Лекция: 30 Лабораториялық: 26 СӨЖ: 124 Барлық сағат саны: 180



бет7/10
Дата13.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#133781
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Баќылау с±раќтары:

1. Ангропопсихизм дегеніміз

2. Панпсихизм дегеніміз

3. Биопсихизм дегеніміз

4. Нейропсихизм дегеніміз
20- лекция. Таќырыбы: Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-қылығы.
Жоспары: 1. Инстинктер (соқыр сезімдер)

Лекция маќсаты: Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-қылығы жайындағы ғылыми теориялық білімдерге шолу
Лекция мєтіні

Жүйке жүйесі эволюциясының келесі кезеңі ган- (белгілі нүкгелерге топтасқан) жүйке жүйесінің пайда болуымен (ең алдымен-күрттарда) байланысты. Мұңдай жүйке жүйесі жоғары омыртқасыздарда, соның ішінде жән-діктерде, күшті дамыды. Ганглиоздық жүйкенің туындауы және оның көмегімен күрделі әрекет-қылықтардың қалыптасуы -тіршілік эволюциясыңдага өте маңызды ілгерілеу болды.

Енді қарапайым омыртқасыздардың (қүрт) өздерінде-ақ, өткен кезеңмен салыстырғанда, жүйке жүйесінің түбегейлі басқа құрылым принципін байқауға болады. Химиялық және сезімдік (тактилдік) қабылдағыш (рецепторлар) жүйке талшықтары жәндіктің бас жағында топтасқан, олар арқылы жәндік химиялық, жылу, жарық өзгерістерін және сыртқы ортадағы дымқылды қабылдайды. Бұл сигналдар бас жүйке нүктесінде (ганглий) өңделіп, осыған байланысты әрекет-қылық "бағдарламасы" дененің әр бөлігінде жайласқан жүйке тізбектері бойынша жайылады. Бұл арада торлы (диффуздық) жүйке жүйесінен мүлде басқаша жаңа принцип іске қосылып, жүйке жүйесі бір орталыққа бағынышты болды. Осыдан құрттың бас үшы енді жетекші роль атқарып, оның басқа мүше бөлектеріндегі ганглийлер (жүйке тал-шықтарын біріктірген нүктелер) салыстырмалы, біршама дербестігін сақтайды. Мұның делелі: егер қүртгы екіге бөліп тастасақ, оның бас бөлігі өзінің бір тәртіпті қозғалысынан жаңылмай, топырақты үңгумен болады, ал қалған бөлігінің әрекетінде ешбір мән болмайды (әншейін қыбыр).

Жәндік-құрт деңгейіндегі жүйке құрылымының күрделенуі бұрынғылармен салыстырғанда жетіліңкіреген, бірақ өте қарапайым әрекет-қылықтардың жаңа түрлерін пайда етті, сонымен бірге, бұрыннан қалыптасқан. Дағдыларды сақтап түру мүмкіндігіне ие болды, яғни жануарда ес (жад) қасиетінің белгілері нышан берді.

Әрекет-қылықтың бұдан кейінгі дамуы (эволюциясы) тыстан келетін әр түрлі бөлшектенген ақпаратты қабылдауға арналған арнайы тән тетіктерінің (аппарат) пайда болуымен және жануарға қоршаған ортаның тұрақты, біргелкі, бірақ өте күрделі жағдайларына икемделуге жәрдем беретіл құрамды бағдарламалардьщ өрістеуімен байланысты. Бұл өсіресе буынаяқтьшарда нақты көрінеді. Мысалы, жәндіктердің көру қабылдагашы (фоторецептор) мындаған дербес көз ұялары (фасет) сипатты. Ал омыртқалылардың фоторецепторы зат бейнесін тұтастыққа келтіреді, ал сол бейненің дәлдігін көз қарашығымен (хрусталик) реттей алады.

Күрделі фоторецептормен бірге жәндіктер мұртшалар ұшымен тактилдік-химиялық әсерлерді, ауыз қуысы жөне аякшаларымен дәмді, аяқ не қанат қабыршақтарымен тербелістерді, тағы басқа да біз сезе бермейтін құбылыстарды қабылдау қабілетіне ие болды. Жөңцік-тердің қабылдау аппаратгарының көбі әлі күнге дейін адам үшін жүмбақ.

Жәндіктер өрекет-қылшъшың көбі тумадан бері-ліп, нәсілдік жолмен үрпақтан үрпаққа етіп түрады, яғни инстинкгтік әрекет-қылық формасына түседі. Мұндай тума қасиет бағдарламасы мыңдаған әулет өмірінде жүйеленіп, дене құрылымы құсап, бірден бірге ауысып барады. Жәндіктердің тума әрекет-қылықтарына мысал мың-сан. Кейде олар өте күрделі де қажетті, осыдан кей зерттеушілер бүл әрекеттерді саналы қызметтің көрінісі деп те есептеуде. Мысалы, маса өз жұмыртқаларын су бетіне салады, себебі құрғақ жерде олар жоқ болады. Ара бол-са, жүмыртқаларын аш болып қалмасы үшін көбелек құртының денесіне салады. Бүл үшін ол алдымен құрттың кекірек ганглийін зақымдап, оны әрекеттен айырады, т. т. Осындай деректерден кеп ғалымдар инстинктті ғылыми негізсіз саналы ерекетпен баламаластыруға ұрынды.

Бірақ кейінгі көп зерттеулердің, эксперименттік ізденістердің нәтижесінде жануарлардың тума қасиеттерінің санамен ешқандай да байланысы жоқтығы дәлелденді. Инстинкттік белгілі, тұрақты жағдайларға байланысты әрекетке қосылатыны анықталды. Өмір жағдайлары мен оның қалыптасқан шарттары өзгеріске түсумен тума әрекеттер өз қолданымын таба алмай, "саналылығынан" айрылады. Мысалы, араның бір түрі әкелген қорегін үя алдына қоя салып, ұя ішін тексеріп көруге кіреді де, қайта шыға, қорегін ұя ішіне сүйрей жөнеледі. Ал арнайы эксперимент барысыңда әкелінген қорек араның қойған орынынан басқа жерге сәл аударып қойылған еді, енді орнында жоқ қоректі іздеудің орнына, ара қайта ұшып, жанадан қорек әкеліп, баяғы әрекетін қайталай бастады. Міне осылай мәні жоқ ұя ішін "тексеру" - етке сіңген тума өрекет шексіз орнындала береді. Жәндіктер ерекетігәндегі тума "инстинкттік" бағдардың механикалық жаттанды екені, даму барысындағы шартты өмір жағдайларына орай туындап, сырт көзге "саналы" болатыны осы мысалдан көрініп түр.

Жәндіктердің бірдейіне өзгеріп тұратын қоршаған орта жағдайларыңца өмір жалғасын сақтауының себебі бар.

Әдетте, олар шектен тыс сандағы тұқым салады. Дүниеге келген ұрпақтың азғана саны ғана жасау қабілетін алады, ал осының өзі-ақ жануар түрін сақтауға жеткілікгі. Сонымен, жануардың инстинкттік әрекет бағдарламасы санқилы шексіз тітіркендіргіштерді қабылдауға дайын емес, сондықтан олардың қоршаған орта әсерлерінің бәріне жауап беру (бейнелеу) мүмкіңдігі шектелген. Инстинкттік денгейдегі болмысты бейнелеу - жеке әсер қасиеттерін немесе қасиет топтарьш сезу қарапайым түйсіктік формаға ие. Ғылымда психика дамуының бұл кезеңін көтеген жануарлар түріне тән қарапайым сезімдік (сенсорлық) психика кезені деп атау қабылданған (А. Н. Леонтьев).


Баќылау с±раќтары:

1. Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-қылығы.



2. Инстинктер (соқыр сезімдер) дегеніміз

3. Жануарлардың тума (инстинкттік) әрекет-қылығы жайындағы ғылыми теориялық білімдерге шолу жасаған орыс ғалымдары


21- лекция. Таќырыбы: Жануарлардың интеллекттік қылық- әрекеті
Жоспары: 1. Интеллектуалдылық мінез-құлық –бұл жануарлардың мінез-құлқының жоғарғы түрі

Лекция маќсаты: Интеллектуалдылық мінез-құлық –бұл жануарлардың мінез-құлқының жоғарғы түрімен таныстыру
Лекция мєтіні

Эволюциялық сатының шыңыңда тұрған омыртқалыларда - әсіресе приматтарда (маймыл) - "интеллектуалды (интеллект-ақыл) қылық- әрекет" деп белгіленген жеке ауыспалы қылықтың жаңа формасы туындады. Бұл психикалық құбылыстың ерекшелігі - мұнда жағдайға байланысты қажетті бағыт-бағдар таңдау сынама-байқау қозғалыстарымен қабаттасып келмей, олардан алдын жүргізіле бастайды. Жануардың бұдан былайғы әрекетін күні бұрын болжастыратын жаңа айрықша (қарапайым қозғалысты өз ішіне қамтыған), күрделі психикалық әрекет-қылық формасы бөлініп шықты. Сонымен, эволюциялық дамудың ең жоғары кезеңіндерінде құрылымды әрекеттің күрделі түрлері қалыптаса бастайды: а) кезіккен міндеттердің шешілу жолын тауып беруші, бағытгалған зерттестіру әрекеті; б) мақсатқа жету үшін қажет икемді, ауыспалы қылық бағдарламасын түзу, яғни орындалған істі бастапқы ниетпен салыстыру.

Бұл күрделі әрекет құрылымына тән сипат - өзін-өзі реттеп, басқара алуы, яғни, егер бастаған әрекет қажетті мақсатқа жетсе, онда ол тоқтатылады, ал дейділеген іс орындалмайтын болса, жануар миына тиісті сигнаддар беріліп, мәселені шешудің жолын іздестіру қайта басталады.

Жануарлардың бұл қылық формасынан екі маңызды құбылысты байқауға болады: а) экстраполяциялық рефлекс (құбылыстың бір бөлігі бойынша жасалған қорытындыны сол құбылыстың екінші бөлегіне ауыстыра білу) және б) есгін күрделі түрлерінің дамуы. Осыдан кейбір жануарлар өз қылық-әрекетінде заттың тікелей қабылдануымен шектеліп қоймастан, сол заттың қозгалысын бақылай отырып, мүмкін болар өзгерісті алдын-ала тануға қабілетті. Алдын-ала білу әрекет-қылығының айрықша формасына ие страполяциялық рефлекс жеке ауыспалы қылықтың жоғары интеллектуал түрлерінің туындауына негіз болды.

Интеллекттік әрекет-қылықтың пайда болуына жағдай жасайтын және бір фактор - бұл қабылдау процесінің күрделене беруі мен ес беріктігінің ұлғайуы. Мысалы, бір көрген затьш тышқан - 10-20 сек. дейін, ит - 10 мин. дей-ін, маймьш - 16-48 сағ. дейін есінде сақтау мүмкіңдігіне ие екендіп дөлелденіп отыр (В. Келлер).

Интеллектуалды әрекеттің негізі, қазіргі заман зерттеулері бойынша, әрқилы заттар арасындағы күрделі қатынастарды танып, бейнелей алуда. Жануар (жоғары дамыған) табиғат нысандарының өзара байланыстарын сезе отырып, кезіккен жағдайдың нәтижесін алдын-ала білуге қабілетті (И. П. Павлов).

Сонымен, сүтқоректілерге тән интеллектуалды қылық-әрекет адам кейіптес маймылдарда ерекше дамуға жетісіп, психика өрістеуінің ең жогары шегін белгіледі. Бұдан әрі тек адамға тән, жаңа типтегі, тіпті басқаша психика әле-мінің -адам санасыньш даму тарихы басталады. Адам санасының бастауларын жануар психикасының ұзақ та күр-делі даму процесінде байқаймыз. Егер осы даму жолына түтастай назар салатын болсақ, оның негізгі кезеңцері мен басқарылу зандылықтарын айқын болжау мүмкін. Жануарлар психикасының дамуы олардың биологаялық эволюциясымен бірге жүріп, осы процестің жалпы завда-рына бағынады. Психикалық кемедденудің әрбір жаңа басқышы - жануарлар тіршілігінің соны тысқы шарттарына орай пайда болып, олардың дене қүрьзлымының күрде-ленуінде жаңа қадам іспетті.

Біршама күрделі ортаға бейімделуден жануарлардың өте қарапайым жүйке жүйесі мен арнайы сезімдік мүшелерінің жіктелуі басталды. Осы негізде ортаның айы-рым қасиеттерін бейнелеу қабілеті - қарапайым сенсор-лык психика пайда болды. Ол өз кезегімен жануар-лардың Қүрлық тіршілігіне өтуі, осьщан бас миы қабығының дамуы өмір субъектіне заттарды тұтастай бейнелеуге мүмкіндік



перцептивтік (нақты қабылдау) психикамен ауысты.

Ақырында, қабылдау және қозғалыс органдарының жетіле түсуіне, мидың одан өрі күрделе-нуіне ықпал еткен тіршілік шарттарының қиындасуы жану-арларда заттардың объектив арақатынастарын заттасқан әрекет тобы түрівде сезіп, кабыддау мүмюңщктерінің туын-дауына себепші болды. Сонымеқ психика дамуы жануар-дың қоршаған ортаға бейімделу қажеттігімен анықталады да, психикалық бейнелеу - осы бейімделу барысывда қа-лыптасқан тиісті төн мүшелерінің қызметі. Жоғарыда си-патталған барша психикалық құбылыстардан өзгеше, бас-қаларға ұқсамас, өзіне төң белгілеріне ие бейнелеу фор-масы бүл - адам санасы. Бұл - ең жоғары даму сатысы-ның белгісі - сананың пайда болуы -психиканы басқара-тын завдардың өзгеруімен өзектес. Егер тіршілік өлемінің барша тарихында психиканың даму зандылықтарына бас-шылық еткен жалпы биологиялык; эволюция зандары болса, адам психикасының дамуы коғамдык-тарихи даму зандарымен түсіндіріледі.


Баќылау с±раќтары:

1. Жануарлардың интеллекттік қылық-әрекетіне жалпы сипаттама

2. Интеллектуалдылық мінез-құлық –бұл жануарлардың мінез-құлқының жоғарғы түрі
22- лекция. Таќырыбы: Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар
Жоспары: 1. Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар

Лекция маќсаты: Студенттерге жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтарын атап көрсету
Лекция мєтіні

Сонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын , сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Нелікген бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде - затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының объектив құрылымына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туындауына себешні төн мүшелері мен олардың қызметі өзгерген биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің жөне адам іс-әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:

1. Жануарлар әрекет-қылығының бөрі адам іс-әре-кетінен езінің тікелей биологиялық, табига сипатымен ажы-ралады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатқа болған инстинкттік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шыңцықты психикалық бейнелеу мүмківдігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардьщ қа-сиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілетгеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде түрақ-ты, объектив бейнелеу тәсілі қалыптаспаған. Қоршаған ортаның барша тгары олар үшін инстинкттік қажет аймағьшда ғана танылуы мүмкін.

2. Жануардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге нысаңдарға қатынасынан бөлек-тенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауы-на байланысты бүл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орывдай алуы табиғи жағдай қажетгіктеріне орай тума берілген қасиет.

3. Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "лліңдегі" ерекшелікгерді де анықгап отырады. Көбіне жа-нуарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен өсер етеді. Мүн-дай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына үқсас-тығы қандай? Әлбетте, қаңцай да бір сыртқы үқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу (сөйлеу) барысында объек-тив мазмүнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді өншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қорша-ған болмыс шындышн бейнелеген ақпарат деп танвды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмүнға сай сараланбай, барша биологаялық қажеттікгің бөріне бір-дей қавданшвды (коректі қажетсіну, үрку, қорганыс ж. т. 6. ) да, инстинкттік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.

Адамның санасының пайда болуы мен оның сипа-ты психика дамуының ең жоғары, жаңа сатысынан дерек береді. Жануарларға тән психикалық бейнелеуден сана-лық бейнелеудің айырмашылығы - бүл заттасқан шын-дық болмысты бейнелеу. Ішкі психикалық қүбылыстар-дың болуы, әлемнің субъектив бейнеге енуі - адам пси-хикасының мәңгі зертгелетін сыры (А. НЛеонтьев). Сана психикасыньщ ерекше сапалық формасы тір-

шілік эволюциясында өзінің үзаққа созылған тарихына ие оолғанымен, ол алғашқы рет еңбек пен қоғамдық қатынастарға түскен адамда ғана пайда болды. Адамның сана-лы әрекетінің үш айрықша белгісі бар. Олар: 1) адамньщ саналы іс-әрекеті биологиялық себеп-салдармен байланы-сы жоқ. Кейбір жағдайларда адам биологаялық қажет-тікке оисынбай, оған қарсы шығады. Мысалы, ерлік пен жан пидалылыққа бару. 2) Адамның саналы әрекеті жануар-лардағыдай заттың сыртқы көрінісімен ғана қанағаттанбастан, оны тереңірек, жан-жақты тануға бағыттала-ды Адам нақты көрнекіліктен абстракттық бейнелеуге өтіп объекттердің астарлы байланыстарьша үңіле көз жі-беріп| тысқы бейне формасын ғана емес, тереңцегі заң-дылықтарың тануға үмтылады да соларға орай өз әре-кет-қылығыңа бағыт таңдайды. 3) Жануар өрекет-қылық-тары биологияльгқ байланыспен бірге, туа беріліп отыр-са, адамның біліктері мен ептіліктері қоғамдық-тарих же-лісіңце топталған адамзаттық тәжірибені игеру-үйрену негізінде қалыптасып, олар оқу арқылы үрпақтан үрпақ- қа жеткізіледі. Яғни адам иелігіңцегі әрекет-қылық тәсілдері оның өз төжірибесінің өнімі емес, өткен өулеттің тарихи-қоғамдық іс-әрекетін игеруден. Адамдағы бүл қүбылыс жануарлар болмысында тіпті де болуы мүмкін емес.

Жануар қылығынан мүлде өзгеше, адамның сана-лы әрекетін қалыптастыратын шарттар: 1) тіршіліктің өлеу-меттік-тарихи сипаты; 2) өмірдің қоғамдық еңбекпен бай-ланысы; 3) еңбек қүралдарын дайывдап, пайдалана білу; 4) тілдік қатынастың пайда болуы.


Баќылау с±раќтары:

1. Жануарлар психикасы

2. Адам психикасы

3. Адам мен жануар психикасының айырмашылықтарын зерттеген ғалымдар




23- лекция. Таќырыбы: Сезім мүшелері
Жоспары: 1. Хеморецепция.

2. Терморецепция.

3. Механорецепторлар мен есту. Көру

Лекция маќсаты: Студенттерге жануарларда болатын сезім мүшелерімен таныстыру
Лекция мєтіні

Жануарлардың сезім мүшелері қоршаған ортаға бейімделу үшін қызмет атқарады. Сезім мүшелерінің қалыптасуы мен дамуы жануарлардың тіршілік ету ортасына тәуелді.



Хеморецепция. Хеморецепторлардың жұмысында иіс сезу мен дәм сезу негізделген. Жануарлардың кейбір түрлерінде арнайы сезім мүшелері жоқ болады және олардың рөлін дененің әртүрлі бөліктерінде орналаса алатын рецепторларда және аяқтарында орналасқан.

Феромондар – бұл тіршілік коммуникация үшін қолданылатын химиялық делдалдар болып табылады. Тұт ағашының жібек құртының феромоны – «бомбикол» еркек особтарды бірнеше километрлік арақашықтықта тартады. Жәндіктерде иіс сезу сенсиллдердің түрлі типтері болады – олар химиялық сезімталдықтың мүшелері.

Сүтқоректілерде төрт негізгі дәм сезу түйсіктері болады, олар – қышқылды, тәттіні, ащыны және тұщыны сезу. Тәтті дәмді қабылдайтын дәм түтікшелері тілдің ұшында орналасқан, ащыны сезетін – ортасында, ал қышқыл мен тұщыны сезетіні – тілдің қырлы бөлігінде орналасқан.

Дж. Эймур иістердің классификациясын жасады. Оксфорд университетінің студенті болған кезде-ақ, ол бірдей иіс шығаратын көптеген қосылыстардың химиялық құрылысы әртүрлі болғандығын байқаған. Ол 600-ден астам органикалық қосылыстарды зерттеген және 1952жылы өзінің иіс сезудің стереохимиялық теориясын жарыққа шығарды. Эймурдың теориясы бойынша қосындылардың иісі молекулалардың формасы мен көлеміне бөліп көрсетті:



  1. камфарлық иіс (молекулалары сферикалық);

  2. мускустық (диск тәріздес);

  3. эфилік;

  4. гүлдік;

  5. мяталы;

  6. сасық;

  7. ащы;

Терморецепция. Балықтардағы температуралық рецепторлар бір жақтық сызықта және бас миында болады. Мысалы, сом температураның 1,1 С-қа түсуіне әсерленеді.

Көбінде температураны қабылдайтын рецепторлар бас миында және теріде орналасады. Құстарда ол – тілінде және тұмсығында орналасқан. Сүтқректілерде арнайы жылулық рецепторлар суыққа қарағанда тереңірек орналасқан.

Шұңқыр басты жыландар инфра қызыл сәулеленуге сезімтал болып келеді, рецепторлар бетіндегі шұңқырларда орналасады.

Механорецепторлар мен есту. Буын аяқтыларда қылшықтар вибрацияға сезімтал болады және рецепторлар аяқтарының буындарында орналасқан. Өлексе шыбындарында – антенналардың буындарында 500Гц-қа дейінгі жиіліктегі тербеліске әсерленетін джонстоновтық мүше болады.

Жыландардың терісінде топырақтың тербелісін қабылдайтын рецепторлар болады. Мысықта – аяқтың буындарында орналасқан. Жарқанаттардың көбелектерге шабуыл жасаған кезіндегі олардың өзара қатынасын 1970жылы Редер бейнелеген. Ауада дыбыс 340м./сек. жылдамдықпен таралатындығын айта кету қажет, ыстық ауада суықтағыға қарағанда тезірек таралады, ал суда – ауадағыға қарағанда 4 есе жоғары жылдамдықпен таралады.



Көру. Көру электромагниттік сәулеленуді табуға негізделген. Электормагниттік сәулеленудің энергиясы толқынның ұзындығына кері пропорционал болады. Ұзын толқындарда фоторецепцияның негізінде жатқан фотохимиялық реакцияларды белсендіру үшін аз энергия болады. Фоторецепторлық клеткалардың құрамында формасын өзгертетін родопсин пигменті бар. Бұл үрдіс өзгертіледі.
Баќылау с±раќтары:

1. Хеморецепциялық сезім дегеніміз

2. Терморецепция сезім дегеніміз.

3. Механорецепторлар мен есту сезімдері.


24- лекция. Таќырыбы: Коммуникация
Жоспары: 1. Коммуникация сөзіне жалпы түсініктеме

2. Әртүрлі түрлер арасындағы коммуникация



Лекция маќсаты Коммуникация, яғни ақпарат алмастыру, сонымен қатар жануарлардың ортаға бейімделуі үшін қажет. «Перцептивті психика» тақырыбынан мәлім болғандай, ол үш сенсорлық канал бойынша іске асады: ольфакторлық, оптикалық және акустикалық. Осындай қызметтерін студенттерге таныстыру.
Лекция мєтіні

Конрад Лоренц (1935) релизерлер түсінігін енгізді, ол – инстинктивті жүріс-тұрысты туындататын сигналдық тітіркендіргіштер. Релизерлер ретінде организмнің түрлі белгілері және тіпті жүріс-тұрыстың элементтері де қызмет ете алады.

Дарвин (1872) «антитеза қағидасы» ашты, ол қағида бойынша – мәні бойынша қарама-қайшы позалардың көмегімен беріледі. Мысалы, агрессияны көрсететін поза достық қарым-қатынасты көрсететін позаға қарама-қайшы.

Ниет қозғалысы – жануардың не жасағалы отырғаны туралы ақпаратты алып жүретін аяқталмаған жүріс-тұрыс. Девистің бақылаулары бойынша, егер көгершін алдын-ала болатын ниет қозғалыстарынсыз ұшса, онда бұл қалғандары үшін қобалжу сигналы болып қызмет етеді.

Эволюция үрдісіндегі мәні бойынша әртүрлі позплар мен дене қозғалыстарының шығу тегі мотивацияның конфликтісімен байланысты сияқты. Мотивация конфликтілерінің негізгі үш типі бар, олар:


  • «жақындау-жақындау», бұл екі бір сәттік мотивациялар әртүрлі мақсаттарға бағытталған кезде туындайды;

  • «қашу-қашу», бұл жануарда болатын объектіге жақындау және одан қашу мотивациясы бір мезгілде пайда болған кезде байқалады.

Соңында қандай да бір мотивация жеңеді немесе екеуі де аяқталмаған болып қалады және «позаға» айналады. Сондықтан көптеген демонстрациялар конфликтілік жүріс-тұрыстың рәсімденген компоненттерінен тұрады. Мысалы, күміс түстес шағалада қаһар көрсетудің көлденең позпсында қорқыныштың да, агрессивтіктің де элементтері болады (Тинберген, 1959).

Жүріс-тұрыстың негізгі үш тенденциясы болады, егер олардың әрқайсысы шеттетілген тұрғыда әрекет етсе, онда ол мыналарға: 1) жыныстық жүріс-тұрысқа; 2) шабуылға; 3) қашуға алып келеді. Белсенділіктің бұл түрлері таза түрде сирек кездеседі. Жүріс-тұрыс осы үш негізгі мотивациялардың араласуының нәтижесі болып табылады. Мысалы, қаһар көрсету позасы – бұл шабуыл және қашу тенденциясының комбинациясы болып табылады.

Демонстрацияларды жүріс-тұрыс тенденцияларының конфликтісі көзқарасы тұрғысынан қарастырғанда мыналарды есепке алу қажет:


  • Жағдайды, мысалы, өз аймағының шекарасына жақын жерде жануар қорқыныш пен агрессивтілікті сезінеді, ал жыныстық жұп болған кезде жыныстық мотивация пайда болады.

  • Демонстрация кезіндегі жүріс-тұрысты, мысалы, үзіліс бойынша бақталасқа жақындау және одан алыстап кету.

  • Демонстрациядан бұрын болатын немесе одан кейін өтетін жүріс-тұрыссы.

  • Демонстрацияның табиғатын.

Қаһар көрсетуді демонстрациялаудың сипаты шабуылды іске асыруға кедергі жасайтын жағдайлармен анықталады. Құстардың табиғаттағы жүріс-тұрысына бақылау жасай отырып, шабуылды тоқтататын кез-келген сигналдың жануарда қаһар көрсетуді демонстрациялауды туындатқызатындығын көрсетті. Оларға одан кейін қашуға тенденцияның әсері әсер етпейтіндей деңгейге дейін рәсімденеді: олар тек шабуылға тенденциямен ғана байланысты болады.

2. Әртүрлі түрлер арасындағы коммуникация. Зоопарктерде аталық кенгурулер төбелесуге шақыру ретінде қызметшінің көлденең позасын қабылдайды.

Сигналдық тітіркендіргіштерді инстинктивті тану адамның әлеуметтік жүріс-тұрысында маңызды рөл атқарады. Мысалы, бала басының формасы үлкендерде ата-аналық сезім тудырады. Адамдар сонымен қатар жас жануарларға да әсерленеді. Жануардың қоршаған ортаға сәйкес келуінің кез-келген дәрежесі – бұл пайдалы белгілер бойынша таңдаудың нәтижесі болып табылады. Жапырақ тәріздес шегіртке. Бұтақшалардың ішінен ажырата алмай қалатын дәуіт. Бұдан жануардың түсі ғана емес, сонымен бірге оның масклеу позалары мен дене қозғалыстары да үлкен рөл атқарады. Өсімдіктерге немесе субстратқа ұқсастықтан басқа жануарларды басқа жануарлардың жеке бөліктеріне ұқсастықтың да болуы мүмкін. Бұндай демонстрацияларға оңтүстік америкалық бражниктің құртының жүріс-тұрысы жатады, қауіп төнген кезде олар денесінің алдыңғы бөлігіне жел толтырады, тербеледі және қауіпті жыланға ұқсас болып кетеді. Түнгі көбелектер үлкен дақ-көздерін демонстрациялау – бұл жануарлардың басқа түрлерінің пайдаланатын сигналдық тітіркендіргіштерді имитациялау формасы.

Эволюция үрдісінде тек пайдалы белгілері бар және оларды өзінің ұрпағына беретін жануарлар ғана тірі қалған. Осылайша, осы белгілер мен қасиеттердің сұрыпталуы өтеді. Жануарларға тіршілік ету ортасымен бірігуге мүмкіндік беретін (бағындырушы бояу) осындай белгілерден басқа, керісінше, оларды ортада айқын ерекшелейтін басқа да белгілері бар. Оларға мимикрияның түрлі түрлері жатады. Зиянсыз түр түсі бойынша улы арлекиналық аспидке еліктейді. Африкалық ковралық сұр жыланның (эфтер) қауіп төндірудің демонстрациялық позасына зиянсыз жылан еліктейді. Егер ағашқа ұя салатын құстардың мазасын алатын болса, олар жыландар тәрізді дауыс шығарады. Еуропалық қармақшы басқа балықтарды адастырады.

Шын мәніндегі мимикрия – бұл имитатор- жануардың модельмен ұқсастығының, оларды шиленістіруге болатындай жоғарғы деңгейде болған кезі. Мимкрияның мынандай келесі түрлері бар:

3.Бейтсовтық мимикрия. Имитатор-жануар улы немесе дәмі жаман жануар тәріздес болады.


  1. Мюллерлік мимикрия. Бұл жануарлардың бір қатар улы түрлерінде бірдей алдын-ала ескертетін бояуы болған кезде. Алдын-ала ескертетін бояуға контрастылық түстердің сәйкестігі жатады, ол – сары мен қараның, қызыл мен қараның, сары мен қызылдың және т.б. сәйкетігі.

  2. Агрессивті мимикрия. Мысалы, басқа балықтар үшін зиянсыз және тіпті пайдалы Губана-тазартқышты жақын арақашықтыққа жүзіп келіп сенгіш жеміне шабуыл жасайтын қышыл тұмсықты теңіз итшесін еске түсіреді.

  3. Автомимикрия. Данаида көбелектері улы өсімдіктермен қоректенеді және жыртқыш – құстар үшін жеуге жарамсыз болып қалады. Бірақ табиғи жағдайларда улы өсімдіктерді жемейтін және сондықтан, құстар үшін тамақ ретінде қауіпті болып табылмайтын данаидалардың бірнешеулері болады. Бірақ олар автомимикрия әрекетінің арқасында сақталып қалады. Бір стратегияның жетістігі басқасының болуына тәуелді болады. Мысалы, мимикрияны қолданатын стратегияда үркіту стратегиясынсыз мағына болмайды.

Симбиоз – бұл өзара пайдалы түраралық коммуникация. Комменсализм, бір жақ пайда табатын, ал екіншісі пайда таппайтын кезде өтеді. Флейторыл сары бекіренің бір тобырына қосылады да, тығылып, ұсақ балықтармен қоректенеді. Египеттік құтан ірі мүйізді сиырлар үркіткен жәндіктермен қоректенеді. Бұл түрлердің арасында коммуникация бар екі жануарға да пайдалы шын мәніндегі симбиоз болып табылады. Мысалы, бал жегіш (медоед) пен балды көрсеткіш (медоуказчик) құс. Жабайы аралардың ұясын тауып, балды көрсеткіш ерекше сигналдардың – демонстрациялаудың көмегімен бал жегішті сол ұяға алып барады. Бал жегіш күшті тырнақтарының көмегімен ұяны ашады және ондағы балды жейді. Ал балды көрсеткіш аралардың балауызы мен жұмыртқаларын жейді. Егер балды көрсеткіш бал жегішті таппаса, ол адамдарға келеді. Жергілікті адамдар оларды түсініп, құсқа балауыз бен жұмыртқаларды жеуге мүмкіндік береді.
Баќылау с±раќтары:

1. Коммуникация сөзіне жалпы түсініктеме

2. Әртүрлі түрлер арасындағы коммуникация

25- лекция. Таќырыбы: Эвалюциялық тұрақты стратегиялар түсінігі
Жоспары: 1. Эвалюциялық тұрақты стратегиялар жалпы түсінік

Лекция маќсаты: Эвалюциялық тұрақты стратегиялар түсінігін студенттерге түсіндіру
Лекция мєтіні

Эволюциялық-тұрақты стратегиялар түсінігі сонымен қатар жануарлар коммуникациясы сферасына да жатады. «Стратегия» сөзі жануарлар арасындағы конфликтілерден оңай бақылауға болатын «жүріс-тұрыс сызығын» білдіреді.

Эволюциялық-тұрақты стратегиялар теориясының (ЭТС) негізін салушы М. Смит, Дж. Прайс пен Дж. Паркер болып табылады. Егер популяцияның особтарының көпшілігі қабылдаса, кез-келген стратегия эволюциялық-тұрақты болады. Особ үшін ең жақсы стратегия басқа особтардың қабылдаған стратегиясына тәуелді болады. Белгілі-бір стратегияның пайдалы екендігін дәлелдеу үшін М.Смит олардың модельдері мен ойындардың математикалық теориясын пайдаланды. Кез-келген жүріс-тұрыстың нәтижесі баллдармен көрсетіледі: жеңіс – (50+), жеңілу – (0), уақытты жоғалту – (10), жаралану – (-100). Конфликтіден қашу стратегиясының моделі Көгершін деп аталады, ал шабуыл жасау стратегиясы – Қаршыға деп аталады. «Қаршыға-көгершін» конфликтісінде Көгершін 0 ұпай алады, ал Қаршыға –(50) ұпай алады және бірте-бірте бүкіл популяция Қаршығалардан тұратын болады. Бірақ «Қаршыға-көгершін» конфликтісінде әрқайсысының орташа қорытындысы (-25) құрайды. Бірнеше уақыттан кейін Қаршығалар популяциясында Қаршығалармен конфликт барысында 0 ұпай алатын жоқ дегенде бір көгершін міндетті түрде пайда болады. Қаршығалар өздерінің өзара конфликтісінде орташа есеппен (-25) ұпайдан алады. Қаршығалар бір-біріне шабуыл жасайды және сол популяцияда тек Көгершіндер ғана қалады. «Көгершін-көгершін» конфликтісінің орташа қорытындысы – (+15). Бірақ осы есептеуден көрініп тұрғандай, ешбір стратегия тұрақты болып табылмайды және табиғатта бұндай тербелістер байқалмайды. Аралас стратегия сәйкестік 5:7 тең болған кезде теңсіздікке қол жеткізеді. Практикада бұл әрбір индивидуум әрбір сайысқа оған Қаршығаның немесе Көгершінің рөлінде шығу шешімін кездейсоқ алдын-ала қабылдап кіріседі; шешім кездейсоқ қабылданған, бірақ Қаршығаның есебіне 7/12 ықтималдықпен шығады. Шешім қабылдаудың бұл кездейсоқтығы қарсыласқа оппоненттің ниетін біліп қою мүмкіндігін бермейді.

Модельдің күрделену шамасы бойынша олардың реалды әлеммен ұқсастығы өседі. Одан кейінгі Қаршыға және Көгершін моделінің күрделенуі оған тағы да бінеше стратегияларды шығарудан тұрады. Мысалы, Тойтарырыс беруші. Қаршығамен ол өзін Қаршыға ретінде, Көгершінмен Көгершін ретінде, ал Тойтарыс берушімен Көгершін ретінде ұстайды. Оның жүріс-тұрысы қарсыласының жүріс-тұрысына тәуелді болып келеді.

Келесі модель – Бұзақы (Задира), ол біреу қарсылық көрсеткенге дейін Қаршыға рөлінде болады. Сынаушы-тойтарыс беруші тойтарыс берушімен ұқсас болып келеді, бірақ кейде қарсылық көрсетілгенге дейін Қаршыға рөлінде шығады. Егер оған шабуыл жасалса, ол Тойтарыс беруші сияқты әчерленеді.

Компьютерлік модельде Тойтарыс беруші стратегиясы ғана тұрақты болып табылады. «Әлсіреуге дейін соғысу» - бұл басқа конфликтінің моделі. Жеткілікті қауіпсізденген қорғағыштары бар түрлерде байқалады. Барлық конфликтілер шартты демонстрациялар жолымен шешіледі, ол-жануарлар бір-біріне қарама-қарсы қозғалмай тізіліп тұрады және көз алмастан қарсыласының көзіне қарап тұрады, бірінші көзін алғаны жеңіледі. Бұл жерде демонстрация уақытының алдың-ала болжанбайтындық стратегиясы эволюциялық тұрақты болып табылады. Демонстрация уақытының саны қордың бағасын бейнелейді. Өзінің ойынан шығу ниетін қарсыласына еш білдірмеу өте маңызды болатындығы айқын. Бұны көрсеткені пайдасыз жағдайда қалады. Сондықтан эволюция үрдісінде көздің ештемеге қызықпайтын сияқты болып көрінуі қалыптасқан. Бұндай сайысу асимметриялық сайыстарға жатады.

Келесі стратегия «Резидент-басқыншы». Резидент деген бірінші болып нейтралды аймаөөа орналасып алған жануар, ал Басқыншы кейінірек келген және оны тартып алуға тырысатын жануар. Бұнда конфликтіге түсетін жануарлар мынадай келесі ережені сақтайды: егер сен Резидент болсаң-шабуыл жаса, егер Басқыншы болсаң – шегін. Осы ережені сақтамаған особтар жаланады. Бұл стратегия жануарлардың аймақты қорғануында жақсы көрінеді. Нико Тинберген аквариумдағы колюшкалармен жүргізген экспериментінде осыны жақсылап демонстрациялаған болатын. Колюшканың әрбір аталығы аквариумның қарама-қарсы жағында өзіне ұя салып біткенде ол оларды суы бар бір әйнек ыдысқа салды және біресе бір ұяға, біресе екінші ұяға жақындатқан. Өзінің ұясына жақындатқанда олардың әрқайсысы өздерін Резидент ретінде ұстаған, ал бөтен ұяға жақындатқанда Басқыншы ретінде ұстаған.

Жануарлар бұрыңғы өтіп кеткен конфликтілердің нәтижелерін есте қалдырады екен және бұл оларға өз жүріс-тұрыстарын болашақта реттеуге көмектеседі. Мысалы, шырылдауық шегіртке болған жағдайлар туралы жалпы елестерді есте қалдырады (жалпы ес). Көп рет жеңіп шыққан шырылдауық шегіртке Қаршығаның қасиеттеріне ие болады. А.Александердің экспериментінде шырылдауық шегірткелер модельдерінің көмегімен Көгершін жүріс-тұрысы тән бола бастаған кәдімгі шырылдауық шегірткелермен күресте жеңіп шықты. Шырылдауық шегірткелердің тобында иерархиялық құрылым қалыптастырғаннан кейін кәдімгі төбелестердің саны азаяды. Кейбір жануарларда индивидуалды соғыстардың нәтижесін есте сақтап қалуға мүмкіндік беретін арнайы ес болады (тауықтар, маймылдар).



Баќылау с±раќтары:

1. А.Александердің экспериментін айтыңыз

2. «Стратегия» дегіміз

3. М.Смиттің теориясына жалпы шолу


26- лекция. Таќырыбы: Прентальды кезең
Жоспары: 1. Онтогенез үрдісіндегі психиканың дамуы

2. Туа берілгендер мен жүре қалыптасқандар

3. Сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қтынас элементтерінің пренаталды дамуы

Лекция маќсаты: Жануарлардың онтогенез үрдісіндегі психиканың дамуын, туа берілгендер мен жүре қалыптасқан, сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қтынас элементтерінің пренаталды дамуын студенттерге жеткізу
Лекция мєтіні

Жүріс-тұрыстың онтогенез мәселесі. В.А.Вагнердің айтуы бойынша, мынадай екі әдісті қолдаған жағдайда ғана зерттеу ғылыми болып табылады, олар: онтогенетикалық және филогенетикалық әдістер. Олар бірге биогенетикалық әдісті құрайды. Жүріс-тұрыстың онтогенезі мәселесі, бұл жүріс-тұрыста қайсысы туа берілетіндігі, ал қайсысы жүре қалыптасатындығы туралы сұрақ болып табылады. Осылайша, онтогенез мәселесі инстинкт пен үйренуді сәйкестердіру мәселесімен бірігеді. Бұл мәселені қоюдың басынан бастап-ақ үлкен особтың жүріс-тұрысында туа берілген және өмір сүру барысында жинақталған компоненттер айқасып келетіндігі айқын болады. Бірақ мәселе олардың сәйкестенуін индивидуалды даму барысында зерттеу болып табылады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары ғалымдар осы мәселені бір жақты шешуге бірнеше рет талпыныс жасады. Сонымен Г.Е.Когхилл, Цин-янг Куо және В.М.Боровский жүріс-тұрыстағының барлығы қолайлы жүре жинақталған болып табылады депесептеген. Куо тіпті «тұқым қуалаушылықсыз психология» туралы жазды.

Мәселені қазіргі кездегі түсіну олардың диалектикалық бірліген баайланысты, яғни дамушы организмнің алғашқы қызметтік күйлерінің сандық қайта құрылуының нәтижесінде сапалық жаңасының қалыптасуы. Л.В.Крушинскийдің «унитарлы реакциялар» туралы тезисі пайда болды, ол-шартты және шартсыз рефлекстер біріктірілген жүріс-тұрыстың бірыңғай, біртұтас актілер.

Зоолог Б.С.Матвеев организмнің қоршаған ортамен өзара қатынасына талдау жасап, онтогенездің ерте кезеңдерінде морфоқызметтік сферада болатын ұзаққа баратын бейімділік қайта құрудың мүмкін екендігін анықтады. Онтогенездің барысын анықтайтын маңызды сәт жануардың жетіліп туылу деңгейі болып табылады. Онтогенездің саналуандығын бұдан да жақсырақ жануарлардың әртүрлерінде бақылауға болады, мысалы, ұрықтық формалардың болуына немесе болмауына тәуелді (омыртқасыз жануарларда).

Сонымен қатар, жоғарғы омыртқалыларда онтогенез барысында ойын кезеңі байқалады. Австриялық ғалым К.Фриш, ойын кезеңінің жәндіктерде болмауы және оның жоғарғы омыртқалыларда жәндіктерде болуы олардың арасында мәнді айырмашылықтың болатындығына нұсқайтындығы және жәндіктерде жүріс-тұрыстың тұқым қуалау арқылы берілген формаларының, ал жоғаргы омыртқалыларда индивидуалды тәжірибенің басым болатындығына дәлел болатындығын көрсетті.

Жануарлар онтогенезінің кезеңдері:



  1. пренатальды кезең (туылғанға дейін),

  2. постнатальды кезең (туылғаннан кейін);

  3. ювенильді немесе ойын кезеңі.

1. Туа берілгендер мен жүре қалыптасқандар. Осы кезеңде эмбрион болашақ қозғалыс актілерінің элементтері болып табылатын қозғалыстарды жасай бастайды. Олар әлі қызметтік мәнге ие бола алмайды, өйткені жануарлар әлі ортамен контактіге түспейді. Этолог А.Д.Слонимнің зерттеулері бойынша ұрықтың қозғалыстары бұлшықеттік іс-әрекетпен байланысты физиологиялық үрдістердің координациясына әсер етеді.

П.К.Анохиннің жүйелік генез концепциясы бойынша «Қызметтердің дамуы жеке мүшелерде үнемі бір фрагменттің екіншісімен сәйкестігінде және үнемі жұмыс жасайтын жүйені соңғы жасау қағидасы бойынша өтеді».

Эмбрионалды жетілу және эмбриональды тәжірибе мәселесін қарастырайық. Американдық ғалым Цин-янг Куо ұрықтың қозғалыстарын болашақ мүшелер ұрығының жаттығулары ретінде қарастырады. Қозғалыстық қызметтердің дамуы мен жетілуі, оның пікірі бойынша, соның арқасында жұмыртқадан шыққан балапанда өмір сүруге бағытталған реакциялар жиынтығы болатын , «эмбриональды тәжірібиені» жинақтау жолымен өтеді. Инкубацияның үшінші тәуелігінде-ақ бастың кеудеге қарайғы және одан артқа қарайғы қозғалыстарды пайда болады, ал тағы бір күннен кейін бас жан-жаққа бұрыла бастайды және осы жаңа қозғалыстар алдыңғыларын ығыстыра бастайды. Бұның себебі мойын бұлшықеті өсуінен артта қалуы, яғни Куо бойынша, - «анатомиялық фактордың» әсер етуі.

Жүріс-тұрыс эмброгенезінің тұқымдық негізі жаңадан туылғандардың жүріс-тұрысы бірден «дайын түрде», алдын-ала болатын «эмбриональды үйренусіз» көрінген кездегі жағдайларда айқын көрінеді. Бұл жаңадан туылғандардың емшек іздеу және сору қозғалыстары, дыбыстық реакциялары және т.б.

Бұның барылығы – эмбрионалды жаттығусыз қызметтердің пренаталды жетілуінің нәтижесі болып табылады. Тектік бағдарламалардың рөлін көрсететін мысал ретінде кегруды алуға болад, оның ұрығы жағымсыз гидротаксистерді пайдалана отырып, анасының құрсағынан шыққан кейін бірден анасының қалтасына кіріп алады.

Толыққанды үйрену эмбриогенездің тек аяқтаушы кезеңдерінде ғана кездеседі, сондықтан «эмбрионалды үйрену» ұғымын «эмбрионалды жаттығу» ұғымымен алмастырған жөн.

Л.Кармайкл қызықты эксперимент жүргізді. Ол амблистоманың (құйрықты амфибия) эмбрионын, оның өсуіне кедергі жасамайтын, бірақ қозғалуға мүмкіндік бермейтін, ацетон-хлороформның ауыртқызбайтын қосындысында өсірді.

Бұдан кейін осындай жануарларда, даму барысындағы арнайы жағдайлардың болуына қарамастан, локомоторлы қабілеттіліктер қалыптыға сәйкес болды. Ол жүзеге деген қабілеттіліктің қалыптасуы эмбрионалды үйренуді қажет етпейді, ол анатомиялық дамуға тәуелді болады деген қорытынды жасады.



Сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қтынас элементтерінің пренаталды дамуы. Сенсомоторлы белсенділік-бұл бірыңғай үрдіс болып табылады., бірақ эмбрионалды кезеңде қозғалыстық компонент алғашқы болып келеді және эндогенді негізде пайда бола алады. Эмбрионның дамуы мен оның рецепторлары қалыптасуының шамасы бойынша өзіндік стимуляция формасында көрінетін (дененің бір бөлігі екінші бөлігіне тиеді, сөйтіп екіншісінің қозғалыстық белсенділігін туындатады) сенсорлық стимуляция біршама көп мәнге ие болады.

30-жылдардың бас кезінде Д.В.Орр мен В.Ф.Уиндл спонтанды қозғалыс белсенділігемен қатар қозғалыстың рефлекторлық жүйесі де дамитындығын көрсетті. Мысалы, тактильдік тітіркендіргішке жауап ретіндегі қанаттың қозғалысы. Олар тауықтың эмбрионында нервтік жүйенің моторлық құрылымдары сенсорлықтан бұрын пайда болатындығын, ал сыртқы тітіркендіргіштерге алғашқы реакциялар спонтанды қозғалыстардан кейінгі тек 4-ші күні ғана пайда болатындығын анықтады.

Көру мен есту эмбриогенездің соңғы кезеңдерінде ғана пайда болады. Мысалы, есту мүшесі инкубацияның 14-19шы күнінен кейін қалыптаса бастайды, бірақ қатты шыққан дайыстарға реакциялар 5-ші күннен бастап-ақ байқалады. Осы кезде күшті жарықтық әсер етулерге де реакцияларды туындатуға болады. Жарық пен дауыс бұл кезеңде, оптикалық немесе дауыстық ақпараттарды тасмалдаушы ретінде емес, бұлшықеттерге немесе теріге әсер ететін физикалық агенттер ретінде ғана қабылдана алады. Американдық ғалым Г.Готтлибтің мәліметтері бойынша, биологиялық белсенді сигналдармен (мысалы дауыстармен) әсер ету эмбрионның сезім мүшелерінің дамуына жағымды әсер ете алады.

Эмбриогенездің соңғы кезеңдерінде есту мүшесі ата-аналық особтың дауысын ажырату үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Мысалы, қайраның балапаны жұмыртқаны жарып шыққанға дейін 3-4 күн бұрын ата-анасының дауысын ажырата алады. Егер аудиотаспаға әртүрлі үлкен особтардың дауысын жазып алсақ. Онда жұмыртқадан шыққаннан кейін балапандар «ата+аналық особқа» бағытталуды тыңдайды. Ата-анасының дауысын тану ата-ана мен балапанның дауыс шығару ырғақтарының сәйкестігінің негізінде іске асатындығы анықталды: балапанның іздегеніне жауап ретінде жұмыртқа юасып отырған құс аздап көтеріледі, жұмыртқаның орнын ауыстырады және өзі дауыс шығарады. Яғни эмбрионның кинестикалық түйісінуі акустикалықпен сәйкестенеді (Б.Чанц). шын мәніндегі эмбрионалды үйренудің (шартты рефлекторлы жолмен) нәтижесі дамудың пренаталды кезеңінде-ақ индивидуалды тану болып табылады. Осылайша, эмбрион мен ата-аналық особтың арасында алғашқы коммуникация жасалынады.

Көріп отырғанымыздай, эмбриогенезде тектік шарттанған компоненттердің дамуы жолымен жаңадан туылғанның жүріс-тұрыс элементтерінің қалыптасуы негізінде, сондай-ақ эмбрионалды тәжірибені жинақтаудың негізінде постнаталды өмірге дайындық өтеді.

Бірақ эмбрионның негізгі сыртқы әлеммен байланысы тек анасының организмі арқылы ғана іске асады және дамуының құрсақ ішіндегі кезеңінде сүтқоректі психикасының дамуы үшін үлкен мәнге ие бола алмайды. Эмбрионның психикасы-бұл қалыптасу үрдісіндегі психика болып табылады. Эмбрион – бұл әлі толыққанды жануар емес, ол қалыптасып келе жатқан организм. Толыққанды өмір сыртқы ортамен белсенді өзара әрекеттестіксіз мүмкін емес. Эмбриогенездің барысында осы өмірге тек дайындық жүреді. Эмбриогенездің ерте кезеңдерінде психикалық бейнелеудің (психика элементтерінің бастапқы формасы) алғышарттары қалыптасады. Тек эмбриогенездің соңында ғана сыртқы әлеммен байланыстырады орнатуға мүмкіндік беретін мүшелер мен мүшелер жүйесі қалыптасады және психикалық бейнелену туындайды.

Сонымен қатар, жұмыртқаның ішіндегі әлі жарып шықпаған балапандардың арасында да акустикалық қарым-қатынас болады, бұл жұмыртқадан жарып шығу үрдісіне әсер етеді. Жұмыртқадан шығудың нәтижесінде бір мезгілде жуықтап алғанда бір сағатта өтеді. Эксперименталды тұрғыдан бұл эффект инкубацияның біршама ерте кезеңіндегі жұмыртқаларды жұмыртқадан шығудың алдында ғана тұрған балапандар бар жұмыртқалардың жанына қосып жолымен дәлелденді, бұл «артта қалғандардың» жұмыртқадан шығуын бірнеше сағатқа жеделдетуге алып келді.
Баќылау с±раќтары:

1. Онтогенез үрдісіндегі психиканың дамуы

2. Туа берілгендер мен жүре қалыптасқан іс- әрекеттері

3. Сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қтынас элементтерінің пренаталды дамуы



27- лекция. Таќырыбы: Ерте постнаталды кезеңдегі психиканың дамуы
Жоспары: 1. Туа берілген тану мен әдеттену

2. Есте сақтау



Лекция маќсаты: Жануарларда болатын постнаталды кезеңдегі психика дамуын түсіндіру және баяндау
Лекция мєтіні

Өмірге келу-бұл ортаның мүлдем басқа жағдайларына түсетін жануар өміріндегі қайталау пункті. Бірақ, жаңа жағдайларда жүріс-тұрыстың туа берілген элементтерінің жетілуі және олардың постнаталды, индивидуалды тәжірибесімен қосылуы жалғаса береді.

Ерте постнаталды кезең особтың өмір сүруі үшін ерекше үлкен мәнге ие, себебі осы кезеңде организмның қоршаған ортамен маңызды өзара қатынастары қалыптасады. Бірақ, жануарлардың кейбір түрлерінде жас особтар үлкен особтардан тек дене құрылысы мен өмір сүру жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жүріс-тұрысымен, орын ауыстыру және тамақтану тәсілдерімен ажыратылады.

Жануарлардың постэмбрионалды кезеңі, сонымен қатар толық жетіліп және толық емес жетіліп туылуы бойынша ажыратыла алады. Құстардың ішінен толық емес жетіліп туылғандарға-қарғалар, жыртқыш құстар, сүтқоректілерден-кемірушілер мен жыртқыштар жатады. Толық жетіліп туылғандарға құстардан балапандайытындар (тауықтар, үйректер, қаздар), сүтқоректілерден-тұяқтылар жатады. Толық жетіліп туылғандарда, ұзақ уақыт бойы ата-анасының қомқорлығы мен көмегімен қажет ететін толық емес жетіліп туылғандарға қарағанда, өмірге келгеннен кейін бірден өз бетінше күй кешеді. Осыған қарамастан толық емес жетіліп туылғандықтан өзі жануарларды үлкен бейімделу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге болып табылады.

Ұрпаққа қамқорлық. Ұрпаққа қамқорлық жануарлардың әртүрлі түрлерінде әрқалау көрінеді. Кейбір жануарларда ұрпаққа алғашқы қамқорлық болады, яғни ұя мен тамақ алдын ала дайындалады, бірақ аналық особ тіпті ұрпақпен кездеспейді. Мысалы, соналар жұмыртқаларын өздері жараққатаған жәндіктерге салады, және оларды кішкене індерге тығып қояды, ұрпаққа жасалатын қамқорлық осымен аяқталады. Келесі түр-бұл ұрпаққа пассивті қамқорлық жасау. Ол ата-аналық особтар жұмыртқаларды немесе жас жануарларды өз денесімен бірге (қалталарда, қыртыстарда) алып жүретіндігімен анықталады. Және ұрпаққа қамқорлық жасаудың соңғы түрі-белсенді қамқорлық, оған ұя жасау, тамақтандыру, жылту, қорғау, тазалау, сонымен қатар ұрпақты тамақ табуға және оны тануға үйрету мен жаулардан қорғану кіреді. Ұрпаққа белседі қамқорлық жасау ұзақ уақытты және үлкен энергия шығындауды талап етеді, бұл осы түрлерге өмірге көп ұрпақ алып келуге мүмкіндік бермейді.

Ерте постнаталды кезеңдегі инстинкттер. «Каспар Гаузер» әдісі үйренудің инстинкттердің көрінуіндегі рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Сүтқоректілердің балаларын (немесе балапандарын) шеттетіп өсіруінде туылғаннан бастап моторлық элементтердің дамуы, балапандар жаттығу мүмкіндігінен ада болатындығына қарамастан, нормадан ауытқусыз өтеді, ал жүріс-тұрыстық актілер мәнді ауытқуларға кездеседі.

Туа берілген тану мен әдеттену. Туа берілген тану туылғаннан кейін бірден аналық особты, өз түрінің особтарын, жауларын, алдын-ала үйренусіз қобалжу жағдайын тануда көрінеді. Туа берілген танудың мысалына балапан құстардың жерге, бас жағындағы қозғалмалы объектіге құлау реакциясын жатқызуға болады. Сүтқоректілердің балалары түрткенде әсерленеді. Бұл әдеттену деп аталады және жауаптық реакциялардың жойылып кетуінде көрінеді.

Кішкені балықтар егер ірі балықтарды жиі көретін болса, онда ол ірі оъектіге әсерленуге «әдеттенеді» және өз тобының мүшелерін жыртқыштың қалай жем қылғанын бақылау жолымен жыртқыштың ерекше белгілерін тануға үйренеді. Ерте үйренудің нәтижесінде тітіркендіргіштердің сигналдық мәні де өзгеруі мүмкін.

Осылайша, туа берілген жүріс-тұрыс пен жабысқан үйрену өзара ерте тәжірибемен туа берілген жүріс-тұрысты модификациялау арқылы тығыз байланысты болып келеді. Жабысқан үйренуге деген қабілеттіліктің өзі тектік бекітілген. Жабысқан үйренудің өзіне тән белгісі, оның тек белгілі-бір сыни кезеңдерде ғана іске аса алатындығы болып табылады.

Өзінің тамақ табу негізінде жүріс-тұрысының қозғалыстық координациялары туа берілген болып табылады және индивидуалды тәжірибеге тәуелсіз болады, бірақ олардың жетілуі мен модификациясы жабысқан үйренудің нәтижесінде нақты жағдайларда өтеді. Жоғарғы жануарларда инстинкттердің «істеп өтуі» ойын кезеңінде, яғни постнаталды кезеңнен кейінгі келесі кезеңде өтеді, ал ойын белсенділігі жоқ төменгі жануарларда жабысқан үйрену инстинктивті жүріс-тұрысты постнаталды соңына дейін құрудың жалғыз факторы ретінде алынады.



Есте сақтау. Ерте постнаталды онтогенездің бұл компоненті факультативті үйренудің құрамдас бөліктері бар жабысқан үйренудің формасы болып келеді. Есте сақтаудың нәтижелері өзгермейді. Есте сақтаудың объектілері ата-аналық особтар, бір тобырдың балалары, үнемі болып келе жатқан жаулардың сыртқы белгілері болуы мүмкін. Тура есте сақтаудың нәтижесі / баланың есіндегі ата-аналық особ туралы ақпараттар, ал кері есте сақтаудың нәтижесі-ата-аналық особтың есіндегі бала туралы ақпараттар болып табылады. Балапандайтын құстардың балапандары жұмыртқадан шыққаннан кейін бірден көрген алғашқы қозғалмалы затты еске сақтайды және оның артынан ереді.

Еру реакциясы тағы да тұяқтыларда, кемірушілерде (теңіз шошкасында), итбалықтар мен бірқатар балықтарда байқалады. Еру реакциясы алғаш рет ХІХ ғасырдың 70 жылдары Д.Сполдинг зерттеген, бірақ оның теориялық талдауын кейіндеу ХХ ғасырдың 30 жылдары К.Лоренц жасаған болатын.

Жабысқан үйренудің нәтижелері особтың өмірі үшін маңызды болғаны соншалықты, сәйкес реакциялар кез-келген жағдайларда қалыптасуы тиіс. Есте сақтаудың нәтижелері еркек жануарлардың жыныстық жетілу кезеңінде үлкен рөл атқарады. Бұл аналық особты айрықша белгілері бойынша жыныстық жұпты таңдауда көрінеді. Неміс этологы Ф.Шутц жабайы үйректердің ерекше особтарындағы жыныстық есте сақтауды зерттеген, ол жыныстық есте сақтау 10 күннен 100 күнге дейін өткен, бірақ оптималды мезгіл – 10-шы күнмен 40-шы күндердің аралығы болған. Сүтқоректілерде жыныстық есте сақтауды тұяқтылар мен кемірушілерде байқалған.

Тау берілген тану объектілердің жалпы мәнді белгілеріне бағытталған, жабысқан үйрнеу жолмен бұл жеке объектіде нақтыланады. Бұл құстың балапанының қозғалмалы объектіні есте сақтауы мысалында жақсы көрінеді. Бұл жерде кез-келген қозғалмалы затты қабылдау туа берілген болып табылады, ал нақты ата-аналық особты есте сақтау жабысқан үйрнеу болыптабылады. Есте сақтаудың құрамында факультативті үйренудің де элементтері болады, өйткені еру реакциясындағы туа берілген танудың алғашқы тиімділігі ұзақ мерзімдік емес және үнемі жасалатын жаттығуларсыз тез арада өшіп қалады. Еру реакциясын бекітумен факультативті үйрену жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Үйренудің бірінші – формасы (есте сақтау) уақыт өте келе екіншісіне дейін өседі, ол-үйренудің факультативті формасы. Туа берілген тану адал еңбекпен жинақталғанға ауысады. Сонымен, ерте факультативті үйрену инстинктінің толыққанды көрінуі үшін қажетті болып табылады.

Зерттеу жүріс-тұрысы. Жануардың зерттеу жүріс-тұрысының дамуы тәрбиеленуі жағдайына тәуелді. Американдық ғалымдардың эксперименттердің резус мақалаларының шеттетілген балалары (30 аптада) оларды қоршаған заттарды, адамды және өз-өзін көп қарастырғанын, ал шеттетілмегендері көбінесе заттармен манипуляция жасағандығын айқындайды. Чехословакия зерттеушілер өмірдің алғашқы алты аптасының барысындағы балалармен қарым-қатынас жасау, зерттеу іс-әрекетінің дамуын тежейтіндігін, ал бай орта оны стмулдандыратындығын анықтаған.
Баќылау с±раќтары:

1. Туа берілген тану мен әдеттену

2. Жануарлардың есте сақтау қабілеттері
28- лекция. Таќырыбы: Ювенильді кезең
Жоспары: 1. Ювенильді немесе ойын кезеңі тек жоғарғы омыртқалылардың балаларында ғана бақылады

Лекция маќсаты: Ювенильді немесе ойын кезеңі тек жоғарғы омыртқалылардың балаларында ғана бақылатындығын дәлелдеу
Лекция мєтіні

Ювенильді немесе ойын кезеңі тек жоғарғы омыртқалылардың балаларында ғана бақыланады. Жануарлар үшін осы кезеңнің рөлін түсіндіретін әртүрлі концепциялар бар. Олардың ең кең тарағаны Г.Спенсердің концепциясы болып табылады. Ол конципция ойын іс-әрекетін «артық энергияларды» шығындау ретінде қарастырылады. Бұл конципция ары қарай «вакумдық белсенділік» туралы ойларда дамыды, оған мысал Лоренц келтірген «бос әрекеттер» (негізгі тітіркендіргіштердің болмаған кезеңіндегі инстинктивті қозғалыстар) болады, бірақ ол олардың арасында болатын мәнді айырмашылықтарды да көрсеткен.

К.Гроостың конципциясы ойын іс-әрекетіне өмірлік іс-әрекеттердің ерекше маңызды сфераларындағы жаттығулар ретінде «қызметтік» түсіндіру береді. Оның артынан Л.Морган ойынды – іс-әрекеттің өмірлік маңызды сфераларындағы тәуелсіз жаттығу мүмкіндігі ретінде қарастырған болатын.

Голландиялық зоопсихолог Ф.Бойтендийк ойын тек эмоциялық күй үшін ғана маңызды, ал инстинктивті қозғалыстар жаттығуларға тәуелсіз жетіледі деп пайымдаған болатын.

Ойын негізгі инстинктивті әрекеттер орындалмайтын кездерде орын алатындығы маңызды болып табылады.

Темброктың пікірі бойынша ойын особтың альтернативі жүріс-тұрыстарын үлкейтеді. Ойындық жүріс-тұрыс үшін ізденіс фазасы және өзінің жеке негізгі тітіркендіргіштері болады. Ойын биологиялық нейтралды заттарға бағытталған және ойын әрекеттері көп рет орындалады. Темброк ойын әрекеттерін өз бетінше мотивациялық миханизмдері бар өздігінше ерекше инстинктілерге жатқызады. Оған жауап ретінде швейцариялық ғалым Г.Хесстің мәліметтерін келтіреді.

А.Д.Слоним ойын іс-әрекетін постнаталды кезеңінің белгілі-бір мезгілінде табалдырық жанындағы сыртқы тітіркендіргіштермен (t -ның өзгеруімен немесе ішкі стимулдармен) инстинктивті реакциялар туындатылатындығымен және ойында көрінетін «спонтанды» іс-әрекеттің инстинктивті формаларының шексіз ерте фиксациясына кедергі жасайды және ортаның қзгермелі жағдайларына бейімделуді дамытады деп есептеген.

Торн ойынды дағдыларды жинақтау үшін және қоршаған әлемме,н танысу үшін жасалатын жаттығулар ретінде қарастырған. Ол заттармен манипуляция жасауға ерекше мән берген.

Г.Бингхемнің шимпанземен жүгізген эксперименттерін ойынды жыныстық жүріс-тұрыстың қалыптасуы үшін қажетті жағдай ретінде анықтады, ао Г.Харлоудың бақылаулары ойындар маймылдарды болашақ тобырлық өмірге дайындайтығын көрсетті.

К.Э.Фаби басқа ғалымдарға қарағанда ойынды даму барысындағы іс-әрекет ретінде, онгенездегі жүріс-тұрыстың дамуының ювенильді формасы ретінде қарастырған болатын. Ойын – бұл үлкендердің жүріс-тұрысының «үлгісі» емес, ол өзінің құрылу үрдісіндегі сол жүріс-тұрсытың өзі болып табылады. Туа берілген негізгі іске аса отырып, ойын жүріс-тұрыстың инстинктивті компоненттерінң дамуы үшін қызмет атқарады.

Ойын кезеңінде қозғалыс белсенділігінің жетілуі өтеді. Ойындағы манипуляциялаудың жаңа формаларды бұрынғы, бірақ қызметтік күшейтілген және кеңейтілген моторлық элементтерден тұрады. Жануарлардың өмір сүру жағдайымен ойынның арнайы шарттанғандығымен бейнеленеді. Ойын барысынба қарым-қатынастың дамуы. Айтылып өткендей, ойын үрдісінде топтық жүріс-тұрыстар қалыптасады. Бірлескен ойындар тек топтық жүріс-тұрыстың формалары дамыған жануарларда ғана кездеседі. Бірақ қарым-қатынас рәсімденген жүріс-тұрыстарда да және өзара стимулдандыруларда да (аллеломиметикалық жүріс-тұрыс) қалыптасады. Жоғарғы жануарлардың ойындарында олардың өмір сүруінің ерекшеліктері көрінеді және олар заттармен де, оларсыз да орындала береді. Ойындық сигнализацияға әртүрлі позалар мен дене қозғалыстары енеді. Мысалы, ойынға шақыру (қырындау) және ойындағы жүптардың әрекеттерінің сәйкестілігі, сонымен қатар ойын күресінің «қатал» бастауын тоқтататын сигналдар, яғни – «тыныштық орнату» позалары сияқты жүріс-тұрыс болады.

Бірлескен ойындар особтың үлкендік жүріс-тұрысы үшін үлкен мәнге ие. Бірлескен ойындардың жоқ болув тіпті толық жыныстық жетілуден кейін де және агрессивті сипатқа ие болуы мүмкін балаларына қалыпты емес реакцияларда да инфальтильді жүріс-тұрыстың сақталуында көрінеді. Бұл әсіресе, бұзылулары жыныстық және аналық жүріс-тұрыстарда көрінетін маймылдарда ерекше байқалады. Егер жауарда ойын бойынша жұп болмаса, оны адам өте жақсы алмастыра алады.

Ойынның танымдық қызметі жануарлардың қоршаған орта туралы әртүрлі ақпараттарды жинақтауында болып табылады. Ойынның зерттеу іс-әрекетімен байланысты көптеген ғалымдар айтқан болатын (О.Келлер, Гроос, К.Лорнц және басқалары).
Биологиялық нейтралды заттармен манипуляция жасау мәнді болып табылады. Бұл бейімделу-зерттеу іс-әрекеттінің жоғарғы формасына жатады.

Туа беріген тану негізгі тітіркендіргіштерді танудың алғышарты болып табылады. Мысалы, мысықтың баласында кішкентай, дөңгеленген және қозғалатын зат сияқты өзінің жемі туралы туа берілген елестер болады және ол ойын жолымен «тышқанды тануға» үйренеді. Онтогенез барысында жануардың танымдық іс-ә рекеті біршама кеңейеді және күрделене түседі, қызметтері кеңейеді (жаңа қозғалыстардың пайда болуы).

Ойындарда ең алдымен қозғалыстық-сенсорлық координациялар (көзбен өлшеу), жалпы физикалық ерекшеліктер (икемділік,күш) дамиды. Тамақтану, қорғану және шабуыл жасау, көбею сияқты қызметтік сфераларындағы жүріс-тұрыстың белгілі-бір элементтері жаттығады, қарым-қатынас құралдары жетілдіріледі және дамытылады, ұрпақтарымен қатынас орнатылады (кейде иерархиялық).

К.Э.Фабри жас маймылдардан қарапайым ойындардағы үстіртін танысуға қарағанда, заттардың қасиеттерін жағдайлық және тереңдетілген зерттеумен сипатталынатын жоғарғы қатардағы ойынды бақылаған. Объектілердің ішкі құрылысын зерттеу (деструкция) ерекше мәнге ие болады. Жануар потенциалды пайдалы «білімдердің» үлкен қорын жинақтайды. Жоғарғы қатардағы ойындар тек жалғыз-жалғыздан ғана орындалады.


Баќылау с±раќтары:

1. Жануарлар үшін осы кезеңнің рөлі

2. А.Д.Слоним ойын іс-әрекетіндегі постнаталды кезеңі

3. К.Э.Фабри жас маймылдардан қарапайым ойындардағы үстіртін қылықтанына жасаған зерттеулері


29- лекция. Таќырыбы: Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі
Жоспары: 1. Психиканың эвалюциясы және антропогенез

2. Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі туралы жалпы түсінік

3. Маймылдардың заттық іс-әрекеті.

Лекция маќсаты: Жануарлардағы психиканың эвалюциясы және антропогенезі және еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі, маймылдардың заттық іс-әрекеті туралы жалпы түсінікті қалыптастыру
Лекция мєтіні

1. Ғылыми ойлаудың пайда болуымен жануарлар психикасы мен жүріс-тұрыс мәселесі барлық философиялық концепциялардың маңызды құрамдас бөлігіне айналды.

Ж.О.Ламеттри адам мен сүтқоректілердің ми құрылысының ұқсастығына мән берді (адамның миында қатпарлар біршама көп болады). Эволюциялық ілім үшін күресте, бүкіл органикалық әлемнің бөлінбейтін біртұтас ретіндегі дамуының үзіліссіздігі туралы жағдайды негіздеуге тырыса отырып Ч.Дарвин мен оның шәкірттері барлық психикалық құбылыстардың ұқсастығы мен жануарлар психикасының арасындағы сапалық айырмашылықтарды жоққа шығарды. Ол жануарлар психикасын адам психикасымен емес, жануарлардың осы тобының тікелей алдында болатын және одан кейін өтетін формалардың психикасымен салыстыру қажет екендігін айтып өтті. Ол психика эволюциясының жалпы заңдары болады, оларды тнымаса адам санасын түсіну мүмкін емес деп есептеген. Эволюциялық бағыт антропогенездің алдыңғы тарихын анықтауға мүмкіндік береді.

Егер жоғарғы омыртқалыларды қарастырсақ, онда психика эволюциясында антропогенезге апаратын сызыққа еш қатысы жоқ бірқатар бүйірлік тармақтану байқалады. Қазіргі кездегі тіршілік ететін приматтар өзінің даму барысында адамға жақындамай ғана қалған жоқ, олар, керісінше, одан алшақтап кетті. Тіпті маймылдардың біршама күрделі психикалық қабілеттіліктерінің өзі тұтасымен алғанда олардың өмір сүру жағдайларымен анықталады және тек осы жағдайларға ғана беймделу үшін қызмет етеді. өмір сүру ерекшеліктері психикалық үрдістердің арнайы ерекшеліктерін шарттандырады. Қазіргі таңдағы маймылдар бойынша біз психикалық дамудың тек деңгейлері мен бағыттары туралы ғана және осы үрдістің жалпы заңдылықтары туралы пайымдаулар жасай аламыз.



2. Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі. Адам тәріздес (қазылып алынған) маймылдардың адамға айналуының шешуші факторын 120жылға жуық уақыт бұрын Ф.Энгельс ашқан болатын, ол: адамды жасаған еңбек адам санасын да жасады. Еңбек іс-әрекеті, буынға бөлінетін сөйлеу, ал олардың негізінде қоғамдық өмір де адам психикасының дамуын анықтайтын және адамның психикалық іс-әрекетінің белгілері болып табылады. Сананың пайда болуының нақты жағдайларын анықтау үшін жануарлар әлемінде адам іс-әрекетінің осындай формаларының мүмкін болатын биологиялық алғышарттарын табу және олардың дамуының ықтималды жолын бақылау қажет болып табылады.

Еңбек ең басында пайда болғаннан бастап қолдық жасалған, бастапқы адам ойлауы да сондай болған. Қазіргі кезде маймылдарда ол сол «қолдық ойлау» күйінде қалған. Қол еңбектің арқасында жетілудің ең жоғарғы деңгейіне жетті. Ол антропогенезде физикалық та, психикалық та қатынаста орталық орын алады. Еңбек іс-әрекетінің пайда болуының биологиялық алғышарттарын, ең алдымен, сүтқоректілердің алдыңғы аяқтарының ұстау қызметінің ерекшеліктерінен іздеу қажет. Бірақ ұстау қызметі тек маймылдарға ғана тән емес. Фабри маймылдағы және басқа да сүтқоректілердегі алдыңғы аяқтардың негізгі (локомоторлық) және қосымша (манипуляциялық) қызметтерінің арасындағы өзара қатынастарды салыстырмалы аспектіде зерттеді және антопогенез үрдісі үшін алдыңғы аяқтардың негезігі және қосымша қызметтерінің арасындағы антогонистикалық қатынастар шешуші мәнге ие екендігін анықтаған. Алдыңғы аяқтардың бір мезгілде манипуляциялауға белсенді қатысуы олардың сүйену және орын ауыстыру қызметтерінен жиі үйренуге кедергі жасайды.

Қозғалыс белсенділігінің эволюциясы алдыңғы аяқтары негізіг және қосымша қызметтерінің арасындағы антогонизммен анықталады. Манипуляицялық қызметтердің редуциясында ең алдымен аяқтардың ұстау қабілеттіліктері қиналады. Алдыңғы аяқтардың қосымша қызметтерінің бір бөлігі бұнда ауыз аппаратына ауысады. Мысалы, ұстау қызметтері аюларда, жанаттарда және басқа да сүтқоректілерде жойылған (әсіресе жабайыларда және кемірушілерде). Жалғыз ерекшелікті приматтар құрайды. Приматтардың локомоциясы бұтақтарды ұстау жолымен өрмелеп шығудан тұрады.

Қозғалудың бұндай тәсілі саусақтардың қозғалмалылығының күшеюімен жіне бірінші саусақты қалғандарына қарама-қарсы қоюды сақтаумен бірге жүреді, бұл манипуляциялауға қойылатын талаптармен үйлесімді сәйкес келеді. Сондықтан маймылдарда алдыңғы аяқтардың негізгі және қосымша қызметі антогонистикалық қатынастарда болмайды, бір-бірімен үйлесімді сәйкестенеді.

Қозғалыс қызметінің өзгеруімен бір мезгіле сенсорлық қызметтер де, әсіресе қолдың терілік-бұлшықеттік сезімталдығы дамыды. Бұл жерде өте маңызды сәт тактильдік-кинестетикалық сезімталдықтың көрумен өзара әрекеттестіктің адамның психикалық іс-әрекетінің қалыптасу факторы ретінде үлкен мәнін анықтаған. Көрудің қолдың қозғалыстық сезімталдығына «үйренуінің» шамасы бойынша қолдардың қозғалыстарының өзі көру арқылы бақыланады, корреляцияланады және басқарылады. Тактильдік-кинестетикалық – оптикалық сезімталдық маймылдарда біртұтас кешендік жүйені құрайды. Жеке-жеке бұл компоненттер басқа жануарларда да жеткілікті жақсы дамыған.

3. Маймылдардың заттық іс-әрекеті. Бірқатар отандық зоопсихологтардың (Н.Н.Ладыгина-Котс, Н.Ю.Войтонис, К.Э.Фабри) зерттеулері адам тәріздес маймылдардың манипуляциялау барсында объектіні практикалық талдауды іске асыратындығын көрсетті (жеке тетіктерді жинау, тексеру және бөлу).

Бірақ адам тәріздес маймылдарда төменгілерге қарағанда синтетикалық (конструктивті) әрекеттер күштірек көрінеді.

Конструктивті іс-әрекеттен басқа Н.Н.Ладыгина-Котс осы жануарлардағы бейімделу-тексеру, өңдеуң қозғалыстық-ойындық қызметтерді бөлді. Тамақтық емес объектілерге қатысты көбінесе танысу, өңдеу(тырнау, кеміру)және конструктивті іс-әрекет шығады. Аз дәрежеде құралдық іс-әрекет пайда болады. Құралдық іс-әрекет лабораториялық жағдайларда табиғи жағдайларға қарағанда көбірек көрінеді.

Қазылып алынған антропоидтарда – адамның ата-бабаларында – құралдарды пайдалану қазіргі кездегі адам тәріздесмаймылдарға қарағанда мәнді жақсы дамыған болуы мүмкін. Фабри заттық, құралдық іс-әрекет кейде биологиялық заңдылықтардың шегінен шыға алмай қалады және еңбек іс-әрекетіне «өседі» деген қорытындыға келеді. Егер жүріс-тұрыстағы түбегейлі өзгерістер басталмағанда, тіпті қазылып алынған адам тәріздес маймылдардағы манипуляцияның жоғарғы көрінулері биологиялық бейімделудің формалары ретіндегіден артық емес болып мәңгілікке қалар еді. Ол түбегейлі өзгерістердің аналогиясын К.Э.Фабри әйгілі экстемалды жағдайдарда қазіргі кездегі маймылдарда кездестірген болатын. Бұл құбылысты ол «компенсаторлық манипуляциялау» деп атады. Лабораториялық жағдайларда (кедей) манипуляциялық белсенділіктің түбегейлі қайта құрылуы өтеді – «бытыраңқы» манипуляциялық іс-әрекет олардың меншігіндегі аз заттарда концентрацияланады. Нәтижесінде олар интенсивтілігі бойынша әртүрлі, ұзақ мерзімдік аз заттармен манипуляция жасайды, бұл біршама күрделі манипуляциялық қозғалыстардың пайда болуына алып келеді. Сонымен, әртүрлі заттармен манипуля жасаудың табиғи қажеттілігі бірлескен ортада манипуляциялаудың сапалық жаңа формасы – «компенсаторлық манипуляциялаумен» компенсацияланады. Заттармен тек осындай тереңдетілген әрекеттер ғана еңбек іс-әрекетінің пайда болуына негіз болады, өйткені миоценаның соңында тропикалық ормандардың тез қысқаруы басталады.

Куруиация – бұл локомоция тәсілі. Куруиация – дененің біршама түзу жағдайында артқы аяқтарымен жуан бұтақтарда жүру. Куруиация маймылдарды құралдық іс-әрекет үшін пайдаланылуы мүмкін алдыңғы аяқтарға сүйенбестен жерде жүруге жақсы дайындар еді.

Анторпоидтардың ішінде адамның тікелей ата-бабасы болған бір ғана – жалғыз түр аман қала алады. Бұл плейстоценаның бас кезінде болды. Ормандарда тіршілік етіп қалған маймылдарда компенсаторлық қозғалыстар дамымай қалды және олар үшін биологиялық беймделудің алдыңғы формалары толығымен жеткілікті болды.

Еңбек құралы белгілі-бір еңбек операциялары үшін арнайы дайындалады. Және оның болашақтағы қолданылуы туралы білімдерді болжайды. Құралдарды дайындау болашақтағы мүмкін болатын себеп-салдарлық қатынастарды алдын-ала білуді болжайды. Н.Н.Ладыгина-Котстың зерттеулері бойынша шимпанзе тікелей пайдалануға құралды дайындаудың өзінде бұндай қатынастарды ұғынуға қабілетті емес, ал пайдаланып болғаннан кейін олар оны болашаққа сақтап қояды.

Осылайша, еңбектің пайда болуымен бүкіл жүріс-тұрыстың түбегейлі өзгеруі байланысты: қажеттіліктерді тікелей биологиялық мотивтерге бағытталмаған арнайы әрекеттер бөлінеді.

Қоғамдық қатынастар мен өндіріс формаларының ары қарайғы даму шамасы бойынша бұндай әрекеттер көп орын алады.

Негізгі құрал дайындау затқа тікелей эффекторлық мүшелермен емес, басқа затпен әсер етуді болжайды (өңдеу – басқа құралмен жасалады). Дәл осындай заттардың табылғандығы адамның ата-бабаларында еңбек іс-әрекетінің болғандығының дәлелі болады.

Фабридіңжүргізген бақылаулары бойынша «нейтралды» заттармен манипуляция жасағанда маймылдар біір затпен екіншісіне әсер етсе де, бұнда «өңделіп жатқан» объектідегі өзгерістерге емес, тікелей әсер ету объектісіндегі болған өзгерістерге мән береді.

әйгілі кеңес антропологы Я.Я.Рогинский адам эволюциясындағы «екібұрылыстық пунккттер» теориясын жасады.

Олар:

1 – еңбек іс-әрекетінің пайда болуы;



2 – дамудың биологиялық жазықтығынан әлеуметтік жазықтығына өту. Осы бұрылыс қазіргі адамның – неонтроптың пайда болуына алып келеді. Рогинский бұл жерде табиғи таңдаудың түр қалыптастыру рөлінің жойылуы мен әлеуметтік заңдылықтардың жеңісі туралы айтады.
Баќылау с±раќтары:

1. Психиканың эвалюциясы және антропогенез

2. Еңбек іс-әрекетінің пайда болу мәселесі туралы жалпы түсінік

3. Маймылдардың заттық іс-әрекеті.


30- лекция. Таќырыбы: Қоғамдық қатынастар мен сөйлеудің пайда болу мәселесі
Жоспары: 1. Фабри бойынша демонстрациялық - манипуляция

2. Жануарлар тілі мен буынға бөлінетін сөйлеу



Лекция маќсаты: Қоғамдық қатынастыр мен сөйлеудің пайда болу мәселесі және жануарлар тілі мен буынға бөлінетін сөйлеулерді тәжірибемен көрстету
Лекция мєтіні

1. Еңбек ең басынан бастап-ақ ұжымдық, қоғамдық болды. Жануарлардың күрделі құралдық іс-әрекеттерінің өзіне ешқашанда қоғамдық үрдістің сипаты тән болған емес және ол қауымдастық мүшелерінің арасындағы қатынастарды анықтамайды.

Психикасы дамыған жануарлардың өзінде қауымдастықтың құрылымы ешқашанда құралдық іс-әрекеттің негізінде қалыптаспайды, оған тәуелді болмайды және онымен жанамаланбайды. Адамдардың қоғамдық қатынастары, керісінше, сол заңдылықтарды сындырудың, еңбек іс-әрекетімен туындайтын орталық өмірдің мәнін түбегейлі өзгертудің нәтижесінде пайда болды.

Фабри бойынша, демонстрациялық манипуляция қарым-қатынастың таза адамдық формаларының бастауы болды. Манипуляцияның объектісін «әдейі» көрсету «көрермендер» жағынан ерекше «табыстыратын қозғалыстардың» және өз кезегінде «жақсы көрінудің» белгілерін көрсететін «актердың» агрессивті көрінулерінің позплары жолымен басумен бірге өтеді. Бұндай димонстрациялық манипуляциялау үлкен маймылдарда кездеседі. Манипуляциялау объектісі үнемі «актер» мен «көрерменнің» арасында делдал ретінде болады. Басқалардың әрекеттерін «сырттай қарау» жолымен арақашықтықтан басқалардың тәжірибесін меңгеру өтеді. Демонстрациялық манипуляциялаудың «дәстүрлердің» қалыптасуына қатынасы бар. Демонстрациялық манипуляциялауда белсенділіктің коммуникативті және танымдық аспектілері үйлеседі.



2. Жануарлар тілі мен буынға бөлінетін сөйлеу. Н.Н.Тих маймылдардың қарым-қатынас құралдарының үлкен мәнділігі мен эмоционалдылығын және олардың адам коммуникациясының эмоционалды құралдарына ұқсастығын айқындайды... Бірақ,Тихтың айтуы бойынша, маймылдардың коммуникативті құралдары (дыбыстар мен дене қозғаласы) семантикалық қызметтер атқармайды және сондықтан олар ойлаудың құралы болып табылмайды.

Американдық ғалым Д.Примак «пластикалық» тілдің көмегімен шимпанзені адам тіліне үйретуге тырысты. Маймылдарда жеке заттар (пластиктер) мен тамақтың арасында ассоциациялар қалыптасты. «артық», «кем», «бірдей» және «әртүрлі», «мә», «алдымен», «одан кейін», «және» деген сияқты жалпыланған көру елестері қалыптасты. Бұл эксперименттер маймылдардың «даму барысындағы оқыту» жағдайларындағы үлкен интеллектуалды қабілеттіліктерін көрсетті (Н.Н.Ладыгина-Котс). Маймылдарда тек адаммен қарым-қатынас жасаудың жүйесі ғана қалыптастырылды, бірақ бұл маймылдардың тілі мен адамның тілін принциптік тұрғыда бірдей деудің дәлелі болып табылмайды. Маймылды буыға бөлінген сөйлеуге үйрету мүмкін емес. Ешбір жануарда түсініктік ойлау жоқ, ортаның заттық бөліктерін, олардың нақты жағдайдан тыс қасиеттерін немесе олардың арасындағы қатынастарды белгілейтін кодтар жоқ. Жануарға қарағанда қарым-қатынас тәсілі тамырында тек дамудың биологиялықтан әлеуметтікжазықтыққа ауысуында пайда бола алады. Қарым-қатынастың әлеуметтік формасына ауысуда алғашқы адамдарда берілетін сигналдардың жалпыланған шарттылығы бірлескен еңбек іс-әрекетінің барысында буынға бөлінген сөйлеудің туындауының биологиялық алғышарты болады.

Алғашқы дыбыстар практикалық іс-әрекетке біріктірілді. Олармен бірге жесттер және айқын интонациялар қатар жүреді. Н.А.Тихтың айтуы бойынша, қолмен жасалған «әрекеттік әңгімелесу» қолдың екі қызметінің арасында шиеленіске алып келеді – заттармен әрекет жасау және олардың белгіленуімен, бұл дауыстық мүшелерге семантикалық қызметтерді беруді алып келеді. «Праслово» қол көрсеткен және қолдың өзін көрсеткен затты және сол затпен жасалған әрекетті белгілей алады. Дауыстар практикалық әрекеттерден бөлінген кезде алғашқы негізгі сөздер пайда болады.

Тіл қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, адам рйлауының құралы ретінде де жиі көрінеді.


Баќылау с±раќтары:

1. Фабри бойынша демонстрациялық – манипуляция туралы түсінік

2. Жануарлар тілі мен буынға бөлінетін сөйлеуі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет