Жүректің перкуссиясы оның шекаралары мен өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді. Балаларда, әсіресе ерте жаста, абсолютті жүрек шекаралары сирек анықталады, сондықтан іс жүзінде негізгі диагностикалық көрсеткіш салыстырмалы жүрек тұйығының шекаралары болып табылады. Перкуссияның ережелері мен әдістері: - дәрігер баланың оң жағында орналасады;
- - науқасты тік(вертикальды), қолдары төмен түскен күйінде тексерген дұрыс;
- - перкуссияның тікелей (көбінесе жас балаларда) және жанама әдістерін қолдануға болады;
- - перкуссия өкпе тінінен жүрекке қарай бағытта қабырға аралықта жүргізіледі;
- - перкуссияның тәртібі – жүрек түйығының оң, жоғарғы, сол жақ шекаралары.
- Оң жақ шекараны анықтау: біріншіден, плессиметр саусақты оң жаққа қабырғаға параллель ІІ-ІІІ қабырға аралықтарына қою арқылы оң өкпенің тқменгі шекарасында ортаңғы бұғана сызығы бойымен жоғарыдан төмен қарай перкуссия жасалады. Осыдан кейін жоғарыдан I қабырға аралыққа көтеріліп, саусақты жүректің оң жақ шекарасына параллель орналастырып, анық өкпе дыбысынан бастап тұйық дыбысқа дейін сырттан ішке қарай перкуссия жүргізіледі.
- Жоғарғы шекараны анықтау: саусақ-плессиметр жас балаларда ортаңғы бұғана сызығы бойымен қабырғаға параллель I қабырға аралықта, үлкенірек балаларда парастернальды сызық бойымен сол жақта орнатылады. Перкуссия жоғарыдан төменге қарай тұйық дыбыс пайда болғанға дейін жүзеге асырылады.
- Сол жақ шекараны анықтау: алдымен жүрек ұшы түрткісінің локализациясы пальпаторлы түрде анықталады, сол қабырға аралықта саусақ алдыңғы қолтық асты сызыққа перпендикулляр қойылып, перкуссия сол қабырға аралықта жүзеге асырылады.
Аускультация техникасы Педиатрияда жүрек аускультациясы диаметрі 2 см-ден аспайтын стетоскоппен жүргізіледі. Аускультация ережелері мен әдістемесі: - дәрігер баланың оң жағында орналасады; - аускультацияны науқастың әртүрлі позицияларында жүргізген жөн: артқасымен жатқан күйінде, сол жағында жатып, тұрып;
Достарыңызбен бөлісу: |