Лекция конспектілері н -1-40-2021 баспа



бет3/30
Дата27.05.2024
өлшемі85.57 Kb.
#501904
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Лекциялар псих пед диагн

Анна Анастазидің (1982) зерттеуі бойынша, ақыл-ойдың кемістігін алғашқы зерттеулер және XIX ғ. басталған оларды басқа психикалық аурулардан бөліп қарастыру, психологиялық тестілеудің қалыптасуына үлесін қосты.
Осыған байланысты француз дәрігерлері Жан Эскироль мен (1772-1840) Эдуард Сегеннің (1812-1880) зерттеулерін де атап кеткен жөн. Ақыл-ой кемістігін психикалық аурулардан бөліп қарастыруды мақсат еткен Эскироль алғашқылардың бірі болып олардың ара жігін ажыратады, сонымен қоса ақыл-ой кемістігі деңгейлерінің классификациясын ұсынады. Алғашында ол физикалық критерийлерді, оның ішінде бас қаңқасының көлемі мен құрылымын қолдануға талпынған, бірақ ол нәтиже бермеді.
Кейінірек Эскироль индивидуумның сөйлеуінің даму ерекшеліктері ақыл-ой кемістігі деңгейлерін дифферен-циациялаудың психологиялық критерийі (жарты ғасыр өткен соң, Бине-Симон шкаласы құрастырылғанда осы критерий қолданылды) бола алатынын дұрыс анықтай алды. Эскироль ауру балалармен жұмыс жасауға ұмтылмаған, ол оларды оқыту уақытты бос кетіру деп санаған.
Эскирольдың жұмыстарын зерттеп және ақыл-есі кем ба-лаларды оқыту тәжірибесіне сүйене отырып, Эдуард Сеген керісінше қорытындыға келеді.
Ол ақыл-есі кем индивидуумдар өзінің дамуында белгілі бір нәтижелерге жете алады деп санайды да, Парижде оларды оқытатын мектеп ашады. Сегеннің жетекшілігімен оқытылып жатқан балалардың қол жеткізген нәтижелеріне қошемет көрсету үшін бүкіл әлемнің психологтары мен педагогтары ағылып келе бастады. Ол қолданған оқыту тәсілдерінің арасында бізді, ойықтары бар тақтайшаға түрлі формадағы пішіндерді формасына сәйкес неғұрлым тез жылдамдықпен орналастыруды оқушыдан талап ететін Сеген тақтасы деп аталып кеткен әдіс қызықтырады. Осы және т.б. Сеген ұсынған әдістемелер кейіннен вербалдық емес интеллект тесттері ретінде қолданыла бастады, олардың кейбіреулері әлі күнге дейін қолданыста.
Индивидуалдық ерекшеліктерді зерттеу үшін математикалық, статистикалық процедуаралар қажет екені белгілі. Психологиялық статистиканың негізі бельгиялық математик Ламберт Кьютелдің еңбегінде көрініс тапты. ол адамдардың өмірге келуі, өзіне өзі қол жұмсау, үйлену және т.б. қоғамдық құбылыстарға статистикалық процедуаралар қолдана бастады. бұл сала моральдық статистика деп аталып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет