Лекция 6 (сағат) Тәжірибелік (семинар) сабақтары 30 (сағат)



бет21/32
Дата14.06.2016
өлшемі3.82 Mb.
#134590
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32

Негізгі:


1. Плешкова С.М., К.Қ.Өмірзақова, Абитаева С.А. Заттар алмасуы және оның реттелуі. – Алматы, 2006. – 193-214 бет, 223-232 бет.

2. Т.С. Сейтембетов., Б.И.Төлеуов., А.Ж. Сейтембетова, Биологиялық химия, Қарағанды, 2007

3.С.М.Плешкова және басқалары. «Биохимия пәнін өздігінен оқып-білуге арналған оқу құралы. 2 бөлім. Заттар алмасуы және оның реттелуі», А., 2009- 164-188, 254-275.
Орыс тілінде:

1.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия»- М., 2004 –С.248-251, 263-266

2. Николаев А.Я. «Биологическая химия»-М., 2007- С.380-387, 427-430

3. Северин Е.С. «Биологическая химия»- М., 2008 –С.534-575, 592-597

4. ТапбергеновС.О., ТапбергеновТ.С., «Медицинская и клиническая биохимия» Павлодар, 2004

5. Мари Р., Гриннер Д., Мейес П., Родуэлл В. «Биохимия человека», 2003

6. Кольман Я., Рем., К-Г., «Наглядная биохимия»., М.: Мир,2004

7. Биохимия . Тесты и задачи: учебное пособие для студентов медвузов, под ред. член-корр., РАН, проф .Е.С. Северина.- М.,2005

8. Биохимия в вопросах и ответах под ред. член-корр., НАН РК, д.х.н. проф .С.М. Адекенов- Астана, 2003

9. Сеитов З.С. «Биологическая химия», Алматы, 2000г.

10. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. «Биохимические основы действия витаминов и гормонов», Алматы, 2004
8.Бақылау:

Сұрақтар:

1. Нейроэндокриндік реттелудің схемасы.

2. Гормондар, түсінік. Гормондардың түзілетін орындары.

3. Гормондардың химиялық табиғаты бойынша жіктелуі.

4. Гормондардың жалпы қасиеттері.

5. Гормондардың рецепторлары, нысана жасушалары.

6. Гормондардың әсер ету механизмдері:

а) біріншілік механизм – жасуша ішілік ферменттердің активтілігінің олардың модификациялану жолымен өзгеруі: аденилатциклазды, гуанилатциклазды, Са-кальмодулинді жүйелер және инозитолтрифосфат пен диацилглицерин арқылы.

б) екіншілік механизм – белоктардың синтезделу жылдамдығының өзгеруі;

в) үшіншілік механизм – ферменттердің активтілігінің және жасуша мембраналарының өткізгіштігінің өзгеруі арқылы әсер етуі.

7. Кальций мен фосфор алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Әсер ету механизмдері. Нысана органдарына әсері. Секрециясының реттелуі.

8. Тиреоидты гормондар,олардың синтезі. Әсер ету механизмдері. Физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.

9. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипофункциясының биохимиялық негіздері

10. Эндемиялық зоб.


Жаттығулар:

    1. Жасушаның гормон әсеріне сезімталдығы неге тәуелді?

    2. Гормон рецепторлары жасушаның қай бөлігінде орналасуы мүмкін?

    3. Біріншілік механизм бойынша әсер ететін гормондар неліктен қысқа уақыт әсер етеді?

    4. Аденилатциклаза катализдейтін реакцияны жазыңыз.

    5. Активсіз протеинкиназа А-ның құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?

    6. Протеинкиназаның қандай түрлері болады?

    7. Активсіз протеинкиназаG-дің құрылысы. Бұл фермент қалай активтенеді?

    8. Гуанилатциклазды жүйенің түрлері. Олардың құрылысындағы ерекшеліктер.

    9. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза қандай лигандтар арқылы активтенеді? Олар қандай органдарда кездеседі?

    10. Гуанилатциклазаның ерітіндідегі формасын қандай заттар активтендіреді?

    11. Бұлшық ет тінінің қандай белогы кальмодулиннің аналогы болып табылады?

    12. Инозитолтрифосфат пен диацилглицериннің түзілу реакциясын жазыңыз.

    13. IIмеханизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.

    14. IIIмеханизм бойынша әсер ететін гормондарды атап шығыңыз.

    15. Инсулин рецепторының құрылысы.

    16. ІIIмеханизм бойынша әсер ететін гормондардың әсерінен қандай ферменттік жүйе активтенеді?

    17. Кейбір дәрілік препараттар (кофеин және теофиллин) фосфодиэстераза ферментінің (цАМФ-ті жай АМФ-ке айналдыратын реакцияны катализдейтін фермент) әсерін тежейді. Осы препараттарды енгізгенде қандағы май қышқылдарының мөлшері қалай өзгереді?

Тесттер:

1.Гормондар химиялық табиғаты бойынша:

А) жай белок

В) күрделі белок

С) холестерин туындысы

D) амин қышқылдарының туындысы

Е) көмірсулардың туындысы



2.Қандай гормон құрылысы бойынша гликопротеин болып табылады:

А) тиреотропты гормон

В) вазопрессин

С) глюкагон

D) окситоцин

Е) инсулин



3.Гормондар өз әсерін тигізеді:

А) лизосомалар арқылы

В) натрий каналдары арқылы

С) АТФ-азаның көмегімен

D) рецепторлар арқылы

Е) тасымалдаушы РНҚ-ң көмегімен



4.Гормондар қанда төмендегі қосылыстармен байланысқан күйде кезедеседі:

А) май қышқылдарымен

В) фибриногенмен

С) липопротеидтермен

D) альбуминдермен

Е) коллагенмен



5.Гормонның активті формасы болып табылады:

А) белокпен байланысқан

В) липидпен байланысқан

С) гидроксилденген

D)бос

Е) гликозилденген



6. Гормондардың жасушаішілік делдалдары болып табылады:

А) ДАГ пен инозитолтрифосфат

В) Са2+

С) ацетил-КоА

D) убихинон

Е) циклді нуклеотидтер



7. цАМФ тәуелдіпротеинкиназа тездетеді:

А) белоктардың гидролизін

В) мембрана белоктарының фосфорлануын

С) рибосома белоктарының фосфорлануын

D) фосфорилаза мен липазаның активтенуін

Е) пируваттың фосфорлануын



8. Мембранамен байланысқан гуанилатциклаза кездеседі:

А) бүйрек каналдарының жасушаларында

В) май тінінің жасушаларында

С) қан тамырларының тегіс салалы бұлшық етінің жасушаларында

D)ішектің эпителий жасушаларында

Е) сүйек тінінің жасушаларында



9. Паратгормон бүйректе стимулдейді:

А) натрий мен калийдің экскрециясын

В) натрий реабсорбциясын, калий экскрециясын

С) Са реабсорбциясын, фосфаттардың экскрециясын

D) фосфаттардың реабсорбциясын, Са экскрециясын

Е) Са мен фосфаттардың реабсорбциясын



10. Трийодтиронин оксидоредуктазалардың синтезін арттырады, сондықтан:

А) БТ жылдамдайды, энергия көп бөлінеді

В) БТ жылдамдайды, энергия аз бөлінеді

С) көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы артады

D)көмірсулардың, липидтердің, белоктардың ыдырауы баяулайды

Е) БТ баяулайды, энергия аз бөлінеді

11 Сабақ.


  1. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуын реттейтін гормондар: инсулин, глюкокортикостероидтар, глюкагон, адреналин, соматотропты гормон, соматомединдер.


2. Мақсаты: Студенттерде

-көмірсулар алмасуын реттейтін гормондардың әсер ету механизмі, химиялық табиғаты, гормондардың биологиялық маңызы туралы;

-қантты диабетте пайда болатын биохимиялық бұзылыстар туралы білімді қалыптастыру
3. Оқыту міндеттері: 1. Инсулин, глюкагон, адреналин, норадреналин, глюкокортикостероидтардың, соматотропты гормонның, соматомединдердің әсер ету механизмін, физиологиялық әсерін, секрециясының реттелуін қарастыру.

2. Қантты диабет кезіндегі биохимиялық өзгерістерді талдау. 3.Студенттерді топпен жұмыс істеуге үйрету



4.Өткізілу түрі

1.Аз топпен жұмыс

2. Рөлдік ойын
Тақырып бойынша тапсырмалар:

Аз топпен жұмыс: топ төрт топшаға бөлінеді:

Әр топшаға гормон беріледі, бұл гормондардың көмірсулар, белоктар, липидтер алмасуына әсерін талдау үшін уақыт беріледі.

Сабақ материалдарын талдау барысында «Көмірсулар алмасуына әсер етуші гормондар» кестесі толтырылады:

1-топша инсулин мен глюкагон

2-топша катехоламиндер 3-топша ГКС 4-топша соматотропты гормон мен соматомединдер



Гормондар

Көмірсу алмасу

Белок алмасуы

Липид алмасуы

Қандағы глюкозаның деңгейі

Инсулин













Глюкагон













Адреналин













Норадреналин













ГКС













СТГ













Соматомединдер














Рөл бойынша ойын

Ойынға 4 студент қатысады (1-топ).Ойын коммуникативті дағдыны дамытуды қамтамасыз етеді: дұрыс сұрақ қоя білуді, дәрігердің науқаспен қатынасын, дұрыс анализ жасауға үйретеді.

Дәрігер

Науқас-2



Дәрігер-биохимик

1) Бірінші науқаста қантты диабеттің симпомы байқалады. Науқас ол симптомдарды атап шығуы керек.

Дәрігердұрыс тексеру жасауы керек.Науқаспен сөйлесіп, содан кейін биохимиялық сараптама жасауға жіберу керек.

Биохимик науқастың биохимиялық сараптамасының нәтижесімен танысу керек (Дәрігер мен биохимик – осы зерттеулерді орындауы керек.

Соңында алынған зерттеулердің нәтижесін талдау арқылы дұрыс диагноз қоюы керек.


2)Екінші науқаста қантсыз диабеттің симптомы байқалады. Науқас ол симптомдарды атап шығуы керек.

Дәрігер дұрыс тексеру жасауы керек. Науқаспен сөйлесіп, содан кейін биохимиялық сараптама жасауға жіберу керек.



Биохимик науқастың биохимиялық сараптамасының нәтижесімен танысу керек (Дәрігер мен биохимик – осы зерттеулерді орындауы керек.

Соңында алынған зерттеулердің нәтижесін талдау арқылы дұрыс диагноз қоюы керек.


6.Оқыту құралдары: кафедраның оқу-әдістемелік құралдары, тест тапсырмалары, тақырып бойынша кестелер, гормондар, көмірсу алмасуын реттейтін гормондар бойынша дәрістің электронды нұсқасы, рөлдік ойынның сценарийі.
Рөлдік ойынның сценарийі.

Бір науқас (Серік) соңғы уақытта қатты шөлдеу, жиі зәр шығару (полиурия) байқалатыны туралы шағымданады.

Дәрігер. Дұрыс диагноз қою үшін алдымен қанда және зәрде глюкозаны анықтау керек екенін шешті.

Екінші науқас (НД) жиі шөлдейтіні және бөлінетін зәр мөлшерінің артқаны (полиурия) туралы шағымданды.

Дәрігер. Бұл науқасқа да қанда және зәрде глюкозаны анықтау керек екенін айтты.

Биохимикдәрігер берілген көрсеткіштерді анықтады.

Қантты диабетпен ауыратын науқаста (Серік) гипергликемия және глюкозурия анықталды, ал екінші науқастың (НД) қанында глюкоза нормада, ал эәрінде глюкоза анықталмады. Зәрдің тығыздығын анықтаған кезде, қантты диабетпен науқаста зәр тығыздығы жоғары, ал қантсыз диабетпен науқаста зәр тығыздығы төмен болды.

Сонымен бірінші науқасқа, айтылған өзгерістер инсулиннің жетіспеуіне байланысты қантты диабет деп диагноз қойылды, ал екінші науқасқа қантсыз диабет деп диагноз қойылды, ол вазопрессиннің жетіспеумен байланысты.




6.Әдебиеттер.

Негізгі:

1. Плешкова С.М. және басқалары «Заттар алмасуы және оның реттелуі», Алматы 2006, 137-192 бет

2.Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. «Биологическая химия», 2004 г. – С. 248-293

3. Северин Е.С. 2008 г. «Биохимия», 2008 г. стр. 538-604


Николаев А.Я. «Биологическая химия», 2007 г. стр. 380-432

Қосымша:

1. Шарманов Т.Ш., Плешкова С.М. «Метаболические основы питания с курсом общей биохимии» - Алматы, 1998 – С.521-568

2. Плешкова С.М., Абитаева С.А., Булыгин К.А. – Биохимические основы действия витаминов и гормонов – Алматы, 2004 – С. 67-77, 114-121

3. Аблаев Н.Р. «Биохимия в схемах и рисунках», 2005 – С. 218-220, 257, 258,

4. Зайчик А.Ш., Чурилов Л.П. «Основы патохимии» - Санкт-Петербург, 2000 – С. 458-523, 565-599

5. Сеитов З.С. «Биохимия», 2000 – С. 354-365

6. Бышевский А.Ш., Терсенов О.А. «Биохимия для врача» 1994 – С. 149-153, 345-353

7. Р.Марри, Д. Греннер, П.Мейес, В. Родуэлл – Биохимия человека (перевод с англ) – М., Мир: 1993 – том 2 – С. 170-185, 228-246; том 1 – С. 242-245

8. В.Дж. Маршалл – Клиническая биохимия – Москва, 1999 – С. 123-140, 174-186

9. Потемкин В.В. «Эндокринология», 1999 – С. 145-149, 215-225

10. Балаболкин М.И. «Эндокринология», 1998 – С. 23-46

11. Назаренко Г.И., Кишкун А.А. – Клиническая оценка результатов лабораторных исследований – М., Мед, 2002 – С. 394-411, 423-445, 455




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет