Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта



Pdf көрінісі
бет35/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
darister 1-15

болмыс бір-біріне тең. Сонымен, Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір 
мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.
Сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген 
әр-түрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды.
Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап, оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл 
Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар 
аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін Дүниені адамның өз еркіне 
көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де мағнасыз нәрселер. Сондықтан, негізгі 
мақсат – адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. 
Осындай көзқарастың негізінде Шығыста интраверттік (іntra,-лат. сөзі – ішкі деген мағна 
береді) мәдени бағыт қалыптасты.
Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар 
идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы – бүкіл Батыс 
өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас 
екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан 
дінінің негізгі қағидаларының бірі – адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да осы 
жаратылған Дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің болмыс ілімімен 
ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан алып қарағанда, Батыс 
Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені, коммунизм – 
кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде 
әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни, ол - жер бетінде адамның шығармашылық іс-
әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.
Сонымен, егер нақтылы өмір сүріп жатқан сезімдік, кемеліне келмеген Дүние мен қатар 
идеалды болмыс болса, ал бейболмыс тіпті болмаса, онда жағалай қоршаған мінді ортаны 
идеалды болмысқа сай етіп өзгертуге, жетілдіруге болады. ХХ ғ. өмір сүрген көрнекті Еуропа 
ойшылы Теяр де Шарденнің "Дүние әлі жаратылып біткен жоқ, - ол жаратылу үстінде. Оны әрі 
қарай жетілдіретін негізгі күш - адамзат",- деген ойының да Парменидтің болмыс түсінігімен 
ұштасып жатқанын байқауға болады. Сонымен, Батыс  




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет