Лекция 30 Семинар: 15 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Ќорытынды емтихан 7 семестр Аралыќ баќылау -2 (60)

бет11/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#140076
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999

Лекция №27

Мұғалімнің сабаққа дайындығы

  1. Дене тәрбиесінің сабақ жоспары

Сабақты күнделікті жоспарлау мүғалімнің міндеті. *

Сабақ жоспарына қойылатын талаптар:

-жылдық 68 сабақтың жоспары қатар сыныптар бойынша арнаулы дәптерге жазылады;

-жоспарда әр сабақтың нөмері, өтетін орыны , уақыты және оқу-тәрбие жүмыстарының мақсаты көрсетіледі.

Сабақта 2-3 мақсат қойылады; жаңа жаттығуларды үйрету, өткенді қайталау, жетілдіру. Әр сабақта қайраттылық, шешімділік, жолдастық, достық тәлім-т рбие жүмыстар тәртіптілік қасиеттерінің дамуына назар аударылады. Сонымен қатар, төзімділік, жылдамдықты, күш-қуатты, айла-тәсілді дамыту сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.

Сабақтың мақсаты анықталған соң, оның өтетін орыны және қажетті құрал-жабдықтары ескеріледі.

Сабақ жоспарының бірінші /дайындық/ бөлімінде оның ұйымдастырылуы, оқушылардың спорт залға кіруі /қоңырау кезінде немесе сабақтан бүрын, топ ағасының немесе кезекшісінің бұйрығымен т.б./ рапорттың қалай берілетіні көрсетіледі.

Х-ХІ сыныпта кезекші баяндамасының қүрылымы :

Жолдас оқытушы 9а сынып оқушылары құрамында 30 адам дене тәрбиесі сабағын өту үшін сапта тұр !

Медеуов - ауыру, Әбілов-себепсіз, сабақта жоқ.

Кезекші Мақсатов.

Егер сабақтардың мақсаты бірдей болса, онда жоспарда олардың бәрін толық жазу міндет емес.

Қажет жағдайда жоспардың дайындық бөлімінде сапта орындалмайтын жаттығулар тобымен теориялық мәліметтерді жазуға болады. Жоспарда жалпы дамыту жаттығулары міндетті түрде жазылады.

Бұл жаттығуларды жоспарға көрсеткенде олардың құрылымын қысқаша жазу, адамдардың мүсінінің графикалык көрінісін түсіру, немесе жаттығулардың нөмерін көрсету әдістері пайдаланылады. Жаттығулардың толық мазмүнын арнайы дәптерге жазуға болады, онда қолданылған жаттығулар топтамасының кітапшасы немесе оқу карточкаларының нөмері көрсетіледі.

Жоспардың екінші /негізгі/ бөлімінде , оқушыларды «ұйымдастыру түрлері, сабақта оқу-тәрбие жұмыстарын орындау мақсатында қолданылатын әдістер мен шаралар көрсетіледі.

Негізгі қозғалыс әдістерін дамытатын дайындық және мақсатын орындалуына арналған жаттығулар топтамасымен қоса қозғалыс сапасын дамытатын жаттығулар көрсетіледі. Жаттығуларды орындау кезінде жіберілетін қателіктер, сақтану және өзін-өзі сақтандыру кезеңдері ескеріледі. Орындалуы күрделі жэне орындауға қиын жаттығулар тобының мөлшерін реттеу анықталады.

Жоспардың 3-ші /қорытынды/ бөлімінде оқушылардың организмін бастапқы тыныштықтағы қалпына келтіріп олардың- көңіл-күйін көтеретін жаттығулар көрсетіледі. 5-8 оқушыға баға қою, үй тапсырмасын беру, сабақтың қорытындысын шығару мәселелері ескеріледі.

Тәжирбелі мұғалімдер жоспарды қысқаша жазғанымен оның

негізгі мазмұны толық қамтылуы тиіс. Мектеп басшылары мүғалімнен сабақты жоспарлдауды талап етеді. Сабақтың барлық бөлімдерін бірімен-бірін байланыстыра отырып, берілген уақытты толық пайдалануға міндетті.

Мысалы: 1-ші бөлім 4-6 мин, 2-ші бөлім 30-35 мин, 3-ші бөлім 3-5 мин.

Үй тапсырмасы: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ережесі негізінде оқу бағдарламасына «Үй тапсырмасын» орындауды енгізеді. Осы талаптардың орындалуы, оқушылардың қозғалыс белсенділігінің көлемін жоғарлатуға олардың шынығуы дайындық деңгейінің жоғарлауына, денсаулығының нығайуына, дене тәрбиесін жанұяға енгізуіне жағдай туғызады.

Үй тапсырмалары оқушылардың шынығуы деңгейінің жоғарлауына, жаттығуларды қайталауға яғни сабаққа дайындалуына мүмкіншілік туғызады. Жаттығулар орындауға қолайлы, сабақта пысықталған, құрал-жабдықтарсыз орындалатын, қауіпсіздік сақтануды талап етпейтіндей болуы керек. Үй тапсырмасы оқушы топтарына немесе және оқушыға сабақтың кез-келген бөлімінде беріледі. Оның мазмүны түсінікті,үйде орындауға қолайлы қайталау уақыты шектелетін жаттығулар топтамасынан қүрастырылады. Мысалы: таңертеңгілік бой жазу жаттығулар топтамасын сабақтың дайындық бөлімінде берген дүрыс. Үй тапсырмаларын сабақтың қорытынды бөлімінде еске салу керек. Мысалы: 3-6- сыныптарды бой жазу жаттығулары оқушылардың икемділігін, жылдамдығын қозғалыс тірегін, қозғалыс сапасын дамытатын жаттығуларда құрастырылады.

7-8- сыныптарда тепе-теңдік сақтау, секіргіштік, төзімділік, жылдамдық, күш-қуат қасиетін дамытатын жаттығулар қолданылады.

9-11- сыныптарда төменгі сынып оқушыларымен өз бетінше жұмыс /жаттығулар топтамасын құрастыру, сыныптармен сабақтың дайындық бөлімін, денсаулық сағатын т.б./ өткізу. жүгіргенде және шаңғымен жүгіргенде жылдамдық және күш қуат төзімділігін дамытуға арналған жаттығулар тобын пайдалану керек. Үй тапсырмасын орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Жаттығулар үзілістерде үйретіледі.

Үй тапсырмалары мүғалімнің қалауыны байланысты күнделікті немесе ішінара тексеріледі. Күнделікті тексерілгенде баға қойылмайды. Бұл тексеру оқушыларды мақтау, тапсырманы орындауға қызықтыру мақсатында қолданылады. Алдымен жаттығуды жақсы игерген оқушыларға баға қойылады.

Қорытында баға сыныптағы барлық оқушылары белгілен мерзімде қойылады. Әдетте үй тапсырмасы сабақтың бас кезінде тексеріледі. /Сабақтың дайындық бөліміне дайындаған сияқіы Мысалы : оқушылар қарама-қарсы екі қатарға түрғызылады, бірінші қатардағы оқушылар тапсырманы орындайды да екінші: қатардағылар оларды тексеріп бағалайды.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмалар жеңілдетіліп немесе күрделілендіріп беріледі.

Үй тапсырмасын тексеру әдістері: Жан-жақты /таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, кейбір акробатикалық жаттығулар және қозгалыс сапасын дамытатын еркін жаттығулар/ тексеріледі.

Іріктемелі - сабақ үстінде, оның барысын тоқтатпай оқушылардың жіберген қателері және жетістіктерін көрсетстін немесе жеке оқушыларды бақылауға алу арқылы өткізіледі.

Тексерудің түрлері. Жұптардағы әр оқушы өз әріптестерінің үй тапсырмасын қалай орындағанын бақылауды, қалғандары оны бағалайды;

бір оқушы немесе оқушылар тобын топ ағасы немесе денешынықтыруды үйымдастырушысы тексереді.

І-У сыныптарда бақылау жүмыстарына мектеп сыныпбасшылары, ата-аналар комитеті, денешынықтыру мұғалімдері, т.б. қоғамдық үжымдар жүмылдырылады. Ата -аналар жиналысында оқушылардың үй тапсырмасын орындауында, тазалық-гигиенасын сақтауына, өз бетінше шұғылдануына, күн режимін орындауына қойылатын талаптар туралы түсініктеме беріледі.

Тәжірибе жүзінде үй тапсырмасын орындауға арнайы күнделік дәптер пайдалану кең таралған, онда оқушылар үй тапсырмасының толық мазмұнын көрсетеді. Мысалы : күніне әр оқушы секірмеден 100-200 рет секіреді, кермеде /ұлдар 25 рет тартылады, шалқадан жатып денені көтеру /қыздар 30-35 рет/, әр аяқпен кезекпен отырып-түру 10-15 рет , орында түрып үзындыққа секіру 20 рет, орында түрып екі аяқпен итеріле секіру 30-35 рет, 10 15 минут жүгіреді. Күнделік дәптерде тапсырманың орындалу санымен сапасы көрсетіледі.

Ата-аналар үй тапсырмасын және күнделікті әрдайым тексеріп, оған қолдарын қояды. Кейбір жаттығулар сабақ үзілістерінде немесе сабақтан кейін орындалады.

Тапсырмалардың орындалу мерзімі. Тапсырманың негізгі бағыты қозғалыс сапасын дамытуға байланысты, сондықтан да олардың деңгейін уақытша өзгерту ескеріледі. Икемділікті жылдамдық, күш-қуат пен төзімділікке қарағанда тезірек өзгеретіні белгілі, сондықтанда тапсырмалардың орындалу\ мерзімі бір немесе екі жеті, кей жағдайда бір ай, одан да ұзақ бір тоқсан болуы мүмкін. Келесі тапсырмаларды бұрынғы тапсырманы мүқият тексерген соң беру керек.(кесте-З)

Сабақтың тақырыбы; Волейбол алацында орынды тез өзгерту.

Сабақтың мақсаты; Орынды тез өзгертуге уйрету.

Құрал-жабдықтар; доб.

Өткізетін орыны:

Өткізетін күні:

Сынып: 7-.

Өткізген: Айтуганов Ж.Ж.
Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы

Лекция № 28

Табиғаттың сыртқы күшінің әсері мен гигиеналық фактор
1. Денсаулық және спорт күндерін өткізудің мазмұны.

2. Туристік жорықтар.

1-тоқсан қыркүйек-қазан. Ауа райына байланысты бұл айларда денсаулық және спорт күндері таза ауада өткізіледі. Бастауыш сыныптарда жаяу жорықтар, қозғалмалы ойындар эстефеталар т.б,. орта және жоғарғы сыныптарда туристік жорықтар, жер белдеріне байланысты бағыт анықтау жарыстары , саяхаттар, спорттық және қозғалмалы ойындар, күн жылы аймақтарда жүзу, өзендер мен көлдерде шомылу, ат спорты т.б. үлттық ойындар өткізіледі.

II тоқсан - қараша-желтоқсан .Аймақтардағы ауа райы және мектептердің мүліктік қорына байланысты гимнасикалык эстафеталар жаяу және шаңғы жорықтары , бір орында тұрып үзындыққа, биіктікке секіру, арқанға өрмелеу, кермеде тартылу. нығыздаған доп лақтыру сияқты залда үйымдастырып жеңімпаздарды марапаттау, ойын түрлерінің қортындысын шығару мектеп қауымының міндеті.

III тоқсан - қаңтар - ақпан . Бұл мерзімде жарыстар негізінде: спорттың қысқы түрінен өткізіледі. 1-2- сыныптарда алдын-ала дайындалған қар төбешіктерінен шанамен сырғанаудан сынып аралық, жекешілік жарыстар өткізілсе ,3-4- сыныптарда шаңғы, коньки жарыстары және қозғалмалы ойындар өткізіледі.

Жоғары сыныптарда шаңғы, коньки жарыстарымен, шанамен 1-2 күндік жорықтар өткізіледі. Шаңғымен өткізілетін эстафеталармен бұрын оқып үйренген қозғалмалы ойындарды қар үсінде өткізудің денсаулыққа пайдасы өте зор. Денсаулық күнінде өткізілетін ойындардың түрлері жалпы білім беретін мектеп оқушыларының дене тәрбиесі бағдарламасында көрсетілген.

Жарыстар наурыз айында өткізілсе, ауа райының қолайлығына байланысты ойындарды таза ауада өткізуге болады. Жарыс бағдарламасына шаңғы, коньки, хоккей, төбешіктен шанамен сырғанау, спорттық және қозғалмалы ойындарды енгізуге болады. Ойындар мен эстафеталардың әр түрлері ұсынылады.

І-УШ сыныптар үшін: баскетбол добын алып жүру эстафетасы, екі допты қарама-қарсыы алып жүру, допты алыстан тастау, кедергі эстефеталары , т.б. ойындар өткізіледі.

ІХ-ХІ сыныптар үшін: доптарды алып жүру, допқа талас. допты алуға тырысу, волейбол, баскетбол, гандбол сияқты спорттық ойындар.

ІХ-ХІ сыныптарда ІІІ-ІУ тоқсандарда "Жігіт сыны", "Қыз сыны"ойындарын өткізу мерекенің сәнін және сапасын жақсартады. Жарыстың кезінде ерекше көзге түскен төрешілермен белсенді оқушылар мен оқытушылардың еңбегін марапаттаған мақүл.
Туристік жорықтар.

Төменгі сынып оқушылары үшін бір күндік жорықтар 3-4 шақырым қашықтыққа өткізілсе,10-11 жастағы оқушыларға 6 шақырым қашықтыққа бір күндік жаяу жорықтар ұйымдастырылады. 12-14 жэне 15-17 жастағы оқушыларға 12-15 .'шақырымға 2-3 күндік жорықтарға шығуға рүқсат етіледі. Жорықтың қай түрі болмасын оған мұқият дайындалу қажет, оқушылардың киімімен, иыққап, ыдыс-аяғын, дәрі-дәрмегін, тамағын жорық басқарушылары алдын ала тексереді. Жорықта дәрігер, жорық кескіндемесі және бағдар жоспары міндетті түрде болады. Бұл құжаттар мектеп директорының мөрімен бекітіледі.

Жорыққа шығар алдында оның бағдарламасын мүғалімдер кеңесінде, ата-аналардың қатысуымен талқыланып, мектеп бойынша бүйрық шығарылады. Онда жауапты адамдардың аты, жөні, түратын мекен - жайы, үйінің телефон нөмері көрсетіледі. Жорықтан қайтқан соң, оған жауапты адамдар мүғалімдер кеңесімен ата-аналар алдында есепті баяндама жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді талқылайды. 2-3 күндік жорықтарға ата-аналарлардың қатысуына болады. Жорық кезінде шынығу деңгейі төмен оқушыларға жетекшілер айрықша көңіл аударады. Жорықта ауыру сырқауға душар болған оқушыларға бірінші дәрігерлік көмек көрсетіп, оларды жақын жердегі ауруханаға немесе үйлеріне қайтарылады.

Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

Лекция № 29

Арнаулы дәрігерлік бөлім

  1. Арнайы дәрігерлік топ

  2. Ұзартылған күн тобындағы денешынықтыру және сауықтыру шаралары.

Мектеп оқушылары жылына 2 рет дәрігерлік бақылаудан өтеді, жыл басында /қыркүйек-қазан/ және жыл аяғында /көкек- мамыр/ өткізіледі.

Арнайы дәрігерлік топтағы оқушылар сабағын ұйымдастыру түрлері:

• оқу жүктемесі жылына 68 сағат ;

• нашар үлгерушілер үшін қосымша сабақтар ;

• оқытушының немесе ата-аналардың көмегімен өз бетінше шүғылдану;

• күн тәртібіндегі сауықтыру жүмыстары ;

• бұқаралық шынықтыру-сауықтыру шараларымен шұғылдану /таза ауда ойын-сауық жұмыстарына, жексенбі клубтарына, туризмге, шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанауға қатысу, жүзу, т.б. белсенді түрде айналысу/. Бүл топтарға оқушылар күніне міндетті түрде 2-3 сағат таза ауада ойнайды.

А.Д.Т. оқушылар мектеп жэне басқа жарыстарға қатыспайды, бірақ оларды жарыс төрешілігіне пайдалану ксрек.

Ұзартылған күн тобындағы денешынықтыру және сауықтыру шаралары.

Сабақтың алдында өткізілетін бой жазу жаттығулары мектеп күн тәртібіндегі денешынықтыру-сауықтыру жұмыстарының ең бір қажетті түрі болып саналады. Ол сабақта оқушылардың жүмыс қабілеттілігін, көңіл күйін, арттыру мақсатында таза ауада /ауа райынвң ашық кезінде / музыканың сүйемелдеуімен өткізіледі . Жаттығулар топтамасы дене тәрбиесі сабағында қүрастырылып. 2 жетіде немесе айына бір рет өткізіледі . Гимнастиканы денешынықтыру белсенділері, жоғары клас оқушылары нүсқаушылары өткізеді. Ұйымдастырылып өткізуге дене тәрбиесінің мұғалімін, оған сынып жетекшілері тікелей көмектеседі.

Жағдайға байланысты гимнастика әр сыныпта бөлек немесе барлық мектеп оқушылары біріктіріліп өткізіледі.

Жаттығуларды орындау үшін оқушылар 2-3 сапқа, қатарға немесе шеңберге түрады, сапқа түрғанда қыздарды саптың артында түрғызған жөн, мүмкіншілік бар жерде қыздар бөлек түрғызылады. Жаттығуларды оқушылар сыртқы киімсіз орындайды. Гимнастиканы 5-6 минут шамасында өткізіп оқушыларды сыныпына ұйымдасқан түрде шығарып салады.

Гимнастиканы жақсы орындаған белсенді оқушыларды. Марапаттауға болады, бүл әдіс олардың белсенділігін арттырумен мен қатар оның қызықты өтуіне мүмкіншілік туғызады. Сабаққа дейінгі гимнастиканың ойдағыдай өтуі үшін оны сынып аралық жарыс түрінде өткізу жақсы нәтиже береді. Дене тәрбиесі мүғалімдері ата-аналарға сабақ алдындағы гимнастиканың тиімділік әсерін әрдайым түсіндіреді.

Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999

Лекция №30

ЖОО студенттерінің ДТ. Өзіндік жұмыс

  1. Маңызы мен міндеті

2. Студенттерді оқу топтарына бөлу және дәрігерлік бақылау
ЖОО оқытушылары үшін дене тәрбиесі тек жалпы әлеуметтік тәрбиемен ғана емес, бірнеше арнайы дайындықтарды орындау мүмкіндікттері арқылы анықталады. Дене тәрбиесінің мамандандыру бағытындағы тәрбиесі қажетті жағдайды қамтамасыз ету, қимылды орындай білу мен жаңалықтарды жетік меңгере білу, сонымен бірге ағзаны ең қиын еңбек қызметіне төзімді ету арқылы /оттегі жетіспеуі, жылдамдыққа шыдай алмай дірілдеу/ бейнеленеді.

Дене тәрбиесінің нәтижелі көрсеткіші денсаулығынан, ЕҚД кешені талаптарына дайындығынан, әзірленген мамандығы бойынша жұмысқа қабілеттілігі мен еңбекке ынталылығынан көрінеді.

Мазмұны. Оқушылардың дене тәрбиесі оқу жылындағы сабақ кестесі мен сабақтан тыс уақытта іске асады. Барлық жүмыстың негізі оқу сабақтарынан құралады.

Бағдарлама жалпы білім беретін орта мектептің дене тәрбиесі бөлімінің бағдарламасы бойынша қүралады. Ол сабақ өту тәртібін төмендегі төрт негізгі сала арқылы қарастырады.

Бірінші бөлім - мұнда дене тәрбиесі сабақтары ілім мен іс-тәжірибелік бағытта жүреді.

Ілімдік бағыттағы сабақтарда мемлекеттік жүйедегі дене тәрбиесі ұйымдарының мамандық-техникалық білімдері, еңбек жұмысындағы тазалық негіздері, дене жаттығулары сабақтары, олардың таңдаған мамандықтары бойынша дамыту жұмыстары мен жоғарғы шеберліктерін арттыру жұмыстары өтіледі. Ілімдік сабақтар: лекция, эңгіме, түсіндіру және де іс-тәжірибелік сабақтар арқылы жүргізіледі.

Ал іс-тәжірибелік сабақтары оқушылардың дене дайындығын арттырады, ЕҚД кешені мөлшерін үздік орындау мен мамандық ерекшеліктеріне бағытталған. Гимнастиканың акробатикамен бірігуі, қыздар көркем гимнастикасы мен ырғақты гимнастикасы, жасөспірімдерге арналған күрес, жсңіл атлетика, шаңғы тебу, жүзу, спорт ойындары депе тәрбиесінің

:негізгі түрі болын есептелінеді. Әр сабақтың материалдары мынандай бірізділікпен өтеді - ілімдік мағлүмат, жаңалықтарды орындай білу, күшті, жылдамдықты, қимыл екпінін, төзімділікті дамыту, ЕҚД -нің кешенді талаптарын оқыту.

Жүзу сабағы міндетті түрде өтеді. Ол үшін оқытушы 2-3 сабақ өткізеді. Жүзуді үйрену үшін арнайы спорт базасында өтуі керек. Ол база оқу орнының меншігі болу шарт емес. Ал шаңғы тебу қар болмайтын аудандарда кросстық жүгірумен алмастырылады.

X сыныпты бітірген оқушылар үшін оқу материалыныц бақылау және емтихан мөлшері оқу жылының екінші, үшінші жылдарының талаптарымен келісе отырып беріледі.

«Дене тәрбиесі» пәнінің үлгерімі апта бойындағы дене жаттығулары сабақтарымен, оның сандарымен, ЕҚД кешені мөлшеріне дайындығымен, мамандыққа дайындығымен айқындалады.

Әлсіз дене дайындығымен, психикалық ауытқуы бар оқушылармен қосымша сабақтар жүргізіліп, орындау барысын қадағалайды.

Бірінші, екінші, үшінші оқу жылындағы оқушылармен аптасына 2 сағат дене жаттығуларын үйрететін, оны пысықтайтын қосымша сабақтар өтеді.

Дене тәрбиесінің барлық жүмыстары, мұқият жоспарланады, ал оның нәтижесі жүйелі тексеріледі. Жоспарлау құжаты оқу барысының жоспар-кестесі мен сабақ конспектісі болып табылады. Ал есеп беру құжаты ретінде топтың журналы мен оқушылардың дайындығы туралы дене дайындығы картасы есептеледі. Бүндай картаның пішіні кешенді бағдарламаға сай құрылған.

Ұлдар мен қыздарға сабақтар бөлек жүргізіледі. Сабақтарда спорт киімін кию міндетті.

Екінші бөлімнің кешенді бағдарламасы оқу күнінің тәртібіне дене тәрбиелік сауықтыру шараларын кіргізеді. Олар. кіріспе гимнастика, дене тәрбиелік үзіліс, үзілістегі дене жаттығулары.

Көркем гимнастика сабақ басталғанға дейін 5-10 мннут уақытта өтеді, әрі оқушылардың өндірістік немесе оқу процесіне қабілетін арттырады. Ол оқушылардың күні бойы еңбек пен оқуға деген ынтасын арттырып, жүмысқа кабілетілігін жақсартады. Кешен негізгі бүлшық еттер тобына жалпы дамытушылық сипаттағы жаттығулардан құралады, алғашқы жартысында ағзаның зат алмасуы арттыратын жүйке жүйе қызметін көтеретін жаттығулар жасалады.

Дене тәрбиесі үзілісін белгілеу - оқушылардың шаршауын тежеп, жұмысқа қабілетін арттырады. Ол оқу уақытының ортасында, жұмыс арасында, сонымен бірге қажытатын жүмыстан соң қимылсыз ұзақ жұмыстан соң жарияланады.

Үзақ үзілістерде еркін қимылдайтын гимнастикалық жаттығулар, ырғақты би, әуенмен сүйемелденеді.

Үшінші бөлім сабақтан тыс уақыттарда дене жаттығулары сабақтары арқылы өтеді. Бүған үйдегі немесе жатақханадағы таңертеңгі жаттығулар, топтардағы, секциялардағы немесе ЕҚД кешеніне дене қыздыру сабақтары, жатақханадағы дене тәрбиесі, спорттық шаралары және т.б. кіреді.

Жаттығу әдеттегідей ұйқыдан соң 30 минут уақытта жүреді. Оған әуенмен орындалатын, 16 саннан түратын жүру мен жүгіру жаттығулары кіреді. Кешеннің мазмұны кезеңімен ауысады. Жаттығуды қайталауда оның ырғағы мен сапасы оқушылардың дене дайындығымен сәйкес келуі керек. Жаттығу салмақты жүрумен, босаңсытатын жаттығулармен, терең тыныс алумен аяқталады. Жаттығу мазмұнын дене тәрбиесі мүғалімі жасайды. Ол оның өткізілу барысына жауап береді.

Дене жаттығулары сабақтарының басқа да түрлері арнайы жоспарлармен, бағдарламамен ұжымға лайықты етіп жүргізіледі.

Ал төртінші бөлімге жалпы мектептік іс-шаралар кіреді. Олар: әр айдағы денсаулық күні, оқушылар спартакиадасы, туристік жорықтар т.б.

Студенттерді оқу топтарына бөлу және дәрігерлік бақылау

Дәрігерлік бақылау поликлиникаларда, денсаулық бөлімшелерінде ұйымдастырылады.

Студенттер денсаулық жағдайына, дене дамуы мен дайындығына қарай оқу салаларына бөлінеді. Олар негзгі: спорттық және арнайы /бозбалар мен қыздарға жеке-жеке болып бөлінеді. Бұлай жіктелуі 1 - курстық оқу жылының басына дейін медициналық тексеруден соң болады. Медициналық тексеру әр оқу жылының басында ұйымдастырылады.

Негізгі бөлімге дайындалатын және негізгі медициналық топтардағы студенттер бөлінеді. Яғни, бұлар лденсаулығы мықты, бірақ дене дайындығы жеткіліксіз студенттер. Оқу тобының саны бір оқытушыға 12-15 адамнан келеді. 1және2 курстарда аптасына 4 сағат сабақ өтіледі, оның 2 сағ. - міндетті, 2 сағ. - қосымша, Ал жоғарғы курстарда аптасына 4 сағат қосымша сабақтар өтіледі.

Спорттық бөлімге негізгі медициналық топтағы дене дамуы салыстырғанда жоғары деңгейдегі, ал спорт дайындығы III дәрежеден төмен емес, ЕҚД кешенінің І-ІІ сатысының талап мөлшерін орындаған студенттер қабылданады. Сонымен бірге дене дайындығы жақсы, бірақ спорттық дәрежесі жоқ, алайда спорттың белгілі бір түрімен айналысқысы келетін студенттер де қабылданады. Оқу топтары дене тәрбиесі кафедрасының басшылығымен, оқытушылардың сапасы мен санына қарай спорттың белгілі бір түріне байланысты топталады. Оқу сағаттарының саны аптасына студенттердің спорттық дайындығына сәйкес қойылады.

Арнайы бөлім сырқат түрлеріне байланысты "А", "Б", "В" топтарынан қүралады. "А" тобы жүрек-буын және өкпе ауруымен ауыратын студенттерден,"Б" тобы созылмалы тонзиллит, жара ауруларымен т.б. ауыратын студенттерден, "В" тобы тірек - қимыл құралдары бұзылған студенттерден құралады. Сабақтар аптасына міндетті түрде 4 сағ.бөлінеді (барлық курстарда).

Бір бөлімнен екінші бөлемге дәрігердің рұқсатымен ауысады.
Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

Қазақстан Республикасының

Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Шығармашылық мамандықтар » факультеті

«Дене тәрбие және спорт» кафедрасы

«Дене шынықтыру және спорт ғылыми зерттеу жұмысының негізі » - пәні бойынша

050108 “Дене шынықтыру және спорт“ мамандығының студенттері үшін

Семинар

Жетісай – 2008

10. Семинар.

Тақырыбы мен мазмұны

Сағ.саны

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Орындау мерзімі

1

ДТ жүйесінің бағдарламасы

1

1,2,5

Реф

1-апта

2

ДТ құралдары мен ДЖ мазмұны

1

2,6,4

Тест

2-апта

3

ДШ әдістерінің сипаттамасы

1

1,3

Реф

3-апта

4

Қозғалыс әрекетін үйрету үрдісінің құрылымы

1

5,4,1

Реф

4-апта

5

Дене қасиеттерін тәрбиелеу құралдары

1

6,4,3

Сұрақ

5-апта

6

ДТ үрдісіндегі интеллектуалдық бағыт

1

1,5,4

Тест

6-апта

7

ДТ жаттығуы сабағын құрудың негіздері

1

5,2,1

Реф

7-апта

8

Мектеп жасына дейінгі бөбектермен ДТ

1

4,3,5

Реф

8-апта

9

ДТ мөлшерлік негізі мен мазмұны

1

5,6,1

Тест

9-апта

10

Мектептегі ДТ жүйесін жоспарлау және бақылау түрлері

1

4,5,1

Реф

10-апта

11

Сабақ мектептегі негізгі оқу түрі

1

2,3,1

Реф

11-апта

12

Баст. орта және жоғ. сыныптарда ДШ сабағын ұйым және өткізу әдіст.

1

2,3,4

Сұрақ

12-апта

13

Оқушылардың ДТ жүйесі бойынша мектептен тыс жұмыстар

1

1,5,4

Тест

13-апта

14

Студент жастардың ДТ

1

5,4,6

Реф

14-апта

15

Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметтері

1

2,3,4

Реф

15-апта

Барлығы:

15

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. «Қазақстан Реепубликасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.

5. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік тұтас жинақ бағдарламасы 2001-2005 жылдарға. Алматы 2001.

6. Ашмарин Б.А. Дене тәрибесінің ілімі мен әдістемесі .-М.,1999.

7. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. -М., ФиС, 1978

8. Осокина Т.И. Бала-бақшадағы дене тәрбиесі. -М.,1973

9. Кәсіптік-техникалық училищилердёгі дене тәрбиесі. М.,1976

10. Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі. М., 1976

11.'П.Фомин И.А.,Филин В.П. Дене тәрбиесінің жас ерекшелік негізі.

М,ФиС, 1972

12. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе. Дене тәрбиесі институттарна арналған

оқу құралы. Матвеев Л.П. редакциясы бойынша. -М., ФиС, 1983 .

13. Дене тәрбиесі мұғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы

бойынша. -М., ФиС, 1973

14. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев М., Говиков А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1,1-2тарау.

15. Понамарев Н.И. Дене тәрбиесініц әлуметтік қызметі. —М., ФиС. 1974

Студенттің өзіндік жұмысының жоспары

жєне орындау кестесі

(С Ө Ж)

Жетісай – 2008
11. СӨЖ –жоспары.

Тақырыбы мен мазмұны

Сағ.саны

Әдебиеттер

Бақылау түрі

Орындау мерзімі

1

ДШ мәдениетінің түрлері мен қоғамдық қызметтері

1

1,2,5

Реф

1-апта

2

ДТ мәдениеті түрлері мен қоғамдық сипаты

1

2,6,4

Тест

3

ДТ жүйесі

1

1,3

Реф

4

ДТ жүйесінің бағдарламасы

1

5,4,1

Реф

2-апта

5

ДТ қағидалары

1

6,4,3

Сұрақ

6

ДТ әдіст. қоғамда көрінетін ДТ заңдылықтары

1

1,5,4

Тест

7

ДТ құралдары мен ДЖ мазмұны

1

5,2,1

Реф

3-апта

8

ДТ әдістері

1

4,3,5

Реф

9

ДШ әдістерінің сипаттамасы

1

5,6,1

Тест

10

Қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету

1

4,5,1

Реф

4-апта

11

Қозғалыс әрекетін үйрету үрдісінің құрылымы

1

2,3,1

Реф

12

Қозғалыс әрекетін үйрету үрдісінің құрылымы

1

2,3,4

Сұрақ

13

ДШ сапасының негіздері

1

1,5,4

Тест

5-апта

14

Дене қасиеттерін тәрбиелеу құралдары

1

5,4,6

Реф

15

ДТ үрдісіндегі жеке тұлғаның бағдарламалық дамуы

1

2,3,4

Реф

16

ДТ үрдісіндегі интеллектуалдық бағыт

1

1,4,6

Тест

6-апта

17

ДТ жаттығуы сабағын құрудың негіздері

1

2,5,4

Реф

18

Білім жүиесі мен Дш жалпытеориялық қалыптасуы

1

1,5,6

реф

19

Мектеп жасына дейінгі бөбектермен ДТ

1

2,3,4

Сұрақ

7-апта

20

ДТ мөлшерлік негізі мен мазмұны

1

4,6,1

Тест

21

Мектеп жасындағы баланың ДТ

1

2,3,1

Реф

22

ДЖ-ын жіктеудің негізгі белгілері

1

6,1,2

Реф

8-апта

23

Мектептегі ДТ жүйесін жоспарлау және бақылау түрлері

1

4,2,3

Тест

24

Қимыл қозғалыс іс әрекеттеріне үйрету

1

2,4,5

Реф

25

Сабақ мектептегі негізгі оқу түрі

1

1,3,5

Реф

9-апта

26

ДТ сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу

1

6,1,2

Сұрақ

27

Баст. орта және жоғ. сыныптарда ДШ сабағын ұйым және өткізу әдіст.

1

4,2,5

Тест

28

Мектепке дейінгі ДТ жүйесі бойынша мектептен тыс жұмыстар

1

2,3,5

Реф

10-апта

29

Оқушылардың ДТ жүйесі бойынша мектептен тыс жұмыстар

1

4,2,5

Реф

30

Ересек тұрғындар ДТ-нің негізгі бағыттары

1

1,4,3

Тест

31

Студент жастардың ДТ

1

5,6,1

Реф

11-апта

32

Әскери күштердегі ДТ дайындығы

1

4,5,6

Реф

33

Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметтері

1

4,2,5

Сұрақ

34

Спорттық жарыстардың жүйесі

1

1,2,4

Тест

12-апта

35

Спорттық дайындық жүйесі

1

4,5,6

Реф

36

Спорттық жаттығулардың сипаттамасы

1

4,1,2

Реф

37

Спорттық жат-дың заңдылықтары мен қағидалары

1

2,3,4

Тест

13-апта

38

Спортшы дайындығының негізгі бөлімдері мен тараулары

1

4,2,5

Реф

39

Спортық жаттығудың құрылымы

1

1,4,6

Реф

40

Спортшы дайындау көп жылдық үрдіс ретінде

1

2,4,5

Сұрақ

14-апта

41

Сп. дайындау жүйесіндегі басқару, жоспарлау және бақылау түрлері

1

4,2,5

Тест

42

Мұғалімнің сабаққа дайындығы

1

1,4,5

Реф

43

Табиғаттың сыртқы күшінің әсері мен гигиеналық фактор

1

5,6,1

Реф

15-апта

44

Арнаулы дәрігерлік бөлім

1

2,4,5

Тест

45

ЖОО студенттерінің ДТ. Өзіндік жұмыс

1

1,4,5

Реф

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. «Қазақстан Реепубликасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.

5. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қамтамасыз етудегі дене тәрбиесі Республикалық ғылыми әдістемелік тұтас жинақ бағдарламасы 2001-2005 жылдарға. Алматы 2001.

6. Ашмарин Б.А. Дене тәрибесінің ілімі мен әдістемесі .-М.,1999.

7. Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесіндегі педагогикалық ізденістің ілімі мен әдістемесі. -М., ФиС, 1978

8. Осокина Т.И. Бала-бақшадағы дене тәрбиесі. -М.,1973

9. Кәсіптік-техникалық училищилердёгі дене тәрбиесі. М.,1976

10. Хухлева Д.В. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі. М., 1976

11.'П.Фомин И.А.,Филин В.П. Дене тәрбиесінің жас ерекшелік негізі.

М,ФиС, 1972

12. Дене тәрбиесі іліміне кіріспе. Дене тәрбиесі институттарна арналған

оқу құралы. Матвеев Л.П. редакциясы бойынша. -М., ФиС, 1983 .

13. Дене тәрбиесі мұғалімдеріне арналған кітап. Каюрова С. редакциясы

бойынша. -М., ФиС, 1973

14. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі. Дене тәрбиесі институттарына арналған оқу құралы. Матвеев М., Говиков А.Д. басқаруымен. 2-ші басылым. —М.:ФиС, 1976. Т.1,1-2тарау.

15. Понамарев Н.И. Дене тәрбиесініц әлуметтік қызметі. —М., ФиС. 1974

16. Орта және үлкен жастағылардың дене тәрбиесі. Осипова И.Т. ;. басқаруымен. -М.: ФиС, 1968

17.Жалпы дене тәрбиесі ілімін қалыптастыру мәселелері. СССР-діц ҒА,

1980,-31-41.

18.Гриченко М.Ф., Саноян Г.Г. Еңбек, денсаулық, дене тәрбиесі. -М..

ФиС,1974

19.Жалпы білім беретін мектептердегі 1-11 сыныптар дене тәрбиесінің кешендік бағдарламасы. -М., 1985

20.Жалпы білім беретін мектептердегі 1-4- сыныптар дене тәрбиесінің кешендік бағдарламасы. Алматы, Рауан, 1994

21.«Мектеп дене тәрбиесі» журналы. 1985-1992 жылдардардағы И.Т.-М, ФиС, 1991.

Ќазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті

«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы
«Дене шынықтыру және спорт ғылыми зерттеу жұмысының негізі » - пәні бойынша

050108 “Дене шынықтыру және спорт“ мамандығының студенттері үшін

Оқытушының басшылығымен

Студенттердіњ өзіндік жұмыс жоспары жєне орындау кестесі

(О Б С Ө Ж)

Жетісай – 2008

12. ОБС¤Ж жоспары жєне орындау кестесі.

ОБСӨЖ тақырыптар мазмұны

Сағат

саны

Әдебиет

тер

Бақылау түрі

Орындау

мерзімі

1

ДТ мәдениеті түрлері мен қоғамдық сипаты

1

4,5,2

Реф

1 апта

2

ДТ жүйесі

1

1,4,5

Тест

3

ДТ жүйесінің бағдарламасы

1

2,4,3

Реф

4

ДТ қағидалары

1

1,2

Реф

2-апта

5

ДТ әдіст. қоғамда көрінетін ДТ заңдылықтары

1

2,3

Сұрақ

6

ДТ құралдары мен ДЖ мазмұны

1

4,5

Тест

7

ДТ әдістері

1

1,3

Реф

3-апта

8

ДШ әдістерінің сипаттамасы

1

4,5,6

Реф

9

Қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету

1

1,4,3

Тест

10

Қозғалыс әрекетін үйрету үрдісінің құрылымы

1

1,4,6

Реф

4-апта

11

Қозғалыс әрекетін үйрету үрдісінің құрылымы

1

3,4

Реф

12

ДШ сапасының негіздері

1

5,6

Сұрақ

13

Дене қасиеттерін тәрбиелеу құралдары

1

4,5,6

Тест

5-апта

14

ДТ үрдісіндегі жеке тұлғаның бағдарламалық дамуы

1

1,4

Реф

15

ДТ үрдісіндегі интеллектуалдық бағыт

1

5,6

Реф

16

ДТ жаттығуы сабағын құрудың негіздері

1

4,2,5

Тест

6-апта

17

Білім жүиесі мен Дш жалпытеориялық қалыптасуы

1

1,4

Реф

18

Мектеп жасына дейінгі бөбектермен ДТ

1

4,5,6

Реф

19

ДТ мөлшерлік негізі мен мазмұны

1

2,4

Сұрақ

7-апта

20

Мектеп жасындағы баланың ДТ

1

2,4,6

Тест

21

ДЖ-ын жіктеудің негізгі белгілері

1

2,4,3

Реф

22

Мектептегі ДТ жүйесін жоспарлау және бақылау түрлері

1

2,5,6

Реф

8-апта

23

Қимыл қозғалыс іс әрекеттеріне үйрету

1

2,3

Тест

24

Сабақ мектептегі негізгі оқу түрі

1

4,5,6

Реф

25

ДТ сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу

1

4,2

Реф

9-апта

26

Баст. орта және жоғ. сыныптарда ДШ сабағын ұйым және өткізу әдіст.

1

1,2,3

Сұрақ

27

Мектепке дейінгі ДТ жүйесі бойынша мектептен тыс жұмыстар

1

4,5,6

Тест

28

Оқушылардың ДТ жүйесі бойынша мектептен тыс жұмыстар

1

5,6

Реф

10-апта

29

Ересек тұрғындар ДТ-нің негізгі бағыттары

1

4,1,3

Реф

30

Студент жастардың ДТ

1

2,4,3

Тест

31

Әскери күштердегі ДТ дайындығы

1

4,5

Реф

11-апта

32

Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметтері

1

1,2

Реф

33

Спорттық жарыстардың жүйесі

1

4,6

Сұрақ

34

Спорттық дайындық жүйесі

1

2,3,5

Тест

12-апта

35

Спорттық жаттығулардың сипаттамасы

1

4,5,6

Реф

36

Спорттық жат-дың заңдылықтары мен қағидалары

1

2,3

Реф

37

Спортшы дайындығының негізгі бөлімдері мен тараулары

1

1,4,5

Тест

13-апта

38

Спортық жаттығудың құрылымы

1

6,4,2

Реф

39

Спортшы дайындау көп жылдық үрдіс ретінде

1

1,5,6

Реф

40

Сп. дайындау жүйесіндегі басқару, жоспарлау және бақылау түрлері

1

4,2,5

Сұрақ

14-апта

41

Мұғалімнің сабаққа дайындығы

1

4,5

Тест

42

Табиғаттың сыртқы күшінің әсері мен гигиеналық фактор

1

5,6

Реф

43

Арнаулы дәрігерлік бөлім

1

5,6,1

Реф

15-апта

44

ЖОО студенттерінің ДТ. Өзіндік жұмыс

1

4,5

Тест

45

ЖОО студенттерінің ДТ. Өзіндік жұмыс

1

2,3,1

Реф

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. В.И. Сухарев Физиотерапия, массаж и лечебная физкультура. Москва – 1965

2. А.Г. Дембо Спортивная медицина и лечебная физическая культура. Москва – 1979.

3. А.А Бюриков, В.Е. Васелев Спортивный массаж. Москва – 1981

Қазақстан Республикасының

Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Шығармашылық мамандықтар » факультеті

«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы
«Дене шынықтыру және спорт ғылыми зерттеу жұмысының негізі » - пәні бойынша

050108 “Дене шынықтыру және спорт“ мамандығының студенттері үшін

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет