Бактериофагтар
Фагтар - бактериялардың вирустары, кейбір жағдайда олар қожайынын ерітіп жібереді. Фагтардың әсері табиғатта кездеседі және тәжірибеде қолданылады.
Фагтардың морфологиясы: фаг - бастан және өсіндіден тұрады. Олардың мөлшері әртүрлі. Химиялық құрамы бойынша нуклеин қышқьшымен (ДНК) және белоктан тұрады. Нуклеин қышқылы спираль тәрізді фагтың басында орналасады. Фагтың қабықшасы және өсіндісі белокты заттан (капсид) тұрады. Өсіндінің басында фермент лизоцим немесе гиалуронидаза болады.
Фагтар арнамалы болып келеді, олар 2 түрге бөлінеді:
1. түрлік; 2. типтік
Түрлік фагтар тек қана бір түрлі микроорганизмдерде болады. Олар қожайын - микробтың атымен аталады (мысалы: стрептококкты, стафилококкты, т.б.). Бір түрлі микроорганизм ерітіп жіберетін фагтарды поливалентті фагтар деп атайды.
Фагтың клеткамен әсерлестігі бірнеше сатыдан тұрады.
I саты - фагтардың клетка бетінде жинақталуы;
II саты - фагтың клетка ішіне енуі;
III саты - клетка ішінде фагтың көбеюі;
IV саты - кемелденген фагтың пайда болуы;
V саты - клетка еріп, одан кемелденген фагтың шығуы.
Фагтардың тәжірибеде қолданылуы олардың арнамалы және микроб клеткасын еріту қасиетіне негізделген.
Вирион құрылымы. Вирионның ортасында нуклеин қышқылы болады, ол капсидпен қоршалған. Капсид белокты зат -капсомерден түрады. Кемелденген вирус химиялық қүрьшымы бойынша нуклеокапсид болады. Капсомердің саны және қалануы эр вирус үшін тұрақты. Мысалы: полиомиелит вирусы 32 капсомерден, ал аденовирус 252 капсомерден түрады. Капсомерлер симметриялы көпқырлы болуы мүмкін - куб формалы (мысалы: аденовирус). Спираль тәрізді құрьшысы тұмау вирусына тән.
Сонымен қатар нуклеин қышқылы пружина түрінде болып, айналасында капсомерлер орналасқан - бүл таяқша тэрізді вирус -темекі жапырағының ауруын қоздырады.
ФАГ - күрделі симметриялы түрде болады: басы - куб тәрізді, өсіндісі - таяқша тәрізді (сперматозоид түрі).
Сонымен, қалануына байланысты вирустар - куб тәрізді, спираль тәрізді, таяқша тэрізді, сперматозоид тәрізді болады.
Кейбір вирустар күрделі - пеплос деген қабықшасы болады, ол вирус қожайын клеткасынан шыққан кезде пайда болады. Мысалы: қүтыру вирусы, ұшық вирусы, энцефалит вирусы.
Кейбір вирустардың сыртқы липидті қабатынан капсомерлер тікенек тэрізді шығып түрады. Бүндай вирустарды пепломерлер деп атайды (мысалы: түмау вирусы).
Вирустың нуклеин қышқылы түқымқуалаушылық қасиетін тасымалдайды, ал капсид пен сыртқы қабаты қорғаныс қызметін атқарады, сонымен қатар вирустың клеткіге өтуіне себеп болады.
Вирус мөлшері. нанометрмен өлшенеді. 15-20 дан 350 - 400
нм-ге дейін. Вирусты өлшеу әдістері: 1. белгілі мөлшерлі тесіктері бар бактериалды сүзгіштер арқылы сүзу. 2. ультрацентрифугтау - ірі вирустар тезірек тұнады. 3. электронды микроскопта вирустарды суретке түсіру Вирустардың химиялық құрамы. ДНК және РНК вирустарының саны мен құрамы бірдей емес. ДНК - ның молекулярлық салмағы 1*10 пен 1,6*10 -ге дейін, ал РНК - кі 2*10 ден 9,0* 10 -ге дейін.
Белоктар вириондарда көп емес, 16-20 аминқышқылынан түрады. Капсид белогінен баска нуклеин қышқылымен байланысқан ішкі белоктар болады. Белоктар вирустардың антигендік қасиетін атқарады, сонымен қатар вирустарды қожайын клеткасының ферменттерінің әсерінен сақтайды.
Липидтер мен көмірсулар күрделі вирионның сыртқы қабатынан анықталған. Кейбір вирустардың қүрамына кіретін полисахаридтер эритроциттердің агглютинация тудыратын қабілетіне себеп болады. Вирустар ферменті. Кейбір вирустардың өзінің қожайынының клеткасына енетін ферменті болады, мысалы: А түмауынде нейраминидаза - нейрамин қышқылын ыдыратады.
Фагтарда - лизоцим - клетка қабықшасын бүзады, фосфатаза, т.б. болады.
Достарыңызбен бөлісу: |