Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық


- тақырып. Су көздерінің ластану факторлары және ластануды болдырмау шаралары



бет6/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.39 Mb.
#133196
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
13 - тақырып. Су көздерінің ластану факторлары және ластануды болдырмау шаралары

Жоспар:

  1. Судың ластануынан болатын экономикалық зиянды анықтау

  2. Су қорғау шараларының экономикалық тиімділігін есептеу

Лекция мақсаты: Рентаны анықтаудың басты принциптерінің негіздерін қарастыру

Лекция мәтіні.

1. Табиғат ресурстарын рентамен бағалаудың басқа әдістерге қарағанда артықшылығы бары даусыз. Ренталық қағидаға сәйкес тиімнің екі категориясы ажыратылады: дифферөнциалдық тиім және ренталық тиім. Дифференциалдық тиім халық шаруашылығының кез келген саласында пайда болуы мүмкін. Ол ғылыми-техникалық жетістікті қолдану және еңбекті жақсы ұйымдастыру нәтижесінде еңбек тиімділігін арттыру арқылы дербес шығынды қоғамдық қажетті шығыннан азайтқандағы үнемді көрсетеді. Ондай тиімділік басқа кәсіпорныдарда осындай жаңалықтар қолданғанға дейін ғана сақталады да, одан кейін жоғалады. Сондықтан мүндай тиім түрақсыз әрі рентаға айнала алмайды.

Табиғат ресурстарын пайдаланумен байланысты дифференциалдық тиім олардың сапасымен және шектеулілігімен байланысты әрбір кәсіпорындарында теңесе алмайды. К.Маркс: «Дифференциалды тиімдер ауыл шаруашылығында топырақ сапасына байланысты тұрақты, кем дегенде бірнеше жылдық ұзақ мерзімде тұрақты болады» деген болатын. Табиғат пайдалану салаларының өзінде кез келген дифференциалды тиім рентаға айналмайды. Оны су ресурстарын пайдалануға байланысты алуға болатын тиімнен байқауға болады. Мұнда әсіресе өзен жүйелерінде көптеген факторларға байланысты тиімдер өте үлкен шамада ауықиды. Мысалы, өзеннің суы мол жылы көбірек тиім алуға болады. Бірақ ол рента емес, рента табиғи факторға байланысты тұрақты болады. Былайша айтқанда, судың сапасына байланысты тұрақты тиім алынбай, ол тұрақсыз жылдық немесе маусымдық сипатта болса онда тиімді рента деуге болмайды. Мысалы, күріш алқаптарын суғаруға пайдаланылатын су қоймасын алайық. Гидрологиялық жағдайға байланысты су көлемі сәйкес суды пайдалану әр жылда әр түрлі болады.

1 га суармалы егістікке шаққанда, орташа жылдық дифференциалды тиім 300 теңге. Осы шамадағы тиім ғана рентаны көрсетеді. Одан артық тиім рента емес, тек су мол жылдары алынған қосымша табыс ғана.

Су аз жылдағы дифференциалды тиім 100 теңге. Осы шаманы судың судың құндылығының төменгі шамасына теңестіруге болады және ренталық төлемдерді белгілеуге негіз болады. Су тұтынушы салаларда едәуір орын алатын кездейсоқ факторларды осылай көп жылдық шамаларды салыстыру арқылы дифференциалдық табыстың өзгерісін қарастыруға болады.

2. Рентаны есептеу өте маңызды теориялық және әдістемелік мәселе болып табылады. Рентаны анықтаудың басты принципі нақты ресурсты пайдаланғанда алуға болатын халық шаруашылығына ең жоғары тиімді анықтағыш болуға тиіс. Осыған байланысты су пайдаланудың рационалды режимін қамтамасыз ететін, су тұтынуды азайтатын, табиғат ресурстарын ең тиімді пайдалану бағыттары қарастырылуы керек. Бұл мәселе тек табиғат пайдалану саласымен ғана шектеліп қалмайды. Ол салааралық сипатта және барлық салаларда үйлесімді іс-әрекеттерді талап етеді.

Суды көп пайдаланатын өндірістерді сусыз технологияға ауыстыру үшін оның барлық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі салыстыру қажет. Мысалы, қара ме-таллургия кәсіпорнын алсақ, мұнда таяу жылдарға дейін суды өте көп пайдаланып келді. Сусыз технологияны қолдана бастағаннан кейін, суды істету бірнеше есе азайды. Бірақ оның есесіне өндірістің басқа шығындары артты. Сондықтан барлық шығынның ең аз шамасына сәйкес келетін су тұтыну шамасын анықтау қажеттілігі туындайды.

Егер бұл салада бұрын 1 т шойын алу үшін өзіндік құны 15 тиын тұратын 200 м3 су пайдаланылды, суға кететін шығынды есептемегенде 1 т шойынға жүмсалатын шығын 90 теңге болды дөсек, жаңа технология бойынша су тұтыну 10 м3-ге дейін кеміді, бірақ 1 т шойын қорытуға жұмсалатын шығын 100 теңгеге жетті. Су пайдаланудың оптималдық варианты жалпы тиімнің ең жоғары шамасын есептеу арқылы әйгіленеді.


Эс =(Zc+ Сс W) - (Zm+CcWn), max
мұнда: Э-сусыз технологияны қолданудан алынатын экономикалық тиім;

Zc, Zm - бұрынғы және жаңа технологиялар бойынша 1 т шойынға жүмсалатын шығын

(суға шығынды есептөлмегенде);

Сс - судың өзіндік құны;

W, Wm - жаңа технология қолданғанға дейін және одан кейін суды тұтыну көлемі.

Сандық мәндерін формулаға келтірсек, мынандай нәтиже шығады:


Эс = (90 + 0,15 * 200) - (100 + 0,15 * 10) = 18,5 теңге
Жаңа технологияны қолдану су тұтыну шамасын 20 есе қысқартады және 1 т қорытылған шойынға шаққанда 18,5 теңге тиім береді. Бірақ мұнымен шектеліп қалмай, ең жоғары тиім беретін су түтыну шамасын анықтауымыз керек.

Сумөн жабдықтау технологиясын өзгерту арқылы 1 т шойынға 5 м3 жұмсауға қол жеткіздік делік. Бірақ бұл шойын қорыту шығындарын едәуір өсіріп, 125 теңгеге жеткізді. Бұл жағдайдағы тиімді есептесек,

Эс = (90 + 0,15 *200) - (725 + 0,15 * 5) = -5,75 теңге

бурынғы технологияға қарағанда жалпы шығынның 5,75 теңгеге өскенін көреміз, яғни су пайдалану шамасын 1 т шойынға 5 м3-ге дейін жеткізу кәсіпо-рынға тиімсіз. Есептеу ең жоғары тиім әр тонна шойынға 10 м3 су қолданғанда болады. Осындай есептеулер нәтижесінде су тұтынудың оптималдық режимін анықтайды. Сол бойынша судың шаруашылық балансы жасалады. Мұндай баланстар негізінде суды тек қана су көздерінде ғана емес тұтынушыларда да бағалауға болады.

Бірақ бір ескеретін жағдай экономикалық бағалау нақты нәтижеге емес потенциалды мүмкін нәтижелерге сүйеніп жүргізілгені дұрыс. Сонда ғана барлық тиімді мүмкіндікті ескеруге болады. Әрі су тутынудың барлық балама варианттары қарастырылады. Өйткені су тұтынудың бір ерекшелігі - ол бірнеше су тутынушының алуан түрлі қажетін өтеуі мүмкін.

Мысалы, су көзінен тәулігіне 10 000 м3 су алынып, оны төрт кәсіпорын тутынады делік. Біріншісі - 3500 м3, екіншісі - 4000 м3, үшіншісі - 2500 м3, төртіншісі -2000 м3, 1 м3 суға шаққанда әр кәсіпорында алынатын тиімдер 40, 35, 25, 15 тиын. Сумен қамтамасыз ету шығыны 1 м3-ге 10 тиын. Бірінші кезекте суды ең жоғары тиім алынатын кәсіпорынға беру керек делік. Сонда барлық су алғашқы үш кәсіпорынға беріледі. Төртінші кәсіпорында да су пайдалану тиімді болғанымен, оған су жетпейді. Сондықтан су пайдаланудың ең төменгі тиімі үшінші кәсіпорындағы тиімге сәйкес келеді және оны ең шеткі тиім деп қабылдаймыз. Су тапшылығына байланысты осы тиімнен төмен тиіммен су түтынылуға тиіс емес деп есептейміз.

Шеткі тиім шеткі шығынға сәйкес дейтін болсақ, рентаны, шеткі тиімді әрбір су пайдаланушылардың тиімін салыстырып анықтауымызға болады. Бірінші кәсіпорында 1 м3суға рента 15 тиын, екіншісінде - 10 тиын. Жылдық рента 925 теңге.

Судың су кезіндегі ренталық бағасын шеткі тиім мен сумен қамтамасыз ету шығынын салыстырып анықтасақ (25-10)=15 тиын болады (10000*0,15 = 1500 теңге),

Енді су көзінде ресурс 7500 м3-ге дейін азайды десек, оны алғашқы кәсіпорын ғана пайдалана алады және шеткі тиім 35 тиын болады.

Судың ренталық бағасы тапшылығына байланысты 1500 теңгеден 1875 теңгеге өседі. Бірақ су тұтынушылар алатын рента азаяды, оны тек бірінші кәспорын ғана алады (40-35)-3500 = 17500 теңге. Су ресурсы 2000 м3 артса, төртінші кәсіпорында сумен қамтамасыз етіледі. Шеткі тиім 15 тиынға дейін төмендейді. Ренталық бағапау (1200*0,05) = 600 теңге. Тұтынушылар алатын рента артады, оны 1, 2, 3 кәсіпорында алады. 875+800+200-1875 теңге. Бірақ ренталық бағалау мен су ресурсының көлемінің арасындағы мұндай байланыс әрқашан біркелкі емес. Сондықтан диффернциалды экономикалық бағалау суды тиімді пайдаланудың барлық бағытын қамтитын су шаруашылық баланстарының негізінде жүзеге асырылады. Баланстар нақты су шаруашылық аудандары, су жүйесінің бөлімдері бойынша жасалады. Баланс бойынша суға шеткі шығын және әрбір су көздеріндегі дербес болады.

Су ресурстарын экономикалық бағалағанда уақыт факторы да ескерілуі тиіс. Мысалы: су тұтынушыларды қамтамасыз ететін 1 млн. текше метр жер асты суы бар. 10 жылдан кейін басқа екі су көздерінен каналмен су әкелінеді. Сондықтан қазіргі бар суды 10 жылға жететіндей етіп тұтынушыларға бөлу керек.
Бақылау сұрақтары:


  1. Рентаны анықтаудың басты принципі

  2. Су пайдалану есептеудің оптималдық варианты


14 - тақырып. Қазақстанның биологиялық ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану мәселелері

Жоспар :

  1. Қазақстан ормандарының халық шаруашылығындағы маңызы

  2. Орманның табиғат қорғау құндылығын бағалау

Лекция мақсаты: Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселелерін қарастыру

Леция мәтіні.

1. Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі – орман болып табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы өттегі мен көмір қышқыл газ балансын қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады Салыстырмалы түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады. Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқынды жапырақтар – 5 кг, ал арша тектестер – 30 кг-нан астам. Орманда ауру тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен салыстырғанда орманда мұндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей. Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.

Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын) болдырмайды. Орман жердің көркі, жаннаң саясы. Орман су көздерін қорғау қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын - жел эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.

Орман халық шаруашылығына қажетті қүнды материал - ағаш береді. Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс-жидек, саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан қунды шырын, шайыр алынады. Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.

Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап - 9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш даярланады, ал есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3-ге жетеді.

Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.

Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шетелдерден (көпш-лігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.

2. Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе қунды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан ормән қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жүмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.

Екінші мәселе - ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын уқыпты жургізу керек. Бүл жүмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нүқсан келтірмеуі қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының құрамына, жасына байланысты белгіленеді. Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда құнды ағаштардың сақталуы, құнды ағаштар кесіліп және оның орнын басқа қүндылығы төмен ағаштар баспауы қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін техника, технологиялар қолданылуы керек.

Үшінші мәселе - орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. онда тек қана күтіп-баптау, сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бүл топтағы ормандар негізінен экологиялық қызметтер атқарады.

Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бүтақтарын, түбірін, қабығын,қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз құндылығы төмен ағаштарды пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бүйымдар, өнімдер (целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жа-санды талшық пластмасса, жем, спирт, дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.

Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті ағашты кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын кешенді пайдалануды қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық қызметтер үшін сақталады.

Орман қоры өздігінен қалпына келетін табиғат ресурсы болса да, оны пайдалану қарқыны артып отыруына байланысты орман қорын өсіруге қорғауға, еңбек жұмсауға тура келеді. Сондықтан орман халық шаруашылық зерзатына айналды. Осыған сәйкес орман шаруашылығына жұмсалған барлық шығындар, еңбектің нәтижесі, тиімділігі есептелуге тиіс. Орман қорын тиімді пайдалану, қорғау экономикасы орманды өсіру құнын қорғау шығындарының тиімділігін анықтауды талап етеді. Орман шаруашылығы өндірістің жеке саласы ретінде өзін-өзі қаржыландырады, шаруашылық есеп жүргізеді.

Таяу уақыттарға дейін орман қорын экономикалық бағалау тежеліп келді. Бүған себеп, бір жағынан ор-ман рентасын мойындамау, екінші жағынан табиғатта өздігінен өскен ағашқа еңбек жумсалмағанда оның қүны жоқ деп есептеліп келді. Соның нәтижесінде өсіп түрған ағаштың, орманның бағасы жоқ, бірақ жеке ағаш кесуге берілгенде бағасы (таксасы) бар.

Орман ағаштарымен қатар, қүндылық түдыратын орман қорының жері де бағалануы тиіс. Қысқаша айтқанда орман қорын бағалау қажеттігі мынандай жағдайлардан туындайды:


  • орман қоры үлттық байлық;

  • орман шаруашылығы материалдық өндірістің жеке саласы. Онда орман өсіру, қорғау жүмыстары жүргізіледі. Орман өнімдері басқа халық шаруашылық салаларына пайдалануға тауар қатынасы бойынша беріледі;

  • орман жерлерінің сапасына, орналасу аймағына байланысты оның өнімділігі де әр түрлі;

• орман шаруашылық шығындары соның нәтижесінде алынған өнімдер арқылы толығымен қайтарылуы тиіс және дифференциалдық рента табиғат байлығының иесіне тиесілі болу керек;

орман қорын өсіруді, қорғауды және тиімді пайдалануды экономикалық ынталандыру қажет және орман қорын бүлдірушілер, ысырап етушілер, оған зиян келтірушілер материалдық жауапкершілікке тартылады.

Орман ағаштарын экономикалық бағалау, оған такса белгілеу басқа табиғат байлықтарын бағалаудан бүрын басталды. Орманды экономикалық бағалағанда әрқашан орман жері ондағы ағаш қоры бөлек бағаланды. Кез келген бағалау, оның ішінде эконо-микалық бағалау шығындар мен нәтижелерді салыс тыру арқылы жүргізіледі. Осы нысандардың негізінде экономикалық бағалаудың бірнеше әдістері белгілі болды.

1. Орташа алынатын табыс бойынша, оның ішінде: а) таза табыспен немесе;

б) жалпы табыс мөлшерімен.

2. Нақты табыс мөлшерімен; оның ішінде: а) аймақтағы сұранысты есепке алып; б) дайындалған ағаш санына қарай.

3. Орман шаруашылық табысын ауыл шаруашылық табыспен салыстырып бағалау.

Орман қорын экономикалық бағалау оның бірнеше ерекшеліктерін ескеруі тиіс.

Орманның негізгі ресурсы ағаштарды өсіруге, қорғауға шығындар жұмсалатын мезгіл мен оның нәтижесін алатын уақыт бір-бірінен алшақ, ауыл шаруашылығында өнімді жылда алуға болады, ал орман шаруашылығында жеке ағаштың өсіп жетілуін көп жыл тосуға тура келеді.

Орман жер бетінде бір қалыпты тегіс орналаспаған. Орманды жердің өзінде ағаш өнімділігі әр түрлі, оған қоса ағаштың тұтынуға қажетті сапасы да әр түрлі болады.

Орман қорын экономикалық бағалау оның потенциалды өнімділігіне сүйенуі тиіс. Кадастрлық жас ағаш түріне, ағаш өсетін аймақтың жағдайына байланысты болады. Бір түр ағаштың өзі әр түрлі аймақта әр түрлі мерзімде өсіп жетіледі. Сондықтан орман қорын орман шаруашылық аймақтары бойынша бағалаған дәлірек болады.

Орман қорын тек қана шикізаттық табиғат ресурсы - ағаш қоры ретінде бағалау жеткіліксіз, оның табиғат қорғау қызметі де бағалануы тиіс. Орманның осы негізгі екі қызметі бір-бірімен тығыз байланысты. Орманда ағаш қоры көп болса, оның экологиялық мүмкіншілігі де мол. Сондықтан орманның осы екі қасиеті біртұтас әдістемелік негізде бағалануы тиіс. Бірақ мүның бір қиыншылығы ағаш қорына байла-нысты орманның экономикалық тиімін нақты есептеуге болатын болса, оның экологиялық қүндылығы дәл өлшеуге келмейді.

Аталған ерекшеліктер орман қорын ренталық қағиданың негізінде экономикалық бағалауға мүмкін екенін көрсетеді. Шығын мен нәтиженің уақыт алшақтығын оны ескеретін ерекше дисконттау тәсілімен есептейді.

Орман қорының экономикалық бағасы деп оны тиімді, кешенді пайдаланғандағы алынатын барлық потенциалды экономикалық, экологиялық, әлеуметтік тиімдерді яғни орманның халық шаруашылық құнды-лығының ақшалай өлшемі деп ұғамыз. Орман қоры ретінде ондағы ағаш қоры, орман жері, қосымша және жанама өнімдер, орманның экологиялық қыз-меттері бағаланады.

Орман ағаш қорының экономикалық бағалануы:

Rд=Mara/(1+E)T-t


мұнда: Ма - кесімге жарамды ағаш қоры;

rа - 1м3 кесілген ағаштан алынатын жылдық рента;

Т- ағаштың кесімге жарамды жасы; t - ағаш қорын бағалау жасы.

Негізгі кесімге дейін санитарлық тазарту, күтіп-баптау, сирету көсімдері жүргізіледі, осы мақсаттарда кесілген ағаштар да экономикалық бағалауға қосылады.

Орман жерін бағапағанда, оны тиімді пайдапан-ғанда үздіксіз өнім алуға болатыны ескеріледі. Сон-дықтан негізгі кесімдер бойынша орман жерінің эко-номикалық бағалануы:

мұнда: Мь - 1 га орман жеріндегі жылдық ағаш өсімі;

rь- 1 га орман жерінен алынатын рента.

Егер бағаланатын орман алқабынан жылма-жыл бірдей ағаш дайындауға болады десек, ол жерді формуласымен бағалауға болар еді.

Мұнда R -1 га алқаптан шексіз алынатын тұрақты жылдық рен-та. Бірақ орман жері рентаны бірнеше жылдан кейін ағаштары кесімге жарамды боғланда ғана бере бас-тайды. Сондықтан жоғарыдағы формула қолданыла-ды. Оны қолдану шарттары:

1)орман жері ағашы пісіп жетілгенше пайдала-нылмайды;

2) жылдық ренталар тең;

3)уақыт факторын есептейтін дисконттау коэф-фициенті тұрақты.

Орман қорын жанама пайдаланудың кәсіптік ма-ңызы болғанда ол бағалауға қатыстырылады.

мұнда: V, - жанама пайдаланудан алынатын;



  1. өнім шамасы;

ri - өнімнің бір өлшемінен рентапық тиім.

Кейбір қосалқы орман өнімдері, мысалы ағаш шайыры, аралығында 5-10 жыл салып (ағашты сауықтыру үшін) дайындалады, сондықтан:


Rзu=
мұнда t, - бағалаудың алдындағы шайыр дайын-далған жыл.

Орман қорының жалпы жиынтық бағасы осы бағалаулардың қосындысы болады. Бірақ іс жүзінде орман ағаштары және орман жері бағаланады.

Жалпы орман қорын бағалағанда мәліметтер толық болмағандықтан экологиялық қызметін бағалау оған қосылмайды. Тек қана арнаулы экологиялық қызмет атқаратын ормандар осы қызметіне сәйкес бағаланады және мүндай бағалаулар орманды пайдалану бағытын өзгерткенде оның тиімді немесе тиімсіз екенін дәлелдеу үшін қажет болады. Орманның экологиялық қызметі таксациялық бөлімдер бойынша емес, тұтас бағаланады.

Орманның егіс алқаптарын қорғау қызметін бағалау қорғалатын жерден алынатын қосымша рента бойынша анықталады:




мұнда: V, - i дақылдың қозғалатын алқапта өнімділігінің артуы, ц/га;

Si - дақыл егілген жер ауданы, га;

Zi - i дақылдың кадастрлық бағасы тг/ц;

Сi - көлтірілген шығын, тг/ц;

Sл - орман жерінің ауданы, га;

Е = 0,02.

Орманның эрозияға қарсы қызметін болдырмаған шығын шамасымен анықтауға болады.

мұнда: Rj - j дәрежесінде шайылған жердің кадастрлық бағасы, тг/га;

Sj - jдәрежесінде шайылған жер ауданы ор-мандылығы нақты бағаланатын шамада, га;

Sj - сондай жер ормандылығы нөлге тең шамада, га;

SЛ - орман аумағы, га.

Кейбір қосалқы орман әнімдері, мысалы ағаш шайыры, аралығына 5-10 жыл салып (ағашты сауық-тыру үшін) дайындалады, сондықтан:

Ауыл шаруашылық жерлерінің кадастрлық бағасы болмаған жағдайда:
Rn3=
Шартты белгілері жоғарыдағы формулаларға сәйкес.

Орманның су қорын қалыптастыру қызметі су қорының құндылығының артуымен бағаланады. .



мұнда: С2 - топырақтың ылғалдылығының артуы,м3/га;

Z.- суға аймақтағы шеткі шығын, тг/м3;

S - су қоры қорғалатын жердің ормандылығы, есептелген сандармен берілөді.

Орманның сауықтыру рекреациялық қызметі сон-дай ормандағы шеткі шығын мен дөрбес шығынның айырмасы арқылы бағаланады

мұнда: Сп - шеткі шығындық орман бөлігіндегі орман шаруашылық шығын (орман шаруашылық шеткі шығын), тг/га;

Сi- бағаланатын орман бөлігіндегі орман шаруашылық келтірілген шығын, тг/га;

Рi - сауықтыру орманын жылдық пайдалану шамасы (мысалы, бір мерзімде дема-латын адамдар саны, адам/сағат 1 га есептегенде).

Осылай орманның әр түрлі экологиялық қызмет-терін қажет болғанда осы қызметтерінің қүндылығын сипаттайтын көрсеткіштерді қолданып бағалауға бо-лады. Орманның нақты көрсеткіштермен сипаттауға келмейтін әлеуметтік қүндылықтары да жеткілікті. Сонымен қатар, мұндай бағалаулар дәл өлшемдөрдің болмауынан біршама шартты бағалау екенін түсі-нуіміз керек.

Орманды қалпына келтіру (өсіру, жаңғырту) қүнын анықтаудың өзіндік ерекшелігі бар. Ол шығындық қағида негізінде есептеледі. Біріншіден, орман өнімі-нің ең бастысы ағаштың пайдалану жасына жеткен қоры немесе ағаш қорын оның пісіп жетілу жыл-дарына болу арқылы аңықталатын жылдық қорының артуының құны есептеледі. Екіншіден, бағалау зер-заты орман жері және оған қоса ондағы ағаш қоры болып табылады. Сондықтан 1 га орманды жерді қалпына келтіру қүны (Эл).

Эл = Эз + Эд жердің қүны мен ағаш қоры құнының қосындысы болады.

Ауыл шаруашылық жерлерін қалпына келтіру қүнын анықтау формуласына сәйкес орман жерін қалпына келтіру құны:



мұнда: Сн, Си- 1 м3 тақтайдың халық шаруашылық (нормалы) және дербес өзіндік құны. Орманды ағаш дайындау мақса-тында пайдаланғанда эквивалент тауар ретінде тақтай алынған. Басқа өнімдер арнайы коэффициенттер-мен тақтай өлшеміне келтіріледі;

Пр- 1 га орманды ағаштың жылдық өсімі;

Еа - тиімділік коэффициенті (қабылдан-ған тұрақты шама).


Ағаш қорын қалпына келтіру құны:
Эд=EaCn2З/Сн
мұнда 3 - 1 га орманды жердегі орташа ағаш қоры


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет