Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта


беруі. Бұл ақуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді – ол әрқашанда ағыста болғанымен  таусылмайды, өмір сүріп қала береді. Болмыс



Pdf көрінісі
бет34/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
darister 1-15

беруі. Бұл ақуалды өзеннің суымен салыстыруға болар еді – ол әрқашанда ағыста болғанымен 
таусылмайды, өмір сүріп қала береді.
Болмыс ұғымы ең мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым – бейболмыс, 
яғни, ештеңе, жоқтық.
Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін мазмұн жағынан алғанда 
мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әр-түрлі 
мағна беріліп Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін 
созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз 
байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.
Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы Даосизм ағымында болмыс "дао" 
ұғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағналы: бір 
жағынан ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты 
бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағнаға бөлінеді – ол "бірінші дао" –


абсолютті болмыс, және "екінші дао", я болмаса "дэ" – көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі 
Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да көре алмайсың, қанша тыңдасаң да ести алмайсың, оған 
ат қояйын десең де қоя алмайсың, өйткені оның аты жоқ,- деп қорытады,- көне Қытай 
ойшылдары. Демек, ол не?,- деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол – ештеңе, яғни,- 
бейболмыс. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, 
ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті – бірінші 
дао ғана. Ал, Дүниеге келген заттарды, яғни, екінші даоны - дэні алатын болсақ, оның 
әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мінді, салыстырмалы т.с.с.
Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне Грек ойшылдарының 
ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқталамыз. Ол 
кісінің атақты сөздері – "Тек қана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ". Яғни, Дүниеде 
бар нәрсе – бар, жоқ нәрсе – жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ, осы ойды айтқаннан 
кейін, Парменид, қозғалысты, Дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр 
болды. Өйткені, бір нәрсенің Дүниеге келуі дегеніміз не? – Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, 
міне, Дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни, Дүниеге 
келуді мойындамайды. Сол сияқты, Дүниеден өтуді де, яғни, бардың жоққа айналуын да 
мойындамайды, өйткені, бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал, Дүниеге келу мен 
кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? – Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни, 
болмыс дегеніміз ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең.
Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл 
дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін ешнәрсе жоқ. Олай болса, Парменид бұл Дүние нағыз 
болмыс емес, оған – ой елегі арқылы ғана жетуге болады,- деген пікір айтады. Яғни, ойлау мен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет