Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999
Лекция № 22
Спорттық жаттығулардың заңдылықтары мен қағидалары
-
Спортшыны дайындау сатылары. Алғашқы дайындық сатысы
2. Бастапқы мамандану сатысы
Дайындық әдетте мектеп жасынан басталып (спорттың кейбір түрлерінің одан да ерте), спорттық жаттығуды терең түсіне бастауынан келесі сатыға көшкенге дейін сақталады. Спорттың арнайы түрлеріне көшудің уақыты сол спорттың өзіне тән ерекшеліктеріне тығыз байланыты.
Спорттың бір түріне мамандандыру мектеп жасында басталады. Мәселен, мәнерлеп конъки тебу, суда жүзудің кейбір түрлсрі, ал басқаларында мәселен, ауыр атлетика, қайық есу, орташа және алыс қашықтыққа жүгіру шамалы кешірек басталады. Спорттық жаттықтыру турасында айту бұл жерде ерте, өйтксні ерекшелік сипаты мен денені жалпы дамыту, бұл сатыда тек қана алдағы жоспарлы жұмыс күйінде болады. Дайындық негізінде жаттығуларды орындау жалпы дене тәрбиесініц мақсатына қарай жеңіл түрлері бойынша өткізіледі. Жас спортшы педагогтың көмегімен әуелі спорттық жаттығулардың түр-түрін байқап көріп, содан кейін өзі бейім спорттың түрін таңдап жүйелі түрде дайындық жасай бастайды.
Бастапқы мамандану сатысы
Мамандандыру әсіресе жасөспірім шақта жалпы дайындықтан басталады. Бүл сатыдағы ең бастысы болашақ жетістікке лайықты негіз қалау, ағзаның біртіндеп дамуын қамтамасыз ету, оның жалпы қызмет деңгейін кәтеру, әр түрлі қимыл дағдыларды орындай білуге қол жеткізу. Спорт шеберілігінің негізін қалыптастыра бастау. Бұл сатыда жоғары нәтижеге ұмтылу шектелген мөлшерде жүзеге асады. Тәжирбе көрсетіп отырғанындай, бастапқы мамандандыру "көп сатылы" сипат алады. Мәселен ,жүзгіш ең алдымен жүзудің бірнеше түрімен, сол сияқты жеңіл атлетші де бірнеше сайыспсн айналысады. Бүл спортшының дайындығына басты бағыт беріп, спорт түрін таңдап алуда қателік жібермеуге жағдай туғызады. Кейбір жағдайда жас спортшы негізгі мамандыққа арнайы қарапайым жаттығуларды орындау барысында келеді. Мәселен, жаңа сайыса бастаған марафоншы әуелі қысқа' қашықтыққа жүгіруден бастайды. Мүндай жол қажетті жаттықтыру тәжірбиесін жинақтауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан да спорт түрін қалап аларда жас ерекшелігіне де қараған жөн болады.
Қарқынды жаттығулар көлемі алғашқыға қарағамда аздап өседі. Организмнің орндау қарқынының өсуі мен пісіп жетілуі кезеңінде тапсырманың мөлшерін шақтап отыру керек.
Жаттықтыруды кезеңге бөлудің де ерекшелігі бар. Бастапқы, \кёзде жаттығу макроцикліндегі жаттығулар дайындық қысқартылған күйде өткізіледі. Сонымен бірге микро жэне мезоцикліндегі тәсілдер мен тапсырманың таяу бағытта өлінемі кең түрде өзгеріп отырады. Макроциклдер көбінесе мектеп жасындагы кезеңге байланысты қысқарған мерзімде өтеді.
Осы сатыдағы жаттығу саласы аяқталуға жақындаған сайын жоғары спорттық нәтижеге жетудің мүмкіндігі айқындала түседі.
Бастапқы мамандану сатысы шамамен алғанда үш-төрт жыл болады, спортшының таңдап алған спорт түрінің ерекшеліктеріне байланысты бұл мерзімнің өзгеруі де мүмкін.

Лекция № 23
Спортшы дайындығының негізгі бөлімдері мен тараулары
-
Спортшы дайындығы
2. Спортшы дайындығының негізгі бағыттары
Дене тәрбиесінде спорт үлкен орын алады. Ол бірнеше жолдармен дәлелденеді. Ең алдымен дене тәрбиесі тәсілдері спорттық әрекеттерімен іске асырылады. Соңғы жыл ішінде халықаралық спорттық байлаыстың дамуы спорт беделінің өсуінің дәлелі. Спорттық ерекшеліктерінің негізін жарыс қимылдары құрайды,ол ерекше бәсеке жүйесі түрлерінін, әрекеттері, адам мүмкіндіктерін үйлестіру және дамыту. Басқа жарыс түрлеріне қарағанда спорттағы жарыс бәсеке түрінде құралады. Осыдан ол бақталастық қатыныстың ерекше түрімен мінезделеді, ешқандай келіспес қайшылықтарсыз әрекеттері мен жарыстың айқын регламенті, олардың үйлесімділігі, орындау жағдайлары және жетістіктері белгіленген ереже бойынша бағаланады.
Спорттағы жарыс әрекеттерінің мақсаты-адамның өз мүмкіндігін әрі қарай дамыту.- Сонымен спорт-қоғамдык көріністің көп қырлылығы. Өзінің даму саласында спорт дене тәрбиесінің қоғамдық рухани мәдениетінде де көрнекті орын алады.
Жалпы спорт-жарысу жұмыстары, оған арнайы дайындык. адамдар арасындағы өзгеше арақатынас қоғамда өте маңызды орын алады. Спорттың әлуметтік бағалылығы былай қорытындыланады - дене тәрбиесінің айла-амал әрекеттериін жиынтығымен; адамды еңбекке, қоғамға қажетті әрекеттерге дайындаумен бірге этикалық және эстетикалық тәрбиеге. қоғамның рухани талаптарын қамтамасыз етіп, халықаралык байланысты бекітіп, спорт жарыстарының түрлері, құралы мен тәсілі ретінде қаралады да, қабілеттілікті, іскерлікті және дағдыны жоғары дәрежеде дамытады.
Дене тәрбиесі тек қана спорт жүмысымен шектелмейді. оны дене тәрбиесінің жан-жақты қүралы ретіиде қарастырады.жоғарыда айтылғандай, спорт-көп қырлы қоғамдық құбылыс. Көбіне ол үлкен спортқа қатысты.Оның кейбір түрлерінің әрекеттері дене тәрбиесінің құралдары қатарына кірмейді, олар : шахмат, дойбы, тоғызқүмалақ т.с бұлар қозғалыс әрекеттерімен байланыты емес.
Спорт дене тәрбиесінің жан-жақтылығын көрсетеді. Дененің функционалды мүмкіндіктерінің жоғарғы талаптарға сай көтерілуі және педагогикалық салаға кіретін ерекше спорттық қимыл-қозғалыстар адамның жасымен, денсаулығы және адамның дайындық мөлшерімен сипатталады.
Арнайы спорттық жұмыспен шүғылданған соң, дене тэрбиесі тағы бір өзіндік ерекшелігі бар « спорттық жаттығу» саласымен мінезделеді. Сонымен жалпы дене тәрбиесінің дайындығы, кәсіптік қолданбалы түрі мен спорттық жаттығу дайындығы, дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттарына қосылады. Спорттық жаттығу үғымдары басқа да көптеген үғымдар сияқты бір мағына бермейді. Бүл көбінесе жаттығу жүйесін үйретуді біддіреді. Бірақ оның тура мағынасы басқа да болуы мүмкін. Мысалы ; "дене жаттығуы" , "ой жаттығуы" , "мінез қүлықты қалыпқа келтіру жаттығуы", "айналмалы жаттығу" т.б.
«Спортшы дайындығының» мазмүны мен әдістері тек жаттығумен шектеліп қоймайды. Басқаша айтқанда, жаттығу саласының аумағынан шығып кететін дайындық салалары да болады. «Спортшыны ауызша дайындаудың арнайы түрлері дайындықтың күнделікті өмірдегі гигиеналық факторлары жэне т.б.». «Спорттық жаттығу» дегеніміз әр түрлі қимыл-қозғалысты жаттығулар қолдана отырып, спортшы дайындау,
Ал «спорттық жаттғуды» спторттың бір түріне қажетті дене тәрбиесі деп қараймыз.
«Жаттықтыру» үғымы спорттық дайындық нәтижесінде денедегі болатын биологиялық қалыптасу, үйрену сияқты өзгерістермен байланысты. Бүл өзгерістер басты екі жағытта жүреді.(сурет 18.)
Біріншіден, құрылыстық және биохимиялық өзгерістер нәтижесінде дене мүшесінің жүмыс істеу үзақтығы өседі.
Екіншіден, қимыл- қозғалыс дағдысы қальштасып, окь: игеру жақсарады. Жаттықтыру ісі жоғары болған сайын. спортта белгілі жұмыстар нәтижелі, оңай орындалады.
«Жаттықтыру» - жаттығу нәтижесінде дененің белгілі жүмысты атқаруға бейімделуі.
Педагогикалық әдістер мен басқа да факторларды жалпы алып қарағанда спортшының жоғары нәтижелер көрсетуіне бағытталғанын көреміз, сондықтан да оларды үш жүйеге бөлеміз.
Спорттық жарыстар жүйесі; 2. Жаттығу жүйесі: 3. Жаттығу мен жарысты толықтырушы факторлар. Бүл жүйелер бір-бірімсп тығыз байланысты және өздеріне тән ерекшелітері болады. Жарыс жүйссі арнайы және арнайы емес жарыстардан тұрады. Ол жарыстардың көлемі, алатын орны, спортшылардың дайындық кезеңі және т.б. ерекшеліктеріне байланысты бөлінсді. Абсолюттік біріншілік жарыстары , әлем біріншіліктсрі, Олимпиада ойындарын қосқанда, ең жоғарғы орын алады. Мұндай негізгі және мақсатты жарыстар спортшы дайындығына қарап, жоғарғы спорттық қалыптың келу уақытына белгіленеді, жаттығудың жеке кезеңдері жоспарланады .
Спорттық жаттығуда айтылып кеткендей, спортшы дайындығының негізгі мақсаты әдісті үйрену болып табылады. Ол арнайы және жалпы жаттығулардан құралып, спортшы дайындығының өсуіне әсер етеді. Спорттық жаттығу толық жүргізілмесе де спортшы дайындығының қатынасын кейбір көптеген бөлімдерді қамтиды. Денені дамыту, эдіс-айла үйрену ерікті түрде тәрбиеленуге толық әсерін тигізеді, ал кейбір жарыстық жаттығуларды қимыл- қозғалыс шектеліп, бір бағытта ғана жүреді. Оларға қайталанатын жаттығулармеи қатар, қайталанбайтын және аралас жаттығулар да кіреді
Жаттығуларды орындағанда олар күш және төзімділікті қажет етеді. Төзімділіктің керектігіне қарай максималды, субмаксималды, үлкен және кіші жылдамдықгағы жаттығулар тобына бөлінеді. Сонымен қатар, қозғалыс жағдайына байланысты қимылдауды талап ететін әр түрлі қозғалыстардап қүралған жарыстық жаттығулар бар. Оларға спорттық ойындар, спорттық жеке жарыс түрлері жатады (күрес, бокс, қылыштасу т.б.)- Жоғарыда аталғандардан бұл жаттығулардың айырмашылығы дене қасиеттерінің жағдайы мен қозғалыс ырқына қарай тез қолдануға байланысты. Арнайы дайындық жаттығулары қүрамындағы жарыс элементтері олардың" түрлері керекті сапалық қасиеттерді көрсетуге мүмкіндік беретін қимыл-қозғалыстардан тұрады.
Жалпы дайындық жаттығулары сноргшының жалпы дене тәрбиесіне әсер ететін жаттығулар. Оған арнайы дене жаттығуларына ұқсас жаттығулармен қатар, өзге жаттығудар да қолданады. Жалпы дайындық жаттығуларын таңдағанда мына түрлеріне аса зор мән аудару керек. 1. Бүл жаттьнулар жан-жақты дене тәрбиесінің міндеттерін қанағаттандыратын болуы керек, ал денеснің сапалық қасиеттерін дамытатын жаттығулар, қозғалыс ойындары сол сияқты қосымша спорт түрлерінен таңдап алынуы керек.
Қазіргі уақытта жалпы төзімділікті шыңдауда қысқа қашықтыққа баяу жэне ауыспалы жылдамдықпен жүгіру, шаңғы тебу т.б. жаттығулар қолданылады. Күшті тәрбиелегенде штангамен орындалатын жаттығулар, спорттық ; гимнастикадан әр түрлі салмақтағы ауырлықтар мен қарсылықтар алынады. Қимыл - қозғалыс жылдамдығын тәрбиелегенде спринтерлік жаттығулар мен спорт ойындары қолданылады. Ептілкті тәрбиелегенде спорттық гимнастика, акробатика элементтері мен қозғалыс тепе-теңдігіне жоғары талап қойылатын ойындар қолданылады.
Спорттық іс-әрекеттің басты мақсаттарын алып қарағанда, жалпы дене тәрбиесіндегі спорттық мектеитің негізгі мақсаты- адамды өмірге дайындау болып табылады. Сонықтан да көп жағдайда өмірде қолданылатын жаттығуларға басты назар аударылады. 2. Дене тәрбиесі жаттығуларының жинағы спорт түрінің өзгешіліктеріне ұқсас болуы қажет. Дененің сапалық қасиеттері мен қимылдарының қалыптасуындағы түзу және (кері) ауысу заңдылығы сияқты әр түрлі дене тәрбиесінің жаттығуларының арасында тура және кері әсер ету болады. Осының өзінен-ақ жалпы дайындық жаттығулары әрбір спорт үшін өзгеше екендігі көрінеді. Кейбір қозғалыстардың бір-біріне үқсастығына қарамастан әр жағдайда өзінің орыны болады.
Спорттық жаттығу дене тәрбиесінің басқа түрлеріне қарағанда жарыс әдісі кеңінен қолданылады. Жаттығудың кейбір кезеңінде ол сабақты ұйымдастырудың басты кезіне айналады. Дайындығы жоғары болып, жарыс әдісін қолдану спортшының арнайы айлық жарысқа қатысу тәжирбесін жинауға, арнайы ерік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі, Бұлар жарыстық әдіс, спорттық жаттығу негізгі бөліктері
Қарастырылған спорттық дене тәрбиесі әдістерінін көпшілігі ғылыми терең мағынада пайда болып, қалыптасады да, спорттық жаттығу эдістерінің септігі молая түселі. Әдістердің бірін ғана бөліп алып қолдану алғашқыда бастаушы қызмет атқарады. Күрделі көп сатылы жаттығудың құрамында тек бір ғана болуы мүмкін емес, яғни спорт түрі ерекшеліктер,. жаттығу кезеңдері т.б. себептерді ала отырып, ғылыми және тәрбие жөнінде алынған әдістер ғана спортшынын дамуыні жақсы нәтиже береді.
Айтылған әдістер мен қүраддар спорттық жаттығуліг-іі: педагогикалық әсер ету әдістері де кеңінен колланылады. Бұл жаттығулар саласында жаттығудан тыс спортшы жаттығуларында қолданылады.
Спортшы дайындығының негізгі бағыттары
Жарыстың күрделілігіне байланысты спорттық жаттығуды әр түрлі бағытта пайдалануға болады. Спортшының жоғары нәтижелер көрсетуге бағытталған дайындығын ақтайтын кейбір жағдайдың дене тәрбиесіндегі жоғарғы нәтижелерге жетуге көмектесетін спортшының дене тәрбиесі бөлімдері әдістік жэне айлалық дайындық (әдіс пен айла үйрету бөлімдері) этикалық және спортшының арнайы мінез-құлық негіздерін (ерік, адамгершілік, арнайы мінез-құлык қасиеттеріы дамыту) біріктіреді.
Сонымен қатар, спорттық жаттығу құрамында спортшының арнайы және жалпы бағыттағы дайындығы кіруі мүмкін. Бұл жағдайда жаттығу құралы мен спортшы дайындығы спорт түрін игеруге көмекші салаларымен байланысты. Ал арнайы дайындық спорттық дамуға көмектесіп, жалпы тәрбие саласына кіреді. Спорттық жаттығу қүрамына басты салалардан басқа дайындықтар да кіреді.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999
Лекция № 24
Спорттық жаттығудың құрылымы
-
Спортшыны дайындау сатылары. Алғашқы дайындық сатысы
2. Бастапқы мамандану сатысы
Дайындық әдетте мектеп жасынан басталып (спорттың кейбір түрлерінің одан да ерте), спорттық жаттығуды терең түсіне бастауынан келесі сатыға көшкенге дейін сақталады. Спорттың арнайы түрлеріне көшудің уақыты сол спорттың өзіне тән ерекшеліктеріне тығыз байланыты.
Спорттың бір түріне мамандандыру мектеп жасында басталады. Мәселен, мәнерлеп конъки тебу, суда жүзудің кейбір түрлсрі, ал басқаларында мәселен, ауыр атлетика, қайық есу, орташа және алыс қашықтыққа жүгіру шамалы кешірек басталады. Спорттық жаттықтыру турасында айту бұл жерде ерте, өйтксні ерекшелік сипаты мен денені жалпы дамыту, бұл сатыда тек қана алдағы жоспарлы жұмыс күйінде болады. Дайындық негізінде жаттығуларды орындау жалпы дене тәрбиесініц мақсатына қарай жеңіл түрлері бойынша өткізіледі. Жас спортшы педагогтың көмегімен әуелі спорттық жаттығулардың түр-түрін байқап көріп, содан кейін өзі бейім спорттың түрін таңдап жүйелі түрде дайындық жасай бастайды.
Бастапқы мамандану сатысы
Мамандандыру әсіресе жасөспірім шақта жалпы дайындықтан басталады. Бүл сатыдағы ең бастысы болашақ жетістікке лайықты негіз қалау, ағзаның біртіндеп дамуын қамтамасыз ету, оның жалпы қызмет деңгейін кәтеру, әр түрлі қимыл дағдыларды орындай білуге қол жеткізу. Спорт шеберілігінің негізін қалыптастыра бастау. Бұл сатыда жоғары нәтижеге ұмтылу шектелген мөлшерде жүзеге асады. Тәжирбе көрсетіп отырғанындай, бастапқы мамандандыру "көп сатылы" сипат алады. Мәселен ,жүзгіш ең алдымен жүзудің бірнеше түрімен, сол сияқты жеңіл атлетші де бірнеше сайыспсн айналысады. Бүл спортшының дайындығына басты бағыт беріп, спорт түрін таңдап алуда қателік жібермеуге жағдай туғызады. Кейбір жағдайда жас спортшы негізгі мамандыққа арнайы қарапайым жаттығуларды орындау барысында келеді. Мәселен, жаңа сайыса бастаған марафоншы әуелі қысқа' қашықтыққа жүгіруден бастайды. Мүндай жол қажетті жаттықтыру тәжірбиесін жинақтауға мүмкіндік туғызады. Сондықтан да спорт түрін қалап аларда жас ерекшелігіне де қараған жөн болады.
Қарқынды жаттығулар көлемі алғашқыға қарағамда аздап өседі. Организмнің орндау қарқынының өсуі мен пісіп жетілуі кезеңінде тапсырманың мөлшерін шақтап отыру керек.
Жаттықтыруды кезеңге бөлудің де ерекшелігі бар. Бастапқы, \кёзде жаттығу макроцикліндегі жаттығулар дайындық қысқартылған күйде өткізіледі. Сонымен бірге микро жэне мезоцикліндегі тәсілдер мен тапсырманың таяу бағытта өлінемі кең түрде өзгеріп отырады. Макроциклдер көбінесе мектеп жасындагы кезеңге байланысты қысқарған мерзімде өтеді.
Осы сатыдағы жаттығу саласы аяқталуға жақындаған сайын жоғары спорттық нәтижеге жетудің мүмкіндігі айқындала түседі.
Бастапқы мамандану сатысы шамамен алғанда үш-төрт жыл болады, спортшының таңдап алған спорт түрінің ерекшеліктеріне байланысты бұл мерзімнің өзгеруі де мүмкін.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999
Лекция № 25
Спортшы дайындау көп жалдық үрдіс ретінде
1. Спорттың көпжылдық сатысы
2. Терең жетілдіру сатысы.
Жаттығу қанша тиімді өткізілсе де, ерте ме, кеш пе ағзаның қызметі мен бейімделуінің төмендеуі жасқа байланысты болады. Бүл меже сөзсіз және іс жүзінде көп жағдайларға байланысты. Спорттың кейбір түрлерін алатын болсақ, алыс қашықтыққа жүгіру, шаңғыда, тіпті ауыр атлетикада 40-тан асқаннан кейін де көзге түсетіні белгілі.
Әдетте 35-40 жаста жаттықтыру саласын қайта құру жалпы жүмыс қабілетін ұзақ сақтау және арнайы спорт дағдысын жоғалтпау бағытында өтеді. Кейбір жағдайда бұрын қалыптасқан қабілеттер қамтамасыз етіледі және жетілдіреді.
Жыл өткен сайын бүл сатыдағы жаттығудың мазмұны сауықтыру сипатын алады, белсенді демалыс түрі пайдаланылады, жарыс рөлі төмендейді. Тапсырманың өсу жолы енді белгілі бір уақыт ішінде және кейбір жаттығу тобында ғана сақталады. Соған сэйкес жаттығу саласының мазмұны да қайта кұрылып жаттығу тіршілік - әрекет жасау бөліктеріне бағынышты болып қалады.
Спорттық жаттығудың көп жылдык сатысы осындай сипатта болады. Осы заңдылықтармен қазір көптеген ғылыми ұйымдар нақты айналысуда. Бұл салада ғылыми күштің бір ғана арнаға тоғысу себептері белгілі: ол спорттың қоғамдағы маңызын, адамның жан-жақты өсіп жетілуіне жағдай жасау қажеттігінен туындайды.
Спортпен шүғылданудың көп жылдық саласын жіктеп көрсету оңай шаруа емес. Іс жүзінде сан қилы қырларына жалпы шолу жасағанда аса ірі буындарын сапалық көрсеткіштеріне орай үш кезеңге бөлуге болады :
1. Базалық дайындау кезеңі
2. Спорттық мүмкіндіктерді жүзеге асыра білу кезеңі
3. Ұзақ жылғы спортқа бейімделу кезеңі
Терең жетілдіру сатысы.
Көп жағдайда бұл сатыда дайындаушылардың жас мөлшері 17-40 жас аралығында болады. Бұл - спортпен мейілінше белсенді айналысатын, спорттық қабілеттің шарықтайтын және жоғары спорттық нәтижелерге жететін шақ.
Бұл сатыда спорттық жаттығулардың арнайы заңдылықтары айқын көрінеді. Дененің даму, айлалық, тактикалық жэне психологиялық дайындықтың үлес салмағы арнаулы дайындық уақытының көбеюіне байланысты айтады. Бұл сатыда жаттықтыру тапсырмаларының жалпы көлемі мен қарқынына, спортшылардың жеке қабілетіне байланысты беріледі. Осыған орай жарыс тәрбиесі оған басты себеп болатын жаттықтыру мен құрылы мен мазмүны да кеңейе түседі
Спортшының жоғарғы жетістік дәрежесіне ұмтылуына қарай, спорттық көрсеткіштің өсуінің азаятындығы белгілі. 6-8 жылдан кейін терең мамандану жаттығуындағы жетістіктің уақытынша құлдырауы байқалады. Ол екі түрлі себепке байланысты : биологиялық (жасқа байланысты организмнің бейімделу мүмкіндігінің азаюы) және көп жылғы жаттығу әдістемесінің жетілмеуінен болады. Бүл жағдайда осы сатыдағы макроциклдерде жаттығу мазмұны мен құрылымын өзгеріп отыруы ерекше орын алады.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999
Лекция № 26
Спортшы дайындау жүйесіндегі басқару, жоспарлау және бақылау түрлері
-
Ұзақ жылғы спортқа бейімділік кезеңі
-
Базалық дайындалу кезеңі
Жаттығу қаншалықты тиімді жүргізілмесін бәрібір ерте ме, кеш пе, әйтеуір спортшы жасының үлғаюына байланысты жоғары спорттық көрсеткіштерге жету мүмкіндігінен айрылады. Бұл кезде спортшы жеке дайындық жұмысын жүргізіп, спорт әлеміндегі өмірін ұзартуға тырысып бағады. Біз жекелсген спорт түрін кейбіреулердің жоғарғы нәтижені 30-35 жасында да көрсетіп келе жатқанын көреміз. Мәселен , ауыр атлетикашылар, алыс қашықтыққа жүгіретін желаяқтарды атауға болады. Әрине , ол үшін де жағдай қажет екендігі түсінікті. Спорттық мамандандырудың 8-10 жыл өткен соң, спорттық нәтиженің төмендей бастайтыны байқалады. Бұл өзіміз жоғарыда айтқандай жастың үлғаюына байланысты және қолданып жүргсн жаттығудың әдістемесін толық меңгермеудің нәтижесінен болуы ықтимал, Бірақ кейбір спортшы сол «өзі жеткен жоғарғы спорттық нәтижені сақтап қалуға тырысады.
Базалық дайындалу кезеңі
Бұл кезең жобамен алғанда 4-6 жылдай уақытқа созылады (ең алдымен спортқа қаншалықты бейімді екендігіне жэне таңдаған спорт түрінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады). Спорттағы базалық дайындалудың негізгі мақсаты болашақтағы жоғарғы көрсеткіштерге жақсы негіз қалау ; организмнің жан - жақты дамуын қамтамасыз етіп, оның шекті және көндігу мүмкіндігінің жалпы деңгейін үлғайту ; түрлі қимылдар жасауға үйрету және соған дағдыландыру; спорттық шеберліктің бастапқы негізін қалыптастыру. Бұл кезеңде мүмкіндік шегін тиімді падаланып, жақсы спорттық көрсеткіштер керсетуге кезекті міндет ретінде көңіл бөлінеді. Бар мүмкіндік алдағы күндерге сақталып, әлгі айтқан жоғарғы спорттық жетістіктері басты мақсат етіліп, алға қойылады. Бүл кезеңді екі ірі топқа ; алдын ала спорттық дайындалу және бастапқы мамандандырылу кезеңіне бөлуге болады.
Алдын ала спорттыақ дайындалу кезеңі әдетте мектептің төменгі сыныптарынан басталады. Кейде оның ертерек басталуы да мүмкін . Ол спорттық мамандандырылу шағы басталған кезде аяқталады. Бүл шақтағы спорттық жаттығулар туралы тек шартты түрде айтуға болады, себебі спорттық жаттығу саласы белгілері бұл кезде жаңа ғана байқала бастайды. Сабақ негізінен жалпы ортақ дене дайындығы кезеңдерін игеруден басталады. Спорттық білімнен жалпы мағлумат қана бсріледі. Озық әдістерге сүйенер болсақ, бүл шақта спорттық қызығушылық бойынша тар ауқымда шектеліп қалуға болмайды. Ең дүрыс жол спорт әлемін жаңа қадам басқан әр жасқа өз мүмкіндігін толық, жан жақты қолдана отырып, өз күшін әр салада сынап көру, осыдан соң спорттық мамандандырылған пәнді тацдап алуына мүмкіндік беру. Сонда гана спорттан үлкен жеңістіктер күтуге болады.
Адам ағзасы түрлі жағдайға тезірек икемделеді, сонымен шұғыл дамитын кезеңді дөп басып, қолдан шығарып алмаудын мәні зор ексні белгілі, ал екінші жағынан тар ауқымды мамандандыру мен шектеліп қалып, таяу мерзімдегі уақытша ғана үлкен жетістіктерге малданып қалуға тағы болмайды. Бұл ксздс түтанып барып шапшаң өшетін от тәрізді ғұмыры тым шолақ спорттық жетістік болады.
Спорттық нәтижені сақтау кезеңінде алдымен жаттығудың жалпы колемін аиықтап қалыптастыру ісі қолға алынады. Осы кезеңде жаттығудың көлсмін ұлғайтудың берері мол екендігін көріп жүрміз. Сонымен бірге, спорттық әдіс айласын жарыстарда жииақтаган тәжирбені қолдана отырып, стпортшы өзініц жоғары деңгейдегі спорттық бабын сақтай алады. Бұл аралық 35-40 жасқа дейін созылады. Бұл кездегі спорт жүмысында жалпы үйлестіру, сауықтыру бұл шақта тоқтатылады. Оның себебі адамның еңбек ету қабілетін сақтап, бір деңгеде ұстау үшін оған артық күшті түсіру тиімсіз. Әрине нағыз спортшы өзінің сүйікті спорт түрінен қол үзбейді. Тек оның атқаратын ісінің мазмұны ғана жаңа сипатқа ие болады. Спортпен ұзақ уақыт айналысудың нәтижесінде бүл кезде адамның еңбекке деген қабілеті жоғары болады.
Спорттағы жаттықтыру тапсырмаларының құрылымының ерекшеліктері толық күш түсіру кестесі мен спортшының тәуліктік және апталық кестесіндегі демалыс уақытынан туындайды. Жоғары дәрежедегі спортшы күнделікті жаттығуда алғашқы сабақта қалай болса, одан кейінгілерінде де солай болады, кей ретте оның құрылымының кейбір белшектері өзгертілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |