Иммунитет тұрақты.
Алдын-алу шаралары. Жалпы санитарлық шаралар, ауруды оқшалау, емдеу.
Арнайы шаралар. Жанасуда болған балаларға иммуноглобулин егеді.
Емі. Симптоматикалық.
Гепатит "В" вирусы
Гепатит В вирусы HBV (hepatitis В virus) деп аталады. 1961 жылы Блумберг ауруды ц сарысуында антиген анықтаған, ол австриялық деп аталды. Ал 1970 жылы Дейн аурудың сарысуында ірі бөлшектер тапкан, оны Дейн бөлшектері деп атаган. Морфология. Вирус HBV 3 түрде кездеседі:
1. ұсақ бөлшектер - 22 нм диаметрі
2. түтікше тэрізді ұзындығы әртүрлі бөлшектер
3. вирус тэрізді бөлшектер d - 40 нм (Дейн анықтаған Дейн бөлшектері). Олар 2 жіпшелі ДНК - ден тұрады. Олардың липидтері, полипептидтері, көмірсулары және 2 қабатты қабықшасы бар. Бұл HBV вирусы деп аталады.
Культивирлеу. Тірі ағзада культивирлейді, маймылдардың тіндері мен мүшелерінде.
Антигендік құрылымы. Дейн бөлшектерінде HBV антигені анықталған. Бүл күрделі антиген, қэдрамында полипептидтер, көмірсулар, липидтер бар. Оларға қарсы түзілген қарсыденелер анти -HBs. Дейн бөлшектерінің ортасында сог-антиген бар, оған қарсыденелер анти - НВс деп аталады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. 60 градус температурада вирус 3-4 сағат сақталады. Темен температура оған әсер етпейді. Қатырған қан препараттарында 20 жылға дейін сақталады. HBV вирусы эфирге төзімді. 5 % хлорамин 12 сағаттан кейін, 3 % хлорамин 2 сағаттан кейін белсеңділігін жояды.
Инфекция көзі. Аурудың қаны және антиген тасымалдаушы.
Таралу жолдары. Гепатит В дұрыс зарарсыздандырылмаған инелер, шприцтер арқылы жұғады.
Патогенез. Инкубациялық кезең 2 - 6 ай (вирус А - да 3 - 6 апта) қан, лимфа арқылы вирус бауырға түсіп, гепатит А - дай болып дамиды.
Алдын - алу шаралары. Құрал-жабдықтарды, шприцтерді дұрыс залалсыздандыру, донорларды тексеру, HBs антигене.
Арнайы алдын - алу шаралары. Балаларға туғаннан бастап гепатит В вирусына қарсы вакцина егеді.
Емі. Симптоматикалық.
Вирусологиялық зерттеу.
А және В гепатитінің диагностикасында бауырдың функциялық жағдайын көрсететін қансарысуының биохимиялық көрсеткіштерін анықтайды. Бауырдың пигмент алмасу функциясының бұзылуын қансарысуда билирубин санының көбеюі көрсетеді. Белок алмасу функциясының бұзылуын тимол сынамасы, ферменттер АЛТ, ACT көрсетеді.
Гепатит А вирусының диагностикасы - қанның (қарсытеп) мен (қарсы денелерін) анықтайды, ол үшін серологиялық әдістер:
гельдегі преципитация әсерлестігі, КБР (комплемент байланыстыру реакциясы) қолданылады.
Гепатит В вирусының диагностикасы:
1. алғашқы жедел кезеңінде аурудың қансарысуынан HBs қарсытегін анықтайды.
2. КБР - да анти - HBs - ті анықтау (қарсыдене). Анти - HBs аурудың 2-4 аптасында пайда болып, қанда ұзақка дейін айналады.
3. Жұп сарысуда гельдегі преципитация әсерлестігі бойынша анти -HBs - ті анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |