Лекция атауы: Туылу кезіндегі асфиксия хаж-10 коды бойынша


Өкпені желдетудің негізгі тиімділік критерииі ЖЖЖ мен сатурацияның тез көтерілуі болып табылады



бет8/12
Дата11.12.2023
өлшемі41.84 Kb.
#486152
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Асфиксия казакша

Өкпені желдетудің негізгі тиімділік критерииі ЖЖЖ мен сатурацияның тез көтерілуі болып табылады.
Егер көрсеткіштер көтерілмесе, өкпенің екі жақты аускультация мәліметтерін бағалау керек, және әр мәжбүрлі тыныс алғанда кеуде қуысының ампоитудасының экскурсиясына және барына назар аудару керек. Тыныс шулары екі өкпе аумағында естілсе және кеуде қуысының экскурсиясы анықталса ӨЖЖ тиімді деп саналады.
Егер нәрестеде өкпені желдету кезіндегі оң қысымда өте ұзақ мәжбүрлі тыныс алу байқалса, онда өкпе шектен тыс қысымның әсерінен қатты томпайған және пневмоторакс қаупі бар.
Егер кеуде қуысы әр мәжбүрлі тыныс алуда қозғалмаса және тыныс шулары нашар естілсе, желдету тиімсіз. Өкпені желдетудің тиімсіздігінің үш себебі бар:
• Бетпердені бала бетіне қойғанда саңылау қалып қоюы.
• Нәрестенің тыныс жолдары бітеліп қалуы.
• Өкпені үрлеуге қысымның жеткіліксіздігі.


Нәрестенің тыныс жолдары бітеліп қалуы:
басының қалпын өзгерту;
• ауыз қуысын тексеру, тамағын және мұрын, мұрын ішін қажет болса тазарту;
• желдетуді нәрестенің аузын сәл ашып орындап көру (бұны әсіресе -те т-мен салмақта ай-күнінен бұрын туылған нәрестелердің мұрын жолы кішкентай болғанда қолдануға тиімді).

Қысымның жеткіліксіздігі:
Кейде тыныс жолдарындағы оң қысымды көтеру керек. Манометр пайдалану арқылы тыныс жолдарындағы артық көлем мен қысымның жоғарылану қауіпін алдын-алу үшін, өкпенің икемдігі мен желдету шамаларын таңдау үшін қолданады. Ол үшін:
• Қысымды аздап (әр мәжбүрлі бірнеше тыныс алудан кейін), тыныс шулары екі өкпе тұсынан да жақсы естіліп және әр тыныс алуда кеуде қуысында экскурсия пайда болғанша көтеру. ЖЖЖ, SpO2 жақсарту үшін, тыныстың естілуі үшін, кеуде қуысындағы анық экскурсияларға қажет болған қысымды жазып қою.
•Егер өздігінен толтырылатын қапты қолданғанда қысымды үсіру клапаны іске қосылса, немесе газды 40 см су бағанасында жіберетін болса, түсіру клапанын жоғары қысым жасау үшін оқшауландыруға болады..
•Егер кеуде қуысының экскурсиясы мен ЖЖЖ өсуіне қол жеткізе алмаса, тыныс жолдарынан тиімді өтетін бейімделген - эндотрахеалді түтікше және ларенгиалды масканы қолдан ушін ойластыру керек.
Өкпенің мәжбүрлі желдетуді оң қысымда қаппен және маскамен орындауда бірнеше секунд ішінде 8F өлшеміндегі ауыз асқазанды зондтың енгізілуін талап етеді. Себебі қарынның газ әсерінен үрленуін, диафрагма компрессиясының алдын алу, қарынішілік регуртация мен аспирациясын алдын-алады.
Қарынға сүңгіні кеңсіріктен құлақ бөбешігіне және құлақ бөбешігінен семсер тәрізді өсіндігіге дейінгі сәйкес арақашықтықта енгізу керек. Сүңгіні қарынға енгізген соң, шприцпен газды сорып алады, сүңгіні ашық қалдырып бетінде лейкопластырьмен жабыстырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет