12. Жақын арада қолданылған құжатты ашу жолы:
1. Іске қосу батырмасын басып Құжаттар (Документы) қатарын таңдаңыз.
Одан кейін керекті құжат таңдалады.
Бірақ та кейбір бағдарламалар құжаттар мәзірінде ашық құжаттар атауларын орналастырмайды. Сондықтан керекті құжат жоқ болса, негізгі мәзірде іздеу командасын пайдаланыңыз.
Компьютердің мазмұнын көру үшін:
1. Менің компьютерім белгішесін 2 рет басыңыз.
Нәтижесінде Менің компьютерім терезесі ашылады.
керекті дискінің белгішесін 2 рет басыңыз.
Нәтижесінде дискідегі барлық бағдарламалардың мазмұнын сақтайтын файлдар мен бумалар терезеде бейнеленеді.
3. Егер файлды немесе буманы ашу немесе бағдарламаны іске қосу қажет болса, онда керекті объектіні 2 рет басыңыз.
4. Ағымдағы буманы ашу үшін Аспаптар панеліндегі Backspase пернесін басыңыз.
Егер Аспаптар панелі көрінбесе Түр (Вид) мәзіріндегі Аспаптар командасын таңдаңыз.
Компьютерде бума құрылымын толық көруге Windows жүйесінің Сілтеуші бағдарламасы мүмкіндік береді. Оны іске қосу үшін негізгі мәзір Іске қосу (Пуск) – Құжаттар (Документы) –Сілтеуші (Проводник) бөлімін таңдаңыз.
13. Файлдарды иілгіш магниттік дискіге көшіру:
1. Дискетаны дискжетекке орналастыру
2. Сілтеуші терезесінде керек файлды немесе буманы ерекшелеңіз.
3. Файл мәзірінде Жөнелту (Отправить) командасын таңдап көшірме жүргізетін дискіні көрсетіңіз.
Windows жүйесінде функционалдық пернелер қызметі
- мәзір жүйесін іске қосу
Alt+(мәзірде асты сызылған әріпті басу) – таңдалған мәзірді ашу
- бағдарламадағы ағымдағы терезені жабу
- ағымдағы терезені жабу немесе бағдарламадан шығу
- белгіленген объектіні көшіру
- белгіленген объектіні буферге көшіру
- буфердегі объектіні орналастыру
- ағымдағы терезе мәзірін ашу
-белгіленген объектіге контекстік мәзір ашу
-Іске қосу мәзірін ашу
- бағдарламаға арналған терезе мәзірін ашу
-келесі терезеге ауысу
- соңғы орындалған әрекетті кері қайтару
Достарыңызбен бөлісу: |