Лекция: 45 сағат Семинар: 15 сағат СӨЖ: 60сағат обсөЖ: 60 сағат Барлық сағат саны: 180


ЛЕКЦИЯ 10. Ауғаныстан, Иран, Туркия халықтарының саяси азаттық үшін күресі



бет8/16
Дата24.02.2016
өлшемі1.32 Mb.
#13310
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

ЛЕКЦИЯ 10. Ауғаныстан, Иран, Туркия халықтарының саяси азаттық үшін күресі.

Жоспары:

1. Осман мемлекетінің I- дүниежүзілік соғысқа араласуы.

2. Мондрос бейбітшілік келісім шарты.

3. Стамбұлды Одақтас мемлекеттердің жаулап алуы.

4. Түркия ұлы ұлттық Мәжілісі.

5. Лозан конференциясы және оның шешімі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Розалиев. Ю. И Новая и Новейная история стран Азии и Африки м. 1987.

Новейшая история стран зарубежной Азии и Африки. и 1959.

Қосымша әдебиеттер:

3. Страны мира м. 1997ж


Лекцияның мәтіні:

Осман мемлекетінің І-Дүниежүзілік соғысқа араласуы Осман мемлекеті І-Дүниежүзілік соғыстан бұрынғы жеңілістердің (Траблустар, I және ІІ-Балкан соғыстары) әсерінен әскерін күшейтуге кірісті. Сонымен қатар, екіге бөлінген Еуропада өзін саяси жалғыздықтан құтқару мақсатыңда бірнеше одақтасу әрекеттерін жүзеге асырды.

Осман мемлекеті алғашқы одақтасу ұсынысын одақтас мемлекеттер Англия және Францияға жасады. Алайда, бұл әрекеттерінен нәтиже шықпады. Ресейдің түбектер мен шығыс қара теңіз, сонымен қатар шығыс Анадолмдағы жерлерді талап етуі; Англияның Османдықтардан немістермен байланысын үзуді талап етуі сияқты жағдайлардың салдарынан нәтижеге қол жеткізе алмады. Тіпті, ақшасы төленсе де Османдықтарға екі әскери кемесін бермеді. Одақтасу әрекеттерінен нәтиже шықпағаннан кейін Осман мемлекеті Германиямен келісімге келуді қалады және араларыңда жасырын түрде келісім жасалды. І-дүниежүзілік соғыстың басталуынан біраз уақыт өткеннен соң Жөрорта теңізінде жүрген Бреслав пен Гобен неміс кемелерін Англия мен Франция әскери кемелері қуғаннан кейін олар Чанаккале бұғазынан өтіп, Стамбұл аймағына келіп жетті. Англия Осман мемлекетінен немю бақылаушы кемелерін тапсыруды талап етті. Алайда, Осман мемлекеті бермеу мақсатымен оларды сатып алғандығын айтты. Осылайша, Осман қызметіне кірген кемелердің капитаны неміс адмиралы Шосон біраз уақыт өткеннен кейін Енвер пашаның жасырын бұйрығымен Осман әскери күшімен бірігіп, қара теңізге шықты және орыстардың әскерімен соғысады. Сонымен қатар, орыс аймақтарын да атқылайды. Сөйтіп, Осман мемлекеті Германиямен бірге соғыс әрекетіне кірісті.

І-дүниежүзілік соғыста Осман қарулы күштері Кавказ, Польша, Македония, Румыния, Добружа, Иемен, Ливия, Синай, Палестина, Ирак, Сирия және Иран майдандарыңца соғысты. Бірнеше майдаңда жеңіліс тапқанына және Чанаккале майданында 250000 әскерін жоғалтқанына қарамастан өте үлкен жеңіске қол жеткізді. Алайда, соғыстың Антанта (одақтас) мемлекеттердің пайдасына шешілуі Осман мемлекетінің жеңілуіне әкеп соқтырды. Мондрос бейбітшілік келісімшарты Осман үкіметі соғысты әр қарай жалғастырудың қажеті жоқ екендігін. түсініп, соғысты тоқтатқысы келді. Бұған қоса Англия Үкіметі де кездееуге дайын екендііаерін білдірді.



ЛЕКЦИЯ 11. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Азия және Африка халықтары.

Жоспары:

Түркия екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.

Египет екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында.
Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Новейшая история стран Азии и Африки. ХХ век. Учебник дщля студентов высших учебных заведений: В 3 Ч/Под.ред. А.М.Родригеса-М: Гуманит. Изд.Центр ВЛАДОС, 2001 –Ч. 1 -3:

Новейшая история стран Азии и Африки. ХХ век. Учебник для студентов высших учебных заведений: В 3Ч/.ред. А.М.Родригеса-М: Гуманит. Изд.Центр ВЛАДОС, 2001 –Ч. 1 -3:
Қосымша әдебиеттер:

Два напрравления социально-экономического развития в Африке. М., 1980.

Зарубежниы Восток и современность Тт. 1-3. М., 1980.
Лекцияның мәтіні:

30 жылдардың ортасында Кемал қайта құрулары оңды нәтижесін берді . Елдің экономикалық және саяси жағдайы нығайтып, Туркияның беделі өсті. Бұл түрік дипломатилисына бірқатар сыртқы саяси қадам жасап Анкаралық үкіметтің әлемдік

аренадағы беделін көтеруге мүмкіндік берді. Оның бірі Швейцарияның Монтрё қаласындав Қара теңіз бұғаздарының режимін қайта құруға арналған конференцияны өткізу. Оған қатысушы елдер қабылдаған конвенцияда түрік үкіметінің бұғаздардағы қауіпсіздікті сақтау іс – шаралары ескріліп, Анкараға оларды релиститаризациялау құқын берді. Ататүріктің өмірінің соңғы жылдары мен ол қайтыс болғаннан кейін ( 1938ж) бір партиялық жүйе режимі әлсірей бастады. Бірақ одан кейін де ел басшылары екінші әлем соғысы қарсаңында халықаралық қатынастар шиеленісе түскенін ескере отырып осы жүйені сақтауды жөн көрді.

Соғыс басталғаннан кейін Түркия бейтараптық жариялады. 1945 жылы ақпан айында Германияның жеңілетіндігене көзі жеткеннен кейін Германия мен Жапонияға соғыс жариялады. Осы акцияның салдарынан ол БҰҰ – ң құрылтайшысы елдер қатарына қосылуға ---- мүмкіндік алды. Бірақ халықаралық аренадағы беделі төмендеді әсіресе КСРО мен қатынастары нашарлады. Сондықтан Туркияның басшылары ішкі және сыртқы саясатты түбегейлі өзгертті.

Германия КСРО – ға қарсы шабуыл жасағаннан кейін Иранда профашистік көңіл күйі өсіп, ол Гитлерге қарсы коапиции елдерінің белсенділігін арттырды. У. Черчилим ұсынысымен Англия мен КСРО Иранға оккупация жасады. 1941 жылы қыркүйекте Оңтүстік Иранға ағылшын әскері , ол солтүстігінен кеңес әскері кіргізілді. 1921 жылы Кеңес – Иран келісімнің 6 бабына сәйкес 27 – тамыз күні Фарум басқарған жаңа үкімет Ираннан Германияның дипламатиялық өкілдерімен агенттерін қууға уәде берді. Бірақ Реза шах бұл уәдені орындамады. Елде наразылық өсті. Реза шах тақтан бас тартуға мәжбүр болды. Орнына оның ұлы Мұхаммед Реза Пехлеви отырды. Фашистік агентура жойылды.

29 қаңтар 1942 жылы Тегеранда КСРО,Ұлыбритания, Иран арасында одақ туралы келісім жасалды. Осының негізінде Иран территориясы арқылы КСРО – ға қару – жарақ пен материалдар тасымалданды. 1943 жылы 9 қыркүйекте Иран формальді түрде Германияға соғыс жариялады, бірақ Иран әскері әскери қимылдарға қатысқан жоқ.

Египет.

Соғысқа Германия жағында Италияның кірісуі, тынық мұхиттағы соғыс, Жапонияның Үндістанға қауіп төндіруі, алдынғы Азиядағы әскери қимылдар мен қиындықтар Египеттегі ағылшын қорғаныс жүйесінің маңызды нүктесіне айналдырды. Осында ағылшын әскери басшылығының штаб, және Таяу Шығыс пен Шығыс Африкадағы одақтас елдер әскерін қамтамасыз ету орталығы орналасты. Италия Абисиилияны басып алғаннан кейін, Англия Египеттің қорғанысын күшейітті. Әскери Жерорта теңізіндегі ағылшын флотының негізгі базасы – Александрияны нығайтты.



1940 жылы Муссолини Англия мен Францияға соғыс жариялап, Египетке шабуыл жасамайтындығын ескертті. Египет Италиямен дипломатиялық қатынастарды тоқтататты. 1940 жылы маусымда итальян әскері Египетке қарсы шабуыл бастап, Эс- Соллумды басып алды. 1940 жылы желтоқсанда шабуыл тоқтатылды. 1941 жылы көктемде герман – итальян әскері Египетке басып кірді, ал 1941 жылы қарашада ағылшын әскері шабуылға шығып, 1942 жылы Египет азат етілді. Үш айдан кейін герман- итальян әскері генерал Релемельдің басқарумен басып кірді. 1942 жылы Александрияға мен АҚШ –ң көмегімен Эль- Аламетна маңында қорғаныс ұйымдастырылды.Эль – Алемейна маңында болған ірі шайқас ағылшын әскерінің жеңісімен аяқталды. 1945 жылы ақпанда Египет формальді түрде Германия мен Жапонияға соғыс жариялады, бұл оған 1945 жылы мамыр – маусымда өткен БҰҰ – н құрған конференция қатысуға құқық берді.

Судан екінші әлем соғыс жылдарында әскери қимылдар аренасына айналды. Судандықтар әскерге шықырылды, еңбек корпустары құрылды, жаңа салықтар енгізілді. Отаршылдық жүйенің дағдарысымен Судан халқының тәуелсіздік үшін күресінің жаңа кезеңі басталды. Жаңа саяси партиялар құрылды. 1945 жылы британ үкіметінің қолдауымен феодалдар мен компрадорлардың Аль – Умма партясы құрылды. Коммунистік идеялар да кең тарады. 1946 жылы Суданда коммунистік партия құрылды.


ЛЕКЦИЯ 12. Екінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Азия және Африка халықтары.

Жоспары:

1. Африка елдері екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

Новейшая история стран Азии и Африки. ХХ век. Учебник дщля студентов высших учебных заведений: В 3 Ч/Под.ред. А.М.Родригеса-М: Гуманит. Изд.Центр ВЛАДОС, 2001 –Ч. 1 -3:

Новейшая история стран Азии и Африки. ХХ век. Учебник для студентов высших учебных заведений: В 3Ч/.ред. А.М.Родригеса-М: Гуманит. Изд.Центр ВЛАДОС, 2001 –Ч. 1 -3:

Қосымша әдебиеттер:

Два напрравления социально-экономического развития в Африке. М., 1980.

Зарубежниы Восток и современность Тт. 1-3. М., 1980.
Лекция мәтіні:

Африкада ІІ д.ж.с.жылдарында сахара шөлінің Оңтүстігіне қарай белсенді соғыс қимылдары жүргізілмеді. Тек Эфиопия, Эретрия және Сомалиде ғана соғыс қимылдары жүрді. 1940 ж тамыз айына қарай Италияның әскери жасақтары Британдық Сомали Кенияны және Суданның кейбір аудандарын басып алды. Алайда Эфиопиялықтардың әскери азаттық қозғалыстарының күшеюі бір жағынан Кения мен Судан халықтарының Ағылшындықтарға көмек беруі, екіншіден, әскерлерін 150 мыңға жеткізгеннен кейін Британ әскери басшылығы әскери қимылдарын бастады. Мықты шабуылдың арқасында 25 ақпанда Сомалидің астанасы Могодимоны, 1 сәуірде Эретрияның ең басты қаласы Амаруды Итальяндықтардан азат етті. 6 сәуір күні Эфиопиялық партизандардың көмегімен Аддес-Абебуны басып алды. 20 мамырда Шығыс Итальяндық армия күлталқан етіліп тізе бүкті. Осыдан кейін Британ басшылығы осы жердегі әскери күшті соғыс болып жатқан басқа жерлерге жіберді.

Метрополияның күштеуімен армияға шақырылған 100 мыңдаған адам Солтүстік Африка, Батыс Европа, Таяу Шығыс, Бирма мен Малая да соғысуға мәжбүр болды. Жарты милионға жуық Африкандықтар әскери көмекші бөлімдерде қызмет етті.

Француздық Африкандық иеліктеріндегі соғыстарда жеңілуі, осы жерлерде Германия құрған Виши үкіметі мен мойынсұмбағандар арасында қарулы қақтығыстар орын алып тұрды. Нәтижесінде генерал Деголь жеңіп шықты. 1944 жылы қаңтар, ақпан айларында Браззавильді Африкадағы Француз отарларының соғысының кейінгі статусы жайында конференция өтті. Осы кездесуде тұрғылықты халықтың өкілдерінен басқару билігін сайлау үшін барлығына бірдей құқық беру және қоғамдық өмірді демократияландыру мәселесі қаралды. Алайда Браззавилде қаралған бұл декларацияға Француз комитеті қол қоюға асықпады.

Соғыс жылдарында Европалық мемлекеттер Африкандықтарды пайдалану мәселесінде екі бағыт ұстанды. Бір жағынан Гитлерлік одақпен күресу кезінде Африкандық адам ресурсын барынша пайдалану, екінші жағынан тұрғылықты халықтың қолына заманауи қаруға жолатуға қорықты. Көбінесе оларды көлік айдаушы, керуенші және саперлық бригадаларда ұстады. Европалықтар құрған орталық армияларда нәсілдік кемсітушілік жиі орын алып тұрды. Соның ішінде бұл іс-әрекеттер Ағылшын әскерлерінде көбірек байқалды.

Соғыс жылдарында метрополиялардың беделінің түсуі нақты айтқанда 1941-1942 жж Европа мен Африкадағы жеңілістері, екінші жағынан 1941 ж тамызда Англия мен АҚШ үкіметтері Атлантик хартиясына қол қоюы және фашизмге қарсы соғыста Кеңестік одақтың негізгі ролінің басым болуы Африка аумағында отаршылыққа қарсы көзқарастар көбейе түсті.

Әлеуметтік –саяси және экономикалық өзгерістер метрополия мен отар арасында бітпес шиеленіске апарды. Соғыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалыстардың құрылуы, соғыстан кейінгі жылдарда беделі төмендеген отаршыларға қарсы күрестердің жандануына әкелді.

1945 ж Манчестер (Англи) қаласына Ү Панафрикандық конгресс жұмысын бастады. Бұл конгрестің жұмысы тарихи кезеңге сай келді. Европалық қозғалыстарда фашизмнің жеңілуі, Азияда алғашқы тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, осының барлығы Африкандық кандидаттарға үміттенуге негіз болды. Осы конгрессте жұмысшы кәсіподақтарының басшылары, ауыл шаруашылық өкілдері, ұлтшыл интеллигенция, соғысқа қатысқан солдаттар қатысты. 200-ден астам делегат баяндама оқып, нақты отаршыларға қарсы іс-қимылдар көзделгені айтылды. Осы конгресте халықтың революциялық толқуларына қолдау көрсету керек деп, маңызды төрт резолюция қабылданды: «отар державаларына қарсы үндеу», «отар елдеріндегі жұмысшылар, шаруалар және зиялыларға үндеу», «БҰҰ-на меморандум». Үндеу текстінде барлық отар халықтарына елдің және бүкіл Африканың тәуелсіздігі үшін күреске ұйымдасуға және күрес барысында қолдан келетін барллық нәрсе жасауға, керек болса, қарулы соғысқа дайыын болуға шақырды. Ү Панафрикандық конгрес Африка халықтарының отаршылдыққа қарсы күресінде нақты талап қоюға және бағдарлама құруына көмектесті.

ІІ д.ж.с-тың аяқталуы, іс-жүзінде Африканың саяси картасын өзгертпеді. Алайда отар экономикасының дамуы нәтижесінде Африкандық буржуазия мен жұмысшылар қатары ұлғая түсті. Ауыл тұрғындарының көптеп қалаға шоғырлануы тайпалық ақсүйектер билігінің төмендеуіне апарды. Соғыс жылдарында Африка Батыс елдері мен АҚШ үшін азық-түлік және шикізат базасына айналған. Соғыс жылдарында соғыс шығынан Африка халықтарына жүктеу арқылы өз экономикаларын құлдыратпай ұстауға тырысты. 1941 жылға «Атлантик хартиясының» саяси басқаруының таңдауы болды, деген уәдесін Англия орындамады. Унистон Черчель, «Жоғарғы мәртебелінің 1-ші министрі болып, Британ империясын күйрету үшін тағайындалған жоқпын» деп мәлімдеді. Одан кейін келген К.Этли либералистік паритяның атынан Черчельдің сөзін қуаттап, хартияның мәтіні Африка халқына арналмаған деп мәлімдеді. Француз отарларындағы губернаторлар да өзін-өзі басқару және автономия алу мәселені бүгін, ертең немесе болашақта да берілуі мүмкін емес екендігін айтты.

Африка халықтарының отаршыларға қарсы күресі әр түрлі формада жүргізілді. Стихиялық және ұйымдасқан, бейбіт және қарулы көтерілістер. Күрестің түрі, әдісі және мүмкіншілігі Африка Халықтарының қоғамдық және әлеуметтік дамуына, этникалық және ұлттық ерекшеліктеріне дәстүрлі өмір қоғамына әлеуметтік таптарына және отарлық басқару жүйесіне қарай әр түрлі болды. ал соғыстан кейінгі жылдарда «Қара Африкадағы» ұлт-азаттық қозғалыстьардың бәсеңдеуіне Африканың жан-жақты артта қалуы әсер етті. Сонымен қатар Азияға қарағанда Африкада көп ғасырлық Европалық құл саудасы және капитаоистік экономикалық жүйеге толық кіруі, бұл жердегі ұлт-азаттық қозғалыстар созылмалы әрі кезеңімен жүргізді. «Қара Африкадағы» ұлт-азаттық қозғалысты үш кезеңге бөле аламыз:



  1. 40-50 жж. – Салыстырмалы түрде бейбіт кезең. Бұл кезеңде Африка халқы ереуілде, демонстрациялар, митингілер жасаумен шектелді.

  2. 50 ж соңы мен 60 ж ортасы –бұл кезеңде отаршылыққа қарсы күрестің өз шыңына жету кезеңі. Осы уақытта көптеген Африка елдері тәуелсіздік алды.

  3. 60ж ортасы мен 80 ж соңы –бұл уақытта Африка халқы Партугалия отарларында және Оңтүстіктегі нәсілдік кемсітушілікке қарсы қарулы, партизандық күреспен сипатталадды.

Соғыс біткен жылдарда барлық елдерде саяси ұйымдар көптеген ашылды. Алайда кейбір отарларда тұрғылықты халықтың саяси істерге араласуына қатаң тыйым салынды. Осындай жерлерде мәдени ағартушылық ұйымдар ашылды, осы ұйымдарды жамылып саяси іс-әрекеттер жасады.

ЛЕКЦИЯ 13. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері. Отаршылдық жүйенің күйреуі.

Жоспары:

  1. Отаршылдық жүйенің құлауы.

  2. Африкада тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы.

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:

Қосымша:
Лекция мәтіні:

Азияда отарлық система күйрегеннен кейін империалистер Африканы тонауын күшейтті. Бірақ Африка елдерінде де орталық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозгалыс өріс алды. Африка халықтарының ұлттық тәуелсіздігі жолындағы күрес орталықтарының бірі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Солтүстік (Араб) Африка болды. 1952 жылы Италияның бұрынғы отары Ливияның тәуелсіздігі жарияланды. Мароккода, Тунисте және Алжирда ұлттық-азаттық қозғалыс үлкен өріс алды. Бұл елдерде еңбекшілер мен ұлт буржуазиясының антиимпериалистік біртұтас майданы құрылды.

Француз империалистері ұлт буржуазиясының кейбір бөлігімен астыртын келісу жолымен ұлт-азаттық қозғалысты ыдыратуға әрекет жасады. Бірақ ол әрекеттерінен түк шықпады. Мароккода француз отаршылдарына қарсы көтеріліс басталды. Оны ірі соғыс күштерінің және авиацияның көмегімен басуға мүмкіндік болмады. Француз үкіметі мароккандықтармен келіссөз бастауға, ал 1956 жылдың мартында Марокконы тәуелсіз деп тануға мәжбүр болды. Франциялық Марокконы Испанияға тиісті бұрынғы бөлігімен біріктіргеннен кейін сұлтан бастаған дербес Марокко мемлекеті құрылды.

1956 жылы Франция Тунистің тәуелсіздігін де мойындауға мәжбүр болды, Тунис 1957 жылы демократиялық республика болып жарияланды.

Ұлт-азаттық қозғалыс бірқатар ағылшын отарларында да жеңіске жетті. Республика болып жарияланған Судан ұзақ күрестен кейін, 1956 жылы марта Англияның Золотой берег отары тәуелсіздік жолындағы қажырлы күресі арқылы доминион правасын алып, іс жүзіндс Гана деген атақпен тәуелсіз мемлекет болып шықты.

Сонымен, Африкада қысқа мерзім ішінде бес жаңа мемлекет пайда болды. Бұл елдерде 60 млн.-нан астам адам тұрады, олар Африка континентіндегі бүкіл тсрриторияның 30% алып жатыр. Мұныц өзі Африка халықтарының үлкен жеңісі. Алайда бұл елдерге толық тәуелсіздік жолында, империалистермен жасалған кіріптер келісімдерден азат болу жолында, өздерінің тсрриторияларындағы шетелдік соғыс базаларын жою жолында әлде болса да күресуге тура келеді.

Африка халықтары отаршылдьіққа қарсы кұресті тоқтатпай жүргізуде. Алжир халқы бұл күрестің алдыңғы қатарында келеді, ол өзінің азаттықа деген правосын және өз елінің тәуелсіздігін екі жылдан аса уақыт ерлікпен қорғауда.
ЛЕКЦИЯ 14. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия және Африка елдері. Отаршылдық жүйенің күйреуі.

Жоспары:

1. Отаршылдық жүйе туралы түсінік

2. Отаршылдық жүйенің құлдырау кезеңдері

Пайдаланылатын әдебиеттер:

Негізгі:

Война ипослевоенное развитие мирового сообщества; 1939-1991гг; Учебное пособие. М., МАИ, 1992.

Всемирная история. Под ред. Г. Б. Поляка. М., 1997.

Из истории мировой цивилизации. Под ред. Ш. М. Мунчаева. М., 1993.



Қосымша:

Краткая всемирная история. В 2-х кн.. Под ред. А. З. Манфреда. М., Наука, 1966.

Широков Г. В. Развивающиеся страны в мировом капиталистическом хозяйстве. М., Наука, 1987.
Лекция мәтіні:

Отаршылдық дегеніміз- метрополияның жаулап алған елдер мен халықтарға, яғни отарларда жүргізетін саясаты. Отар мен отаршылдық капитализмге дейінгі уақытта да болған; оның мысалы, Рим империясының саясаты.Ал 19ғ соңынан бастап отаршылдық- ірі европалық отаршылдық державалар арасында дүние жүзінің территориясын бөліп алудың аяқталуы мен сипатталады.Ол дүние жүзінің, алдыңғы қатарлы индустриялық, батыс өркениетінің елдері-Ұлыбритания, Франция , Германия,Голландия, Испания, Португалия, АҚШ.Осы арада Жапонияны ерекше айтуға болады, әскери-экономикалық дамуында үүлкен алға басушылық жасап, 19ғ. Оңтүстік Шығысты бөлісуге қатыстыы.

Атап көрсетілген мемлекеттер бүкіл Африка мен Полинезияны басып алд, Азия мен Латын Америкасында өз позициясын нығайтты.Отарлық иеліктер территориясы 19ғ. соңғы ширегінде 40 тан 65 млн. Шаршы км дейін өсті, отар халқының саны 500 млн. Адамнан асты.

Сонымен, отаршылдық жүйе дүниежүзілік жағдайға айналды, ал отарлар ролі- шикізат көзі, арзан жұмысшы, тауарлар сататын рынок, капитал құятын рынок реттінде күн сайын өсті. Бірақ отаршылдық жүйе деген тек ғана отармен, метрополиямен ғана шектелмейді. Сонымен қатар түрлі жартылай отаршылдық тәелділіктің әр түрі болды( мыс. Персия, Қытай, Түркия), және тәуелді елдердің бірнеше түрлере, олар саяси тәуелсіз болғандықпен, шын мәнінде көптеген экономикалық, әскери- саяси келісімдермен байланып, олардың тәелсіздігін жоққа шығарды.

20ғ. басында батыс өркениетінің дағдарысы бірінші дүниежүзілік соғыс, және одан кейінгі әлеуметтік- саяси өзгерістер дүниежүзіндегі, отаршылдыққа қарсы күрестің өсуіне әсер етті.

Азия, Африка , Латын Америкасының халықтары рыноктік қатынастарға тартылды.,оның нәтижесінде тәуелді елдерде жеке меншік нығайды, жаңа әлеуметтік құрылым элементтері қалыптасты, батыс мәдениеті, блім т. Ол жартылай отар елдерде батыс үлгісімен қайта құру жүргізу іс-әрекетінен байқалды.

Бірақ батыс елдерінде тоталитарлық бағыттың өсуі расизм идеологиясы мен саясатының күшеюімен қатар жүрді, ол метрополияның антиотаршылдық қозғалысқа қарсыласуыныңеүшеюіне әкелді.

Сондықтан екінші дүниежүзілік соғыста демократия күштерінің фашизмді жеңуі, капитализмге қарсы социалистік жүйенің пайда болуы мен отаршылдық жүйенің күйреуіне қолайлы жағдай жасады.

Халықаралық қамқорлық жүйесі туралы мәселе Англия, КСРО,АҚШ келісімі бойынша Сан – Франциско конференциясынан күн тәртібіне кіргізілді. (1945 жылы, БҰҰ құрған). Кеңес өкілдері, отаршылдық халықтар үшін тәуелсіздік принципін қолдады, олардың компоненттері, ең біріншіден ағылшындар БҰҰ уставында «өзін -өзі басқаруға бағыты»қозғалысы болуын талап етті. Ең соңында, кеңес делегациясы ұсынғандай:БҰҰ қамқорлық жүйесі өзіне қарайтын территорияларды «өзін өзі басқару мен тәуелсіздікке» қарай бағыт беру қажеттігі айтылады.

Он жылдан кейін отаршылдық тәуелділіктен 1,2 млрд адам азат етілді. Дүниежүзілік картада 15 тәуелсіз мемлекет пайда болды, онда бұрынғы отарлық иеліктердің 4/5 халқы өмір сүрді ірі ағылшын отарлары Үндістан (1947), Цитион (1948), Францияның мандаттық территориялары Сирия мен Ливан (1943, әскерді шығару -1946), жаппай отаршылдық тәуелділігінен Вьетнам азат етілді, Франциядан тәуелсіздігін жаулап алған, 8 жылдық соғыс нәтижесінде (1945-1954), Солтүстік Корея мен Қытайда социолистік сипаттағы революциянер жеңді.

50жж. Ортасынан бастап отаршылдық жүйе оның классикалық түрінде (тікелей бағындыру, диктат) күйрей бастады.1960 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы КСРО инициативсымен, бұрынғы отар елдерге тәуелсіздік беру туралы Декларация қабылдады.

Екінші дүниежүзілік соғыс соңына таман Африканың 55 тер-да және маңындағы аралдарды 200млн адамға жуық өмір сүрді. Формальді түрде тәуелсіз болып Египет, Эфиопия, Либерия, және Ұлыбритания доминион Оңтүстік Африканың одақ өздерінің өкіметі мен экономикасы болған. Африканың көп бөлігі Англия, Франция,Бельгия, Португалия,Испания,Италия арасында бөлінді. 1960 жылы тарихқа «Африка жылы» деген атпен кірді. 17 орталық және батыс елі тәуелсіздігін жариялады. Жалпы, Африканы азат ету 1975 жылы аяқталды. Бұл уақытта дүние жүзінде сақталған отарларда – 3,7% халық өмір сүрді, ал территориясы 1 % - жер шарының.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отаршылдықтан 2 млрд адам азат етілді. Отаршылдық жүйенің құлдырауы – сөзсіз прогрессивті жағдай.

Сонымен қатар азат етілген мемлекеттерде бір қатар проблемалар туды, ол елдерді дамушы немесе ----- мемлекеттер деп атады. Ол проблемалар тек ғана реционалды емес ғаламдық сипатқа ие болды, сондықтан дүниежүзілік қауымдастық біріккен де ғана мемлекет еді.

БҰҰ жылжымалы классификациясы бойынша дамушы елдерге индустриялық елдерден басқа, мемлекеттің басым көпшілігін жатқызуға болады.

Көптеген айырмашылықтарына қарамастан, бұл елдерді бір категория біріктіретін ұқсас сипаттары да бар. Негізгісі – экономика, саясат, мәдениеттен байқалатын кешегі отаршылдық күйі. Өнеркәсіп құрылымын қалыптастыруда олардың бәрінде бір жол: - отаршылдық кезеңде – қол өндірісінің басым болуы, ал әдіске көшу бағдарламасы.

Дамушы елдерде индустриялық және индустриялық өндіріс типтері қатар дамыды, және ғылыми техниканың революцияның жаңа жетістіктеріне негізделген өндіріс.

Көптеген дамушы елдерге этатизм саясаты тән. (тездету мақсатымен мемлекеттің экономикаға тікелей араласуы) қажетті мөлшерде жеке капитал және шетел инвитициясының болмау, мемлекетті инвестор функциясын оған орындауға талап етілді. Соңғы жылдарда дамушы елдердің көпшілігінде – приватизация ( жекешелендіру) жеке секторды нығайтуға бағытталған іс – шаралар мен толықтырылды.

Салық салу жеңілдіктері, импорт либерализациясы, жеке меншіктегі маңызды кәсіпорындарды претенциенизм.

Қаншама маңызды жалпы сипаттарына қарамастан дамушы елдерді бірнеше топқа бөлуге болады, келесі критериді басшылыққа алу қажет елдің экономикасының құрылымы,экспорт және импорт, дүниежүзілік шаруашылыққа қатысуы, мемлекеттің экономикалық саясатының кейбір ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет