Тұмау қоздырғыштары
Тұмау кең тараған тыныс жолының инфекциялық ауруы. Тұмау қоздырғыштары Orthomyxoviridae туыстығына жатады. Олар жоғары тыныс жолдарының кілегей қабатын мекендейді. Бұл туыстыққа адамдарда, жануарларда, күстарда ауру қоздыратын вирустар жатады.
Морфология. Тұмау вирионының құрылымы күрделі. Оның құрамында бір жіпшеден тұратын РНК, спираль тәрізді нуклеокапсид жэне липидкөмірсутек протеинді қорғаныс қабықшасы болады. Вириондар жіпше тәрізді, қабықшасында шығып тұрған пепломерлері бар. РНК қожайын клеткасының ядросында синтезделеді (жинақталады). Вирустың белоктары цитоплазмада синтезделеді. Вирионның қалыптасуы клетка қабықшасының жанында болады.
Культивирлеу. Тұмау вирусы тауық эмбрионында жақсы көбейеді. Сонымен қатар маймылдың бүйрек клеткасында және адамның эмбрионында культивирлеуге болады.
Аитигендік құрылымы. Тұмау вирусының S - антигені бар, ол А, В, С типтерге бөлінеді. А вирусында сонымен қатар тағы 2 антиген бар: 1. Гемаглютинин, 2. Нейраминидаза;
Гемаглютининнің 4 түрі бар: Н 0, Н 1, Н 2, Н 3.
Нейраминидазаның 2 түрі бар: N 1, N 2.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. 65 градус температура тұмау вирусын 5 - 10 минуттан кейін өлтіреді. 50 градус температурада өзінің инфекциялық қасиетін жояды. Бөлме температурасында бірнеше сағаттан кейін белсенділігі төмендейді. Қышқылды, сілтілі ортада, дезинфекциялаушы ерітінділерде бірден өледі. Ультракүлгін сәулесіне, ультрадыбыс әсеріне өте сезімтал. Глицерин әсеріне төзімді, онда бірнеше айға дейін сақталады,.
Жануарлар қабылдаушылығы. Үй жануарлары эпидемия кезінде вирусқа икемді келеді, бірақ эпидемиялық маңызы жоқ. Тәжірибелік жануарлардан ақ тышқандар, күзендер сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру адам.
Таралу жолы. Ауа - тамшылары.
Патогенез. Вирус жоғарғы тыныс жолдарының кілегей қабатына түсіп, агзаға енеді, қанға тарайды. Кілегей қабатта вирус клеткілерді өлтіреді. Бұл екінші инфекцияның қоздырғыштарының енуіне жағдай жасайды: пневмония, бронхит, т.б. Жоғары тыныс жолдарын мекендейтін бактериялар белсеніп, аутоинфекция пайда болады. Сонымен қатар вирус созылмалы ауруларды қоздырады. Мысалы: туберкулез, т.б.
Иммунитет. Вирус нейтралдайтын антигемагглютинин арқылы құралады. Ағзаның қорғанысы сонымен қатар қансарысуындағы интерферон арқылы да болады.
Алдын - алу шаралары. Ауруды оқшаулау, бөлмені желдету, ылғалды жинау, салқын тиюден сақтану, т.б.
Арнайы алдын - алу шаралары. Тұмауға қарсы вакцина қолдану. Сонымен қатар интерферон, оксалин майы. Емі. Ремантадин, антибиотиктерасқынуға қарсы. Вирусологиялық диагностика.
Зерттеу мақсаты. Вирусты жэне оның типін анықтау, қансарысуда қарсыденелерді анықтау. Зерттеу материалы. 1. қан
2. мұрын жұтқыншақ ішіндегісі.
Негізгі зерттеу әдістері:
1. Тауық эмбрионында мүрынжүтқыншақ ішіндегісін культивирлеу; 2. Риноцитоскопиялық зерттеу; 3. Иммунофлюоресценция; 4. Серологиялық зерттеу.
Полиомиелит вирусы.
Полиомиелит қоздырғышы Picornaviridae туыстығына жатады. Бұл туыстыққа 3 тұқым кіреді: 1. полиомиелит қоздырғыштары, 2. Коксаки, 3. ECHO.
Поиломиелиттің вирустың этиологиясын 1909 жылы маймылдарға тәжірибеде К.Ландштейнер мен ЭЛапер анықтаған.
Морфология - ұсақ вирустарға жатады (15-30 км). Вирус бір жіпшелі РНК - ден және 32 капсомері бар белокті капсидтен тұрады, формасы куб тәрізді. Сыртқы қабаты жоқ. Көмірсулар мен липиді жоқ. Инфекциялық қасиеті РНК-гe байланысты.
Культивирлеу. Полиомиелит вирусы маймылдың бүйрегінің клеткасында, фибробластарда, адам эмбрионында жақсы көбееді.
Антигендік құрылымы. 3 серологиялық типі бар, рим цифрларымен белгіленеді I, II, III. Ең эпидемиологиялық маңыздысы вирустің I - типі 65 - 90 % . Вирустің II - типі 10 - 12 %; III- типі сирек кездеседі. Вирустің серотиптері нейтралдау реакциясымен ажыратылады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Қайнату вирусті тез өлтіреді. 50 градус температура 30 минуттен кейін өлтіреді. Бөлме температурасында вирус 3 айға дейін сақталады. Томен температураға төзімді. Салқындағы нәжісте 6 айға дейін сақталады, сүтте 3 айға дейін сақталады. Полиовирустар топырақта, ашық суларда ұзақ сакталады, сондықтан эпидемиологиялық маңызды. Вирустар асқазан сөліне жэне 1 % фенол эсеріне төзімді. Формалинге, хлораминге, сутегі тотығына, калий перманганатына сезімтал. Жануарлар қабылдаушылығы. Полиомиелит вирусінің I және III типіне маймылдар сезімтал. II типіне кемірушілер сезімтал.
Инфекция көзі. Ауру адам жэне вирус тасымалдаушы.
Таралу жолдары. Тамақ арқылы (вирус нэжіспен 40 күнге дейін бөлінеді). Шыбындар арқылы таралады, қоршаған орта заттары арқылы, ауа түйіршіктері арқылы.
Патогенез. Вирус жоғарғы тыныс жолдарының және асқорыту жолдарының кілегей қабаты арқылы енеді. Вирус мұрынжұтқыншақ кілегей қабатына еніп, жұтқыншақ және аш ішектің лимфа түйіршіктеріне өтіп, көбейеді. Вирус орталық нерв жүйесіне өтіп, қабыну процессін тудырады, паралич пайда болады, көбінесе аяқтын параличі.
Полиомиелит клиникалық 3 формада болады: абортивті, параличсіз, параличті.
Полиомиелитпен көбінесе балалар 5 айдан 5-6 жас арасында ауырады. Вирус нәжіспен жэне мүрынжүтқыншақ кілегейінен бөлінеді. Иммунитет тұрақты, өмір бойына вируснейтраддаушы қарсыденелер арқылы.
Алдын - алу шаралары. Дер кезінде анықтау, оқшаулау.
Арнайы шаралары - белсенді иммундау балаларға туғаннан бастап вакцина жасайды.
Емі. Симптоматикалық, иммуноглобулин.
Достарыңызбен бөлісу: |