«В» блогының тиімділігін бағалау
Өкпені желдеткен 30 секундтан соң оң қысымда немесе ТЖОҚ орындалған шараның тиімділігін бағалау және ол үш көрсеткішке негізделген:
• жүрек жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ),
• тыныс алу жиілігі
• сатурация көрсеткіші
Егер ЖЖЖ анықтау пульсоксимте көрсеткіші негізінде жүргізілсе, желдетуді бұл уақытта тоқтатпайды. Егер ЖЖЖ анықтау аускультация көмегімен жүргізілсе, желдетуді 6 секундтқа тоқтатады. Әрі қарайғы әрекет алынған нәтижеге байланысты.
1. Мәжбүрленген өкпені желдетуді оң қысымда жүргізудің тиімді белгілері және оны тоқтатуға көрсеткіштер жүрек жиырылуының жиілігі 100 соғ/мин және одан жоғары, қанның оттегімен әбден қанығуы (SpO2 минут ішіндегі көрсеткішке сәйкес) және кездейсоқ тыныс алудың пайда болуымен түсіндіріледі. Нәрестені анасымен бірге орналастырады («дененің денеге» байланысы) және қалыпты күтім мен оның жағдайының мониторингін жасайды.
2. Егер ЖЖЖ 100 уд/мин кем болса, өздігімен тыныс алмаса, ӨЖЖ жалғастырады және кеңірдектің интубациясының қажеттілігін қарастырады.
3. Егер ЖЖЖ 1 мин 60-99 құраса, ӨЖЖ жалғастырады және кеңірдектің интубациясының қажеттілігін қарастырады.
4. Егер ЖЖЖ 1 мин 60 болса, жүрекке тура массажды бастайды, ӨЖЖ жалғастырып, кеңірдекті интубациялау қажеттілігін қарастырады.
ЖЖЖ бақылау әр 30 секунд сайын жүргізеді. Әр кезеңнің тиімділігі жоғарыда аталған үш көрсеткішпен бағаланады, бірақ солардың ең маңыздысы жансақтаудың келесі кезеңге өтуін анықтайтын жүректің жиырылуының төмен жиілігі болып табылады.
Бетпердемен желдету тиімсіз болғанда және кеңірдек интубациясы қиындатылған немесе мүмкін емес болса, ларингеальды бетпердені қолданады.
Мұндай келесі жағдайларда болуы мүмкін:
• ____________________________________________________________ ауыздың, еріннің, туа біткен ауытқуларында немесе таңдайдың қатты болуында, масканы саңылаусыз кигізуге мүмкіндік болмаса;
• ауыздың, тілдің, тамақ пен мойынның туа біткен ауытқуларында, ларингоскоппен жақсылап қарауға кедергі етеді;
• астыңғы жағының өте кішкентай болуы немесе тілдің үлкен болуы (Робин синдромы және тросомиясы 21 хромосомадан).
Ларингеалды маска бетке қатты жапсыруды қажет етпейді.
Сонымен қатар, бетпердеге қарағанда иілгіш ларингеальды тілді айнала және тиімдірек желдетуді қамтамасыз етеді.
Ларингеалды бетперде дене салмағы 2000 гр жоғары нәрестелерге қолданылады және гестация уақыты ≥34 апта.
Ларингеалды бетперденгі орнату кезінде көмейге арнайы құралдардың қажет жоқ. Ларингеалдыны «соқыр» түрде және орнына дәрігер саусағымен бағыттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |