Психодиагностиканың ғылым ретіндегі шығу тегі
Ғылыми психодиагностиканың қалыптасуы психоло-гиялық ғылымға эксперименттің, өлшеу идеясының енуімен байланысты. XIX ғ. 30 ж.ж. неміс зерттеушісі Вольф психометрия түсінігін енгізді. бірақ философтардың, жаратылыстанушылардың, математиктердің ойлары тек ғасыр өтіп барып жүзеге аса бастады. психикалық құбылыстарды өлшеу идеясын жүзеге асыру Э.Вебер мен Г.Фехнердің психофи-зикасынан басталды. Осыдан кейін психология тек түйсіктерді ғана емес, одан күрделі психикалық функцияларды зерттеу барысында да «математика» тілінде сөйлеуге талпына бастады.
Жекелеген айырмашылықтарды зерттеуге тек психологтар, физиологтар, дәрігерлер ғана емес, басқа да ғалым-дар қызығушылық танытқан. 1816 ж. Кенигсбергтен шыққан астроном Фридрих Бессель «Астрономиялық журналдан» Гринвич обсерваториясындағы Король астрономының көмекшісі кәсіби жарамсыздығы үшін жұмыстан босатылғаны жөнінде оқиды. Ол жұлдыздың «ағып түсуін» өзінің басшысынан бір секунд кеш байқағаны үшін жұмыстан шығарылады. Бұл оқиғаға қызығушылық танытқан Бессель зерттеу жүргізіп, әр адамның жұлдыздың «құлауын» аңғару реакциясының әрқилы екенін анықтайды. ол жұлдыздарды бақылаушыларға арналған «бақылаушыны теңестіруді» есептеу қажет деп есептейді. Осылайша, астрономия физиологтар мен психологтарды реакция уақытының индивидуалдық айырмашылықтарын зерттеуге бет бұруына түрткі болды.
«Менталдық хронометрия» деп аталған бағытқа елеулі үлес қосқан голландтық физиолог Ф.Дондерс (1818-1889). Ол Гельмгольц анықтаған жүйке импульсының өту жылдамдығынан асып кеткен реакцияға жіберілген уақытты психикалық үрдістерге жатқызу керек деп шешкен (бұлшықеттен түрлі қашықтықта тұрған жүйке ошақтарын тітіркендіру арқылы). Ол реакциялардың бірнеше типін бөліп көрсетті. А реакциясы – зерттелуші қандай тітіркендіргіш әсер ететінін және қандай реакциямен жауап беру керектігін біледі. В реакциясы – түрлі тірікендіргіштерге түрлі қимыладр арқылы жауап береді. С реакциясы – бірнеше стимул ұсынылса, тек соның біреуіне ғана жауап береді. Дондерстің пайымдауынша, А-дан В-ны алғанда, тадау мен елестету тәрізді психикалық үрдістердің жылдамдығын есептеуге болады. Оның ішінде С-дан А алынғанда ажырату уақыты, С-дан В алынғанда таңдау уақыты белгілі болады. Бұл зерттеулердің негізгісі, психикалық, физиологиядан бөлек эксперименталдық зерттеулердің айрықша облысына айналды.
Достарыңызбен бөлісу: |