Тақырыбы: Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл-қозғалыстар.
(1 сағат)
Жоспары:
1.Фототропизм.
2.Геотропизм.
3.Хемотропизм.
4.Травмотропизм.
5.Электротропизм.
Қолданылған әдебиеттер:
а) негізгі
1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г
2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.
3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж
4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.
5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.
6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.
7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.
8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.
9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.
10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г
11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.
б). қосымша:
12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.
13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.
2000 г.
14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.
15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.
Лекция мақсаты: Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл-қозғалыстар мен таныстыру.
Лекция мәтіні: Жер бетінде өсетін өсімдіктер өздерінің өте күрделі тереңдеп, жайылып өсетін тамыр жүйесімен топыраққа мықты бекініп , терең орналасады .Сондықтан , сырттай қарағанда тұтас өсімдік организмінің жылжу қабілеті жоқ деуге болады. Дегенмен, өсімдіктерде өсуіне байланысты толып жатқан қимыл-қозғалыстар өте көп кездеседі . Солардың ішінде тропизмдер (грекше tropos -бұрылу)деп аталатын түрі көбірек орын алады. Тропикалық реакциялар (қимылдар -бұрылулар) өсіп тұрған мүшелердің тітіркендіргіштердің (жарық, жердің магниттік тартыс күші,т.б. )бір жақты әсерінен өсуін өзгертуіне байланысты .
Фототропизм. Жарықтың бір жақты әсерінен өскіндер, сабақтар , бұтақтар жарық түскен бағытқа қарап иіліп өседі . Бұл құбылыс фототропизм деп аталады. Мысалы, бөлмелерде терезе алдында өсірілген өсімдіктердің жарық түсетін жаққа бағытталып иіліп өсуі оң фототропизмге жатады. Дорзовентральды құрылымды (лат dorsum-арқасы,ventrum-іші), яғни іш жағы және сырт жағы деп бөлуге болатын мүшелерге диафототропизм тән.
Бұл жағдайда жапырақ алақандары күн сәулесіне көлбеу (перпендикуляр) орналасады. Білік мүшелерде оң немесе теріс фототропизм байқалады. Көптеген өісдік тамырларының өсуін теріс фототропизмге жатқызады. Фототропикалық иілулер өсімдіктің немесе мүшесінің жарыққа қараған жағы мен одан қарсы бағыттағы жағының өсу қарқындылығының айырмашылығына байланысты. Мүшелердің жарық бағытына қарай иілуі көлеңке жағының созылып өсуінің қарқындылығынан байқалады.
Жапырақтардың фототропикалық реакцияларының маңызы өте күшті. Себебі, олар осы қабілеттілігіне байланысты, қаншалықты көп болса да, бірін-бір көлеңкелемейтіндей болып, “күн сәулесін біркелкі пайдаланатын бағытпен ”, жапырақ нақышын пайда етіп орналасады. Фототропикалық иілу хлорофилден көрі сары пигменттерге – каротиноидтерге көбірек байланысты.
Геотропизм. Өсімдік тіршілігінің жердің тарту күшіне байланысты бағытталып өсуін геотропизм деп атайды. Олардың негізгі тамыры тік төмен қарай (оң геотропизм) өседі де негізгі сабақ (дің) жоғары қарай (теріс геотропизм) өседі.
Геотропикалық иілу де өсуге байланысты. Сабақтың төменгі жағы қарқындылау өседі. Кейде күшті нөсер жаңбырдың немесе желдің әсерінен дәнді дақылдар құлап қалады да, біраздан кейін көтеріледі. гер өсімдіктер масақтанып, гүлденген болса, сабақтың тек үш жағы көтеріледі. Тұқым ұрығының жаңа ғана қалыптасқан негізгі тамырын көлбеу жайғастырып қойса, оның ұшы төмен қарай тік өседі. Геотропизм – тарту күшін қабылдау, тітіркенуді ауыстыру және тітіркенуге жауап өскіннің иілуі деп бөлінеді. Геотропикалық құбылыста әсерленуге қажетті мезгіл 2 мин, реакция мерзімі 10-90 мин шамасында болады. Магнитті күшті қабылдау клетка мембранасына (плазмолемма немесе ЭТ) цитоплазмадағы ауыр бөліктердің – статолиттердің қысым әсеріне байланысты. Статолиттер ретінде амилопластар, хлоропластар, ГА, сондай-ақ клеткада кристалдар күйіндегі қымыздық қышқыл тұздар, карбонаттар әсер етуі мүмкін.
Хемотропизм. Өсімдік мүшелерінің химиялық қосындылардың әсерінен өсу бағыттарын өзгертуі хемотропизм деп аталады. Ол тамырда, тозаң – түтіктерінде, шықшылдақтың без түтікшелерінде, т.б. байқалады. Бұндай тітіркендіргіштерге қышқылдар және сілтілер (Н+ және ОН- иондары), минералдық тұздар және органикалық қосындылар (трофикалық), гормондар т.б. заттар жатады. Өсімдік мүшелері, бөліктері, (ұлпа клетка) тітіркендіргіш жаққа бағытталып (оң хемотропизм), немесе (теріс хемотропизм) өсуі мүмкін.Хемотропикалық қимыл газдарға да байланысты болуы мүмкін.
Тигмотропизм. Өсімдік мүшесінің басқа бір денемен жанасуына байланысты өзгеруі тигмотропизм деп аталады. Бұған өрмелеп өсетін өсімдіктер мұртшаларының , ауа тамырлар ұштарының , жапырақ , сабақтардың түрліше жанасу нәтижесінде бағытын өзгертулерін келтіруге болады.
Термотропизм. Жылықтың бір жақты әсерінен өсімдіктерде термотропизм құбылысы байқалады. Асбұршақ тамырының өсу аймағының температурасы 26 0С –тан 41 0С-ға дейін көтерілгенде тамырдың өсуіне 5 есе артатындығы (кері термотропизм ) байқалады.
Электротропизм . Өсімдік мүшесін электр алаңына орнатқанда, немесе өсімдікі арқылы электр тоғын өткізгенде электротропизм байқалады. Колеоптиль ұшынан көлденең ток (20 мк А ) 2мин өткенде оның иілгенін көруге болады. Өскіндерді эленктрлік алаңға (конденсатор қалақшыларының арасына) орнықтырып бақылау жүргізсе, өркендер оң ал , тамырлар теріс зарядты табақшаға қарай иіледі. Бірақ ол үшін өте күшті ток қолдану қажет болады.
Травмотропизм. Өз кезінде Ч.Дарвин тамырдың бір жағына уытты затпен әсер еткенде (AgNО3)оның қисайып өсетіндігін байқаған болатын.
Әдетте тамырлар зақымданған жағынан қарама-қарсы бағытқа иіліп өсседі. Мысалы, кейбір өсімдіктердің (қыша , күнбағыс,бөрібұршақ) өскіндерінен тұқым жарнақтарын толық жұлып тастап олардың қисайып өсетіндігін байқауға болады.
Жапырақ алақанының бір шетін жұлып тастағанда сағақ пен орталық жүйе жараланған бағытқа қисаяды. Жапырақтарды түгел алып тастап сабақтың гүлшелерді бір жақты бөліп тастап , өркеннің жараланған жаққа бағытталып өсетіндігін байқауға болады. Көпщілік жағдайда травмотропикалық иілу өсімдіктің (оң травмотропизм) жараланған жағына бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |