Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық



бет4/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.39 Mb.
#133196
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Абсолютті

Салыстырмалы

Ағымдағы

Ұзақ мерзімдік

Табиғат пайдалану

Табиғат қорғау




Табиғат байлығын экономикалық бағалаудың екі негізгі түрін ажырытуға болады: байлықтарының сан және сапа жағынан әр түрлі болуы, оларды пайдалану ерекшеліктері, ұқсату ерекшеліктері, зерттелу дәрежесінің түрліше болуы , мағлуматтардың толық немесе толық емес жартылай болуы экономикалық бағалаудың да түрліше болуын туғызады. Іс жүзінде қойылатын мақсатқа, мүмкіндіктерге байланысты экономикалық бағалаудың бірнеше түрлері қолданылады. Олбірінші кезекте бағаланатын табиғат қорының түріне байланысты.Мысалы, жер, су, орман, нералдық шикізат қорын экономикалық бағалау. Мұндай бағалаулар таза номикалық тұргыдан, әлеуметтік-экономикалық, экология-экономикалық, экономика-географиялық болуы мүмкін.

Экономикалық бағалау нәтижесін қолдану жағдайына қарап, халық шаруашылық және кәсіпорынның есеп тұрғысынан бағалауларды ажыратамыз. Халық шаруашылық деңгейде бағалау ең жоғарғы қажетті шығын негізінде есептеледі, ал шаруашылық есеп деңгейінде – қолданылатын баға негізінде болады.

Табиғат ресурстары туралы мәліметтердің жеткілікті дәрежесіне байланысты: болжамдық, жобаға дейінгі, жобалық, жоспарлық, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін экономикалық бағалаулар жүргізіледі. Мысалы, минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау бірнеше кезеңнен өтеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау түрлері

  2. Халық шаруашылық деңгейде бағалаудың есептелінуі


5-тақырып. Қалпына келмейтін табиғат ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және экономикалық бағалау

Жоспар:

  1. Жер қойнауы байлықтарын қорғау

  2. Минералды ресурс қорын пайдалану төлемдері

Лекция мақсаты: Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды топтарға боліп қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Жердің сыртқы қыртысы “литосфера”деп аталады. Оның радиусы 15-18км-ден 80 км-ге дейін болады.

Жер қойнауы дегенде оның сыртқы қабатын, мантиясын және ядросын қосып айтқан дұрыс. Бірақ күнделікті өмірде, ғылымда жер қойнауы деп, тек оның беткі кыртысын қарастыру қалыптасқан. Жер қойнауы пайдалы қазба байлықтардың қоймасы. Адамдар осы күнге дейін олардың тек 10 км-ге дейін ғана орналасқандарын пайдаланады.

Жер қойнауынан алынатын пайдалы қазба байлықтарды үш топқа боледі:

-жанатын отын-энергия қоры – көмір, мұнай, газ, жанғыш тақта тас, шымтезек;

-рудалы пайдалы қазбалар – қара және түсті металдар, қымбат бағалы, сирек кездесетін т.б.металдар кендері;

-бейруда пайдалы қазбалар – химия шикізаты, отқа төзімді материалдар, құрылыс материалдар шикізаты, әсемдік тастар т.б.

Адамдар өте ерте заманнан бері жер қойнауынан пайдалы заттарды алып пайдаланып келеді. Жер қойнауы әлі толық зерттеліп болған жоқ. Жер қойнауындағы минералдық қазба байлықтар осы заманғы индустриялық өндірістің негізгі шикізат көзі болып табылады. Ауыр өнеркәсіп өнімдерінің 90%-і, халық тұтынатын тауарлардың 20%-і минералдық шикізаттан алынады.

Қазақстан жер қойнауы минералдық қазба байлыққа бай. Онда өнеркәсіпте қолданылатын минералдық шикізаттың барлық түрі бар деп айтуымызға болады. Осы байлығымызды тиімді пайдалану экономикамыздағы ең өзекті басты маселе.

Сонымен қатар минералдық шикізатты өндіргенде, өңдегенде ауаға, суға, жербетіне қалдықтар шығарылу арқылы табиғи ортаға зиян келтіріледі. Осы зиянды шектеу, азайту немесе болдырмау өндірістің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

2. Жер қойнауын қорғау, минералдық шикізатты тиімді пайдалану, сол арқылы табиғи ортаны қорғау шаралары мынадай бағыттарда жүргізіледі :

1.Минералдық шикізат қорын кешенді барлау, зерттеу, зерделеу. Кешенді барлау деп – минералды шикізаттың қорын ашу, зерттеу кезінде оның құрамын, құрылымын, орналасу жағдайын, ондағы зиянды қоспаларды мейлінше толық анықтау деп түсінеміз. Барлау қазба байлықтың бір түріне ғана емес кешенді жүрғізілуі тиіс.

2.Ашылған шикізат қорын мейлінше толық өндіру, ысыраптың мөлшерін азайту, қазба жұмыстарының табиғатқа зиянды әсерін болдырмау, қазба байлықтың сапасын жоғалтпау, аралас қоспаны азайту, өнімнің ластану т.с.с. Жер қойнаунан шығарылатын мұнайдың, газдың үлесін арттыру, ілеспе өнімдерді тиімді пайдалану. Өндірі кезінде көмір – сутектедің жеңіл фракциялар жоғалтпау т.б.

3. Өндірілген минералдық шикізатты кешенді пайдалану, өндеуші өндірістерді дамыту, өндіріс қалдықтарын пайдалану. Кеннің құрамындағы металдарды толығырақ ажыратып алу арқылы ғана шикізаттан алынатын жылдың өтімді 20-30%-ке арттыруға болатыны әлдеқашан дәлелдеген.

Біз әлі күнге дейін қазба байлықтарымыздың ақшалай құнын білмейміз. Жер қойнауында жатқан байлықтың ақшалай қүны жоқ деп есептелген. Іс жүзінде мұндай көзқарас қазба байлықты пайдалану экономикасында біраз кемшіліктер туғызды. Ол нарық қатынасына көшуімізге байланысты өте қажет. Экономикалық бағалау шамасын білмей минералдық шикізатты тиімді пайдалану мәселелері: кеніштерді игеру кезегін анықтау, оларды пайдалануға, жалға беру, сату, олардан алынатын өнімдерді бағалау, т.б. дұрыс шешу мүмкін емес.

Экономикалық бағалауға байланысты, оны анықтаудың әдістері туралы көптеген ғылыми пікір-таластар, практикалық ұсыныстар айтылып келеді. Оларды бағалау басты көрсеткішіне байланысты бірнеше топқа бөлінғен. Қазіргі қалыптасқан экономикалық теорияға сәйкес табиғат ресурстары ренталық қағида бойынша бағаланады. Минералдық шикізат қоры үакыт факторын ескеріп шеткі шығыннан дербес шығындарды немесе шеткі шығын бойынша есептелген өнімнің бағасынан келтірілген шығынды нормалы пайдасымен қоса шегеріп анықтайды. Қазба байлық түрлеріне байланысты шеткі шығын шамасы әр түрлі белгіленеді: аймақтық, бассейндік немесе республика бойынша. Минералдық шикізаттың кейбір түрлеріне әлемдік баға деңгейі ескеріледі.

Пайдалы қазба кендерінің экономикалық бағасы оның қорын пайдаланғанда алынатын халық шаруашылық тиімді көрсетеді. Экономикалық бағалау ақшалай шамасы өнімге жұмсалатын шеткі және дербес шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Шеткі шығын белгілі бір уақытта нақты өнімге жұмсалатын халық шаруашылық қажетті ең жоғары шығын болып табылады.

Шеткі шығын, сондай-ақ, пайдалы қазба қорыныың пайдаланудың халық шаруашылық тиімді шегін көрсетеді.

Кен орындарын экономикалық бағалау геологиялық барлау жұмыстарын технико-экономикалық негіздеудің және минералдық шикізат кондициясын бекітудің құрамды бөлігі болып табылады. Белгіленген тәртіппен кен қоры бекітілінгенненкейін кен орнының экономикалық бағасы кеніштердің мемлекеттік кадастрлар жүйесіне кіргізіледі.

Кен орындарын экономикалық бағалау үшін ең алғаш шеткі шығын шамасын анықтау керек. Оның ең қолайлы әдісі нақты сала бойынша өндіргіш күштердің дамуы туралы жоспары негізінде оптималдық есептеулер. Мұндай есептеулер халық шаруашылық қажеттілікке сәйкес алдағы және қазіргі өнім өндіру мүмкіндігін ескеріп жүргізіледі. Сондықтан болашақта нақты кенді барлауға өндіруге, өндеуге, тасымалдауға жұмсалатын шығындар анықталады.

Оптимизациялық есептеулер мүмкін болмағанда, шеткі шығынды анықтаудың оңайлатылған әдісі қолданылады.

Пайдалы қазбалардың халық шаруашылық құндылығына – экономикалық бағалау шамасына бірнеше геологиялық, географиялық, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Оларды шартты үш топқа бөлуге болады.

Әлеуметтік-экономикалық факторлар қазба байлықтың халық шаруашылық маңыздылығын, одан алынатын өнімнің қажеттілігін, нақты кенішті игеру керектігін қамтиды.

Экономиялық бағалау шамасында кенді игеруге байланысты барлық шығындар жұмсалатын барлық сатыларында, кезеңдерінде мейлінше толық есептелуі тиіс және бағалаудың әрбір кезеңінде өнімге қажеттілік ескерілуі керек. Кен қорын зертеу, барлау, игеру, пайдалану мерзімдерінің ұзақтылығына және ол жылдардағы экономикалық қажеттіліктің, тағы басқа көрсеткіштердің өзгеретініне байланысты уақыт факторы ескерілуге тиісті. Бағалаудың алғашқы сатыларында және аз уақытта қолданылатын көрсеткіштерді анықтағанда дисконтау тәсілін қолданбауға болады, ал ұзақ мерзімдік экономикалық бағалауда, кеннің тұрақты кондициясын, баланстық қорын анықтағанда ренталық табыстар міндеттә түрде дисконтталады. Алғашқысы - үлестік рентаны кен қорына көбейту арқылы алынуға мүмкін табыс шамасын анықтайды, екінші жағдайда дисконттау - кенді игеру кешеуілдетілген жағдайда алынатын табыстың құндылығы төмендейтіні көрсетеді.

Пайдалы қазба байлық қорын экономикалық бағалау үшін рента шамасын анықтауға мүмкіндік беретін шеткі шығын шамасы қолданылады. Құнды металдардың кендерін бағалағанда әлемдік баға деңгейі негізге алынады.

Жер қойнауының пайдалы қазба байлықтары еліміздің ұлттық байлығы, демек оның құрамында есептеу үшін ақшалай бағалануы тиіс. Экономикалық бағалаудың шамасына негізінен өнімге қажеттілік қордың жеткіліктілігі, географиялық орналасу жағдайы, геологиялық сипаттары әсер етеді.

Негұрлым сындарды бағалау үшін геологиялық, өндірістік-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық факторлары есептелуі тиіс. Геологиялық факторларға сәйкес, оларды сипаттайтын мәліметтер толықтырылған сайын, алғашқы зерттеулерден бастап кеніш толық игерілгенде дейін әр түрлі бағалаулар жүргізіліп тұрады. Өндірістік-технологиялық факторлар, өндіріс қуаты, игеру мерзімі, т.б экономикалық көрсеткіштер деңгейін қалыптастырады. Әдетте қуатты өндірістпен кен қорын оның тәуір бөлігінен бастап игеру тиімдірек болады.
Бақылау сұрақтары:


  1. Табиғи ортаны қорғау шаралары қандай бағыттарда жүргізіледі?

  2. Рента шамасын анықтау



6-тақырып. Жер ресурстарын қорғау және тиімді падаланудың экономикалық мәселелері

Жоспар:

  1. ҚР-ғы айылшаруашылық мақсатта пайдаланылатын жерлердің жалпы сипаттамасы: категориясы, қазіргі жағдайы

  2. Жер қорын бағалау әдістері

Лекция мақсаты: Топырақ құнарлығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шараларын қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.

Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн.га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді мекендер орналасқан жерлер, орман қорының жерлері, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени маңызы бар жерлер, су қорының жерлері, мемлекеттік қордағы жерлер болып бөлінеді.

Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер көп емес, егістікке қарамды жер 34,9 млн. га, барлық жердің 12,8%-і ғана. Жер қорының едөуір бөлігінің сапасы төмен: 77 млн.га эрозияға ұшыраған; 75 млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз етілмеген, 58%-тен астамы “қауіпті” аймақта орналасқан; жайлымның 69%-і шөл және шөлейітті аймақта, оның 60%-інің жемдік қоры нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.

Суғару жүйелерінің нашарлығынан суармалы жерлерден 23%-і сортаңдаған, 3%-і батпақтанған, 5%-інің топырағының құнары жойылып кеткен. Жер жырту, өзінде арнасы өзгерту, т.б. шаралар нәтижесінде табиғи шабындықтардың ауданы 30%-ке кеміді.

Біздің еліміз кешегі кеңіс үкіметі жылдарына яғни, тың игеру кезінде жер тумысының – топырақтың ең құнарлы қабаттарының 30-40 % дейінгі бөлігін жоғалтып алғаны белгілі. Сол сияқты суармалы жердің тиімді құнары оның мелиоративтік күйіне тікелей байланысты. Топан су кезінде кейбір шаруашылықтарда күріштің пісіп-жетілуі үшін гектарына 40-50 мың текше метрге дейін су жұмсалды. Ал бір гектар күріш пісіп-жетілуі үшін 23-24 мың текше метр су қажет. Яғни, бір сөзбен айтқанда күріштік алқаптардың мелиоративтік күйін аздыратын жағдай – күріш егісінесуды нормадан артық беру. Бұл – бір. Екіншіден, суармалы жерді агротехникаға сай баптаудың болмауы. Үшіншіден, мұның үстіне теңіздің құрғаған табанынан Сырдарияның атырауна жыл сайын 3-3,5 млн. тонна тұз түсіп жататыны тағы бар. Міне, сондықтан суармалы жерді қорғап, тиімді пайдалануды шаруашылықтардың әр мүшесі естен шығармауы тиіс.

Жалпы, күтіп-баптай білсең жердің, яғни оның құнарлы топырағының берер өнімі мол. Демек, агротехникалық шараларды толық пайдаланып, ғылым мен тәжірибенің озық үлгілерін кеңінен іске асыру арқылы қазіргі егістікке пайдаланып жүрген жерлердің гектар шығымдылығын бірнеше есе арттыруға мүмкіншілік туады. Сонда ғана жаңа жерлерді игерудің көлемі азаймақ. Дегенмен де жер бетін жырту болмаса жайылымдарды пайдалану кейбір аудандарда дұрыс рационалды түрде жүргізілмегендіктен топырақ беті эрозияға ұшырауда. Мысалы, теңіздің құрғаған табанындағы тұзды құм төбелер оңтүстік бағытпен жылына бір шақырым жылдамдықпен жылжып барады. Сол сияқты арал ауданы көлемінде қазір белгілі болғандай кейбір қыстақтар көшпелі құм белдеулердің астында қалып барады. Сондықтан бұл жерлерде 2-3 қатар белдеу-белдеу сексеуіл өсімдіктерін егуді бастап тездетіп қолға алған жөн.

Жалпы, топырақтың бұзылып құмға айналуы бірнеше себептерге байланысты. Бұлар – орманның шектен тыс оталыу, далалық аймақтардағы жердің айдалуы, аул шаруашылығының ауыр техникаға көшуі, т.с.с. Дегенмен ол қылықтардың орнын толтыруға әбден болады. Топыпақтың табиғаттың басқа бөліктерінен ерекше бір ғажайып қасиеті – топырақ бірқатар микроорганизмдердің, көп клеткалы организмдердің қатысуымен өздігінен тазаланып, қалпына келеалады. Бірақ оған ұзақ уақыткерек. 2,5 см құнарлы топырақ қабаты қалыптасу үшін 100жыл, бір қалыпты температурада 90 см топырақ қабаты жасалу үшін 16 мың жыл керек екен. Тек жер топырағын бүгін ғана пайдаланып, оның берерін сарқып алмай, экологиялық бұзылудан сақтап, келешек ұрпаққа құнарлы күйінде жеткізуге ұмтылсақ болғаны. Гылыми болжамдар бойынша республикамызда суармалы жерлердің аумағын 2 млн. гектардан 3,5 млн. гектарға жеткізуғемүмкіндік бар.

2. Топырақ құнарлығын, жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі негізгі агрономиялық, агротехникалық, агромелиоративтік, ұйымдастырушылық шаралар мыналар:

1. Топрақты эрозиядан қорғау. Эрозияның негізгі үш түрі бар: жел, су және техникалық. Тегіс емес, тақыр жерлерде жауын-шашын топрақтың құнарлы қабатын жуып кетеді. Ормансыз ашық жерлер, әсіресе өнімділігі құртылған жерлер жел эрозиясына ұшырайды, топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып кетеді. Жерді ауыр техникамен өңдеу, жылма-жыл бір дақылды егу, техниканың жолсыз жерлермен жүруі топырақ эрозиясын күшейтеді.

Шөл және шөлейт аймақтарда маусымдық пайдалану тәртібін сақтамай шамадан тыс мал жаю, техникалардың жүруі өсімдіктердің, әсіресе құнды өсімдіктердің жойылуын тудыртып отыр. Беті ашылған топырақ жел, күн, су эрозиясына ұшырайды. Бұл қауіптен қоғанудың басты жолы тоғайлар өсіру, суландыру, реттеп пайдалану. Топырақты эрозиядан қоғау үшін жер ерекшелігін, ауа райын, эрозиялық құбылыстың жылдамдығын ескере отырып мынадай шаралар қолданылады:


  • ұйымдастырушылық шаралары ;

  • агротехникалық шаралар;

  • егістіктің айналасына қорғаныш ормандар өсіру, ылғалдандыру, т.б.

2. Топырақты сортаңданудан қорғау. Топырақтың тұздануы жауын-шашын мөлшері буланатын ылғалдан аз болғанда болды. Егістікті көп жыл бойы көлдетіп суғару топырақтың тұздануын тудырады. Жаңбыр суының жер бетіне көлкіп жатып булануы жерді сортаңдандырады. Егістікті, жайлымды суғарудың озық тиімді әдістерін қолдану топырақты сортаңданудан сақтайды.

3. Топырақты құм басудан қорғау жолдары – ағаш, бұталар отырғызу, көп жылдық шөптер егу.

4.Жерді батпақтанудан қорғау үшін гидромелиоративтік жұмыстар жүргізу, суғару жүйелерін жетілдіру қажет болады.


  1. Топырақтағы қоректік заттарды сақтау үшін мелиоративтік жұмыстар, сортаң жерлерді әкпен, гипспен өңдеу, арнаулы әдіспен жырту, тыңайтқыш беру, мал жаюды реттеу, т.б. агрономиялық жұмыстар жүргізіледі.

  2. Қүрылыс, жол салу, жер қойнауын барлау, пайдалы қазбаларды өндіру, қалдықтарды орналастыру нәтижесінде бүлінген жерлерді қалпына келтіру республикамыздың жер қорын едәуір жақсартады.

  3. Егістік құнарлы жерлердің ауыл шаруашылық айналымнан шығарылуын болдырмау шаралары заңдастыруды талап етеді. Соңғы жылдары әр түрлі құрылысқа, саяжайға, жолдарға, сауда орындарына егістікке қолайлы, құнарлы тегіс жерлерді, ормандарды бөлу кең етек жайып келеді. Оны заңдастырып тоқтату қажет-ақ.

Аталған жұмыстар арнаулы ғылымдар саласындағы жетістіктерге сүйеніп жургізіледі. Сонымен қатар бұлар экономикалық шаралар болып табылады.

Жер қоры халқымыздың ең басты ұлттық байлығы, сондықтан оның құндылығы ақшалай бағаланып ұлттық байлықтың құрамында есептеледі. Жер иеленуге, пайдалануға, жалға беріледі, жер несиеге кепілдік болады, жер пайдаланушылардан салық, т.б. төлемдер алынады осының барлығының шамасын анықтау негізінде жердің құндылығы – экономикалық бағалау жатады.

Барлық табиғат байлықтары сияқты жерді экономикалық бағалау негізгі үщ турлі қызмет атқарады:

1. Есептеу. Жер ұлттық байлық ретінде, аймақтардың, кәсіпорындардың, жеке жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың өндірістік-материалдық қоры ретінде есептеледі. Жер өндірістің, басқа да құрылымдардың, тұрғын үйлердің, т.б. орналасқан орны, шаруашылық орны ретінде де есепке алынады.

2. Жер қорын тиімді пайдалануға экономикалық ынталандыру үшін оның бағасы болуы керек және сол арқылы нарықтық қарым-қатынасқа қосылады.

3. Жер бөлімшелерінің сапалық қасиеттері - өнімділігі, орналасу тиімділігі әр түрлі. Құнарлы, тиімді жерлер жеткіліксіз, сондықтан өнімділігі, тиімділігі төмен жерлер де пайдаланылады және жұмсалған еңбектеріне қарамай жақсы пайдаланушылар қосымша пайда табады. Тиімділігіне байланысты әр турлі жер бөлімшелері әр түрлі бағаланып жер пайдаланушыларға бір келкі жағдай туғызылады. Сонымен тиімділігі төмен, бірақ халық шаруашылық тұрғыдан қажетті жерлерді пайдалану ынталантырылады.

Жер қорын экономикалық бағалаудың барлық қызметтері бір-бірімен тығыз байланысты, жалпы жерді қорғауға, тиімді пайдалануға қызмет етеді.

Жер қорын қорғауды және пайдалануды экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, оның құндылығын пайдалану ұтымдылығын арттыру арқылы одан алынатын өнімдерді қазіргіден едәуір көбейтуге болатынына көз жеткіземіз. Оның басты бағыттары: топырақтың құнарлығын арттыру, жерді суландыру, батпақ жерлерді құрғату, сортаң жерлердың тұздылығын азайту, эрозияға жол бермеу, бүлінген жерлерді қалпына келтіру, т.б. агрономиялық шаралар және жерді пайлану құрылымын жақсарту.

Ғылыми болжамдар бойынша республикамызба суармалы жерлердің аумағы 2 млн. гектардан 3,5 млн. гектарға жеткізуге болады. Сортаң жерлерді өңдеп жайылымға, тіпті егістікке айналдыруға болады. Сөйтіп жайылым ауданын 7,1 млн. гектарға арттыруға мүмкіндік бар. Бүлінген жерлерді ұдайы қалпына келтіру керек. Есептеулер бойынша жыл сайын 15-16 млн. гектар бүлінген жерлер оңдаулы тиіс.

Бақылау сұрақтары:


  1. Ұйымдастырушылық шаралары

  2. Егістіктің айналасына қорғаныш ормандар өсіру, ылғалдандыру



7-тақырып. Жерді пайдалануды және жерді ауыл шаруашылық айналымнан алғанда экономикалық бағалау

Жоспар:

  1. Негізгі бағалау белгілері

  2. Бағалау көрсеткіштері, оларды анықтау әдістері

Лекция мақсаты: Жер қорын бағалаудың негізгі принциптерін қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Жер қорын бағалау жөнінде ғылыми ізденіс пен әр түрлі саладағы мамандар: топырақтанушылар, географтар, экономистер айналысып келеді. Көптеген териториялық жене әдістемелік мақалалар жарияланғанымен, жалпы қабылданған әдістеме жоқ.

Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау. Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың негізгі және алғышарты болып табылады. Жердің сапасын бағалау үшін оның әр түрлі табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан және оған әр түрлі климаттық жағдайдың топырақ түрінің әсері айқындалады.

Көптеген аймақтық еңбектерде топырақты агро-өндірістік тұрғыдан топтастыру және жерді пайдалану жөнінде ұсыныстар беріледі. Жерді бағалау белгілері мен әдістеріне топрақтанушылар мен географтардың көптеген еңбектері арналған. Олардың бір тобы мәселені топырақ карталарын жасау арқылы шешеді, екіншілері жерді өндіріс құралы ретінде бағалайды.

Қазіргі кезде топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше варианттары белгілі. Оларды негізгі екі түрге бөлуге болады: біріншісі – топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп, бонитетін бағалау; екіншісі – жерді өнімділігіне байланысты, табиғи қасиетін ескеріп бағалау.

Топырақтың бонитет балдары оның сапалық қасиеттерінің сандық көрсеткіші болып табылады, аймақта өсірілетін басты дақылдың көпжылдық орташа түсіміне сәйкес болады. Бонитет балдары ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қолайлылығын анықтауға, оларды тиімді пайдалануды жоспарлауға мүмкіндік береді.

Бонитет балдары: топырақтың құрамындағы шірінділердің, тұздардың, минералдық шамасына, топрақты суды сіңіру қасиетіне, жентектелуіне, ауаны өткізуіне байланысты анықтайды. Негізгі бал бонитеті топырақтың 50 см қабатында шірінділер шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері бойынша саралаушы коэффициенттер қолданылады.

Аудан, аймақ және нақты жерлер бойынша орташа бонитет балдары есептеліп, олар дәнді дақылдарын көпжылдық орташа түсімімен салыстырылады. Бұл көрсеткіш жерден алынатын өнімдерді болжауға, жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш арқылы жердің тиімді пайдаланылғаны бағаланылады.

Балл бонитеттерін пайдаланып ауыл шаруашылық кәсіпорындарының нәтижесін бағалауға болады. Мысалы, ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы құнын шаруашылықтын пайдалануындағы жерлердің орташа бонитет балына бөліп шаруашылық нәтижесін бағалауымызға болады. Сондай-ақ есептеулерде таза табыс, өнімдердің өзіндік құны, т.б. экономикалық көрсеткіштерді қолдануымызға болады. Бірақ бонитет балдарының қолдану ауқымы экономикалық бағалаудан әлдеқайда тар. Мысалы, ол экономиканың бағалау атқаратын есептеу қызметін атқара алмайды, сондай-ақ жерге келтірілген зиянды есептеуге орнын толтыруға компенсациялық шығындарды есептеуге жарамайды.

Жерді балдық көрсеткіштерге сәйкес бағалау туралы экономистердің екі түрлі көзқарасын байқауға болады. Біріншісі бойынша жер бір өлшем ауданнан алынатын жалпы өнім мен таза табысқа сәйкес бағаланады, екіншісінде – алынған ауыл шаруашылық өнімдері және оған жұмсалған шығындар есептеледі. Екі көзқарас бойынша да жерді бағалаудың басты белгісі одан алынатын өнім, тек екінші көзқараста жұмсалатын шығын деңгейі ескеріледі.

Бірінші көзқарасты жақтаушылар жерден алынған өнім шамасы оның салыстырмалы құндылығына сәйкес келеді және таза табыс пайдалану дәрежесін көрсетеді деп есептейді. Сонымен қатар, олар ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы қоғамдық қажетті шығындар шамасына біртіндеп жақындайды деп есептейді. Олардың кейбіреулері жерді 1 гектар ауданға есептелген жалпы өніммен бағалау керек десе, екіншілері – таза табыс көрсеткішін немесе негізгі үш: өнімділік, жалпы өнім және таза табыс көрсеткіштерін қолдануды ұсынады.

Ғалымдардың екінші тобы жерді бағалау белгісі ретінде бір өлшем ауданнан алынған өнімнің оған жұмсаған шығынға немесе шығынның өнімге қатынасын алуды ұсынады. Олар таза табыс шамасы өнімнің бағасына байланысты болғандықтан, әділетті көрсеткіш бола алмайды деп есептейді. Сондықтан жалпы өнім сапасы да топырақтың сапалық ерекшелігіне сай келмейді, өнімдерге аймақтық бағалар қолдану топырақтың құнарлығы арқасында алынатын табысты анықтауға мүмкіндік бермейді дейді. Олардың жерді бағалау әдісі оның бағасын топырақ бонитетіне - өнімділігіне сәйкес озық шаруашылықтардағы өнімнің өзіндік құны арқылы анықтауға саяды. Жердің сапасының жиынтық көрсеткіші ретінде бір өлшем ауданнан алынатын нақты өнімділіктің оған жұмсалған шығындарға қатынасы бойынша анықталатын “ өлшемдес өнімділік ” көрсеткішін қолдануды ұсынады.

2. Жерді экономикалық бағалау туралы экономистердің арасында да бірнеше көзқарастар белгілі. Оларды негізгі: шығындық және ренталық деп екіге бөлуге болады.

Шығындық қағида бойынша бағалаудың негізі – жерді игеруге жұмсалған еңбек пен еңбек құралдарының шығыны болып табылады. Жердің табиғи сапасы - өнімділігі тек қосымша фактор ретінде қаралады.

Құн заңына сәйкес жер өздігінен жаңа құн тудырмайды. Әр түрлі жерден өнім алуға бірдей еңбек жұмсалған болса, ол өнімдердің санына қарамай жалпы құны бірдей болу керек. Яғни бірдей еңбек жұмсай отырып, саны, сапасы әр түрлі өнім алатын болсақ, олардың жалпы құны тең болады, ал дербес жеке бағалануы әр түрлі болады. Бірдей жерден бірдей еңбекпен неғұрлым көп өнім алсақ, оның әрқайсысының бағасы соғұрлым төмен болады және керісінше.

Топырақтың құнарлылығы жаңа құн тудырмайтын болса, ол қосымша құн да әкелмейді, яғни жер рентасына айналатын қосымша табыс та жоқ. Ал шындығында жердің құнарлылығынан қосымша өнім, сол арқылы қосымша табыс, рента алынады. Бұл жерде біз құн мен тұтыну құнының, тауардың құны мен бағасының қайшылықтарын көреміз. Осы қайшылықтарға сәйкес үш түрлі жағдай болуы мүмкін. Бірінші – тауардың бағасы құнына сәйкес, яғни тауардың бағасы оған жұмсалған еңбектің мөлшерімен анықталады. Олай болса, еш жерде қосымша ақшалай табыс жоқ. Екінші – баға тұтыну құнына сәйкес анықталады, яғни тұтыну құнының аралығындағы шама. Бұл реттелмеген базар нарығында болатын жағдай.

Баға тұтыну құнына сәйкес белгіленгенде әр түрлі жердің өнімділігі әр түрлі болғандықтан бірдей өнімге еңбектің жұмсалу шамасы да бірдей емес, сондықтан жер рентасы пайда болады.

Жердің құндылығы барлық қоғамда оның тұтыну құнын өндіретіндігімен анықталады. Сондықтан жерді экономикалық бағалау оның қоғамдық құндылығын есептеу болып табылады. Жердің тұтыну құндылығын бір жағынан оның тіршілік орны екендігі және өнім беретіндігі анықтаса, екінші жағынан, оның ауданының шектеулі екендігі қалыптастырады. Осыған сәйкес экономикалық бағалау белгісі оның өндіргіш күш ретінде және өмір сүру ортасы ретінде қоғамдық құндылығы. Осы тұрғыдан жердің қоғамдық құндылығы неғұрлым жоғары болса, ол соғурлым қымбатқа бағалануы тиіс.

Жерді әр түрлі мақсатта пайдаланғанда бірбелгіге сүйеніп бір әдістеме бойынша бағалау керек пе, болмаса әр түрлі бағалана ма? Осы мәселе бойынша да қарама-қарсы көзқарастар бар. Біреулер жердің бағасы әрқашан бірдей және бір белгіге қарап бір әдіспен анықталады десе, екіншілер – ауыл шаруашылығында пайдаланғанда балл көрсеткіші бойынша бағаланады, ал оны басқа мақсатқа алғанда абсолюттік бағалау қолданылады дейді. Алғашқыларының дәлелі ауыл шаруашылығында жерді салыстырмалы бағалау жеткілікті және оны технико-экономикалық есептеулерде қолдануға жарамайды, ал жер басқа мақсатқа алынғанда ғана ақшалай құнын анықтау қажет.

Жерді ренталық қағида бойынша, дифференциалдық рентаның негізінде бағалау туралы ізденістер жүріп жатыр .

Дифференциалдық рентаны есептеуде қолдануға болатын әдіс ретінде шеткі шығын шамасымен есептелген ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасынан шығындарды және өндіріс негізгі қорларын жаңартуға аударылатын 12-15 процент шамасында нормалы пайданы шегеру ұсынылады.

Тағы бір ұсынылған әдіс бойынша астық негізінен нан өнімдеріне жұмсалатын болғандықтан дәнді дақылдардан алынатын дифференциалды рента нанның көтерме сауда бағасының негізінде есептеледі. Мұнда таза табысты есептеу үшін нанның көтерме сауда бағасынан бидай өсірушілердің, астық даярлау ұйымдарының, диәрмендердің, нан пісірушілердің шығындары шегеріледі. Бұл процеске қатысушылардың таза табысы еңбек шығындарына сәйкес бөлінеді. Әр аймақта дәнді дақылдардың түсіміне байланысты және ең нашар жердің 1 гектарынан алынатын табыстың нормалы мөлшері деп алып әр аймақтағы дифференциалдық рентаны анықтайды.


Бақылау сұрақтары:

  1. Топырақ бонитетін бағалаудың варианттары

  2. Жерді балдық көрсеткіштерге сәйкес бағалау



8 - тақырып. Жерді тиімді пайдалану мәселелері

Жоспар:

  1. Жер қорын қорғау, тиімді пайдалану бағыттары

  2. Жердің табиғи және жасанды өнімділігі

Лекция мақсаты: Жерді экономикалық бағалау әдістерін талдау.

Лекция мәтіні.

1. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін жерлердің сапасы біркелкі емес. Олардың әр түрлілігі өнімділігінің де әр түрлі болуына әкеп соғады. Бірдей еңбек жұмсай отырып сапасы әр түрлі жерлерден түрлі шамада өнім аламыз, яғни еңбектің нәтижесі әр түрлі болады.

Осы қасиетіне байланысты жерлердің құндылығы да бірдей емес. Жердің құндылығын қандай белгісіне қарап бағалауға болады? Ол белгі ақшалай құндық көрсеткіш болуы керек, өйткені басқа көрсеткіштермен оларды бір-бірімен салыстыруға, қосуға болмайды. Тұтыну құндылығы әр түрлі, қоғамның әр түрлі қажетін өтейтін игіліктер тек қана құндық (ақшалай) көрсеткіштермен жинақтап өлшенеді.

Жер - тұтыну құндылығы, оның құны жоқ, тек тұтыну құндылығын, материалдық өнімдерді өндіруге қажетті жағдай. Жердің бағасы оған табиғи тән нәрсе емес, ол тек қана қоғамдық өндіріс және тұтыну қатынастарында пайда болады. Сондықтан жердің бағасы тауар өндіруге қажетті жеке жер бөлімшелерінің тұтыну құндылығының көрінісі. Жеке жер бөлімшелерінің сапасының әр түрлілігіне байланысты ол жерлерде өндірілген өнімдердің құны да әр түрлі болады. Сапалы жерлерден нашар жерге қарағанда әлдеқайда көп тұтыну ќ±ны өндіріледі. Бірақ сапалы жерлер көп емес, әдетте шектеулі. Иелену түріне қарамастан, жерге шаруашылық нысаны ретінде єр қашан монополия болады. Былайша айтқанда жерге монополия болуына байланысты дифференциалдық рента туындайтын алғышарт бар. Дифференциалды рентаның алғышарттары - бір жағынан монополия болса, екінші жағынан жердің сапалық өзгешеліктері, сондай-ақ тауарлы өндірістік қоғамдық қарым-қатынастар.

2. Дифференциалдық рента бірдей еңбек жұмсап нашар жерді пайдаланумен салыстырғанда сондай мөлшердегі тәуір жерден қанша артық тиім (пайда) алуға болатынын көрсетеді. Сондай-ақ ол жақсы жер жеткіліксіз болып, сапасы одан нашар жерді пайдаланғанда немесе пайдаланатын жердің сапасы нашарлағанда қаншама зиян болатынын көрсетеді.

Жер мәңгілік өндіріс қажеті, оны дұрыс пайдаланғанда өнімділігі сарқылмайды. Жерден өнімді жылда алуға болады. Былайша айтқанда, жер шексіз жылма-жыл ренталық табыс береді. Жер мәңгі пайдаланылатын болғандықтан, осы жылдардағы жалпы табысты білу үшін жылдық табыстарды қосу керек. Сонда ғана жердің нақты құндылығын анықтаймыз.

Жерді шексіз ұзақ пайдалануға болатындықтан аз ғана жылдық табыстың өзі үлкен шамаға айналуы мүмкін, яғни жердің құндылығы шексіз шамаға айналады. Әрине бұл ақылға симайды, сондықтан жылдық тиімдерді белгілі мерзімде ғана қосу керек. Сондықтан, 50 жылдық тиімді қосу ұсынылады. Әрине бұл цифр ешқандай ғылыми дәлелденбеген.

Осыған ұќсас тәсіл орман шаруашылық есептеулерде әр жылда алынған өнімдерді бір жылға келтіру үшін қолданылады. Оның мәнін түсіну үшін шартты мысал қарастырайық. Екі орман бөлімшелері бар делік. Біреуінде пісіп жетілуі 50 жылдық қайың өсіріледі. Қайыњды кескенде 100 м. куб ағаш, 15 мың теңге табыс аламыз, қарағайды кескенде 200 м. куб ағаш, 30 мың табыс аламыз. 100 жылда екі жер де бірдей өнім және табыс береді. Олардың халық шаруашылық ќ±ндылығы да бірдей.

Егер уақыт факторын есепке алсақ, олай болмайды. Қоғамға табыстың қай уақытта алынғаны талғаусыз емес. Табыс неғұрлым ертерек алынса, соғұрлым құндырақ. Сондықтан мысалымыздағы бірінші орман бөлімшесі екіншіге қарағанда құндырақ.

Сонымен, әр мезгілдегі экономикалыќ көрсеткіштерді өлшемдестіру мәселесі тікелей қосу, орташа процентпен шешілмейді. Басқаша тәсіл керек. Ол үшін келтіру коэффициенті қолданылады.



В =(1 + E)t

Кабылданған әдiстеме бойынша Е = 0,08, бірақ басқаша (0,02 дeн 0,08 дейін) көзқарастар да бар. Шығындар мен нәтижелерді алғашқы жылға келтіргенде шамаларды келтіру коэффициентіне кебейтеді, сонғы жылға келтірrенде – бөледі.

Жер мәнгі nайдаланылатын болғандықтан, жылдық ренталарды қосу керек, яғни жердің экономикалық бағасы:

Ренталардың жалnы сомасы шексіз жылдарда шексіздікке ұмтылады. Сондықтан жердің экономикалық бағасы:



Бұл формула бойынша ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жер бағаланады. Орман қорының жері ағаштың есіп-жетілу мерзімін ескеріn бағаланады:



Ауыл шаруашылық жерлері уақытша бұл мақсатта пайдаланудан алынғанда, экономикалық зиянды жердің экономикалық бағасымен есептеледі:




Бұл формулалармен жер қоры мынандай жағдайларда бағаланады:

1) жылдық рента шамасы өзгермейді;

2) уақыт факторын есептейтін коэффициент өзгермейді.
Дифференциалдық рента шамасы шеткі шығын шамасына байланысты. Шеткі шығын жаңа жер игерілгенде немесе б±рынғы жерлерге шығын артқанда өсуі мүмкін. Шеткі шығын өскенде барлық жерлердіњ дифференциалдық рентасы жоғарылайды.

Шеткі шығын шамасы жерден алынатын өнімдерге, сол арқылы пайдаланылатын жерге белгілі мерзімде белгілі қоғамдық қажеттілік бойынша есептеледі. Ондай қажеттілік оптимизация әдісімен аныќталады.

Шеткі шығын қағидасы мынадай әдістемелік принциптермен негізделеді:

1. Қоғамның дамуының әрбір кезеңінде оған сәйкес жерге деген қажеттіліктен туындайтын жер ресурстарын молайтуға жұмсалатын жол беруге болатын шеткі шығын шамасы болады.

2. Пайдаланылатын жер ресурстарын молайту (ұлғайту) шараларының тиімділігі осы шаралар нәтижесінде қол жеткізетін тиім қоғамдыќ қажетті шығындар мен дербес шығындар айырмасы ретінде анықталады. Ондай тиім дифференциалдық рентаныњ шамасына тең.


  1. Шеткі шығынның және оған сәйкес жерді экономикалық бағалау белгісінің салыстырмалы тұрақтылығы. Жердің қасиеттерін қалпына келу мүмкіндігі оның үздіксіз, шексіз ренталық табыс әкелу мүмкіндігі ретінде қаралады.

4.Жер ресурстарының ерекшелігі оны көп мақсатта пайдалануға болатындығы. Жерді пайдала тиімділігі барлық балама бағыттары бойынша қаралады. Әдетте ең тиімді бағыт ауыл шаруашылыќ өнімдерін алу, яғни азық-түліктік бағыт деп алынып, экономикалық бағалау соған сәйкес жүргізіледі.Жердің экономикалық өнімділігі оның қоғамдық құндылығын білдіреді. Жердің тұтыну құндылығы оның ерекше негізгі өндіріс куші екендігінде. Жердің саnасына байланысты еңбек өнімділігі де әр түрлі болады. Бірақ ерекше еңбек жұмсалатын орта ретінде құндылығы арқашан сақталады.

Жердің тұтыну құндылығы мен экономикалық өнімділігі тікелей бір-бірімен байланысты, бірақ олардың ерекшеліктері де бар. Егер экономикалық өнімділік жер мен oғaн жұмсалатын еңбектің өндіргіш куші арқылы көрінетін болса, жердің ерекше еңбек ету ортасы екендігі -oғaн қажеттілік арқылы көрініс табады. Жердің осы қасиеттері экономикалық бағалауда ескеріледі.

Экономикалық бағалау шамасы әрқашан иррационалды шама. Бағалау көрсеткіштері өзгерген сайын өзгеріп отырады. Экономикалық бағалаудың олай болатынын түсіну үшін оның жерге тән физикалық немесе химиялық табиғи қасиет емес, ол тек қоғамдық қарым-қатынастан туындайтын түсіну керек.

Жердің экономикалық бағасы оның әлеуметтік экономикалық қызметіне байланысты анықталады. Бағалаудың негізгі белгісі – қоғамның қажеттілігін өтеу құндылығы.

Табиғат байлығының қоғамдық қажеттілігі бағаланады. К.Маркс «Жер рентасы дегеніміз – жер иеленушілердің жерін жалға беруден алатын жылдық табысы» деген болатын. Жер рентасы да капиталға айналды деуімізге болады. Капиталға айналған жер рентасы жердің экономикалық бағасы болады. В.И.Ленин «Жерді атып алу дегеніміз – сол жер беретін табысты сатып алу болады, сондықтан жердің бағасы капиталданған жер рентасы болып табылады» - деп жазды.

Сондықтан капитализмде жердің экономикалық бағасы жерден алынатын жылдық рента мөлшерімен және капиталға төлейтін банк өсімінің процентімен анықталады.


P= R/q

P – жердің бағасы

R – жылдық рента

Q – банк проценті


Жердің өндіріс күші ретінде мағынасы оның өсімдік өсіретін қасиетінде, топырағының құнарлығында.
Бақылау сұрақтары:

  1. Дифференциалды рентаның алғышарттары

  2. Жердің экономикалық бағасы қалай анықталады?



9-тақырып. Салыстармалы өнімділік, табыс, пайда, рента және тиімділік көрсеткіштері

Жоспар:

  1. Жерді қалпына келтіру құны

  2. Экологиялық бағалау

Лекция мақсаты: Жер ресурстарын ұзаќ мерзімдік экономикалыќ бағалағанда ерекшеліктерін қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Жер өмір сүру ортасы. Бұл жағдайда жердің әлеуметтік-экологиялық, құндылығы қарастырылуы тиіс. Жердің экологиялық құндылығы өмір сұруге қолайлы жағдайда сақтаудың қажеттігінен туындайды.

Сондықтан жерді экономикалық бағалау оның әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құндылығын анықтау болып табылады. Осы тұрғыдан, жердің толық экономикалық бағасы дифференциалдық және абсолюттік ренталар негізінде анықталыу тиіс.

Дифференциалдық рентаны анықтау өдістерін жоғарыда қарастырдық. Ал асолюттік рента жерді қалпына келтіру құндылығымен, яғни жұмсалатын қоғамдық қажетті шығындармен анықтауға тиіс.

Ауыл шаруашылығында жер тек қана өмір сүру, еңбек ету ортасы, ол қажетті өнім алудың тұрақты көзі.

Барлық табиғат байлықтары сияқты жер ресурстары да абсолютті жене салыстырмалы экономикалық бағаланады. Абсолютті бағалаулар бойынша жер ресурстары ұлттық байлық құpaмында есептеледі, шаруашылық баланстарында есептеледі жене жер ресурстарын пайдалану телемдері анықталады.

Салыстырмалы экономикалық бағалау негізінде жерді nайдаланудың әр турлі варианттарының тиімдісі тандалды. Қазіргі nайланылыn журген әдістемелерге сайкес жерді экономикалық бағалау үшін негізгі ауыл шаруашылық дақылдар бойынша өнімділігі, жумсалатын шығындар есеnтеледі.

Жер қатынастары -жер иеленушілік жене жер пайдалану жер peнтасының үш турін туғызады. Абсолюпік рента жерге монополиялық иелікке жене ауыл шаруашылық капиталының органикалық құрылымымен тусіндіріледі. Дифференциалдық рента І жердің табиғи өнімділігі жене орналасу тиімділігіне байланысты. Ал дифференциалды рента 2 жердің өнімділігін арттыруға жvмсалған қосымша еңбектің нәтижесі. Жерді экономикалық бағалауда алғашқы екеуі есептелуі тиіс.

Рента турлерін бұлай бөлу тек экономикалық теорияда қолданылады. Ал іс жузінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес, олар бір-бірімен байланысты, тек қана біртұтас есептеледі.

Екі жер белімшелерін салыстырып тек қана дифференциалдық рентаны анықтаймыз дейтін болсақ. Нашар жердің рентасы нөлге тең деп алуымыз керек, яғни ондай жерді экономикалық бағалауға болмайды. Ал іс жузінде барлық жер, Oның ішінде eң нашар жер, бағалануы тиіс. Нашар жер пайдалануға (жалға) берілгенде дәл жақсы жер сияқты одан алынатын табысқа байланысты бағаланады.

2. Жер ресурстарын ұзаќ мерзімдік экономикалыќ бағалағанда мынандай ерекшеліктер ескеріледі:

1) топырақ құнарлылығы - жердің өнімділігі ќалпына келеді. Жерді тиімді пайдалансақ, одан ұдайы өнім алуға болады. Сондай-ақ өнімділікті арттыруға болады;

2) жер ауданы, әсіресе ќұнарлы, қолайлы жер ауданы әрқашан шектеулі, қажеттілікке қарай өзгертуге (ұлғайтуға) болмайды;

3) жер негізгі өндіріс ќұралы және өмір сүру ортасы, жердегі тіршіліктің негізі;

4) жер иеленушілік жер қатынастарын және соған сәйкес жер рентасын бөлісуді туғызады.

Жердің экономикалық бағалануынан оны қалпына келтіру ќ±нын және сатылу бағасын ажырата білуіміз керек. Алғашқысы рента негізінде анықталады, жерді қалпына келтіру ќ±ны ж±мсалған шығындарға сәйкес анықталады және нақты шығын ж±мсалуы шарт емес, потенциалды шығындар есептеледі. Жердің сатылу бағасы нарыќ жағдайында анықталады.

Жердің экономикалық бағалануы оның өнімділігіне байланысты, бірақ абсолютті шамада емес. Жердің өнімділігі өзгермеген жағдайдың өзінде алынатын өнімдердің ќ±ндылығы (бағасы) өзгерсе экономикалық бағалауы да өзгереді.

Топырақтың құнарлығын жаңғырту, қосымша жұмсауды қажет етеді. Бұл жағдайда қосымша еңбек жаңа өнім бермейді, тек өнімді алуға экономикалық жағдай туғызады. Сонымен жердің құнарлығының қалпына келу мүмкіндігі оны жаңғырту шығындарын жұмсауды туғызады. Көп жағдайда қалпына келтіру деп – табиғат ресурсының, нақты заттың пайдалануы емес, оның өнімділігін ұғынамыз. Қосымша еңбек жұмсау арқылы жердің өнімділігі – құндылығы арттырылады. Сондықтан оның қосымша құндылығы оған жұмсалған еңбек арқылы көрініс табады. Бұл тұрғыдан нақты еңбектің болған – болмағаны шарт емес, потенциалды еңбектің экономикалық тиімділігі көзделеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Дифференциалдық рентаны анықтау өдістерін

  2. Жердің өнімділігі өзгермеген жағдайдың өзінде алынатын өнімдердің ќ±ндылығы өзгерсе экономикалық бағалауы қалай өзгереді?



10 - тақырып. Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану

Жоспар:

  1. Судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы

  2. Суды қорғау және тиімді пайдалану шаралары

Лекция мақсаты: Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша шараларды топтастырып қарастыру.

Лекция мәтіні.

1. Су қоры ұлтық байлық болып табылады. Сондықтан қатан есепке алынады. Суды пайдалану қарқыны артуымен байланысты олардың сапалық өзгерістері зерттеліп, қорғау шаралары, жер бетіндегі, жер астындағы суларды ластамау шаралары белгіленіп жүзеге асырылуда.

Су қорын тиімді пайдалану үшін су шаруашылық кешендерін ұдайы үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Су шаруашылық комплексіне: сумен жабдықтау, суды бөлу, гидроэнергетика, су транспорты, суландыру, құрғату, балық шаруашылығы, ағаш тасымалдау, денсаулық сақтау, туризм және т.б. жатады.

Суды ең көп пайдаланушы ауыл шаруашылығы болып табылады. Халық шаруашылығында пайдаланған барлық судың 70-75%-іне дейін ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Суармалы егіншілікте суды дұрыс пайдаланбағанда су айналымының табиғи процесі бұзылады және судың сапасы нашарлайды: тұздылығы артады, тыңайтқыштар, пестицидтер араласады. Қазіргі суғару жүйелерінің пайдалы коэффициенттері 0,5-0,7-ден аспайды. Судың көп бөлігі каналдарда, арықтарда жоғалтылады, буланады. Суды су көзінен алғаннан бастап тұтынушыға жеткізгенге дейін оның 62%-і ысырап болады екен.

Ақаба суларды тазартып егіншілікте қайта пайдалану да біраз су үнемдеуге мүмкіншілік береді. Бірақ, оның қазіргі деңгейі әлі мардымсыз.

Коммуналдық шаруашылықта да су үнемдеудің өте көп мүмкіншіліктері пайдаланылмай келеді. Мұнда ауыз судан басқасын қайтарымды сумен ауыстыру, судың ысырабына жол бермеу, түтынуға берілген суды есептеп, бақылап отыру шаралары жүзеге асырылуы тиіс.

2. Су қорын қорғау және тиімді пайдалану шаралары масштабы және техникалық шешімдері бойынша әр түрлі, оның барлығы кешенді шараларды жүзеге асыруды талап етеді. Суды қорғау жөнінде 4 кешенді шараларды атауға болады:


  1. Озық технологиялар қолдану арқылы су тұтынуды шұғыл азайтатын, лас суларды төгуді қысқартатын айналмалы және тұйық су жүйелерін пайдалану.

  2. Ластанған ақаба суларды тазарту шаралары,оларды ауыл шаруашылық және техникалық мақсаттарда пайдалану, арнаулы қоймалар, тазартқыштар салу және т.б.

  3. Су көздерінің санитарлық тазалығын қорғау, арттыру, арнаулы биологиялык, өңдеулерден өткізу.

  4. Суға зиянды әсерлерді азайту, шектеу шаралары. Су жағасына орналасқан өндірістерді азайту, оларды тәртіпке келтіру.

Бұл шараларды тікелей су пайдаланушылар мен сумен қамтамасыз етушілер жүргізуі мүмкін. Олар жергілікті, аймақтық, республикалық, мемлекетаралық, тіпті халықаралық болуы мүмкін. Соған қарап әр түрлі деңгейде су қорғау бағдарламалары жасалып жүзеге асырылады.

Су қорғау шараларының әлеуметтік маңыздылығы халықтың қажетін сапалы сумен қамтамасыз ету және су пайдалануға байланысты қолайлы жағдайлар, жан рахатын туғызу. Су пайдаланушылардың осындай қалыпты жағдайын біртіндеп қалыптастыру үшін мүмкіндіктерді ескеріп, экономикалық механизмдерді пайдалану керек.

Айта кететін жағдай, шаруашылық әрекеттерінің су ресурстарына әсері артқан сайын суға байланысты технологияларға көзқарас, оларды бағалау өзгеріп отырады. Бұл түрғыдан ең озық технология "сусыз" суды аз қолданатын, су көздерін ластамайтын технология болады. Өнеркәсіпте су үнемдеу мүмкіндіктері өте зор. Мысалы, қара металлургияда, химия өнеркәсібінде су пайдалануды ондаған есе азайтатын технологиялар қолданыла бастады. Целлюлозақағаз өнеркәсібіндө лас суды төгуді тоқтататын технология өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерін күрт жақсартады.

Су көп қолданылатын өндіріс салаларында суды үнемдеудің тағы бір болашағы зор бағыты - салқындату процестерінде судың орнына ауаны пайдалану. Мүндай жағдайда таза суды қолдану, ластанған суды төгу азаюмен қатар, өндіріс шығындары кемиді,

Суды тиімді пайдаланудың келесі маңызды бағыты - айналымды су жүйесін қолдану. Ондай жүйө қазір мүнай-химия, қара және түсті металлургия кәсіпо-рындарында қолданылады. Соңғы мәліметтер бойынша елімізде өнеркәсіпте пайдаланылған судың 61%-і айналымды қолданылады. Айналымды су жүйесінде таза су ысыраптың орнын толтыруға ғана алынады. Сонымен қатар техникалық сумен жабдықтауда әлі күнге дейін үнемсіз ашық және кезекті су жүйелері қолданылып келеді. Болашақта нағыз үнемді -тұйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Оның айналымды су жүйесінен артықшылығы - мүнда су ысырабы болмайды және таза сумен үнемі толықтырылып отырмайды.

Айналымды су жүйесі ашық және кезекті жүйелерге қарағанда техникалық су түтынуды 20-30 рет азайтады, бірақ лас су төгуді, таза сумен толықтыруды мүлдем тоқтатпайды. Бүл түрғыдан ең тиімдісі түйық су жүйесі. Ол су үнемдеумен қатар басқа су қорғау экологиялық мәселелерін шешеді. Әсіресе суға тапшы аймақтарда өнеркәсіпте тұйық су жүйесі қолданылуы тиіс. Түйық су жүйесін қолданудың біраз техникалық, технологиялық қиындықтары бар екенін айта кеткен жөн және едәуір қаржы жұмсауды талап етеді. Сондықтан экономикалық тиімділігі болғанда және техникалық тұрғыдан қолдану мүмкін болғанда ғана өндіріске енгізіледі.

Су қорын тиімді пайдаланудың маңызды бағыттарының бірі - су қорын ластамау. Өндірістің, коммуналдық шаруашылықтың ақаба сулары тазартудан өткеннен кейін ғана табиғи су қорына қосылуы тиіс. Ластанған суды тазалау өте қымбатқа түсетін шара. Тазалау қондырғыларының құны негізгі өндіріс қоры құнының 6-15%-іне жетеді. Соның өзінде су 90-95% органикалық қосындылардан тазартылады, ал тұздар ерітіндісінен іс жүзінде тазартылмайды. Мүндай жағдайларда судың тұздылығын қалыпты жағдайға жеткізу үшін бірнеше есе көп таза сумен араластыруға тура келеді. Сондықтан ақаба суды тазарту әдісін әлі жетілдіру қажет. Қазіргі кезде механикалық, физика-химиялық, биологиялық тазарту әдістері қолданылады. Биохимиялық тазарту әдісінің болашағы зор. Сатылап тазарту арқылы суды тазарту дәрежесін арттыруға болады.

Суды қорғау, үнемдеу, тазарту шаралары кешенді жүргізілгенде нәтижелі болады. Мүндай жағдайда тек қана су үнемделіп немесе оның тазалығы қорғалып қана қоймай, суды пайдаланудың халыққа қолайлылығы, оның денсаулығына пайдалылығы арттырылады.

Суды қорғау, тазарту, үнемдеу, тиімді пайдалану шаралары аса көп қаржы талап етеді. Бірақ су қорының ластануынан ысырап болуынан келетін шығындарды есептейтін болсақ, суды қорғау шараларының тиімді екенін байқаймыз және судың ластануынан болған зиянды жоюдын алдан оның алдын алып болдырмау шаралары анағұрлым тиімді болады. Сондықтан су қорының нашарлауын күтпей, су қорғау шараларын пәрменді жүргізуге тиіспіз. Суды қорғау шараларының көпшілігі суды бағалау, жұмсалатын шығындарды есептеу, тиімділігін анықтау сияқты экономикалық есептеулерге байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Суды қорғау жөнінде кешенді шаралар

2. Су қорын тиімді пайдаланудың маңызды бағыттары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет