Лекция атауы: Туылу кезіндегі асфиксия хаж-10 коды бойынша


А блогының тиімділігін бағалау



бет7/12
Дата11.12.2023
өлшемі41.84 Kb.
#486152
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Асфиксия казакша

А блогының тиімділігін бағалау.
Жансақтаудың келесі кезеңіне өту шешімі екі критерийдің бағалауына негізделеді:
кездейсоқ тыныс алудың, оның сипатының болуы/болмауы (апноэ, «гаспинг» типті тыныс алу, қиындатылған/қиындатылмаған);
• жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ 100 соғыс/мин көп немесе аз).
1. Егер нәресте күшеніп тыныс алатын болса, яғни тыныс алуы қиындатылса (ыңырсыған дем, кеуде қуысының жұмсақ жерлерінің тартылуы, тахипноэ) немесе күшті орталық цианоз болса, тез арада алгоритмнің оң бөлігіндегі «В» блогына көшу керек:
тыныс жолдарын босату;
• SpO2 мониторингін қамтамасыз ету;
• тыныс жолдарындағы үнемі оң қысымды жасау мүмкіндігін қарастыру (ТЖЖҚ).
2. Егер нәрестенің бірінші жансақтау шаралардан кейін жағдайын бағалау кезінде ЖЖЖ 100соғыс/мин аз немесе бұрынғыша өздігінен тыныс ала алмаса, немесе гаспинг типті болса, тез арада оң қысымда мәжбүрлеп өкпені желдетуге көшу керек, яғни алгоритмнің сол жағындағы «В» блогына:
• оң қысымда мәжбүрлеп өкпені желдету,
• SpO2 мониторингі.
В блогы – оң қысымда өкпені мәжбүрлі желдету.
Ай-күніне жетіп туған нәрестелердің көбін өздігінен толатын қапшықтар арқылы немесе ағынды жолмен толатын қапшықтар пайдалану арқылы өкпелерін желдетуге болады, бірақ өте шала туған нәрестелерге жансақтау көмегін көрсету кезінде Т-коннекторлы жансақтау жүйесін қолдануға кеңес беріледі. Бұл жүйе тыныс жолдарына (ТЖЖҚ) берілген оң қысымды бақылай отырып, тыныс шығару кезінде шыңдық қысымды өлшеп отырады (РIР).
Желдетуді немесе ТЖЖҚ терапияны бастаған кезде тағайындалған қажетті оттегіні бағалау үшін үздіксіз пульсоксиметрияны қолдану керек. Көмекші пульсоксиметрді қосып жатқанда, негізгі реаниматолог желдетуді бөлме температурасы шамасынан бастайды (21% кислород). Егер, тиімді желдетуге қарамастан, ЖЖЖ немесе оксигенация (контроль SpO2) жақсармаса, одан да жоғары оттегі шоғырлануы туралы ойлану керек, яғни пульсоксиметрия көрсеткіштеріне қарай, SpO2 («SpO2 бүтін предукталды көрсеткіштері» Алгоритмнің оң жақ төменгі бұрышында) мақсатты деңгейге (нәрестенің минуттық жасына сәйкес) жеткенше және ЖЖЖ көтерілгенше, оттегі шоғырлануын титрлеу қажет.
ӨЖЖ жиілігі минутына 40-60 құрау керек.
• Барлық нәрестелерге PIP –ті ЖЖЖ су бағанасы 20 см-ге тең болғанда бастаған жөн және оны клиникалық әсеріне қарай өзгертіп отыру керек. Бірақ нәрестелердегі PIP-ті 30см су бағанасына дейін көтеру қажеттігі туындауы мүмкін. Егер манометрді пайдалануға мүмкіндігі болмаса, өкпені желдетуді барынша мүмкін шыңдық қысыммен ЖЖЖ үлкеюін қамтамасыз ете отырып жүргізуге болады.
• Шығару кезіндегі оң қысым (РЕЕР) – 5 см, Н2О ағынды толатын қаппен, Т-коннекторлы жансақтау құралмен немесе өздігінен толатын қаппен қамтамасыз етіледі, тек қысылған газдың көзіне қосылған РЕЕР-клапаны сәйкес болуы керек.
• Газ жіберу жылдамдығы – 8-10л/мин (ағындытолатын қапқа және Т-жүйеге).
• Гестационды жастағы 32 апталық нәресте өкпесін бастапқы желдетуде ауаны қолдануға кеңес беріледі (21% О2).
• Шала туған нәрестелерде (< 32 нед.) бастапқы шоғыры О2 - 30%.
• Келесі О2 шоғырын SpO2 көрсеткішіне қарай өзгертіп отырады. Өкпені 100% оттегімен желдетуді тек жүрекке тура емес массаж жасағанда ғана орындау керек.
Оң қысымға жету үшін бетперденің шеті мен нәрестенің беті арасының бітеулігін қамтамасыз ету керек. Дөңгелек бетперде өте аз салмақтағы (< 1000 г) мерзімі жетпей туылған нәрестелердің бетіне саңылаусыз жақсы қолданылады, ал салмағы одан көп нәрестелерге анатомиялық формадағы бетпердені қолданған жөн. Оны ұшы бар жағымен нәресте мұрнына орналастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет