№ 4 ОСӨЖ
1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтер алмасуының сатыларына сипаттама. Липидтер алмасуының бұзылыстары.
2. Мақсаты:
1. Студенттердің «Липидтер алмасуы» тақырыбы бойынша алған білімдерінің меңгерілу тереңдігін тексеру.
2. Студенттердің ұйқы безі липазасының активаторы және бұл ферменттің майлардың қорытылуына қатысуы туралы алған білімдерін бекіту.
3. Студенттерді қан сарысуындағы жалпы липидтердің, холестериннің, β- липопротеидтердің мөлшерін анықтау әдістерімен және диагностикалық маңызымен таныстыру.
3. Оқыту міндеттері:
1. Студенттерді липидтер алмасуы туралы алған білімдерін пәннің келесі тақырыптарын түсіну үшін қолдануға үйрету.
2. Студенттерді осы тақырып бойынша алған білімдерін жағдайлық есептерді шешу үшін қолдануға үйрету.
3. Ересек адамдағы ТАГ қорытылуына қатысатын негізгі ферменттің (ұйқы безі липазасы) ролін қарастыру.
4. Оқыту және сабақ беру әдістері:
-
Зертханалық жұмыстар;
-
аз топпен жұмыс;
-
Тест сұрақтары бойынша дискуссия,
Оқытуға қажетті материалдар: Тақырып бойынша дәріс, Тест сұрақтары,
жаттығулар, ситуациялық есептер,биохимиядан студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу құралы.2-бөлімі, биологиялық химиядан практикум.
1.Сабақтың ұйымдастыру. практикалық жұмыстар:№76-78,80 конспектісі тексеріледі.
Үйге тапсырма:. Жай белоктар алмасуы-белоктардың функциялары, қорытылуы, сіңірілуі, белоктардың шіруі, бауырда шіру өнімдерінің залалсыздануы. Асқазан сөлінің биохимиясы. практикалық жұмыстар:№20б-83,85-87 конспектілеу).
2) Зертханалық жұмыстар бойынша сұрақтар:
1. Жалпы және β-липопротеидтерді анықтау әдістерінің негізіне қандай принциптер жатады?
2. Қандағы холестеринді анықтаудың диагностикалық маңызы.
3.Панкреатидтік липазаның сүт майларын қорытуын қалай дәлелдеуге болады?
Студенттер 4-5 адам кіретін шағын топтармен келесі зертханалық жұмыстарды «Практикум » бойынша жасайды:
а) «Майлардың қорытылуына ұйқы безі липазасы мен өттің әсерін зерттеу»
(№76 жұмыс).
Студенттер инкубация кезінде жұмыстың принципін, анықтау әдісін (кестелерді), дәптерлерге жазып алады. Жұмысты жасағаннан кейін графикті сызады және қорытынды жасайды. «Өтпен» немесе «өтсіз» колбаларды 0,1 N NaOH-пен титрлегенде, сілтінің мөлшері көбірек жұмсалады және «неге» деген сұраққа жауапты қортындыда көрсету керек.
б) «Қан сарысуындағы β- липопротеидтердің мөлшерін Бурнштейн және Самайдың турбидиметриялық әдісімен анықтау» (№77 жұмыс). Студенттер жұмыстың принципін, анықтау әдісін , есептеу формуласын, қалыпты көрсеткіштерін және β- липопротеидтердің деңгейінің жоғарлауының клинико-диагностикалық маңызын дәптерлеріне жазып алады.
в) «Қан сарысуындағы жалпы липидтерді түсті реакция бойынша анықтау» ( № 78 жұмыс).
Студенттер инкубация кезінде жұмыстың принципін, анықтау әдісін (кестелерді), есептеу формуласын, қалыпты көрсеткіштерін, қандағы жалпы липидтердің мөлшерін анықтаудың клинико-диагностикалық маңызын дәптерлеріне жазып алады.
г) «Холестеринге түсті реакция жасау» (№81 жұмыс). Студенттер жұмыстың принципін, сапалық реакциялардың аттарын, холестериннің мөлшерін колориметриялық әдістер арқылы анықтау туралы, қан сарысуындағы холестеринді зерттеудің клинико-диагностикалық маңызын дәптерлеріне жазып алады.
3) Аз топпен жұмыс: студенттерді 3 топқа бөліп, әр топқа жағдайлық есеп беріледі
Жағдайлық есептер:
1.Миокард инфарктінің дамуына әкелетін факторларды зерттегенде анықталды: балық майын көп қабылдайтын адамдар миокард инфарктімен сирек ауырады, себебі, олардың жүрек қан тамырларында тромбтар сирек түзіледі. 20: 5 w–3 қышқылдарының мөлшерінің жоғарылауы қан ұюына қалай әсер етуі мүмкін?
2. Генетикалық икемділік болатын кейбір адамдарда, аспиринді қабылдағанда бронхиалды демікпенің ұстамасы болуы мүмкін – бұл аспириндік демікпе деп аталады. Осындай ауруға стероидты препараттар көмектесе ме?
3. Атеросклерозбен ауыратын адамдарда тромб түзілуінің төмендеуіне әкелетін балық майындағы полиендік май қышқылдарының профилактикалық әсерінің механизмін түсіндіріңіз.
4. Простагландиндердің синтезіне глюкокортикоидтардың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.
5. Миокардтың инфарктының дамуына икемділігі бар науқастарда тромбтың түзілуін тежейтін дәрі ретінде аз дозада аспирин қолданады. Бұл жағдайларда көбінесе қандай эйкозаноидтардың синтезі тежеледі?
6. Бауырда холестерин өт қышқылдарына тотығады. Неге гидрофобты қосылыс – холестерин өттің құрамында еріген күйінде болады? ( Мушкамбаров Н.Н. бойынша)
7. Қан сарысуындағы жалпы липидтердің мөлшері 3O г/л болады. Бұл нені көрсетеді?
8. β-липопротеидтер /α -липопротеидтер арақатынасы 4 тең. Бұл неге әкелуі мүмкін?
4. Дискуссия- тест cұрақтары бойынша жүргізіледі.
-
Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. – 113-136 б.
2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. – 157-161 ; 199-212; 235-258 б
3. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия» - М., 2004 – С.363-404
4. Николаев А.Я. «Биологическая химия» - М., 2007 – С.287-326
5. Северин Е.С. «Биологическая химия» - М., 2008 – С.364-431
4.. Медицина и здравоохранение в России-адрес http://dlib.eastview.com
5. Elsevier –адрес www.sciencedirect.com.
6. THOMSON REUTERS-адрес www.webofknowledge.com.
7. КОКРАНОВСКАЯ БИБЛИОТЕКА и др.
Қосымша:
1. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004
2. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003
3. Кольман Я., Рем., К-Г., «наглядная биохимия»., М..: Мир,2004
4. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-
корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005
5. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М.
Адекенов- Астана ,2003
7. Бақылау
Бұл сабақ бойынша компетенцияларды бағалау әдістеріне кіреді:
Білім компетенциясын бағалау: жағдайлық есептерді шешу, тест-сұрақына дискуссия бойынша іске асады.
Дағдылар компетенцияларын бағалау әдістері: ЛП, холестерин, жалпы липидтер, анализдерінің диагностикалық маңызын анықтай білу, сонымен қатар тақырыпқа байланысты лабораториялық жұмыстардың принциптерін көрсету.
ОСӨЖ №5
1. Тақырыбы: Белоктар алмасуы. Белоктардың қорытылуы, сіңірілуі. Асқазан сөлінің биохимиясы: қалыпты жағдайдағы құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері, патологиялық жағдайда ауытқуы. Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау. Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктерін анықтаудың сапалық реакциялары. Ішекте белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру.
2. Мақсаты:
1.Студенттерде белоктардың қорытылуы, амин қышқылдарының ащы ішекте сіңірілуі туралы білім қалыптастыру;
2. Тоқ ішекте белоктардың шіруі, белоктардың улы шіру өнімдерін залалсыздандыру туралы білім қалыптастыру.
3. Кәсіби әдебиетпен жұмыс істеуді және жағдайлық есеп шығаруды қалыптастыру .
3. Оқыту міндеттері:
1. Жағдайлық есептерді шығару.
2. Студентті кәсіби әдебиетпен жұмыс істеуге және Интернетпен жұмыс жасауға ынталандыру .
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы.
-
Асқазан сөліндегі тұз қышқылының рөлі.
-
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері, пайда болу себептері.
-
Асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттерінің патологиядағы өзгерістері.
-
АІЖ-дағы белоктардың қорытылуы, бұл үрдістерге қатысатын ферменттер, оларға сипаттама.
-
Амин қышқылдарының сіңірілуі.
-
Белоктардың ішекте шіруі, улы шіру өнімдерінің залалсыздануы. Залалсызданудың жүретін орны мен әдістері.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Аралас комбинирленген тәсіл.
1) Сабақ бойынша кеңес беру.
2) Оқытушының жетекшілігімен жүретін студенттің өзіндік жұмысы (кесте толтыру, жағдайлық есеп шығару, жаттығуларды орындау).
Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар
1. ОСӨЖ ұйымдастыру. ОСӨЖ-дің міндеттері мен мақсатымен танысу.
Үйге тапсырма беру: Белоктар алмасуы. Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
Келесі сабақтың өзбетімен дайындалу сұрақтары:
1. Жасушада амин қышқылдарының пайдаланылуы.
2. Белоктар алмасуындағы бауырдың рөлі.
3. Амин қышқылдарын анаболикалық үрдістерге пайдалану.
4. Жасушада амин қышқылдарының ыдырау жолдары (катаболикалық үрдістер).
5. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі, биогенді аминдердің түзілуі, маңызы.
6. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері.
7. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы.
8. Аммиактың түзілуі және оның пайдаланылу жолдары.
9. Мочевина синтезі.
10. Белоктар алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан шығарылуы
2. Күрделі сұрақтардан оқытушы кеңес береді.
3. ОСӨЖ нәтижелері - оқытушы студенттермен бірге тақырып бойынша нәтижелер жасайды, студенттерді бағалайды.
6. Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі:
1. З.С. Сеитов.Биохимия., Алматы,2007
2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова., Биологиялық химия., Қарағанды, 2007
Қосымша:
1. У. Сайпіл, С.М. Плешкова, С.А. Абитаева. Ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер. Алматы.,2001
2. У. Сайпіл, К. Өмірзақова. Заттар алмасуы. Көмірсулар. Липидтер. Белоктар.Алматы.,2004
3. С.М Плешкова., К.К Өмірзақова К.К., С.А.Абитаева, Заттар алмасуы және оның реттелуі.,Алматы.,20064. 4.С.С.Ерджанова С.С., С.М.Плешкова, Булыгин К.А., А.Е. Есімжан., Ш.А.Бейсенбаева, М.Б. Жангелова. Бала ағзасындағы заттар алмасуы және олардың бұзылуының клиникалық- зертханалық диагностикасы.,Алматы, 2006
5. проф. С.М Плешкованың редакциялауымен. Биохимиядан әдістемелік нұсқаулар- студенттерге арналған- ҚазҰМУ, Алматы, 2004, 2007
6. С.М Плешкова, С.А.Абитаева. С.С.Ерджанова С.С.Жақыпбекова. К.К Өмірзақова, М.Т.Сұлтанова.,Биологиялық химиядан практикум. Алматы.,2004
Орыс тілінде:
1. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», Алматы,1998 г.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. « Биологическая химия», Москва, 1990 г.
3. Строев Е.А. « Биологическая химия», Москва, 1986 г.
4. Николаев А.Я. « Биологическая химия», Москва, 1989 г.
5.Плешкова С.М., Абитаева С.А., Ерджанова С.С., Петрова Г.И «Практикум по биологической химии», Алматы, 2003 г.
№1 Кесте белоктардың қорытылуына қатысатын ферменттер
Фермент
|
Класс
|
Класс тармағы
|
Класс тармағының тармағы
|
Жинақталуы
|
Форма выработки
|
Активатор
|
Катализдік әсері
|
№2 Кесте «Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің физико-химиялық қасиеттері мен құрамын, және олардың патологиялық жағдайларда өзгеруі»
Қасиеттері
|
Қалыпты асқазан сөлі
|
Патологиялық жағдайдағы асқазан сөлі
|
|
|
|
№3 «Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктері»
Қалыпты асқазан сөлінің ауытқуының түрі
|
Патологиялық құрамдас бөліктері
|
Сапалық реакцияның атауы
|
Нәтижесі (ерітіндінің түсі)
|
|
|
|
|
Жаттығулар:
-
Асқазан сөлінің қышқылдық түрлерін қалай анықтайды?
-
Қандай сапалық реакциялар арқылы асқазан сөліндегі қанды, сүт қышқылын, өтті ашуға болады?
-
Асқазан сөлінің патологиялық құрамдас бөліктерінің пайда болу себептерін түсіндіріңіз?
-
Асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары болғанда және төмен болған кезде ішікте белоктардың қорытылу үрдесі қалай өтеді?
-
Белоктардың қорытылу және шіру процестерінің айырмашылығы неде?
-
Жануар индиканы, бұл қандай зат?
-
Асқазан сөліндегі сүт қышқылының мөлшері қышқылдық жоғары және төмен болған кезде артуы мүмкін бе? Неге?
-
Асқазан сөлін талдауда сүт қышқылына кенеттен оң реакция екені анықталды. Қандай патологиялық шарттарды болжайсыз?
Жағдайлық есептер:
1. Науқас отмечает тяжесть и чувство полноты в подложечной области, поносы. Асқазан сөліне талдау жасағанда күкіртті сутектің иісі бар және бос тұз қышқылының жоқ екені анықталды. Асқазанда қандай ауру туралы айтуға болады?
2. Науқастың асқазанында кенеттен ауырсыну сезімі байқалғанына шағымданды. Асқазан сөлінің құрамына сапалық реакция бойынша талдау жүргізгенде қанға «оң», жалпы қышқылдық 90 болған. Сіздің қояр диагнозыңыз?
3. 5 мл асқазан сөлін титрлегенде бос HCI-ды нейтралдауға 2,5 мл 0,1 н NaOH ертіндісі жұмсалды. Ал В көлемі 3 мл болды. Қышқылға сезімтал барлық заттарды нейтарлдауға 4,5 мл ертінді жұмсалған. Жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан түз қышқылын есептеп, алынған мәліметтерді бағалау қажет.
4. Зерттелінген зәр құрамында индиканның мөлшері анықталған. Мұндай құбылыс қандай жағдайда байқалады?
5. Асқазанның, ішектің және ұйқы безінің созылмалы ауруында дәрігер науқасқа құрамында қарын асты безінің ферменттері бар препарат мезим-фортені (панкреатин) ұсынады. Осы аталған препараттың әсер ету механизмін түсіндіріп, АІЖ белоктардың қорытылуы мен ондағы эндо-және экзопептидазаларды жіктеп, осы ферменттердің активтелу реакциясының сызбанұсқасын жазыңдар. Активаторларды атаңдар.
№6 Сабақ
1. Тақырыбы:Белоктар алмасуы. Жай белоктардың аралық алмасуы. Жасушада амин қышқылдарының (анаболикалық реакцияларға – белок, креатин, алмастырылатын амин қышқылдарының синтезіне) қолданылуы. Амин қышқылдарының катаболизмі: амин қышқылдарының декарбоксилденуі және дезаминденуі. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының және аммиактың қолданылуы. Аммиакты залалсыздандыру. Жай белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
2. Мақсаты:
1. Студенттерде амин қышқылдарының ағзадағы негізі өзгерістері туралы білім қалыптастыру.
2. Студенттерде аммиактың түзілуі және оның пайдаланылу жолдары туралы білім қалыптастыру.
3. Интернет және кәсіби әдебиетпен жұмыс жасауға деген студенттердің қабілетін қалыптастыру.
3. Оқыту міндеттері:
1.оқытушының жетекшілігімен жаттығуларды жасау.
2. Интернет және кәсіби әдебиетпен жұмыс жасағанға студенттерді ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Жасушада амин қышқылдарының пайдаланылуы.
2. Амин қышқылдарды анаболикалық және катаболикалық үрдістерге пайдалану.
3. Амин қышқылдарының дезаминдену түрлері. Аммиактың пайдаланылу жолдары
4. Ағзадағы биогенді аминдердің ролі.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысы (сызбанұсқа кұрастыру, жаттығуларды жасау).
Оқыту құралдары: кестелер, сызбанұсқалар
1. Сабақты ұйымдастыру –ОСӨЖ мақсатымен таныстыру
Үйге тапсырмаТақырыбы: Күрделі белоктар алмасуы. Күрделі белоктар: хромопротеидтер және нуклеопротеидтер алмасуы. Гемоглобиннің синтезі мен ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану). Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
Келесі ОСӨЖ-ге дайындалу сұрақтары
1. Гемоглобин. Құрылысы.Ролі.
2. Гемоглобиннің синтезі туралы түсінік.
3. Гемоглобиннің ыдырауы, реакция сатылары.
4. Өт, нәжіс және зәр пигменттерінің түзілуі
5. Сарғыштану түрлері. Пайда болу себептері.
6. Нуклеопотеидтер алмасуы, нуклеопротеидтердің ыдырауы, несеп қышқылының түзілуі. Подагра.
2. Тақырып бойынша кеңес беру.
3. Студенттердің өзіндік жұмысы:
1) «Амин қышқылдарын анаболикалық реакцияларға пайдалану», «Амин қышқылдарының ыдырауы» сызбанұсқаларын сызу.
2) Жаттығулар:
1. Реакцияны катализдейтін ферментті атап, реакция сатысын және үрдісін анықтаңыз?
2. Төмендегі амин қышқылдарының қайсысы тотыға дезаминдену реакциясына түседі: а) серин, б) тирозин, в) гистидин, г) глутамин қышқылы, д) метионин.
3. Амин қышқылдарының декарбоксилдену реакциясының өнімін жазыңыз.
4. Аммиакты залалсыздандыратын негізгі реакцияларды жазыңыз.
5. Аммонийгенез, оның маңызы.
6. Реакцияны жазыңыз, осы процесті катализдейтін ферментті көрсетіңіз.
7. Глутамин қышқылының аммиакпен әрекеттесу реакциясын жазыңыз. Ол реакция қай жерде өтеді? Реакция қалай аталады? Организм үшін қандай маңызы бар? Реакция қайтымды ма?
8. Креатин және креатинфосфат түзілуін жазыңыз, олардың түзілетін орындарын көрсетіңіз және креатинфосфаттың маңызын атаңыз.
9. Бауырда белоктар алмасуы кезінде өтетін реакцияларды атаңыз.
10. Мочевина синтезінің қорытынды теңдеуін жазыңыз.
11. Аммиак организмнен қандай қосылыстар түрінде шығарылады?
12. Креатин биосинтезінің сатылары қандай тіндерде өтеді?
13. Мочевина синтезіне қатысатын амин қышқылдарын атаңыз.
4. ОСӨЖ нәтижелері:
5. Әдебиеттер:
Негізгі:
1. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с
курсом общей биохимии», Алматы,1998 г.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. « Биологическая химия», Москва, 2002 г.
3. Строев Е.А. « Биологическая химия», Москва, 1986 г.
4. Николаев А.Я. « Биологическая химия», Москва, 2007г.
Қосымша:
1.Плешкова С.М., Абитаева С.А., «Обмен веществ и его регуляция», Алматы, 1993
2.Тесты по биологической химии для самостоятельной подготовки студентов/ Учебное пособие/ Алматы, 2007
№ 7 ОСӨЖ
1. Тақырыбы:Хромопротеинтер алмасуы. Гемоглобиннің синтезі мен ыдырауы. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі. Пигменттік алмасудың бұзылуы (сарғыштану)
Нуклеопротеинтер алмасуы туралы түсінік.
Несеп қышқылының түзілуі. Күрделі белоктар алмасуының соңғы өнімдері, олардың бөлінуі.
2. Мақсаты:
1)Гемоглобиннің синтезі мен ыдырауы туралы білімдерін қалыптастыру.
2)Хромопротеиндер алмасуының бұзылысытуралы білімдерін қалыптастыру
3)Нуклеопротеиндер алмасуы туралы білімдерін қалыптастыру
4)Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істеу және жағдайлық есептерді шешу арқылы дағдыландыру
3.Оқыту міндеттері:
1. Жағдайлық есептерді және жаттығуларды шығару
2. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.
4.Өткізу түрі:
1)қиын сұрақтардан консультация беру
2)кесте толтыру
3)Жағдайлық есептерді және жаттығуларды шығару
Оқыту құралдары: дәрістің электронды нұсқасы, силлабус.
1. ОСӨЖді ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді ОСӨЖдің мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖге тапсырма береді:
Үй тапсырмасы: Жай және күрделі белоктардың алмасуы.Асқазаң сөлінің биохимиясы. Заттар алмасуының өзара байланысы. Бауыр биохимиясы. Қан сарысуында белоктар алмасуының соңғы өнімдерін анықтау: мочевина, креатинин, билирубин. Медицинада осы анализдердің маңызы. Практикумнен № 9,94,99 жұмыстарын конспектлеу.
Келесі сабаққа өз бетінше дайындалуғаарналған сұрақтар:
1. Тағам белоктары. Организм үшін белоктардың маңызы. Белоктар алмасуының ерекшеліктері.
2. Асқорыту жолдарындағы белоктардың өзгерістері. Белоктардың қорытылуына қатысатын ферменттер.
3. Асқазан сөлі, асқазан сөлінің физика-химиялық қасиеттері, патология кезіндегі өзгеруі.
4. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы, патологиялық құрамдас бөліктерінің пайда болу себептері.
5. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі, оның патология кезіндегі өзгеруі.
6. Белоктардың ішекте шіруі. Белоктардың шіру өнімдерін залалсыздандыру орны мен әдістері.
7.Амин қышқылдарының сіңірілуі, олардың жасушада пайдаланылуы.
8. Сіңірілген амин қышқылдарының пайдаланылуы.
9. Қайта аминдену, тотықсыздана аминдену. Осы үрдістерге қатысатын ферменттер. Аминотрансферазалардың құрамына қандай витамин кіреді?
10. Креатин, креатинфосфат түзілуі, маңызы.
11. Амин қышқылдарының дезаминденуі. Дезаминдену түрлері, осы үрдістің маңызы.
12. Амин қышқылдарының тікелей емес тотығудан дезаминденуі.
13. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы.
14. Организмде аммиактың түзілуі, оның қолданылу және залалсыздану жолдары.
15. Амидтену, дезамидтену, осы үрдістердің өтетін орны, маңызы.
16. Мочевина синтезі, үрдістің өтетін орны, маңызы, ҮКЦ-мен байланысы.
17. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдердің түзілуі. Серотониннің, гистаминнің, гамма-аминомай қышқылының, бета-аланиннің маңызы.
18. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі.
19. Гемоглобин, синтезі туралы түсінік, гемоглобин гемінің химиялық табиғаты.
20. Гемоглобиннің ыдырауы.
21. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі.
22. Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.
23. Нуклеопротеидтердің алмасуы, түсінік. Нуклеопротеидтердің ыдырауы, несеп қышқылының түзілуі. Подагра.
24. Белоктар мен көмірсулардың, көмірсулар мен липидтердің, белоктар мен липидтердің бір-біріне айналуы.
25. Бауыр биохимиясы, оның атқаратын қызметтері.
26.Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі.
27.Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.
28. Өттің түзілуі.
29.Өттің құрамы, өттің түрлері, маңызы.
30.Бауырдың залалсыздандыру қызметі, улы заттардың залалсыздандыру механизмдері.
31. Амин қышқылдарының катаболикалық реакциялары: дезаминдену және декарбоксилдену.
32. Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтау әдісінің принципі, қалыпты көрсеткіштер.
33.Асқазан сөлінің фракциялық әдіс бойынша зерттеу.
а) асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктерін ашатын сапалық реакциялар.
б) НСІ-дың дебит-сағаты деген не? Ол қалай есептеледі?
34. Қан сарысуындағы мочевинаны, креатининді, билирубинді анықтау әдістерінің принциптері. Қалыпты көрсеткіштері. Оларды анықтаудың клинико-диагностикалық маңызы.
2.Тақырып бойынша консультация беру.
3.Ситуациялық есептерді және жаттығуларды шығару
Студенттер кестені толтырады.
Сарғыштанудың түрлері
Түрлері
|
Себептері
|
Пигменттердің деңгейі
|
|
қанда
|
несепте
|
Нәжісте
|
|
Гемолитикалық
(бауырүсті)
|
|
|
|
|
|
Гемолитикалық
(бауырүсті)
|
|
|
|
|
Паренхематозды
(бауырлы)
|
|
|
|
|
Обтурациялық
(бауыр асты)
|
|
|
|
|
Жас нәрестелік
(физиологиялық)
|
|
|
|
|
Жағдайлық есептер:
-
Науқаста сарғыштану байқалады. Билирубиннің мөлшері қанша болғанда сарғыштану байқалады?
-
Науқаста өт жолдарының обтурациясы. Қан сарысуында билирубиннің қандай түрі анықталады?
-
Науқаста бауыр паренхималары зақымданған. Бұл жағдайларда қан сарысуында, зәрде, нәжісте қандай өзгерістер байқалады?
-
Гемолитикалық сарғыштанудың негізгі себептерін атаңыз. Бұл жағдайларда қан сарысуында, зәрде, нәжісте қандай өзгерістер байқалады?
-
Науқаста жалпы билирубин мөлшері 100 мкмоль/л, нәжісі түссіз, зәрдің түсі қошқыл. АЛТ активтілігі жоғары. Сіздің қоятын диагнозыңыз қандай?
-
Науқаста жалпы билирубин 60 мкмоль/л, нәжісі қошқыл, зәрдің түсі өзгермеген. Сарғыштанудың қай түрі деп болжауға болады?
-
Науқаста жалпы билирубин 80 мкмоль/л, нәжісі түссіз, зәрдің түсі қошқыл. Сарғыштанудың қай түрін айтуға болады?
8.Науқаста жалпы билирубин 40 мкмоль/л, нәжісі сарғыш-жасыл түсті, зәрдің түсі өзгермеген. Қандай ауру деп болжауға болады
Әдебиеттер:
Негізгі
1. Т.Ш. Шарманов, С.М. Плешкова «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии», 1998 г.
2. С.М. Плешкова, С.А. Абитаева «Обмен веществ и его регуляция», 1993 г.
3. Т.Т. Березов, Б.Ф. Коровкин «Биохимия», 2002 г.
4. Е.А. Строев «Биохимия», 1986 г.
Қосымша
1. Плешкова С.М. и соавт. «Практикум по биологической химии», Алматы, 2003 г.
2. Плешкова и соавт. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биологической химии», Алматы, 2003 г.
3. Плешкова С.М., Ерджанова С.С., Абитаева С.А., Петрова Г.И. «Методические указания для самостоятельной подготовки студентов к лабораторным занятиям по биохимии», 2003
№ 8 ОСӨЖ
1.Тақырып: Жай және күрделі белоктардың алмасуы.Асқазан сөлінің биохимиясы. Заттар алмасуының байланысы. Бауыр биохимиясы.
Қан сарысуында белоктар алмасуының соңғы өнімдерін анықтау: мочевина,креатинин,билирубин.Медицинада осы анализдердің маңызы.
2. Мақсаты:
1.Студенттердің * Жай және күрделі белоктардың алмасуы. Заттар алмасуының байланысы.Бауыр биохимиясы* туралы білімін тексеру.
2.Студенттерді белоктар алмасуының соңғы өнімдерін анықтау әдістерімен таныстыру.
3. Оқыту міндеттері:
1. Жағдайлық есептерді және жаттығуларды шығару
2. Студенттерді кәсіптік әдебиеттермен жұмыс ітеуге және интернеттен жаңа ақпараттарды табуға ынталандыру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары.
1. Тағам белоктары. Организм үшін белоктардың маңызы. Белоктар алмасуының ерекшеліктері.
2. Асқорыту жолдарындағы белоктардың өзгерістері. Белоктардың қорытылуына қатысатын ферменттер.
3. Асқазан сөлі, асқазан сөлінің физика-химиялық қасиеттері, патология кезіндегі өзгеруі.
4. Қалыпты жағдайдағы асқазан сөлінің химиялық құрамы, патологиялық құрамдас бөліктерінің пайда болу себептері.
5. Асқазан сөліндегі тұз қышқылының ролі, оның патология кезіндегі өзгеруі.
6. Белоктардың ішекте шіруі. Белоктардың шіру өнімдерін залалсыздандыру орны мен әдістері.
7.Амин қышқылдарының сіңірілуі, олардың жасушада пайдаланылуы.
8. Сіңірілген амин қышқылдарының пайдаланылуы.
9. Қайта аминдену, тотықсыздана аминдену. Осы үрдістерге қатысатын ферменттер. Аминотрансферазалардың құрамына қандай витамин кіреді?
10. Креатин, креатинфосфат түзілуі, маңызы.
11. Амин қышқылдарының дезаминденуі. Дезаминдену түрлері, осы үрдістің маңызы.
12. Амин қышқылдарының тікелей емес тотығудан дезаминденуі.
13. Амин қышқылдарының азотсыз қалдықтарының пайдаланылуы.
14. Организмде аммиактың түзілуі, оның қолданылу және залалсыздану жолдары.
15. Амидтену, дезамидтену, осы үрдістердің өтетін орны, маңызы.
16. Мочевина синтезі, үрдістің өтетін орны, маңызы, ҮКЦ-мен байланысы.
17. Амин қышқылдарының декарбоксилденуі. Биогенді аминдердің түзілуі. Серотониннің, гистаминнің, гамма-аминомай қышқылының, бета-аланиннің маңызы.
18. Белоктар алмасуындағы бауырдың ролі.
19. Гемоглобин, синтезі туралы түсінік, гемоглобин гемінің химиялық табиғаты.
20. Гемоглобиннің ыдырауы.
21. Өт, нәжіс, зәр пигменттерінің түзілуі.
22. Сарғыштану, түрлері, пайда болу себептері.
23. Нуклеопротеидтердің алмасуы, түсінік. Нуклеопротеидтердің ыдырауы, несеп қышқылының түзілуі. Подагра.
24. Белоктар мен көмірсулардың, көмірсулар мен липидтердің, белоктар мен липидтердің бір-біріне айналуы.
25. Бауыр биохимиясы, оның атқаратын қызметтері.
26.Көмірсулар алмасуындағы бауырдың ролі.
27.Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.
28. Өттің түзілуі.
29.Өттің құрамы, өттің түрлері, маңызы.
30.Бауырдың залалсыздандыру қызметі, улы заттардың залалсыздандыру механизмдері.
31. Амин қышқылдарының катаболикалық реакциялары: дезаминдену және декарбоксилдену.
32. Асқазан сөлінің қышқылдылық түрлерін анықтау әдісінің принципі, қалыпты көрсеткіштер.
33.Асқазан сөлінің фракциялық әдіс бойынша зерттеу.
а) асқазан сөлінің патологиялық құрам бөліктерін ашатын сапалық реакциялар.
б) НСІ-дың дебит-сағаты деген не? Ол қалай есептеледі?
34. Қан сарысуындағы мочевинаны, креатининді, билирубинді анықтау әдістерінің принциптері. Қалыпты көрсеткіштері. Оларды анықтаудың клинико-диагностикалық маңызы.
5. Өткізу түрі:
1)қиын сұрақтардан консультация беру
2)кесте толтыру
3)Жағдайлық есептерді және жаттығуларды шығару
Оқыту құралдары: жаттығулар, жағдайлық есептер
1.ОСӨЖ-ді ұйымдастыру бөлімі – оқытушы студенттерді ОСӨЖдің мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, келесі ОСӨЖге тапсырма береді:
Үй тапсырмасы: Заттар алмасуының реттелуі.Гормондар.Жалпы қасиеттері,әсер ету механизмі.Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары.
2.Тақырып бойынша консультация беру.
3.Ситуациялық есептерді және жаттығуларды шығару
Жаттығулар:
-
Көмірсулардың липидтерден түзілу жолын көрсету. Мүмкін емес реакцияны көрсет.
Глицерин
ТАГ глюкоза
БМҚ
Кетон денелері
Холестерин
-
Липидтердің көмірсулардан түзілуінің сызбанұсқасынан аралық өнімдерді көрсетіңдер.
ТАГ,ФЛ
Глюкоза Холестерин
Кетон денелері
3. Көмірсулардың белоктардан түзілуінің сызбанұсқасынан аралық өнімдерді көрсетіңіз.
БЕЛОК Амин қышқылдары глюкоза
4. Липидтердің белоктардан түзілуінің сызбанұсқасынан аралық өнімдерді көрсетіңіз.
ТАГ
БЕЛОК холестерин
Кетон денелері
5. Белоктардың липидтерден түзілуінің сызбанұсқасынан аралық өнімдерді көрсетіңіз.
глицерин Амин қышқылы 1
ТАГ Амин қышқылы 2
БМҚ Амин қышқылы 3
6. Белоктардың көмірсулардан түзілуінің схемасын толықтырыңыз.
Глюкоза амин қышқылы белок
Жағдайлық есептер.
1. Науқастың қанында жалпы билирубиннің мөлшері 70 мкМоль/л тең болды, сілтілі фосфатазаның активтілігі 7,5 мкм/л.с. , аспартатаминотрансферазаның (АСТ)- 5 ммоль ПЖҚ/л.с, γ-глутамилтрансферазаның (ГГТ)- 500нмоль/л.с. болды. Зәр қою қоңыр, нәжіс түссізденген. Қандай ауру болуы мүмкін?
2. Неге тағам белоктарын липидтер және көмірсулармен ауыстыруға болмайды?
3. Бауыр ауыруында науқасқа неліктен майлы тағам ұсынылмайды?
4. Бауырда өт қышқылдарының синтезі бұзылғанда өт тас ауруының түзілуін түсіндіріңіз.
5.Бауыр науқасында 25(ОН)2Д3 (Д3 дәруменінің активті - алмасу формасы) түзілуі бұзылады. Неге? Бұл неге әкеп соқтырады?
6. Сары ауруына күдік тудырғанда дәрігер қандай анализ тапсыру керектігін белгілейді?
7.Бауырдың паренхимасы зақымданғанда көмірсулар мен белоктардың алмасуы қалай өзгереді?
8. Бауырдың функциясының бұзылуынан аммиактың қанда жоғарылауы, несеп қышқылының, мочевинаның қанда, зәрде төмендеуінің механизмдерін түсіндіріңіздер.
9.Науқаста ауыр вирусты гепатит кезінде бауырлық кома байқалуы мүмкін.Бұл жағдай ми жасушаларына аммиактың улы әсерінен туады.қанда аммиактың көп жиналуы ның себебі неде?Осындай науқастың қанында мочевина концентрациясы қалай өзгереді?
10.Асқазан сөлінің 5 мл-н титрлегенде бос НСІ-ы нейтралдауға 0,1 N NaOH 3 мл жұмсалынды, В көлемі 4 мл болды, барлық қышқыл заттардың нейтралдануына 5 мл жұмсалынды. Жалпы қышқылдықты, бос және байланысқан тұз қышқылын есептеңіз. Алынған нәтижелерді бағалаңыз.
11.Науқас белок мөлшері аз диетада. Қан сарысуын зерттеген кезде онда мочевина мөлшері 11,83 мМоль/л-ге тең болды. Қандай ауру деп болжам жасауға болады?
12.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 85 мМ/л , бос тұз қышқылы 60 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? Асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері анықталуы мүмкін?
13.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 35 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс ақ саз түсті. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады?
14.Стимуляциядан кейін бөлінген асқазан сөлінде тұз қышқылы жоқ, жалпы қышқылдығы 6 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады?
15.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 30 мМ/л , бос тұз қышқылы 5 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады?
16. Науқаста жалпы билирубин 45 мкмоль/л, тікелей билирубин 30 мкмоль-л зәр қошқыл түсті, нәжіс түсі өзгермеген. Қандай ауру деп болжауға болады?
17.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 39 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс өзгермеген. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады?
18.Асқазан сөлінің жалпы қышқылдығы 95 мМ/л , бос тұз қышқылы 60 мМ/л тең. Бұл жағдай қалай аталады? Асқазан сөлінде қандай патологиялық құрам бөліктері анықталуы мүмкін?
19.Қан сарысуындағы жалпы билирубиннің мөлшері 50 мкМ/л тең болды, зәрдің түсі қою қоңыр, нәжіс ақ саз түсті. Бұл жағдай қалай аталады? Ол қашан байқалады?
20.Бауыр ауруларының ферментативті диагностикасы.
Әдебиеттер:
Қазақ тілінде:
Негізгі әдебиеттер:
1. Плешкова С.М., Өмірзақова К.К., Абитаева С.А. «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы, 2006. –136-156 б.
2. Уатқан С., Өмірзақова К.К. «Заттар алмасуы», - Алматы, 2004 ж. –265-278 б.
3. Сеитов З.С. Биологиялық химия, Алматы, 2007 ж.
4. Сейтембетов Т.С., Төлеуов Б.И., Сейтембетова А.Ж.. Биологиялық химия.-Қарағанды, 2007.
Қосымша әдебиеттер:
1. Тапбергенов С.О. Медициналық биохимия.-Павлодар.-2008.
2.Сейтембетова А.Ж.., Лиходий С.С., Биологиялық химия, 1994.
3. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М. Адекеновтің ред. басшылығымен.-Астана, 2003 ж.
4. Плешкова С.М., т.б. Биохимия пәнінен студенттердің жеке дайындығына арналған тесттік сұрақтар. – Алматы, 2007 ж.
№ 9 ОСӨЖ
1. Тақырыбы: Гормондар. Гормондардың құрылысы, құрылысы бойынша жіктелуі. Гормондардың жалпы қасиеттері. Гормондардың әсер ету механизмдері. Қалқанша және қалқанша маңы бездерінің гормондары. Қалқанша безінің гипо- және гиперфункциясының биохимиялық негіздері.
2.Мақсаты:
-
Студенттердің гормондар, олардың жалпы қасиеттері және әсер ету механизмдері туралы алған білімдерін бекіту.
-
Студенттердің тиреоидты гормондардың әсер ету механизмдері және физиологиялық маңызы туралы алған білімдерін бекіту.
-
«Гипертиреоз» және «Гипотиреоз» рольдік ойындары барысында студенттердің коммуникативті дағдыларын дамыту
-
Студенттердің қосымша әдебиеттерден және Интернеттен білім алу арқылы өзін-өзі дамытуға ұмтылыстарын қалыптастыру.
3.Оқыту міндеттері:
1.Студенттердің гормондардың әсер ету механизмдері туралы алған білімін гормондардың физиологиялық әсерін түсіндіруге пайдалана білуге үйрету.
2.Тиреоидты гормондардың физиологиялық әсерін және қалқанша безінің гипо-және гиперфункциясының биохимиялық негіздерін қарастыру.
3. Студенттерді кәсіптік әдебиетті оқып-білуге және Ғаламтордан ақпарат іздеуге баулу.
4. Жаңа түсініктер енгізу және циклді нуклеотидтер, аденилатциклаза, гуанилатциклаза, G-белок, кальмодулин, белок-аквапорин, тирозинкиназды-фосфатазды жүйе, фосфолипаза С, инозитолтрифосфат, диацилглицерин терминдеріне анықтама беру.
4. Өткізу формасы:
1)Анимацияны демонстрациялау.
2)Рольдік ойын
3)Тақырып бойынша студенттер түсінбеген сұрақтарға кеңес беру.
5.Тақырып бойынша тапсырма:
1. Анимацияны демонстрациялау: «І механизмдегі G-белоктың ролі және G-белоктың кальций каналдарына әсері».
2.Рольдік ойын «Гипертиреоз және гипотиреоз». Ойын студенттерде коммуникативті дағдының дамуына: нақты сұрақ қоюға, «Дәрігердің» «Пациентпен» және керісінше сөйлесе білуіне, студенттердің бір-бірімен және оқытушымен сөйлесуіне дағдыландырады.
-
Гипертиреоз.
Ойынға 3 студент қатысады: 1-шісі- «Пациент», 2-шісі- «Дәрігер», 3-шісі– «Комментатор».
-
Гипотиреоз.
Ойынға 3 студент қатысады: 1-шісі- «Пациент», 2-шісі- «Дәрігер», 3-шісі– «Комментатор».
6.Таратылатын материал: анимация, гормондардың әсер ету механизмдері бойынша дәрістердің электронды нұсқалары, тесттік тапсырмалар, жаттығулар, рольдік ойын сценарийі.
«Гипертиреоз» рольдік ойнының сценарийі
Мәліметтер В.Дж.Маршалл (2000) және Джеймс Е.Гриффиннен (2008) алынды.
«Пациент»
«Пациент»
Терісінің ылғалды екеніне, ашуланшақтыққа, эмоциялық тұрақсыздыққа шағымданады. Жүректің қатты соққанын сезіну: тез шаршау, ыстыққа төзімсіздік. Көзінің шарасынан шығуына мазалану және тәбетінің жақсы болғанына қарамастан дене салмағының төмендеуіне алаңдаушылық.
«Дәрігер»
Науқасты қарау барысында оның тамыр соғысының жылдам екеніне (тыныштық күйде минутына 92 рет) және қалқанша безінің сәл ұлғайғанына көңіл бөлінді. Науқас қолын алға созған кезде саусақ ұшының дірілдеуі (тремор) байқалады.
Зертханалық мәліметтер:
Қан сарысуы: ТТГ < 0,1 мЕ/л (норма 0,3-5,0 мЕ/л)
Бос Т4 34пмоль/л (норма 9-26 пмоль/л)
Бос Т3 12пмоль/л (норма 3-9 пмоль/л)
Қалқанша безінің пероксидазасына және тиреоглобулинге аутоантиденелердің жоғары титрі.
Изотоптық сканирлеу қалқанша безінің ұлғайғанын көрсетті.
«Комментатор»
ТТГ мөлшері төмен болғанымен, бос Т4 пен Т3 жоғары концентрациясы тиреотоксикоздың диагностикалық белгісі болып табылады, ал аутоантиденелердің болуы мен сканирлеу нәтижелері Грейвс ауруына (базедов ауруына) тән. Гипофиздің ТТГ-ның секрециясы қалқанша безі гормондарымен (негізінен Т4) теріс кері байланыс механизмі арқылы реттеледі.
Гипертиреоздың жиі көрінісі Грейвс ауруы болып табылады, бұл – қанда тиреоидстимулдеуші антиденелердің (IgG) болуымен сипатталатын аутоиммунды ауру. Бұл аутоантиденелер қалқанша безіндегі ТТГ рецепторымен байланысып, оларды ТТГ сияқты аденилатциклазаны активтендіру және цАМФ-ті түзу арқылы стимулдейді.
Т3 ІІ-лік механизм арқылы әсер етеді, оксидоредуктазалардың синтезін арттырады. Т4 (ІІІ-лік механизм) энергиялық субстраттар үшін митохондрия мембранасының өткізгіштігін арттырады.
Гипертиреоз кезінде БТ күшейеді, бірақ БТ мен ТФ-ң ажырауы байқалады. Бұл көп мөлшерде эндогенді судың түзілуіне (терінің ылғалдануы), дене температурасының жоғарылауына (ыстыққа төзімсіздік), тез шаршауға (АТФ аз түзілуінен) әкеледі. Қоректік заттардың ыдырауы күшейгендіктен, тәбеті қалыпты болса да, дене салмағы азаяды. БТ-ң артуы көп мөлшерде оттегіні қажет етеді, жүрек соғысы мен тамыр соғысының жиілеуі осыған байланысты. Периорбитальды ісіну периорбитальды тіндердің мукополисахаридтермен инфильтрациялануына байланысты, осының нәтижесінде көз шығыңқы болады. Экстраокулярлы (периорбитальды) бұлшық еттің көз орбитасының шектеулі кеңістігінде қалуы көз қозғалысының параличіне (салдауына) әкелуі және бейненің көзге екі еселеніп көрінуі байқалуы мүмкін. Саусақ ұштарының дірілдеуі (треморы) тиреоидты гормондардың жүйке ұштарына еніп, оларды тітіркендіруімен байланысты.
«Гипотиреоз» рольдік ойнының сценарийі
Мәліметтер В.Дж.Маршалл (2000) және Джеймс Е.Гриффиннен (2008) алынды.
«Пациент»
Тез шаршайтынына, селқостыққа, еске сақтау қабілетінің бұзылуына, баяу сөйлейтініне шағымданады. Суыққа төзімсіздік. Басқа адамдарға қалыпты болғанымен, бөлменің салқын боп сезілуі.
«Дәрігер»
Науқастың тәбеті нашар болса да, салмақ қосқан. Дәрігер соңғы уақытта пациенттің іші қатқанын анықтады. Гипотермия. Науқасты тексеру барысында брадикардия байқалады. Пациентте зоб байқалмады. Жүрегі ұлғайған, экссудативті перикардит дамыған. Беті дөрекіленген. Аяқ-қолдары ісінген. Терісі сұрланған. Шашында жылтыр жоқ, қатайған.
Зертханалық мәліметтер:
Қан сарысуы: ТТГ > 100 мЕ/л (норма 0,3-5,0 мЕ/л)
«Комментатор»
Тиреоидты гормондардың жеткіліксіздігінен БТ мен ТФ процестері бұзылады, яғни организмнің энергиямен жабдықталуы төмендейді. Осының салдарынан тез шаршау, селқостық, есте сақтаудың бұзылуы, сөзі баяу, гипотермия, салмағының артуы, жүректің жиырылу жиілігінің төмен болуы байқалады. Тиреоидты гормондардың ұзақ уақыт бойы жетіспеушілігі кезінде теріасты тіндерінде және басқа да органдарда мукополисахаридтердің жиналуы байқалады, бұл микседема деп аталады. Дерманың инфильтрациясы науқастың бетінің дөрекіленуіне, аяқ-қолдарының қысымға байланыссыз ісінуіне әкеледі. Белоктар мен мукополисахаридтерге бай плевралық және перитонеальдық сұйықтық жиналады.
Тиреоидты гормондардың жетіспеушілігі балаларда байқалса, кретинизм ауруының дамуына әкеледі. Бұл кезде баланың ақыл-ойының дамуы мен бойының өсуі тежеледі.
7.Әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |