Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет37/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Бақылау сұрақтары


  1. Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады? Оның қандай мүмкіндіктері бар?

  2. Осы редактордың Аспаптар панелі, мәзір қатарының атқаратын қызметтерін түсіндіріңіз.

  3. Негізгі және фондық түстер қалай таңдалады?

  4. Палитрадағы түстер құрамына басқа түстерді қалай қосуға болады?

  5. Графикалық редакторда мәтін жазу мүмкіндігі бар ма?

  6. Салынған суреттің көшірмесі қалай алынады?

  7. Paint графикалық редакторында салынған суреттер қандай типпен сақталады? Оны басқа программаларда қолдануға бола ма?

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. О.Сейітқұлов Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар. Оқу құралы-Шымкент, 2012 (50д)
2. Медетбекова Р. Информатика. Оқулық-Шымкент-2011 (20д)
3. О.Ибрагимов WEB бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы-Шымкент, 2015 (30д)
4. Зәуірбеков Н. Алгоритмдеу және программалау негіздері. Оқулық –Қарағанды, 2014 (15д)
5. Соммервиль И. Бағдарламалық жасақтама. 1-бөлім. Оқулық-Алматы, 2013 (10д)
6. Алдажаров Қ. Компьютерлік желілер. Оқу құралы-Алматы, 2010 (10д)
7. Таненбаум Э. Компьютерлік желілер. Том-1. Оқу құралы-Алматы, 2013 (10д)
8. Беркімбаев К. Информатика. Оқулық-Алматы-2010 (12д)
9. Королева Н. Информатика. Оқулық-Алматы-2012 (10д)

Лекция №11
MS Word редакторында мәтінді форматтау.


1. Mәтінді форматтауды үйрету.
2. Символды форматтау. Қаріп сұхбат терезесін және Форматтау саймандар тақтасын қолдану
3. Word редакторына тән қосымша элементтер


Мәтінді теріліп болғаннан кейін, оны редакциялау – қатесін жөндеу, өзгерістер, қосымшалар енгізу және форматтау – көркемделуін өзгерту жұмыстары жүргізіледі.
Форматтау деп әр түрлі амалдар бойынша мәтіндік құжаттардың көркемделуін айтады. Құжатты форматтауды құжатты құралдардың алдында, сол сияқты одан кейін де орындауға болады. Форматтаудың орындалу реті құжаттың ақырғы нәтижесіне әсер етпейді, бірақ құжатты шығармастан бұрын форматтау керек. Егер алынған құжат сізді қандай да бір себептерге байланысты қанағаттандырмаса, онда әрқашанда оның форматтау параметрін өзгертіп, қайтадан форматтауға болады.
Форматтау әрекеттерін орындай отырып:
— әр түрлі шрифті (қаріпті) таңдауға болады;
— жұмыс өрісінің шекараларын өзгертуге, сол, оң, жоғары, төмен өрістерін анықтауға;
 -бетте мәтінді туралауға;
-қатар арасындағы интервалды бекітуге және өзгертуге;
-мәтін жақтауларының әр түрлі типтерін қолдануға;
-мәтіннің көркемделуіне (тізім, бояу, және т.б.) байланысты барлық мүмкіндіктерді пайдалануға болады.
Форматтау кезінде негізгі саймандар тақтасының батырмаларын және сол сияқты меню командаларын, сонымен қатар арнайы пернелер комбинациясын қолдануға болады.
Форматтау_саймандар_тақтасын_қолдану'>Символды форматтау. Қаріп сұхбат терезесін және Форматтау саймандар тақтасын қолдану
Символдарды форматтау қаріп параметрлерін, символдың аралығындағы бос орындар мен оларды қатарға байланысты жоғары не төмен жылжу мүмкіндіктерін анықтау жатады. Осылар арқылы құжаттағы маңыздырақ деген элементтерді белгілеп алып, олардың параметрлерін өзгертуге және оған қоса кейбір символдарды жоғары не төмен индекс ретінде жылжытып жазу, кішірейтілген бас әріптерді бейнелеу сияқты мүмкіндіктері бар. Символдарды форматтаудың ең жылдам әдісі форматтау тақтасының батырмаларын қолдану немесе пернелер комбинациясын орындау болып табылады. Символдарды форматтаудың бірнеше баптауын өзгерту үшін Формат менюіндегі Шрифт (Қаріп) командасын қолдануға болады. Қаріпті таңдау және өзгерту үшін Формат]Шрифт командасын орындаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет