Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Электрондық пошта (E-mail)



бет56/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

    Бұл бет үшін навигация:
  • Mail.ru
2. Электрондық пошта (E-mail).
E-mail немесе электрондық почта – нақты абоненттерге желi арқылы хабарлар жiберу жолымен мәлiмет алмасу тәсiлi.
Басқа да байланыс қызмет түрлері сияқты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер, тұтынушы жағынан программа-клиент жұмыс атқарады.Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген:
1)шығатын хабарды жіберуге – SMTP (SMTP – Simple Mail Transfer Protocol – пошта жіберетін қарапайым хаттама) хаттамасымен;
2)келіп түсетін корреспонденцияны қабылдауға - РОРЗ (Post Office Protocol 3 – протокол почтового отделения, версия 3) хаттамасымен жүргізіледі.
Электрондық поштаның қолданушысы болу үшін:
1)модем немесе желілік адаптер, сәйкес кабелдер керек;
2)қандай да бір пошталық серверде тіркелуіңіз қажет. Мысалы: Sultanov@mail.ru – мұнда:
*коммерциялық @ символының сол жағындағы бөлім – пошталық сервис қызметін қолданушының адресі (қолданушы поштасының адресі);
* коммерциялық @ символының оң жағындағы бөлім –пошталық сервердің адресі (қолданушының электрондық адресі)
3)электрондық поштамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнаулы программа (MS Outlook, The Bat!, Eudora және т.б.) керек.
Mail.ru пошталық серверінде тіркелу жолын қарастырайық:
1)Internet Explorer броузерін жүктеңіз;
2)Шыққан сұхбаттық терезенің адрес бөлімінде мына қатарларды теріңіз: http://www.mail.ru және Enter батырмасын басыңыз;
3)пошталық серверінің сұхбаттық терезесінде тіркелуді ұсынатын бөлімде тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шертеміз (8-сурет);

8
Тіркелуді ұсыну бөлімі
-сурет. Mail.ru пошталық серверінің жалпы көрінісі.
4)ашылған сұхбаттық терезеде барлық қатарларды сұраныс бойынша толтырып шығамыз (9-сурет);

9-сурет. Mail.ru пошталық серверінде тіркелу терезесі.
5)барлық мәлімет толығымен қабылданған болса, әкімшілік тарапынан құттықтау хатымен экран бетіне электрондық поштаңыз ашылады (10-сурет).

10-сурет. Mail.ru пошталық серверінің әкімшілігінің құттықтау хаты.
Ал егер көрсетілген пошта атымен Сізге дейін құрылған пошта жәшіктері бар болса, Сізге пошта жәшігіңіздің атын қайта таңдауыңызды ұсынатын сұхбаттық терезе ашылады. Бұл терезедегі қатарларды тиісті мәліметтермен толтырып Enter пернесін басамыз. Электрондық поштамен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін MS Outlook программасының қызметтерін қарастырайық:
*хабарды қабылдау және дербес көру – РОРЗ серверіне қосылған соң, келіп түскен хабарлар пошталық клиенттің мәліметтер базасына автоматты түрде көшіріледі. Оны дербес режімде оқуға болады;
*жаңа хабарды даярлау – программаның құрамдас мәтіндік редакторында алмасу буферін қолдану, мәтіннің кодталуын таңдау мүмкіндіктері қарастырылған;
*хабарларды реттеу – шығатын және келетін хабарларды ретке келтіре топтау және сұрыптау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет