Б. Туылу сәтіндегі жансақтау шараларына мұқтаж нәрестенің жағдайын бағалауға бағытталан, бұл үшін 3 сұраққа жауап беру қажет:
• Нәресте ай-күні толып туылған ба?
• Тыныс ала алады ма немесе айқайлай ма?
• Бұлшықет тонусы жақсы ма?
Егер маман барлық сұрақтарға «ия» деп жауап берсе, онда жансақтау шараларының қажеттілігі жоқ.
Егер маман барлық сұрақтардың ең болмағанда біреуіне «жоқ» деп жауап берсе, онда нәрестеге жансақтау шараларын қажет етеді.
Диагностикалық критерийлер (жансақтаудан кейінгі кезеңде асфиксияның себептерін анықтау үшін ).
Ананың шағымдары мен анамнез:
• жүктілік пен босану кезіндегі ерекшеліктер мен асқынулар туралы мәліметтер.
Физикальды зерттеулер:
Нәрестенің алдыңғы уақытта арнайы күтім мен бақылауды қажет ететіндігін анықтау мақсатында толық тексеру кезінде келесі жағдайларға ерекше назар аудару керек:
– тыныс алу жүйесі
– тыныс алу жиілігі
– апноэ
– қабырғааралық саңылаулардың айқын деммен тартылуы
– ыңырсып дем шығару
– сатурация (мүмкін болса)
Гемодинамика:
– Жүректің жиырылу жиілігі мен сипаты
– Капиллярларды толтыру уақыты («ақ дақ симптомы» қалыпты жағдайы 2 сек. дейін)
– Артериалды қысым (мүмкін болса)
– Дене температурасы
– Тері қабаты мен шырышты қабықтың түсі
– Қозғалыс белсенділігі мен бұлшықет тонусы
– Тамаққа төзімділігін байқау
– Диурез және дәреті
– Неврологиялық жағдайы (сана-сезімінің деңгейі, туа біткен автоматты рефлекстер, бұлшықет тонусы, құрысу)
Аталған көрсеткіштерді бақылауды алғашқы 4 сағаттың әр сағаты сайын жүргізу керек, сонан соң келесі 24 сағаттың ішінде әр екі сағат сайын, әрі қарай 3 сағат сайын, нәресте оттегіні қажетсінбейтіндей болғанға дейін, сөйтіп тағы 24 сағат көлемінде немесе одан көп уақыт бойы нәресте жағдайы қажет еткенше жалғастыру керек.
Асфиксияның (гипоксияның) ауырлығын дәлелдейтін диагностикалық критерийлер:
• асфиксиямен туылған нәрестенің туылғаннан кейін қысылған кіндігінен көмірқышқыл газының құрамын анықтау үшін артериалды қан алады;
• ауыр перинатальды асфиксияның (гипоксияның) маркерлері төмендегідей болып табылады:
- көрсетілген метаболистік ацидоз (кіндіктің артериалды қанында рН<7,0 және ВЕ . 12 ммоль/л негізінің жетіспеушілігі);
- Апгар шкаласы бойынша 5 минутында 0-3 балл және одан жоғары;
- туылғаннан кейінгі ерте уақыттарда білінетін клиникалық жүйке бұзылыстары (құрысу, гипотония, кома – гипоксиялық - ишемиялық энцефалопатия);
- туылғаннан кейінгі ерте уақыттарда білінетін полиорганды бұзылыс белгілері.
Достарыңызбен бөлісу: |