Жағдайлық есептер:
1. Пробиркаларда a-аланин мен a-кетоглутар қышқылының қоспасы бар: бірінші пробиркаға - бауыр гомогенаты, екіншісінде – алдын ала қайнатылған бауыр гомогенатын қосты. Пробиркаларды оптимальды температуралық жағдайда 30-минут уақытқа қойды. Қай пробиркада қандай реакция өтеді? Қандай өнім түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңыз. Неліктен басқа пробиркада реакция жүрмейді? Түсіндіріңіз.
2. ПЖҚ-ң декарбоксилденуі кезінде бір жағдайда сірке альдегиді, ал екінші жағдайда – ацетил-КоА түзіледі. Декарбоксилдену реакцияларының айырмашылығы неде?
3. Амилаза ерітіндісінің үш pH мәні әртүлі буферлі ерітінділерге құйылады: бірінші пробиркада – 1,5; екіншісінде – 6,8; үшіншісінде – 8,0. Содан кейін барлық пробиркаларға крахмал ерітіндісі қосылды, бөлме температурасында қалдырады. Люголь түсті реакция өткізді. 1-ші және 3- ші пробиркада қою – көк түс пайда болады, 2-ші пробиркада қызыл – қоңыр. Бұл нені көрсетеді.
7. Әдебиет
Негізгі:
-
Плешкова С.М. және т.б. «Белоктар. Ферменттер. Энергия алмасуы. Витаминдер.» - Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы. 1 бөлім – Алматы, 2009 ж, 90-111 бет.
-
У. Сайпіл, Абитаева С.А. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер»., Алматы 2000ж., б. 4-48, 73-92.
-
Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
-
Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж..
Қосымша:
-
Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
-
Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
-
Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
-
Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
-
Строев Е.А. “Биологическая химия”, Москва,1986г.
-
Николаев А.Я. “Биологическая химия”, Москва, 2004г.
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия”, Москва ,2004.
№6 ОСӨЖ
1.Тақырыбы: Ферменттер. Оксидоредуктазалар, құрылысы, каталитикалық әсері.
Энергия алмасуы. Энергия алмасуының сатылары. Тотығудың негізгі түрлері (оксидазды, пероксидазды, пероксидтік, оксигеназды).α-амилазаның, пероксидазаның және каталазаның әсерін зерттеуді демонстрациялау және алынған нәтижелерді талдау. Ағзаның антиоксидантты жүйесі.
2. Мақсаты:
1. Материалды терең меңгергендігін тексеру.
2. Кәсіби әдебиетпен жұмыс жасауда және жағдайлық есептерді шешуде студенттерде дағдылар мен талдай алу қабілеттерін дамыту.
3. Оқыту міндеттері:
1. Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша берілген жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.
2.Кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге студенттерді ынталандыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Ферменттер туралы түсінік. Фермент пен бейорганикалық катализаторлардың ұқсастықтары.
2. Ферменттердің жалпы қасиеттері. 3. Ферменттердің химиялық табиғаты. 4. Ферменттің активті орталығының құрылысы, ролі. 5. Ферменттің аллостериялық орталығы дегеніміз не? Ролі.
6. Ферменттердің әсер ету механизмі. 7. Ферменттердің арнайлығы: а) субстраттық, б) әсер ету арнайлығы.
8. Ферменттердің әсер ету қуаттылығы 9. Изоферменттер, олардың диагностикалық маңызы 10. Мультиферменттік комплекстің түрлері,маңызы. 11. Фермент активтілігіне әсер ететін факторлар. 12. Фермент активтілігіне температураның әсері. Қайтымды және қайтымсыз инактивация.
13. Фермент активтілігіне орта рН-ң әсері.
14. Фермент активтілігіне субстрат концентрациясының әсері.
15. Фермент активтілігіне эффекторлардың әсері. Арнайылығы бар және арнайылығы жоқ эффекторлар.
16.Фермент активтілігінің тежелу түрлері:
а) бәсекелес;
б) бәсекелес емес.
17.Ферменттердің аллостериялық активтенуі мен ингибирленуі. 18.Ферменттердің номенклатурасы мен жіктелуі. 19.Гидролазалар. Жалпы сипаттама. Негізгі топтары: эстеразалар, гликозидазалар, пептидгидролазалар. 20.Эстеразалардың негізгі топшалары: карбон қышқылдарынан түзілген күрделі эфирлік байланысты үзетін эстеразалар (липазалар, фосфолипазалар А1, А2), фосфоэстеразалар (фосфолипаза С және Д, глюкозо-6-фосфатаза), кездесетін орны, катализдік әсері.
21.Гликозидазалар негізгі өкілдері: α-амилаза, γ-амилаза, мальтаза, лактаза, сахараза, кездесетін орны, катализдік әсері.
22. Пептидгидролазалар эндопептидазалар (пепсин, трипсин, химотрипсин, катепсиндер) және экзопептидазалар (карбоксипептидазалар, аминопептидазалар, дипептидазалар), кездесетін орны, катализдік әсері.
23.Трансферазалар,жалпы сипаттамасы, негізгі топтары және олардың катализдейтін реакцияларының түрлері.
24.Аминотрансферазалар, құрылысы, коферментінің химиялық табиғаты, катализдік әсері.
25.Қан сарысуында аминотрансферазаларды (АЛТ, АСТ ) анықтаудың маңыздылығы. 26. Метилтрансферазалар, Вс және В12 витаминдерінің құрылысы туралы түсінік, олардың ролі. Катализдейтін реакциялары (мысал келтіру)
27. Ацетилтрансферазалар. НSKoA-ның құрылысы ( В3 вит.) және ролі. Катализдейтін реакциялары.
28. Фосфотрансферазалар, құрылысы, катализдік әсері.
29.Лиазалар, жалпы сипаттамасы, негізгі топтары және олардың катализдейтін реакцияларының түрлері.
30.Кетоқышқылдарының декарбоксилазалары, Мультиферменттік комплекстің құрамы, коферменттердің (В1, В5, В3 витаминдерінің ), ферменттің каталитикалық әсері.
31.Амин қышқылдарының декарбоксилазалары,витаминдердің құрылысы және коферменттік функциясы. Каталитикалық әсері, биогенді аминдер туралы түсінік. 32. Карбоангидраза. СО2 тасымалдаудағы ролі,құрылысы, катализдейтін реакциялары. 33.Оксидоредуктазалар, жалпы сипаттама, жіктелуі. 34. Дегидрогеназалар, өкілдері, құрылысы, каталитикалық әсері. 35. Пиридинферменттердің коферменттерін атаңыз. 36. НАД және НАДФ, кездесетін орны ,құрылысы мен биологиялық роліндегі айырмашылықтары. 37. Флавинферменттерің коферменттерін атаңыз. 38. ФМН, ФАД кездесетін орны ,құрылысы мен биологиялық роліндегі айырмашылықтары. 39. Витаминдер, коферменттерінің құрамына кіретін дегидрогеназалар. 40. Убихинон,химиялық табиғаты, кездесетін орны, құрылысы мен биологиялық тотығудағы ролі. 41. Цитохромдар, жіктелуі, жалпы сипаттамасы. 42. Цитохром В, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. 43. Цитохром С, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. 44. Цитохром А, өкілдері, гемнің құрылысы,тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. 45. Энергия алмасуы туралы түсінік. 46. Энергия алмасуының сатылары. 47. 1сатысы- көмірсулардың, липидтердің, белоктардың арнайы (бастапқы) жолдары арқылы актівті сірке қышқылына дейін ыдырауы. 48. Үш карбон қышқылдарының циклі (ҮКЦ), мәні, маңызы, реакциялардың сатылары. 49. Биологиялық тотығу (БТ), түсінік, маңызы. БТ сатылары, БТ тізбегіндегі сутегі мен электрондарды тасымалдауға қатысатын ферменттер. 50. Тотығу-тотықсыздану потенциалы (ТТП) дегеніміз не? Ол неге тәуелді? 51. БТ кезінде энергияның бөлінуі. БТ тізбегіндегі ферменттердің белгілі бір ретпен орналасуы немен байланысты? 52.Тотығудан фосфорлану (ТФ), мәні, маңызы, Р/О коэффициенті.
53.БТ мен ТФ қабысу нүктелері.
54 Электрондардың тасымалдану тізбегінің реттелуі. Тыныс алуды бақылау.
55. ТФ мен БТ ажырауы
56. Ферменттік ансамбльдер (немесе ферменттік комплекстер).
57. Оксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
58. Оксигеназды тотығу, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы.
59. Пероксидазды тотығу, маңызы, осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері.
60. Пероксидті тотығу (бос радикалды тотығу), осы үрдіске қатысатын ферменттер, соңғы өнімдері, маңызы. Оттектің активті түрлерінің түзілуі.
61. Ферментті және ферментті емес антиоксиданттар
5. Оқыту әдістері мен құралдары:
Аралас әдіс:
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу). А)студенттер №1кестені «Оксидоредуктазалар» толтырады.
№1кесте - Оксидоредуктазалар
Топ
|
Өкілдері
|
Кофермент, кофермент құрамына кіретін витамин
|
Катализдейтін реакция
|
|
|
|
|
Б)Жаттығуларды және жағдайлық есептерді шешеді.
6.Оқыту құралдары: кафедраның оқу-әдістемелік құралдары, тест тапсырмалары, тақырып бойынша кестелер, дәрістің электронды нұсқасы.
1. ОСӨЖ-ді ұйымдастыру – оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді:
Үйге тапсырма: «Витаминдер. Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоз, жіктелуі. Суда еритін және майда еритін витаминдердің құрылысы, биологиялық әсері, авитаминоз, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер.» «Практикумнан...» 51 (2), 52, 53,54,55 (1)-зертханалық жұмыстарды конспектілеу.
Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Витаминдер, түсінік, гипо-, гипер-, авитаминоздар, провитаминдер, витамерлер, антивитаминдер. 11. Р витамині, химиялық табиғаты, биологиялық әсері, авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. Витаминдердің жіктелуі.
2. В1 витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.
3. РР витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы.
4. А витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы.
5. В2 витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.
6. В5 витаминінің (пантотен қышқылы) коферменттік қызметі.
7. В6 витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.
8. Вс және В12 витаминдерінің химиялық табиғаты туралы түсінік, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.
9. Антиоксидантты витаминдер – құрылысы, антиоксиданттық ролі.
10. С витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы және Р витаминінің ролі.
11. Дерматитке қарсы витаминдер – құрылысы, ролі.
12. Капилляр беріктігін арттыратын витаминдер – құрылысы, ролі.
13. Қан жасауға қатысатын витаминдер – құрылысы, ролі.
14. Д витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы. Д витаминінің гипервитаминозы.
15. Е витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы.
16. К витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, биологиялық ролі, авитаминозы.
17. Н витаминінің химиялық табиғаты, тәуліктік қажеттілігі, коферменттік қызметі, авитаминозы.
18.Витамин тәрізді заттар туралы түсінік, олардың жіктелуі.
19.Холиннің, карнитиннің, пангам, орот, парааминобензой қышқылдарының, аденозилметиониннің, инозиттің, убихинонның, эссенциальды май қышқылдарының биологиялық әсері.
2.Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіріп, әр студентке тапсырма береді.
3.Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу). Студенттер тапсырманы орындау кезінде оқытушы студенттердің өзіндік жұмысты орындауын тексереді, оны бағалайды, тапсырманы кімнің дұрыс орындағанын тексерді, қажет болғанда түзету енгізеді.
4. 5. ОСӨЖ-ді қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. Плешкова С.М., Абитаева С.А., т.б. «Белоктар...». – Алматы, 2000 ж. – 3-36 б.
2. Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж.
Қосымша:
-
Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж. - 125-127; 167; 193-195; 798 б.
-
Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
-
Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
-
Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
-
Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
Орыс тілінде:
-
Северин Е.С. «Биохимия», 2007 г.стр10-17
-
Николаев А.Я. “Биологическая химия” – Москва, 2004г., с. 16 - 59
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. “Биологическая химия” – Москва , 2004г., с. 20-74
-
Учебное пособие для самостоятельного изучения биохимии «Белки, ферменты, энергетический обмен, витамины», часть 1 – Алматы, 2009.
-
Строев Е.А. “Биологическая химия” – Москва, 1986г., с. 24-51; 55-58.
-
Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005г.
-
Сеитов З.С. “Биологическая химия”, Алматы, 2000, с. 85 – 134
-
Плешкова С.М., Абитаева С.А., Ерджанова С.С. Петрова Г.И. Практикум по биохимии – Алматы, 2003
Жаттығулар:
1. Белгісіз ерітінділері бар екі пробиркаға сахаразаның ерітіндісі құйылды. Пробиркаларды 37°С-та 15 минутке термостатқа орналастырды. Содан кейін бірінші пробиркаға Селивановтың түсті реакциясын, ал екінші пробиркаға- Фелинг реакциясын жасады. Екі реакция да оң болды. Қандай пробиркадағы реакция сахаразаның абсолюттік арнайылығын көрсетті? Пробиркада қандай субстрат бар болды? Абсолюттік арнайылық деген не? Оның әсерін тоқтату үшін ерітіндісі бар кез келген ферментке қандай реактив қосуға болады. Ингибирлену жағдайын қалай түсіндіруге болады?
2. 0С, +4°С –та ашытқыны мұздатқышқа салып қойды. Бір тәуліктен кейін ашытқыны глюкозаның ерітіндісіне қосты да 37С-тағы термостатқа салып қойды. Глюкозаның ашуы байқала ма? Неге? Егер оны қыздырса не байқауға болады?
3. Ферменттің әсерінен күрделі зат жай заттарға ыдырады. Ыдырау: а) судың қатысуынсыз жүрді . Фермент қай класқа жатады? б) ыдырау судың қатысуымен жүрді. Фермент қай класқа жатады? Бұл реакция қалай аталады.?
4. Белгісіз ерітіндіге оптималды температурада амилаза ерітіндісі қосылды. Ерітіндіге Люголь ерітіндісін қосқанда сұйық сары түске боялды. Пробиркада қандай ерітінді болды? Қандай өнім түзілді? Дәлелдеңіз.
. 5.Пробиркаларда альфа- аланин мен альфа – кетоглутар қышқылының қоспасы бар: бірінші пробиркаға – бауыр гомогенаты, екіншісіне- алдын ала қайнатылған бауыр гомогенатын қосты. Пробиркаларды оптимальды температуралық жағдайларға 30-минут уақытқа орналастырады. Қай пробиркада қандай реакция өтеді? Қандай өнім түзіледі? Реакция теңдеуін жазыңдар. Неліктен басқа пробиркада реакция өтпейді? Түсіндіріңіз.
6.Жарақатталған жерді сутек асқын тотығын жаққанда газдар бөлінбеді. Бұл құбылыс қандай ауруда байқалады?
7.Феррицитохром с1–ді қандай фермент тотықтырады?
8.Жасушада анаэробты жағдай болды. ҮКЦ реакциялары жүреді ме? Неге?
9. Жасушада АТФ көп мөлшерде және АДФ аз. БТ жылдамдығы қандай болады? Неге?
10.Коэффициент Р/О = 2. Бұл нені білдіреді?
11.Коэффициент Р/О = 1. Бұл нені білдіреді?
12. ҮКЦ 3 молекула НАД-ты тотықсыздандыратыны белгілі. ҮКЦ –ның қандай реакцияларында жүреді?
Кесте: «Тотығу түрлері»
Тотығу түрлері
|
Соңғы өнім
|
Ферменттер
|
Реакциямен мысал келтіру
|
Оксидазды
|
|
|
|
Оксигеназды
|
|
|
|
Пероксидазды
|
|
|
|
Пероксидті
|
|
|
|
4. СӨОЖ қорытындысы.
№7 ОСӨЖ
1.Тақырыбы: «Витаминдер. Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоз, жіктелуі.Суда және майда еритін витаминдердің құрылысы, биологиялық әсері, авитаминозы, табиғатта таралуы, тәуліктік қажеттілігі. Суда және майда еритін витаминдер. Витаминтәрізді заттар. Антивитаминдер.
-
Мақсаты:
-
Студенттердің майда еритін витаминдердің құрылысы, қасиеттері және ролі туралы алғаг білімдерін бекіту.
-
Студенттердің «Витаминдер» тақырыбын оқу кезінде алған білімдерінің тереңдігін анықтау.
3. Студенттердің кәсіптік әдебиеттермен жұмыс жасау және жағдайлық есептерді шешу дағдылары мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
-
Оқыту міндеттері:
-
Оқытушының жетекшілігімен тақырып бойынша жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу.
-
Студенттерді кәсіптік әдебиеттерді оқып білуге және интернеттен ақпаратты іздеуге ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
3. Оқыту міндеттері:
1. Студенттерді майда еритін витаминдердің биологиялық ролі мен авитаминоздарының клиникалық белгілері арасындағы байланысты көрсете білуге үйрету.
2. Студенттерді витаминдер-антиоксиданттардың әсер ету механизмдерімен таныстыру.
3. Витамин тәрізді заттарды және олардың жануар организміндегі ролін қарастыру.
4. Студенттерді витаминдердің құрылысы мен ролі туралы алған білімдерін пәннің келесі тақырыптарын түсіну үшін қолдануға үйрету.
5. Студенттердің тақырыпты меңгеру тереңдігін тексеру, витаминдердің тәуліктік қажеттілігі туралы алған білімдерін бекіту.
6.Студенттерді осы тақырып бойынша алған білімдерін жағдайлық есептерді шешу үшін қолдануға үйрету.
7. Студенттерді жаңа терминдер мен түсініктерді: ксерофтальмия, антиоксиданттар, витаминнің активті алмасу формалары, мешел (рахит), кератомаляция, кератиндену, геморрагия, көру пурпуры, каротиндер қолдануға үйрету.
5. Оқыту әдістері мен құралдары:
Аралас әдіс:
-
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жағдайлық есептер мен жаттығуларды шешу).
Оқыту құралдары: оқу кестелері, тақырып бойынша суреттер, схемалар.
ОСӨЖ сценарийі:
Мазмұны
|
Әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы
|
Уақыты (болжалды хронометраж, топтың дайындық деңгейі мен басқа да факторларға байланысты өзгеруі мүмкін)
| -
ОСӨЖ-ді ұйымдастыру
-
Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру
-
Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу)
-
Шағын топпен жұмыс жасау.
5. ОСӨЖ-ді қорытындылау
|
Оқу журналы,
Жаттығулар,
Жағдайлық есептер,
Оқытушыларға арналған сабақ сценарийі келтірілген әдістемелік нұсқау, Силлабус,
«Биологиялық химиядан практикум» (2004ж.), Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1 Бөлім
| -
5 мин
-
40 мин
-
35 мин
-
15 мин
-
5 мин
|
1. ОСӨЖ-ді ұйымдастыру – оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖ-ге тапсырма береді:
Үй тапсырмасы: Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның негізгі сатылары. Метаболизмнің анаболикалық және катаболикалық жолдары. Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Гликогенолиз, гликогеногенез. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері.
Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
-
Метаболизм, оның негізгі сатылары.
-
Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі, маңызы.
-
Көмірсулардың қорытылуы.
-
Жекелеген моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен жылдамдығы.
-
Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық ролі.
-
Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.
-
Бауырдың глюкостатикалық қызметі.
2. Тақырып және тапсырмалар бойынша кеңес беру оқытушы студенттерден қандай сұрақтар қиындық туғызғанын сұрап, оларға кеңес береді. Содан кейін ОСӨЖ барысын түсіндіреді.
3. Оқытушының жетекшілігімен атқаратын студенттердің өзіндік жұмысы (кесте толтыру және жаттығулар мен жағдайлық есептерді шешу). Студенттер тапсырманы орындау кезінде оқытушы студенттердің өзіндік жұмысты орындауын тексереді, , тапсырманы кімнің дұрыс орындағанын тексеріп, оны бағалайды, қажет болғанда түзету енгізеді.
4. Шағын топта жұмыс жасау. Студенттер 4 топқа бөлінеді: әр топ жағдайлық есепті шешеді, оны талдап, содан соң бүкіл топпен барлық жағдайлық есепті талдайды.
5. ОСӨЖ-ді қорытындылау – оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша қорытынды жасайды.
Кестені толтыру: «Витаминдердің кофермент түзуге қатысуы»:
Витаминнің белгіленуі
|
Химиялық аты
|
Қай коферменттің құрамына кіреді
|
Катализдейтін реакциясына мысал
|
|
|
|
|
Жаттығулар:
-
Е витаминінің тіндік тыныс алуға және липидтер алмасуына әсері қандай?
-
В1 авитаминозы кезінде неліктен көмірсулар алмасуы бұзылады?
-
А витаминінің авитаминозы кезінде неліктен ксерофтальмия байқалады?
-
Д3 витаминінің активті алмасу формаларының құрылысын жазыңыз.
-
Қандай витамин жеткіліксіз түссе, қан ұюының бұзылуы байқалады?
-
Қандай витаминдер жануар организмінде өте аз мөлшерде синтезделуі мүмкін.
Жағдайлық есептер:
-
Науқас сәбидің басы үлкен, еңбегі қатпаған, қарны қампиған, тіс жаруы кешеуілдеген. Ауруға диагноз қойыңыз. Қандай витаминмен емдеуге болады? Осы витаминнің химиялық табиғаты, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттігі және табиғатта таралуы.
-
Науқас әйел бұлшық еттерінің әлсіздігіне, бірнеше рет түсік тастағанына шағымданады. Қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
-
Науқастың танауынан және асқазан-ішегінен қан кету жиі байқалады. Хирургиялық операция кезінде көп қан кетеді. Бұл жағдай қандай витаминнің жетіспеушілігінен болады? Берілген витаминнің химиялық табиғаты туралы түсінік, биологиялық әсері, тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
-
Науқас сульфаниламидті препараттар мен антибиотиктерді көп қабылдаған, осыдан кейін науқаста дерматит (бүкіл денесі қызарып, қабыршақтанған) дамыды, шашы түсіп, тырнақтары зақымданды. Егер В5және В6витаминдерімен емдеу нәтиже бермесе, қандай витаминмен емдеуге болады? Берілген витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, осы витаминнің тәуліктік қажеттілігі және табиғатта таралуы.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
-
Сеитов З.С. Биохимия, Алматы, 2007ж,103-154 бет.
-
У. Сайпіл және т.б. « Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер», Алматы 2000ж. – 116-146 бет
-
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 1Бөлім. Белоктар, ферменттер, витаминдер. – Алматы, 2009 ж. – 46-88 б
-
Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Қосымша:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
3. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
Орыс тілінде:
1.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 2004 – С. 305-314.
2. Северин Е.С. «Биохимия», 2008г. С.123-138.
3. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.69-70,181-188
4. Плешкова С.М., С.А.Абитаева, Булыгин К.А. «Биохимические основы действия витаминов и гормонов»,Алматы,2004
5. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках» – Алматы, 2005, С 90
6. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. “Метаболические основы питания с курсом общей биохимии”, Алматы, 1998, С 235, 241-277.
7. Бақылау:
Студенттердің бақылау жұмысының билеттеріне, ауызша талдау кезіндегі берген жауаптары, рольдік ойын бойынша және зертханалық жұмысты орындау сапасы бойынша жүргізіледі.
№ 8 Сабақ.
1.Тақырыбы: Заттар алмасуына кіріспе. Метаболизм, оның сатылары.
Көмірсулар алмасуы. Қорытылуы, сіңірілуі. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы
.
2.Мақсаты:
-
Студентерде көмірсулар алмасуы туралы білім қалыптастыру;
2) Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуді және ғаламторда ақпарат іздеуді қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
1) Оқытушының жетекшілігімен жағдайлық есептер және жаттығуларды шығару
2) «Көмірсулардың қорытылуына қатысатын ферменттер» кестесін толтыру.
3) Студенттерді кәсіби әдебиетті зерттеуге (оқуға) және ғаламторда ақпарат (мәліметтер) іздеуге ынталандыру
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Метаболизм, оның негізгі сатылары.
-
Тағам көмірсулары, олардың жіктелуі және маңызы.
-
Көмірсулардың қорытылуы.
-
Моносахаридтердің сіңірілу механизмдері мен сіңірілу жылдамдығы.
-
Гликогеногенез, түсінік, осы үрдістің биологиялық маңызы.
-
Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары, маңызы.
-
Бауырдың глюкостатикалық қызметі.
8) Тіндердегі глюкозаның өзгерістерге ұшырауы
5. Оқыту және сабақ беру әдістері:
Әдіс-комбинациялық:
1) Оқытушының жетекшілігімен жағдайлық есептерді орындап, кестені толтыру.
Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар, суреттер, дәрістердің элетрондық нұсқасы, дәрістер, тест тапсырмалары.
Сабақ сценарийі:
Мазмұны
|
Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы
|
Уақыты
| -
Ұйымдастыру
-
Тақырып бойынша кеңес беру
3. Оқытушының жетекшілігімен жағдайлық есептерді орындап, кестені толтыру
4. Сабақты қорытындылау
|
Оқу журналы,
Жазбаша бақылаудың билеттері,
Тесттік тапсырмалар, Жаттығулар,
Жағдайлық есептер, Оқытушыларға арналған сабақ сценарийі бар әдістемелік нұсқау,
Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. - Алматы, 2009 ж.
Силлабус, Лекцияның электронды нұсқасы (Көмірсулар алмасуы)
| -
5 мин
-
30мин
-
50 мин
-
15 мин
|
1. Сабақты ұйымдастыру - ОСӨЖ мақсатымен және міндеттерімен таныстыру. Күрделі сұрақтарға нақтылау тоқтау.
Үй тапсырмасы:Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тотығу жолдары: гликолитикалық және пентозофосфатты. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолының желісі. Көмірсулар алмасуының реттелуі. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
Келесі сабаққа дайындалатын сұрақтар:
-
Гликолиз, биологиялық ролі, энергетикалық құндылығы.
-
Сүт қышқылының пайдалану жолдары, Кори циклы
-
Глюконеогенез, түсінік, осы үрдістің маңызы.
-
Аэробты жағдайда глюкозаның гликолитикалық тотығуы (сатылар).
-
Глюкозаның пентозофосфатты тотығуы, осы үрдістің биологиялық ролі
-
Гликолитикалық және пентозофосфаттық тотығулардың айырмашылығы.
-
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі
-
Гликозидазалардың, оксидоредуктазалардың құрылысын және маңызын қайталау.
.
«Практикум» кітабынан №66, 74, 75 жұмыстардың конспектілерін жазып келу
2. Кеңес беру келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі
Сұрақтар:
1. Метаболизм, және оның сатылары
2. Тағам көмірсулары, жіктелуі, маңызы.
3. Көмірсулардың ас қорыту жолдарында қорытылуы, көмірсулардың қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
4. Көмірсулардың сіңірілуі, механизмдері, жеке моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы.
5. Гликогеногенез. Бұл үрдіс қалай жүзеге асады? Маңызы.
6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары: фосфоролиз және гидролиз, маңызы.
7. Бауырда өтетін фосфоролиздің ерекшелігі.
8. Глюконеогенез, осы үрдістің маңызы. Қандай тіндерде басымырақ өтеді? Глюконеогенездің жанама жолдары.
9. Қан құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, глюкозаның «бүйрек межесі (шегі)» туралы ұғымдар.
1 кесте «Ас қорыту сөлдерінің ферменттері»
№№
|
Түзілу орны
|
Фермент, оның құрылысы
|
фермент әсерететін субстрат
|
Реакция өнімдері
|
1
|
Ауыз құысы
|
|
|
|
2
|
Асқазан
|
|
|
|
3
|
Ұйқы безі
|
|
|
|
4
|
ішек
|
|
|
|
2 кесте «Ішекте моносахаридтердің сіңірілуі»
Сіңірілу жылдамдығы
|
моносахарид
|
сіңірілу механизмі
|
1
|
Галактоза
|
|
2
|
Глюкоза
|
|
3
|
Фруктоза
|
|
4
|
пентоза
|
|
6. Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
С.М. Плешкова, К.Қ. Өмірзақова, С.А. Абитаева «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006 жыл, 5-31 бет.
-
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с. 288-359.
-
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 319-359.
-
СеитовЗ.С. «Биохимия», Алматы,2007 жыл, 199-257 бет.
Қосымша:
-
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. - Алматы, 2009 ж.
-
Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подгормонтовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 30-34.
-
Р. Марри, Д. Греннер, П. Мейес, В. Родуэлл «Биохимия человека», 1993.
-
Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994
Жаттығулар:
-
Амилаза қандай ас қорыту сөлдерінде кездеседі? Ол қандай реакцияны катализдейді?
-
Мальтаза катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттің қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?
-
Лактаза катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттің қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?
-
Сахараза катализдейтін реакцияларды жазыңыз. Осы ферменттің қандай асқорыту сөлдерінде кездеседі?
-
Қанмен бауырға келетін қан құрамындағы моносахаридтердің сапалық және сандық құрамы тұрақты ма? Ол неге байланысты?
-
Бауырда өтетін гликоген фосфоролизі басқа ағзалар мен тіндердегі гликоген ыдырауына қарағанда немен ерекшеленеді?
-
Глюкоза неліктен гликоген түрінде қорға жиналады?
Жағдайлық есептер:
-
Қан құрамындағы глюкозаның мөлшері 1) 2,0 және 2) 8,5 ммоль/л тең. Осы жағдай қалай аталады? Аталған глюкозаның мөлшерінде бауырда қандай үрдіс - гликогеногенез немесе гликогенолиз - күшейеді?
-
Тамақтанғаннан кейін 1 сағат өтті. Қақпа венасының, перифериялық қан тамырларының қанында қандай көмірсулар және қанша мөлшерде анықталады?
-
Неге лактаза ферментінің активтілігі төмен болатын адамдарда сүт ішкенде іші өтетін болады, ал айран ішсе – өтпейді?
-
Науқаста бұлшық еттің гликогенфосфорилазаның зақымданғаны анықталды. Осы адам ұзақ уақытта шаршамай дене шынықтыру жаттығуларын жасай алады ма? Себебін түсіндіріңіз.
Тесттер:
1. Ас-қорыту жолдарында крахмал мен гликоген келесі фермент арқылы гидролизге ұшырайды:
а) альфа-амилаза
б) мальтаза
в) пепсин
г) липаза
д) сахараза
2. АТФ энергиясын пайдалана отырып (активті транспорт) сіңіріледі:
а) пентоза мен глюкоза
б) глюкоза мен галактоза
в) фруктоза мендезоксирибоза
г) фруктоза мен глюкоза
д) рибоза мен галактоза
3. Бауырдың глюкостатикалық функциясы дегеніміз:
а) БМҚ-дан глюкозаның тузілуі
б) Қанда аминқышқылдарының мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру
в) Қанда глюкозаның мөлшерін бір деңгейде ұстап тұру
г) Белоктарды синтездеу
д) Гликопротеиндерді түзу
4. Глюкозаның заттар алмасуының аралық өнімдерінен түзілу үрдісі былай аталады:
а) гликолиз
б) гликогенолиз
в) глюконеогенез
г) гидролиз
д) фосфоролиз
5. Гликогенолиз -амилаза ферментінің қатысуымен басымырақ өтеді:
а) мида
б) ішек қабырғасында
в) май тіндерде
г) бүйректе
д) бауырда
6.Қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері құрайды:
а) 0,5-1,0 мМ/л
б) 20-30 мМ/л
в) 3,4-6,0мМ/л
г) 45-55 мМ/л
д) 9-12 мМ/л
7.Бауырда глюкозо-6-фосфатаза бар, сондықтан бұл жерде осы үрдіс қарқынды жүреді:
а) гликогенолизбосглюкозаға дейін
б) гликогеногенез
в) гликолиз
г) глюконеогенез
д) гликоген гидролизі
8. Моносахаридтерден ең алдымен сіңірілетін:
а) пентоза
б) галактоза
в) фруктоза
г) глюкоза
д) рибоза
9. Гликогенолиздің гидролиз жолы бауырда мына фермент арқылы жүзеге асады:
а) альфа-амилаза
б) липаза
в) сахараза
г) мальтаза
д) гамма-амилаза
10.Шеткі қан тамырында қандай көмірсу кездеседі:
а) глюкоза
б) гликоген
в)фруктоза
г) крахмал
д) лактоза
ОСӨЖ № 9 Сабақ.
1.Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы. Глюкозаның тіндердегі өзгерістері. Глюкозаның тотығу жолдары: гликолитикалық және пентозофосфатты. Анаэробты гликолиз. Кори циклі. Глюконеогенез. Аэробты гликолиз. Энергетикалық балансы. Глюкозаның пентозофосфатты тотығу жолының желісі. Көмірсулар алмасуының реттелуі. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
2. Мақсаты:
1. Тақырыптың білім тереңдігін тексеру.
2. Кәсіби әдебиетпен және интернетпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
3. Оқытудың міндеттері:
1. Жағдайлық есептерді шығару.
2. Глюкозаның тіндерде тотығу жолдарын қарастыру.
3. Реакцияның жүру жағдайына байланысты глюкозаның тотығуындағы энергияның бөлінуін көрсету.
4. Студенттерді организмдегі глюкозаның катаболизмі кезіндегі энергиялық балансты есептеуге үйрету.
5. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі қарастыру.
6. Анаэробты гликолиз, аэробты гликолиз, Кори циклы, глюкозаның гликолитикалық жолмен тотығуы, глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы деген түсініктерді енгізу .
7. Студенттерді кәсіби әдебиетпен және интернетпен жұмыс істеуге ынталандыру.
4. Оқыту және сабақ беру әдістері:
Сабақта төмендегідей әдістер пайдаланылады:
-
Оқытушының жетекшілігімен жүретін студенттердің өзіндік жұмысы (кестелерді толтыру және жағдайлық есептерді, жаттығуларды, тесттерді шығару).
-
шағын топта жұмыс жасау;
Оқыту құралдары: лекцияның электронды нұсқасы, тесттік тапсырмалар, гликолиз реакциялары келтірілген карточкалар; билеттер.
5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Глюкозаның тотығу жолдары.
2. Гликолиз, реакциялар реті, осы процестің энергиялық құндылығы.
-
Глюкозаның аэробты тотығуы, сатылары, энергиялық балансы.
4. Шөрнек механизмдері.
5. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі
-
Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы.
-
Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
Сабақ сценарийі:
Мазмұны
|
Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы
|
Уақыты
| -
Ұйымдастыру
-
Сабақтан кеңес беру
3. Оқытушының жетекшілігімен жүретін студенттердің өзіндік жұмысы (кестелерді толтыру және жағдайлық есептерді, жаттығуларды, тесттерді шығару).
4. ОСӨЖ қорытындысы
|
Оқу журналы,
Жазбаша бақылаудың билеттері,
Тесттік тапсырмалар, Жаттығулар,
Жағдайлық есептер, Оқытушыларға арналған сабақ сценарийі бар әдістемелік нұсқау,
Силлабус, Лекцияның электронды нұсқасы (Көмірсулар алмасуы)
| -
5 мин
-
30 мин
-
50 мин
-
5 мин
|
1. Ұйымдастыру. Оқытушы студенттерді ОСӨЖ-дің мақсаты және оқыту міндеттерімен таныстырады, келесі ОСӨЖ-ге үй тапсырмасын береді)
Үй тапсырмасы: Заттар алмасуы. Көмірсулар алмасуы. Көмірсулар алмасуының сатылары. Қан плазмасында гюкозаның мөлшерін анықтау (глюкозооксидазды әдіс және глюкометр арқылы)
қанқа бұлшықетінің анаэробты гликолизін анықтау.
1. Метаболизм, және оның сатылары
2. Тағам көмірсулары, жіктелуі, маңызы.
3. Көмірсулардың ас қорыту жолдарында қорытылуы, көмірсулардың қорытылуына қатысатын ас қорыту сөлдерінің ферменттері.
4. Көмірсулардың сіңірілуі, механизмдері, жеке моносахаридтердің сіңірілуі жылдамдығы.
5. Гликогеногенез. Бұл үрдіс қалай жүзеге асады? Маңызы.
6. Гликогенолиз, гликогенолиз жолдары: фосфоролиз және гидролиз, маңызы.
7. Бауырда өтетін фосфоролиздің ерекшелігі.
8. Глюконеогенез, осы үрдістің маңызы. Қандай тіндерде басымырақ өтеді? Глюконеогенездің жанама жолдары.
9. Қан құрамындағы глюкозаның қалыпты мөлшері. Гипергликемия, гипогликемия, глюкозурия, глюкозаның «бүйрек межесі (шегі)» туралы ұғымдар.
10. Глюкозаның катаболизмі. Тіндердегі глюкозаның тотығу жолдары.
11. Глюкозаның анаэробты жағдайда ыдырауы. Гликолиз немесе гекзофосфатты жол.
12. Кори циклі, осы процестің маңызы.
13. Глюкозаның анаэробты гликолитикалық тотығуының энергиялық балансы.
14. Глюконеогенез. Осы процестің маңызы. Қандай тіндерде қарқынды өтеді? Глюконеогенездің жанама реакциялары.
15. Глюкозаның аэробты жағдайда гликолитикалық жолмен тотығуы, сатылары, энергиялық балансы.
16. Шөрнек механизмдері. Пастер эффектісі
17. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы.
18. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуының маңызы.
19. Глюкозаның пентозофосфатты және гликолиз жолымен тотығуының ұқсастығы мен айырмашылығы.
20. Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі.
21. Көмірсулар алмасуының соңғы өнімдері, олар түзілетін процестер.
«Практикумнан» келесі жұмыстарды көшіріп жазып келу: №66, 74, 75
2. Сабақтан кеңес беру: оқытушы студенттерге күрделі сұрақтары бойынша кеңес береді. ОСӨЖ-дің жүру барысын түсіндіреді және әрқайсысына тапсырма береді.
3. Оқытушының жетекшілігімен жүретін студенттердің өзіндік жұмысы (кестелерді толтыру және жағдайлық есептерді, жаттығуларды, тесттерді шығару).
4. ОСӨЖ нәтижелері.
5. Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
С.М. Плешкова, К.Қ. Өмірзақова, С.А. Абитаева «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006 жыл, 5-31 бет.
-
Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей химии», Алматы, 1998 г., с. 288-359.
-
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2009 ж.
-
Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», Москва, 2004 г., с. 319-359.
-
СеитовЗ.С. «Биохимия», Алматы,2007 жыл, 199-257 бет.
Қосымша:
-
Плешкова С.М. және басқалары Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 2 Бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі. - Алматы, 2009 ж.
-
Плешкова С.М. и соавт. «Методические указания для самостоятельной подгормонтовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии (вопросы, упражнения и ситуационные задачи)», Алматы, 2003 г., с. 30-34.
-
Р. Марри, Д. Греннер, П. Мейес, В. Родуэлл «Биохимия человека», 1993.
-
Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994
6. Бақылау:
Жағдайлық есептер:
-
Науқаста В1 витаминінің гиповитаминозы байқалады. Көмірсулар алмасуында қандай өзгерістер болады?
-
Науқас үйреншікті емес ауыр жұмыс жасағандықтан, бұлшық еттері ауырады. Неліктен? Ауырсыну сезімін жеңілдету үшін не істеу керек?
-
Шамадан тыс гликолизде бауырдағы глюконеогенез жылдамдығы қалай өзгереді?
-
Гликолитикалық ферменттер мен цитрат циклінің ферменттерінің активтілігі төмендегенде организмде қандай биохимиялық өзгерістері байқалады?
-
Спортшы қысқа қашықтыққа өте жақсы жүгіретінін көрсетті. Көмірсулар алмасуының қандай сатылары спортшыда жақсы қызмет көрсетеді?
-
Студент биохимия сабағына кешікпеу үшін 20 минуттай жүгірді. Осы кезде бұлшықетті глюкозамен қамтамасыз ететін қандай механизм? Оған сипаттама?
Тесттер:
1. Тіндерде глюкозаның негізгі тотығу жолы:
1. гликолитикалық
2. пентозофосфатты
3.гликогенолиз
4.гликолиз
5.фосфоролиз
2 дұрыс жауап
2. Гликолиз – бұл:
1) сүт қышқылының тотығуы
2) янтарь қышқылының тотығуы
3) анаэробты жағдайда глюкозаның тотығуы
4) аэробты жағдайда глюкозаның тотығуы
5) ПЖҚ тотығуы
3. Аэробты гликолиз қарқынды жүреді:
1. бұлшықетте
2. эритроциттерде
3. бауырда
4. май тінінде
5. мида
2 дұрыс жауап
4. Гликолиз жүреді
1. митохондрияда
+2. цитозольде
3. жасуша ядросында
4. лизосомада
5. рибосомада
5. Анаэробты жағдайда бір молекула глюкозадан түзіледі:
-
2 молекула пируват
-
+2 молекула лактат
-
ацетилКоА
-
бір молекула пируват
-
бір молекула лактат
6. Гликолиз кезінде тотығады:
1. глюкозо-6-фосфат
2. диоксиацетонфосфат
3. глюкоза
4. фруктозо-1, 6-дифосфат
+5. фосфоглицериновый альдегид
7. Гликолиз реакцияларында происходит АТФ түзіледі:
1. ФГА -----> 1, 3-дифосфоглицерат
2. ДОАФ------> ФГА
3. фруктозо-6-фосфата------> фруктозо-1, 6-дифосфат
+4. ФЕП -------> ПВК
+5. 1,3-дифосфоглицерат ------> 3-фосфоглицерат
2 дұрыс жауап
8. 2-фосфоглицерата фосфоенолпируватқа айналған кезде:
1. субстраттан фосфорлану реакциясы жүреді
+2. су бөлініп, жоғарғы энергетикалық субстрат түзіледі
3. АТФ синтезделеді
4. су қосылады
5. су бөлінеді
9. Гликолиз кезінде фосфоенолпируват ПЖҚ –ға айналғанда
1. су бөлінеді
2. АДФ түзіледі
3. су қосылады
4. АТФ түзіледі
5. АМФ түзіледі
10. Гликолиз кезінде АТФ көзі болып табылады (субстраттан фосфорлану)
-
ФГА және ДОАФ
-
1,3-дифосфоглицерат және фосфоенолпируват
-
фосфоенолпируват және фосфоглицерин альдегиді
-
глюкоза және глюкозо-6-фосфат
-
фруктозо-6-фосфат және фруктозо-1,6-дифосфат
11. Кори циклы дегеніміз :
1. мочевинаның түзілуі
2. лактаттан глюкозаның түзілуі
3. гликогеннің глюкозадан
4 глюкозаның аминқышқылдардан
5. глюкозадан липидтердің
12. Пентофосфатты глюкозаның тотығуына қатысатын ферменттер:
1. флавопротеиндер(Ко-ФМН)
2. флавопротеиндер (Ко-ФАД)
3. пиридинферменттер(Ко – НАД)
4. пиридинферменттер (Ко – НАДФ)
5. метилтрансферазалар
13. Глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы кезінде түзіледі:
1. пентозалардың түзілуі
2 НАДН`2 түрінде энергия
3. пентозалар шамадан тыс ағзаға түскен кезде глюкозаның түзілуі
4. АТФ түрінде энергия
5. НАДФН`2
3 дұрыс жауап
Көктемгі семестр (IV)
№1 (16) Сабақ ОСӨЖ
1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі тіндердің ролі. Липидтердің тасымалдану формасы.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде липидтердің маңызы және олардың қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері туралы түсініктіқалыптастыру.
2. Липидтердің тасымалдану түрлерінің құрамы, құрылысы, маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру.
3. Студенттерде липидтер алмасуындағы кейбір тіндердің ролі туралы білім қалыптастыру.
4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.
3. Оқыту міндеттері:
1. Липидтердің тасымалдану түрлерінің құрамы мен роліндегі ерекшеліктерді қарастыру.
2. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу: тығыздығы жоғары липопротеиндер, тығыздығы төмен липопротеиндер, тығыздығы өте төмен липопротеиндер, хиломикрондар, липопротеинлипаза, липогенез, липолиз, липонеогенез, қан тамыр ішілік липолиз, липидтердің эмульсиялануы.
3. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.
4. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
1) Тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша талқылау
2) липидтердің қорытылуы мен сіңірілу ерекшеліктері
3) өт қышқылдарының құрылысы және олардың липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі рөлі
4. липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының рөлі
5.хиломикроандар мен липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері
6. әр түрлі ағзалардың липидтер алмасуындағы рөлі
6. Таратылатын материал
жаттығулар мен ситуациялық есептер шешу, тест сұрақтарын талдау
5. Жазбаша бақылау жұмысы- тақырып бойынша берілген билеттермен жүргізіледі.
6. Қорытынды шығару- оқытушы жазбаша бақылау жұмысы тапсырмасын тексереді.
7. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.363-370
2. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С. 287-330
3. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.364-372, 372-379, 379-383
Қосымша:
1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004
2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003
3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004
4. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005
5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М. Адекенов- Астана ,2003
6. Плешкова С.М., Жакыпбекова С.С., и соавт. Учебное пособие для самостоятельной подготовки студентов по биохимии, часть 2, Алматы, 2009
7. Бақылау
Жаттығулар:
-
Глицерин мен үш стеарин қышқылының қалдығынан тұратын ТАГ формуласын жазыңыз.Қосылыстың атын атаңыз.Гидролиз реакциясын жазыңыз. Гидролизді қандай фермент катализдейді?
-
Фосфатид қышқылы, химиялық табиғаты, оның пайдаланылу жолдары
-
Мицелла, құрамы, маңызы
-
Таурохоль, гликодезоксихоль жұп өт қышқылдарын жазыңыз.
-
Өт қышқылдарының түзілуі және түзілетін орны
-
Хиломикрондар мен липопротеидтердің құрамындағы ұқсастығы мен айырмашылығы
-
Қандай ЛП атерогенді болады?
Жағдайлық есептер.
1. Ішек қабырғасында: моноацилглицерид, бос май қышқылдары, глицерин, өт қышқылдары бар. Осы қосылыстар қандай өзгерістерге ұшырайды?
2. Өкпеде хиломикрондардың құрамына кіретін триацилглицериндердің соңғы өнімге дейін тотығуы байқалған. Қандай қосылыстар түзілді? Бөлінген энергия қалай пайдаланылады?
3. Ағзада қандай май қышқылдары синтезделмейді және міндетті түрде тағаммен түсуі керек?
4. Мембрананың сұйық күйін қандай липидтер қамтамасыз етеді?
5. Арахидон қышқылынан қандай биологиялық белсенді заттар түзіледі?
6. Қандай биологиялық активті қосылыстың формуласы берілген?
-
Мына формула қандай қосылысқа тән?
8. Он екі елі ішек қуысында өт қышқылдары жоқ. Бұл қандай жағдайға әкелуі мүмкін?
9. Қандай липопротеидтер "антиатерогенді" деп аталады және холестеринді тіндерден бауырға тасымалдайды?
10.Қандай липопротеидтер " атерогенді" деп аталады және холестеринің тіндерге өтуін қамтамасыз етеді?
11.β- мен- α-липопротеидтер қатынасы 3 тен үлкен.Бұл жағдай неге әкелуі мүмкін?
Тесттер:
1.Адам ағзасындағы липидтер тұрады:
1) спирттер мен жоғарғы дәрежелі май қышқылдарынан
2) глицерин және бейорганикалық қышқылдарынан
3) жәй эфирлерден
4) циклды спирттер мен қысқа тізбекті май қышқылдарынан
5) глицерин және қысқа тізбекті май қышқылдарынан
2. Липидтердің ағзадағы атқаратын қызметі:
1) катализдік
2) құрылымдық
3)Эндогенді судың көзі
4)Қорғаныстық
5)жасушадағы энергия қоры
-
дұрыс жауапты табыңыз
3.100 грамм май тотыққан кезде түзілетін эндогенді су мөлшері:
1) 107 г
2) 20г
3) 1
4) 5г
5) 50г
4..Фосфолипидтерге жатады:
1)фосфатидилинозитолдар
2)кефалиндер
3)лецитиндер
4)фосфатидилсериндер
5)моноацилглицериндер
-
дұрыс жауапты табыңыз
5. Фосфолипидтер күрделі эфирлер:
1)спирт, 2 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
2)спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
3)глицерин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
4)сфингозин, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты бар зат
5)спирт, 3 молекула БМҚ, Н3РО4 және азоты жоқ зат
6. ФЛ-тің липотропты әсері – ол:
1)бауырды майланудан қорғайды
2)миокардті май басудан қорғайды
3)липолизді күшейтеді
4)липидтердің гидролизін күшейтеді
5)ағзадан липидтердің шығуын тездетеді
7. Холестериннен түзіледі:
1)Д3 витамині
2)стероидты гормондар
3)Д2 витамині
4)өт қышқылдары
5)тиреоидты гормондар
3 дұрыс жауапты табыңыз
8. Мембрана липидтерінің құрамындағы холестерин келесі рөл атқарады:
1)Нерв импульстерінің бір бағытта берілуін қамтамасыз ететін диэлектрик
2)Мембрана липидтерінің агрегаттық күйін реттейтін амортизатор
3) Мембрананың КҚМҚ-ын пероксидтік тотығудан қорғайды
4)бос-радикальды тотығудың пайда болуын қамтамасыз етеді
5)нерв импульстерінің жан-жаққа таралуынқамтамасыз етеді
-
дұрыс жауапты табыңыз
9.Адам ағзасындағы липидтердің құрамына кіретін БМҚ-дар:
1)Жоғары молекулалы
2)Төмен молекулалы
3)Қаныққан
4)Бір қос байланысы бар
5)КҚМҚ
4 дұрыс жауапты табыңыз
10. Көп қанықпаған май қышқылдары аталады:
1)Д тобының витаминдері
2)Ғ тобының витаминдері
3)Эссенциалды
4)Алмастырылмайтын
5)құнды
2 дұрыс жауапты табыңыз
№ 2 Сабақ ОСӨЖ
1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен БМҚ өзгерістері: анаболикалық (ТАГ, ФЛ синтезі, глицериннің глюконеогенезге қатысуы) және катаболикалық үрдістерге (БМҚ және глицериннің тотығуы, КҚМҚ пероксидті тотығуы) қатысуы.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде глицерин мен бос май қышқылдарының (БМҚ) ролі және организмдегі өзгерстері туралы білім қалыптастыру.
2. Студенттерде ТАГ пен ФЛ синтезіндегі бәсекелестік, фосфолипидтердің липотропты әсері туралы түсінік қалыптастыру.
3. Студенттерде глицериннің глюконеогенезге жұмсалуы және осының негізінде заттар алмасуының өзара байланысы туралы білім қалыптастыру.
4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
5. тақырып бойынша шет ел тілінде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) сөйлеуді арттыру.
3. Оқыту міндеттері:
1. Глицерин мен БМҚ-ның анаболикалық үрдістерге жұмасалуын схема түрінде жазу.
2. Глицериннің және БМҚ-ның тотығуын схема түрінде жазу.
3. Липидтердің пероксидтік тотығуын схема түрінде жазу
4. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.
Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
1. БМҚ мен глицеринді биосинтездік үрдістерге қолдану жолдарын схема түрінде жазу.
2. Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансы.
3. Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуын схема түрінде жазу.
4.Антиоксидантты қорғаныс жүйесі: ферменттік және ферменттік емес.
4.Тақырып бойынша тапсырмалар:
Бір топ студенттері Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансын схема түрінде жазады.
Екінші топ студенттері БМҚ-ның тотығуы, энергиялық балансын схема түрінде жазады.
Үшінші топ студенттері Глицериннің және БМҚ-ның тотығуын схема түрінде жазады.
Төртінші топ студенттері Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуын схема түрінде жазады.
Соңында әр процесс бойынша қорытынды жасалады.
Оқытуға қажетті материалдар: Тақырып бойынша дәріс, Тест сұрақтары,
жаттығулар, ситуациялық есептер,биохимиядан студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу құралы.2-бөлімі.
Үйге тапсырма; Липидтер алмасуы.Ағзадағы АСҚ өзгерістері.
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар:
АСҚ-ның пайдаланылу жолдары (схемамен).
2. БМҚ биосинтезінің сатылары.
3. Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.
4. Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.
5. Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.
6. Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.
7. Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.
8. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.
9. Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.
6. Әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |