Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет54/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

4)сервердің адресі.
Бүкіл әлемдік масштабта әрбір файлдың адресі-URL адреспен (Uniform Resouree Locator – унифицированный указатель ресурса – ресурстардың ерекшеленген нұсқағышымен) анықталады. URL – адрес үш бөліктен тұрады:
1)берілген қызметке сәйкес келетін қолданбалы хаттаманың атын көрсету. Мысалы, WWW-қызметі үшін қолданбалы хаттама HTTP болып табылады. HTTP – Hyper Text Transter Protocol (гипермәтінді жіберу хаттамасы): http:// ;
Хаттаманың атынан кейін : және // белгілері міндетті түрде қойылады.
2)компьютердің (сервердің) домендік атын көрсету – мысалы:
http://www.khabar.kz – адрес соңындағы екі символдан тұратын кеңейтілме – сервердің географиялық аймағын білдіреді (ru – Ресейлік іздеу сервері; kz – Қазақстандық іздеу сервері; tr – Түркиялық іздеу сервері және т.б.);
3)берілген компьютердегі файлға баратын толық жолды көрсету қажет (араларына “/” символын қою арқылы), мысалы:
http://www.Microsoft.com/games – Microsoft компаниясының ойындары.
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP атты қызметші хаттама пайдаланылады.
FTP (File Transler Protocol) – файлды тасымалдау хаттамасы. Файлдар барлық компьютер серверлерінің ішінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.
FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Explorer терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін енгізу керек. Мысалы: FTP:// ftp.relcom.ru командасынан кейін экранға дербес компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Шыққан каталогтан ішкі каталогқа өтуге, файлды белгілеп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.
Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы телеконференция (Usenet) деп аталады. Usenet – бiр-бiрiмен жаңалықтар алмасып отыратын бейкоммерциялық, бейформалдық, анархиялық жүйелер тобы.
Usenet-тегi жаңалықтар тобы – дүние жүзiндегi адамдардың пiкiрлесетiн, яғни ақпарат алмасуына арналған электрондық пiкiрталас топтары. Мұндай жаңалық топтарында белгiлi бiр тақырыпқа арналған көптеген мақалаларды оқуға болады, олар әртүрлi тақырыптарды талқылауға да арналады. Usenet-тегi жаңалықтар ретiнде оқыған мақалаңызға жауап беруге және өз ойларыңызды мақала ретiнде жариялауға болады. Бұлар құрама сөздер арқылы белгiлi бiр тақырыптарға топтастырылады, мысалы, rec.sport.basketball.college тобы, мұндағы rec – тақырып атауының – recreation сөзiнiң қысқартылған түрi, sport – аталмыш тақырыптың спортқа арналған бөлiгiн көрсетiп тұр.
Құжаттарды тасымалдаумен шұғылданатын қазіргі Интернеттің ең көп тараған қызмет түрі World Wide Web (Web, WWW) деп аталады және ол бүкіл дүниежүзілік өрмек дегенді білдіреді.
Интернетке тұрақты қосылып тұрған компьютерлерді Web-сервер деп атайды. WWW дегеніміз – Web-серверде сақталған Web-құжаттардан тұратын ақпараттық кеңістік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет