Лекция 51 Семинарлық сабақтар. 34 СӨЖ. 17 ОбсөЖ. 18. Барлық сағат 120. Ағымдағы бақылау саны кредит бойынша


Жапон тарихнамасында Нара кезеңі деп аталады. Себебі бұл кезде Жапонияның астанасы Нара қаласы болды



бет4/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.59 Mb.
#3585
түріЛекция
1   2   3   4   5

Жапон тарихнамасында Нара кезеңі деп аталады. Себебі бұл кезде Жапонияның астанасы Нара қаласы болды.


Бұл кезең елдің материалдық және рухани байлықтарының гүлдене түсуімен сипатталады. Ең алдымен нара қаласының салынуы соған дәлел. Бұл қала қытайдың астанасы Чань- ань қаласының үлгісімен қытай құрлысшылыаының басшылығымен салынды. Астана маңында 607 жылы тұрғызылған алты ққабат манастыр болды. Ол тек сыртынан ғана әдемі , таң ғажайып болған жоқ, ішкі суреттеріде таңдандырды. Нара қаласының сарайларымен храмдарына жапон, қытай корей шеберлерінің әсем бұйымдары сақталды. Жапонияда алғашқы тарихнамалар пайда болды.710 ж,»Нихончи» жазылды. Бұл шығармаларды ежелгі мифтер ертегілер тарихи мұралар жылнамалық жиналған. Сарай маңында ақсүйектер

қатарынан шыққан бұл шығарма авторлары император билінінің құдайдан тарайтынын дәлелдейді. 12ғ екінші жартысында «Манъсено» жинағы өмірге келді. Ол жапонның халық өлеңдерімен гүлдене бастаған әдеби поэзияның алғашқы жинағы еді. Жапонияның көрнекті сәулетшілері көптеген әсем естеліктер қалдырды.Cәулетшілер көптеген аса құнды үйлер, сарайлар салды. Жапонияда көркем әдебиет, сәулет өнері , скулъптура , живописъ өркендеді.10-12ғасырларда өзара қатынас саяси биліктің мәдениеттің жаңа салалары өмірге келді. Рыцарлар өмірін баяндайтын эпикалық әңгімелер Мұндай әңгімеден үлкен жинақ құрастырылды. Сондай жинақтарды суретшілер бейнеледі. Ою-өрнектермен әсемдеп, безендірілген храмдар, даймелердің үйлері мен князъдер сарайлары салынып оларды суретшілер безендірді.15-17ғасырларда бейнелеу өнерінде портреттер мен табиғат көрінісі кең орын алды.Олар конфуциандық идеямен рухтанған туындылар болды.Дегенмен бұл кезде Ли Сан Чва,Ким Син,Ли Сон сияқты суретшілердің шығармаларында алғаш рет реалистік бағыт байқала бастады. Мәдениеттің 16-17ғасырда жаңа ағымдар келешекте одан әрі дамып, нығая түсті. Қызықты әдеби шығармалар оның желісіне сай суреттермен безендіріліп, отырды.Фарфор өңдеу одан әсем әшекей бұйымдар жасау да күннен-күнге жетіле берді. Үш патшалық кезінде өте бай мәдениет өмірге келді. Когуредегі сәулет өнері және бейнелеу өнерінің ең жоғарғы деңгейін археологиялық қазба материалдарын дәлелдейді. Жапон дерекнамалары 4 ғасырдан бастап Пэкце мемлекетінің Жапонияның рухани мәдениеті мен қолданбалы көркем өнерінің дамуына зор ықпал еткенін хабарлайды.

Кенчжу маңында табылған археологиялық ескерткіштер арасында таза алтыннан жасалған тәж, алтын моншақ білезік,сақиналар , жібек мата қиындылары қару-жарақтар бар. Олар 5 ғасырда жасалған. Үш патшалық кезіндегі Корей мәдениеті Қытайдың күшті ықпалымен дамыды. 8 ғасырдың ортасында сәулет өнері мен мүсін өнерінің ең көріктілері Силла мемлекетінің астанасында салынған Пулъгукс храмының тастан жасалған баспалдақтары мен беті теңізге қарап тұрған Будданаың Соккурам храмындағы мүсіні Силладағы мүсіншілердің тас қашаудағы асқан шеберліктерін көрсетеді. Қазірге дейін сақталған Пондокс храмындағы 7 ғасырдағы ортасындағы жасалған қола қоңырау тек қашау өнерінің ғана емес сондай-ақ бейнелеу өнерінің де жоғары дәрежеде дамығандығының куәсі.Бұл алып қоңыраудың сыртында силландық ақсүйектердің рахат өмірі мен асқан шеберлікпен тартымды бейнеленген.Бірігу кезінде байланысын нығайта түсті, Силла мен Қытай арасындағы.

5-6ғасырда Жапония мәдениеті өз заманының ең озық мәдениеті болды. Императорлар мен ірі феодалдардың заказдары бойынша зәулім сарайлар мен пагодалар салынды. Пагода деген көп қабатты мұнара түрінде ағаштан ,тастан, қоладан, және темірден храмдар салды.

Көптеген үйлер әшекейлі оюлармен өрнектелді. Төбесінің жиегі жоғары иілгендігі жалпақ карниздері оны жеп-жеңіл көкке қарай қанатын қомдағандай етіп көрсетеді. Суретшілерн арнаулы мектептерде білім алды. Астанада сурет академиясы ашылды. Бейнелеушілер картиналарды ұзын жібекке немесе бүктемелі қағазға бояумен немесе тушъпен салды. Қытайлықтар пейзажды тау және су деп атады. Бұлар табиғатты аңыз дүниесі қуаныш пен жарқындық дүниесі деп көрсетті.

Суретшілер кейінірек суретті тек қара тушъпен салатын болды. Онда жемістер үлбіреген гүл мен жапырақтар аң мен құстар бейнеленді. Мұндай суреттерді «гүл мен құстар » суреті деп атады. Астанада таңдаулы суретшілер картиналарының көрмелері ұйымдастырылды. Орта ғасырларда Жапония халқы ғылымда, техника мен өнерде үлкен табысқа жетті.

Рыцарлар өмірін баяндайтын эпикалық әңгімелер мұндай әңгімеден үлкен жинақ құрастырылды.

Сондай жинақтарды суретшілер бейнеледі. Ою-өрнектермен әсемдеп, безендірілген храмдар, даймелердің үйлері мен князъдер сарайлары салынып оларды суретшілер безендірді


Пайдаланған әдебиеттер.

1 .Тортаев.Орта ғасыр тарихы.

2 Қазақстан тарихы. Очерктер.

3 Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

4 Л.Любимов.Батыс Еуропа өнері.

Лекция 16.

16.Тақырыбы.Монғол қағанатының мәдениеті мен өнері.

Жоспар .


1.Ұлы даладағы көшпелілер өнері.

2.Мекен жайы, түрі, киімі, қол өнері.


Монғолияда ламаизммен бірге тибеттік сәулет өнері тарады. Ол монастырлар салуда , Будда бейнесін жасауда көрініс тапты.Бурхандарды (қасиеттілер) жасауда ағаш пен металл пайдаланылды. Олар бейнелер сондай-ақ маталарға да салынды. Сөйтіп қиын-қыстау кездерде де монғол мәдениеті өте баяу болса да дамып жетіле түсті.Бірнеше жылға созылған соғыстан өзара қырқыстар Монғол мәдениетінің дамуына кедергі келтірді. Халықтың ауыр тұрмысы жағдайы жарқын болашақ туралы арманы оның ауыз әдебиетінде көрініс тапты. Әсіресе халыққа зорлық-зомбылық көрсетуші қанаушыларға қарсы күресуші әділетті батыр, Гесер –хан туралы аңыз кең танымал болды. Оның бізге жеткен жазбалары 17ғасырда өмірге келген сонымен қатар халық арасында алғыс баталар мен тілектер сан қилы түрлері болды.Монғалияның мәдени саласында маңызды уақиғалар болды.16 ғасырда Убаши контайшы мен оның ойраттарға қарсы күресі туралы аңыз өмірге келді. Цокто тайшының шығармалары жазылды. Оның өлеңдерінде достары Урга маңындағы Төле өзенінің жағасындағы жартастарға қашап жазған, сол оқиғаны суретшілер қашап бейнелеген.13 ғасырда дүниені дүр сілкіндірген мемелекет –Монғалия болды. Монғолияның даңқын бүкіл әлемге шығарған Шыңғыс хан мен оның балалары немерелері болды.12ғасырда Монғолия монғол тілінде сөйлейтін тайпалардың мекеніне айналды. Түркі тілдес халықтар немесе қоныс аударды монғолдарға сіңіп кетті. Монғолдар Байкал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары Енесай өзені мен Ертіс өзендері аралығына орналасты. Монғол халқының негізін керейт,меркіт,найман,тайшыжұт,татар тайпалық одақтары құрады. Солтүстігінде монғолдар тоғайларда ал оңтүстігінде ашық далада тұрды.

Бурхандарды (қасиеттілер) жасауда ағаш пен металл пайдаланылды. Олар бейнелер сондай-ақ маталарға да салынды. Сөйтіп қиын-қыстау кездерде де монғол мәдениеті өте баяу болса да дамып жетіле түсті.Бірнеше жылға созылған

Тоғайдағы монғолдар аң балық аулаумен шұғылданса оңтүстіктегілер мал бағып, көшпелі өмір сүрді. Олардың үйлері ағаштан жасалып, киімдері аң терілерінен жасалатын.Солтүстіктегі монғолдар мал бағумен де айналыса бастады. Мал басының көбеюі оларды тоғайдан шығуға мәжбүр етті. 12 ғасырда тоғайлық монғолдардың көпшілігі жартылай аң аулаушылар жартылай мал бағушылар болды.Далада тұратын монғолдар ірі қара, жылқы, қой өсірді. Түйе ол кезде Монғолияда аз болды. Олар тез жиналып, тез қайта құрылатын дөңгелек киіз үйлерде тұрды. Әр рудың өзіне тиісті бекітілген жайлау қыстаулары болды. Монғолдар негізінен мал етімен сүтімен коректенді. Олар жүннен киіз басты арқан есіп, жіп иірді мата мен темірден жасалған бұйымдарды Қытайдан алып отырды. Теріден қайыс-таспа мес қоржын киім тікті. Ағаштан ертоқым ыдыс-аяқ садақ жасады. Аз пайдаланатын темірден ара балта пыщақ садақ оғын жасады. Жалпы мәдениет деңгейі өте төмен болды. Олар календаръ дегенді білмеді. Қытай саясатшысы былай деді:»Жылды шөптің өсуімен есептейді, біреуінен қанша жастасың деп сұрасаң 20 шөп, 30 шөп деп жауап береді.»Олар күзді көктемнен ажыратпайды айдың күндерін білмейді.

Монғол тайпаларының ішіндегі ең мәдениеттісі –наймандар ұйғыр жазуын қолданды. Дегенмен барлық монғол халқына оның мәдениетіне Азияның сол кездегі ең озат елі Қытай көп үлес қосты. Кейбір монғол руларының мәдениетіне батыста тұратын түркі тілдес ұйғыр халқы айтарлықтай ықпал етеді. 13 ғасырға дейін монғолдардың өз жазуы болған жоқ. Монғол халқының көпшілігі шамандық дінді ұстады. Басты құдай мәңгілік көк аспан саналды. Монғолдар жер құдайын рухты да мойындап аруақтардың пір тұтып, сыйынды. Монғол қоғамы алғашқы қоғамдық қауымнан құлдық қоғамға тоқтамай феодалдық қоғамға көшті. Монғол қоғамының өмірінде құлдар өте үлкен ролъ атқарды.


Пайдаланған әдебиеттер.
1 .Тортаев.Орта ғасыр тарихы.

2 Қазақстан тарихы. Очерктер.

3 Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

4 Л.Любимов.Батыс Еуропа өнері.

5 Дмитриева. Искуство Древного мира.207стр.

6 .Авдиев. История Древного Востока.1970-561стр.

7 .Абрамова.Изображение.
Лекция 17.

17.Тақырыбы. Орта ғасырдағы Орта Азия мәдениеті.

Жоспар .

1.Бұқараның тарихи ескерткіштері.

2.Базарлар мен моншалар.

3. Самарқан сәулет өнері.

Өзбек ССР-нің Самарқанд облыс орталығы Зеравшан аңғарында орналасқан. Б.э.б. 4ғ. Мараканда деген атпен белгілі болды,б.э.б. 4ғ-дан

Б.э.д. Самарқан жеріне Түрік қағандығының құрамына енген Соғды мемлекетінің астанасы Мараканда қаласы болды. Самарқанд 329ж

Александр Македонский әскелері 8ғ-дың басында арабтар 9-10ғ Самани әулеті ,11ғ – Қарахан әулеті одан соң түрік салжұқтары

12ғ шенінде қарақытайлар басып алды. 13ғ. Хорезм шаһары билік етті.

Самарқанды 1220ж татар –монғолдар қиратты. Самарқан 14ғ аяғы 15ғ

басында Темір мемлекетінің астанасы болды. 1500 ж Шайбани мемлекетінің 16ғ аяғында Бұхар хандығының құрамына кірді.

Патша әскерлері басып алды да Россия империясының қарауына

енді. 80-90жылдары жұмысшылардың алғашқы революциялық

толқуы болды. Самарқан ұйымдары 20ғ басында құрылды. Совет

өкіметі 1917ж 28 ноябръде орнады. Самарқанд қаласында С.Аини атындағы мемориал музейі бар. Ескі Самарқанд орталығында Регистан

оның оңтүстігіне қарай, Гур-Эмир, Ақсарай, Рухабат, оңтүстік –шығысында Ишаратхан мазары бар. Самарқан қонақ үйі архитектуралық

тамаша ескерткіш.

Cәулет өнері 14-15 ғасырларда әсіресе Орта Азияда зор табыстарға жетті. 14 ғ,асырда Үргеніште биіктігі 60 метрлік минарет, Наджым-ат-дин Кубр мен сұлтан Әлидің кесенелері Төре Бике ханымның кесенесі салынды. Темірдің билік құрған кезінде Самарқанда Шахинзинде комплексі Бибі ханым мешіті Гур-Эмирлер кесенесі салынды. Кеш қаласында Ақ сарай Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи мешіті салынды. 15 ғ сәулет өнерінің ескерткіштерінен Бұхарадағы Сейф-ад-дин Бахарзидің мешіт кесенесі Ұлықбек медресесі Ашхабат маңындағы Анау мешітін Самарқандағы Ишратхан кесенесін атап өтуге болады. Биіктігі 55 метрлік Ұлықбек обсерваториясы салынды. Үлкен қалаларда медреселер болды. Сондай-ақ Әмір-Темірдің бұйрығы бойынша жасалған тайқазан да қолданбалы өнердің маңызды ескерткіші оны 1399 ж. Түркістаннан 25 км жердегі Қарнақта зергер ұстаз Әбіләзиз ибн Шарафутдин жеті күрделі асыл құймадан әзірлеген.Қазанның салмағы 2 тонна сыйымдылығы 3 мың литр диаметрі 2,42м, биіктігі 1,62 м.Оны Темір Әзірет сұлтанның кесенесіне алты шырағданмен бірге сыйлаған.Сөйтіп кейінгі орта ғасырлар кезінде Закавказъе мен Орта Азия халықтарының мәдениеті одан әрі жетіліп, дами бастады. Өнер түрінің ішінде әсіресе сәулет өнері аса үлкен табыстарға жетті. Құрылысшылар тамаша сарайлар мазарлар мен қамалдар базарлар мен моншалар салды. Самарқан базары өзінің әсемдігімен халыққа танымал. Моншалары тасқақашалған ою-өрнектермен ал олардың қабырғалары мен едендері жалтыраған кірпіштермен мозаикамен бай түрде әшекейледі.Үйдің қабырғалары өрмелі сызықтармен безендірілді.Шілтер тәрізді оюлар мен алуан түсті суреттер тастың өзін салмағынан айырғандай әсер етеді. Сәулетшілер мешіттер салды. Мешіттің төрт бұрышы үйінің төбесі көбінесе күмбезделіп шығарылды. Оның ішкі жағынан көптеген колонналы галереямен қоршалған бассейні бар үлкен ауласы болды. Зал соған тіркестіре салынды. Мешіттің қасына дін ұстаушыларды намаз оқуға азан айтып шақыратын биік мұнара -минарет салынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
1 .Тортаев.Орта ғасыр тарихы.

2 Қазақстан тарихы. Очерктер.

3 Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

4 Л.Любимов.Батыс Еуропа өнері.

5 Дмитриева. Искуство Древного мира.207стр.

6 .Авдиев. История Древного Востока.1970-561стр.

7 .Абрамова.Изображение.

Лекция 18.

18.Тақырыбы.Орта ғасыр Орыс өнері.

Жоспар.


1.Москва Кремлінің ансамблі.

2.Халықтық ағаш сәулет өнері.



  1. Шіркеулер.

Ресей мәдениеті – адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті - өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар : көптеген этикалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру:

14-15 ғасырларда кескіндеме ісіндеМәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1930 жыл шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңқан бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаласының көркін одан әрі көркендіре түсті. Ол 14-15 ғасырларда Мәскеудің көркмдік өмірінің юасты тұлғасына айналды.. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыалрынан салтанаттылықты өмірге деген құштврлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған- Мәскеу Креміліндегі Благовешенск соборының икона тасын жасау ФеофанГректің басшылығымен және кейіннен өнер дүнйесіне аты аңызға йаналған Андрей Рублевтің (1360-1340 жыл шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісіндеаса көрнекті ешбер болғанымен, шынайы даңқа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүнйежүізлік даңқ болды. Рублевтің ең таңдаулы шегшінде жете айқындалған шығармасы- қасйетті «Үштік» . суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып,, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сехзімдері бірдей , оларды ортақ үш періште ебйнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан үжректі жарып шыққан мейірімділіктерімен пәк сезімдерімен тартымды. Бұл мәңіглік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтанда біз үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың итянақты табуы дап қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрған Леонардо да Винчидің «Кескіндеме- өнер падишасы»деген даналық пікіріңн еріксіз еске аласыз.14-16 ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениетінің тарихы басталды. Батыс елдермен қарым –қатынас кеңейіп қалалар гүлденіп ірі мәдени орталыққа айналды. Мәскеудегі кремлді жаңғырту ісі қайтадан қолға алынды. Реалистің өнердің қалыптасуына өнер теоретигі 17 ғ. суретшісі С.Ф.Ушаковтың мерейі үстем болды,ол кісі орыстың портреттік кескіндесмесінің негізін қалаушы болды. 17ғ. бірінші жартысында Константинов Огурцов салған Мәскеу креміліндегі атақты терем сарайы сол кездегі азаматтық қүрылыстың ішіндегі ең ірісі болса ал Никитинкадағы Тройца ішркеуі ізденістен туған сүикімід әшекейліктің сөлі болып саналады. 17ғасырда миниатюра графика гүлдеді, солардың ішінде орыстың зергерлік және қолданбалы өнерінің шоқтығы биік болды. 13-14 ғасырларда орыс мәдениетінің орталығы Новгород қаласы болды.кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштермен өзін ұлы мәртебелі Новгород деп атаған. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі қасиетті София соборы,Юрии монастырының

Георгиев соборы және дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборыныңтікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіні ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де , сымбатты ғимарат.Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады.

Християн мәдениетінің ажырамас бөлігі икона («бейне» деген мағы.наны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықтығажайып туындылар жасалып , ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүиікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни християндық негізгі құрылды. Ал сол Новгородытқ иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып үднйелер ьбар. Солардың бірі шамамен 12 ғасырдың соңында жасалған «Алтын шашты періште». Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық бйік , таза сұлулық бар десеңізші.15 ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқфрауынын бастала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәденйетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі- орыс мәденйетәнің гүлденген дәуірі 16-17 ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениетә болып саналады.

Ежелгі Руське християн дінінң келуіне байланысты шіркеулер мен монастырлар салу, яғни діни құрылыстар кең етек алды. Сондай мәдени ескерткіштердің қатарына 11 ғасыр ортасында Антоний (983-1073) және Фкодосий, Печерскийлер енгізін қалаған Киев-Печерск монастыры , ежелгі тас ғиабдатхана –Киевтің Десятин шіркеуі және т.б.. жатады.

Бір жүйеге келтірілген жазудың енгізілуі орыс мәдениетінің аса үлкен жетістігі болды, өиткені тіл қай мәдениеттің болсын басты элементі болып табылады. Славиян әліппесін жазушылар ағайынды гректер Кирилл (820-869) мен Мифодий (815-885) болды.. дәл осы мәдени бетбұрыс кезеңінде орыс жазуымен әдебиеті өзінің шарықтау кезеңіне жетті. Киев Русінің алғашқы жазба ескерткіштерінің бірі «Орыс шындығы» қарапайым , әрі түсініктік халықтық тілмен жазылса орыс халқының аса үздік әдеби мұрасы «Игор ь жасағы туралы жырдың» тілі де дәуір тынысын жан –жақты бейнеледәі..

Пайдаланған әдебиеттер.

1.Л.Любимов. Искусства древной Руси

2 Тортаев.Орта ғасыр тарихы.

3 Авдиев. История Древного Востока.1970-561стр.

4 .Абрамова.Изображение.


Лекция-19

Тақырыбы.Италиядағы қайта өркендеу дәуірінің жалпы сипаттама.

Жоспар.1.15ғ сәулет өнері.

2.Чимабиэ живописінің ерекшелігі.

Флоренциядағы атақты Уффици галереясында 15 ғ екінші жартысында флоренциялық даңқты шебер Андреа Вероккионың «Христостың шоқынуы» атты картинасы сақтаулы тұр. Бір өзі живописъші де, мүсінші де гравер де әрі зергер де болған. Вероккионың көркем мұрасы бізді әлі күнге дейін қуантуда. Алайда,оның осы картинасыв тек сол жақ қанаттағы алдыңғы періштенің фигурасы ғана ерекше назар аударарлықтай. Сол бейнеге зер салып, онан соң басқаларының

Тұлғасына көз жүгіртсек онымен салыстырсақ бізге қимыл әрекеті дөрекелеу сүйектері шығыңқы бейне бір көрініске сыймай үш өлшемге жете алмай екі өлшемді қалған сияқты болып көрінеді.15 ғасырдағы италъян сәулетшілері суретшісі Қайта дәуірлеу кезіндегі италъян живописъшілері, мүсіншілері, тамаша биографы Вазари «Леонарданың періштесі Вероккионың фигурасынан әлдеқайда жақсы шыққан.Бұл Андреаның содан былай живописътен мүлде қол үзгісі келгеніне себепші болды,шәкіртінің өнерлігі өзінің шеберлігінен артық екенін өкініш санағандықтан сондай шешімге келді.»Көп жылғы ықпалынан кейін италъян суретшілері живописъті таң қалдыратындай ғажайып шығармалар туындатты бірақ нақты өмірді бейнелей алған жоқ.Суретшілердің өнерін көрермендер аумақты терең дүние ретінде сезінбейді, ол өнер ешкімді кеңістік әсеріне бөлемейді,тіпті ондай мақсатты суретшілер өздерінің алдына қойған емес.Өнер қоғамдық тұрмыстың ажырамас бөлігі 13 ғасырда атақты живописъші Чимабуэ өзінің үлкен «Мадоннасын»салып бітіргенде оның замандастары таң-тамаша болғаны соншалық қуаныш кварталы деп аталып кеткен.Бүкіл Флоренция жұртшылығы жаңа шіркеу күмбезінің немесе сарайдың жобасын күтетін.


Пайдаланған әдебиеттер.

1.Л.Любимов.»Батыс Еуропа өнері»88-105 беттер.

2 Тортаев.Орта ғасыр тарихы.

3 Авдиев. История Древного Востока.1970-561стр.

4 .Абрамова.Изображение.
Лекция 20.

Тақырыбы.13-14 ғасырдағы Италия өнері.

Жоспар.

1.Треченто кезеңіндегі Сиена живописъінің ерекшелігі.



2. Джотто живописъі.

Треченто бұл әлі Қайта дәуірлеу емес бұл Қайта дәуірлеу қарсаңы немесе Проторенессанс.Италъян мәдениетінде және дүние танымында Проторенессанс лебі 13 ғасырдың өзінде кей жағдайда тіпті 12 және 11 ғ байқала бастады айтуға болады.»Пластика өнеріндегі ең басты нәрсе жалаңаш еркекті немесе жалаңаш әйелді бейнелей білу» Жоғары Қайта

дәуірлеу мүсіншелермен толық келісе отырып, осылай топшылаған.Ондай шеберлікке жету үшін ұзақ мерзімді даярлық керек еді,ал Италияда мұндай даярлық өте ертеректе басталған. 1316 ж Болонъеде адам анатомиясы жөнінде орта ғасырлық Еуропада тұңғыш рет лекциялар оқылды. Діни наым бойынша бұл лекцияларды адам ұяттан беті қызара теріс айналып кетуге тиіс еді. Кавалиниден соң Византиялық дәстүрдің бар азапты қиындығын италъян өнерінің ұлы дәуіріндегі алыптар арасындағы бірінші болып,Флоренциялық Джотто жеңіп алды. Ол осынау ұлы іске зор күш-жігермен ең бастысы ерекше батыл сенімділікпен кірісті.Ол ең алдымен живописъші еді , оған қоса мүсінші әрі сәулетші болатын.Джотто туындылары өз замандастарына еткен әсері аса күшті болды. Даңқты мүсіншіГиберти»Джотто өнерден басқаны өресі жетпейтін нәрселерді көре білді, ол табиғи өнер әкелді. Ол алты жүз жылға жуық көміліп, жатқан ұлы ғылымды ашты.»
Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Л.Любимов»Батыс Еуропа өнері »101-115 беттер.

2 Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

3 Л.Любимов.Батыс Еуропа өнері.

4 Дмитриева. Искуство Древного мира.207стр.
Лекция 21.

Тақырыбы.15-ғаырдағы Италия өнері.

Жоспар.1.Брунелескии құрылысындағы антикалық мұра.

2.15 ғасыр мүсін өнері.


Брунелскии өзінің жер учаскесін сатып, Донателломен бірге Флоренциядан Римге кетеді.Онда барып, тамаша үйлердің деталъдарын сызып, өлшеп жоспарларын сыза бастайды ол екеуі осы істі уақыттарын қаржыларын аямайды.Архитектура олардың заңдылықтары қызықтырды.Ол көне дәуір ескерткіштерін жөнінде деректерді әрқашан жазып, деталдарын сызып, суретке зер салып отырады артынан сол жазып сызғандарын зерттеумен болады.Суреткелікке кемелдікке жету жолындағы ізденіске шексіз құштарлықтың жарқын мысалы, міне осындай .Бұл жөнінде біздің отандасымыз ұлы физолог Павлов Қайта дәуірлеу кезеңінде осындай кемелдікке жеткен адамдарға арналған өзінің мадақтау сөздерінде тебірене ой толғаған.Брунелскии көне дәуір үйлерінің қырындыларын ерекше ынталықпен зерттеген. Мұның өзі дәәуір жетістіктерін жаңаша пайдалануға мүмкіндік берді.үйдің бөлік-бөлігін ренесанстың айқындықпен салу даңқты күмбездің биікке самғаған жалпы серпініне бір қалыпты қуатты көрініс береді, сондықтан ол өзінің архитектуралық формаларының қатал үйлесімділігімен алыстан Флоренцияның бейнесін айқындап тұратын.Филиппо Брунелскиидің творчестволық батыл ізденіс сол дәуірдегі италъяндық сәулет өнерінің аса зор жетістіктеріне негіз қалады.15 ғасырда әр онжылдықта Италияда азаматтық құрылыстар кең қанат жая бастады. Вазаридің айтуына қарағанда Донателло өзінің мәрмәр фигураларының бірін жасап жатқан кезінде оған «Сөйле деймін сөйле»деп айқайлап жіберген екен.Оның керемет әсерлі етіп жасаған жас Давид мүсіні сол кездегі мүсін өнеріндегіь тұңғыш жасаған мүлде жалаңаш фигура ал, Падуядағы шіркеу алаңындағы тұрған кондотер Гаттамеата мүсіні Ренесанстың ең алғашқы атты монументі және содан кейінгі ғасырларда европалық қалада тұрғызылған барлық мүсіндер атасы.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Л.Любимов»Батыс Еуропа өнері »120-125 беттер.

2 Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

3 Л.Любимов.Батыс Еуропа өнері.

Лекция 22.

Тақырыбы.Қайта өркендеу дәуірі Ерте кезеңдегі сәулет өнері.

Жоспар.1Л.Б.Алъберти ренесанс архитектурасы.

2. Бейнелеу өнерінің теориялық кезеңдері.

Әсемдік, біздің жан дүниеміз деген болатын Леон Баттиста Алъберти қолдан салынған пейзаждар мен портреттер балық пен аң аулау шомылу бақташылар ойыны мен жапырағы шешек атқан ағаштар бейнеленген әр түрлі көріністерді көргенде ерекше шаттыққа кенгеледі.Алъберти квартроченто дәуірінің ең көрнекті және жан-жақты дарынды қайраткерлері бірі болды. Даңқты сәулетші және өнер теоретигі живописъ, мүсін, архитектура жөніндегі трактаттардың авторы болған ол сонымен бірге ақын, музыкант, философ, шешен, математик, физик болды. Ертедегі Қайта дәуірлеу кеіндегі италъян суретшілері ондай болған жоқ.Олар сарайлар мен шіркеулердің қабырғаларын әшекейледі, орасан зор монументтер тұрғызды дін басылары мен императорларға кардиналдарға ірі саудагерларге қызмет етті.Халық перзенттері болған соң халық мүддесіне өмір сүрді.Қайта дәуірлеу кезеңінің ұлы суретшілері күрделі жағдайда жұмыс істеген. Архитектура олардың заңдылықтары қызықтырды.Ол көне дәуір ескерткіштерін жөнінде деректерді әрқашан жазып, деталдарын сызып, суретке зер салып отырады артынан сол жазып сызғандарын зерттеумен болады.Суреткелікке кемелдікке жету жолындағы ізденіске шексіз құштарлықтың жарқын қараған.15 ғасырда Алъберти сәулетшілікті «өмірдің бір бөлігі »деп жариалады. Өйткені ол кезде сәулетшілік шын мәнінде адам өміріне енгенді. Алъберти пікірінше құрылыстар ең алдымен «құдіретті сәулет»ретінде қызмет атқаруға тиіс болды.Өмірдің құдіретті сәулеті сәулет өнері болды. Адам өмірін мүмкіндігінше неғұрлым тамаша етіп бейнелеу архитектура міндетіне айеалды.Сөйтіп әсемдік архитектураның түбегейлі мақсаты болды.


Пайдаланған әдебиеттер.

1.Л.Любимов.»Батыс Еуропа өнері»105-108 беттер.

2 Авдиев. История Древного Востока.1970-561стр.

3 Абрамова.Изображение.


Лекция 23.

Тақырыбы.Флорнеция мен Тоскандағы мүсін өнері.

Жоспар.Донателло мүсіндері.

2.А.Вероккио 15 ғ соңғы мүсіншісі.


Донателло творчествосының ауқымы кең. Ол нағыз асқақ драмалық образдар жасады, сол сияқты мейірімді лирикалық нәзік дауылды динамикалық тұлғада дүниеге әкелді. Оның шалқар шабыты мен шеберлігі әрбір тақырып үшін нағыз көркем уақытында ешкім асып кете алмаған бейнелер таба білді. Оның ғажайып шығармаларының бірі Флоренция шіркеуіндегі әншілерге арналған билеп жүрген періште сәбилердің бедерлі суреттермен әшекейлеген атақты кафедра Муратов өзінің «Италия образдары»деген кітаюбында былай жазған.Бұл фигураларды жасаған суреткердің тұла бойында телегей теңіз өміршеңдік күш қайнап жатқан болса керек.Ренесанстың үш атасының 15 ғасырдағы бірінші жартысындағы Флоренцияның үш кемеңгер суретшілерінің арасында Мазаччо ең алдымен өте жастай дүние салды, достары Донателло өз заманының өнеріне тіпті бүкіл әлемдік өнерге баға жетпес әрі ұмытылмас үлес қосты.Өйткені композициялық Вазари айтқандай бірінші болып,композицияны тік тұрғызды.Мүсін өнері 15 ғасырда жүзеге асты.Бізге белгілі аса тамаша шебер Вероккио квартроченто кезеңінде Донателлодан кейінгі шын мәніндегі аса ірі мүсінші саналады. Онымен терезесі тең емес одан кейінгі үздік шыққан суреткер.Венеция алаңдарында аспанмен таласып тұрған «Коллеони»атты қола мүсінінде Вероккио даңқы шыққан кондотъерге орнатылған ескерткіш қаһарлы қолбасшы ат үстінен әлемге көз тігіп,тұрған бейнесін көрсеткен.Бұл монумент өнердің өте әсерлі туындысы екендігін күмән жоқ.
Пайдаланған әдебиеттер.

1.Л.Любимов.»Батыс Еуропа өнері»117-128 беттер.

2 Авдиев. История Древного Востока.1970-561стр.

3 Абрамова.Изображение.


Лекция 24

Тақырыбы.Жоғарғы Қайта өркендеу дәуірі флоренциялық римдік өнер.

Жоспар.1Л.ДаВинчи шығармашылығы.

2.Рафаэлъ Санти шығармасы.

Леонардо да Винчи көркем мұрасы сан жағынан алғанда онша көп емес. Леонарданың жаратылыс тану ғылымдармен және инженерлік іспен айналысуы өнерде жемісті жұмыс істеуіне кедергі жасады деген сөз бар. Леонарда Флоренцияда өнер биігіне талпыныс жасай жүріп, өз дарынын әр алуан салада байқап көрді архитектуралық чертеждер сызды Пизаны Флоренциямен қосатын канал жобасын су күшімен қозғалысқа келетін диірмендердің шұға басатын машиналар мен снарядтардың суреттерін сызды.»Гүл ұстаған құдай ана »деген картинасы осы кезеңге жатады.Бұл туындысын жазған кезде ол жиырима алтыда еді. Бұл кезеңде суретші ұлы живописъ өнерінде кәмелетті шеберлікке жетті.Бұл картинаның барлығы соншалықты қарапайым өмірдің өзі сияқты шексіз күрделі. Болмыс заңдарын талмай зерттеген шығарманың авторы өз туындысын мейлінше еркін жасай алатын дәрежеге жеткен тұңғыш суретші еді.

Жарық пен көлеңке нәзік кіріктіру арқылы ол өзі бейнелеген фигуралардың ауқымдылығын аша түседі. Адам табиғаттың жетілген перзенті оның қожасы ретіндегі ролі күш-жігері мен еркіне толық бостандық береді.Барлық өнердің ішінде Леонарда живописъті ең алдыңғы орынға қояды. Өйткені ол живописъші әр түрлі адамдардың және барлық заттардың өкім жүргізушісі болып табылады. Онша белгілі емес с уретші және гуманист ақын ұлфы Рафаэлъ Санти жоғары құрметке ие болды. Рим папасы бұрын живописъші жетіп көрмеген биік тұғырға көтермек болды, тек мезгілсіз келген ажал кедергі болды. Рафаэлъ Перуджионың шәкірті болды., ол жас кезінен оның суретшілік өнері ұстазына ұқсас еді. Оның ең ертеңгі шығармаларында өзінде жаңа идеалдың нышаны байқалған еді. Лондонда Ұлттық Галереяда 1500 жылы он жеті жасар кезінде салған суреті «Рыцардың түсі»атты ғажайып картинасы ілулі тұр. Жас жігіт тамаша табиғат көрінісіне фонында бейнелеген ол тұлғалы болып көріне қоймауы мүмкін әлдебір ішкі ұстамдылық пен жан дүниенің сабырлығы үйлесім тапқан, әсемдікке бөленген.1506 жылдары көптеген портреттер салды,автопортрет.»Көк оранған құдай-ана»»Ғажайып бағбан»атты картиналары бар.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Л.Любимов»Батыс Еуропа өнері »154-168 беттер.

2 Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

Лекция 25.



Тақырыбы.Венециядағы Жоғары Қайта өркендеу дәуірі.

Жоспар.1.Венеция мектебіне живописътік бағыт.

2.Тициан шығармасы.

Джотто образдарындағы нақтылық замандастары үшін тың құбылыс болды. Бірақ оның реализмі құдайларды «денесіз»бейнелейтін Византия өнерін жоққа шығара алмайды, екі өнерде шабыт құсының қанат қақтығыстары қуатты, өйткені бағыты де шабыт ұшу биіктігі бірдей. Флоренция мен Римнің живлписъіне қарағанда Венеция живописъі өнердің жаңа бір беті еді. Венецияның асқан кемеңгер суретшісі Тициан Микеланджелоны да ,Рафаэлъді,Л.дВинчиді өнер тарихының алтын беттерінен алып тастай алған жоқ. Тициан картиналары тамашалай отырып нағыз құдіретті живописъ, осы ғана деген тұжырымға келесің.Флоренция мен Римде өздері әрі мүсінші, әрі сәулетші болғандықтан өнердің сол түрлерінің ықпалы живописътік творчествосына әсер еткен суретшілер жұмыс істеді. Олар өздерін логикаға негізделген ежелгі мәдениеттің мұрагеріміз деп есептеді. Көркем көрінісімен көз қуантатын Тоскана табиғаты суретшілердің шын мәніндегі айқын түрге әдемі айшықты көрініске геометриялық жағынан мінсіз композицияға деген ынтасын оятты. Венеция живописъі дүниені сезіммен түйсінуге негізделген. Онда классикалық дәстүрдің болмысы тікелей ролъ атқарған. Венеция шеберлері картиналарының ерекшелігі композицияның архитектуралығы мен геометриялық дәлдігі айқындалады. Ол шеберлер тек живописті ғана мұрат етіп тұтты.

Венеция мектебі өз мақсаттарына тек живописътің ғана шамасы келетін құралдармен жетеді, яғни олар түр-түстің құдіретіне құлай беріліп бояуды ғаламат құлпырта алады. Қайта дәуірлеу кезеңін ұйқыдан ояну немесе жастықтың кемелденту сәтімен салыстьыруға болады, ол кезде дүниедегінің бәрі бар болмысын айқын қуанышты түрде қабылданып, әлем адамға өзінің көз тұндырарлықтай алуан қырлы әсемдігімен көрінді. Венециялық ұлы живописъ квартроченто дәуірінде даңқ нұрға бөленді. Тициан даңқы Италияға содан соң бүкіл Баиыс Еуропаға жайылды. Тициан таңдауы білімді қауым арасында ұзақ өмір сүрді. Оның өмірі дүниенің әсемдігімен сүйсінумен ұлы живописъ өнерінде паш етумен өтті. «Пенделік махаббат пен пейіштік махаббат»»Флора»»Венера мейрамы»атты картиналары бар.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Л.Любимов»Батыс Еуропа өнері »210-228 беттер.

2 Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі.


«Сырдария » университеті.

«Өнер.» факулътеті.

«Бейнелеу өнері және сызу.»кафедрасы.


«Бейнелеу өнері тарихы және теориясы »пәні

бойынша 050107 «Бейнелеу өнері және сызу »

мамандықтарының студенттері үшін.


Семинар сабақтарының жоспары.

Жетісай-2005 ж.




Семинар сабақтарының мазмұны.





Сабақтың тақырыбы,мазмұны.

Әдебиеттер.


1.

№ 1 сабақ.

Бейнелеу өнерінің адамның рухани және материалдық өмірінде алатын орны.

1.Бейнелеу өнерінің табиғаты.

2.Бейнелеу өнерінің түрлері.

25, 6, 22, 21



2.

№ 2 сабақ.

Алғашқы қауымдық кезеңдегі бейнелеу өнері.

1.Палеолит,мезолит өнері.

2.Неолит өнері.

1, 2, 3, 4, 5, 6



3.

№3 сабақ.

Ежелгі Египет өнері.

1.Египет өнерінің кезеңдерге бөлінуі.

2. Оның дүниетанымдық түсінікпен байланысы.

3.Ежелгі патшалық өнері.


16, 18, 19, 20



4.

№4 сабақ.

Ежелгі Месопотами өнері.

1.Қосөзен өңірінде қалыптасқан өнерге шолу.

2.Шумер және Аккад қаласының мәдениеті.


21, 22, 23, 24, 25



5.

№5 сабақ.

Ежелгі Греция өнері.

1.Архайка өнері.

2.үш ордерлік жүйенің қалыптасуы.



15,16,23.

6.

6-сабақ.Ежелгі Рим өнері.

1.этрус көркем шығармашылығы.

2.Республикалық кезеңнің діни ғимараты.

3.Рим мозайкасы.



12,11,8,9,3.

7.

№ 7 сабақ.

Орта ғасырлық Батыс Еуропа өнері.

1.Ұлттық жеке мектептердің қалыптасуы.


4,11,18,17.

8.

8-cабақ.Ежелгі Үнді өнері.

1.Үнді мифологиясы.

2. Сәулет, бейнелеу өнерімен байланысы.


12,8,9,13.

9.

9-сабақ.

Орта ғасырлық Үнді мәдениеті.

1.13-18ғ орта ғасырлық мәдениет.

2.Делидегі жұма мешіті.



1, 2, 3, 4, 5, 6

10.

10-сабақ.

Ежелгі және орта ғасырдағы Қытай мәдениеті.

1.Қытай өнеріне жалпы шолу.

2.Боялған керамика.

3.Геометриялық өрнектер.

4.Ұлы Қытай дуалы.


25, 6, 22, 21



11

11-сабақ.

Орта ғасырлық Жапон мәдениеті.

1.Ерте,жоғарғы кезеңі.

2.Ұлттық,классикалық өнердің пайда болуы.

3.12-19ғ ұлттық гравюра.

1, 2, 3, 4, 5, 6



12

12-сабақ..

Монғол қағанатының мәдениеті мен өнері.

1.Ұлы даладағы көшпелілер өнері.

2..Мекен жайы,түрі, киімі,қол өнері.


16, 18, 19, 20



13

13-сабақ.

Орта ғасырдағы Орта Азия мәдениеті.

1.Бұқараның тарихи ескерткіші.

2.Базарлар мен моншалар.

3.Самарқан сәулет өнері.

21, 22, 23, 24, 25



14

14-сабақ.Ежелгі Орыс өнері.

1.Ежелгі Киев өнері.

2.Икона жазу өнері.

3.Боголюбовтегі қорған.



15,16,23.

15

15-сабақ.14-16ғ Орыс өнері.

1.Феофан Грек және Андрей Рублев живописі.

2.Москва Кремлінің ансамблі.

3.Халықтық ағаш сәулет өнері..



12,11,8,9,3.

16

16-сабақ.

Проторенессанс.

1»Ренессанс»Қайта өркендеу дәуіріне анықтама.

2.Сиена живописінің ерекшелігі.

3.Джотто көркемдік жүйені қалыптастырушы.


4,11,18,17.

17

17-сабақ.Италия Қайта өркендеу дәуіріндегі Ерте кезең.

1.Ренесанстың көзқарасының қалыптасуы.

2.15ғ сәулет өнері.

3.15ғ мүсін,живописъ өнері.



15,16,23.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті


«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы

«Бейнелеу өнері тарихы және теориясы» - пәні бойынша

050107 Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері үшін

Студенттің өзіндік жұмысының жоспары

(С Ө Ж)

Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмыс жоспары.(ОБСӨЖ)

Жетісай – 2005




9. С Ө Ж – Т А Қ Ы Р Ы П Т А Р Ы




СӨЖ тақырыптары, мазмұны

әдебиеттер

1

І. Бартонек.А.Златообилъные микены.

М.Наука.1991-352стр. Оқып шығып конспектілеу


16, 18, 19, 20



2

Гуляев.В.И.Загадки погидших

цивилизаци.М.1992-160стр. Оқып шығып конспектілеу


1, 2, 3, 4, 5, 6



3

Гумилев.Л.Н.Этногенез и биосфераземли

.503стр. Оқып шығып конспектілеу


16, 18, 19, 20




ОБСӨЖ- тақырыптары




ОБСӨЖ тақырыбы,мазмұны.

Бақылау түрі

4

Бабыр Захир ад-дин.Мухаиед .Бабырнама.

448бет.


Жазба бақылау жұмысы

5

Мелентъева. Донателло.1990-160стр

Жазба бақылау жұмысы

6

Қайта өркендеу өнері бойынша

реподукциялар жинақтау.



Сурет жинақтау



10. Пайдаланатын әдебиеттер.

1.Герман.М.Антуан Ватто.-Искусство1984-208.

2.Заподноевропейская художественная кулътура 18века.М.Наука.1980г.

3.Золотов.Ю.Французская живописъ 18 века. и вопросы стилистики искусства 1988-№4 с.58-62.

4.Немилова.И.Французская живописъ.1985-492стр.

5.Тортаев.Орта ғасыр тарихы.

6.Қазақстан тарихы. Очерктер.

7.Л.Любимов. \Ежелгі дүние тарихы.

8.Л.Любимов.Батыс Еуропа өнері.

9.Дмитриева. Искуство Древного мира.207стр.

10.Авдиев. История Древного Востока.1970-561стр.

11.Абрамова.Изображение.

12.Яворская.Н.В.Заподноевропейская искусство 19века .1962-46стр.

13.Матъе. Древнеегипетские мифы.1982-192стр.

14.Каталог-2 Батыс Еуропа живописъі.

15. ЛЛюбимов. Малая история искуссив.

16. В.Н.Тяжелев. Орта Азия тарихы.

17.Каменова. Твоя палитра.

18 Матъе.Древнеегипетские мифы..

19 Популярная художественная энциклопедия.Архитектура.Живописъ,Скулъптура.432-.



  1. Hакитин. Исскуство видетъ.1972-128с.

  2. Энциклопедическии словаръ юного художника. 416с.

22. Авдиев.История Древного Востока.1970г.

  1. Дмитриева. Искуство Древного мира.207с.

24. Павлов. Скулъптурныи портрет Древного Египта.1970г.

25. Абрамова. Изображение

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«Сырдария» университеті

«Өнер» факультеті
«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы

«Бейнелеу өнері тарихы және теориясы» - пәні бойынша 050107 Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттері үшін




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет