Лекция Кілт сөздер Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні



бет4/28
Дата14.12.2022
өлшемі178.99 Kb.
#467206
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Деректану лекция

Ә. Бөкейханның деректану саласындағы еңбектері.
Қазақстан тарихының деректану саласында өзіндік із қалдырған Шоқан Уәлихановтан кейінгі қазақ ғалымдары, Ә. Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ә. Бөкейханның деректану ғылымына қосқан үлесін негізінен үш салаға бөліп қарауға болады. Біріншісі, ХХ ғасырдың басындағы, демек, ең бір күрделі кезеңдегі, қазақ халқының өмірінің сан алуан қырынан мағлұмат беретін дерек көзі ретінде Әлихан Бөкейханның өз еңбектері. Ол еңбектердің ұлт тарихының құнды деректер тобын құрайтындығына қазір ешкімнің күмәні жоқ деп ойлаймыз. “Ә. Бөкейханның шығармашалық мұрасы” деген мақалада: “Ғалымның негізгі, басты еңбектері қазақ халқының тарихына, экономикасына, мәдениетіне, шаруашылық жүргізу тәсілдеріне, ру-тайпалар шежіресіне, тұрмыс-салтына, қазақ жерлерінің отарлау тағдырына арналған. Бұл еңбектерде мың сан деректер, цифрлар, таблицалар, қысқасы, ұшан-теңіз материал бар” – деп [8], әділ айтылған. Бұған қосарымыз бүгінгі күні Ә.Бөкейхан еңбектерін тарихи дерек ретінде пайдаланбай, ХХ ғасыр басындағы қазақтар тарихы туралы бірде-бір ғылыи – зерттеу жұмысы жазылмайтындығы. Келешекте де солай болатындығы.
Екінші саласы, деректану ғылымының талатарына сай, тарихи құжаттарды іздеп тауып (эвристика - Қ.А.) жариялауы. Ол: “Из бумаг султана Большой Киргизской Орды Сюка Аблайханова”, “Из переписки хана Средней Киргизской Орды Букея и его потомков”, “Из переписки киргизских ханов, султанов и проч.” секілді құжаттарды жинап бастырды. Алаш ардагерінің бұл салада атқарған ғылыми ізденістерінің қазақ тарихы үшін маңызының зор екендігі де күмәнсіз.
Әлихан Бөкейханның тарихи деректану ғылымына қосқан үлесінің келесі бір бөлігі, ол оның өз шығармаларында айтқан тарихи деректанушылық ойлары, нақты төл деректерімізді сынауға байланысты білдірген көзқарастары.
“Қара қыпшақ Қобыланды” кітабына арналған әдеби сында деректану ғылымының күрделі проблемаларының бірі, деректің, сол деректе бейнеленген уақиғаның уақытын анықтау (датировка - Қ.А.) мәселелсін шешуге әрекеттенеді. Әлихан Бөкейхан Тоқтамтас ханның өзінің тоғыз батырының бірі қара қыпшақ Қобыландыдан ақыл сұрағанын айта келе: “Тоқтамыс хан Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы нәсілінен. Бұл Ақсақ Темірмен соғысып, жеңіліп қашқан. Бұл Қобыландының ісі ХІ ғасыр ортасы болуға лайық. Тоқтамысқа болысқан Литва князы Витофты Воркесала өзені бойында (бұл Полтава губерниясында Днепр ашасы) Ақсақ Темірдің қол басшысы Едіге алған. Бұл соғыс 1339-ыншы жылы болған. Бұған қарағанда Едіге Тоқтамыстан кеткен соң Ақсақ Темірге қол басы болса керек. Мұнан көрінеді: Қобыландының Тоқтамыс, Едігелермен замандас болғаны” – деп, негізделген қорытынды жасайды [10].
Әрине, Қобыландының өмір сүрген уақыты туралы мәселері автор толық шешті деп айта алмаймыз. Дегенмен, бұл келтірілген мысал Ә. Бөкейханның деректану ғылымының тиімді тәсілдерінің бірін пайдаланып, өмір сүрген уақыты дәл белгілі тарихи тұлғалар арқылы уақыты белгісіз тұлғаның өмір сүрген мезгілін анықтамақ болғандығын көрсетеді.
Біріншіден, барлық халықтар сияқты қазақ тарихына да тән кемшілік соғыстардың көбірек айтылып, ал халықтың негізгі тарихы болып табылатын күнделікті бейбіт өмірін суреттейтін деректердің аз кезедесетіндігін айтуы. Ә. Бөкейхан ойының дұрыстығын біздің заманымыздың зерттеушісі Олжас Сүлейменов: “Бейбітшілік тарихтан тыс тұр. Оны сипаттау қиын. Европаның да Азияның да жылнамаларында адамзаттың өткені сұрапыл соғыстар, қанды сарай төңкерістері арқылы ғана бейнеленеді. Ал мәдениет тарихы үзді-жұлды, жол – жөнекей ұшырайды”-деп бекіте түседі [12].
Шәкәрім шежіресінен алынған бұл жыр жолдары туралы Ә. Бөкейхан: “Міне мәдениет тарихы пайдаланатын жыр сөзі. Бес ауыз өлеңде жұрт салты айнаға түскендей көрініп тұр. Жеккен арба , жемтік іздеп ұшқан қарға, өрмек тоқыған қатын, жылаған бала, қайғырған ару-бәрі мұнда бар. Осы жырдан бұл жерде айтылған істің қашан болғаны көрініп тұр: Шыңғысхан жорығында һәм онан бұрынғы жорықтарда жұрт қатын-баланы алып, малды айдап, ауып жүріп соғысқан”- деп [14] жырдың көркемділігіне, ондағы қарапайым халық өмірінің бейнелену дәрежесінің жоғарылылығына ризашылық білдіреді. Келтірілген жыр жолдарын Ә. Бөкейхан “Қобыланды” жырымен салыстыра келе бұл жырды баспаға дайындаушылардың жіберген кемшіліктерін сынға алды. Ол: “Қобыланды” кейінгі айтушының тепкісін көп көріпті. Бұл айтушылар өз жандарынан көп сөз қосқан” – деп, ескерткіштерді жатқа айту, көшіру кезінде іс жүзінде жиі кездесетін құбылыстан, жатқа айтушының не көшірушінің көп жағдайда тек механикалық орындаушы емес кейде редакторлық, тіпті кейде қосымша авторлық міндеттер атқаратын әдеттерінен “Қобыланды” жырының да аман қалмағандығын көрсетеді [15].
Сонымен, жоғарыда келтірілген фактілер Ә. Бөкейханның тарихи деректану ғылымы саласында өзіндік із қалдыраған, қазақ деректану ғылымына қомақты үлес қосқан ғалым екендігін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет