Лекция Кілт сөздер Дерек, сын, тарихи синтез, әдіс, әдіснама, деректану пәні



бет12/28
Дата14.12.2022
өлшемі178.99 Kb.
#467206
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Деректану лекция

Деректің шынайылық деңгейін анықтау немесе ішкі “сын”. Өкілеттілік пробемасы.
Деректегі ақпараттың ғылыми маңызын (құндылығын) бағалау кезінде оның шындыққа қатынасмен қатар, тарихшымен байланысын да айқындау қажет. Бірінші жағдайда дерекпен шындықтың байланысына шынайылық (достоверность) пробемасы, екінші жағдайда “дерек және тарихшыда” өкілеттілік (репрезентативность) проблемасы пайда болады.
Деректегі ақпараттардың шынайылық проблемасын шешу түбінде “оның субъективтілігін алуға”, неғұрлым объективті ғылыми зерттеулерге жарамды мәлімет жинауға көмектеседі.
Өкінішке орай, көп жағдайда тарихшы оның орнына “шынайылық проблемасын алып тастайды”.
Өкілеттілік проблемасы. Тарихи деректану ғылымында “репрезентативность” деген түсініктің өзі соңғы уақыттарда пайда болды. Бұл термин француздардың “representer” – “представлять”- “өкілеттілік ету” деген сөзінен шыққан. “Өкілеттілік ету” категориясы жалпы ғылымдық түсініктер тобына жатады.
Тарихи зерттеулерде нақты оқиғаны не тарихи шындық құбылысты тура соған ұқсас тарихи шындықпен (аналогымен) ауыстыру кездеседі. Соңғысы (аналогы) өкілеттік қасиеттерге ие болуы тиіс, басқаша айтсақ зерттеудегі объектің барлық белгілері мен қасиеттерін көрсете алуға тиіс. Мысалы, теңіз суын құрамын, ерекшеліктерін, қасиеттерін анықтау үшін оның бәрін түгел тексерудің қажеті жоқ, бір ұрттам теңіз суының тексеру арқылы-ақ ол қасиеттерді білуге болады. Мұнда сол бір ұрттам су бүкіл теңіз суының өкіл қызметін атқарады.
Деректанушының назарында деректің пайда болу проблемасы және дерек авторы, олардың шығу және жасалу тарихы, олардың мазмұнын талдау және түсіндіру, деректердегі сақталынған мәлі-меттердің толықтық, шынайылық деңгейін анықтау мәселелері болуы керек.
Лекция 8. Тарихи деректерді сыныптау проблемалары

Тарихи деректерді сыныптаудың қажеттілігі мен жолдары. Тарихи деректерді типтерге және түрлерге бөлудің негізгі принциптері. Жазба деректердің негізгі типтері. Жазба деректерді түрлік сыныптау. Ерекше (қайталанбайтын) және көпшілік (қайталанатын) деректер және олардың деректік маңызы. Тарихи деректер эволюциясы. Қазақстан тарихы деректерінің түрлік өзгерістерге ұшырауының өзіндік ерекшеліктері. Деректер дамуының тенденциялары.


Тарихи деректер өзінің саны, көлемі жағынан аса көп, мазұны, түрі жағынан әр алуан. Оның бәрін қамту аса қиын. Сондықтан тарихи деректер теңізінде дұрыс жол табу, тарихи зерттеулерде оларды тиімді және пайдалы етіп қолдана білу қажеттілігі оларды сыныптау проблемасын туғызады. Басқаша айтқанда, деректерді ортақ қасиеттері бар, бірақ бір-бірінен ерекше белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу.


Деректерді сыныптаудың біздегі бүгінгі жайы туралы тарих ғылымдарының докторы Меруерт Абусейтова, ортағасырлық Қазақстан тарихының деректану мәселесіне тоқтай келе: “Важнейшие вопросы казахстанского источниковедения еще не получили удовлетворительного разрешения. Речь идет пержде всего о классификации источников, выработке общих принципов их типологизации. Задача систематизации источников по истории Казахстана связана с необходимостью выработки общих теоретических принципов типологии, что потребует привлечения некоторых формальных методов анализа” [10] -деп, жалпы Қазақстан тарихының маңызды бір проблемасының әлі шешімін таппай отырғандығын айтады.
Орыс деректану мектебінде бұл мәселе ұзақ жылдарға созылған ізденістер нәтижесінде біршама шешімін тапқан деп айтуға болады. Сондықтан, сол мектептің тәжірибесіне сүйенсек сыныптау зерттеушіге тәуелсіз объективті өлшемдерге негізделуі керек, олар объективті деректердің өзіне тән қасиеттерінен шығуы қажет және онда деректердегі шындықтың ену және бейнелену заңдары көрінуге тиіс.
Демек, сыныптау проблемасы тек таза техникалық емес, методологиялық та проблема болып табылады және тек қалың деректер арасында бағыт көрсету функциясын атқарып қана қоймайды, сонымен қатар оларды зерттеу тәсілі қызметін де атқарады.
Орыс деректану мектебіне қарасақ, онда тарихи білімнің тарих ғылымына айнала бастаған кезден бастап, яғни В.Н. Татищевтің еңбектерінен бастап орыс тарихнамасында аса көп мөлшерде сақталан жазба және басқа да тарихи деректерді әр түрлі белгілеріне қарап топтау, сыныптау әрекеттері жасалынған. Мыслалы, В.Н. Татищев еңбектерді жинау, оларды тіркеу және жариялау ісін аса маңызды мемлекеттік іс деп қараған. Ол ғылым үшін төмендегідей ескерткіштерді ашқан:
-Орыс Правдасы;
-Судебник 1550;
-лкен сызба кітабы;
-көптеген жылнамалар т.б.
Ол деректерді жариялаудың жобасын жасады және біразына алғы сөз жазып баспаға дайындады. Өкінішке орай, В.Н. Татищевтің көзі тірісінде оның бірде-бірі жарық көрген жоқ. Ол тарихи деректерді негізінен жылнамалар және шетелдіктердің Ресей туралы жазғандары деп екі сыныпқа бөлді.
Жалпы қазан төңкерісіне дейінгі тарих ғылымында деректерді екі топқа бөлу әдеті қалыптасты. Батыс Еуропадағы деректерді екі топқа бөлген сияқты, орыс тархшыларының еңбектерінде де тарихи деректер екі категорияға бөлінді. Мысалы, француз ғалымы Шарль Сеньобос деректерді “өткеннің тікелей ізі және өткеннің қосымша ізі” деп екіге бөлсе, орыс ғалымы А.С. Лаппо - Данилевский “мәдениеттің қалдығы” және “фактілерді тарихи суреттеу, айту” деп бөлді.
Белгілі орыс тарихшысы В.О. Ключевский “Тарихи дерек-ол жеке адамдардың не тұтас қоғамның өткен өмірін бейнеленетін не жазба, не заттай ескерткіштер. Заттай ескерткіштер деп кезінде адамдар пайдаланған, олардың қажеттілігін өтеген, сондықтан олардың тұрмыс жағдайын, салт-дәстүрін көрсете білетін заттарды айтамыз. Жазба ескерткіштер- өткен кезеңді, оқиғаларды сөз арқылы жеткізу, суреттеу…” [11] деп жазды.
Жазба деректердің өзін баяндаушы (жылнамалар, дастандар т.б.) және құжаттар (заңдар және жеке актілер) деп бөлді. Төңкеріске дейінгі тарихшылардың ең басты кемшіліктері: деректерді сыныптауға олардың әлеуметтік табиғатын ескермеуі, деректер мен оларды дүниеге әкелген қоғамдық-экономикалық ортаның тығыз байланыстығын байқамауы.
Кеңес дәуірінде тарихи деректерді сыныптау проблемалары өз дамуында бірнеше кезеңнен өтті.
Кеңес өкіметі алғашқы жылдарында (1917-1924 жж.) тарихшылар тарихи деректерді сыныптауға негізінен төңкеріске дейінгі деректанушылардың пікірлерін қолдады.
2-ші кезең (1925-1940 жж.) кеңес тарихшылары деректерді әр түрлі белгілеріне қарап, оның ішінде тақырыбы бойынша да (мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихы тақырыптары бойынша) бөлуге болады деген пікір айтты.
3-ші кезең (1940-1956 жж.) М.Н. Тихомировтың деректерді бес топқа бөлумен ерекшеленеді. Академиктің деректерді бөлудегі бұл принциптері теориялық жағынан негізделді, оның ұсынған сыныптауы ғылымға терең енді. Олар: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша , жазбаша. Жазба деректерді құжаттық және баяндаушы деп екіге бөледі. Н.М. Тихомиров жазба деректерді сыныптау кезінде бірінші рет хронологиялық принципті пайдаланады: ерте дүние тарихы бойынша, Киев Русі тарихы бойынша т.б. Ал хронологиялық шектеулері ішінде деректер шығу тегіне қарай бөлінеді (халдейлік, греко-римдік, византиялық) [12].
а) Деректердің типтік сыныпталуы.
Типтік сыныпталудың тарихи деректерді түрлік сыныптаудан айырмашылығы ол деректердің мазмұны мен формасының сәйкестігі принципіне негізделген. Тип ақпаратты салу және сақтау тәсілдерімен ерекшеленген деректерді біріктіреді. Негізінен деректердің жеті типін айтуға болады: жазба, заттай, этнографиялық, фольклорлық, лингвистикалық, фотокино-құжаттар, фоноқұжаттар. Мұндай сыныптау дерекке тән ерекше белгілерін (пайда болу, мазмұны, формасы) ескереді, дегенмен бұл шартты сыныптау. Өйткені, фольклорлық (ауызша) деректер қазіргі кезде, көп жағдайда жазба түрінде таралған, ал этнографиялық деректер-заттай ескерткіштер немесе кинофотоқұжаттар түрінде беріледі.
Сондықтан бұлардың арасында айқын аралық жоқ.
Осындай ерекшеліктерін ескере келе 1981 жылы И.Д. Ковальченконың басшылығымен шыққан “Источниковедение истории СССР” оқулығында әлеуметтік ақпараттарды бекіту формасына қарап, деректерді мынандай типтерге бөлген: заттай, көркем-сурет және графикалы сурет, жазба және фотоқұжаттар [13].
Сонымен қатар деректерді пайда болу тегіне, сыртқы ерекшеліктеріне қарай үлкен типтік топтар сыныпына, оның ішінде шағын топтарға бөлуге болады:
-заттай деректер – археологиялық ескерткіштерден бастап қазіргі машиналар мен техникаға дейін;
-көркем сурет деректері-сурет өнерінің, жалпы өнер саласының барлық туындылары;
-сөздік деректер – күнделікті сөйлеу мәнерінен бастап халықтың ауызша шығармашылық ескерткіштері толығымен;
-жазба деректер-этнографиялық материалдардан бастап мазмұны мен формасы сан алуан болып келетін жазба ескерткіштерінің бәрі;
-дыбысты деректер – сөзсіз немесе сөзбен бірге орындалатын (саз, әуен, ән т.б.);
-салттық деректер – тұрмыста, мінез-құлыққа қалыптасқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар.
Көптеген тарихи деректер тобы белгілі бір типтерге жатпайды, олар аралық типтерді, аралас типтерді құрайды. Мысалы, теңгелер – ол заттай да, бейнелеу де, жазба да топтарына жатады, кинофильмдер-онда бейнелеу де, сөз де, дыбыс та бар.
Демек, деректерді сыныптаудың шартты екенідігі айқын. Оны әр зерттеуші өз шығармашылығына, жұмыс істеу ыңғайына қарай бөлуге болады.
б) Жазба деректер түрлері мен олардың эволюцияға ұшырау факторлары.
Барлық типтік сыныптаулар кезінде негізгі топқа жататын жазба деректер. Жазба деректердің аса көп мөлшерде кездесетіндігінен, олармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік алу үшін зерттеушілер оларды әр түрге бөледі. Мұндағы негізгі принцип жазба деректердің пайда болуының, формасы мен мазмұнының және арналған мақсатының бірлігі. Осыған сай зерттеуші Л.Н. Пушкарев жазба деректерді екі жікке бөле отырып, оның бірнеше түрлерін көрсетті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет