Лекция 6 (сағат) Тәжірибелік (семинар) сабақтары 30 (сағат)


Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет16/32
Дата14.06.2016
өлшемі3.82 Mb.
#134590
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Қандағы кальций мен фосфаттардың мөлшерін реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

2. Негізгі алмасуды реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

3.Су-минерал (су, натрий мен калий деңгейін) алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

4.Гипогликемиялық әсер көрсететін гормон. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

5.Контринсулярлы гормондар. Түзілетін орны. Олардың гипергликемиялық әсерінің механизмдері.

6.Қантты диабет дамуының биохимиялық механизмдері.

7. Гипертиреоз дамуының биохимиялық механизмдері.

8. Гипотиреоз дамуының биохимиялық механизмдері. Ересектер мен балалардағы гипотиреоз. Эндемиялық зоб.

9. Катехоламиндер. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

10. Анаболикалық эффект көрсететін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

11.Әйел адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

12. Ер адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

13. Эйкозаноидтар. Олардың түзілетін орны. Эйкозаноидтардың негізгі өкілдерінің физиологиялық әсері.

14.Гипофиз гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері..

15.Қан сарысуының белоктары мен белок фракциялары. Қалыпты жағдайдағы пайыздық мөлшері. Қағаздағы электрофорез әдісінің принципі.

16.Белок электрофореграммасының түрлері, олардың диагностикалық маңызы.

17.Қан плазмасының ферменттері, түрлері, диагностикалық маңызы.

18.Гиперлипидемиялар, олардың диагностикалық маңызы.

19.Мочевина және несеп қышқылы. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Оларды қанда және зәрде анықтаудың диагностикалық маңызы.

20.Билирубиннің түрлері. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Қандағы және зәрдегі билирубинді анықтаудың диагностикалық маңызы

21. Креатин және креатинин. Олардың түзілетін орны. Маңызы. Қандағы креатининнің қалыпты мөлшері. Қандағы креатинин мөлшерінің артуы нені көрсетеді? Креатинурия қандай жағдайда байқалады?

22.Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары. Олардың қалыпты жағдайдағы мөлшері. Оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.

23. Натрий және калий. Осы элементтердің қан плазмасы мен эритроциттердегі қалыпты мөлшері және организмдегі маңызы. Қандағы натрий мен калий деңгейін қандай гормон реттейді?

24.Қалыпты зәрдің физика-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы. Зәр құрамындағы заттардың қалыпты мөлшері.

25.Зәрдің патологиялық компоненттері. Олардың зәрде пайда болуының негізгі себептері.

26.Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.

27.Қантты диабет кезіндегі қан және зәр құрамындағы биохимиялық өзгерістер.

28.Орташа молекулалы пептидтер. Олардың диагностикалық маңызы.

Жағдайлық есептер (тәжірибелік дағдыны қабылдау)

1.Науқас белок мөлшері төмен диетада. Оның қан сарысуын зерттегенде мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л болды. Науқас қандай ауруға шалдыққан деп болжауға болады?

2.Зерттелетін қан сарысуындағы креатин мөлшері 1,2 мМоль/л. Осы жағдай қай органның қызметі бұзылғанда байқалады?

3.Науқаста кіші буын артриті байқалады. Оның қанында несеп қышқылы мөлшері артқан. Қандай ауру деп болжауға болады? Несеп қышқылы неден түзіледі?

4. Пациенттің бауыр тұсы ауырады, склерасы мен терісі сарғайған. Нәжісі түссіз, зәрі – сыра түсті (қоңырлау). Осы күйді қандай патология тудырады? Осы пациент қандай анализ тапсыруы керек? Нәжістің түссізденуін қалай түсіндіруге болады? Зәр түсінің өзгеруі қандай қорытынды жасауға мүмкіндік береді? Осы патологияда тікелей және тікелей емес билирубин арақатынасы өзгереді ме?

5. Операция алдында науқастың қанындағы қалдық азот мөлшері жоғарылаған (50мМоль/л). Оған операция жасауға болады ма? Неліктен?

6. Қан сарысуындағы глюкоза мөлшері 10мМоль/л. Бұл күй қашан байқалады? Зәрде глюкоза пайда болады ма?

7. Қан сарысуы белоктарының электрофорезі кезінде қан сарысуындағы жалпы беклок мөлшері қалыпты, ал жеке белок фракцияларының проценттік арақатынасы: альбуминдер – 40, α-глобулиндер – 10, β-глобулиндер – 10, γ-глобулиндер-38 құрады. Бұл дені сау адамның, әлде науқастың қан сарысуы ма? Неліктен олай ойлайсыз?

8. Науқаста тырыспа байқалады. Қан сарысуын тексеру барысында кальций мөлшері 1,2 мМоль/л болды. Осы күй қалай аталады? Қашан байқалады?

9. Науқастың қан сарысуында калий мен магний мөлшері артқан. Бұл қай кезде байқалады?

10.Қан сарысуындағы кальций мөлшері нормадан көп (6 мМоль/л). Қандай горомн секрециясы артқан? Неліктен?

11. Науқастың тілі ісінген, үлкейгендігі сонша аузына сыймайды, тілінің үстінде тістің іздері қалады. Бұл ауру қандай эндокринді бездің қызметі бұзылғанда байқалады? Ісінудің биохимиялық механизмі.

12. Базедов ауруымен ауыратын науқастардың дене температурасы неліктен қалыптыдан жоғарырақ болады?

13. Зәрде 17-окси- және 17-кетостероидтар, альдостерон мөлшері төмендеген. Қысым төмендеген. Сусыздану, гипогликемия байқалады. Бұл қай бездің гипофункциясы кезінде байқалады және неліктен?

14. 10 жастағы бала бойының неліктен аласа екенін анықтау үшін ауруханаға келді. Оның бойы өзімен жасты балалардан аласа болатын, ата-анасы оның 7 жасар інісінен аласа болғанына мазаланып, дәрігерге әкеледі. Ол екі жылда 3 см-ге ғана өсті. Қандай горомн жеткіліксіздігі деп болжауға болады? Бұл жайт баланың ақыл-ойына әсер етуі мүмкін бе?
5.Оқыту мен сабақ беру әдістері:

Әдіс – біріккен (комбинациялық):

Аралас сұрау (жазбаша сұрау, әңгімелесу).



Оқыту құралдары:: «Биологиялық химиядан практикум», Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 Бөлім- «Заттар алмасуы және оның реттелуі», 3 Бөлім-«Биологиялық сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы» бойынша теориялық материал жағдайлық есептер. Сәйкес дәрістердің электронды нұсқасы, силлабус.

  • Жазбаша сұрау аралық бақылау билеттері бойынша (билет келтірілген).

  • Аралық бақылау билеттерінің жағдайлық есептері бойынша студенттермен әңгімелесу.

  • Аралық бақылауды қорытындылау: студенттерді алған бағаларымен таныстыру.

  • Емтиханға жіберу рейтингін есептеу.


6.Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Плешкова С.М. және басқалары «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы 2006, 193-262 бет.

  2. Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары», Алматы, 2004

  3. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 бөлім: Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.

  4. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3Бөлім. Адам ағзасындағы сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы. – Алматы, 2009 ж.

Қосымша:

  1. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007.

  2. Сеитов З.С. «Биохимия», Алматы, 2007 ж., 155-197, 483-493, 529-531 бет.

  3. У.Сайпіл, К.Қ.Өмірзақова “Заттар алмасуы”, Алматы, 2004 ж.

Орыс тілінде:

  1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия, М., 1998 – С. с 582-585; 661-680

  2. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С. 674-708

  3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 432-452

  4. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Основы частной биохимии», Алматы, 2004 – С. 44-57

  5. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994 – С. 173-189, 325-340

  6. Р.Марри, Д. Греннер, П.Мейес, В. Родуэлл – Биохимия человека (перевод с англ) – М., Мир: 1993 – том 2 – С. 299-318, 332-351

  7. В.Дж. Маршалл – Клиническая биохимия – Москва, 1999 – С. 212-229

  8. Кольман Я., Рем., К-Г., «Наглядная биохимия»., М.: Мир,2004

  9. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005


7. Бақылау:

Бұл сабақта білім, тәжірибелік дағдылар, коммуникативті дағдылар бағаланады:



Білім құзырлылығын бағалау жазбаша бақылау бойынша жүргізіледі.

Тәжірибелік дағдылар құзырлылығына баға жағдайлық есепті шешуіне қойылады.

Коммуникативті дағдылар құзырлылығына баға студенттің билет сұрақтарына жауап беруі кезінде оқытушымен диалог жасай алуына, өз пікірінде қала білуіне, сөйлесуші адаммен дұрыс қарым-қатынас жасай білуіне қарай қойылады.
МАМАНДЫҒЫ: СТОМАТОЛОГИЯ
КАФЕДРА: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ОҚЫТУШЫНЫҢ БАҚЫЛАУЫМЕН АТҚАРЫЛАТЫН СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

КУРС: 2
ПӘН: БИОЛОГИЯЛЫҚ ХИМИЯ

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: кафедраның профессор-оқытушылар құрамы

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды



Хаттама №1 29 тамыз 2012 ж.

Бекітілді

Кафедра меңгерушісі

Профессор ____________________________ Плешкова С.М.

1 ОСӨЖ

1.Тақырыбы: Белоктар. Белоктардың жалпы қасиеттері және атқаратын қызметтері. Белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарын ашуға арналған реакциялар.

2. Мақсаты:


  1. Белоктардың атқаратын функциялары мен жалпы қасиеттері туралы студенттердің алған білімдерін бекіту.

  2. Кәсіби әдебиетпен жұмыс жасауда және жағдайлық есептерді шешуде студенттерде дағдылар мен талдай алу қабілеттерін дамыту.

  1. Оқыту міндеттері:

  1. Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша берілген жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.

  2. «Белок зарядының орта рН-ына тәуелділігі» кестесін толтыру.

  3. Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.

  4. Өткізу формасы:

Аралас әдіс:

  1. Студенттер қойған сұрақтар бойынша кеңес беру

  2. Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).


5.Тақырып бойынша тапсырмалар

1)Кесте толтыру: «Белок зарядының орта рН-ына тәуелділігі»



Белоктар

Бейтарап

/NH2

R- COOH


Қышқылдық

/NH2

R- COOH

\COOH


Негіздік

/NH2



  1. NH2

\COOH

Орта рН

Бейтарап

рН=7


[H+] = [OH-]










Заряды










Қышқылдық

рН<7


[H+]  [OH-]










Заряды










Сілтілік

рН>7


[H+] < [OH-]










Заряды











2) Жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу.

6.Таратылатын материал: кафедраның оқу-әдістемелік құралдары, тест тапсырмалары, тақырып бойынша кестелер, дәрістің электронды нұсқасы.

7. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі:


1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.



Қосымша:

  1. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

  2. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

  3. Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

  4. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

  5. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

Орыс тілінде:

  1. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 г.стр10-17

  2. Николаев А.Я. “Биологическая химия” – Москва, 2004г., с. 16 - 59

  3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия” – Москва , 2004г., с. 20-74

  4. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии «Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины», часть 1 – Алматы, 2009.

  5. Строев Е.А. “Биологическая химия” – Москва, 1986г., с. 24-51; 55-58.

  6. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005г.

  7. Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000, с. 85 – 134

  8. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Ерджанова С.С. Петрова Г.И. Практикум по биохимии – Алматы, 2003

2 ОСӨЖ



1.Тақырыбы: Белоктар.

Белоктардың жалпы қасиеттері. Тұнбаға түсу реакциялары. Белоктардың жіктелуі (жай және күрделі белоктар). Жай глобулярлы белоктар.



2.Мақсаты:

1) Белоктардың жалпы қасиеттері және жіктелуі туралы білімдерін бекіту.

2) Жай глобулярлы белоктар туралы білімдерін бекіту.

3) Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.



3.Оқыту міндеттері:

1.Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.

2. «Белок молекуласының құрылымдары және оларды тұрақтандыратын байланыстар» кестесін толтыру.

3. Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.



4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Белоктардың жалпы қасиеттері:



  1. Белоктардың коллоидты қасиеттері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

  2. Белоктарды тұнбаға түсу реакциялары және тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  3. Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

2.Белоктардың жіктелуі.

3. Альбуминдер мен глобулиндердің, протаминдер мен гистондардың химиялық қасиеттері, ролі мен табиғатта таралуы


5. Оқыту әдістері мен құралдары:

Аралас әдіс:



  1. Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).

  2. Жазбаша бақылау (билеттер келтірілген).

Оқыту құралдары: оқу кестелері, схемалар, тақырып бойынша сурет, дәрістің электронды нұсқасы.

Бағаланатын құзырлылықтар:

«Білім» құзырлылығы жазбаша бақылаудың сұрақтарына берген жауабына, жаттығулар мен есепті орындау сапасына қарай бағаланады.

1. ОСӨЖ-ді ұйымдастыру – оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді:

Үй тапсырмасы:



Белоктар. Күрделі белоктардың жеке өкілдері-нуклеопротеиндер(НП).

Нуклеин қышқылдары ДНҚ, РНҚ құрылымдары және маңызы.

Белоктарға түсті реакциялар және тұнбаға түсу реакцияларын демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау.



Келесі ОСӨЖ-ге «Белоктар.НҚ» тарауына өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Биохимияға кіріспе.

  2. Белоктардың атқаратын қызметтері.

  3. Белоктардың жалпы қасиеттері:

  1. белоктардың элементтік құрамы,

  2. жоғары молекулалық массасы,

  3. белок молекуласының көлемі мен пішіндері,

  4. ыдырау өнімдерінің ұқсастығы;

  5. белок молекуласындағы байланыс түрлері және олардың белок молекуласын тұрақтандыруға қатысуы;

  6. белоктарға түсті реакциялар: жалпы және жеке амин қышқылдарына арналған реакциялар. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  7. Белоктардың амфотерлік қасиеті. Орта рН-ының белок зарядына әсері.

  8. Белоктардың коллоидты қаситтері. Белоктың ерітіндідегі тұрақтылығы, тұрақтылық факторлары.

  9. Тұнбаға түсу реакциялары және белоктардың тұздалуы. Осы реакциялардың медицинадағы маңызы.

  10. Белок молекуласының құрылымдары (структуралары). Денатурация, ренатурация.

4.Белоктардың жіктелуі.

5. Альбуминдердің, глобулиндердің, протаминдердің, гистондардың және склеропротеиндердің (коллагендердің, эластиндердің, кератиндердің) химиялық қасиеттері, олардың ролі мен табиғатта таралуы

6. Гликопротеиндер, құрылысы, қасиеттері, маңызы, жіктелуі. Нағыз гликопроетиндердің протеогликандардан ерекшелігі, негізгі өкілдері.

7.Хромопротеиндер, жіктелуі: гемопротеиндер, магнийпорфириндер, пигменттер, құрылысы, маңызы.

8.Нуклеопротеиндер, құрамы, қасиеттері. Нуклеин қышқылдары – құрылымдары, құрылысы, ролі.

9. Металлопротеиндер, липопротеиндер, фосфопротеиндер – құрылысы, өкілдері, ролі.

10.АҚ-нан ди-, три-, тетрапептидтер құрастыра білу.

11. ДНҚ-ның, РНҚ-ның 1-реттік құрылымын 2 нуклеотидті өзара фосфодиэфирлік байланыстпен байланыстырып, көрсете алу.


«Практикумнан...» №№ 1, 2, 3, 5, 7, 8, 10, 12, 13, 14, 18, 19, 20б, 25 зертханалық жұмыстарды конспектілеу.

2.Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіріп, әр студентке тапсырма береді.

БЕЛОК МОЛЕКУЛАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ (СТРУКТУРАЛАРЫ)

Белок молекуласының құрылымдары

Осы структураны тұрақтандыратын байланыс түрлері


Осы құрылым арқылы анықталатын белоктың негізгі қасиеттері







































3.Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу). Студенттер тапсырманы орындау кезінде оқытушы студенттердің өзіндік жұмысты орындауын тексереді, оны бағалайды, тапсырманы кімнің дұрыс орындағанын тексерді, қажет болғанда түзету енгізеді.

4. Жазбаша бақылау (билеттер келтірілген)

5. ОСӨЖ-ді қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды, баға қояды және қойылған бағаны студенттерге жариялайды.
6. Әдебиеттер:

Қазақ тілінде

Негізгі:


1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.

2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.

Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.

3. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.

Қосымша:

1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.

2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.

3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.

4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.

Орыс тілінде:



  1. Северин Е.С. «Биохимия», 2007 стр.19-27

  2. Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г., с. 16 - 59

  3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004, с. 20 - 74

  4. Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии «Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины», часть 1 – Алматы, 2009.

  5. Строев Е.А. “Биологическая химия” – Москва, 1986г., с. 24-51; 55-58.

  6. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005г.

  7. Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000, с. 85 – 134


7.Бақылау студенттердің билеттерге, блиц-сұраққа, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары бойынша жүргізіледі.

3 ОСӨЖ



1. Тақырыбы: Белоктар. Күрделі белоктардың жеке өкілдері-нуклеопротеиндер(НП).

Нуклеин қышқылдары. ДНҚ, РНҚ құрылымдары, маңызы.

Түсті реакциялардың кейбір амин қышқылдары мен белоктар үшін және тұнбаға түсу реакцияларының медицинадағы маңызы.



2. Мақсаты:

1) Материалды түсіну тереңдігін тексеру.

2) Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істеу және жағдайлық есептерді шешу арқылы дағдыландыру

3.Оқыту міндеттері:

1. Жағдайлық есептерді шығару

2. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Белоктар, атқаратын қызметтері, жалпы қасиеттері

2. Белоктардың жіктелуі.

3.Жай белоктардың өкілдері (альбуминдер, глобулиныдер, протаминдер, гистондар,

коллагендер, эластиндер, кератиндер), қасиеттері, құрылысы, маңызы.

4.Күрделі белоктардың өкілдері (фосфо,- глико,- хромо,- метало,- липо- және

нуклеопротеиндер), құрылымы, қасиеттері, маңызы.

5.Нуклеин қышқылдары, түрлері, бір-бірінен айырмашылықтары, құрылымы, қасиеттері, маңызы.

6. Түсті реакциялардың жіктелуі, принциптері, тәжірибелік маңызы.

7. Түсті реакциялар арқылы ертіндіден құнсыз белоктарды қалай анықтауға болады?

8. Белоктарды тұнбаға түсіру және тұздалу реакцияларының медицинада қолдану принциптері.

9. Қан сарысуындағы белоктардың гидролиздену дәрежесін биурет реакциясы және аммоний сульфатымен тұздалу реакциялары арқылы қалай анықтауға болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет