Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет35/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Лекция №10
Paint графикалық редакторымен жұмыс.


1. Мәзір қатары командалары


2. Аспаптар панелінің аспаптары

Paint графикалық редакторымен танысу, онымен жұмыс істеуді үйрену.


Paint графикалық редакторы қарапайым графикалық кескіндерді құру және оларды басқа программаларға енгізуге негізделген. Paint графикалық редакторын іске қосу үшін Іске қосу - программалар – стандарттар - Paint командасын орындаймыз. Программа іске қосылған соң, экранның көрінісі төмендегі суреттегідей болады. Бұл редактор терезесінің негізгі бөлігін сурет салынатын жұмыс аумығы алып тұрады. Терезенің сол жағында сурет салуға арналғн Аспаптар тақтасы, оның төменгі жағында түстер палитрасы орналасқан.


Мәзір қатары командалары


Paint графикалық редакторының мәзір қатары Файл, Түзету, Түр, Сурет, Палитра, Анықтамалық командаларынан тұрады. Осы командалардың көмегімен жұмыс аумағында салынған суреттермен толық жұмыс жасай аламыз.
Файл мәзірі Құру, Ашу, Сақтау, … деп сақтау, Алдын-ала көру, Парақтың макеті, Баспаға жіберу, Жөнелту, Жұмыс үстелін толтыру, Жұмыс үстелінің ортасына орналастыру, Файлдар тізімі, Шығу командаларынан тұрады.
Түзету мәзірі – Болдырмау, Буферге қиып алу, Буферге көшіріп алу, Буферден енгізу, Ерекшеленген аймақты тазалау, Бәрін ерекшелеу, Файлға көшіріп алу, Файлдан енгізу командаларынан тұрады.
Түр мәзірі – Құрал-саймандр жиыны, Палитра, Қалып-күй қатары, Масштаб, Суретті қрау, Мәтін атрибуттары тақтасы командаларынан тұрады.
Сурет мәзірі – Шағылдыру/бұру, Созу/қисайту, Түстерді аудару, Атрибуттар, Тазалау командаларынан тұрады.
Палитра мәзірі – палитраны өзгерту, жүктеу, сақтау, көмескі фон беру командаларынан тұрады.
Анықтамалық мәзірі – анықтама алу мүмкіндігін береді.

Аспаптар панелінің аспаптары


Paint редакторында қолданылатын аспаптарды таңдап алу үшін, тышқан курсорын сол бейнеге жеткізіп, оны бір рет шертеміз. Жұмыс аумағында тышқанның көмегімен курсорды жылжыта отырып қажетті суретті саламыз. Егер аспапты тышқанның сол батырмасының көмегімен жылжытсақ, сурет негізгі түспен, ал оң батырманы басулы күйінде жылжытсақ фондық түспен салынады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет