Лекция: 30 Лабораториялық: 26 СӨЖ: 124 Барлық сағат саны: 180



бет6/10
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#133781
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Дағды. Дағды филогенездің тек белгілі-бір кезеңінде ғана пайда болады және туа берілген қозғалыстық координацияларды жаңа жағдайда немесе жаңа қозғалыстық координацияның пайда болуында, қолдануда көрінеді. Дағдыны жетілдіру үшін жаттығулар талап етіледі, әйтпесе олар өше бастайды.

Классикалық шартты рефлексті қалыптастыруда жанар, ең алдымен сәйкес қозғалыстың алдында болатын шартты сигналды тануды үйренуі қажет. Ал «скиннерлік» үйренуде жануардың алғашқы бейімделуі сыртқы стимулдар бойынша есепке алынбайды.

Жануарларда түрлі дағдыларды қалыптастыруға жаттықтырулар да жатады. Егер құралдық үйренуде жануарға инициатива көрсетудің, әрекет ету тәсілін өз бетінше қалыптастырудың масималды мүмкіндігі берілсе, онда жаттықтыруда дағдылар адамның мақсатқа бағытталған әсерінен қалыптасады. Жануарлардың кездейсоқ жасаған қозғалыстарының ішінен үйретушіге қажетті қозғалыстар ғана бекітіледі. Қозғалыстар үнемі тек шартты рефлекстің қалыптасуындағы сияқты үйретуші басып отыратын сигналдарға жауап ретінде ғана орындалады, бірақ жаттықтыру шартты рефлекстек өзінің күрделілігімен ажыратылады, бұл шартты рефлексретдің шын-жыры болып табылады.

М.А. Герд бойынша жаттықтыру үрдісі үш кезеңге бөлінеді:



  1. итеру (наталкивания);

  2. істеп өтеу (отработки);

  3. нығаю (упрочения).

Істеп өтеу кезеңі артық қозғалыстарды кесіп тастауды енгізеді, одан кеійн қозғалыстың алғашқы жүйесі тегістеу өтеді.

Дағдылардың қалыптасуы мен танымдық үрдістері. Э.Торндайк және басқа да ғалымдар дағдылардың қалыптасуы кездейсоқ жасаған жақсы қозғалыстарды бекітудің нәтижесінде өтеді деп есептейді (Г.Спенсер, Ллойд Морган ). Бұл жерде «байқап көрулер» мен «қателесулер» ретсіз жасалады деген елес мәнді болып табылады. 20 жылдардың өзінде Э.Толмен мен В.П.Протопопов қозғалыстардың хаостығы туралы пайымдауларға қарсы шықты және ол қозғалыстардың белсенді бейімделу іс-әрекеті үрдісінде қалыптасатындығын көрсетті. Жануарлар жағдайды талдайды және масатқа өте жақсы сәйкес келетін бағытты таңдайды. Бұл көз қарасты дәлелдеу үшін И.Ф.Дэмиелл «кері тұйықтар», яғни кіретін жерден кері бағытта орналасқан тұйықтары бар лабиринт жасады. Ол дәл осы «кері тұйықтарға» шығу орнында орналасқан тұйықтарға қарағанда жиірек баратындығын көрсетті.

И.Кречевский жануарлар алдында шешілмеген тапсырмаларды шешуде басшылыққа алатын «болжамдардың» пайда болатындығы туралы тезис шығарды. Жолы болмаған жағдайда жануарлар оны басқа «болжаммен» алмастырады. Ол лабиринттегі көртышқанның жүріс-тұрысының шешуші рөлін сенімді көрсетті. Яғни жануардың белсенді танымдық іс-әрекеті тапсырмаларды шешудегі дағдының жақсы қалыптасуының маңызды алғышарты болып табылады.

А.Н.Лентъев дағдыларға тек бекітілген операцияларды ғана жатқызады. Жануардың локомоторлық әрекеттерінде ол екі жақты мазмұнды бөліп көрсетеді: 1 – мақсатқа бағытталған іс-әрекет; 2 – кедергілерді жеңумен, яғни шарттармен байланысты іс-әрекет. Бұл іс-әрекет (кедергіні жеңумен байланысты) операция боып табылады. Балықтармен айналып өту жолы әдісін пайдалана отырып жүргізілген экспериментте танымдық компонент (тұтасымен дағды) өте төменгі деңгейде болды. Бұл автоматтанған дағдының мысалы (кедергіні алып тастағаннан кейін балықтар қозғалыстың жаңа траекториясын ұзақ уақыт бойы сақтайды). Дағды неғұрлым күрделі болса, оның танымдық мәні соғұрлым артық болады.

Кедергіні жеңу – дағды қалыптасуының біршама мәнді элементі. Кедергілерді жеңу тәсілдерінде дағдының танымдық қызметі көрінеді.

Венгерлік зоопсихолог Л.кардош жануарлардың лабиринттегі (локомоторлы тану) және құралдық дағдылардың қалыптасуындағы (манипуляциялық тану) танымдық мүмкіндіктерінің шектерін көрсетеді.

Локомоторлы тануда жануар ортаның өзгерісінсіз өзінің ортаға деген кеңістіктік қатынасын өзгертеді. Манипуляциялық тануда, керісінше, жануардың жүріс-тұрысының өзгеруі нәтижесінде кеңістікте бірдеме өзгереді. Жоғарғы маймылдардан басқа жануарларды белгілі-бір жолды таңдауға тәуелді ортада өзгерістер болатындығына үйрету мүмкін емес болады. Арнайы лабиринтті пайдалана отырып жүргізілген экспериментте (Кардош) тамақ сумен алмастырылады. Кардоштың жазуы бойынша, адам «оң жағынан немесе сол жағынан келгенде бір жерден түрлі заттарды тапқанда таңданар еді, бірақ ол бірінші тәжірибеден кейін-ақ үйреніп алар еді... Даму дәл осы жерде секіріс жасайды... егер уақыттық-себептік байланыстар басқаны талап етсе, адам кеңістіктік реттегі бағыттаушы әсерден толығымен босатыла алады».



Үйрену мен қарым-қатынас. Жоғарғы жануарлардың жүріс-тұрысының қалыптасуында еліктеу үлкен рөл атқарады, бірақ тек оның үйрену сферасына жататын формасында ғана. Еліктеудің бұндай формасына «имитациялық үйрену» жатады, ол-тек басқа жануарлардың әрекетін тікелей қабылдаудың ғана негізінде жүріс-тұрыстың жаңа формаларының индивидуалды қалыптасуы.

Өзара стимуляция туғызатын еліктеудің басқа формасы болады, ол – инстинктивті жүріс-тұрысқа жататын аллеломиматикалық жүріс-тұрыс. Сонымен үйрену қарым-қатынастың негізінде өтеді. Имитациялық үйрену жабысқан және факультативті болып екіге бөлінеді. Жабысқан имитациялық үйренуде оның нәтижесі толығымен түрлік таптауырынның шеңберіне жатқызылады. Сонымен, үлкендерге еліктей отырып, жас жануарлар тамақтық объектілерді тануды үйренеді, ұя салуда тәжірибе жинақтайды, өз түрінің әнін салуды үйренеді және т.б. факультативті имитациялық үйрену жабысқан (аллеломиметикалық ) стимулдандырудың негізінде түрге тән емес қозғалыстарды имитациялауда ұсынылған. Бұған маймылдардың адам әрекеттерін имитациялау жағдайлары, құстарда болатын басқа дауыстар мен әндерге еліктеу жағдайлары жатады. Осы жағдайда түрге тән емес имитациялық манипуляциялау туралы айтуға болады.


Баќылау с±раќтары:

1. Дағдылардың қалыптасуы мен танымдық үрдістері

2. А.Н.Лентъев дағдыларға тек бекітілген операцияларды ғана жатқызады, неліктен?

3. Үйрену мен қарым-қатынас


16- лекция. Таќырыбы: Эволюциялық ілім іргесіндегі жануарлар мәселесің зерттеу (19ғ)
Жоспары: 1. Ж.Б.Ламарктің тұжырымдамалары.

2. К.Ф.Рульенің теориясы

3. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.

Лекция маќсаты: Эволюциялық ілім туралы ойшылдардың идеяларына талдаулар беру
Лекция мєтіні

1) Ж.Б.Ламарктің тұжырымдамалары. 19 ғасырдың басында инстинкт проблемасымен және сонымен байланысты жануарлардың туа біткен және жүре пайда болған әрекеттік өзара қатынастары үлкен қызығушылық тудыра бастады. Бұл сауалдарға қызығушылықтың тууы, алғашқы эволюциялық теориялардың және трансформизм идеяларының пайда болуымен байланысты.Мінез-құлқыда «дайын түрде» тұқым қуалап берілетің не, ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасатың не, жалпылы, түрдік (видовой) болып не жатад, ал эволюция процесінде жеке жүре пайда болған мінез-құлқылардың мағнасы қаншалықты, адам мен жануарлар арасының шегі қай жерде өткізіледі деген мәселелерді анықтау көкейкесті болып келген.

Ғасырлар бойы үстем келген, табиғатқа деген метафизикалық көзқарастарға сай, жануарлардың инстинкті сусымайтың «жаратқаннан» бастап өзгерусіз жағдайда болады деген пікірді қолдаған. Эволюциялық теория қалаушыларына, жануарлардың түрді типтік ағза құрылыстарың көрсеткендей, инстинктін пайда болу тегін нақты үлгілерде өзгермелі екенің көрсету керек болды.

Тірі табиғат эволюциясы туралы алғашқы тұтас ілім 19 ғасырдың басында Жан Батист Ламаркпен түсініктеме берілген. Ламарк өзінің эволюциялық тұжырымдамаларында психикалық фактордың бағыттау әрекеті жайлі негізін қалаған. Оның пікірінше, жануарлардың мінез-құлқың өзгерту жолында, сыртқы орта, жануарлардың организміне жанама әсер етеді деген. Осы жанама ықпалдың салдарынан жаңа қажеттіліктер пайда болады да, ол мүшенің жаттықтырылу жолымен ағза құрылымының өзгерісіне әкеліп соғады, әрине мінез-құлқы арқылы. Қаншалықты бұл тұжырымдамалардың жалпы мәселелерінде қателік болғанмен (психиканың бастапқы ұйымдастыру факторы, организмдердің «жетілуге» ұмтылысы) Ламарктің үлкен үлесі болып эволюция процесінде психикалық қызметтің, мінез-құлқының ролін көрсетуі жатады.

Органикалық (тірі) әлемнің тарихи дамуың табиғи-ғылыми жолмен түсіндіруге ұмтыла отырып, Ламарк, күрделі психикалық қызметтердің түрлері қарапайымнан дамыған, яғни оны салыстырмалы-эволюциялық жоспар түрінде қарастырған дұрыс деп дәлелдеген. Осыған қарамастан, ол табиғи-ғылыми зерттеуге жатпайтын болғандықтан жануарлардың физикалық дене құрылысымен байланыспайтың рухани бастапқының бар екенін мойындамаған. Жалпы табиғи-ғылыми жолмен дүние танылғандықтан, тәжірибелі жолмен танылады деп түгел барлық психикалық құбылыстарды Ламарк материалдық құрылыммен, процеспен тығыз байланыстырған.

Психофизиологиялық параллелизм тұжырымдарына қарама-қайшы, Ламарк психиканың функциональдығың жүйке жүйесімен байланысың, психикалық қызметтің жүйке жүйе қызметіне тәуелдігін, психикалық эволюцияның жүйке жүйесінің эволюциялық дамуына тәуелдігі жайлі пікірді сенімді қолдаған. Әр деңгейдегі филогенездегі жануарлардың психикалық қызмет сипаттамасың жүйке жүйесіиен салыстыра отырып, салыстырмалы психологияның негізің Ламарк қалаған деп толық айталамыз.

Ламарк осы тұрғыдан инстинкт проблемасын қарастырған. «Жануарлардың инстинкті-бұл қажеттілік негізінде еріксіз әрекет жасауға итермелетін түйсіне құштарлық».Және де Ламарк инстинктілі жануарлар мінез-құлқың бастапқысынан өзгеріске ұшырамайтың деп санамаған. Оның пікірінше, инстинкт нақты ортаның агенттерінің организмге ұзақ уақыт ықпал ету нәтижесінде, эволюциялық процесте пайда болған. Бұл бағытталған әрекет бірнеше рет қайталану нәтижесінде бекітліп, бұндай қайталану әрекеттері жүйке жолын қалыптастырады да нерв импульстерінің өтуі женілденеді ( ол «флюид» деп аталады), пайдалы әдет қалыптастырылады, жануарлардың ағзалык ұйымдасуының жетілуіне әкеліп соқты.
2) К.Ф.Рулье 19 ғасырдың ортасында Ресейде Мәскеу университетінің профессоры, өз заманының ғұлама ғалымы К.Ф.Рулье тірі табиғатты тарихи тұрғыдан зерттеу керегін бірізділі жанып қолдаған. Сол жылдары, табиғи ғылымдарда реакциондық теориялар кенінен тарап, жануарлар мінез-құлқы және психика жайлі сауалдар идеалистік және метафизикалық тұрғыдан жариаланған. Жануарлардың психикалық қызметтері бірден мәңгі өзгерусіз болып қарастырылған; олардың құлқылары мен инстинктерінде табиғат пен үйлесімді еткен жаратушының шексіз даналығы болып көрінеді.

Рулье реакциондық жағдайларға қарамастан,инстинкті табиғаттан тыс қарастыруға қарсы тұрған. Ол, инстинкті жануарлардың анатомиясымен, физиологиясымен және экологиясымен қатар зерттеу керек деген.


3) Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі. Чарльз Дарвиннің эволюция ілімінің женісімен табиғи білімдерде тірі табиғаттың бірлік заңдылықтары, органикалық әлемнің үздіксіздігі туралы ой нығайды. Дарвин жануарлардың және адамдардың психикалық қызмет эволюциясы жайлі сауалдарға мол көніл бөлген. Ол өзінің «Выражение эмоций у человека и животных» атты іргелі зоопсихологиялық еңбегің, және де жануарлардың мінез-құлқы жайлі бірқатар арнаулы жұмыстарын жазып шығарған.

Дарвин, инстинктің пайда болу тегін табиғи сұрыпталу әрекетімен түсіндірді.


Баќылау с±раќтары:

1. Ж.Б.Ламарктің тұжырымдамалары.

2. К.Ф.Рульенің теориясы

3. Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі.


17- лекция. Таќырыбы: Инстинкт және үйрену мәселелерің қазіргі тұрғыдан қарастыру.
Жоспары: 1. Инстинкт және уйрену проблемасында үлкен орын алатың инстинктивті мінезқұлқының икемділігі

Лекция маќсаты: Инстинкт және үйрену құбылысын ғылыми теориялық негіздеріне шолу.
Лекция мєтіні

Инстинкт және уйрену проблемасында үлкен орын алатың инстинктивті мінезқұлқының икемділігі. Бұл сауал тек инстинктивті мінез-құлқы тегін анықтау үшін ғана емес және де жануарлардың психикалық әрекеттерінің қызметіне де жалпылай қатысты.

Дарвиннің пікірінше, туа біткен морфологиялық негізіне тән инстинктивті икемділік табиғи сұрыпталу жолында инстинктивті мінез-құлқы дамуына жеткілікті деген. Кейіннен көптеген ғалымдар өз күштерін, каншалықты инстинктер тұрақты, регидті немесе өзгермелі және модифицивті (түрленуге) болады екенің зерттеуге бағыттаған. Нәтижесінде,бүгінгі күні, жануарлар мінез-құлқысының икемділігі неғұрлым күрделі, яғни генетикалық бекітілген дайын әрекеттер тұқым куалауда емес, онтогенездегі қалыптасқан қозғалыс реакциялары шегіндегі тітіркену нормасы берілетіні бізге мәлім.

Инстинкт және үйрену проблемасын теренінен зерттеген В.А.Вагнер, әсіресе оның «Биологические основания сравнительной психологии» (1910-1913) еңбегінде көрсетілген. Омыртқасыздар және омыртқалыларды зерттеген эксперимент және бақылау жолымен алынған мәліметтеріне сүйене отырып, Вагнер, жануарлардың мінез-құлқысының инстинктивті компоненттері пайда болып дамуы «ортаның нұсқауы және табиғи сұрыпталу бақылауына байланысты» және оңы әрине өзгерусіз, стереотипті деп санауға болмайды. Вагнердің санауынша, инстинктивті (соқыр сезім) мінез-құлқы, ол-сыртқы ықпалмен өзгермелі дамитың пластикалық қызмет.

Мінез-құлқының вариабельдігі Вагнердің қарлығаштар және өрмекшілердің конструктивті әрекеттер мысалдарында көрсеткен. Деректерді тиянақты талдау, инстинктивті мінез-құлқының лабильдігі анық видиотипті шеңбермен шектелген деп қортындыға келген.

Кейін бұл проблеманы кенес ғалымдары қарастырған. Академик Л.А.Орбели жануарлар мінез-құлқысының икемділігі жетіліп туу денгейіне тәуелділін талдаған. Кенес орнитологі А.Н. Промтов жануарлар соқыр сезімді мінез-құлқы онтогенез процесінде қалыптасатың шартты рефлекторлы компоненттерден тұрады деген. Оның пікірінше соқыр сезім мінез-құлқы икемділігін байқататың осы компоненттер. Екінші жағынан,видиотипті құрылыс белгілерінің себептілігіне байланысты туа біткен реакциялар және жеке өмір ағымының негізінде жүре пайда болған шартты релекстер түбінде видиотпті ерекшеліктерді көрсетеді де «видиотипті стериотипті мінез-құлқы» деп Промтов атады.


Баќылау с±раќтары:

1. В.А.Вагнердің «Биологические основания сравнительной психологии» еңбегі қашан жарық көрді және онда не қарастырылған?

2. Кеңес орнитологі А.Н. Промтовтің пікірі

18- лекция. Таќырыбы: Жануарлар өмір әрекетінің негізі –инстинктивті мінез-құлқы
Жоспары: 1.Инстинктивті мінез-құлқының ішкі факторы

2.Инстинктивті мінез-құлқының сыртқы факторы



Лекция маќсаты: Жануарлардың инстинктивті мінез-құлқының ішкі және сырты факторлары туралы ілімдермен танысу.
Лекция мєтіні

1. Инстинктивті мінез-құлық пен үйрену бір бірімен тығыз байланыста болып ғана біртұтас құлқылық акт болады. Қазіргі ғылыми зерттеулерде «инстинкт» ұғымың сирек қолданады, яғни оның ұғымындарының жіктелуі өте көп, туа біткен, тұқым куып бекітілген, бөлек инстинктивті қозғалыстардан тұратың ( поза, дыбыс т.б.) сияқты инстинктивті қозғалыстар немесе акті «инстинктивтік құлқы» деп те түсіндіріледі. Осы терминдердің айқын шектеуі жануарлардың мінез-құлқың талқылайтың этологиялық талдауға керек.

Жануарлар организмінің «жұмыс» ағзаларының сыртқы қызметтік жиынтығы болып мінез құлқың айтсақ, осы қызметтің өзің және олардың уақытта және кеністікте бағытталуың айыра білген жөн. Осылардың барлығы да инстинкт негізінде болады да, ал үйрету арқылы сол қызметтердің бағыттарың өзгертуге ғана болады. Бұның мағнасың кенінен ашсақ, жануарлардың құрылыстық генетикалық бікетілген ағзаларының қызметің үйрету арқылы өзгерте алмаймыз. Инстинктивтік қозғалыстардың т.а. экзосоматикалық мүшелердің қызметтерінің сипаттарың анықтайтың морфологиялық ерекшеліктер. Мәселен, қояндардың қол аяқтары морфофункциональдық табиғи икемделмекендіктен оларды сіріңке жағып үйретуге болмайды.

Сыртқы белсенділікте байқалатың жануарлардың организмінің өмірлік қызметі инстинктивтік қозғалыстар мен басқа да инстинктивтік тітіркенулерде негізделеді (термикалық, электрикалық, бояудың өзгеруі, сөлдердің бөлінуі т.б.). Осы реакциялар негізінде ағзаның өмірлік қызметтері, заттар алмасуы соңымен қатар өкілдердің көбею және өмір сүруі қамтамасыздалады.

Инстинктивті мінез-құлқы экзосоматикалық мүшелердің қызметтерімен шектеліп қана қоймайды, және де реттеу механизмі мен кеністік-уақыттық бағытталудаң тұрады. Осы реттеу мен бағытталу уйрену негізінде жүзеге асады да инстинктік процеске қосымша толтырады.

Инстинктивті мінез-құлқының ішкі факторы.

Көп уақыт бойы, инстинктивті әрекеттер ішкі және құпиялы себептермен анықталады, ал жеке үйренулері сырткы түрткілерге байланысты деп санаған. Мұңдай көзқарастар Ежелгі ойшылдарда жиі кездеседі. Декарттың кезінен бастап өріс алған механикалық қатынас, мінез-құлқының қозғаушы күші сыртқы факторлар деген пікірде болған.

Алдымен ішкі факторды қарастырсақ, жануарлардың организмінің ішкі ортасы үздіксіз жаңарып отырады, бірақ тоқтаусыз ассимиляциялық және диссимиляциялық процестерге қарамастан, орта өзінің физиологиялық көрсеткіштерімен тұрақты келеді. Ішкі ортаның тұрақтылығы- организмнің өміріне өте кажетті жағдай. Тек тұрақты жағдайда ғана керекті физиологиялық және биохимиялық процестер жүреді. Қандай болмасың нормадан тыс шамалы өзгерістер интрорецепторлар жүйесімен қабылданып тұрақтандырып өзіндік реттеудің физиологиялық механизмің іске қосады. Кенес физиологі академик П.К.Анохин өзін-өзі реттеу механизмі деп кері байланыс принципі бойынша қызмет ететін (кері афферентация) және функциональды жүйе ретінде белгіленген.

Сонымен, ішкі ортаның тұрақтылығы организмнің ішкі процестерінің өзіндік біркелкіліктін қайта орна келуіне негізделген. Осы процестердің ерекшілігінің бірі өзін-өзі реттеу жүйесінде жүретін ритм формасында болуы. Әйгілі кенес зоопсихологі В.М.Боровский 30-жы жылдары мінез*құлықтың алғашқы мотивациясын осы ритмнің (ырғақтың) өзгерісіне байланысты келуі деген. Ол инстинктивті қылықтың мотивациясы түрткі немесе құмарлық ретінде қарастырылып материялдық әлемге тән болып қарастырған. Сонымен қылықтын негізгі мотивациясы азды-көпті физиологиялық қызмет деңгейінің нормадан ауытқуы, ішкі ырғақтың бұзылысы, организмнің тіршілігін қамтиды. Бұл өзгерістер қажеттілік тудырып, мінез-құлықтары соңы қанағаттандыруға бағытталады.

Мінез-құлықтың ішкі мотивациясы үшін орталық жүйке жүйесінде өтетін ритм процесінің маңызы зор. Оңы биологиялық сағат деп атаймыз. Бұл мінез-қылыққа қатысты, жануарлардың сыртқы белсенділігінің кезенді тербелісі, ырғақты қайталанатың әрекеттің басталуы мен аяқталуы ғарыш уақытымен синхронды келетін «ішкі сағат» ырғағымен анықталады. Қылық ырғағына өзгерістер көптеген биологиялық маңызды орта факторларымен еңгізіледі, бірақ инстинктивті мінез-қылықтың жалпы «канва» (арқау) болатыны шамамен тәулікке тен («циркад» ырғағы) кезенмен өзіндік қоздыратың тербеліс процесімен анықталады.

Ереже жағдайда бұл ырғақ , бір тәулікте жер өз белдігінде айналуымен анықталатың, орта өзгерістерімен синхронданған.Бұл жағдай жануарларды жасанды жағдайда да сақталады.

Жануарлар мінез-қылықтарында циркадтық ырғақтан басқа, күн бойы көп қайталанатын қысқа мерзімді ырғақта кезедеседі. Неміс этологі В.Шлейдт индюктін қоқылдауы, сыртқы әлемнен оңашаланған және дыбыстан ажыратылған болғанымен, заңдылықты түрде кезенді қайталанып отырылатының дәлелдеген. Әрине, ереже жағдайда ішкі ырғақтың өтуі сыртқы әсерлер ықпалымен (есту, көру, метеорологиялық факторлар т.б.) өзгереді, және де жануарлардың жалпы физиологиялық жағдайына да байланысты келеді.

«Ішкі сағат» жануарлардың кеністікте бағытталуы үшін де қажетті. Мысалы көшпелі құстардың уақытын алсақ. Құстар астрономиялық бағыт үшін күнді алып аспанда оның орналасуы туралы ақпарат алуы циркадтық ырғақтын фазасымен күн орналасуының салыстыруын қабылдаумен байланысты келеді.

Сөйтіп, Шлейдтің эксперименті, нерв жүйесінің эндогендік процесі сыртқы адекватты стимул болмаған жағдайда нақты инстинктивті қозғалыстарды орындауға итермелейді екенің көрсетеді. Неміс нейрофизиологі Э.Хольст тауықтың бас миының түп бөлігінде (эксперимент кезінде тоқпен белсендірілген кезде әртүрлі функциональдық мағынасы бар әдеттегі инстинктивті қозғалыстар туғызатың аймағын тапқан. Сол ми аймағын әртүрлі күшпен қоздырған жағдайда биологиялық маңызды ситуацияға тән видиотиптік қозғалыстар жасалатыны көрсетілген, мысалы, жақындап келе жатқан жауды көрген кезеде. Соңымен, мінез-қылық іштей ұйымдасып биологиялық өзін-өзі реттеуде негізделіп видтің генетика қорында кодталады.

2. Инстинктивті мінез-қылықтың сыртқы факторы.

Этологиялық тұжырымдамалар бойынша инстинкт қозғалысы «туа біткен пусктік механизммен» қоршалған деп айтылғанымен, сол механизм нейросенсорлық жүйе жиынтығы болғандықтын мінеқұлықтық акт биологиялық адекватты орта жағдайына орайластыру болып жатады.

Сыртқы тітіркендіргіштер, өз жиынтығымен пусктік жағдай құрайтындығынан «өзекті (ключевых) тітіркендіргіш» деген атаққа ие болды. Өзекті тітіркендіргіштер, жануарлар туа біткен видиотипті мінез-қылық формаларының жеке тәжірибесіне тәуелсіз ілтипат білдіреді. Өзекті тітіркендіргіштердің жалпы қасиеті болып ортаның тіршілікке қажетті арнайы қарапайым белгілері жатады. Өзекті тітіркендіргіштерге қарапайым физикалық немесе химиялық белгілер болуы мүмкін ( жай қана форма, көлем, түс, иіс, қозғалғыштығы т.б.), немесе олардың кеністік қатынасы (детальдардың өзара орналасуы, жанама өлшемі т.б.) немесе вектор болуы да мүмкін. Осы белгілердің иелері болып басқа да хайуанаттар, өсімдіктер және өлі табиғат объектілері жатады. Осы ақырғы аталған өзекті тітіркендіргіш үстем бағыттайтың қызмет атқарады. Мәселен, неміс этологі Ф.Вальтер, бөкен бұзауының өзекті стимулы болып демалыс орнын таңдауды анықтайтың «бір тіке зат» (қозғалусыз жатқан) объект болады. Өзекті тітіркендіргіштің ішінде ең жақсы зерттелген болып хайуанаттардың өзі жатады. Қазіргі этологияның негізін құрған голланд зоологі Н.Тинберген күміс тәрізді шағалаларда макет арқылы ас реакциясын («емінушілігін» ата-ана особін шоку арқылы) зерттеген.

Табиғи жағдайда , аш күмістәрізді шағала балапаны анасының сары тұмсығындағы қызыл дақты шоқиды, ал ол болса жауабына балапанының аузына әкелген тамағын құсады.Яғни осыған орай эксперименте де осыған ұқсас макет қолданып, макет келбетін аздап өзгерте отырғанның өзінде өзекті болып қызыл дақ қалады.

Шағаланың жұмырқаға деген қатынасын зертеп подмосковьедегі Киево көлінде 30-шы жылдары өте қызықты тәжірибені Г.А.Скребицкий мен Т.И.Бибикова қойған.

Түбінде мынадай қорытындыға келген, заттың түсі өлшемі салмағы әртүрлі болып келгенімен формасы қана сай болуы қажет екен. Егерде басқа формадағы зат салынса ол алынап тасталады екен.

Сонымен, эволюция процесінде, организмнің ішкі ортасының үздіксіз пайда болып отыратың өзгерістеріне орай қажеттілікті қанағаттандыруға керек сыртқы ортаның тұрақты компоненттеріне бейімделу пайда болады.


Баќылау с±раќтары:

1. Инстинктивті мінез-құлқының ішкі факторы.

2. П.К.Анохин өзін-өзі реттеу механизмі деп кері байланыс принципі бойынша қызмет ететін қандай функциональды жүйе ретінде белгіленген

3. Инстинктивті мінез –құлық факторларын қандай шет ел зоологтары зерттеген


19- лекция. Таќырыбы: Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары.
Жоспары: 1. Психикалық даму проблемасы бойынша теориялық бағыттар

2. Тіршілік пайда болу тұжырымдамалары



Лекция маќсаты: Психикалық даму проблемасы бойынша теориялық бағыттар, тіршілік пайда болу тұжырымдамалары жөніндегі көзқарастар мен таныстыру
Лекция мєтіні

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Сондықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатгалады.

Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыг қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасыңда философиялық ой-пікір тарихыңда Р. Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "ангропопсихизм" бағдары. Оның мәні: - психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда. Бұған қарама-қарсы, екінші теория "панпсихизм", яғни бүкіл табиғаттың жан-рухи қасиетке иелігі жөніндегі үғым. Бұл біріне бірі қайшы екі көзқарастың аралығында кеңірек өріс алған "биопсихизм" теориясы бар. Биопсихизмшілдердің пікірі -психика жалпы материяның қасиеті емес, ал оның тек жанды бөлігіне ғана тән нәрсе. Қойылған проблеманың шешіміне орай өрістеген және бір көзқарас: психика барша жанды материяның қасиеті емес, ал олардың арасындағы жүйке жүйесіне (нервная система) ие болғандарына ғана тән құбылыс. Мұңдай тұжырым "нейропсихизм" деп аталған.

Ғылыми психологая аталған тұжырымдардың бірде-бірін толығымен құптай алмайды. Оның дөлелдері басқаша: психологияньщ туындауы жөніңдегі мәселенің шешімін өмірдің өте күрделі формасы - психиканың туындауына себепші болған жағдайларды зерттеп танумең байланыстырады. Тіршілік пайда болуының негізгі шарты -қоршаған ортамен тұрақты зат алмасуға икемделген күрделі ақуызды (белокгы) молекулалардың түзілуі. Өздерінің тіршілік қалпын сақтап қалу үшін олар қоршаған ортадан қорек заттарды сіңіріп, сонымен бірге қалыпты өміріне зиянды қорытылған қорек қалдықтарын сыртқа шығарьш отырады. Ассимиляция және диссимиляция деп аталған бұл екі процесс зат айналымының құрамды бөлектері болумен күрделі ақуызды түзілімдердің негізгі жасау шарты болып табылады.

Бұл өте күрделі ақуызды молекулалар, каоцерваттар, пайдалы қоректер мен оларды қорытуға немесе өміріне қауіп туғызатын не зиянды әсерлерге жауап бергізетін ерекше қасиеттерге ие. Мысалы, мұңдай молекулалар тек қөректік заттарға ғана емес, сол заттарды қорытуға себін тигізетін жарық пен жылуға да үнавды әрекетпен жауап береді. Ал шектен артық - механикалық не химиялық - қалыпты жасауына кедергі болатын әсер-лерге қарсылық білдіреді. Зат алмасу процесіне қатысы жоқ, бейтарап өсерді тіпті елемейді.

Каоцерватгардьщ иңциферент (қатысы жоқ) әсерлер-ді елемей, зат алмасу процесіне себепші өсерлерді сезу қасиеті тітіркену деп аталады, ал бүл тітіркену қүбылысы органикалық емес материяның органикалық жағдайға ауысқанында көрінеді. Бүдан шығатын қорытывды: әрқан-дай тірі организм сыртқы тітіркеңщргіштерге таңдамалы (белсеңді) қатынас жасап, тірі материяның өзіндік рет-теу (саморегуляция) деп аталатын жаңа сапалық қасие-тін танытады. Тітіркену - бүл биологиялық бейнелеудің (отражение) ең қарапайым формасы болумен, өсімдік жөне жануарлар эволюциясының барша кезеңдеріндегі тірі организмдерге тән қүбылыс, яғни бүл тірі организм-нің барша биологиялық мәнді әсерлерге жауап беру қа-білеті. Осыяай, органикалық дүниеге ету барысывда бей-неленудің сапалық жаңа формасы келіп шығады, өлбет-те, бүл бейне айнадағыдай дәл сипатты бере алмайды. Солай да болса, осы бейне өзінің енжар, кездейсоқ си-патьшан арылып, тіршіліктің қажетті шартына айналды.

Тіршілікке маңызды өсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің жоғары мамаңданған формала-рының қалыптасуы жөне олардың ұрпақтан урпаққа бері-ліп отыруы дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының терендеуі, дарақ діңінің қисық болуы, өсім-діктің күн сөулесін бағуы сияқты қүбылыстар - бөрі осы биотикалық өсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсіңдік өмірі үшін мәнді және бір жағдай бар. Биотика-лық әсерге қарқынды зат алмасумен жауап беруші өсім-діктер нақты зат алмасу кезівде өзге өсерлерді "байқа-майды". Олар қоршаған ортада белсеңці (актив) бағыт-бағдар таңцай алмайды. Мысалы, адым жерде күн сәуле-сі жарқырап түсіп түрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік жасай алмайды.

Мұндай өмір сүрудің енжар (пассив) формасынан тіршілік эволюциясының келесі кезеңі - жәндік-жаңуар-лар дүниесі - айрықша сипатқа ие. Бүл кезевдегі жал-пы, ең қарапайым тіршіліктің даму барысьшда пайда болған бейнелеудің бастапқы формасы - сезу (чувствитель-ность) екені жөніңце ғылымдық болжам бар (А. Н. Леонтьев). Бүл болжам бойынша, ең қарапайьщцарынан бас-тап әрбір тірі организге төн қүбылыс - жануардың тек зат алмасуға қатысты биологиялық өсерлерге жауап беріп қоймастан, биологаялық мәнсіз не "бейтарап" өсерлерге де, егер олардьщ өмірлік қажеттілігі жөніңде хабар түссе, жауап бере алуы. Басқаша айтсақ, жануарлар, тіпті ең қарапайымдары да, қоршаган ортада белсеңді түрде бағыт-бағдар іздестіреді, өмірлік маңызды жағдайларды қарастырады, төңірекгегі барша өзгерісгерді байқастырады. Мүвдай алғаш биологиялық маңызсыз, ал соң өмір қажеттілігіне айналған әсерлерді бақылау қабілеті - сезу деп аталады. Сезу қүбылысы психиканың туывдауында объектив биологиялық белгі қызметін атқарады.

Тіршілікке қажет әсерлер туралы хабар (сигнал-дар) тиісті мүшеге түсуімен бейтарап тітіркендіргіштерді де қабылдай алатьш сезу қасиеті өмір (тіршілік) формасыиа түпкілікті өзгерістер енгізді. Ең бастысы, тіршілік иесі қор-шаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге белсенді қатьшас жасай отырып, өсімдіктерге тән емес, әрекет-қылықтың (поведение) жеке-дара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.

Алғашқы кезде мүндай жеке өзгермелі әрекет-қылықтың қалыптасуы өте баяу болды, солай да болса, процесті эксперимент жағдайында (Брамштедт) бай-қауға қод жетгі: бір жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты қабылдамайды. Сондықтан да олар бір жағы жарық, екішнісі - қараңғы, суы теңцей жылы камерада бір қалыпты жайыла жасайды. Ал егер камерадағы судың бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол бүрышқа келіп жиналады. Егер камераның суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсіріп, жылы жағын қараңғыласа, жануарлар өре-кеті өзгере бастайды, яғни енді біржасушалылар темпе-ратураның көтерілуінен хабар беруші сигаалға айналған жарықты сезе бастайды. Өсімдіктерден жануарларды ажырататын жекелеген әрекет-қылық баяу өзгереді жөне пайда болған өзгерістер ұзақ уақыт сақталып, өте жай жойылады.

Жоғарвда баяндалған тітіркену, сезу лроцестері тек біржасушалылар өмірін қамтамасыз ете алады, ал олардың көпжасушалылар деңгейіне көтерілуімен пайда болатын тіршілікке бұлар жеткіліксіз.

Көпжасушальшар дәрежесіне өту - тіршілік жағдайын курделендіріп жіберді: қоршаған ортадағы бағыт-бағдар таңцаудың белсеңділік ролі артып, күрделі қозғалыстар мен қозудың жылдам жүрісін қамтамасыз ету қажеттілігі туывдайды. Бұл кепжасушалылардың дене қүрылымының курделенуіне, тітіркенуді сезуге байланысты арнайы жа-сушалардың пайда болуына, бүлшық ет қысқарту-тарту жасушаларының түзілуІ мен торлы - тармакты (диффуз-дық) сипатқа ие жүйке жүйесінің дамуына әкедді.

Мұндай жүйке көрінісін, мысалы, медуза, актиния және теңіз жүлдызшаларында байқауға болады. Бұл даму кезеңіне төн қүбылыс: торлы жүйке жүйесіне орай қозу жүрісі бірқанша жылдамдасады. Бірақ, тіршілік дамуында ұнамды із қалдырғанымен, диффуздық жүйке жүйесінін кемшілігі де бар: қозу торлы жүйке тармақтарымен бүкіл дене бойлап теңцей таралады. Совдықтан сырттан келген әсерді қабылдап, өвдеп жөне бейнелеп танитын жетекші органның болмағанынан бүл деңгейдегі тіршілік иесінің өрекет-қылыш шектеулі болатыны табиғи фактор. Мүвдай кемшілік бүдан әрі эволюциялық даму барысывда, есіресі қүрылықтағы тіршілік формасына өтумен, диффуздыққа қарағанда бір шама күрделірек ганглиозды жүйке жүйе-сінің қалыптасуымен шегерілді. Қүрылықтағы тіршілікке өту өмір жағдайларының едәуір күрделенуін туындатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет