Лекция: 45 сағат С¤Ж: 45 саѓат обс¤Ж: 45 саѓат Барлыќ саѓат саны: 135 саѓ Ќорытынды баќылау: емтихан 2 семестр


Лекция 4 Тақырыбы: Программалау тілдері теориясының негізгі



бет14/31
Дата24.04.2016
өлшемі1.97 Mb.
#79257
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31

Лекция 4

Тақырыбы: Программалау тілдері теориясының негізгі


түсініктері мен анықтамалары
1. Транслятор. Ассемблер. Компилятор.

2. Интерпретатор. Эмулятор

3. Перекодировщик. Микропроцессор
1. Транслятор-қандай да бір программалау тілінде жазылған программалары объектілі тілде бейнеленген жұмыс істейтін программаға айналдыратын арнайы программа. Бұл анықтама трансляцияланатын программалардың барлық түрлеріне қатысты. Мұндай программалардың трансляциялау процесі бойынша өз ерекшелігі бар. Қазіргі уақытта трансляторлар негізгі 3 топқа бөлінеді:

1. Ассемблер. 2. Компилятор. 3. Интерпритатор.



Ассемблер-символдық құрылымды машиналық тілдің командаларына айналдыратын (жүйелік) қызмет көрсетуші жүйелік программа. Ассемблердің ерекшелігі символдық бір команданы машиналық бір командаға трансляциялайды. Ассемблер тілі (автокод деп атайды). Жүйенің компьютердің командаларын қабылдауын жеңілдетуге және осы командалар жүйесінде программаларды жеңілдетуге арналған.

Компилятор-программалау тілдерінің бірінде жазылған программаны машиналық тілдегі программаға трансляциялауды орындайтын қызмет көрсетуші программа. Ассемблер сияқты программаның бір тілден екінші тілге айналдыруды қамтамасыз етеді. Берілген тілдің командаларының машиналық тілдің командаларынан әжептеуір айырмашылығы бар. Мысалы: кейбір тілдердің бір командасы машиналық тілдің 7-10 командасына сәйкес келеді. Программалау тілдерінде алдын-ала сипатталатын берілгендердің типтері қолданылады. Себебі, программалау алгоритмдерді кодтауға емес берілгендер мен кластардың мұқият ойластырылған құрылымына сүйенеді. Мұндай тілдерден трансляциялау процесі компиляция деп, ал берілген тілдер жоғары программалау тілдері деп аталады.
2. Интерпретатор-берілген программаны әрбір оператор бойынша трансляциялайтын және орындайтын арнайы программа немесе құрылғы. Компилятор сияқты программаны машиналық тілге айналдырмайды. Берілген тілдің командасын қабылдаған соң орындайды. Интерпритатордың кемшілігі программаны орындау жылдамдығының төмендігі. Интерпритаторды пайдаланатын программалар машиналық тілде жазылған программаға қарағанда 50-100 есе баяу орындалады.

Эмулятор-кодты немесе операцияны орындау әдістерін пайдаланатын программа. Берілген ЭЕМ-нан басқа ЭЕМ-де программаны қайта құрмай орындауға мүмкіндік беретін программа немесе программалық техникалық құрал. Эмулятор қандай да бір тілде жазылған программаны орындауы жағынан интерпритаторға ұқсас. Бұл екеуі де операция кодын түсініп қабылдаған соң бірден орындалатын екі кодтағы командаларды бейнелейді. Эмулятор әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Мысалы: жаңа есептеу техникасын құруда, алдымен әлі құрылмаған компьютер үшін программаларды орындайтын эмулятор құрылады. Бұл командалар жүйесімен базалық қамтамасыздандыру программаларын сәйкес құрылғы құрылғанға дейін анықтап алуға мүмкіндік береді. Эмулятор көбінесе ескі программаларды жаңа есептеу машиналарында орындау үшін пайдаланылады. Әдетте жаңа компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы жоғары және сыртқы құрылғылары сапалы болып келетіні белгілі. Бұл ескі программаларды жаңа компьютерді ескі компьютерге қарағанда тиімдірек орындауға мүмкіндік береді. Эмуляторда интерпритатор сияқты бір ЭЕМ архетектурасынан екіншісіне оңай өте алады.
3. Перекодировщик (қайта кодтаушы)-бір ЭЕМ- нің машиналық тілінде жазылған программалаудың екінші ЭЕМ- нің машиналық тіліне аударатын программа немесе программалық құрылғы. Перекодировщиктер программалауды бір компьютер архетектурасынан екіншісіне өткізуде пайдалы.

Микропроцессор- бір символдар тізбегін екінші бір символдар тізбегімен ауыстыруды қамтамасыз ететін программа, бұл компилятордың бір түрі. Ол шығатын тексті түрлендіруде берілген тексте орналасқан арнайы қондырғыларды өңдеу жолы арқылы жүзеге асырады. Бұл қондырғылар арнайы белгіленіп микро тіл деп аталатын тіл құрылымына жатады. Микропроцессорлар көбінесе программалау жүйесінің функционалдық мүмкіншіліктерін арттыру үшін қолданылады. Ассемблердің барлығында микропроцессор бар. Олар машиналық программаларды пайдаланудың тиімділігін арттырады. Мұндай программалау жүйесін микроассемблер деп атайды. Микропроцессорлар жоғары деңгейлі программалау тілдерімен де қолданылады. Ол тілдердің функционалдық мүмкіндіктерін арттырады (мысалы:С + + программасы).

Лекция 5

Тақырыбы: Транслятордың жалпылама құрылымы



1. Компилятор фазалары

2. Транслятордың жалпыланған құрылымы
1. Әр түрлі программалау тілдерінің жалпы қасиеті мен заңдылықтары осы тілдердің трансляторларына да тән. Оларда берілген текстерді түрлендірудің ұқсас процестері жүреді. Бұл процестердің өзара әрекеті әр түрлі жолмен ұйымдастырылғанына қарамастан орындалу процесі бірдей нәтиже әкелетін функцияларды ерекше белгілеуге болады. Мұндай функцияларды трансляциялау процесінің фазасы деп атайды.

Компилятор мен интерпретатордың ұқсастығын ескере отырып, компиляторда бар фазаларды қарастырсақ. Онда



  1. Лексикалық анализдің фазасы.

  2. Синтаксистік анализдің фазасы. Ол мыналардан тұрады.

бейнелерді немесе объектілі моделін тудыратын семантикалық талдау.

  1. Кодты генерациялау фазасы. Ол мыналарды іске асырады:

компонентінің семантикалық анализі.

    • Аралық берілгендерді немесе объектілі модельдерді

объектілі кодқа өткізу.

Трансляциялау процесінің негізгі фазалар мен қатар қосымша фазалары бар:

- аралық берілгендердің анализінің дұрыстығынан

- аралық берілгендердің оптимизациялаудан тұратын.



  1. Аралық берілгендерді зерттеу және оптимизациялау фазасы.

  2. Объектілі кодты оптимизациялау фазасы.

Интерпретатордағы айырмашылық, кодты генерациялау фазасы.

Аралық берілгендердің немесе тілдің объектілі моделінің элементтерінің эмуляция фазасымен ауыстырылған.

Сондай-ақ интерпретаторда әдетте аралық берілгендерді оптимизациялау жүрмейді, бірден оларда эмуляциялау жүреді.
2. Программаның өңделетін текстінде бар барлығына бірдей фаза-анализ процесі мен қателерді жөндеу компилятордың фазалары есепке алынған жалпыланған құрылымы төмендегі суреттегідей:



жүйесін микроассемблер деп атайды. Микропроцессорлар жоғары деңгейлі программалау тілдерімен де қолданылады. Ол тілдердің функционалдық мүмкіндіктерін арттырады (мысалы:С + + программасы).








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет