Бақылау сұрақтары:
1. Алғаш рет экология деген ұғымды ғылымға қай елдің ғалымы ұсынды?
2.Арал тартылып қаншаға бөлінді.
3. Табиғат ресурстары қаншаға жіктелді
4. Қазақстанның жер көлемі жан басына шаққанда дүние жүзінде нешінші орында.
5. Ластанған суды қандай жолдармен тазартады.
Лекция №25
Тақырыбы:Шығыс Еуропа жазығы және Орал тауы аймағы
Жоспар:
1.Шығыс Еуропа жазығы және Орал тауының географиялық орны,геологиясы
2.Пайдалы қазбалары,климаты
3.Сулары,өсімдік, жануарлар дүниесі
Лекцияның мақсаты:
Шығыс Еуропа жазығы дүние жүзіндегі аса ірі жазықтардың бірі.Жазықтың географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары,климаты, ішкі сулары,өсімдікткр мен жануарлар дүниесін толық түсіндіріу.
Лекция мәтіні:
Географиялық орны. Шығыс Еуропа жазығы дүние жүзіндегі аса ірі жазықтардың бірі. Қазақстан жеріне Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі ғана еніп жатыр. Шығыс Еуропа жазығы Еуропа материгінің шығыс бөлігін түгелдей алып жатқандықтан және ежелден орыс жері болғандықтан, кейде Орыс жазығы деп те аталады. Қазақ жеріндегі Шығыс Еуропа жазығы шығысында Мұғалжар тауымен, оңтүстік-шығысында Үстіртпен, оңтүстігінде Маңғыстаумен шектеседі. Шығыс Еуропа жазығына Жалпы Сырт, Елек, Жайық, Жем өзендері алабы, Каспий маңы ойпаты кіреді.
Геологиялық құрылысы, жер бедері және пайдалы қазбалары. Шығыс Еуропа жазығының жер бедерінің жазық болып келуі оның ежелгі платформалық геологиялық құрылысына байланысты. Шығыс Еуропа жазығы платфор-масының негізгі кембрийге дейінгі дәуірдегі метаморфоздық жыныстары (гнейс, кварцит, кристаллы тақтатас, мәрмәр) мұнда 3000 метрден аса тереңде және палеозой, мезозой жөне кайнозой эралары шөгінділерінің астында жатыр. Пермь дәуірі жыныстарының үстін триас, юра, бор және палеоген дәуірі тұнбалары басқан. Палеогеннің соңында үлкен аумақты қамтыған орогендік қозғалыстар кезінде ойпат төмен түсіп, оның үстін теңіз басқан. Орогендік қозғалыстарға байланысты Каспий маңы ойпатында ерекше құрылымдар - тұз күмбездері пайда болған. Шығыс Еуропа жазығы Қазақстан жерінде солтүстіктен оңтүстікке қарай абсолюттік биіктігі 200 метрден Каспий маңы ойпатында — 29 метрге дейін төмен-дейді. Каспий теңізі жағалауында Жем өзенінен батысқа қарай ендік бағытта созылып жатқан «бэр» төбешіктері бар. «Бэр» төбешіктерінің биіктігі 10—-45 метр, ені 200—300 метр, ұзындығы кейде 26 км-ге жетеді. XIX ғасырда ең алғаш рет орыс ғалымы К. М. Бэр зерттегендіктен соның есімімен аталған. Бірақ осы уақытқа дейін ғалымдар бұл төбешіктердің пайда болу себептерін әр түрлі түсіндіреді. Жер бедерінің көпшілік бөлігін Нарын, Тайсойған, Каспий маңы Қарақұмы алып жатыр.
Пайдалы қазбалары. Шығыс Еуропа жазығы пайдалы қазбаларға өте бай. Жер қойнауында мұнай мен табиғи газдың мол қоры бар. Натрий, калий тұздары кен орындары, гипс және әр түрлі құрылыс материалдары қоры барланған. Мұнай мен газ кен орындары Жем, Теңіз, Қарашығанақ бассейн-дерінде тұз күмбездері тараған жерлерден табылған. Жем кен орнынан ең алғаш мұнай 1911 жылы өндірілген. Теңіз мұнай бассейні қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының бірі.
Климаты. Шығыс Еуропа жазығының климаты Қазақстан жеріндегі бөлігіне қарағанда континентті келеді.
Өзендері мен көлдері. Жайық өзені Орал тауынан басталып Каспий теңізіне құяды. Оның жалпы ұзындығы 2534 км. Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Негізінен қар суымен қорланады. Сондықтан көктем айларында су деңгейі 3-тен 9 метрге дейін көтеріліп, арнасынан шығып 10—12 км-ге дейін жайылады, су тасқыны 1—1,5 айға созылады. Жайық өзенінің бірнеше салалары бар, олардың көбі қуаңшылық жылдары суы Жайыққа жетпей, құрғап қалады да, тек сол саласы — Елек пен он саласы — Шаған өзендері құяды. Жем өзені Мұғалжар тауынан басталып, Каспий маңы ойпатын бойлай ағып, теңізге құяды. Қуаңшылық жылдары суы теңізге жетпей тартылып қалады. Қар суымен қорланады. Суы кермек, ауыл шаруашылығы дақылдарын суарумен қатар, мұнай кәсіпорындарын сумен қамтамасыз етеді.
Ойыл өзені Орал тауының оңтүстік-батыс беткейінен басталады. Ұзындығы 800 км. Бұрын Жайық өзенінің бір саласы болған. Қазір суының аздығынан оған жетпей тартылып қалады. Көктемде тасиды, кей жылдары суы тасыған кезде деңгейі 10 метрге дейін көтеріледі
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Каспий маңы ойпатының өсімдіктер түрі сирек, көбіне аласа, тамыр жүйесі күшті дамыған қара, ақ жусан, бетеге, ақ селеу, қоңырбас, кермек, жыңғыл еседі. Жер асты суы жақын жатқан жерлерде бұталар, ақ терек, көк терек, қара тал, жиде шығады.
Қазақстан жеріне Орал тауының тек оңтүстік бөлігі ғана кіреді. Орал тауының жалғасы болып саналатын Мұғалжар тауы солтүстік пен оңтүстікке қарай 400 километрге созылып жатыр.
Геологиялық құрылысы, жер бедері және пайдалы қазбалары. Орал — абсолюттік биіктігі 500-600 метрден аспайтын аласа тау.
Онша биік болмаса да әр түрлі сыртқы күштердің әсерінен таудың шыңдары сүйірленіп біткен. Олардың батыс бөлігі таулы болып келсе, шығыс бөлігі біртіндеп жазыққа айналып, Торғай үстіртіне жалғасады. Орал тауы герцин тау түзілу кезінде қалыптасқан. Негізінен жоғары палеозой эрасында пайда болған құм, тас, тақта тас, негізді және қышқылды жанартаулық тау жыныстарынан құралған. Кей жерлерінде әктас пен кремнийлі жыныстар да кездеседі. Олардың қалыңдығы 3000-5000 метрге жетеді.
Мұғалжар тауы кембрийге дейінгі дәуір және палеозой эраларының кварциттері мен кристаллы тақтатастарынан, гнейстерінен, гранит пен көмірінен түзілген. Ең биік жері — Үлкен Боқтыбай (657 м). Солтүстіктен оңтүстікке қарай тау екіге: батыс және шығыс жотаға бөлінеді. Бұл жоталардың ені 15-20 км, оларды аласа төбелі Алабас қазаншұңқыры бөліп жатыр.
Жер қойнауынан алтын, алюминий, молибден, мыс рудалары, мұнай асбесті, құрылыс материалдары өндіріледі. Әсіресе, Мұғалжар тауының солтүстігінде орналасқан Дөң хромит кенішінен өте сапалы кен ендіріледі. Кемпірсай кенішінен өндірілген хромит рудасының сапасы дүние жүзінде алдыңғы орында, одан корытылған ферроқоспа 1985 жылы Халықаралық көрмеде алтын медаль алды.
Орал тауының геологиялық құрылысы күрделі. Осы тау арқылы Еуропа мен Азия материгінің арасындағы су айрық сызығы өтеді. Суайрық жоталары ең ежелгі (протеорозой) кристалды тақтатастарынан түзілген.
Климаты, өзен көлдері. Орал және Мұғалжар тауларының климатының өзімен іргелес жатқан жазықтардың климатынан айырмасы шамалы. Оның басты себебі тау жүйесінің ені мен биіктігінің аласалығына байланысты. Қазақстан жеріндегі Орал тауының климаты қыста да, жазда да жоғары қысымды қоңыржай ендіктегі щұғыл континентті климат. Жазы +38°С-ге дейін ыслық, ал қысы — 40°С-ге дейін аязды болады. Жазы ашық, тек кейде ғана өткінші нөсер болып, күн қатты күркірейді, ал қысы сықырлаған аязды, буырқанған боран жиі болып түрады. Жауын:шашынның жылдық мөлшері оңтүстігінде 150-200 мм, солтүстігінде 300 мм-ге дейін жетеді. Климатының құрғақтығына байланысты өзен, көлдері аз. Мұғалжар тауынан соғатын Мұғалжар желі бар. Ол оңтүстік-шығыс бағытта 20—30 м/сек жылдамдықпен кейде, 50 м/ сек-қа жететін қатты дауыл түрінде оңтүстік-батыс бағытта соғады. Мұғалжар тауының батыс бөктерінен Жем, Ор өзендері, шығыс бектерінен Ырғыз өзенінің оң салалары басталады.
Орал тауынан Жайық, Өлеңті, Қалдығайты, Жақсыбай өзендері бастау алады. Бұл өзендердің біразы жазда тартылып қалады. Мұғалжар маңында жер асты тұщы суының мол қоры бар. Жер асты суының ғасырлық қоры 700 млрд. м3 жетеді. Қазір жер асты суын ауыл шаруашылығына пайдалануда.
Топырағы, өсімдік пен жануарлар дүниесі. Мұғалжар тауының солтүстігінің тастақты шым топырағында селеу, бұйырғын, оңтүстігіндегі жазық далалы шөлейтті өңірінде жусан, қараған, т.б. еседі. Өзен аңғарларында терек, емен, тал, солтүстігінде қайыңды ормандар өседі. Жабайы аңдардан қасқыр, ақбөкен, түлкі, қоян, қарсақ, бұлан, жабайы шошқа, сарышұнақ, аламан, құстардан безгелдек, үйрек, қаз, аққу кездеседі. Сортаңды жерлері де бар. Орал, Мұғалжар тауының құрғақ дала ландшафтары мал жайылымы ретінде пайдаланылады. Бершоғыр тау аралық жазығында егістікке жыртылған жерлерде, жаздық бидай, тары, картоп егіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. «Бэр» төбешіктерінің биіктігі қанша?
2.Шығыс Еуропа жазығының климаты қандай?
-
Ойыл өзенінің ұзындығы қанша
-
Мұғалжар тауынан соғатын желіді ата
5. Орал тауынан бастау алатын өзендер.
Лекция №26
Тақырыбы:Солтүстік Қазақ жазығы мен Қазақтың қатпарлы даласы. Тұран жазығы
Жоспары:
1.Географиялық орны,геологиясы
2.Пайдалы қазбалары
3.Климаты,сулары,өсімдік жануарлар дүниесі
Лекцияның мақсаты:
Батыс Сібір жазығы аса ірі жазықтардың бірі.Жазықтың географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары,климаты, ішкі сулары,өсімдіктер мен жануарлар дүниесін толық түсіндіріу
Лекция мәтіні:
Географиялық орны. Батыс Сібір жазығы — Еуразия материгіндегі ірі жазықтардың бірі. Қазақстан жеріне Батыс Сібір жазығының оңтүстік бөлігі ғана енеді. Ол республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігінде Орал тауының шығыс жағынан Алтай тауына дейін ені 200— 250 км, Ертіс өзені бойында 300 километрге дейін алқап болып созылып жатыр. Оңтүстігінде қазақтың;ұсақ шоқысы орналас-қан.
Жер бедері. Геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары. Батыс Сібір жазығының жер бедері Шығыс Еуропа жазығының жер бедеріне қарағанда тегіс, абсолюттік биіктігіндегі айырмасы шамалы.
Батыс Сібір жазығы бетінің тегіс болуы, оның геологиялық құрылысы даму ерекшелігіне байланысты. Герцин тау түзілу процесі тоқтаған кезде Батыс Сібір жазығында тау түзілу процесі аяқталған. Кейіннен биік таулары мүжіліп тегістеліп, Батыс Сібір плитасының іргесі төмен түсіп, үстін су басып, ежелгі теңіздер пайда болған. Сондықтан да қазіргі Батыс Сібір жазығының негізгі плитасының үстінде триас, юра, бор және палеоген дөуірлерінің шөгінді жыныстарының қалың қабаттары жатыр.Кайнозой эрасында теңіз тартылып, құрлыққа айналған казіргі Құлынды даласындағы шөгінді жыныстардың қалыңдығы 3000 м.: Төрттік дәуірде жазықтың солтүстігін мұз басып, кейіннен мұз еріп қазіргі жер бедері қалыптасқан.
Батыс Сібір жазығының Қазақстан жеріндегі жер бедерінің абсолюттік биіктігі 100—200 метр, оңтүстікке қарай біртіндеп 300—400 метрге дейін көтеріліп, Қазақтың ұсақ шоқысына жалғасады. Жалпы Батыс Сібір жазығы пайдалы қазбаларға өте бай. Қазақстан жерінде Қашар, Соколов-Сарыбай темір кеніштері мен әр түрлі құрылыс материалдарының мол қоры ашылды.
Климаты. Қазақстан жеріндегі Батыс Сібір жазығының климаты континентті, қысы суық, жазы жылы. Қаңтар айындағы орташа температурасы — 18,5°С. Қардың қалың-дығы 30—50 см. Шілдеде орташа температура +18°С. Жылдық шауын-шашын мөлшері 200—300 mm. Қыста ауа райының қалыптасуына арктикалық ауа массалары көбірек әсер етеді. Өзендері мен көлдері. Батыс Сібір жазығы жер беті суына бай. Өзендерінің көпшілігі Обь өзеніне құяды. Оңтүстігінде ішкі ағын аймақтары бар. Кішігірім өзендер мұнда тұйық көлге құяды немесе дала төсіндегі жарықтарға сіңіп кетеді. Қуаңшылық жылдары мұндай өзендер жазда кеуіп тартылып қалады да, ал қыста көбінесе түбіне дейін қатып қалады. Бұл жазықтықта ағатын ең үлкен өзен — Ертіс. Оның суы мол, орта және төменгі ағыстары жазық жермен ағады. Ертіс еліміздің шекарасынан тыс жерден басталып, Обь өзеніне барып құяды.
Есіл, Тобыл өзендерінің арнасы палеогендік жөне неогендік дәуірдегі шөгінді жыныстардан құралған. Есіл мен Тобыл өзендері бастауын қазақ жерінен алып, Ертіске республика жерінен тысқары барып құяды.Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері суының мол болатын кезі — көктем, аз болатын кезі — қыс айы.
Көлдердің ішіндегі ірілері - Сілетітеңіз, Құсмұрын, Шағалалы теңіз, Теке, Қызыл қақ, Жалаулы, т.б.
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі. Батыс Сібірдің Қазақстан жеріндегі бөлігі орманды дала аймағынан, басталып, оңтүстігі дала аймағына ұласады. Жануарлардан - бұлан, елік, қасқыр, түлкі, қарсақ, қоян, сарышүнақ, аламан; құстардан — шіл, тоқылдақ, үйрек, қаз, т.б. мекендейді.
Сарыарқа республикамыздың орталық және шығыс бөлігін алып жатыр. Жер бедерінің сыртқы көрінісіне қарап кейде оны Қазақтың ұсақ шоқысы деп те атайды. Сарыарқа солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көліне дейін, батысында Торғай үстіртінен басталып, шығысында Тарбағатай тауы мен Зайсан көлдеріне дейін 1200 км аумақты алып жатса, ал солтүстіктен оңтүсікке қарай батыс бөлігінде 900 км-ге шығысында 400 км-ге созылып жатыр. Жалпы ауданы 1 млн. км2 шамасында.
Геологиялық құрылысы мен жер бедері. Пайдалы қазбалары. Сарыарқаның батыс және солтүстік-батыс бөлігі каледон, шығыс бөлігі герцин тау түзілу кезеңінде қалыптасқан.
Бірақ герцин тау түзілуі тоқтағаннан кейін, сол кезде пайда болған биік таулар мүжіліп, мезозой эрасы кезінде белесті, қыратты, ұсақ шоқылы,деңесті өңірге айналған. Сарыарқа негізінен палеозой эрасындағы метаморфоздалған тақтатас, кварцит, құмтас, әктастардан түзілген. Сонымен қатар гранит, диорит, габро сияқты тау жыныстары да көп кездеседі.
Сарыарқаның жер бедері шоқыаралық ойпаңдармен, өзен аңғарларымен, құрғақ өзен арналарымен, жыра-сайларды куалап жер бетіне шығып жатқан ыза суымен, тұйық ойыстармен, көл қазан-шұңқырларымен алма кезек ауысып отырады. Берік тау жыныстары жартас, ретсіз шашылып жатқан тас үйінділері және қорымтас күйінде жер бетіне шы-ғып жатады. Сарыарқаның шығыс бөлігінде биіктік белдеулік байқалатын аласа таулар бар. Олар: Үлкен Қарақуыс (1342 м), Кешубай (1559 м), Қоңыртемірлі (1369 м), Қарқаралы (1403 м), Кент (1469 м), Жақсы Абыралы (1300). Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң тауы (1565 м) Қарқаралы тау жүйесінде орналасқан.
Сарыарқа пайдалы қазбаларға өте бай өлке. Қарағанды көмір кен орнынан өндірілетін тас көмір коры сапасының жоғарылығы жағынан Сарыарқаны әлемге әйгіледі. Сарыарқаның метаморфтанған палеозойлық тау жыныстарынан мыс, темір, марганец рудалары өндіріледі. Олар Жезқазған, Қарсақбай, Атасу, Атбасар, Саяқ, Қоңырат, т. б. кен орындарынан табылған. Мұнда 20 шақты жанартаулы, тұнбалы мыс кені (Жалғызтөбе, Жетімшоқы, Қызылшоқы, Қошақонған, Қызылөгіз, Көктал, Көктасжал, Сарыадыр, Алтынтөбе, т. б. кен орындары және 25-тен астам құрамында мысы бар кен орындары ашылды. Сарыарқада басқа да қазба байлық түрлері бар. Олар: Жалайыр бариті, 20-дан астам әктас кені, Торғай, Кентобе полиметалл, Жәйрем, Ақадыр сирек металл рудаларының кен орындары. Алтын, күміс, қалайы шығатын кен орындарымен қатар, әлі де қоры толық зерттелмеген кен орындары аз емес.
Климаты және өзен-көлдері. Климаты шұғыл континентті және қуаң келеді.Шілде айында ауаның орташа температура-сы + 19°С, +24°С, кей күндері +42°С, +44°С-ге жетеді. Қаңтарда — 14°С, — 18°С, кей күндері аяз — 45°С-ге барады. Солтүстігінде жауын-шашынның жылдық түсу мөлшері 300 мм, тау жоталарында 350-390 мм болса, ал оңтүстігінде 150 мм, кей жылдары одан да аз жауады. Ауасы құрғақ, ылғал аз түсетіндіктен өзендері таяз, көбі жазда тартылып қалады.
Есіл, Нүра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Тоқырау, Аягөз өзендері қар суымен қорланады, көктемде тасиды. Тұщы су қоры тапшы болғандықтан, Ертіс — Қарағанды каналы салынған. Сарыарқада көл көп, бірақ көбінесе суы ащы, тұзды келеді. Нүра өзені құятын Қорғалжын көлі мен Көкшетау аумағындағы көлдер — Бурабай, Шортанды, Шарбақтының сулары тұщы болып келеді.
Өсімдігі мен жануарлар дүниесі. Сарыарқаның солтүстігінде қара топырақты және қоңыр-қызғылт топырақты дала аймағында бетеге, селеу, т. б. өсімдіктер қалың өседі. Оңтүстік бөлігінде бозғылт-қызғылт және қоңыр топырақты өңірде жусан, сораң шығады. Таулы, қыратты, жоталы жерлерінде өсімдіктердің биіктік аймақтарына сәйкес таралуы айқын байқалады.
Кристаллы тау жыныстары жер бетінен шығып жатқан Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы және т.б. тауларда қарағай және қарағайлы қайың ормандары, жиһаз бен жер асты құрылыс материалдарына пайдаланылатын қандыағаш та осы өңірде өседі.
Жануарлар дүниесінен бөкен, сарышұнақ, қасқыр, түлкі және шөл жануарлары көп, қарағайлы орманда бұғы, елік және т.б. аңдар мекендейді. Көлдерінде көптеген су құстары ұшып келіп, ұя салып, балапан ұшырады.
Табиғат ресурстары. Сарыарқаның құнарлы қара және қоңыр қызғылт топырақты өңірі тың көтеру кезінде игеріліп, қазір астықты алқапқа айналды. Шөл және шөлейт жерлері мал жайылымына, әсіресе қой шаруашылығын дамытуға қолайлы. Сарыарқаның оқшау тұрған тастақты аласа тауларының мыңдаған жылдық үгілуі әсерінен тастар мүжіліп неше түрлі пішіндер (Жалмауыз кемпір, Жұмбақ тас, Қарқаралыдағы тас құрбақа, Оқжетпес, т. б.) пайда болған, табиғаты әсем жер-лер.
Сұлу Көкшенің тау-тасына дейін аңызға айналып халқымыздың мақтан түтуы тегін емес. Бурабай аймағының суы бал, ауасы шипа деуге болады. Онда курорт, емдеу орындары салынған. Бурабай 1939 жылы Нью-Йоркте өткен халықаралық көрмеде, жүлделі орынға ие болған. Сарыарқа өңірінің әсем табиғатын қазақтың талай ақын-жазушылары әңгімелеріне арқау етіп келеді.
Үстірт Арал теңізінің батысынан Маңғыстау түбегін қоса алып жатқан дөңес жер. Оның жан-жағының бәрі тік жарлы жарқабақтармен шектелген. Жер қабаттарының абсолюттік биіктігі ондаған метрден 300 м аралығында. Үстіртте тұщы су жоқтың қасы, халық өте сирек тұрады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа дейін 600 км-ге созылып жатқан бұл үстірттің ені 300—400 км, ауданы 200 мың км2. Ең биік жері Мұзбел м) Тұран ойпатында орналасқан.
Геологиялық құрылысы. Тұран ойпатының геологиялық құрылысына ұқсас. Үстірттің солтүстік-батыс бөлігі ғана Қазақстан жеріне қарайды, қалғаны Қарақалпақ жерінде, Үстірт Арал теңізінің батыс жағалауына тік жар жасап құлайды. Үстірттің шығыс бөлігі Арал теңізінің сол-түстігіндегі Үлкен Борсық құмына дейін созылады. Үстірт бірнеше жонға бөлінген. Жондар арасында сор басқан ойпат жерлер бар. Олар - Қаратүлей, Жауынқұдык, Амантай-Матай, Қосбүлақ ойыстары.
Пайдалы қазбалары. Үстірттің шығыс, орталық және оңтүстік бөлігінде әктас пен гипстің суда еруіне байланысты пайда болған әр түрлі үңгірлер бар-. Олардың ұзындығы 5—25 м, тереңдігі 1—5 м. Бұлардың ішіндегі ең үлкендері Балаұйық және Өтебай үңгірлері. Үстіртте мұнай мен газдың қоры ашылды.
Климаты. Үстірт аймағы өте құрғақ, түсетін жылдық жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ден сәл ғана асады. Жауын-шашын көбінесе көктем айларында жауады. Жаз айларында жауын-шашын болмайды. Қыста қар үнемі түсе бермейді. Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілде айында орташа температурасы +25°С, +28°С. Кейде +40°С, одан да жоғары болады. Желі күшті және ұзақ тұрады.
Үстіртте тұщы өзен, көл жоқ, алайда 450—500метр тереңдікте төменгі бор және юра құмды шөгінділерінде жер асты суының негізгі қабаттары бар. Үстірттің солтүстік бөлігінде 5—50 метр тереңдікте тұщы немесе сәл ғана түзды (0,3—5г/л) су қабаттары бар. Ол жерлерде қазылған артезиан құдықтарынан тәулігіне 350—500 м3 су шығады.
Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгере бастайды. Солтүстігінің сұр қоңыр топырағында жусан, бұйырғын, сораң, т. б. шөптесін өсімдіктер сирек өседі. Оңтүстігіндегі ойыс ойпатты жерлерде сарсазан, баялыш, қара сексеуіл тоғайлары кездеседі. Құмды өңірінде теріскен, жүзгін, еркекшөп өседі.
Жануарлар дүниесінен бауырымен жорғалаушылар, тышқан, қоян, бөкен, қарақүйрық, мекендейді. Үстірттің табиғатына ұқсас жерді әлемнің басқа бөлігінен табу қиын. Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан ғажайып жер бедері мен табиғат байлықтарын қорғау мақсатында 1984 жылы Үстірт мемлекеттік қорығы ұйымдастырылды.
Үстіртті көктемде, жазда, күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады.
Торғай үстірті. Торғай үстірті Тұран ойпатының солтүстігінде жатыр. Торғай төрткүл өлкесінің құрамына кіретін Торғай үстірті көлбеу немесе еңістеу жатқан, палеоген дөуірінде түзілген құмтастар мен саз қабаттардан тұрады.
Палеоген дәуірінде Торғай майысуы түгелдей Сібір мен Торғай теңіздерін қосып жатқан үлкен бұғаз болған.
Қазіргі Торғай үстірті майысқан платформа. Оның үстін қалыңдығы 500 метрге дейін жететін кайнозой шөгінді жыныстары басып жатыр. Құрлықтың ірі тектоникалық майысуларының бірі — Торғай қақпасы. Оның ұзындығы 600 км, ені 30 км. Топырағы күңгірт қызыл қоңыр, аздап сортаң топырақ кездеседі. Үстіртте жусан, бетеге, сораң өседі. Климаты тым континентті, қысы суық, желді,боранды, жазы қоңыржай, желді. Ауаның температурасы қыста —48°С-ге дейін төмендейді, жазда +48°С-ге дейін көтеріледі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200—300 мм шамасында, қардың қалыңдығы 30 см. Торғай үстіртінде құрғақ далалы және шөлейтті ландшафтар тараған. Дала аймағының жусанды, изенді өсімдіктері өседі. Жерінің 25 пайызы егістікке жарамды.
Жем үстірті. Жем үстірті Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар тауының аралығында жатыр. Солтүстігінде Жалпы Сырттың оңтүстік бөлігімен жалғасады. Жем үстіртінің орташа биіктігі 300 метрдей. Солтүстіктен оңтүстікке карай біртіндеп төмендейді. Жем үстірті бор мен төменгі кайнозой эрасы сазынан, гипсті фосфориттен, құмнан мергельден тұрады. Климатының ылғалдылығы мен өзен арналарының жиілігінен жер бедері тілімделген. Жем үстіртінен Жем, Сағыз, Ойыл өзендері бастау алады.
Жалпы Сырт. Жалпы Сырт Орал тауының батысында Жем өзенімен екі ортада жатқан таулы қырат. Қазақстан жеріне оның солтүстік бөлігі ғана кіреді. Жалпы Сырт юра мен бор дәуірінің жыныстарынан құралған. Жалпы Сырттың қазіргі жер бедері төменгі кайнозой эрасы кезінде болған көтерілу мен ағын судың эрозиялық әрекетінен пайда болған. Сондықтан Ресей жерінде жатқан Жалпы Сырттың жер бедері қатты тілімделген. Жалпы Сырттың биік жері Ресей аумағында. Одан Жайық өзенінің көптеген салалары бастау алады.
Бетпақдала.
Сарыарқаның оңтүстігінде орналасқан шөлейтті өңір.
Ол батысында Сарысу өзенінен бастап шығысында Балқаш көліне дейін 500 километрге, солтүстіктен оңтүстікке Шу өзенінің аңғарына дейін 300 километрге созылып жатыр. Бетпақдаланың орташа биіктігі Үстірт сияқты 300-350 метр. Тебесі тегіс, кейде белесті болып келеді. Жер бедерінің абсолюттік биіктігі солтүстік шығысында 500-600 метрден оңтүстік-батысқа қарай 200-250 метрге дейін аласарады. Ең биік жері — Жамбыл тауы (974 м^
Бетпақдаланың оңтүстік-батыс бөлігі аз тілімделген, негізінен палеогендік теңіз және континенттік шөгінді жыныстармен қатар құмтастан, саздан түзілген. Солтүстік-шығыс қыратты бөлігі төменгі палеозой эрасында пайда болған тақтатас пен магмалық тау жынысынан түзілген. Солтүстік-шығыс бөлігінің жер бедері бұйратты, дөңесті, тегіс жерлер дөңесті жерлермен алмасып отырады. Жалпы Бетпақдаланың бұл бөлігі кершілес жатқан Сарыарқаның табиғатына ұқсас келеді. Бетпақдаланың шығыс бөлігінде девон дәуірінде» пайда болған тау жыныстарында 100-ден аса молибден мен висмутты минералдардың кен орны ашылды.
Климаты. Өзен, көлдері, өсімдік және жануарлар дүниесі. Климаты шүғыл континентті. Жазы ыстық, құрғақ; қысы суық, қардың қалыңдығы 10— 15 см-ден аспайды. Ең суық айы — қаңтар. Ауаның каңтардағы орташа температурасы — 12°С, — 14°С, кейбір күндері — 46°С-ге дейін төмендейді. Ең ыстық айы — шілде. Ауаның шілдедегі орташа температурасы +24°С, +26°С, кей күндері +46°С-ге дейін ысиды. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-150 мм. Жер бетінде ағын су жоқтың қасы, cop немесе ащы, тұзды көлдер кездеседі.
Жер асты суының өте мол қоры бар. Жер асты суы девон мен карбон дәуірлерінің шегінді жыныстарына жиналған. Сулы қабаттың қалыңдығы 20-60 м. Жер асты суымен жайылымдар суландырылады. Қазір Бетпақдалада 2000-нан астам құдық бар.
Бетпақдаланың сортаң, тақырлы жерлері көп. Балқаш көлі маңында, жер асты суы жердің бетіне жақын жатқан аймақта, шалғындар мен құм төбелері арасында құрғақ, арналарды бойлай жыңғыл, тораңғыл өседі. Сарысу мен Шу өзендерінің аңғарларындағы төбелі, жалды құмдарда сексеуіл, теріскен, еркекшөп өседі. Оңтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы жерлерінде арқар, елік, қасқыр, түлкі; жазық жерлерінде ақбөкен, сарышұнақ, аламан, жылан, дуадақ, құр, т.б. мекендейді. Бетпақдала өңірі жайылым ретінде пайдаланылады. Бетпақдала жануарлар дүниесін (фаунасын) сақтау үшін ауданы 25 мың гектар Бетпақдала қорықшасы ұйымдастырылған.
Географиялық орны. Тұран жазығы (кейде ойпаты деп те аталады) Еуразия материгінің орталык бөлігінде орналасқан үлкен жазык. Қазақстан жеріне Тұран ойпатының солтүстік бөлігі ғана кіреді. Жартысынан көбі Қазақстан жерінен тысқары жатыр. Тұран жазығы Қазақстанның оңтүстік батысында орналасқан. Солтүстігінде Мұғалжар және Оңтүстік Орал, Торғай үстіртін, солтүстік-шығысында Сарыарқа мен Тянь-Шань тауының етегін, ал батысында Каспий теңізіне дейінгі алқапты алып жатыр. Солтүстігінде Торғай қақпасы арқылы Батыс Сібір жазығымен жалғасады.
Жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары. Тұран жазығының жер бедері Батыс Сібір жазығына қарағанда әркелкі, батысында теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия (-132 м.), Қауынды (-57 м), Қарынжарық (-70 м) сияқты ойыстар бар болса, ал шығысында Қызылқұм шөлі жатыр. Арал теңізінің батысында абсолюттік биіктігі 200—300 метр Үстірт қыратты жазығы орналасқан. Тұран жазығының ежелгі іргетасын палеогендік, неогендік және төрттік дәуірдің тұнба жыныстары құрайды. Кейбір жерлерінде оның қалыңдығы 5000 метрге жетеді. Қазіргі жер бедері саз балшықтардан, саздауыттардан, құмды және құмайты тау жыныстарынан құралған.Тұран ойпаты жан-жағынан құмды шөлдермен қоршалған.Қазақстан жерінде Тұран ойпатын Сырдария өзені екіге бөледі. Сырдарияның оңтүстігінде Қызылқұм,солтүстігінде Үлкен Кіші Борсық, Арал бойындағы Қарақұм шөлдері орналасқан.Қызылқұм шөлінің жер бедерінде құм төбелермен қырқалар басым, олардың аралығында тақырлар кездеседі.Арал бойындағы Қарақұм, Үлкен Кіші Борсық құмдарының кей жерлерінде көшпе құмдар — шағылдар да кездеседі. Соңғы жылдары Арал теңізі суының тартылуына байланысты Арал маңы экологиялық апатты аймаққа айналып отыр. Тұран жазығы пайдалы қазбаларға, мұнай мен газға, құрылыс материалдарының қорына бай. Олар Маңғыстаудың ұлутасы, темір, мыс, фосфорит, марганец кендері. Әсіресе, Тұран ойпатынан тұз мол өндіріледі.
Климаты. Тұран жазығының климаты шұғыл континентті. Жазы ыстық, қысы суық, жылдық жауын-шашын мөлшері 80—100 мм. Жауын-шашынның көбі көктемде жауады. Қаңтардағы орташа температура -4°С, кейбір күндері —30°С дейін жетеді. Шілдедегі орташа температура +30°С-ге, ал солтүстігінде +26°С. Қардың түсуі біркелкі емес.
Өзендері, көлдері және жер асты суы. Тұран жазығы өзенге бай емес. Ең үлкен өзендері — Сырдария мен Әмудария бастауын Қазақстаннан тыс-қары жерден алады да, жолшыбай суының көбін ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға алып
қойғандықтан, құяр сағасында суы азайып, кей жылдары Арал теңізіне жетпей, жерге сіңіп кетеді.
Тұран жазығында тұщы су проблемасын ғалымдар жер асты суын игеру арқылы шешуді ұсынып отыр. Қазір жер асты суының мол қоры табылды. Жауын-шашыны аз.
Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Тұран жазығында солтүстіктен оңтүстікке дейін бірнеше табиғат зонасы ауысады. Солтүстік бөлігінде дала зонасы күңгірт кызыл қоңыр топырағында бетегелі-жусанды дала Өсімдіктері өседі.
Тұран жазығының солтүстігі — республикамыздың ірі астықты ауданы. Шөл және шөлейт зонасы қамтитын бұл аймақты сазды, құмды шөлдер алып жатыр.
Жануарлар дүниесінен шөлді зонаға тән түрлер кездеседі.
Бақылау сұрақтары:
1. Батыс Сібір жазығы бетінің тегіс болу себептері
2.Тұран ойпатындағы ең төменгі жер қайсы?
3. Батыс Сібір жазығының Қазақстан жеріндегі жер бедерінің абсолюттік биіктігі қанша?
4.Тұран ойпатын екіге бөлетін өзен.
5. Тұран жазығының өзендерін ата
Лекция №27
Тақырыбы: Қазақстандық Алтай таулы аймағы
Жоспары:
1.Алтай тауының географиялық орны, жер бедері
2.Климаты.өзен, көлдері
3.Өсімдігі, жауарлар дүниесі
Лекцияның мақсаты:
Қазақстандық Алтай таулы аймағы оның геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары. Климаты,өзендер, таудағы мұздықтары, торырағы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және қорықтар туралы жалпы түсінік берілді.
Лекция мәтіні:
Алтай тауы солтүстік батысында Батыс Сібір жазығынан оңтүстік шығысында Гоби шөліне дейінгі аралықта жатқан ірі тау жүйесі. Алтай таулы өлкесінің Қазақстанға оңтүстік-батыс бөлігі ғана кіреді.Обь, Ертіс, Енисей өзендерінің суайрығы болып келетін Алтай тауы, түркі, монгол тілдерінде «алтан» — «алтын» деген мағынаны білдіреді.
Геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары. Бүкіл Алтай тау жүйесі сияқты оның қазақстандық бөлігі де герцин тау түзілісі кезінде пайда болтан. Кайнозой эрасында болған жарылыс әсерлерінен жоталарға және тау аралық ойыстарға тілімделген. Қазір альпі типтес жер бедері пішініне жатады. Қазақстан жеріндегі тау жоталарының көпшілігінің биіктіктері 3000-3500 метрден асады. Алтай тауын Оңтүстік Алтай, Орталық Алтай немесе Кенді Алтай жөне Қалба деп үшке бөлуге болады. Ең биік шыңы Мұзтау 4506 метр. Алтай тауы негізінен палеозой эрасының шөгінділері мен метаморфты жыныстарынан түзілген.Кембрийге дейінгі дәуірдегі кристаллы тақтатас Қатын жотасының негізін құрайды. Кембрий дәуірінің әктасы, саздақты тақттасы, ордовик дәуірінің туф шөгінділері және силур дәуірінің күмтасы мен туфтары кездеседі.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені, Қара Ертіс, оңтүстігінде Зайсан көлінің аралығында жатыр. Батысында Ертіс өзені мен шығысында Табын-Богда-Оло тау жүйесімен ұштасады. Сол жерден батысқа және оңтүстік-батысқа қарай Сарымсақты, Нарын және Оңтүстік Алтай (3450 м) жоталары тарайды. Бұл жоталар шығыс бөлігінен батыс бөлігіне қарай біртіндеп аласарып қыратқа айналады. Оңтүстік Алтайдың басты жоталары — Оңтүстік Алтай, Сарымсақты, Күршім, Азутау.
Кенді Алтай атына сәйкес полиметалл кен орындарына өте бай аймақ. Олар Лениногор, Зырян, Белоусовка, т. б. кен орындары. Полиметалл кендеріне тән сипат — кен құрамында көп түрлі заттардың болуы. Мысалы, негізгі металдарға қосымша мырыш, қорғасын, мыс, алтын, күміс, сурьма, күкірт, т. б. кездеседі.
Нарын, Күршім жоталары алтын және сирек кездесетін металдарға бай, ал Қалба тауында қалайы мен вольфрам бар. Кенді Алтайдың байлығын жергілікті халык өте ерте заманнан бері біліп, қорытып алған, мыстан, қалайыдан әр түрлі заттар жасап пайдаланған. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап Кенді Алтай байлығына Ресей ауыз сала бастайды. Сол кезден XIX ғасырдың аяғына дейін 130 жылда 2650 тонна күміс, 150 мың тонна қорғасын, 31 мың тонна мыс, 3 тоннаға жуық таза алтын өндіріп, патша қазынасына беріледі.
Орталық Алтайдың Қазақстанға батыс жоталары кіреді. Олардың бастылары Листвяга және Холзун жотасы. Листвяга Қазақстанның шекараларында жатқан Қатын жотасындағы Алтайдың ең биік шыңы Белуха тауына жақын жерден басталады. Холзун жотасының жер бедері көбірек тілімделін-ген, бірақ тау басы жалаңаш, аздап белесті, үстіртті келеді.
Климаты, өзен, көлдері, мұздықтары. Климаты қоңыржай континентті. Жыл бойы континентті ауа массалары әсер етеді. Алтай тауына батыстан және оңтүстік-батыстан соққан желдер ылғал алып келеді, сондықтан тау беткейлерінде жылына 600 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тауға биіктеген сайын жауын-шашын мөлшері көбірек түседі. Оба, Үлбі өзендері бастау алатын таудың жоғарғы бөлігінде 1800 мм-ге дейін жауын-шашын жауады. Тау етегінде жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Қардың түсуі тау етегінде 20-30 см, ал тауға биіктеген сайын 2 метрге дейін қалыңдайды.
Алтайдың қазақ жеріндегі болігінде өзендер көп. Басты өзендері Ертіс және оның салалары: Бұқтырма, Оба, Үлбі, Күршім, Нарын. Өзендері мұздық, және қар суымен, жер асты, жауын-шашын суымен қорланады. Өзендерінің суы мол, ағысы қатты. Қара Ертіс өз бастауын Монғолия жерінен алады да Алтай тауын қақ жарып, Қазақстан жерінде ағыны қатты тау өзенінен біртіндеп жазық жерде ағатын Ертіске айналады, Ертіс өзенінің жылдық су ағыны Бұқтырма, Өскемен су қоймалары арқылы реттеліп отырады. Бұқтырма, Өскемен су қоймаларына бірнеше су электр станциялары салынған.
Алтай езендері Қазақстанның су энергетикалық ресурстарының жартысынан көбін қүрайды. Алтай көлге де бай. Ең ірілері — Зайсан, Марқакөл көлдері. Марқакөл тау ішінде - абсолюттік биіктігі 1450 метр жерде орналасқан. Суы тұзды. Оның өзіндік қайталанбас әсем табиғаты мен табиғи байлығын қорғау үшін 1970 жылы қорық ұйымдас-тырылған. Зайсан көлінің табиғи жағдайы Бұқтырма су қоймасын салуына байланысты көп өзгерді. Қазір Бұқтырмамен жалғасып жатыр. Алтай тауының табиғаты әсем, керікті, адамдардың дем алып, денсаулығын түзейтін сауықтыру орындары көп. Солардың бірі Рахманов бұлағы, одан радонды шипалы су шығады.
Қазақстандағы Алтай тауында 328 мұздық бар, олардың жалпы ауданы 89,6 км2. Мұздықтар негізінен 2600 м биіктіктен жоғары орналасқан. Мұздықтар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты жоталарында шоғыр ланған.
Топырағы, өсімдігі, жануарлар дүниесі. Алтай тауында биіктік белдеулік айқын байқалады. Алтайдың солтүстік, солтүстік-батысы мен оңтүстік тау етегінде және аласа тауларында бозды бетеге, құнарлы қара топырақты, далалық ландшафтында әр түрлі шөптесін өсімдіктер, ал Зайсан қазаншұңқыры мен Ертіс аңғарында шөлейт пен құрғақ да-ланың сортаң өсімдіктері өседі. Дала белдеуінен жоғары 2100-2300 метрге дейін тау баурайында орман алқабы басталады. Алтайдың тау орманының күлгін топырағында майқарағай, қарағай, самырсын өседі. Тоғайларында итмұрын, қарақат; тауаралық алаңдарында күлгінді, кәдімгі тарғақ шөп, қоңырбас шөп, т. б. шығады. Оңтүстік Алтайдың қоңыр күлгін топырағында балқарағай жайқалады. Биік таудағы альпі шалғындығында шегіргүл, жидек, сарғалдақ, атқонақ өседі. Альпілік шалғындықтан соң 2800 - 3000 метр биіктікте тау тундрасы басталады, Алтайда қоңыр аю, марал, таутеке, сол-түстік бүғысы, қар барысы; құстардан саңырау құр, шіл, тоқылдақ, кекілік, ұлар, т. б. мекендейді. Терісі бағалы кәсіптік маңызы бар аңдардан бұлғын, ақкіс, қара күзен, сібір күзені тіршілік етеді. Су тышқаны, жанат тәрізді ит, америка күзені Алтайға жерсіндірілген.
Батыс Алтайдың әсем табиғатымен өсімдік-жануарларын қорғау мақсатындағы Шығыс Қазақстан облысының Ресеймен шекаралас Лениногор ауданы жерінде жалпы көлемі 12.5 мың. га Батыс Алтай мемлекеттік қорығы 1992 жылы кқұрылды.
Онда өсімдіктердің - 564, балықтың - 5, құстардың 131, сүтқоректі жануарлардың 50 түрі қорғалады.
Марқакөл қорығы — Оңтүстік Алтай алқабының биік таулы өңірі мен Марқакөл көлінің табиғатын кешенді қорғау үшін ұйымдастырылған. Қазақстан табиғатының тамаша аймақтың бірі. Қорық жерінде 1000-нан астам өсімдік түрлері, балықтың - 4, қосмекенділердің - 3, жорғалаушылардың - 6, құстардың - 250-ге жуық, ал сүтқоректілердің 50-түрі кездеседі. Сирек кездесетін жануарлардың ілбіс, қоңыр аю, сілеусін, камшат, құстардан қара дегелек, алтай ұлары, ақбас тырна, т. б. жануарлар тіршілік етеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Алтай таулы өлкесінің Қазақстанға қай бөлігі кіреді.
2. Кенді Алтай атына сәйкес қай кен орындарына өте бай аймақ
3. Алтайдың қазақ жеріндегі өзендері
4. Алтай тауының ең көлдері.
5. Қазақстандағы Алтай тауында қанша мұздық бар
Лекция №28
Тақырыбы:Сауыр-Тарбағатай және Жоңғар Алатауы,
Жетісу таулы аймағы
Жоспары:
1.Сауыр-Тарбағатай тауының жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары.
2. Климаты, өзендері. Өсімдік пен жануарлары
3. Жоңғар Алатауы жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары.
4.Жоңғар Алатауы Климаты, өзендері. Өсімдік пен жануарлары
Лекцияның мақсаты:
Сауыр-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы тауының жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары. Климаты, өзендері мен өсімдік пен жануарларын қамтылып түсіндіріледі.
Лекция мәтіні:
Сауыр-Тарбағатай көршілес жатқан тау жоталарымен бірге біртұтас тау жүйесін құрайды. Сауыр-Тарбағатай-Сарыарқаның шығыс жақ жалғасы. Солтүстігінде Зайсан, оңтүстігінде Алакөл қазан-шұңқырлары арасында орналасқан, 47° ендік бойымен 150 километрге созылады.
Сауыр тауы жер бедері, геологиялық қүрылысы, пайдалы қазбалары. Сауыр, Тарбағатай таулары мен Алакөл аймағын қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов пен оның досы Г. Н. Потанин зерттеген.
Сауыр тауы герцин тау түзілісі кезенінде пайда болған. Ең биік жері — Мұзтау (3816 м). Сауыр тауы негізінен палеозойлық тақта тастардан, құмтастардан, әктас пен базальт құрамды тау жыныстарынан түзілген. Жотаның үгілуге көбірек ұшыраған оңтүстік беткейі жақпар тасты келеді. Ертістің кейбір салаларына суайрық болып табылады, одан Кендірлік өзені бастау алады. Қазақ жеріндегі Сауыр тауының бөлігінде биіктік белдеулік байқалады. Солтүстік беткейінде 1100 метрге дейін далалық, одан жоғары 1900 метрге дейін орман алқабы, одан жоғары альпі шалғындығы өседі. Оңтүстік беткейінде шөлейт және дала өсімдіктері басым. Жота баурайы мал жайылымына пайдаланылады. Пайдалы қазбалардан әзірге зерттелгені - Кендірлік қоңыр кемір кен орны.
Қаңтардағы ауаның орташа температурасы — 22°С, кей күндері — 46°С-ге дейін төмендейді. Шілде айындағы орташа температурасы +36°С, кей күндері +40°С-ге дейін ысиды. Жылдық жауын-шашын мөлшері 350-500 мм. Зайсан келіне құятын бірнеше өзен бастау алады. Солтүстік беткейіндегі шатқалдарда кішігірім мұздықтар бар.
Тарбағатай тауы жер бедері, геологиялық қүрылысы. Тарбағатай тауы Сауырға қарағанда аласарақ, бірақ едөуір ұзын. Оның ең биік шоқысы 3134 метр. Шығысында төбелі-белесті өңір арқылы Сауыр жотасымен жалғасады. Ұзындығы 300 км, ені 30-50 км шамасында. Тау беткейлерінен ежелгі мұздықтардың ізі байқалады. Жота герцин тау түзілу кезеңінде пайда болған. Негізінен тактатас пен әктас аралас жыныстардан түзілген. Гранит, кристаллы тактатас, саз балшықтар да кездеседі. Альпілік тау түзілу процесінің жүріп жатқаны жер бедерінен байқалады. Баяу тектоникалық қозғалыс күні бүгінге дейін жалғасуда. Мысалы, 1991 жылғы Зайсандағы жер сілкінісі соның салдары болып табылады.
Климаты, өзендері. Өсімдік пен жануарлары.
Тарбағатай өңірінің климаты қатаң континентті. Қысы салқын, жазы ыстық, жауын-шашынның жылдық мөлшері 350-500 мм. Ауасының орташа температурасы каңтарда - 20°С, шілдеде +22°С. Тау беткейлерінен көптеген өзендер бастау алады. Өзендері негізінен қар суымен қоректенеді. Тарба-ғатайда биіктік белдеулік байқалады. Таудың етегінің топырағы ашық қызыл қоңыр, осы жерден бозды-бетегелі, жусанды, шөлейтті зона өсімдігі өсетін биіктік белдеулік басталады, одан жоғарырақтағы қызыл коңыр және қара топырақты белдеуде дала өсімдігі өседі.
Дала зонасынан жоғары жабайы алма, зерек, итмұрын, мойыл, қараған, тал, кек теректі орман зонасы орналасады, ол жерде жауын-шашын мол (600-800 мм). 2000 метрден жоғары субальпілік және альпілік шалғындық өседі. Жануарлар дүниесі көршілес Алтай тауы жануарларына ұқсас. Онда қоңыр аю, қасқыр, суыр, аламан, марал, тау ешкісі, т. б. жануарлар мекендейді. Тау беткейі мал жайылымына қолайлы. 1968 жылы Тарбағатай мемлекеттік қорықшасы ұйымдастырылған. Жалпы аумағы 240 мың гектар жерді алып жатыр. Бұл жерде Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жолақты қара шұбар жылан, дуадақ, ақбас тырна, қарабауыр бұлдырық, лашын, ителгі, бүркіт, арқар, қоян, суыр, елік, құр, сұр шіл, кекілік, үкі мекендейді. Қорықша жерін Қосты, Қызыл қайыңды, Қандысу өзендері кесіп етеді.
Жоңғар Алатауы
Жоңғар Алатауы — Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағында Қытаймен шекарада орналасқан тау жүйесі. Жоңғар Алатауы солтүстігінде Алакөл қазаншұңқыры мен оңтүстігінде Іле өзені аңғар аралығында орналасқан. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бағыт бойында 450 километрге созылып жатыр, ені 100-250 км. Жоңғар Алатауы Солтүстік және Оңтүстік Жоңғар тауларына бөлінеді.
Қытай Халық Республикасындағы Ебінұр көлінің ойысы мен Алакөлдің қазаншүңқырын қосып жатқан аңғарлық ойыс, табиғи өткел бар,оны Жоңғар қақпасы дейді. Жоңғар қақпасының абсолюттік биіктігі 300-400 метр, ені 10 км шама-сында. Жоңғар қақпасы арқылы Қазақстанды Батые Қытаймен жалғастыратын «Достық» темір жолы салынып, пайдалануға берілді. Жоңғар Алатауының солтүстік беткейі көлбеу, кей жерлерінде беткейдің төбесі тегіс, сатылы болып келеді. Ең биік жері — Бесбақан шыңы /4463 м/. Солтүстік жотаның құрамында Тастау, Сарқантау, Тасқантау, Мыңшұқыр жоталары бар. Оңтүстік Жоңғар жотасы Мұзтау, Тышқантау, Бешінтау, Тоқсанбай тауларынан тұрады. Солтүстік Жоңғар жотасына қарағанда беткейлері тік құзды болып келеді. Батыс бөлігі Итшоқы, Қотырқайық, Алтынемел, Шолақ, Қоянтау, Қалқан тауларына ажырайды. Оларды бір-бірінен Қоғалы, Алтынемел, Көксу, Қаратал, Қоңырөлең өзен аңғарлары бөліп жатыр.
Жоңғар Алатауы палеозой эрасында пайда болтан гнейс, кристаллы тақтатас, құмтас, мәрмәр жыныстарынан, биік жерлері каледон граниттерінен түзілген. Кей жерлерінде карбон, перм дәуірі жыныстары мен кайнозой дөуірі шөгінділері де кездеседі. Жоңғар Алатауы пайдалы қазбаларға өте бай. Тас көмір, қоңыр көмір, жанғыш тақтатас, вольфрам және молибден рудалары барланған.
Климаты, өзен-көлдері, өсімдік және жануарлар дүниесі. Климаты жота үстімен өтетін полярлық, орта Азиядан келетін тропиктік ауа массаларының әсерімен қалыптасады. Таудың қысы жылы, жазы салқындау. Қаңтар айында ауаның орташа температурасы — 10°С, — 11°С, шілде айында температура +18°С, +22°С. Солтүстік-батысында жылына 600-800 мм, оңтүстік және шығыс белігінде 300-400 мм жауын-шашын түседі.
Жоңғар қақпасынан Ебі желі соғады. Жоңғар Алатауының ең биік жоталарында көп жылдык қар және мұздықтар шоғырланған. Ең биік шыңдары — Абай, Берг, Колесник, Воейков, Жамбыл мұздықтары.
«Жер жанаты — Жетісудың» Көктал, Каратал,Ақсу, Лепсі, Тентек өзендері Жоңғар тауынан басталады.
Топырағы. Оңтүстік беткейінде қоңыр және қара топырақ кездеседі. Онда шөлейт және дала өсімдіктері аралас өседі. Солтүстік беткейінде 600— 1400 метр биіктік аралығында дала, одан жоғары 2200 метрге дейін аралас орман, 2400-ден жоғары субальпілік жөне альпілік өсімдіктер тараған. Одан жоғары мәңгі қар мен мұздықтар жатыр.
Жануарлар дүниесінің алтайлық және тянь-шаньдық түрлері тараған. Тауда биіктік белдеулік айқын байқалады. Жоңғар Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш Ш. Уәлиханов зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған.Төрттік шөгінделердің қалдық қабаттарынан құра-лған. Тау етегіндегі жазықтары мен тау беткейлерінде суармалы және тәлімі егіншілікке пайдаланылады
Бақылау сұрақтары:
1. Сауыр, Тарбағатай таулары мен Алакөл аймағын зерттеген ғалымдар.
2. Тарбағатай өңірінің климаты қандай?
3. Жоңғар Алатауының ең биік жоталарында көп жылдық қар және мұздықтар шоғырланған ең биік шыңдары
4. Жоңғар қақпасынан соғатын желідің түрі.
5. Жоңғар Алатауындағы биіктік белдеулікті ең алғаш зерттеп, сипаттап жазып, шолу карталарын жасаған ғалым кім?
Лекция №29
Тақырыбы:Тянь-Шань таулы аймағы
Жоспары:
1.Тянь-Шань тауының географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары.
2. Климаты, өзен-көлдері, мұздықтары.
3. Тянь-Шань таулы Өлкесінің Қазақстандағы тау жоталары
Лекцияның мақсаты:
Тянь-Шань тауының географиялық орны, жер бедері, геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары.климаты, өзен-көлдері, мұздықтарыжәне Тянь-Шань таулы Өлкесінің Қазақстандағы тау жоталары мен, қорықтардағы қорғауға алынған өсімдіктер дүниесімен жануарлары түсіндеріліп айтылады.
Лекция мәтіні:
Тянь-Шань таулы өлкесі — Азия материгіндегі ең ірі таулардың бірі. Тянь-Шань деген сөзді Қытай тілінен аударғанда тәңір шыңы, аспан тау деген мағынаны білдіреді. Тянь-Шань тауы жоталарының орналасу бағытына қарай:
1.Солтүстік Тянь-Шань,Орталық Тянь-Шань,Батыс Тянь-Шань
2.Шығыс Тянь-Шань деп бөлінеді. Солтүстік Тянь-Шаньға туысқан қырғыз жеріндегі Ыстықкөлдің солтүстігіндегі тау жоталары, Шу — Іле таулары, Жоңғар, Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы, Тарбағатай-Сауыр жатады.
3.Орталық Тянь-Шаньға Қырғыз жотасы, Теріскей Алатауы, Көкшалтау, Ферғана жоталары жатады.
4.Батыс Тянь-Шаньға ендік бойымен орналасқан Талас Алатауы, Өгем, Піскем, Сондалаш, Шатқал, Алай, Түркістан, Қаратау жоталары кіреді.
Шығыс Тянь-Шань ТМД елдерінен тыс жерлерде орналасқан. Тянь-Шань таулы өлкесінен Қазақстан жеріне Солтүстік Тянь-Шань түгелімен, Батыс Тянь-Шаньның көп бөлігі, Орталық Тянь-Шаньның бір бөлігі кіреді.
Тянь-Шаньның тау жоталары ендік бағыт бойында орналасқан. Қазақ жеріндегі ең биік шыңы — Хан Тәңірі 6995 м. Тянь-Шань тауының геология-лык дамуын екі кезеңге (ежелгі және жас) белуге болады. Ежелгі даму кезеңі, яғни палеозой эрасы кезеңінде тегістелген беткейлері осы уақытқа дейін Тянь-Шаньның шығыс бөлігінде сақталған.
Жас даму кезеңі қазіргі биік тау бедеріне, төрттік дәуірдегі альпілік тектоникалық қозғалыстарға байланысты. Солтүстік Тянь-Шань бір бөлігі Қытай жерінде орналасқан Кетпен жотасынан басталады. Жотаның солтүстік беткейі оңтүстігіне қарағанда көлбеу. Екі беткейінде де өзен көп, олар — Іле өзенінің салалары. Тянь-Шань тау жоталары — батыстан шығыс бағытта 2450 километрге созылып жатқан күрделі тау жүйесі. Тянь-Шань жоталары палеозой және палеозой эрасына дейінгі тау жыныстарынан, ал тауаралық аңғарлары кайнозой, кей жерлерінде мезозой эрасы шөгінділерінен түзілген. Тянь-Шань тау жоталары каледон мен терцин тау түзілу кезеңінде пайда болған. Бірақ мезозой эрасында болған тектоникалық өзгерістердің нәтижесінде мүжілген аласа тауға айналып, кейіннен альпілік тау түзілу кезіңде қайта көтеріліп, қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналған. Қазіргі уақытта жоталарының биік басы мәңгі қар жамылып, әлсін-әлсін жер сілкіну болуы Тянь-Шань тау жоталарында альпілік тау түзілу процесінің жүріп жатқанын байқатады.
Тянь-Шань тау жоталары пайдалы қазбаларға,оның ішінде, полиметалл рудаларына ете бай. Тянь-Шань тау жоталарының пайдалы қазбалары әлі де толық зерттелмеген. Олардың ішінде біршама жақсы зерттеліп, көптеген кен орындары ашылғаны — Қаратау жотасы. Қаратауда полиметалл мен фосфорит кендері ондірілді. Қаратаудан өндірілген фосфориттен Шымкент, Тараз қалаларындағы фосфор заводтары тыңайтқыш шығарады. Құрылыс материалдарына да ете бай.
Емдік қасиеті бар минералды бұлақтар көптеп кездеседі (Арасан, Мерке, Сарыағаш, Қорам, т. б.).
Климаты. Өзен-көлдері, мұздықтары. Тянь-Шань тау жоталары дүниежүзілік мүхиттан қашық, Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан, оның жан-жағы шөлді дала болғандықтан, ауа райы өте құрғақ, әрі құбылмалы. Тау жоталарының биік болып келуі және жер бедерінің әркелкілігі жылу мен ылғал мөлшеріне де өз әсерін тигізеді. Тау беткейлерінде шілде айында орташа температура +20°С, +25°С болса, мұздықтар етегінде —5°С, кейде одан да төмен. Жылдық жауын-шашын мөлшері тау жоталарының етегінде 150—300 мм, тау бөктерінде 300—450 мм, биік жоталарда 800— 1600 мм шамасында. Жазда тау жоталарында абсолюттік биіктік жоғарылаған сайын температура біртіндеп төмендейді. Сонымен қатар, атмосфералық жауын-шашын мөлшері мен ауаның ылғалдылығы биіктеген сайын артып отырады. Мұндай өзгерістердің бәрі биік таулы аймақтарда биіктік белдеуліктердің пайда болуына алып келеді. Биік таулы аймақтардың климаты жалпы заңдылыққа сай биіктікке байланысты өзгеріп қана қоймайды, географиялық ендікке байланысты солтүстіктен оңтүстікке қарай да өзгереді.
Тянь-Шань таулы өлкесінің өзендері — қар және жауын-шашын суымен қоректенетін өзендер. Суының мол болатын кезі — жаз айлары. Себебі, биік таудың басындағы қар мен мұздық бұл кезде көп ериді. Іле өзені мен оның ірі салалары Түрген, Талғар, Қаскелең, Күрті, Шелек, Үсек өзендері Тянь-
Шань тау сілемдерінен басталып, Балқашқа барып құяды. Іле мен қатар Қаратал, Лепсі, Тентек, Аягөз өзендері де Тянь-Шань тауларынан бастау алып, Балқаш — Алакөл алабына құяды. Тян-Шань таулы өлкесінің солтүстік бөлігінде орналасқан Іле мен Күнгей Алатаулары — қазіргі мұз басу жүріп жатқан жоталар. Бұл жоталардың биік болып келуі, ендік бағытта орналасуы, солтүстік-батыс және батыс ылғалды ауа массаларының еркін өтуі осы күнгі мұз басуға қолайлы жағдай жасап отыр. Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы — Тянь-Шань тау жүйесіндегі ірі мұз басу аудандарына жатады. Тянь-Шань тау жүйесіндегі мұздықтардың өзендердің қоректенуінде үлкен маңызы бар. Бұл өзендер егістік суаруға пайдаланылады.
Тянь-Шань таулы Өлкесінің Қазақстандағы тау жоталары.
Солтүстік Тянь-Шань
Іле Алатауы. Іле Алатауы — Солтүстік Тянь-Шаньның қиыр солтүстігіндегі биік таулы жота. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бойында созылып жатыр. Ұзындығы 350 км, ені 30—40 км, ең биік жері — Талғар шыңы (4973 м). Кайнозой эрасының төрттік дәуірі кезінде пайда болған. Гранит, әктас, тақтатастан түзілген. Тау түзілу процесі әлі тоқталмаған жас тау. Жер сілкіну жиі болып тұрады. Биік шыңдарын мәңгі қар мен мұздық басқан. Іле Алатауының етегінде Алматы қаласы орналасқан. Дүние жүзіне белгілі Медеу мұз айдыны,
Шымбұлақ шаңғы базасы, көптеген санаторий, курорттар мен демалыс үйлері бар. Кунгей Алатауында әсем тау көлі — Көлсай көз тартады. Тау табиғатын қорғау мақсатында Алматы қорығы ұйымдастырылған.
Батыс Тянь-Шань
Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан басталады.
Жер бедері күшті тілімделінген. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының батыс жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік шыңы — Батыс Алемендин шыңы (4875 м). Қырғыз Алатауы тақтатас, әктас, құмтас, гранит, диорит және палеозой шөгінділерінен түзілген. Биіктік белдеулік айқын байқалады. 3700 метр биіктіктен жоғары мәңгі қар мен мұздық басқан. Бұл жота — көршілес жатқан қазақтар мен қырғыздардың ортақ мал жайылымы.
Қаратаужотасы—түгелдей Қазақстан жерінде созылып жатыр, ол экзогендік процестердің әсерінен қатты бұзылған жота. Абсолюттік биіктігі 2170 метр. Солтүстік-батыс бағытқа қарай сілемі 420км созылады.Протерозой эрасының тақтатасы мен карбон дәуірінің әктасы, құмтас конгломераттарынан және девон кезеңінің жанартаулықтау жыныстарынан түзілген. Қойнау пайдалы қазбалардан полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай) фосфорит (Ақсай, Жаңатас, Шолақтау кендері) рудалары бар.
Өгем жотасы
Қазақстан жерінің аумағына Өгем жотасының батыс беткейі ғана кіреді. Герциннің граниті мен палеозой эрасының шөгінді тау жыныстарынан түзілген, әдемі табиғаты мен өсімдік және жан-жануарлар дүниесін қорғау мақсатында Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылған. Қорықта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Тянь-Шань таулы өлкесіндегі биіктік белдеулік. Тянь-Шань таулы өлкесі шөл зонада жатыр. Сондықтан топырағы да, өсімдіктері де әр түрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда жергілікті Тянь-Шаньға ғана тән өсімдік түрлері мен ортаазиялык ксерофитті өсімдіктер тараған. Өгем жотасында сусыз тау жоталарында өсетін ерекше ағаш - арша. Ол құрғақшылыққа төзімді, өте сирек өседі. Ондай ағаш сирек өсетін ормандарды ғылым тілінде ксерофитті орамандар деп атайды, бұл құрғақшылыққа өте төзімді деген мағынаны білдіреді. Арша ағашы орынды аз алып, ұзақ уақыт (2 мың жылға жуык) өседі. Жануарлар дүниесінің де өзіндік ерекшелігі бар. Таулы өлкенің солтүстік беткейінде жануарладың сібірлік, еуропалық түрлері кездессе, ал батысында Африкада, Жерорта теңізі мен Гималайда өсетін жануар түрлері тараған.
Ал Батыс Тянь-Шаньның өсімдіктері мен жануарлар дүниесінің Солтүстік Тянь-Шаньға қарағанда өзіндік айырмашылықтары бар. Іле мен Күнгей Алатауының солтүстік беткейінде биіктік белдеулік айқын байқалады. Абсолюттік биіктігі 600—800 метр жерге дейінгі аралықта жусанды-бетегелі шөл зонасы орналаскан. Бұл зонадан жоғары қарай құрғақ дала белдеуі басталады, онда жусан, ақ жусан көде, бетеге өседі. Құрғақ дала зонасы жоғары 1300—1500 метрге дейінгі аралықта әр түрлі дақылды шөп (арпабас, тарғақ шөп, бидайық) өсетін дала зонасына ауысады. Бұл зонадан жоғары орманды дала зонасы басталады, онда өзен жағалауларында жабайы алма, долана, итмұрын, қара ырғай, көк терек, т. б. өседі. Орманды дала зонасы орманды-шалғынды белдеуге ұласады. Мұнда Тянь-Шань эндемитті шренк шыршасы өседі. Орманды-шалғынды белдеуден жоғары 2700—3100 метр биіктікке дейін субалъпілік, алъпілік зона жатыр. Бұл зонада альпілік көкнәр, альпілік сарғалдақ, тасжарғыш, қоңырбас, қияк, манжетка, жабайы жуа, Тянь-Шаньның ең әдемі еңлікгүлі өседі.
Альпі шалғынынан жоғары 3350 метрден бастап мәңгі қар белдеуі басталады. Мәңгі қар мен мұзбасқан жартастарда бактерия, балдырлар мен қыналар өседі. Тянь-Шань таулы өлкесі шөлді зонада жатқандықтан, төменгі биіктік белдеуінде жылан, дала тасбақасы, құм тышқаны, қосаяқ» бөкен кезде-седі. Құстардан торғай, кәдімгі қараторғай, көкқарға, үндінің мысық торғайы көптеіі ұшырасады. Орманды дала белдеуін сұр аламан, жертесер, Тянь-Шань тышқаны, кішкентай жертесер, ақ тышқан, түлкі, қасқыр мекен етеді.
Орманды белдеудің қылқан жапырақты бөлігінде тянь-шань қоңыр аюы, ақ тышқан, Тянь-Шань суыры, күзен, борсық мекендейді. Батыс Тянь-Шаньда эндемик мензбир суыры, гималай суыры, құстардан үш саусақты тоқылдақ, жапалақ, тау кекілігі кездеседі.
Биік тау белдеуінде тауешкі, арқар, қызыл қасқыр; құстардан: биік тау тазқарасы, саптар, альпі көкқарғасы, т. б. тіршілік етеді. Жалпы Солтүстік Бақылау сұрақтары:
1. Тянь-Шань тауы жоталарының орналасу бағытына қарай қаншаға бөлінеді
2. Шымбұлақ шаңғы базасы қай тауда?
3. Өгем жотасында сусыз тау жоталарында өсетін ерекше ағаш
4. Қазақстан жерінің аумағына Өгем жотасының қай бөлігі кіреді
5. Альпі шалғынынан жоғары қанша метрден бастап мәңгі қар белдеуі басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |