Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:



бет5/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#25423
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қуаңшылық. Республикамыздың климатында жиі байқалатын ауа райының қолайсыз құбылыстарының бірі — қуаңшылық. Ауа райы ысып, жауын-шашыннан булану әлденеше рет артық болған жылдары қуаңшылық басталады. Сарыарқаның оңтүстігінде 25 күнге, шөлейт аймақта 40 күнге, Қызылқұмда 100 күнге созылатын аңызақ желден қуаңшылық жиі болып тұрады. Қуаңшылықтың ауыл шаруашылығына әкелетін зияны көп, жемшеп қоры кеміп, екпе дақыл өнімдері азаяды.

Боран. Елімізде жылына орта есеппен 1-5 рет боран борайды екен. Боранның көп борайтын жері — еліміздің солтүстік аймағы, онда кейбір жылда­ры боран 30-50 күнге дейін созылады. Соның зардабынан электр желілері істен шығады. Малға жемшөп жеткізіп беру қиындайды.

Жыл мезгілдері

Қазақстанның аумағы түгелімен қоңыржай белдеуде жатқандықтан, жылдың төрт мезгілі өз уақытында ауысып отырады.



Қыс. Республикамыздың солтүстігінде қыс қараша айынан басталып, наурызға дейін созылады. Дала зонасының қысы боранды, өте суық әрі ұзақ. Қарашада қар түседі. Қардың қалыңдығы 30 см-ге дейін жетіп, 125-175 күндей жатады. Қаңтар айында ауаның ораташа температурасы — 18°С, кейбір күндері аяз — 45°С-ге дейін жетеді.

Ал шөлейт аймақтың қысы боранды әрі суық


келеді. Қар негізінен қарашадан ақпан айына дейін
жатады. Солтүстік Орталық Қазақстанның қысқы ауа райына Азия (Сібір) антициклоны едәуір әсер етеді. Таулы аудандардың қысы биіктік белдеулікке байланысты қалыптасады.

Қазақстанның оңтүстігінің қысы жұмсак, желтоқсаннан наурызға дейін созылады. Кей жылдары арктикалық ауа қиыр оңтүстікке жетіп, ауа райы — 30°С-ге дейін суиды. Алайда арктикалық ауа массаларын оңтүстік, оңтүстік-батыстан соға-тын Орта Азия мен ирандық тропиктік ауа массалары ауыстырып, күн қайтадан жылына бастайды. Суық ауа мен жылы ауаның алмасуынан жауын-шашын түседі. Ауа райының кенеттен өзгеруінен жер көктайғақтанады.



Көктем республика жеріне ерте келеді. Көктемнің ұзаққа созылуы сирек. Кектем алдымен оңтүстік өңірде шығады. 1,5-2 айдың шамасында көктем солтүстік аймаққа да жетіп, жердің беті жылына бастайды.

Республика жерінде қар оңтүстікте ақпан айында, Орталық Қазақстанда наурыз айында, Солтүстік Қазақстанда сәуір айында ери бастайды. Ал биік тау беткейлерінде көктем айында жауын-шашын молырақ жауады.



Жаз. Қазақстанның жазы ыстық әрі ұзақ, мамырдан қыркүйекке дейін - 5 айға созылады. Жаз айларында ауаның температурасы солтүстікте +38°С-ге, оңтүстікте +46°С-ге дейін көтеріледі. Солтүстік Қазақстанның жазы ылғалды. Солтүстік-батыстан соғатын циклондар жауын-шашын әке-летіндіктен, мұндай ауа райы жаздық егіске өте қолайлы келеді.

Ал шөлді аймақта мамыр айынан бастап күн ысып, құрғақ ауа райы қалыптасады. Мұнда 2-3 ай бойы жауын-шашын түспейтін кездер болады.

Тропиктік ауа ағынының әсері Үстірт, Бетпақдала, Сыр бойы мен Қызылқұмда қатты сезіледі. Қызылқұмның құмы шілде кезінде кейде +60-70°С-ге дейін қызып, тірі жәндіктердің бәрі көлеңкеге жасырынады. Бұл өңірде жауған жаңбырдың суы жерге жетпей жатып-ақ кеуіп кетеді. Жа­уын-шашын аз түсетіндіктен, ауыл шаруашылығы дақылдары қосымша қолдан суаруды қажет етеді.

Биік таулы аймақтардың жазы салқын әрі жауын-шашын да жақсы түседі. Таудың басына көтерілген сайын ауаның температурасы төмендей бастайды.



Күз. Қазақстанның күз қыркүйек айы қысқа әрі құбылмалы келеді. Солтүстік аймақта күз тамыз айынан басталып, қазан айына дейін созылады. Көбіне күні ашық, бұлтсыз болады. Қазан айының соңына таман ауа райы бұзылып, кей жерлерде қар түсе бастайды. Ал республиканың оңтүстігінде күз айының екінші жартысынан желтоқсан айына дейін созылады. Күзде жауын-шашын сирек жауып, құрғақ, ашық ауа райы қалыптасады. Күздің соңғы айында ғана күн бұлыңғыр тартып, ауа дымқылданып күзгі суық жел соға бастайды. Таулы аудан-дарда күз өте қысқа болады.
Бақылау сұрақтары:

1. Орманды дала зонасында жауын-шашынның жылдық түсу мөлшерлер

2. Республикамызда жауын-шашынның ең аз түсетін жері

3.Жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасын қалай атайды.

4. Қазақстанның ауа райында болып тұратын құбылыстарды ата

5. Қазақстанның аумағы қай белдеудеорналасқан?


Лекция №12

Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары.Өзендері.

(1сағат)

Жоспары:

1.Өзендердің маңызы,жүйелері мен алаптары

2. Солтүстік Мұзды мұхит алабы

3.Каспий, Арал,Балхаш-Алакөл алабы



Лекцияның мақсаты:

Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтарды жататндығын, өзен жүйелері мен өзен алаптарын, Каспий, Арал,Балхаш-Алакөл алабын, Қазақстанның Қатпарла өлкесінде тұщщы судың жеткіліксіздігінен Сарыарқаны тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс — Қарағанды каналы салынғандығы түсіндіріліп кетті.



Лекция мәтіні:

Өзендердің маңызы. Ішкі суларға республикамыздың аумағындағы судың барлық түрлері, яғни өзендер, көлдер, жер асты суы мен мұздықтар жатады. Жер бедері мен климат жағдайларына байланысты еліміздің өзендері әрі түрлі. Климаты құрғақ шөл және шөлейт аймақта су тапшы, ал жауын-шашын мол жауатын орманды-дала аймағы мен биік таулы аймақтар ағын суларға бай. Өзен суы егістікті суғаруға, шаруашылықтың басқа да салаларына қолданылумен қатар, арзан энергия көзі де болып табылады.

Өзен жүйелері мен өзен алаптары. Қазақстанның барлық өзендері негізінен екі алапқа белінеді: Солтүстік Мұзды мүхит алабы және ішкі тұйық көлдер алабы.

Солтүстік Мұзды мұхит алабы. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендер Сауыр-Тарбағатай, Алтай тауларынан, Сарыарқадан және Оңтүстік Орал тауының оңтүстік-шығысынан басталатын ірі өзендер. Солтүстік Мұзды мұхит алабы өзендерінің бірі — Ертіс. Қара Ертіс деп аталатын бұл өзен Қытай жеріндегі Монғол Алтайы тауының батыс беткейінен бастау алып Зайсан көліне қүяды, ол дүние жүзіндегі ірі өзендердің бірі. Жалпы ұзындығы 4248 км, ал Қазақстан жеріндегі арнасының ұзындығы 1700 км. Ертіс өзені Зайсан келі мен Бұқтырма бөгетінен кейін Алтай тауының Қалба, Нарын жоталарының тау аралықтары мен тар ша­тқалдары арқылы ағады. Ертіс өзеніне көптеген салалар келіп қүяды. Өскемен қаласынан төменірек тұста кең арнамен Ертіске Үлбі мен Об өзендері келіп косылады. Бұл өзен ағысының жылдамдығын арттырады. Ал Семей қаласының маңында жазықтыққа шыққаннан кейін өзен баяу жөне жай ағады. Ертіс салаларының біразы Алтай тауының мәңгі қары мен мұздықтарынан, кейбір салалары жер асты суы мен жауын-шашыннан қоректенеді. Сондықтан Ертістің суы жыл бойы мол болады. Ертіс Ресей жеріне жылына 28 млрд. м3 су алып барады.

Сарыарқаны тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатында Ертіс — Қарағанды каналы салынды. Ка­нал кұрылысы 1962 жылы басталып, 1974 жылы іске косылды. Оның ұзындығы 490 км. Қазақстан жерінде Ертістің басынан сағасына дейін кеме жүзуге қолайлы. Ертістің суы арзан электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Ертіс бойына бірнеше су электр станциялары салынған. Өскемен және Бұқтырма СЭС-нан өндірілген энергияны Кенді Алтайдың кәсіпорындары пайдаланады.

Ертісте балықтың кәсіптік маңызы бар шоқыр, бекіре, шортан, алабұға, т.б. түрлері ауланады. Ертіс өзеніне республика жерінен тыс ірі екі сала келіп құяды. Олар — Есіл мен Тобыл өзендері. Есілдің ұзындығы 1450 км, а л Тобыл 1591 км, бүл өзендер көктемде тасып, жазда суы азаяды. Жыл-дық орташа су шығыны Есіл — 61 м3/сек., Тобыл — 18 м3/сек.



Су шығыны дегеніміз — белгілі уақыт ішінде өзеннің көлденең қимасы аркылы ағып шыққан судың мөлшері. Су шығыны өзеннің көлденең қимасының ауданы мен ағыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең. Өзендердің су шығыны жыл бойы жиі өзгеріп отырады. Ең көп шығын су тасу немесе тасқын кезінде болады. Жыл бойындағы өзеннің су шығынын жылдық ағын деп атайды. Ертістің Обқа құяр жеріндегі жылдық ағыны 28 млрд. м3.

Бұқтырма өзені — Ертістің оң жақ саласы. Бұл өзен Оңтүстік Алтайдың мұздықтары мен қарынан 94басталады. Бұқтырма — жағалауы жартасты, арнасы шоңғалды, ағыны қатты тау өзені. Ертістің ең суы мол саласы да осы Бұқтырма өзені. Өзеннің суы мамырдың аяғынан шілде айына дейін тасып жатады. Су деңгейінің шұғыл көтерілетін кезі — маусым айы, ал арнасынан төмен түсетін кезі — қыс айлары. Өзен ағаш ағызуға қолайлы әрі электр энергиясын өндірудің тиімді көзі болып табылады.

Бұқтырма өзенінің аңғары шатқал-шатқалдың арасымен өтеді. Өзеннің әрбір бұрылысы табиғаттың әсем көрінісімен астасып жатады. Өзен жағалауларының биіктігі екі жүз метрге дейін жететін жартасты, тік құлама беткейлі болып келеді. Өзен жағалауынан таудың етегіне дейін әр түрлі ағаш, бұталар өседі.

Ертістің сол жақ салалары — Есіл мен Тобыл өзендері.

Есіл өзені Қазақтың ұсақ шоқысының солтүстік-шығыс бөлігіндегі Нияз тауынан басталады. Оның бірнеше ұсақ салаларының суы кейде жазда тартылып қалады. Есілдің Ақмола қаласына дейінгі аралықта жазда суы тайызданып қалатын болса, Көкшетау маңында оған бірнеше салалар қосылып суы молая түседі. Батыс Сібір жазығына жеткенге дейін Петропавл қаласы тұсында жан-жақтан қосылған салалардан арнасы одан да ұлғаяды. Көктем кезінде еріген қар, жауын-шашын суымен өзен ар­насынан асып ақса, жазға қарай суының деңгейі күрт төмендей бастайды. Жалпы су деңгейі қыс айларында қатты төмендейді.

Өзен кішігірім кемелердің жүзуіне қолайлы. Шағын катерлер өзен бойымен 270 км-ге жүзе алады. Алайда жаз айларында суының тартыла бастауынан кемелер үнемі жүзе бермейді. Есілде кемелердің жүзуіне қолайлы болуы үшін әрі сол аймақтың егісін суландыру үшін Сергеевка, Вязь­ма су бөгендері салынған. Бөгендерде көктемде еріген қардың, жауын-шашынның суы жиналады. Бұл бөгендер бір жағынан Есіл өзенінің ағынын бір қалыпта ұстап тұрады.

Тобыл Оңтүстік Оралдың шығыс беткейінен басталып, Қазақстан жерінен өзеннің тек басы ғана ағып өтеді. Жол жөнекей оған Торғайдың төрткүл өлкесінен әр түрлі салалар қосылады. Есіл сияқты Тобылдың суы да көктем айында молайып, қыс кезінде тартылады. Тобыл өзенінің суы ауыз су ретінде және егістікке пайдаланылады. Тобыл бойында Қызылжар, Амангелді бөгендері салынған.



Каспий теңізі алабы

Бұл алапта өзендер сирек. Бірақ өзендерінің суы тұзды келеді. Алаптағы ең ірі езен — Жайық. Жайық Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне барып құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2 428 км, оның 1 107 километрі қазақ жері арқылы өтеді. Жайықтың төменгі Каспий маңы ойпатында ағысы баяулап, арнасы кеңіп, жазық жермен ағады. Суы сәуірдің екінші жартысында тасып, арнасынан шығып, жайылып кетеді. Мамыр бойы суы мол болады. Бұл өзенде ең бағалы бекіре балығы уылдырық шашады.

Жем өзені Мұғалжар тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды. Өзен аңғары жақсы қалыптасқан, суын мұнай кәсіпорындары мен егістікке пайдаланады. Көктем айында тасиды, ал кей жылдары суы Каспийге жетпей сорға сіңіп кетеді. Жағасы құм және саз жыныстарынан түзілген. Қарашадан наурыз айының соңына дейін теңіз бетінде мұз қатып жатады.

Арал теңізінің алабы

Арал теңізінің алабы өзендері сирек, шөлді аймақта орналасқан. Теңізге Қазақстан аумағы арқылы ағып өтетін Сырдария өзені құяды. Сырдария деп Орталық Тянь-Шань тауларынан Нарын мен Қарадария өзендері қосылған жерінің бастауы аталады. Оның жоғары ағысына бірнеше сала қосылса, ал республика жерінде Арыс және Келес өзендері құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 километрі құмды аңғармен ағып өтеді. Арналары иір-иір, жарқабақты келеді, лёсті-саздақты жыныстарды шайып әкетеді.

Ағын судың тау жыныстарын шайып, ағызып әкету процесін өзен эрозиясы деп атайды. Тау өзендерінің ағысы қатты, арнасы терең болады, оның орта және төменгі ағыстарының арнасының табанына су ағызып әкелген малта тастар, құм, тұнба шөге бастайды. Бұл тасқындарды аллювий деп атайды. Уақыт оза келе өзен арнасы тереңдей түсетіндіктен, өзен суы тасыған кезде өзінің бұрынғы арнасына көтеріле алмай қалады. Өзеннің су көтерілмеген ескі арнасын терраса деп атайды. Өзенмен ағып келетін қатты заттың бәрі қатты ағын деп аталады. Сырдария өзенінің қатты ағыны жылына 100 млн. тонна шамасында шөгіндіні ағызып алып келеді. Республикадағы суы ең лайлы өзен.

Өзендердің қатты ағынын зерттеудің практикалык, маңызы бар. Өзен тасқындары суару каналдарын бітеп, су турбиналарының жұмысын қиындатады. Соңғы жылдары Сырдария суын толық дерлік шаруашылық пен егістіктің әр түрлі салаларына пайдалануға байланысты суы Арал теңізіне жетпей тартылып қалады. Қазақстан жеріндегі Сырдария өзені бойында Шардара су қоймасы, Қызылорда бөгеті, Қызылқұм, Қазалы суару жүйелері салынған.

Шу, Сарысу, Торғай және Ырғыз өзендері кішігірім көлдерге құяды, кейбір қуаңшылық жылдары олардың да арналары кеуіп қалады.

Балқаш-Алакөл алабы

Балқаш көліне құятын өзендер Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауынан басталады.



Іле — Балқашқа құятын ағысы қатты тау өзендерінің ішіндегі ең ірісі. Қапшағай су қоймасы салынғаннан кейін Іле жазықтық өзенге айналды. Жоғары және орта ағысында оған бірнеше сала келіп қосылады: Олар: Шарын, Шелек, Қаскелең, Күрті, Түрген өзендері. Қаскелең өзенінің салалары — Үлкен Алматы мен Кіші Алматы өзендері. Шарын өзенінің аңғары құлама жартасты болып келеді, қат-қабат жарқабағы (каньоны Испан тілінен ауд. Canon - құбыр, шатқал деген сөз) қай-таланбас әсем көрініс береді.

Іле ұзындығы жағынан Қазақстандағы үшінші өзен. Оның жалпы ұзындығы 1439 км, республика жеріндегісі 815 км. Суы егін суаруға, электр энергиясын өндіруге пайдаланылады.

Іле өзеніне жоғары және орта ағысына Тянь-Шаньнан бастау алатын бірнеше салалар келіп құяды. Бұлардың ішіндегі ең ірілері — Шарын, Ше­лек және Қаскелең өзендері.

Іле мұздық және қар суымен қорланатын өзендер қатарына жатады. Оның суы сәуірдің аяғынан тамызға дейінгі аралықта тасып жатады. Жазда тау басындағы қар мен мүздықтардың еруінен өзен суы мол болады. Күз айларында биік таулардың басындағы қар мен мұз баяу еріп, өзен суының деңгейі төмендейді. Іле алабындағы өзендер таудан баста-латындықтан, тасты, лайлы тасқындар (селдер) жиі болып тұрады. Тасқын жолындағы тау беткейлерін бұзып, өзен арнасын бұрып әкетеді, жолындағы көпірлер мен құрылыстарды қиратып, елді мекендерге қауіп төндіреді, халық шаруашылығына да көп зиян келтіреді. 1963 жылғы 7 шілде күні орасан зор сел әдемі Есік көлінің табиғи бөгетін бұзып, көл әп-сәтте жойылып кетті.

Соңғы жылдары су эрозиясына қарсы күрес жүргізіліп, түрлі агротехникалық шаралар қолданылуда. Мысалы, тау беткейлерін бұзылудан сақтау үшін ағаш отырғызылып, екпе шөп өсіріледі, бөгеттер салынады.

Медеу шатқалында ағып жатқан Кіші Алматы өзенін бөгеп, үлкен бөгет (биіктігі 100 метрге, табанының ені 600 метрге жуық) салынған. Ол Алма­ты қаласын 1973 жылғы шілдеде болған жойқын селден сақтап қалды.

Іле өзенінің Қытай шекарасына дейінгі жері кеме қатынасына қолайлы. Іле салаларының суы егін суаруға пайдаланылады, өзен бойында электр станциялары салынған.

Қаратал - Жоңғар Алатауы жоталарынан басталатын Балқаш көлі алабындағы екінші ірі өзен. Оның салалары терең, аңғарлары тар, ағысы қатты. Таудан шыққан соң, өзен құмды жазықпен ағады. Балқашқа жақындаған сайын өзеннің аңғары кеңейіп, беткейлері көлбеулене түседі. Іле сияқты Қаратал да Балқашқа жайылып, бірнеше тарамдарға бөлініп барып құяды. Өзен көктемгі жаңбыр суынан, таудағы мұздықтар мен қардың еріген кезінде сәуір айының аяғынан шілдеге дейін тасып жатады. Өзен суының деңгейі маусым айында қатты көтеріліп, қыс айларында күрт төмендейді. Қаратал суы көбіне егін суаруға пайдаланылады.

Сарыарқадан бастау алатын көптеген шағын


өзендердің ішінен Аягөз ғана Балқашқа жетіп құя-
ды. Аягөз өзеніне Тарбағатай, Қалба Шыңғыстау жоталары-ның түйіскен тау торабы беткейлерінен басталатын бұлақтар келіп қосылады. Ол еріген қар суымен және ішінара жер асты суымен де қорланады. Су шығынының ең көп болатын мезгілі — көктем айы, содан кейінгі уақытта су шығыны азаяды да, қыркүйек айында орта мөлшерге жетеді.

Тентек өзені Жоңғар Алатауындағы мұздықтардан басталып Сасықкөлге келіп құяды. Бұл — Алакөл тобына жататын өзендердің ең ірісі. Өрі суы да молы. Тентек аралас қорланатын өзенге жата­ды. Өзен суының көктем айында деңгейі көтеріледі. Сәуір айында оның су шығыны 10 есеге дейін төмендейді. Көктем мен жаз айларында өзен суы егістікке пайдаланылады. Тентек өзені бойында суару жүйесі салынған.
Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанның барлық өзендері негізінен неше алапқа белінеді?

2.Ертіс— Қарағанды каналы нешінші жылы салынды,нешінші жылы іске косылды.

3. Ертіс өзеніне республика жерінен тыс неше сала келіп құяды.

4. Ертістің сол жақ салалары ата

5.Жоңғар Алатауындағы мұздықтардан басталып Сасықкөлге келіп құятын қандай өзен?




Лекция №13
Тақырыбы: Қазақстанның көлдері

Жоспары:

1. Көлдердің орналасу аймақтары

2.Бөгендер
Лекцияның мақсаты:

Қазақстан көлдерінің қазаншұңқырлары әр түрлі жолмен пайда болған. Олар негізінен тектоникалық, экзогендік және мұздықтық болып бөлінедігі және көлдердің шаруашылықтағы маңызы мен қатар бөгендердің салыну себептері, олардың қай аймаққа қандай себептермен салынғандығы айтылады. .



Лекция мәтіні:

Қазақстанда үлкенді-кішілі 48 мыңнан астам көл бар. Республиканың кең-байтақ жері көлге бай десе де болады. Көлдер табиғи ресурстардың негізгі қайнар көздеріне жатады. Қазақстан жеріндегі Каспий, Арал теңіздері, Балқаш сияқты ірі көлден басқа да аумағы әр түрлі кішігірім көлдер мен көлшіктер мыңдап кездеседі. Көлдердің көбі — тұйық. Олардың суының деңгейі шұғыл өзгеріп отырады. Көбінің суы тұзды болғандықтан, олардан әр түрлі тұз өндіріледі. Географиялық орнына, климат жағдайына байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстікке қарай азая береді.

Қазақстан көлдерінің қазаншұңқырлары әр түрлі жолмен пайда болған. Олар негізінен тектоникалық, экзогендік және мұздықтық болып бөлінеді. Каспий, Арал, Балқаш және Алакөл тобына жататын көлдер көне заманда тартылған теңіздің орнында пайда болған көлдер. Жазық жердегі көлдер жердің үстіңгі қабатының шөгіп, ойысуынан, ал таулы өлкелердегі көлдер табиғи бөгелуден пайда болған.

Зайсан көлі Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының аралығындағы тектоникалық қазан шұңқырда орналасқан. Бұл — ағынды, суы тұщы көл. Зайсанға бірнеше өзен келіп құяды да одан Ертіс өзені ағып шығады. Көлдің беті қыста қатады,ал жазда суының температурасы +26°-қа дейін жылиды. Суының деңгейі жаздың алғашқы жартысында көтеріледі. Зайсан кәсіпшілік маңызы бар балыққа бай. Онда балықтың 23 түрі кездеседі. Өзен көлігін дамытуға қолайлы. Су тышқаны жерсіндірілген.

Еліміздің солтүстік аймағындағы ең ірі көлдер
Солтүстік Қазақстандағы Сілетітеңіз, Орталық Қазақстандағы Теңіз Қорғалжын көлдері. Сілетітеңіз көлі теңіз деңгейінен 64,7 метр биікте жатыр. Көлдің ауданы 750 км2, ұзындығы 65 км, ені 22 км, орташа тереңдігі — 2 м, жағасы шағын шығанақты және түбекті келеді. Солтүстік-шығыс жағасы тік жарлы, оңтүстік-батыс жағалауы аласа болып келеді. Көлге үлкенді-кішілі 19 өзен құяды.

Теңіз көлі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 304 метр биікте орналасқан. Көлдің ауданы 1161,5 км2, ұзындығы 74 км, ені 32 км. Көл тектоникалық жолмен қалыптасқан. Жағасы жайпақ. Нұра, Құланөтпес өзендері құяды. Суының деңгейі көктемде жоғары болады. Теңіз бен Қорғалжын көлдерінің ша-ралары төрттік дәуірде қалыптасып, суға толған. Көлдің аймағында жауын-шашын мөлшері 250 — 350 мм.

Сарыарқаның Теңіз-Қорғалжын ойысында орналасқан Теңіз, Қорғалжын, Қыпшақ, Керей, Қияқты көлдерімен қатар Нұра, Құланөтпес өзендері бар. Теңіз көлі Қорғалжын мемлекеттік қорығы құрамына кіреді. Қазақстанның көптеген көлдері әсем табиғаты мен таза ауасына байланысты демалыс және туристік орындар болып есептеледі. Олардың қатарына Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы, Шайтанкөл көлдері жатады. Кейбір көлдердің табиғи қалпын сақтау үшін қорықтар ұйымдастырылған. Мысалы, Теңіз, Қорғалжын, Марқакөл көлдері жатады.

Бөгендері. Қазақстан жерінде энергия өндіру, егінді алқапты суландыру және өнеркөсіп орталықтарын сумен қамтамасыз ету мақсатында көптеген жасанды суқоймалары (бөгендер) жасалған. Бөгендер өзен арнасын бөгеу немесе ойыс жерлерге су жинау арқылы жасалады. Республикамыздағы ең ірі су бөгені — Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма бөгені. Бөген Ертіс өзеніне Бұқтырма СЭС-ін салуға байланысты пайда болды. Бұқтырма бөгенінің ұзындығы 600 км, ені 35 км, тереңдігі 11 м. Бөгеннің суы Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының шаруашылықтарын суландыруға және кәсіптік балық өсіруге пайдаланылады. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс — Қарағанды каналы салынған. Көлемі жағынан Қапшағай бөгені екінші орынды алады. Қапшағай су қоймасының (бөгенінің) ұзындығы 180 км, ені 22 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 45 м. Суын Алматы, Талдықорған облыстары шаруа-шылықтары пайдаланады. Сырдария өзенінде салынған Шардара бөгенінің ұзындығы 220 км, жылына 1,5 млн га алқапты суландырады.Нұра өзенінде - Теміртау, Есіл өзенінде — Сергеев, Арыс өзенінде — Бөген, басқа да Дөңгелек, Кеңгір сияқты үлкенді-кішілі бөгендер бар.

Бөгеннен су алатын Арыс — Түркістан каналы — республикамыздағы ірі су жүйелерінің бірі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстанда қанша көл бар.

  2. Еліміздің солтүстік аймағындағы ең ірі көлдер

  3. Республикамыздағы ең ірі су бөгені

4. Алтай мен Сауыр-Тарбағатай тауларының аралығындағы тектоникалық қазан шұңқырда орналасқан

5.Қазақстандағы көлдердің көбі қандай болып келеді?




Лекция №14

Тақырыбы: Каспий теңізі және оның экологиясы

(1сағат)

Жоспары:

1. Каспий теңізі,климаты,табиғи байлықтары

2.Каспий теңізі экологиясы

Лекцияның мақсаты:

Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан дүние жүзіндегі ең үлкен тұзды көл екнедігі, жалпы көлемі,климаты, өндірістегі маңызын, экология себептерін қарастырылған.Каспий теңізінің қай бөлігі қазақстан аймағына қарасты екендігі түсіндіріледі.


Лекция мәтіні:

Каспий теңізі — Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан дүние жүзіндегі ең үлкен тұзды көл. Жалпы көлемі 400 мың м2-ге жуық, айдыны өте үлкен болғандықтан, теңіз деп аталады. Каспий теңізі 13 мың жыл бұрын Қара теңіз бен Жерорта теңізі арқылы дүниежүзілік мұхитпен жалғасқан. Ол кездегі теңіз суының деңгейі қазіргіден 75 м жоғары болған. Каспий аты ерте заманда теңіз жағасын қоныстанған «каспи» тайпаларына байланысты аталған. Олар туралы алғашқы деректер ежелгі грек ғалымы Геродот еңбектерінде жазылған. Каспийдің табиғаты туралы жан-жақты зерттеу XVIII ғасырда I Петрдің жарлығына сәйкес жүргізілді. Орыс патшалығы Каспий теңізі арқылы Азия елдерімен сауда-саттық жасауды көздеп әрі оның байлығын игеру мақсатында теңізге жан-жақты зерттеу жүргізді. Теңіздің су деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Каспий теңізінің Қазақстан жеріндегі бөлігі онша терең емес (200 — 300 м), ең терең жері оңтүстік бөлігінде (1025 м). Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км созылып жатыр. Орташа ені 320 км.

Климаты. Қысы суық, жазы құрғақ континентті. Қыста Азия максимумы, ал жазда Азор максиму­мы мен Оңтүстік Азия минимумы тармақтары әсер етеді. Сондықтан жауын-шашын аз, теңіз айдынына 20 мм шамасында жауады. Жазда орташа температурасы +26°С, шығыс жағалауында кейде +44°С-ге жетеді. Теңіз бетінің жылдық булану мөлшері жоғары - 1000 мм-ге, ал шығыс жағалауында 1400 мм-ге жетеді. Теңіз әр түрлі климаттық белдеуде орналасқандықтан (солтүстігінде қоңыржай, батысында ылғалды субтропиктік, оңтүстік-шығысында құрғақ субтропиктік), су бетінде ірі толқын туғызатын жел тұрады.

Апшерон шоңғалында толқынның биіктігі 11 м-ге жетеді. Жазда судың беткі қабаты солтүстігінде + 26°С-ге дейін, ал оңтүстігінде + 32°С-ге дейін жылынады. Теңіз суының тұздылығы да әркелкі, әртүрлі өзендер келіп құятын солтүстік бөлігінде 13%о, ал оңтүстігінде тым жоғары 28 — 300%о. Қыс айларында судың температурасы 0 — 5°С, ал оңтүстік бөдігінде — 10°С шамасында. Мұз тек солтүстігінде қарашадан наурызға дейін қатып жатады. Соңғы жылдары Каспий суының деңгейі 1 м-ге көтеріліп, жағалауында орналасқан елді мекендерге көптеген қиындықтар туғызып отыр. Теңіздің табиғи байлықтары. Өсімдіктердің 600 түрі, балдырлардың жасыл, қызыл және қоңыр түрлері өседі. Балық пен теңіз жануарларының 854 түрі кездеседі. Каспий теңізінен дүние жүзінде ауланатын бағалы бекіре түқымдас балықтардың (бекіре, шоқыр, көксерке) 82 проценті ауланады. Каспийде өсетін итбалықтың кәсіптік маңызы зор. Каспий теңізі мұнай өндіретін ірі аудан қатарына жатады. Теңізден натрий сульфаты, мирабилит және псолит тұздары өндіріледі. Ақтау қаласында теңіз суын тұщытатын атом қондырғысы жұмыс істейді. Теңіз көлігі жақсы дамыған. Респуб-ликамыздың шаруашылығына қажетті жүктер теңіз жағалауына орналасқан Атырау, Ақтау, Ватутино, Ералиев порттары арқылы тасымалданады.

Каспий теңізінің экологиясы. Каспий теңізіне көптеген өзендер келіп құйғанымен одан бірде-бір өзен ағып шықпайды. Соңғы жылдары Каспий теңізін оған құятын өзендер суымен ағып келген өндіріс қалдықтары қатты ластауда. Каспий теңізінің түбі мен Каспий маңы ойпатынан мұнай мен газ өндіріледі. «Теңіз» мұнай кен орнынан өн-дірілетін мұнайдың құрамында 20 пайызға дейін күкіртті газ бар. Күкіртті газ қоршаған ортаға қат­ты залалын тигізеді. Теңіз суының деңгейі соңгы жылдары көтеріліп, Каспий маңы ойпатында орналасқан елді мекендерді (Қаламқас, Қаражанбас) су басу каупі туды.

Көктем айларында тасып, жағалауға жайылған сумен бірге мұнай қалдықтары теңізге шайылып төгілуде. Мұның өзі теңіз суының ластануына негізгі себеп болып отыр. Каспийден ауланатын балықтардан табылып отырған аурудың себебін ғалымдар балықтар қоректенетін микроорганизмдердің улануына байланысты екенін анықтады.

Каспий теңізі жағалауына орналасқан көптеген өнеркәсіп орындары өндіріске пайдаланған техникалық суды тазартудан өткізбей теңізге ағызып, суын ластауда. Мысалы, Ақтау қаласындағы Кас­пий аймақтық тау-кен металлургия комбинатының өндіріске пайдаланған суымен бірге ағызған қалдық заттары әсерінен Қошқарата көлі тіршілігі жоқ өлі көлге айналған. Каспий теңізінің экологиялық проблемалары Қазақстанға ғана емес, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Иран мемлекеттері ортақ мәселесіне айналып отыр. Олар бұл мәселені шешудің бірігіп жолдарын қарастыруда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет