз, сондықтан топырағы онша қүнарлы болмайды. Шөлейт зонаның жеңіл саздақты, көбінесе сортаңдау жерлерінде шым түзетін астық тұқымдас өсімдіктер: ақ жусан, мыңжапырақ, түймедағы, шөл еркекшөбі, құмдақ топырақты жерлерінде шағыр жусан, құм еркекшөп өседі. Ойпаңда, сондай-ақ топырағын тұщы еспе суы шайған жерлерде өскен бұталарды (тал немесе Кызыл талды) кездестіресің. Көбінесе ойпаң жер шабындыққа, бау-бақша егуге пайдаланылады. Ұсақ шоқылы жерлердің тастақты топырағында өсімдік селдір өседі. Сортаң жерлерінде жыңғыл еседі. Көктемде тасыған өзен жайылмала-рының орнына түрлі шөптер қаулап, шалғынға айналады.

Ірі өзендер жайылмасында, мысалы Жайық бойында шегіршін, емен ағашы өскен жерлер кездеседі. Жануарлар дүниесі де алуан түрлі деуге болады. Сүтқоректілерден дала және монғол шалғынында өсетін орташа және кіпіі сарышұнақ, секіргіш қосаяқ, эверсман аламаны, Пржевальский аламаны, стрельцов тышқаны, ақбөкен кездеседі. Шөлейтті және шөлді жерлерде су тапшы болғандықтан,қарақұйрықтар мен ақбөкендер шөліркеген кезде су іздеп талай жерді кезіп кетеді. Сарышұнақ, кесіртке, дуадақ қоректенгенде суды өсімдіктердің сөлінен алады, ал қатты қүрғақшылық болған кез­де ұйқыға кетеді.

Шөлейт зонада бауырымен жорғалаушылар да көптеп кездеседі.

Шөл зонасы. Ені 600—900 км-ге созылып жатқан табиғи ландшафт. Оның солтүетік шекарасы 47° —48° солтүстік ендік аралығында өтеді. Бұл аймақтың жер бедері жазық. Жалпы республика жерінің 40 пайызы шөлді зонаға жатады. Үштік дәуірге дейін қазір шөлді зона алып жатқан жердің орнында ертедегі Тетис теңізі болған. Үштік дәуірдің орта кезеңінде Тетис теңізінің суы біртіндеп тартыла бастайды да орнында әр түрлі шөгінді жыныстар және теңіз жәндіктерінің қалдықтары қалады. Қазір бұрынғы Тетис теңізінің орнында Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлдері қалған. Қазақстанда құмды, сортаң, сазды, тастақты шелдер бар.

Климаты. Шөл зонасының климаты шұғыл континентті әрі тым құрғақ. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 мм-ден аспайды. Жауын-шашынның көбі көктемде жауады да жазда жауған жаңбыр тамшылары кейде жерге жетпей кеуіп кетеді. Жазда ауанын температурасы көлеңке жердің өзінде +40°С-ге, ал құм бетінде +70°С-ге дейін қызады. Бұл булану мөлшерін арттырады.

Өсімдігі. Шөл зонада өсімдік дала аймағындағыдай қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Бұл — судың тапшы болуынан. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құм төбелердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі.

Ағаш текті өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Ақ сексеуіл құмды жерде, қара сексеуіл сортаң топырақты жерде шығады. Ақ сексеуілдің жапырақтары өте майда, бұтақтары ұсақ, жұмыр, шырынды болады. Оның жапырағын түйе жыл бойы, қой мен ешкі күз бен қыста жейді. Шөлді жерлерде жүзген, құм қараған, қияқ, еркекшөп, селеу өседі. Жаз айында барлық шөптесін өсімдіктері қурайды. Шөлді аймақта өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олар-дың бойындағы ылғалды тікенді қабыршаққа айналған жапырақтары немесе түктері сақтайды.

Республикамыздың оңтүстігінде Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде дермене өседі. Бұл өсімдік дүние жүзінің басқа бірде бір жерінде кездеспейді. Тек Қазақстанда ғана өсетін өсімдік (эн­демик). Оның биіктігі 30—50 см, сабағы тік, тамыз, қырқүйек айында гүлдеп, қазан-қараша айында жеміс береді. Дермененің құрамында дәрілік сантонин деген зат бар. Дермене Қазақстанның «Қы­зыл кітабына» енген өсімдік.

Шөлді аймақта өмір сүретін жануарлар өзін қоршаған табиғи ортаның қатал жағдайына бейімделген әрі өздеріне тән ерекшеліктері бар. Жәндіктер мен жануарлар жаздың ыстық аңызағынан қорғану үшін күндіз індеріне кіріп немесе құмға көміліп жатады.

Құмды шөлдер Қазақстанда көп. Ол шөлді аймақтың үштен бір бөлігін алып жатыр. Құмды шөлдерде топырақ түзілу процесі өте баяу. Көшпелі сусымалы құмдарда топырақ жамылғысы жоқтың қасы.

Құмды шөлдердің ең ірілері — Қызылқүм, Арал


маңы Қарақұмы,Мойынқұм,Тауқұм,Сарыесік-Атырау, Үлкен Kiші Борсық, Нарын құмдары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет