Қызыл құмды шөлі республикамыздың оңтүстік бөлігінде, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары жерінде жатыр.
Мойынқұм Қаратау жотасының шығысында Шу өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл. Ені 50— 150 км, ұзындығы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа дейін 500 км, жалпы ауданы 37,5 мың км2.
Үлкен және Кіші Борсық құмдары Арал теңізінің солтүстік-батысында негізінен палеоген дәуіріндегі жыныстардың үгілуінен қалыптасқан құмды жазық. Сазды шөлдер. Қазақстанда құмды шөлдер сияқты сазды шөлдер кең тараған. Олар құмды шөлдердің арасында немесе солармен қатар жатады. Ең ірі сазды шөлдер Үстірт пен Бетпақда лада. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, сор, сортаң тақыр алып жатыр.
Сазды ойыстарда пайда болған тақырда өсімдіктер мүлдем жоқтың қасы. Себебі тақыр көктемде шөгіп, жер беті тығыздала түседі. Тақырлар дегеніміз - құм арасында жатқан ұзындығы кейде 70 километрге жететін теп-тегіс сазды алаң. Тасты шөлдер. Тасты шөлдер республика жерінде сирек ұшырасады. Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдала үстіртінің шығысында және Үстіртте кездеседі. Тасты шөлдердің өсімдігі жапсарлас жатқан сазды шөлдердің өсімдіктері тәріздес. Тасты шөлдердің табиғат жағдайы қолайсыз әрі қатал болғандықтан, жан-жануарлар дүниесіне онша бай емес.
Сырдария, Талас, Шу, Іле өзендері аңғарларында айналаға көрік берер тоғайлар ұшырасады. Тоғайларда әр алуан түрлі өсімдік қалың шығады. Су жағалауында қамыс, қоға, өзен арнасынан қашығырақ жерлерде шеңгел, тал, жиде, шырғанақ өседі. Тоғайларда қабан, мәлін, қасқыр мекендейді. Өзен-көлдерінде жабайы үйрек, шағала, көкқұтан бар. Шөлді аймақты қорғау мақсатында Барсакелмес, Үстірт қорықтары ұйымдастырылған.
Қорықта «Қазақстанның қызыл кітабына» Kipген 12 түрлі аң мен құстар қорғалады. Олар: үстірт қойы, қара құйрық, қара кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан, т.б. Қорықтың басты міндеттерінің бірі — аса бағалы жабайы дала қойын (муфлонды) камқорлыққа алып, санын көбейту. Қазір оның саны 1,5 мыңдай ғана. Өсімдік мардымсыз, тек осы аймақта өсетін Хиуа сораңы, Үстірт баялышы, Зайсан сексеуілі сияқты өсімдіктер ғана бар.
Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстанның шөлейтті аймағының топырағы қандай?
2. Шөл зонасының климаты қандай?
3. Құмды шөлдер Қазақстанда қандай?
4. Қаратау жотасының шығысында Шу өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл.
5. Құмды шөлдердің ең ірілерін ата
Лекция №№23
Тақырыбы:Қазақстанның физикалық-географиялық аудан-дастырылуы мен биік таулы аймақтар зоналары
Жоспар
1.Табиғи аудандастырылу.
2.Алтай, Жоңғар Алатауы тауындағы белдеулік
3.Тянь-Шань таулы өлкесі
Лекцияның мақсаты:
Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Оның ұлан байтақ жерінде географиялық зоналылық, жазық жерлерінде ендік, ал биік тауларында биіктік белдеулік айқын байқалады.
Қазақстан аумағын 8 табиғи аудандарға бөлді. Олар: 1. Шығыс Еуропа жазығы. 2. Батыс Сібір жазығы. 3. Тұран жазығы. 4. Орал таулы өлкесі. 5. Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы). 6. Алтай-Саян таулы өлкесі. 7. Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай өлкесі. 8. Тянь-Шань таулы өлкесі. Сегіз табиғи өлке табиғи облыстарға, олар провинцияларға бөлінгендігі түсіндірілді.
Лекция мәтіні:
Жер бедері мен оны құрайтын may жыныстары, су, ауа, өсімдік, жануарлар дүниесі, топырақ табиғат компоненттері деп аталады. Жердің беткі жағында табиғат компоненттері араласып, бір-біріне әсер етіп отырады. Мысалы, литосфера компоненті (тозаң түрінде), гидросфераның компоненті (бу түрінде) атмосфераға таралып араласады. Ал биосфера компоненттері (өсімдіктер мен жануарлар, жәндіктер) жердің бетінде, топырақта, атмосфера мен гидросферада тіршілік етеді. Жер бетінде табиғат компоненттері бір-бірімен байланыса отырып, әр түрлі кешендер түзейді. Әрбір жер үлкенді-кішілі жер бетін қамтитын табиғаттың құрамдас бөліктерінің белгілі бір кешені болып табылады. Ондай жерлерді аумақтық табиғат кешені (қысқаша АТК) немесе ландшафтар деп атайды. Мысалы, дүние жүзілік мұхит, жеке материктер — ірі табиғат кешендері болып табылады. Ал Қазақстан жеріндегі Тұран ойпаты, Сарыарқа, Алтай, Тянь-Шань тауларында әрқайсысына тән өзіндік аумақтық табиғи кешендер қалыптасқан.
Табиғат кешендеріне жердің ішкі және сыртқы энергиясының (күн энергиясы) да әсері күшті. Географиялық қабықтағы барлық табиғаттың құрамдас бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан өзара әсер етіп отырады. Егер олардың бірі өзгерсе, басқалары да міндетті түрде өзгеріске ұшырайды. Мысалы, Арал теңізіне келіп құятын Сырдарияның суы азайған кезде Аралдың да суы тайызданып, мыңдаған гектар көл табаны ашылып, орны тұзды шөлге айналды. Атмосфераға шаңмен бірге тұз көтеріліп, қышқыл жаңбыр жауатын болды. Мұның өзі Арал өңірінің топырақ құрамының өзгеруіне өкеп соқты, өсімдіктері мен жануарлар дүниесіне қатты ықпал етуде. Арал маңында тұратын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да зардабын тигізуде. Адамдардың шаруашылық қызметінің табиғат кешендеріне тигізетін зиянды әсерлері аз емес. Әсіресе, өндіріс орындары, ағаш кесу мен отырғызу, жер жырту, су қоймалары мен бөгендерін жасау, жерді мелиорациялау, қала салу, т.б. шаралар табиғат кешендерінің сипаты мен бейнесін қатты өзгертіп жіберді.
Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Оның ұлан байтақ жерінде географиялық зоналылық, жазық жерлерінде ендік, ал биік тауларында биіктік белдеулік айқын байқалады.
Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет 1913 жылы академик Л. С. Берг аудандастырған. Осы уақытқа дейін республика жері физикалық-географиялық тұрғыдан әлі толық зерттеле қойған жоқ. Федорович Б. А. басқарған ғалымдар тобы 1970 жылы Қазақстан аумағын 8 табиғи аудандарға бөлді. Олар: 1. Шығыс Еуропа жазығы. 2. Батыс Сібір жазығы. 3. Тұран жазығы. 4. Орал таулы өлкесі. 5. Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы). 6. Алтай-Саян таулы өлкесі. 7. Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай өлкесі. 8. Тянь-Шань таулы өлкесі. Сегіз табиғи өлке табиғи облыстарға, олар провинцияларға бөлінген.
Жер шарында табиғат зоналары ендік бағыт бойында таралатынын білеміз. Кейде табиғат зоналарының ендік бағытта таралуын бұзатын басты себеп таулар болып сана лады. Өйткені биік таулардың етегінен басына көтерілген сайын табиғат кешендерінің қасиеттері бірте-бірте өзгере бастайды. Биік тауда өсімдіктер мен ауа райы белгілі бір заңдылық бойынша өзгеріп отырады. Биіктеген сайын ауа райы салқындап, қысымы кемиді, ауасы мөлдір бола бастайды. Әрі күннің ультракүлгін сәулесі өсімдіктерге көп түседі. Бұл сәуленің өсімдіктер үшін маңызы зор. Сонымен қатар, тау беткейлерінің өзіне тән жергілікті ауа райы болады. Әрбір километрге көтерілген кезде жылылық 5—6°С-ге кемиді.
Қазақстан жеріндегі негізгі тау жоталары (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы) негізінен ендік бағытта созылып жатқандықтан, күнгей жақ беткейлері жылырақ әрі құрғақтау, ал теріскей жақ беткейлері салқын әрі ылғалды болып келеді. Биіктік белдеулік әрбір биік таулы өлкеде оның географиялық орнына, әсіресе географиялық ендігіне байланысты болады. Өйткені әрбір таулы өлкенің табиғат жағдайлары бір-бірінен өзгеше. Қазақстан тауларында бірнеше биіктік белдеулік бар. Олар таулар орналасқан шөлейтті аймақтан басталып тауға биіктеген сайын біртіндеп өзгеріп отырады. Абсолюттік биіктігі 600—1300 метр аралығында шөлейт зона. 1000—2000 метр аралығында таулы дала. 2000—2800 метр аралығында орманды шалғынды, 2800—3200 метр аралығында шалғынды субалъпілік, одан жоғары (3600 метрден) жерде мұзды, қарлы белдеу орналасады. Қазақстандағы таулардың биіктік белдеуліктерін ерекшеліктеріне қарай үш физикалық-географиялық аймаққа белуге болады:
1.Алтай тауының биіктік белдеулігі.
2.Жоңғар-Тарбағатай тауларының биіктік белдеулігі.
3.Тянь-Шань таулы өлкесінің биіктік белдеу-
лігі.
1.Алтай тауындағы биіктік белдеулік.
Қазақстан жеріндегі Алтай таулы жоталары дала мен шөлейт зоналарының шекарасында жатыр. Сондықтан тау бөктерінің төменгі белдеуі дала зонасына ұқсайды. Топырағы қара топырақ. Алтай тауының етегінен 1000 метр биіктікке дейін өр түрлі дала өсімдігі өсетін шөпті дала аймағы орна-ласқан. Мұнда боз, бетеге, айрауық, қоңырбас сияқты шөптер итмұрын, үшқат, долана, тобылғы мен араласа өседі. Алтайдың батыс жағында 1000 метрден, ал шығысында 500 метрден жоғары биіктікте таудың күлгін топырақты өңірінде орманды дала аймағы басталады.
Ағаштардан қайың, көктерек, терек, өзен аңғарларында тал, долана, итмұрын, сарыағаш өседі. Орманды дала зонасынан жоғары, солтүстік-батыс беткейінде қылқан жапырақты орман зонасы басталады. Онда қарағай, самырсын, майқарағай, сібір шыршасы өседі. Таудың оңтүстік, оңтүстік-шығысында қылқан жапырақты қарағайлар мен балқарағай өседі. Орман белдеуінің жоғарғы шегінде аласа самырсын ағаштары ұшырасады. Алтай тауының солтүстік-батысында 2000 метр, ал оңтүстік-шығысында 2400 метрден жоғары субальпілік және альпілік шалғындық белдеуі басталады.
Субальпілік шалғындық белдеуде шөптердің алуан түрі әсем түкті кілемдей жайқалады. Шөптерден ең кеп таралғаны — қазтамақ, сарғалдақ, көк шегіргүл, қоңыраубас.
Альпілік шағындық белдеуден жоғары биік тау тундрасы басталады. Онда қайың мен аласа тал, мүкті, қыналы өсімдік шығады.
Алтай тауы жануарларға бай. Әсіресе орман аймағын мекендейтін жануарлар басқа аймаққа қарағанда мұнда анағұрлым көп. Алтай ормандарында Сібір тайгасының да көптеген жануарлары мекендейді. Онда қоңыр аю, қылқан жапырақты орманда елік, мүйізсіз бұғы, сілеусін, бұлғын, сусар, Оңтүстік Алтайда бұғы, марал мекендейді. Альпілік белдеуде Алтай суыры көп. Алтай тауының баурайында марал мен теңбіл бүғы өсірілетін арнайы шаруашылықтар бар. Бұғы мүйізінен «панта» өндіріледі. Одан бағалы дәрі жасалынады. Биік жартастарда таутеке мекендейді. Альпілік тундраның ақ құры, алтай ұлары, жыртқыш кұстардан бүркіт, тазқара кездеседі. Сауыр-Тарбағатай Алтай тауының оңтүстігінде шөлейтті аймақта орналасқандықтан, оның көп жерінде дала және шөлейт зонаға тән өсімдіктер мен жануарлар өсіп-өнеді. Өзен аңғарларында көк терек пен алма ағаштары аралас тоғай кездеседі. Сауыр-Тарбағатай өсімдіктерінің түрлері мен типтері Оңтүстік Алтай өңірінікіне ұқсас.
2.Жоңғар Алатауы
Жоңғар Алатауы шөлді зонада орналасқандықтан, оның төменгі белдеуінің солтүстік жақ бетінде 600 метрге дейін, оңтүстік жақ бетінде 1200 метр биіктікке дейін шөлді зонаға тән өсімдіктер мен жануарлар кездеседі. Шөлді аймақтан жоғарырақ дала зонасы басталады. Онда дала зонасына тән шөптерден: боз, дала сұлыбасы, бұталардан: итмұрын, мойыл, долана, қараған, ал оңтүстігінде жабайы өрік өседі.
Дала зонасынан жоғары 2200 метрге дейінгі аралықта орманды дала белдеуі жатыр. Бұл аймақта Сібір самырсыны мен Тянь-Шань шыршасы араласып өседі. Орманды даладан жоғары субальпі белдеуі басталады. Субальпі белдеуінде әр түрлі шөптесін өсімдіктерімен қатар арша, тасжарғыш, альпі сарғалдағы, тарғақшөп, арпабас, т. б. өседі. Қазақстан жерінде субальпілік шалғындықтар ғасырлар бойы мал өрісі, жазғы жайлау ретінде пайдаланылып келеді.
3.Тянь-Шань таулы өлкесі.
Тянь-Шань таулы жүйесінің Іле және Күнгей Алатауының солтүстік жақ беткейінде 800 метр биіктікке дейін жусанды-астық тұқымдас өсімдіктер өсетін шөлді аймақ орналасқан. Бұл зонада эфемерлер көп. Шөл зонадан жоғары 1100 метрге дейін әр түрлі шөп өсетін дала зонасына ауысады. Аймақтың топырағы таудың кәдімгі құнарлы қара топырағы. Дала зонасының жоғары жағындағы өзен аңғарларында жайқалып өскен жабайы алма, долана, жабайы өрік, көк теректі кездестіруге болады. 2600—2800 метр биіктікте орманды-шалғынды белдеу басталады. Бұл белдеуде Тянь-Шянь шыршасы әр түрлі шалғындықтармен ауысып отырады. Оңтүстік беткейінде түркістан аршасы өседі.Орманды-шалғынды белдеуден жоғары 3100 метрден бастап субальпілі, альпілі белдеу орналасқан, оның өсімдігі Жоңғар Алатауының өсімдігіне ұқсас. Бұл белдеуде арша, альпілік сарғалдақ, өлеңшөп, жабайы жуа өседі. Жартасты жерлеріне Тянь-Шань еңлікгүлі шығады. Альпі белдеуінен жоғары мәңгі қар мен мұздықтар жатыр. Көптеген тау өзендері міне осы белдеуден бастау алады.
Батыс Тянь-Шань тауларына кіретін Өгем, Піскем, Қаратау жоталары шөлді зонада жатқандықтан, төменгі белдеуде өсетін өсімдіктерден эфемерлер мен эфемероидтар көп. Сондай-ақ жануарлар дүниесінде де өзгешелік бар. Айталық жануарлардың сібірлік түрі аз да, ал Оңтүстік Африка, Жерорта теңізі, Гималай тауларында өсетін түрлері көптеп тараған. Төменгі шөл аймағында дала тасбақасы, әр түрлі бауырымен жорғалаушылар, толай қояны, үнділік мысықторғайы кездеседі. Орманды-шалғынды белдеуінде сұр аламан, жертесер, Тянь-Шань тышқаны, түлкі, қасқыр мекендейді.
Биік тау белдеуінде тауешкі, арқар, қызыл қасқыр, сондай-ақ құстардың биік тауда өсетін көптеген түрі бар. Тянь-Шань таулы өлкесінің қайталанбас әсем табиғаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында Алматы, Ақсу-Жабағылы қорықтары ұйымдастырылған.
Ақсу-Жабағылы қорығы Батыс Тянь-Шань табиғаты мен таулы өлкесінің жан-жануарларын қорғау үшін 1926 жылы ұйымдастырылды. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас және Сайрам аудандарының аймағын, Талас Алатауы мен Өгем жотасын қамтып, жалпы көлемі 74 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Қорық төрт биіктік ландшафт белдеуін қамтиды. Қорықта өсімдіктің 1500 түрі: 1500 метр биіктікке дейінгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар дала зонасы. 1500—2300 метр биіктікте даланың шалғынды, бұталы ағашы өседі. Мұнда арша (биіктігі 20 метрге дейін барады), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстіктің жеміс ағаштары өседі. Жануарлардан мұнда: елік, борсық, жайран, басқа жерден әкелінген марал және басқалар мекендейді.
2000—2300 метр биіктікте субальпілік шалғын жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш жоқ дерлік. Жануарлардан тауешкі, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан — ұлар, кезеген торғай, тауқарға, қозықүмайлар өмір сүреді. Қорық аумағында құстардың 238 түрі және сүтқоректілердің 42 түрі есепке алынған. Сүтқоректілерден аса бағалы арқар, сібір тауешкісі, марал, елік; жыртқыштардан — ілбіс, ала мысық, борсық қорғауға алынған. Ең жоғары белдеу — биік таулы, қарлы және мұзды шыңдар. Субальпілік белдеуден аңғарларға құлап сарқырап ағатын тау өзендері басталады.
Алматы қорығы. Алматы қорығы 1931 жылы құрылған, ауданы 91 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт аймақтарын қамтиды. Бұл аймақ басын мәңгі қар мен мұз жамылған, беткейлері мен төскейлеріне шөп пен ағаш қалың шығатын өсімдіктерге бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі Іле өзенінің атақты«әнші тауы» Аққұм бар (биіктігі 100 метрден асатын үлкен құмтөбе). Көк Терек, долана, жабайы алма және өрік 1800—2000 метр биіктікке дейінгі аралықта өсе береді. 2500 метр биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасы өсетін шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары орна-ласқан. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі. Сүт қоректілердің 60-қа жуық, құстардың 200-ден астам түрі бар. Шыршалы орманда марал, елік, тянь-шань аюы, сілеусін, барыс, борсық, түлкі, қасқыр мекендейді. Орман шекара-ларындағы биік шыңдар мен құздарда арқарлар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда қорықта тиін-телеутка, колонка мен зубр, бизондар өсірілетін болды.
Бақылау сұрақтары:
-
Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан алғаш рет нешінші жылы аудандастырылды.
-
Қазақстан аумағын қанша табиғи аудандарға бөлді.
3.Қазақстандағы таулардың биіктік белдеуліктерін ерекшеліктеріне қарай қанша физикалық-географиялық аймаққа белуге болады:
4. Батыс Тянь-Шань тауларына кіретін жоталар
5. Алматы қорығы нешінші жылы құрылған?
Лекция№24
Тақырыбы: Қазақстанның экологиялық жағдайы мен геоэколоиялық аудандастырылуы
Жоспары:
1.Биік таулы аймақтар экологиясы
2.Қазақстанның табиғат байлықтары және табиғат ресустарын қорғау
Лекцияның мақсаты:
Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауының себептерін. Бүгінде табиғатты қорғау ісі дүниежүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отырғандығы қамтамасыз етілді.
Лекция мәтіні:
Уақыт өткен сайын табиғат пен адамдардың ара қатынасы айқындала түсуде. Соңғы жылдары экология туралы жиі айтылып жүр. Алғаш рет экология деген ұғымды (1866ж.) ғылымға неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Экология мағынасы гректің «Эко-Ойкос» деген сөзінен шыққан, үй, бізді қоршаған орта, біз өмір сүретін айнала деген ұғымды білдіреді. Демек, өзің тұрған үйді қалай таза ұстасаң, қоршаған табиғатты да солай таза сақта, соған өз үлесіңді қос.
Бүгінде табиғатты қорғау ісі дүниежүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Баржоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қыщқыл жауын-шашын болып жауатын болды.
Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға 145 млн. тонна күкірт қос тотығы, 250 млн. тонна шаң-тозаң, 5млрд. тонна көмір қышқыл газы, 1 млн. тоннадай қорғасын қосылыстары шығарылады екен. Әр түрлі лас, зиянды заттардың биосфераға таралуы тіршілікке көп зиянын тигізуде. Соның салдарынан атмосфераны ластаушы қосылыстар түтін тұманына айналуда. Ең қауіптісі өте ыстық күндері пайда болатын фотохимиялық құрғақ түтін ауаның ластығын, улылығын арттыра түседі. Тянь-Шань тауының баурайында орналасқан Шымкент, Тараз, Алматы, Өскемен қалаларының ауасы басқа қалаларға қарағанда бірнеше есе көп ластанған. Оның басты себебі осы қалаларда өнеркәсіп кәсіпорындарының көбірек шоғырланған. Олардан ұшқан шаң-тозаң атмосфераға араласып, тау беткейінде қайтадан қышқыл жаңбыр болып жауады.
Сыртқы ортаға қатты өндіріс қалдықтары да көп зиянын тигізеді. Ашық әдіспен 1 тонна темір рудасын өндіргенде 40 тонна тау жынысы електен өткізіледі, ал бұл біраз жерді жауып, ол жер ауыл шаруашылығына жарамсыз болып қалады. Екібастұз көмір ашық әдіспен өндіріліп, сол жерде орналасқан жылу электр станцияларында жағылып, одан электр энергиясы алынады. Бірақ ондағы дүние жүзілік ең биік 430 метрлік мұржадан шыққан көмір түтіні Алтай тауының ғана емес, Гималай тауларының мұздықтарына дейін жетіп шөгеді екен. Бұл мұздың бетіне қонған қара тозаңын қабаты қалыңдаған сайын өзіне күн жылуын көбірек сіңіріп, тұщы су қорының мұздықтардың шамадан тыс еруіне әкеліп соғады. Бұл – құрлықтағы тұщы су қоры азаяды деген сөз. Жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады да белгілі бір ауданда пайда болған улы заттарды басқа жерлерге таратады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығыс бөлігінде орналысқан биік таулы аймақтардың экологиялық жағдайы нашар. Биік тау баурайында орналасқан қалалардың ауасы басқа жерлерге қарағанда ластау келеді. Іле Алатауы үш жағынан қалқан болып тұрғандықтан табиғи ауа ағыны нашар Алматы қаласының экологиялық жағдайы тіпті қиын. Оның басты себебі – ауыр өнеркәсіп орындарының табиғат жағдайларын ескермей салынғандығынан. Қазір Алматы кәсіпорындары жылына атмосфераға 47 мың тонна зиянды қалдықтар шығарса, ал Өскемен қаласында орналасқан кәсіпорындар 107 мың тонна зиянды қалдықтар бөледі екен.
Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қолайсыз экологиялық жағдайларға жанжақты талдау жасап, әрбір кәсіпорынның табиғатқа тигізіп жатқан зиянын анықтап, еліміздің топрағы, суы, ауасының тазалығына бақлауды жақсарту ісін қолға алуда.
2.Адам тіршілігіне пайдаланып жүрген және болашақта пайдаланатын табиғат байлығының барлық түрін табиғат ресурсы немесе табиғи ресурс деп атайды.
Біздің республикамыз табиғат ресурстарына бай ел. Оған пайдалы қазбаларға бай жер қойнауы, ормандар мен шалғындар, жануарлар, минералды шикізат, су, күн, жел энергиясы, жауын-шашын ылғалдары жатады. Республикамыз табиғи ресурстардың кейбір түрінің қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында (хром, темір, мұнай т.б.). Келешек ұрпақ тапшылық көрмеуі үшін табиғат байлықтарын сақтап, молайтып отыруымыз керек, әйтпесе ресурстардың кейбір түрлері таусылып қалуы мүмкін (мысалы, металл рудалары, тас көмір, мұнай, табиғи газ т.б). Мұндай ресурстар қайтадан қалпына келмейді. Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру үшін табиғат заңдылықтарын білу қажет. Өткені географиялық қабықтағы құбылыстар мен процестер өзара тығыз байланысты. Адамдар осы заңдылықтарды шаруашылықта дұрыс пайдаланса, табиғат ресурстарының кейбір түрлерін қалпына келтіріп, тіпті көбейтуге болады. Табиғат ресурстары, негізінен, сарқылатын және сарқылмайтын болып екіге бөлінеді.
Табиғат ресурстарының жіктелуі:Таусылатын табиғат ресурстары қалпын келмейтін және қалпына келетін болып екіге бөлінеді. Қалпын келмейтін табиғмт ресурстарының сарқылуы оның қоры мен адамдардың шаруашылық қызметінде пайдалану дәрежесіне байланысты. Олардың жер қойнауындағы қоры шектеулі. Сондықтан оларды шаруашылықта пайдаланғанда қалдықсыз технологияны қолданып, барынша тиімді өңдеу қажет.
Қалпына келетін табиғат ресурстарына топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі, минералды ресурстар (су түбіне шөгетін глаубер және ас тұзы) жатады. Бұл ресурстар пайдалануға байланысты біртіндеп қалпына келіп отырады. Егер олардың қалпына келу қарқынынан пайдалану қарқыны өсіп кетпесе, онда қоры қайта қалпына келеді. Бұл табиғат ресурстарының қалпына келу уақыты әр түрлі, мысалға, жануарлар дүниесі бірнеше жылда, орман алабы тек 60 – 80 жылға қалпына келеді, ал топырақтың құнарлы қабатын қалпына келтіру үшін бірнеше мың жыл керек. Сондықтан оларды қалпына келтіріп, қорын молайтып, қорғап, тиімді пайдалана білу керек.
Сарқылмайтын табиғат ресурстары ғарыштық, климаттық және су ресурстары болып үшке бөлінеді.
Судың жалпы қоры өзгермейді және таусылмайды. Бірақ адамдардың шаруашылық қызметі нәтижесінде жер шарының кейбір аудандарында судың қоры азайып немесе ластануы мүмкін (Арал, Балқаш, Қарабұғаз, т.б.). Дүниужүзілік мұхит суының ластанунан ондағы жануарлардың өмір сүруі мен өсімдіктердің өсуіне қолайсыз жағдайлар қалыптасуда. Ауыз су проблемасы жылдан-жылға қиындауда. Сондықтан тұщы су қорын барынша қорғау керек.
Климаттық ресурстар – атмосферадағы ауа мен жел энергиясы – таусылмайды. Соңғы жылдары өнеркәсіп пен көліктердің дамуына байланысты ауаға лас заттар (шаң-тозаң, улы газдар, түтін) бөлініп, адамдардың денсаулығына ғана емес, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесінің өмір сүруіне де үлкен зиянын тигізіп отыр. Сондықтан ауаны таза ұстау бүкіл адамзат алдындағы жауапты міндет.
Ауа, климат мемлекеттік шекара дегенді білмейді. Ғарыштық ресурстарға күн радиациясы мен теңіздердің толысу энергиясы жатады. Бұл ресурстардың көлемі мол және бұлар сарқылмайтын ресурстар. Бірақ өнеркәсіп орындары шоғырланған қалаларда ауадағы шаң-тозаң мен тұтасқан түтіннің қоюлығынан күн радиациясының жерге түсуі нашарлайды да мұның өзі адамның денсаулығына зиянын тигізеді.
3.Біздің республикамыздың қойнауы алуан түрлі табиғат байлықтарында бай. Кең-байтақ қазақ жерінде табиғат байлықтарының аса мол шоғырланған. Мұнда 35 млн. гектар егістік жер, 187 млн. гектар шабындық пен жайылым, 20 мыңнан астам гектар орман, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Елімізде су ресурстары да жеткіліктіның сарқылмас мол қоры бар.
Қазақстанның жер ресурсы және оны қорғау шаралары. Қазақстанның жер көлемі жан басына шаққанда дүние жүзінде бірінші орында. Сондықтан осындай зор байлықты тоздырмай, улы химикаттармен уламай, топырақ, жел эрозиясына ұшыратпай, тиімді пайдаланып келешек ұрпақ несібесіне сақтап жеткізу – басты міндет.
Қазақстанның жер ресурсын сол қалпына сақтау үшін ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы күрестің биологиялық әдістерін кеңінен қолданып, ағаш отырғызып әрі қажетті мелиорациялық жұмыстарды жүргізіп отыру керек. Сонымен қатар, жер қойнауынан қазып алынатын пайдалы қазбаларды қалдықсыз технологияны қолданып, жер бетіндегі өндіріс қалдықтарын қайта өңдеп, құрылыс материалдарын шығаруға пайдалану қажет.
Республиканың кең-байтақ аумағында жалпы ұзындығы 200 мың километрге жететін 11 мыңға жуық өзен, 7 мыңнан астам көл, бөген, жер асты мол су қоры, жалпы ауданы 2033 шаршы км-ге жететін 2724 мұздық бар.
Су ресурстарының ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның біртіндеп жойылуына алып келеді. Сонымен қатар сүзек, сары ауру, тырысқақ және басқа да жұқпалы ауру түрлерінің тарауына, өршуіне себеп болады. Су ресурстары суқоймаларына, ағын суларға тазартылмаған немесе шала тазартылғнан өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдық судың ағызылуынан ластанады. Су айдындарының тазалығын сақтаудың ең басты жолы - өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілін қолдану. Әзірше мұндай әдісті Жезқазан кен байыту комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты қолдануда.
Қазақстанның батыс аудандарында жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру тәжірибесінен мұнай тек суды ғана емес, бүкіл айналадағы ортаны да ластайтыны байқалады. Суға төгілген мұнай су бетіне жайылып, оған оттегінің өтуіне кедергі жасайды. Ал суда оттегі болмағандықтан, ондағы тірі организмдер қырыла бастайды. Ластанған суды механикалық, химиялық және биологиялық жолдармен тазартады.
Достарыңызбен бөлісу: |