Лекция Кілт сөздер Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні


Лекция 4. Деректанудың теориялық мәселелері



бет7/28
Дата14.12.2022
өлшемі178.99 Kb.
#467206
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Деректану лекция

Лекция 4. Деректанудың теориялық мәселелері

Тарихи деректер бейнелеу теориясы тұрғысынан. Тарихи шындық пен деректің, дерек пен тарихшының диалектикалық байланыс механизмі. Тарихи танымның ретроспективті сипаты. Тарихи дерек ұғымы ақпарат теориясы туралы білім тұрғысынан. Деректану және тарихи зерттеу.


1. Егер, ғылым ретінде Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай: «Тарихтың қызметі бүтін адам баласының, яки бүтін бір жұрттың, я бір топтың өткен өмірін болған күйінде айнытпай айту» болса, деректанудың ғылым ретіндегі қызметі тарихи дерек-тердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің объективті бейнелену дәрежесін зерттеу. Демек, тарихи деректер тарихи деректану ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылады. Деректану, тарихи деректер туралы ғылым ретінде әр түрлі нақты тарихи проблемаларды және тұтас тарихи процесстерді терең де тиімді зерттеуге көмектеседі. Тарихи ақпараттарды іріктеу және талдау тәсілдеріне баса көңіл аударуға байланысты, деректану қазіргі уақыт талабына сай маман тарихшы дайындаудың маңызды буыны болып табылады.


Әсіресе, бүгінгі күні Қазақстанның, тәуелсіз қазақ халқының өзінің төл тарихына деген қызығушылығының күннен-күнге артып келе жатқан жағдайында, белгілі себептермен халыққа беймәлім болған әр түрлі тарихи деректердің жаппай жариялану жағдайында, сол тарихтың негізін құрайтын тарихи деректанудың маңызы ерекше арта түсуде. Өйткені деректану-тарихи деректер туралы ғылым. Оның негізі міндеті тарихи деректердің пайда болу заңдылықтарын және оларда тарихи процестердің (құбылыстардың) объективті бейнелеуін зерттеу.
Осыған байланысты қазіргі деректануда екі проблемалар кешені қаралады:
1) Теориялық-методологиялық проблемалар:
- тарихи шындықтың дерекке енуі және бейнеленуі;
- тарихи деректің әлеуметтік табиғаты, ондағы субъективтіліктің
деңгейі;
- тарихи деректерді сыныптау;
- деректердің ғылыми құндылығын анықтау принциптері мен
тәсілдері және т.б.
2) Нақты-қолданбалық проблемалар:
- деректердің нақты түрлері мен типтеріне шолу жасау және сынау;
- нақты ескерткіштерге деректанулық талдау жасау;
- деректерден алынған мәліметтерді нақты тарихи міндеттерді
шешуге пайдалану тәсілдерді және т.б.
Екі аспект бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырады. Қазақстан тарихының деректану курсының проблемалары мен құрылымы оның алдында тұрған негізгі міндеттерімен айқындалады. Олар:
- ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сай деректанудың теориялық және методологиялық саласынан білім беру;
- пайда болған және сақталынған тарихи деректер кешені туралы ақпарат беру;
- тарихи зерттеудің даму қажеттілігінен шыға отырып, олармен жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру.
Сонымен теориялық - методологиялық, ақпараттық және методикалық мәселелер бір-бірімен байланысты қаралады.
Деректер туралы ғылымның қазіргі дауы, оның басқа ғылымдар арасында алатын орыны деректану теориясының дамуының актуальдылығын арттыра түседі. Деректану теориясы-ол деректерді ортақ қасиеттерінен шыға отырып зерттейтін білімнің ғылыми жүйесі. Ол деректерде бекітілген ақпараттық мәліметтерді объективті шындық дәрежесінде ала білуге көмектесетін ғылыми ойлау формасы.
Деректану теориясы мынандай негізгі проблемаларды қарастырады:деректерде әлеуметтік шындықтың бейнелеу заңдылықтарын, тарихи деректерді сыныптау, деректерді зерттеудің негізгі кезеңдерінің реттілігін сақтау мен олардың мазмұнын зерттеу, олардан қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы шынайы ақпараттық мәліметтер алу мақсатында деректерді зерттеудің негізгі кезеңдерінің реттелігі мен мазмұны ол мәліметтерді тарихшының қабылдау заңдылығы т.б.
2. Деректану теориясы бойынша зерттеулерде негізгі нысана: тарихи деректердің ортақ қасиеттері және олардың жеке топтары, оларды зерттеу әдістері және сол әдістерді жетілдіру жолдары. Деректер туралы ғылым деректерді іс жүзінде зерттеу тәжерибесімен тығыз байланысты.
Деректану теориясы зерттеудің тиімділігін, сапалық деңгейін, кәсібилігін қамтамасыз етуге тиіс. Теория деректанулық зерттеулерде ғылымның осы саладағы берген нәтижесі мен жасалған қорытындыларын бағалауға көмектесетін өлшемдер мен талаптарды жасайды және қалыптастырады.
Қазіргі кезеңде мамандардың алдында тарихи деректер табиғатындағы жалпы мен ерекшеліктердің диалектикасын айқандау міндеті тұр. Қайталанбайтын жалқылықтармен қатар, дерек жалпы қасиеттерге де ие. Сондықтан бұрын арнаулы зерттеу нысаны болмаған деректермен жұмыс істеу алдында проблеманы шешудің теориялық негіздемесін жасау қажет.
Деректану теориясы үшін принципті сәттің бірі тарихи деректің адамдардың мақсатты іс әрекетінің жемісі ретінде қарап, оның әлеуметтік табиғатын ашу болып табылады. Деректанудың негізгі мәселесі-тарихи деректің табиғатын ашу, оның объективті қасиеттері мен олардың қалыптасу заңдылықтарын зерттеу. Адамдардың мақсаты іс әрекеттерінің қорытындысында пайда болған деректерді талдау, олардың пайда болу себептерін ашу –олардың тарихи процестердің барысында атқарған функцияларын айқындау арқылы ғана мүмкін болады. Әлеуметтік процестердің даму барысында пайда болып, кейіннен тарихи зерттеу объектісіне айналған деректер, өзінде тарихи процесс ретіндегі методологиялық бірлігі мен ғылыми тарихи танымды біріктіреді.
Қазіргі деректану деректі өткеннің тарихи шындығымен байланысты қарастырады, сонымен қатар оны тарихи білім жүйесінде зерттейді. Сондықтан келешек тарихшыларға деректанудан терең білім беру олардың кәсіпқой маман ретінде қалыптасуының басты шарттарының бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет