Лекция 30 сағат Лабораториялық сабақ 15 сағат СӨЖ 45 сағат обсөЖ 45 сағат Барлық сағат саны 135 сағат



жүктеу 2.89 Mb.
бет21/27
Дата17.06.2016
өлшемі2.89 Mb.
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

Лекция № 30


Тақырыбы: Өсімдіктердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділік физиологиясы.

(1 сағат)



Жоспары:

1.Төзімділік туралы жалпы ұғым.

2.Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі.

3.Топырақ тұздылығы және тұзға төзімділік туралы жалпы ұғым.

4.Ауруларға қарсы өсімдіктердің төзімділігі.

Қолданылған әдебиеттер:

а) негізгі

1.Якушкина.Н.И. Физиология растений. М. 1993г

2.Полевой.В.В. Физиология растений.М. 1991г.

3.Кенесарина.Н.Ә.Өсімдіктер физиологиясы және биохимия негіздері. Алматы, 1988ж

4.Жатқанбаев.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. 1988 ж.

5.Қалекенұлы.Ж.Өсімдіктер физиологиясы.Алматы. Қазақ университеті.1996ж.

6.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, 1996 ж.

7.Сағатов.К.С.Өсімдіктер физиологиясы. Алматы, Ғылым баспасы, 2002 ж.

8.Уалиханов.Г, Есмағұлов.Қ. Өсімдіктер биотехнологиясының негіздері. Алматы .Респ. баспа кабинеті, 1999 ж.

9.Жатқанбаев.Ж.Ж. Өсімдіктер физиологиясы және биохимиясы негіздері. Алматы 2004 ж.

10.Медведев.С.С. Физиология растений. Изд –во СПБГУ, 2004 г

11.Якушкина. Н.И, Бахтенова.Е.Ю. Физиология растений. М.Владос, 2005 г.



б). қосымша:

12.Папорков.М.А, Клинковская.Н.И. Милованова.Е.С.Учебно –опытная работа на пришкольном участке. М.1980 г.

13.Физиология и биохимия сельскохозяйственных растений (под ред. Третьякова.Н.Н).М.

2000 г.


14.Практикум по физиологии растений (под.ред. Иванова.В.Б.).М, 2001г.

15.Кенжеев.Қ. Өсімдіктер физиоллогиясының практикумы. Алматы. 1989ж.



Лекция мақсаты: Төзімділік туралы жалпы ұғым.

Лекция мәтіні: Жер шарының әр түрлі аймақтарында климаттық жағдайлар, топырақ құрылыстары мен химиялық құрамдары, жылдың жылы және салқын маусымдарының ұзақтығы мен ара-қатынасы, температура айырмашылықтары, т.б. біркелкі емес алуан түрлі болып келетіндігі белгілі.

Осыған байланысты жер бетінің әр түрлі аймақтарында өніп өсетін жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде көптеген ерекшеліктер байқалады.

Өсімдіктердің табиғатта таралуы олардың шыққан тегіне байланысты. Мысалы оңтүстік аймақтарда жылу сүйгіш қысқа күндік өсімдіктер, солтүстік аймақтарда ауа райының салқындығына бейімделген ұзақ күндік өсімдіктер тараған.Белгілі географиялық аймақтың бөлшектерінде өсімдіктің тұқым қуалаушылық қасиеттеріне байланысты ылғал сүйгіштер су қоймаларына жақын, көлеңкеге төзімділері орман шымылдықтарында өніп өседі.

Қоршаған ортаның белгілі мерзімділікпен және кездейсоқ өзгеруіне байланысты өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінде де көптеген ерекшеліктер қалыптасады. Мысалы, таулы, тегістік дала, қоңыржай, қуаңшылық- шөлейт аймақтарда, қиыр шығыс пен солтүстік аймақтарда тіршілік ететін өсімдік топтарының өздеріне тән сыртқы морфологиялық ерекшеліктерімен қатар, олардың ішкі физиологиялық, биохимиялық, яғни, зат алмасушылық процестерінде де ерекшеліктер қалыптасқан.

Сонымен өсімдіктің ішінде ортаның қолайсыз жағдайларының әсеріне біртіндеп бейімделуінің нәтижесінде төзімді және төзімсіз топтар, түрлер, өкілдер пайда болады.

Ортаның қолайсыз жағдайларында өсімдіктердің төзімділігі негігінен екі бағытта қалыптасады.: ортаның қолайсыз(күз, қыс) кезеңдерінде өсімдіктер түгелінен, немесе ішінара зат алмасу, өсіп-өну процестерін тоқтатып, тыныштық күйге ауысады; екіншіден, керісінше тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша ырықты төтеп береді.

Темперетуралық жағдайларға байланысты өсімдіктер-ыстыққа, салқындыққа, аязға төзімді және төзімсіз болып бөлінеді.

Сумен қамтамасыздыққа байланысты қуаңшылыққа, ылғал молдығына, су басуға төзімді және төзімсіз деп аталады. Қыстың қолайсыз жағдайларына байланысты қысқа төзімді, төзімсіз болып, топырақтағы тұздардың мөлшеріне байланысты тұздануға төзімді, төзімсіз болып бөлінеді.

Түрліше індетті аурулар туғызатын микроорганизмдер әрекеттеріне байланысты індет ауруларға төзімді төзімсіз, газдар әсеріне төзімді, төзімсіз өсімдіктер топтары болып ерекшеленеді.

- 2 -

Өсімдіктердің қолайсыз температуралық жағдайларына төзімділігі. Өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі.

Өсімдік организіміне жоғары температураның (ыстықтың ) әсерін зерттеу жұмыстары 19-шы ғасырдың 70-жылдарынан –ақ басталған болатын. Мысалы, Сакс (Sachs, 1864) әр түрлі өсімдіктердің өзіне тән ең жоғарғы (максимум) температуралық деңгейі болады деп көрсетті. Көптеген өсімдіктер +51 С ыстыққа 10минуттен артық төтеп бере алмайды., бірақ +49+50 С ыстыққа ұзағырақ уақыт шыдайды деп тұжырымдады.

Кейінірек, өсімдіктердің көпшілігі үшін ең жоғарғы температуралық деңгей бұған қарағанда төменірек болатындығы анықталды. Мысалы, картоп өсімдігі 42,5С ыстыққа бір сағаттан артық шыдай алмай, залалданатындығы байқалды. Зерттелген өсімдіктерді ыстыққа төзімділік деңгейіне қарап, төмендегідей 6 топқа бөлді:


  1. Көлеңкеде өсетін саумалдық (Oxalis asetosella), шытырлақ (Impatiens parvifora), т.б. –температуралық максимумы+40,5-42.50С.

  2. Су өсімдіктеріне жататын элодея (Elodea callitrichoides)-+38,50С, валлиснерия (Vallisneria)-+41,50С.

  3. Біршама көлеңкелеу жерде өсетін шыршай (Geum urbanum), сүйел шөп (Cyelidonium majus), қырыққұлақтардың, т.б. өсімдіктерде ең жоғары температуралық деңгейі +45-460С шамасында болады.

  4. Ең жоғарғы температуралық деңгейі+480С шамасында болатын қалампыр гүлдерінің біраз түрлері, андыз, т.б. ашық, қуаңшылық аймақтарда өсетін өсімдіктер.

  5. Қоңыржай аймақтарда өсетін (мезофиттер) қара алқа (Solanum nigrum) және сасық мендуана (Datura stramonium)-+49,5 және +470С; қарамықша (Agrostemma githago)+44-450С.

  6. Ыстыққа өте төзімді жасаңшөптер (суккулент) +48,5-54,50С ыстыққа шыдай алады.

Өсімдіктердің салқындыққа (төмен+температураға) төзімділігі.

Шығу тегі жағынан оңтүстік өсімдіктердің көпшілігі төмен, жағымды (+) температураның ( 1 ден 100С-қа дейінгі аралықта) әсерінен де зақымданады. Қоңыржай аймақ өсімдіктері бұндай салқындыққа төзімді, қалыптағыдай өсіп-өнуін тоқтатпайды. Олар арпа, сұлы, зығыр, сиыр жоңышқа сияқты өсімдіктер жатады. Мысалы, егістікті калий тыңайтқыштарымен қамтамасыз ету, ауаның ылғалдылығының жоғарылауы және жарықтың жақсы түсуі өсімдіктердің төзімділігін біршама күшейтеді. Тиімді әдістердің біреуі – шынықтыру болып есептеледі. Ол үшін өсімдіктің өнген тұқымдары бір ай бойы тәулігіне 12 сағ ішіде 0 ден -50 С дейінгі жағдайда, қалған мерзімде +15-200 С жағдайда сақталады. Өсімдіктердің төзімділігін жылу сүйгіш өсімдіктерді салқындыққа төзімделуі өсімдіктерге телу арқылы да жоғарылатуға болады (мысалы, қауынды асқабаққа).



- 3 -

Топырақ тұздылығы және тұзға төзімділік туралы жалпы ұғым.

Тұзды топырақтар жер шарындағы мемлекеттердің көптеген аймақтарын алып жатады. Жалпы құрылықтың шамамен 25% тұзды аймақтар үлесіне тиеді. Тұзды топырақтардың көп бөлігі, негізінен, Орта Азия мемлекеттерінде орын алады. Осы мемлекеттердің суармалы аймақтары (егістігінің), шамамен 65%-тейі азды-көпті тұзды топырақтардан тұрады. Соның ішінде Түркменстанда –89%, Өзбекстанда –70%, Қазақстанда –65%, Тәжікстанда –30%, Қырғызстанда –25%.

Тұзды ортаға бейімделушілік ерекшеліктеріне байланысты галофиттер негізгі төрт топқа бөлінеді:

1.Тұз жинақтаушы галофиттер (эвгалофиттер). Бұл топқа тұзға төзімділігі өте жоғары сораң өсімдіктері, мысалы, шөптесін бұзаубас сораң жатады. Бұл өсімдіктердің плазмалары тұзды оңай өткізеді, ұлпаларындағы тұздң мөлшері өте көп болады. Мысалы бұзаубас, сораң ұлпаларында суына есептегенде 10% тұз болатындығы (NaCl, Na2SO4) анықталды. Осыған байланысты осы өсімдіктердің клетка сөлінің осмостық қысымы бірнеше ондаған атмосфералық деңгейге дейін көтеріңкі болады да, тұздылығы өте жоғары топырақтардан суды қиынсыздық сіңіре алады.

2.Тұзды бөліп шығаратын галофиттер (криногалофиттер) күшті және шамалы тұзды топырақтарда өніп-өседі (гмелин, кермек). Бұлардың органдарындағы тұздар арнайы бөлгіш клеткалар- безшелер арқылы бөлінеді.

Олардың саны топырақтың тұздылығы жоғарлаған сайын көбейе береді. Сонымен қатар, бұл өсімдіктердің жапырақтары тұзға әбден толғаннан кейін өзінен өзі түсіп қалады. Бұл өсімдіктердің тамыры арқылы да тұздар сыртқа бөлінеді.



3.Тұзды сіңірмейтін галофиттер (гликогалофиттер) тұздылығы төмендеу топыраққа өніп-өседі. Олардың клеткаларындағы осмостық күш, негізінен, фотосинтез өнімдеріне – көмірсуларға байланысты болады. Клеткалар арқылы тұздар сіңбейді. Олардың нағыз өкілдеріне жусан (Artemisia salina), изен (Kochia) түрлері жатады.

4.Тұзды оқшаулап жинақтаушы галофиттерге сыртқы ортада енген тұздар арнайы тұз жинағыш, көпіршік тәріздес түкшелерге жиналып сақталады. Олар жапырақтың ең бетінде де қалың болып орналасқан . Егер, осы өсімдіктер тұзсыз топырақтарда өссе, онда түкшелер пайда болмайды. Бұндай өсімдіктерден алабұтаның біраз түрлерін атауға болады.

Тұздануға төзімді өсімдіктер тұздардың концентрациясы өте жоғары болған жағдайда өздерінің тіршілік циклін ең төмен деңгейде толық жүзеге асыра алады. Осындай өсімдіктерде су және органикалық заттардың жиналу қарқындылығы өте төмен болады. Өсімдіктердің бойы тым аласа, түсімі өте төмен, сондықтан ауыл шаруашылығы үшін пайдасы шамалы.



Өсімдіктердің індетті ауруларға төзімділігі.

Өсімдіктердің көптеген аурулары оларға бөгде организімдердің – патогенді немесе ауру туғызатын бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың әсер етуінен пайда болады. Бұл потогенді микроорганизмдер өсімдікпен жанасып әрекеттеседі, оның организмге еніп, немесе оның сырт бетінде өсіп-дамиды және тіршілік әрекеттерімен өсімдіктегі физиологиялық процестерді бұзады, яғни өсімдікті ауруға шалдықтырады.

Сонымен індетті аурудың негізгі ерекшелігі міндетті түрде ауру туғызушы, өсімдіктің сыртқы бетінде, немесе ішінде (ұлпаларында) дамитын, одан өзінің тіршілік әрекеттеріне қажет қоректік заттарды алушы, микроорганизмнің немесе басқа паразиттің (арамтамақтың) болуында. Бұндай аурулардың екінші ерекшелігіне, олардың басқа су өсімдіктерге, немесе жеке органдарға тікелей жанасу жел, адам, хайуанаттар, сондай-ақ, індеттенген өсімдік қалдықтары арқылы тез таратылатындығын жатқызуға болады.

Микроорганизмдерге байланысты пайда болатын аурулардан басқа біраз жоғары сатыдағы өсімдіктерге (гүлді паразиттер) және хайуанаттарға (нематодтар), насекомдарға байланыты ауруларды ажырата білген жөн. Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктерге сұмқұла және арамшырмауықты жатқызуға болады. Сұмқұла хлорофилсіз шөптесін өсімдік туысы. Қазақстан жерінде оның 23 түрі өседі. Басқа өсімдіктердің тамыры арқылы қоректеніп, өніп-өсетін аса қауіпті арам шөп. Арам шырмауық –жоңышқа, беде, түйежоңышқа, сиыр жоңышқа, кендір темекі егісінде өсіп, оларды зақымдайды. Қазақстанда бұлардың 19 түрі өседі.

Барлық өсімдіктер қоректену тәсіліне байланысты автотрофты және гетеротрофты болып бөлінеді:

Автотрофтылар - өздігінен анорганикалық заттардан фотосинтез процесінде (жасыл өсімдіктер), немесе хемосинтезге байланысты (бактериялар) органикалық заттар түзетін өсімдіктер.

Гетеротрофтылар - өздігінен, дербес тіршілік ете алмайтын, тек дайын органикалық заттармен қоректенетін организмдер. Олларға саңырауқұлақтардың барлығы, бактериялардың көпшілігі, тиномицеттер және басқа түссіз өсімдіктер жатады.

Дайын органикалық заттарды пайдалану тәсілдеріне байланысты геторотрофты-сапрофиттер және паразиттер (тоғышар) болып бөлінеді. Сапрофиттер өлі организм қалдықтарымен (топырақ саңырауқұлақтары, бактериялар), ауыл шаруашылық -өнімдерімен (зең саңырауқұлақтары , сапрофитті бактериялар), қоректенеді. Паразиттер барлық тіршілік өмірін немесе белгілі кезеңін (сатысын) басқа өсімдік организімін үстінде (бетінде) өткізеді немесе денесінің ішіне енеді де, тірі клеткалардың, ұлпалардың құрамындағы органикалық заттармен қоректенеді.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі.


«Сырдария» университеті
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет