Лекция Кілт сөздер Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні


Лекция 10. Шежіре тарихи дерек ретінде



бет15/28
Дата14.12.2022
өлшемі178.99 Kb.
#467206
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
Деректану лекция

Лекция 10. Шежіре тарихи дерек ретінде

Шежіренің деректік орны, маңызы, ерекшелігі. Шежіренің түрлері. Шежіренің пайда болуын сынау. Шежіредегі объективтілік пен субъективтілік. Шежіренің қазақтардың этногенезисін, Қазақстан территориясында тайпалардың орналасуын, түркі халықтарының этногенетикалық байланыстарын зерттеудегі маңызы. Шежіретану – кезеңдері мен қажеттілігі. Шежіретану проблемалары.


Тарихи білім қашанда мемлекет үшін идеологиялық тұжырымдама, қоғамдық пікірдің, патриотизмнің, рухани мәдениеттің ірге тасы. Егер мәселенің түп-тамырына қарасақ қандай бір елдің алға жылжуына кепіл болатын алдымен тарихи білім. Ол білім мемлекет үшін күресте адамдарды жігерлендіреді, жеңіске сенімділік береді, тіпті болмағанда адамдардың басын бір жұмырдықтай бір орталыққа қосады. Қазақтың ауызша тарихы да осы міндеттерді көптеген ғасырлар бойы қапысыз орындап отырған. Егер біз қазіргі күнде ғылыми ортада қолданып жүрген терминдерді пайдалансақ қазақ шежіресі халқымыздың тарихының тұжырымдамасы деп айта аламыз. Түптеп келгенде тұжырымдама біртұтас этнос үшін уақыт көшінен қалмау, дұрысы сол көштің қозғаушы күшіне айналуына керекті рухани азығын қамдап алу үшін қажет. Тарих қашанда бір сұраққа жауап береді, ол кеше кім едің, бүгін қандай күйдесің, ертең қалай болады? Бұл сауалдардың кез-келген халықтың асыл ұлдарын ұдайы толғандыратындығы ғана емес, бір-бірінен ажыратылмай бірлікте пайымдалатыны да қапысыз шындық. Тарихшы ғалымдарымыздың пікірінше халықтың жады мен санасының жинақталып бір арнаға құяр тұсы ұлттың біртұтас бірлік идеясы болса, ол идеяның рухани азығы бірнеше мыңжылдықтардан бастау алатын Еуразия халықтарының шежірелерінде жатыр.


Қазақтың шежіретану дәстүрі ХІХ ғасырдың ортасынан - Шоқан Уәлихановтан басталады. ХХ ғасырдың басында қазақ ортасынан талантты тарихшылардың жұлдызды шоғыры (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид, Нұржан Наушабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы және т.б.) осы жолды жалғастырды. Біз олардың тарихжазу дәстүрлері қыр тарихтану дәстүрінен бастау алады және оның жазбаға түскен жалғасы деп есептейміз. Осы аталған тарихшылар бірінші рет қолдарындағы тарихи-фольклорлық материалдарды жүйелеу үшін орасан көп еңбек жүргізді. Шежіре көп заман тек ауызша сақталғандықтан фольклордың аса білгір қариялары мен жинаушыларына ғана белгілі болды. Оны біз ұрпақтан ұрпаққа арнайы қариялар арқылы ғана берілетін жабық білім қатарына жатқызамыз. Шежіренің жеке фрагменттерін аса белгілі ру басы батырлар мен билер, төре әулеттерінің өкілдері жатқа білген. Шежіреге енген өткен тарихтың тәжірибесі мен даналықтары ел басқару жұмыстарында керек болды, яғни таза практикалық қызметті де атқарды. Қ.Халид «бұл тайпалар бабаларының сөздерін зейінімен тыңдап ұғып, олардан естіген шежірелерін еске алып, әр мәжілісте, әр жиын-отырыста үнемі қайталап, шын ниетімен ойларында ұстап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып, насабшыларына шежіре деп ат қойған. Ұлы дүбір мерекелерінде шежірешінің маңайын толтырып, өткендерін сұрастырып, үйлерінде болса ол кісінің алдында дәріс оқығандай үйреніп жақсысын жаттап, қиынын қаттап жататын болған. Сол шежірешіден мен өзім де бірнеше рет сабақ алған едім» деп шежіренің осы жағына баса назар аударады.
ХІХ - ХХ ғасыр басындағы қазақ тарихшылары Шежіре маңызын әр түрлі түсіндірді. Жаңа ғана қалыптасып келе жатқан жазба дәстүрдің ішінде әлі де кәсіби білімнің жетіспеушілігі байқалады, сонымен бірге зерттеушілердің арасында осы құбылыстың нақты анықтамасы да жоқ еді. Мұхамеджан Тынышбаев революцияға дейінгі қазақтануды талдай отырып Шежіреге қатысты дүниенің бәрін орыс тілінде генеалогия деп атады: «...қазақ халқының әр жеке руының шыққан тегін (түпнұсқада: генеалогиясын-делінген -Ж.А.) алдын ала зерттемейінше, сонымен бірге ол қай заманда және қай елмен кездескенін анықтамайынша, қазақ халқының тарихи тағдырының толық суретін көзге елестету мүмкін емес».
Ең алдымен жекелеген ру-тайпалардың тарихы болып табылатын – шежірені зерттеу барысында тарихнамалық зерттеулердің жан-жақтылық, нақтылық, тарихи және объективтілік принциптерін басшылыққа алу керек. Нәтижесінде әр түрлі идеологиялық көзқарастар негізінде жазылған еңбектерге объективті тұрғыда баға берілуі тиіс.
Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріндегі қазақ шежіресінің алатын орны мен маңыздылығы атап көрсетіліп, халықтың ру-тайпалық құрамы мен олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтауда А.И. Левшин, Н. Аристов, П.И. Рычков, А. Харузин, Л. Мейер, И. Казанцев, В.В. Вельяминов-Зернов, И.И. Гейер, В.В. Радлов, М.Н. Галкин, В.В. Бартольд еңбектеріне тарихнамалық талдаулар жасалған.
Қазақ шежіресін тарихи дерек көзі ретіндегі зерттеудің негізгі проблемаларына тоқталып, осы мәселемен айналысатын шежіретану мектебінің ұғымына түсінік берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет