Лекция конспектілері «Педагогикалық психология»


Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері



бет11/19
Дата06.02.2024
өлшемі0.68 Mb.
#490948
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
4 СПЗ1 Лекция

2.Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив түрлері.
Мотивация ұғымы адамның нақты бір мақсатқа жетуге бағытталған талаптану жүйесімен түсіндіріледі. Мотивациялық жүріс-тұрыс «Адам нені қалайды?», «Ол неге ұмтылады?» деген сұрақтарына жауап береді. Адамның талабы әрқашан басым қажеттіліктердің жүзеге асуымен байланысты болады. Адамдар жүріс-тұрысының негізінде белгілі бір қажеттіліктер болады. Қажеттілік – бұл адам бастан кешіретін мұқтаждық қанағаттануы, адам тіршілігі, оның жеке адамдық тұтастығын сақтау үшін өмірлік маңызы. Адам тіршілік етуі, дамуы жәнежетілдіруі, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін құралдар мен белсенділіктерді қажет етеді. Адам қажеттіліктері әр түрлі болады.
Мотивацияның мазмұны адамның әрекет-қылығы, атқаратын іс-әрекетінен көрінетіндіктен мотивация іс-әрекет және адамның басқа да танымдық, эмоционалдық бағыттарымен тікелей байланысты.
Адамның әрекет-қылығының себебін түсіндіруді психологияда – казуальды атрибуция деп түсіндіріледі, яғни, танымдық мотивтік процесс (мотивациялық-когнитивтік түсіндіру. Адамның қандайда бір әрекет-қылығының себебін түсіну, оның әрекет-қылығының әрі қарайғы жалғасуының болжауға көмектеседі. Адамдар арасындағы қарым-қатынаста бұл өте маңызды, демек адам өзінің немесе басқаның әрекет-қылығының себебін түсіндіре алса, онда ол болашақтағы әрекет-қылықтық процесті түсіндіре алады. өйткені оның болжауының логикалық себебі бар. Сондықтан казуальды атрибуция адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуші қызмет атқарады.
Казуальды атрибуция мәселесі алғаш Ф.Хайдердің «Психология межличностных отношении» еңбегінде қарастырылды. Адамның әрекет-қылығындағык азуальды атрибуция анық немесе бұл процестің неғұрлым дәл, анық өтуі үшін мотивтің саналы немесе бейсаналы болатындығын білуіміз керек.
Бейсаналы мотивтерге: елігу, гипноздық сендіру, бағыттау, фрустрациялық жағдайлар жатады.
Елігу- жеткілікті түрде саналы емес қажеттіліктер, адам қандайда бір мұқтаждықты анық түсіне бермейді. Мотивтің бұл түрі уақыт өте келе сөнуі немесе анықталуы мүмкін.
Гипноздық бағыттау- мотивтің жасанды формасы, әсер етудің нәтижесінде қалыптасады.
Ал бағыттау және фрустрациялық қалып – саналы емес бола тұра, табиғи жағдайда қалады және адамның түрлі ситуациядағы әрекет-қылығын анықтайды.
Адамның өткен тәжірибесі біртіндеп, байқалмай оның болашақ әрекетіне әсер етеді. Бағыттардың қалыптасу немесе сөну жылдамдығы адамдарда, олардың даралық ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болады.
Жалпы бағыт адамның өзінің өткен тәжірибесі арқылы немесе басқалардың әсері, ықпалының нәтижесінде болады. Мысалы, адамның суретті, картинаны, портретті қабылдауы. Бағыт адамды тәрбиелеу немесе өзін-өзі тәрбиелеу кезінде өте айқын байқалады. («жылама»- сен еркексің, таза жүр- сен қыз баласың»). Бұл бағыттар қалыптасқан көзқарастарға, стереотиптерге айналуы мүмкін.
Адамда іс-әрекетінде жетістікке жетуге бағытталған өзара байланысты екі түрлі мотивтер бар. Олар – жетістікке жету мотиві және сәтсіздіктен қашу мотиві. Жетістікке мотивтелінген адамдар көбінесе іс-әрекетте жетістік ретінде бағытталатын неғұрлым жағымды мақсат қояды. Олар өздерінің әрекеттерін саналы түрде жоспарлап, мүмкін болатын түрлі ситуацияларды адекватты бағалауға бейім. Адамның қандайда бір іс-әрекетті орындау нәтижесінде жетістікке жету мотивінен басқа алаңдаушылықтың маңызы үлкен (К.Спибергер, Г.О Нейл, Д. Хансеннің моделі қарастырылады. Жетістікке жетуге бағытталған адамдардағы алаңдаушылықтың жоғары деңгейде болуы келесі ерекшеліктермен сипатталады:
-эмоционалдық өткірлікпен;
-мәселені шешуге берілген уақыт тығыз болғанда, стресстік жағдайда нашар жұмыс істейді;
- сәтсіздіктен қорқу (бұл сезім жетістікке жету ұмтылысына басымдылық көрсетуі мүмкін.;
- жетістік туралы хабар ерекше қозғаушы (стимуляциялайды) күш ретінде роль атқарады.
Адамның түрлі жағдайлардағы әрекет-қылығының себебін анықтайтын мотивациялық факторлары біртіндеп адамның тұлғалық ерекшеліктеріне ене бастайды.Адамның өзінің түрлі қажеттіліктерді сезінуі және оған өзінің жеке қатынасы (мінез ерекшеліктері, құндылық, бағыттылық, қабілеттер, темперамент, жүйке жүйесінің тума қасиеттері, әлеуметтік бейімделу. нәтижесінде қандайда бір мотивтер тұрақталып, оның өрістеуі, адамның тұрақты сапа ерекшеліктеріне айналады. Бұндай мотивтерге (жеке тұлға психологиясында кеңінен қарастырылатын. Келесі мотивтерді енгізуге болады:
-жетістікке жету мотиві;
-сәтсіздіктен қашу мотві;
-алаңдаушылық;
-нақты бақылау локусы;
- өзін-өзі бағалау;
- аффиляция;
-агрессивтілік;
-альтуризм.
Көп жағдайда мотивтердің бұл түрлері жеке тұлға ерекшеліктерінде тоғысып, өзара байланысты (бірін-бірі толықтырып немесе бірін-бірі жоққа шығарып отырады. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас деңгейін, іс-әрекет нәтижесін, эмоционалдық қанағаттануын, бір сөзбен оның тұлғалық ерекшеліктерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет