Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет53/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Желі компоненттері:
 компьютерлер: ДК, ноутбуктар;
 коммуникациялық жабдықтар: коммутаторлар, маршрутизаторлар, байланыс желісі;
операциялық жүйелер: OS/2; Novell NetWare; Unix; Linux, Windows;
желілік қосымшалар: желілік принтер, желілік диск, мәліметтер қоры.
Топология – компьютерлерді желіге біріктіру тәртібі. Ethernet желісінде «шиналық» және «жұлдызша» топологиялары қолданылады.
Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер Интернет қызметін қоюшылар, яғни сервис – провайдерлер деп аталады.
Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық.
Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік, радиоарналық, спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметтерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелер мен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
Коммутаторлық байланыс – уақытша байланыс түрі. Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.
Интернетке қосылу үшін арнайы модем деп аталатын құрылғы орнату қажет. Компьютерден сандық мәліметтер модем арқылы түрленіп, модуляцияланып торапқа түседі.
Қосылу әдісі бойынша модемдер сыртқы және ішкі болып екі түрге бөлінеді. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың артқы қабырғасына қосылады. Ішкі модемдер аналық тақшаға орнатылады.
Басқа құрылғылар сияқты модемдер де программалық орнатуды қажет етеді. Windows операциялық жүйесінде оны Іске қосуБаптауБасқару панеліҚұрылғына орнату командасының көмегімен орнатады.
Интернет қызметін қоюшының компьютеріне қосылу үшін: Менің компьютерімЖеліге қашықтан қатынауЖаңа байланыс программасын орнату қажет.
Программаны орнату кезінде Интернет қызметін қоюшы мынадай мәліметтерді алдын-ала енгізіп қоюы керек:
1)байланыс жүргізілетін телефонның нөмірі;
2)қолданушының аты (login);
3)паролі (password);


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет