Дүниеге деген материалистік көзқарас әлемдегі болып жатқан барлық құбылыстарды дене, я
болмаса сол материалдық заттардың қасиетттері ретінде қарайды.
Сонау көне заманнан бастап
осы уақытқа дейін материалистік философиядағы ағым (жаратылыстану ғылымдарының
жетістіктеріне сүйене отырып) материя жөнінде әртүрлі пікірге келгенменен жоғарыдағы
көрсетілген көзқарастан тайған жоқ.
Материалистік көзқарастың негізінде сонау көне заманда пайда болған адамдардың жағалай
қоршаған ортаның адамнан тәуелсіз өзімен-өзі өмір сүріп жатқаны және сол Дүниедегі заттар
мен құбылыстар жөніндегі адамның түйсіктері мен басқа қабылдау мүшелерінің дұрыс дерек
беретіндігі жөніндегі алғашқы балама ойлар жатыр. Сондықтан алғашқы (су, от, ауа т.с.с.)
іздейді, ал философтар Дүниенің негізін “бірінші заттан адамның өзі де дене ретінде ғана
қаралады. Ал адамның жан-дүниесіне келетін ретінде қарайды. Гераклиттің жеңіл
зат болсақ, оның өзін тыныспен теңестіріп отта, Демокриттің,
жеңіл және қозғалыстағы
атомдары да адамның “бірінші заты жан-дүниесін құрайтын заттар ретінде түсіндіріледі.
Ал таным мәселесіне келер болсақ, оның негізгі себебі заттың үстіндегі жеңіл атомдар сезімдік
мүшелерге келіп кіреді де адамның түсініктерін тудырады деген пікір тарады.
Дегенмен, тарихи мұндай көзқарастардың тұрпайлығы жаратылыстану ғылымдары мен
психологиялық түсініктердің жетілуі арқасында анықталды. Адамның рухани өмірі
материалдық заттардың ерекше жеңіл
бөлшектері емес, ол, жалпы алғанда, бүкіл материяға тән
қасиет, және белгілі бір жағдай туған кезде өзін көрсетеді,- деген пікір кеңінен Жаңа дәуірде
тарай бастады. Соңынан түйсік дегеніміз жалпы материяның ажырамас қасиеті және белгілі бір
жағдайда ол саналы түйсікке айналуы мүмкін деген ой туды.
Олай болса, күрделі психикалық
процесстер тек қана түйсіктердің әр түрінің бір-бірімен қосылуынан туады,- деген пікір дүниеге
келді.
Х1Х ғасырда жаратылыстану ғылымдарының дамуы, капиталистік қоғамның әлеуметтік саяси
қайшылықтарының өршуі маркстік материализмінің дүниеге келуіне әкеліп соқты. К.Маркс пен
Ф.Энгельс Дүниеге деген материалистік көзқарасты қоғам өміріне дейін көтеріп біртұтастық
материалистік ілімнің негізін қалады. Сана, рухани өмірді түсіну үшін олар философияға
бейнелеу теориясын енгізді. Материяның ең жалпы қасиеті – бейнелеу, осы арқылы тарихи
материя үне бойы даму, күрделену үстінде. Адамның санасы – бейнелеудің ең биік идеалды
түрі,- деген пікір айтып, мидағы болып жатқан неше-түрлі бұлдыр көмескі үрдістердің өзі
адамдардың материалдық деген еңбектерінде болмысынан шығады,- деген пікірді олар
“Неміс идеологиясы ашық айтты.
Сонымен қатар, марксизм адам санасының өзін тудырған материалдық үрдістерге белсенді кері
әсерін тигізіп, оны жетілдіретінін мойындады.
Философиядағы материалистік ағым ең көне, бүгінгі таңда жан-жақты дамыған, жеке
ғылымдардың нәтижелерін өз бойына сіңіріп, адамзаттың ағарған бөлігінің Дүниеге деген
көзқарасы ретінде өзін көрсеткісі келеді.
Бірақ, бұл көзқарастың сонау тұрпайы материализмнен бастап диалектикалық материализмге
дейінгі негізгі әлсіз жері – материалдық қоршаған ортаның логикасы қайдан шықты, Дүниенің
заңдылықтары, оның дамуының қайнар көзі неде?- деген сұрақ. Бүгінгі адамды ол Дүниенің
ішкі қайшылығында, материяның бейнелеу қасиетімен байланысты,- деген жауап толығынан
қанағаттандыра алмайды.
Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге қарама-қарсы бағыт
–
Достарыңызбен бөлісу: