Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:



бет4/13
Дата25.02.2016
өлшемі1.13 Mb.
#25423
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Жем үстірті. Батыста Мұғалжар, ал шығыста Каспий маңы ойпатына дейінгі аралықта жатыр. Теңіз деңгейінен биіктігі 300 метр Жем үстіртінің топырағы саз балшық пен құм шөгінділерінен құралған, қойнауы фосфорит рудасына бай.

Жалпы Сырт қыратының қазақ жеріне азғана бөлігі кіреді. Оның топырақ құрамы бор заманының шөгінділерінен құралған. Жалпы Сырттан Ақжайық өзенінің кішігірім сағалары бастау алады.

3. Қазақстан жеріндегі аласа таулар

Қазақстан жеріндегі аласа таулар жүйесіне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау таулары жатады.Сарыарқа солтустігінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстігінде Балқаш көліне дейінгі аралықты, батысында Торғай үстіртінен шығысында Сауыр-Тарбағатай таулы жүйесіне дейінгі аралықты алып жатыр. Жер бедерінің теңіз деңгейінен биіктігі 250—400 метр. Сарыарқаның жер бедері алуан түрлі. Мұнда тегіс жерлер ұсақ шоқылармен алмасып отырады. Сондықтан да «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп аталған. Сарыарқа шоқыларының биіктігі де әр түрлі. Сарыарқаға Ұлытау, Құмтас, Баянауыл, Қарқаралы, Шыңғыстау, Көкшетау та­улары жатады.

Палеозой эрасында қазіргі Сарыарқа жерінде жанартаулар атқылап, тау түзілу процесі жүрген. Содан бері миллиондаған жылдар өтті. Таулар біртіндеп мүжіліп, ұсақ-ұсақ шоқыларға айналған. Сарыарқа өңірінің табиғаты өте әсем, көрікті. Са-рыарқа жерінен жел, жаңбыр мен қар, күн сәулесі, ауа райы, т. б. әсерінен мүжілген әр түрлі пішінді тауларды, үлкенді-кішілі үңгірлерді кездестіруге бо­лады.

Мұғалжар. Мұғалжар тауы — Орал тауының қазақ жеріндегі жалғасы. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай екі жүз шақырым жерге созылады. Оның теңіз деңгейінен биіктігі орташа есеппен 450 метр. Ең биік шоқысы — Үлкен Боқтыбай (657 метр). Мұғалжар тауы шөгінді және магмалық жыныстардан құралған ежелгі тауларға жатады.

Маңғыстау таулары. Маңғыстау таулары Қазақстанның батысында Каспий теңізінің Маңғыстау түбегіне дейінгі аймақта созылып жатыр. Маңғыстау таулары құрылысы, жер бедерінің жалпы ерекшеліктері жағынан Сарыарқа тауларына ұқсас. Маңғыстау тауының Қаратау жотасының биіктігі 556 метр. Таулар қүмтас, кристаллы тақтатас, қара әктас (Қаратау), ақ әктастардан (Ақтау) құралған. Маңғыстау тауының оңтүстігінде Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер — Қарақия қазаншұңқыры бар.

Қазақстан жеріндегі биік таулар

Қазақстан жеріндегі биік тауларға республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысына орналасқан Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Сауыр-Тарбағатай таулары жатады.

Тянь-Шань тауы. Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Тянь-Шань қытай тілінен аударғанда «тәңір шыңы» деген мағынаны білдіреді. Шындығында да Тянь-Шаньның шыңдары өте биік. Тянь-Шань таулы өлкесінің біздің жеріміздегі ең биік шыңы — Хан Тәңірі. Оның биіктігі 6995 метр. Тянь-Шань таулы өлкесіне кіретін тау тізбектері ендік бағыт бойында жатыр. Тянь-Шань таулы өлкесі Батыс Тянь-Шань, Орталық Тянь-Шань, Солтүстік Тянь-Шань деп бөлінеді. Тянь-Шань тауының солтүстік жотасы — Іле Алатауының етегінде әсем қала Алматы қаласы орналасқан. Тянь-Шань таулары үшкір шыңды, мұздықты, ал кейбір жота-ларының төбесі тегіс болып келеді. Іле Алатауында тау түзілу процесі әлі аяқталмаған деп саналады.

Жоңғар Алатауының солтүстік-батыс бөлігі Қазақстан жеріне қарай тарамдалып еніп түр. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай созыла орналасқан. Қытайдағы Ебінұр көлінің ойысы мен Қазақстандағы Алакөлдің қазаншұңқырын қосып жатқан тау аңғарын Жоңғар қақпасы деп атайды.

Сауыр-Тарбағатай жапсарлас жатқан жоталар. Сауыр — бұл жоталардың ішіндегі ең биігі. Оның биіктігі 3816 метр. Тарбағатай Сауырға қарағанда аласа, бірақ едөуір ұзын. Тарбағатай тауының ең биік жері 3134 метр.

Алтай таулы өлкесі. Қазақстан жеріне оңтүстік батыс бөлігі кіреді. Алтай таулы аймағын Оңтүстік Алтай, Батыс немесе Кенді Алтай жене Қалба жо­тасы деп үшке бөледі. Ең биік жері — Кенді Алтайдың Мұзтауы (4506 метр). Кенді Алтай пайдалы қазбаларға өте бай.
Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстанда қанша ойпат бар, атын ата

2.Қазақстандағы аласа тауларды ата

3.Үстірт қай аймақта, ол қай дәуірде пайда болған?

4.Ең биік шың қай тауда орналасқан?

5.Алтай тауының қай бөлігі Қазақстанға кіреді?



Лекция №9
Тақырыбы: Қазақстанның климаты

Жоспары:

1.Климатқа географиялық орнының әсері

2. Күн радияциясы

3. Атмосфера циркуляциясы



Лекцияның мақсаты:

Қазақстанның климаты қоңыржай екендігі оның ішінде шұғыл континенттігі айтылды. Солтүстіктен оңтүстікке қарай климаттың ауысыуының себептерін түсіндіре келе,ауа массаларының түрлерін, жыл мезгілдерінң ауысуын түсіндіру.


Лекция мәтіні:
Қазақстанның климаты шұғыл континентті келеді, оның солтүстік аймағының қысы суық, жазы қоңыржай. Ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды, жазы ыстық, қуаңшылықты. Бұл температураның тез ауысуынан, ауаның құрғақ болып, жауын-шашынның аз түсуінен байқалады. Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік, күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі процестер әсер етеді. Қазақстанның климатына Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массасы көктемнің соңғы, жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі. Орта Азия үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Қазақстан климатына Азия антициклонының әсері мол. Қыс кезінде Орталық Азияда қалып­тасатын антициклонның, әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы орнайды. Сондықтан Қазақстанда «Сібірдің қысы», «Азияның жазы» болады.

Климаттың қалыптасуына климат түзуші фак­торлар ықпал етеді. Қазақстанның климаты оның, географиялық орнына, күн радиациясына, ат­мосфера циркуляциясына байланысты қалыптасады.

Географиялық орнының әсері. Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Дүниежүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Аумағы ұлан-байтақ жерді алып жатқан еліміздің климаты континентті. Биік таулардың республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жатуы, ал солтүстігінде биік таулардың болмауынан арктикалық суық ауа оның ішкі аймақтарына еркін өтеді. Бұл да климаттың өзгеруін туғызады. Климаттың құрылуына географиялык ендіктің де әсері мол. Күн сәулесінің жер бетіне түсіретін жарығы, одан бөлінетін жылу мөлшері климатты қалыптастырудағы негізгі фактор болып саналады. Жылу мен жарық — ауа мен су қабатында өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігінде болып жататын барлық процестердің басты себепкері.

Қазақстанның табиғат зоналары да география­лық ендік бойынша орналасқан. Республикамызда жылдың төрт мезгілі айқын көрінеді.

Күн радиациясы дегеніміз — күн сәулесінің жер бетіне түсіретін жарығы мен жылуы. Күн радиациясының жер бетіне таралуы географиялық ендікке байланысты. Олай болса, Қазақстан жеріндегі күн радиациясының мөлшері негізінен ендік аймақтық бойынша таралады. Республика жерінің ұлан-байтақтығына байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай жылдық радиацияның мөлшері 100-ден 160 ккал/см2-ге дейін артады.Республикамыздың таулы аудандарының беткей-леріндегі жиынтық радиацияның мөлшері бұлттылыққа байланысты өзгеріп отырады. Күн жарығы мен жылу жердің ат­мосфера қабатында шағылып тұтылады. Атмосферадағы су буы, шаң және бұлт күн радиациясын шашыратып таратады да, шашыранды радиация түзіледі. Шашыранды радиацияның жылдық және айлық мөлшері жергілікті жер ендіктеріне байланыссыз таралады. Шашыранды радиацияның жарық мөлшері Қазақстанның оңтүстігінде 45,5 ккал/ см2-ден солтүстік белігінде 48,8 ккал/см2 шамасына дейін өзгеріп отырады. Атмосферада бұлттылық артқан сайын күн көзінен таралатын радиацияның мөлшері азайып, шашыранды радиация көбейеді. Күннің жерге тура түсетін сәулесін тура радиация деп атайды. Жер бетіне келетін тура және шашыр-анды радиацияның екеуінің қосындысын жиынтық радиация деп атайды:

Ржтш, мұндағы

Рж — жиынтық радиация;



Рт — тура радиация;

Рш — шашыранды радиация.

Жиынтық радиацияның жер бетінен шағылғанын шағылған радиация, ал жер бетіне сіңіп кеткенін жұтылған радиация деп атайды. Жұтылған радиация топырақты, жердің өсімдік жамылғысы мен судың үстіңгі қабаттарын қоздырады. Қар мен мұздықтар өсімдік пен құм, шөл жерлерге қарағанда күн радиациясын өзінен едәуір шағылыстырады.

Атмосфера циркуляциясы. Атмосфера циркуляциясы — жер бетіндегі климатты қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі.- Жылдың суық кезінде Қазақстан климатына Азия антициклонының батыс тармағы күшті ықпал етеді. Қазақстан климатының қалыптасуына негізінен арктикалык, қоңыржай, тропиктік ауа массалары әсер етеді.

Арктикалық ауа массасы республика жеріне Солтүстік Мұзды мұхиттан құрғақ, суық ауа әкеледі. Соның әсерінен көктем айында қар жауып, күзде жер беті тоңазиды. Сейтіп шаруашылыққа көп зиянын тигізеді.

Қоңыржай ауа массасы. Атлант мұхиты жағалауынан баяу жететін бұл ауа массасы ылғалының көбін жолшыбай жоғалтқанмен республика батысына біршама жауын-шашын әкеледі. Қыста ауа температурасының көтеріліп, жазда төмендеуі осы қоңыржай ауа массасының келуіне байланыс­ты.

Тропиктік ауа массасы. Орта Азия мен Иранның үстінде қалыптасатын бұл ауа массасы көбіне республикамыздың оңтүстік аймағын қамтиды. Континентті тропиктік осы ауа массасының әсері Қазақстанның оңтүстік бөлігі ауасының температурасын көтереді. Бұл өз кезегінде жерді қатты құрғатып жіберді.



Бақылау сұрақтары:

1. Климат түзуші фак­торлар

2. Жиынтық радиация

3. Атмосфера циркуляциясы.

4. Арктикалық ауа массасы

5. Тропиктік ауа массасы.



Лекция №10

Тақырыбы: Қазақстанда ауа қысымы мен жылудың таралуы

(1сағат)

Жоспары:

1.Ауа қысымы мен температурасы

2.Атмосфералық фронттар және жел
Лекцияның мақсаты:

Қазақстанда ауа қысымының болу себептері, циклон, антициклондардың жүруі,ауаның температурасының ауытқып тұру себептерін,атмосферамық аулардың, температуралардың әр түрлілігін, ау массаларының қозғалыста болатындығы түсіндіріледі. Республикамыздағы желдердің түрлерін қай аймақта қай уақытта болатындығы қамтылып түсіндіру .



Лекция мәтіні:
Ауа қысымы. Жер шарында атмосфералық қысымның өзгеруі барлық жерде үздіксіз әрі өте үлкен мөлшерде жүріп жатады. Атмосфера қысымы жалпы алғанда биіктеген сайын (тауға шыққанда) заңды түрде азая береді. Климаттық карта-да қысымы бірдей жерлерді қосатын сызықты изобарлар деп атайды. ''Жер шарының орта және биік ендіктері тропосферасында (атмосфераның төменгі қабаты) диаметрі бірнеше мың километрге жететін ауа қысымы бірде төмен, бірде жоғары болатын аймақтар ұдайы түзіліп отырады. Цик­лон (грекшеден аударғанда - ұйытқыған деген сөз) атмосфераның қысымы төмен аймақ, антицик­лон- атмосфераның қысымы жоғары аймағы.

Жыл бойы тропосферада жүздеген, мыңдаған циклондар батыстан-шығысқа қарай сағатына 30-40 шақырым жылдамдықпен сағат тіліне қарсы қозғалады. Циклон жиі пайда болатын тропиктік аймақтарда өте күшті сұрапыл дауылдар жиі болып, адамдардың өмірінде қауіпті жағдайлар туғызады нөсер жаңбырлар жауады. Антициклондағы ауа са-ғат тілі бағытымен қозғалады ондағы жел баяу соғады, ал оның ішкі жақтарында тіпті тымық бо­лып тұрады. Қазақстан солтүстік жарты шарда, Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқандықтан оның климатына Жер шарында пайда бо­латын циклондардың әсері шамалы. Қыс айларында Еуразия материгінің орталық бөлігінде тұрақты жоғары қысымды аймақ пайда болады, оны азиялық немесе монғол- сібірлік антициклон деп атайды. Қыс айында материкте орналасқан антициклонды ауаның жоғары-төмен қозғалуына байланысты жер беті қатты суынады. Азия антициклоны Қазақстан қысының қатаң әрі суық болуына өз әсерін тигізеді.



Ауаның температурасы. Бүкіл республика климатына тән нәрсе ауа температурасының бір тәулікте және жыл бойы өте құбылмалы болатындығы. Қазақстанда ең суық ай — қаңтар, ең жылы ай — шілде. Қаңтардағы орташа температура солтүстіктен оңтүстікке қарай, Петропавл қаласы маңында — 19°С, ал оңтүстікте — 4°С мөлшерінде өзгереді. Республикамыздың солтүстігінде кейбір күндері ауаның температурасы — 55°С-ке дейін төмендейді де, ал жылдың орта­ша температурасы — ІоС мөлшерінде болады. Ал оңтүстікте күн сәулесінің молдығынан жылдық ор­таша температурасы +10°С шамасында болады. Республикамыздағы қыста қатты суынатын аймақ — Алтайдың тауаралық қазаншұңқыры (кейде —54 °С-ке дейін төмендейді). Қазақстандағы ең жылы кез — шілде айы. Шілдедегі орташа температура — солтүстікте +20°С, ал оңтүстікте +30°С-ке жоғарылайды. Таулы аудандарда биіктеген сайын темпе­ратура төмендейді (Алматы қаласында +22,3°С болғанда, сол мезгілде Медеуде +18,5°С. Мыңжылқыда 3016 м биіктікте небары +8,4°С болады).

Республикамыздың жазық жерлерінде шілде айының орташа температурасы +18°С, +29,3°С мөлшерінде ал көпшілік жерінде жоғары температура +42°С, +44°С, ал қиыр оңтүстікте +47°С-ке жетеді. Температураның жылдың ауытқуы 800С-900С аралығында.



Атмосфералық фронттар. Ауа массалары үнемі қозғалып, қасиеттерін өзгертіп отырады. Әр түрлі ауа массаларының араларында бірнеше шақырымға жететін өтпелі аймақтар болады. Ондай өтпелі аймақтарды атмосфералық фронт немесе фронттар деп атайды. Егер жылы ауа салқын ауа жағына қарай ауысса, күн жылынады да, мұндай фронтты жылы фронт дейді. Жылы фронттар өткенде оның үстінде жүздеген шақырымға жететін жауын бұлты пайда болып, жауын-шашын жауады. Салкқн ауа массасы жылы ауаны ығыстырып, ілгерілегенде, фронт өтетін жердің ауа райы сал-қындайды. Сондықтан оны салқын фронт деп атайды. Салқын фронт Қазақстан жеріне жеткенде салқын ауа ығыстырған жылы ауа жоғары кетеріліп, жел соғып, найзағай жарқылдайды. Жолында кедергі жасайтын таулар болмаған-дықтан, Солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық фронт оңтүстікке қарай ауыса отырып, оңтүстіктегі биік тауларға жетіп тоқтайды.

Жел. Республикамыздың барлық жерінде дерлік күшті жел соғып түрады. Қазақстанның көпшілік бөігінде соғатын жел қыста Азия (Сібір) антициклонының батыс тармағының әсерінен пайда бола­ды. Ол шығыстан батысқа қарай біршама аймаққа,шамамен 50° солтүстік ендік бойында жоғары
қысым туғызады. 50° солтүстік ендік аймағында
солтүстіктен оңтүстік және оңтүстік-шығыс бағыт-
та соғатын жел 10-12 күнге дейін созылып, ашық,
аязды ауа райы қалыптасады.Атмосфералық қысым мен ауа райының бір қлыпты тарамауынан пайда болған жел ағыны жоғары қысым аралығынан қысымы төмен бөлікке қарай ығысады.
Тау аңғарларынан өткен ауа ағыны күрт күшейіп,
жылдамдығы секундына 30 метрден асып, қатты
дауылға айналады. Мысал ретінде Алматы облы-
сының Алакөл ауданындағы Сайқан Ебінің желін айтуға болады. Сайқан — Сібір антициклонының Алакөл ойысы арқылы солтүстік батыстан оңтүстік-шығысқа Орталық Азияға қарай соғатын күшті жел. Сайқан желі негізінен Алакөл ойысына суық ауа массасын алып келеді, орташа темпера-турасы — 30°С-37°С аралығында. Қыркүйек, сәуір айлары аралығында жиі соғып, көктем мен жазға қарай саябырлайды. Қатты соққан уақытта (күзде) Алакөл жүйесіне жататын көлдердің (Алакөл, Сасықкөл, Үялы, Жалаңашкөл) су деңгейі 1 метрге жуық көтеріледі. Күніне бірнеше рет қайталап соқ-қан жел кейде 2-3 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Сайқан желі шаруашылықтың дамуына әсер етіп, мал басын шығынға ұшыратып, балық аулауға, жол қатынасына да зиянын тигізеді. Бір қызығы, Сайқан желін жергілікті тұрғындар «шайтан» желі деп атайды. Бұлай деп аталуы желдің күші салт атты адамды ат үстінен ұшырып түсетіндей өте қатты болуынан.

Ебі желі — Жоңғар Алатауының шығысында соғатын дауылды жел. Ол Жоңғар кақпасының оңтүстік шығысы арқылы өтетін антикциклонның түйісуінен пайда болады. Бұл жел атмосфера қысымы жоғары аймақтан Жоңғар қақпасындағы қысым төмен жерге өткенде күшейіп, көбіне қара дауылға айналады. Оңтүстік шығыс бағыттан соғатын Ебі желі күрт көтеріліп, Алакөлді басып етіп, кейде Ба­лқаш көліне дейін жетеді. Ебі желі 1-2 тәулікке,ал оқта-текте ұйтқып соққанда 3-7 тәулікке дейін созылады. Ебі желі Жоңғар кақпасының орта белігінде, жалпы алғанда 70-100 күндей тұрады, жылдамдығы 60-80м/с-ке жетеді. Қазан, ақпан ай­лары аралығында жел жиі соғып, жазда саябыр­лайды. Жел шаруашылыққа, темір жол қатынасына, балық аулауға кедергі жасайды. Ебі желі туралы алғаш рет Ш. Уәлиханов жазды. Желдің соғатын мезгілін алдын ала біліп отырудың халық ша-руашылығы үшін маңызы зор.

Арыстанды-Қарабас желі - Қаратау жотасы арқылы солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай Арыстанды өзені бойын қуалай соғады, жылдамдығы 30-35 м/сек. Желдің әсерінен Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек, Отырар, Түркістан аудандарының ауа райы өзгеріп, қыста ауа температурасы —22°-қа дейін суиды, ал жазда жиі соққан аңызақ желден қуаңшылық болып, шаруашылыққа зиянын тигізеді.

Таулы, көлді аудандар мен өзен жағалауларында жергілікті бриз желі соғып тұрады. Ерте көктемде, жазда соққан жел шаңды дауылға айналып, топырақты қатты эрозияға ұшыратады. Соның салдарынан ауыл шаруашылығы көп зиян шегеді. Рес­публика да жел энергиясын өндіру қолға алынды. Бүгінде Қазақстанда өндірілетін жел энергиясы 1 млрд. квт. шамасында. Желдің күшін құдықтан су шығаруға және жел диірмендерге пайдаланады.
Бақылау сұрақтары:

1. Жыл бойы тропосферада жүздеген, мыңдаған циклондар қай бағытқа қарай қозғалады.

2. Атмосфералық фронттар.

3. Ауаның температурасы. Ауаның температурасы.

4. Жоңғар Алатауының шығысында соғатын дауылды желді ата.

5. Арыстанды-Қарабас желі қай аймақта болады?




Лекция№11

Тақырыбы:Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралуы

Жоспары:

1.Қазақстан аумағында жауын-шашынның таралу заңдылықтары

2.Қазақстанның ауа райында болып тұратын құбылыстар
Лекцияның мақсаты:
Республикамызда жауын-шашынның ең аз түсетін, ең көп түсетін жерлерін, Солтүстікте жауын-шашынның көпшілігі жазда, ал оңтүстікте жылдың салқын мезгілінде жауа­ды. Шөл зонасында жауын-шашын көктем мен күз айларында,таулы аймақтарда өте көп жауатындығын түсіндіре келіп,Қазақстанның ауа райында болып тұратын құбылыстарыды түсіндіру.

Қазақстанның аумағы түгелімен қоңыржай белдеуде жатқандықтан, жылдың төрт мезгілі өз уақытында ауысып отырадығы айтылады.



Лекция мәтіні:

Республикамыздың аумағында жауын-шашынның таралуы ауаның температурасына, атмосфера циркуляциясына, жер бедеріне тығыз байланысты. Мысалы, жауын-шашын тау мен қыраттың жел жақ беткейлеріне молырақ, ал ық жағына азырақ түседі.

Орманды дала зонасында жауын-шашынның жылдық түсу мөлшерлері 400 мм шамасында (Петропавл қаласы маңында 423 мм). Қазақстанның далалық зонасында жылына орта есеппен 250-300 мм жауын-шашын түседі. Орталық Қазақстанда 275 мм, Жезқазғанда 208 мм. Қызылордада 151 мм жа­уын-шашын жауады.

Республикамызда жауын-шашынның ең аз түсетін жері (100 мм шамасында) — Балқаш көлі жағалауы мен Арал теңізі маңындағы Қарақұм өңірі. Маңғыстау түбегінде 150 мм, ал түбекке жақын жатқан шөлді ауданда 100-125 мм мөлшерінде ылғал түседі. Қазақстанның шығысы мен оңтүстік-шығысындағы тау беткейлерінде жауын-шашын біршама мол жауады. Биік таулы аудандарда жы­лына орта есеппен 400-1000 мм ылғал түседі. Жауын-шашынның ең кеп жауатын жері Алтай тауының батыс беткейі (1500 мм-ден артық жауады). Ал Өскемен қаласында 536 мм мөлшерінде жауын-шашын түседі.

Солтүстікте жауын-шашынның көпшілігі жазда, ал оңтүстікте жылдың салқын мезгілінде жауа­ды. Шөл зонасында жауын-шашын көктем мен күз айларында түседі. Іле Алатауының солтүстік беткейінде жауын-шашын мөлшері 900 мм мөлшерінде (Алматы қаласында 629 мм мөлшерінде ылғал түседі). Кез келген аумактың ылғалдылығы тек жауын-шашынның түсу мөлшеріне ғана емес, булану мөлшеріне де байланысты келеді. Егер буланудың мөлшері жылдық жауған жауын-шашын мөлшерінен аз болса, онда ылғалдың мол болғаны.

Ал керісінше, буланудың мөлшері жылдық жауын-шашын мөлшерінен артық болса, онда ылғалдың аз болғаны.

Алматы қаласының жылдық жауын-шашын мөлшері мен температурасы

Жылдық жауын-шашын мөлшерінің булануға қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды:

Ж

К =------------- мұндағы



Б

К — ылғалдану коэффициента,

Ж — жылдық жауын-шашын мөлшері,

Б — булану мөлшері.

Егер жылдық жауын-шашын мөлшері булану мөлшерімен шамалас болса, онда ылғалдану коэффициента 1-ге тең болады да, мұндай жағдайда ылғалдану жеткілікті деп есептеледі. Ылғалдану коэффициент 1-ден кем болса, онда ылғалдану жеткіліксіз болады.

Мысалы, республикамыздың оңтүстігіндегі Түркістан қаласы маңында булану мөлшері 1250 мм, ал жауын-шашын мөлшері 238 мм болса, онда ылғалдану коэффициенті

238мм

К=------------=0,19-ға тең болады



1250мм

Демек, ылғалдану жеткіліксіз, ягни жауын-шашыннан булану 5 есе артық деген сез. Мұндай жерлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша суару қажет. Сондықтан да климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері зор.

Қазақстан облыстарының агроклиматтық анықтамалық-тарында жылу мен ылғал қоры, ауыл шаруашылық дақылдарының даму сатылары, ауа райында болатын қолайсыз жағдайлар (үсік, боран, көктайғақ, т. б.), күздік егіс туралы мәліметтер беріледі. Республика аумағында орташа тәуліктік температурасы 10°-тан жоғары температураның жиынтыгы солтүстік аудандарда 2000-21000°, ал оңтүстікте 4300-4600°-қа дейін жетеді. Солтүстік Қазақстанда күннің жылуы мен сәулесінің молдығы жаздық бидай, зығыр, көкөніс және бау-бақша өсіруге қолайлы. Орталық Қазақстанның агроклиматы дәнді дақылдар, қарақұмық, күнбағыс, қар­той өсіруге қолайлы. Бұл аймақта ауаның орташа температурасы 10°С-ден жоғары болатын кезең 150-160 күндей. Оңтүстік Қазақстанның агроклиматы күріш, мақта, темекі, жүзім, қант қызылша- сы сияқты жылусүйгіш дақылдарды өсіруге қолайлы. Күннің жылуы мен сәулесі мол түсетін бұл өңірде ауаның орташа температурасы 10°С-ден жоғары болатын кезең 180-190 күн. Оңтүстікте жауған жауын-шашынмен салыстырғанда буланудың мөлшері 5-10 есе артық болатындықтан, еккен егінді қосымша суару қажет.

Қазақстанның ауа райында болып тұратын құбылыстар:



Найзағай. Республика жерінде найзағайдың жарқылдауы жылдың жылы маусымындағы жауын-шашынның географиялық таралуына тығыз байланысты. Қазақстанның солтүстігінде оңтүстігіне қарағанда найзағай жиі жарқылдайды. Іле Ала-тауы, Жоңғар Алатауы және Алтай тауларында найзағайдың жарқылдауы көктем, күз айларында, тіпті ауа райының өзгеруінен қыс кезінде де байқалады. Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш маңында найзағай ойнауы сирек. Шөл және шөлейт аймақтарда тек көктем кезінде ғана найзағай жарқ-ылдап, шақпақ шағады.

Бұршақ. Республика жерінде бұршақ жыл бойында 1-3 рет, таулы аудандарда 5-6 ретке дейін жауады. Іле Алатауы бұршақтың ең көп түсетін жері. Жауын-шашын аз жауатын шөл және шөлейт зонада бұршақ өте сирек түседі. Бұршақ көбіне жылы мезгілдерде жауады.

Тұман. Республикамызда тұман атмосфера циркуляциясы ерекшелігі мен жергілікті жердің географиялық жағдайларына тығыз байланысты. Еліміздегі тұман жиі түсетін жерлер Іле Алатауы мен Мұғалжар тауы, бұл жерлер жылдың 70-100 күні тұманды болып тұрады. Тұман негізінен күн салқын кездерде түседі.

Көктайғақ. Шаруашылыққа көп зиян келтіретін ауа райы құбылыстарының бірі — көктайғақ. Тұман түсіп, жаңбыр жауғаннан кейін ауаның температу­расы — 3°С-ге төмендеген кезде жердің беті қатып, көктайғақтанады. Көктайғақ еліміздің солтүстік және шығыс бөлігінде сирек болады, онда қатқан мұздың қалыңдығы 5 мм-ден аспайды. Ал батысы мен оңтүстік аймақтарда (Сырдария, Жайық, Жем алаптарында) қатқан көк мұздың қалыңдығы 10-15 мм-ге дейін жетеді, ал Ұлытау, Қаратау баурайында мұз қалыңдығы 20 мм-ге жетіп, мал шаруашылығына қолайсыздық туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет